Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивті есеп.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивті есеп.

библиотека
материалов

Бөрқұлақова Ботакөз Айтуғанқызы Мұғалім портфолиосы С есеп

20 топ 3 деңгей

Шымкент қаласы «18» 05. 2015 жыл


Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивті есеп.


Қазіргі таңда білім беру саласы бойынша жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас , жаңаша ойлау жүйесі қалыптасып отыр. Сындарлы түрде білім беруде оқушыларда пәнге деген білім, білік дағдыларын меңгеруге бағытталған, оқушылардың жеке басының физикалық тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да дамып-қалыптасуына, тұлға ретінде қалыптасуына көп көңіл бөлініп жатыр. Сондықтан да Қазақстанның Н.Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Англияның Кембридж университетінің бірлесе отырып жүзеге асырып жатқан бұл бағларламасы-мұғалімдердің жұмысының табысты болуына, жаңаша жұмыс жасауға, оқыту үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға, оқушылардың «үніне» құлақ қоюға, сапалы да тиянақты сабақ өтуге көмектеседі Бұл Бағдарламамың басым бөлігі, түрлі әдістер, тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дереккөздерінен, мұғалімдерінен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.

(Мұғалімге арналған нұсқаулық. 6 бет)

Сондықтан да қазіргі кезеңде бүкіл әлемде сындарлы оқыту жүйесі қолға алынып жатыр.

Менің мақсатым:

Сапалы білім бере отырып,саналы ұрпақ тәрбиелеу, өз-өзіне сенімді, алған білімін өмірде пайдалана алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Мен курстың бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде нені үйрендім?

- Сындарлы оқыту теориясының жеті модулін сабақтарыма кіріктіруді, оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында әр түрлі жаңа әдіс – тәсілдерді сабақта тиімді пайдалануды, кері байланыс жасау арқылы оқушыға келесі сабақтарымда қызықты тапсырмаларды тиімді жоспарлауды үйрендім. Сабақта заманауи ақпарат көздерін кіріктіре отырып, оқушылардың жаңалықтарды есту, көру, визуалды қабылдаудың нәтижелілігін байқадым. Және осы Бағдарлама бойынша 7 модульдің қолданылуы туралы толық ақпарат алдым. Соның ішінде ең маңыздысы – «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі мен «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі және «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модульдері маған қатты ұнады. Және де осы Бағдарламаға негіз болған теоретик-ғалымдардың ойларымен пікірлерін басшылыққа алуды үйрендім.Әсіресе, Мерсер мен Литлтонның диалогтық оқытуға байланысты айтқан ойлары менің


Бөрқұлақова Ботакөз Айтуғанқызы Мұғалім портфолиосы С есеп

20 топ 3 деңгей

Шымкент қаласы «18» 05. 2015 жыл



көңілімнен шықты. Александердің ұсынған диалогтың 5 үлгісін сабақтарымда пайдалануды көздедім. Сонымен қатар бағалауға байланысты «бағалау – бұл

тек техникалық тәсіл емес, ол мұғалімдердің ауызша және жазбаша баға қоюы

арқылы іске асады» деген пікірімен толық келісемін. Бұлардан бөлек

Пажарестің «Мұғалімнің ұстанымы барлығынан да маңызды» деген пікірі де

мен үшін мәні ерекше болды.

Сонымен мен 1-ші бетпе-бет кезеңін аяқтап, іс-тәжірбие жүргізуге сәуір айының жиырма екінші жұлдызынан бастап мектепке «Он-лайн» режиміндегі іс-тәжірибемді бастауға келдім. Ең бірінші мектеп әкімшілігімен, яғни мектебіміз директоры Алмаханов Мейрам Әбдіхалықұлы және ДОІЖО –ры Мұқанова Гүлзабира Қартабайқызы, ДТІЖО Ізбалаева Бидаш Сәтбайқызымен жүздестім. Олармен 3-айлық курс барысындағы жаңалықтар туралы сұқбат жүргіздік.. Маған бір қатар сұрақтар берді. Оқу қиын емес пе?

Осы курс бойынша не үйрендің? Нелерді білдің? Дәстүрлі сабақ пен Кембридж оқу тәсілінің арасында қандай айырмашылықтар бар?

Бұл оқудағы қай әдістер саған ұнады ма? – деген сұрақтар қойды. Мен дәстүрлі сабақ пен бұл оқу бағдарламасының арасындағы бір қатар өзгешеліктер бар екенін айттым. (Ынтымақтастық атмосферасын құру) 7- модульдің тиімділігін бейне материал арқылы көрсетіп, түсіндірдім. Ондағы шаттық шеңберін құру аркылы топқа бөлінулер, және түрлі жаңа әдіс-тәсілдер, формативті бағалау мен субмативті бағалаулар, сабақ соңындағы жүргізілетін кері байланыстардың маған ұнағандығын айттым. Алдағы уақытта осы бағдарлама аясында сабақ жүргізілетін болса,оқушыларда да өзгеріс болатындығын тілге тиек еттім. Яғыни сабақта өзін еркін ұстай отырып,өз ойын жеткізеді,өзін-өзі бағалауды және өзгеніде бағалауды үйренеді, ой-өрісімен тілдік қорыны дами бастайды -дедім. Қысқа мерзімді жоспар мен орта мерзімді жоспарымды көрсете отырып,бұрынғы жоспардан ерекшелеу екендігін айтып өттім. Алдағы уақытта осы жоспар бойынша сабақтар өтетіндігімді айттым. Шаттық шеңберін құру арқылы, басшылар маған көмек қолын созуға дайын екендігін және менен үлкен үміт күтетіндігін айтып, жұмысыма сәттілік тіледі.

C:\Users\Fora\Desktop\Camera\20150423_171631.jpgC:\Users\Fora\Desktop\Camera\20150423_171457.jpg

Мектептегі басқа да мұғалімдер мен кеңес өткіздім.

Бөрқұлақова Ботакөз Айтуғанқызы Мұғалім портфолиосы С есеп

20 топ 3 деңгей

Шымкент қаласы «18» 05. 2015 жыл



Әріптестермен кеңес өткізу мақсатында Кембридж университетінің оқыту бағдарламасындағы 7-модульдің және мұндағы қолданатын әдіс-тәсілдер туралы арнайы дайындаған бейне баян арқылы нені біліп, нені түсінгенімді

және алдағы уақытта осы бағдарламаны сабақ барысында қолдана отырып, талдау жасайтындығымды айтып түсіндірдім. Әрине барлық мұғалімдер бірдей оң көзқараста болған жоқ. Кейбір мұғалімдер бұл әдістердің барлығын сабағында қолданып жүргендігін айтты. Әр модулге тоқталып, мысалдар келтірдім және түсіндірдім. Әріптестерімнің көпшілігіне оқыту үшін бағалау және оқу үшін «бағалау» модульі қызықты болды. Жас мамандар бағалау бойынша маған сұрақтар қойды. Бағалаудың екі түрі мен таныстырдым. Формативті бағаға мен сумативті бағалауға тереңірек тоқталдым. Мен қолымнан келгенше, сұрақтарға кідірмей жауап бердім.Мұғалімдер бейне баяндағы топқа бөліну, постер дайындаумен оны қорқау кезеңдерімен сергіту сәттерінің суреттерін көріп, қызығушылықтары оянды. Болашақта барлығының осы курсқа барғысы келетіндіктері туралы өз ойларында жасырмады. Әріптестерім маған «саған кез-келген кезде көмек беруге дайынбыз» - деп мені қуантып тастады. Сабағыма қатысқысы келетіндерінде жасырмай айтты. Содан кейін, мен (бастауыш) ДОІЖО - Мұқанова Гүлзабира апайдан 2- сыныпқа тәжірибе жұмыстарын жүргізуіме рұқсат сұрадым. Екінші ауысымдағы 3 сыныптың сынып жетекшісі Қалымбетова Базаркүл апаймен ақылдаса орырып, әдебиеттік оқу сабағына өз жұмысымды бастадым. 1-ші. Оқушылармен сәлемдесіп,не үшін оларға практика кезеңін сабақ жүргізетіндігім туралы түсіндірдім. 2-ші. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында шаттық шеңберін құрып, бір – біріне жақсы тілек айтуларын түсіндірдім. Сөйтіп ,әр оқушы бір – біріне мынадай тілектер айтты. Бақытты бол, 5-ке оқы, әдемі бол, бай бол, тәртіпті бол, үлкен болғанда үлкен дәрігер бол,ата-анаңның қуанышы бол, ақылды бол, денің сау болсын, жақсы оқушы бол – деген сияқты сөздерді айтты. Нұрхат, Сандуғаш, Мархабат атты оқушылар қысылып өз ойларын жеткізе алмады.Мен олардың ішіндегі бір оқушыдан себебін сұрағанымда ,ол «Мен ол оқушыны ұнатпаймын»-деді. Осыдан кейін алдағы уақытта жиі-жиі ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруым қажет білдім.

Келесі сабағымда шатық шеңберін құрып ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Алтын орындық» әдісін қолдандым.Яғыни бұл орындыққа отырған оқушының бойындағы жақсы құндылықтарын айтуы қажет екендігін түсіндірдім. Оқушылар «алтын орындыққа» сыныптағы үнсіз жүретін Балауса есімді оқушыны ортаға шығарғысы келетіндіктерін айтты.

Балауса өте ақылды,сүйкімді,әдемі,сыпайы,сабақта тыныш отырады,мен онымен дос болғым келеді-деп оқушылар өз ойларын айтты.Бірақ соның ішінде кешегі сөйлемеген Нұрхат, Сандуғаш, Мархабат бұл жолы керемет жауап берді.Соңынан топтарға бөлуді жүргіздім.гүлдер, көбелектер, құстар деп төртеуден үш топқа бөлдім. Алғашқы бөліну болғандықтан кішкене кемшіліктер болды.Оқушыларда таратпа суреттерге таласып қаламайтын

оқушының қасында отырғысы келмейтіндіктері кедергі болды.Топтық

жұптық жұмыс барысында бір-бірімен келіспеушіліктеріде кедергі

туғызды. Бұл кедергілерді жою мақсатында сыныппен топ ережесін

флипчартқа жазып іліп қоямын.Әр бір ережеге нақты тоқталып

өтемін.Әсіресе, уақытты үнемді пайдалану керектігін түсіндірдім.3-ші

сабағымда 2-минут мемо әдісін пайдаланып үй тапсырмасына байланысты

сұрақтар қойдым.

1-сұрақ: Құрманғазы Сағырбайұлы кім?

2-сұрақ:Қандай күйлері бар?

3-сұрақ:Күлерінің шығу тарихы жайлы не білесіңдер?-деген сұрақтар қойдым.Топтардың ішінен бір-бір көшбасшы өз жауаптарын айтып қорғады. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп жатты.Бірақ, соның ішінде мен арнайы бақылауыма алған оқу үлгерімі төмендеу оқушым Балауса керемет жауап берді,негізі ол оқушы өте ақылды болатын,сыныптастарымен еш сөзге келмейтін.

Жалпы айтқанда алғашқы сабақта бір қатар дүниелерді түсіндірдім, оқушыларда сәл үйренгендей болды.Келесі күнгі сабақтарда оқушылардың сабаққа қызығушылығы артып, топпен жұмыс жүргізуде белсенділік танытты.Өзін-өзі реттеп,бағалап үйренді.Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты.

Онлайн режиміндегі іс-тәжірибем аяқталған соң, осы курстың екінші «Бетпе-бет» кезеңіне келдім. Алғашқы күннен бастап әріптестермен кездесіп, мектептегі өткізген іс-тәжірибелеріміз жайлы ой бөлісіп, талқыладық. Тренеріміз Оспанқұлова Шолпан Әбләкімқызы, Сапарова Нұргүл Төлегенқызы мұғалімдерден бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде қандай өзгерістер болғанын сұрады және олардан қашықтықтан оқыту кезінде кімдермен хабарласқанын және кімнен көмек алғанын, кімнің іс-әрекеті өзінің ерекше құндылығымен естерінде қалғанын сұрады. Топтық жұмыс барысында әр топтан бір-бір көшбасшы тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша қысқа мерзімді жоспар мен орта мерзімді жоспарларын қалай жоспарлағанын, қандай әдіс-тәсілдер қолданғаны жөнінде хабарлама жасады. Сол бойынша топтар өз жұмыстарын қорғады. Соның ішінде маған ұнағаны әріптесім Гүлбахираның жасаған постері қатты ұнады. Оның сабағының мақсаты тақырыптың мазмұнын ашуға, диалог, сыни ойлауды дамыту, оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру, сөздік қорын дамыту, топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдығын арттыру, сапалы шешім қабылдауға дағдыландыруға бағытталған. Тірек сызба бойынша ол оқушылардың белсенділігі жайлы, мұғалімнің ролі, оқушылардың нені үйренгендігі, мұғалімнің нені үйренгендігі жайлы айтты. Ол оқушылардың белсенділігін дамытуда оқушылар арасындағы қарым-қатынас орнатқанын, өздігінен үйреніп, сабақ мазмұнын өз бетінше ашуды үйренгенін, сабақта қызығушылығы артқанын

Бөрқұлақова Ботакөз Айтуғанқызы Мұғалім портфолиосы С есеп

20 топ 3 деңгей

Шымкент қаласы «18» 05. 2015 жыл


ой-пікірлерін еркін айтудан байқағанын хабарлады. Келесі сабақтар барысында біздің тобымыз белсенділік танытты. Топтың көшбасшысы Ш апай, топ мүшелері Ж, Д, Ғ және мен Б. бүгінгі тапсырмаларды өз тобымызда талқылай отырып, оны орындадық. Ш апай Бағдарламаның жеті модулі жайлы құнды ойларын айтты. Яғни оқушылардың өзін-өзі бағалауында қиыншылықтар туындағанын, оқушылар өздеріне әділ түрде баға қоймағанын тілге тиек етті. Оқушыларды топқа бөлуде білім деңгейіне байланысты және жас ерекшеліктеріне байланысты бөлгенін айта отырып, сынып көшбасшыларының да бәсекелестік арқылы өз кедергісін келтіргенін айтты. Және де уақытты үнемді пайдалана алмағанын қоса айтып өтті. Келесі ресурстарда екінші топтан Н апай тізбектелген сабақтарының топтамасына 7 модульдің неліктен және қалай ықпалдасқаны туралы топтық таныстырылым жасады. Н. апай Шульманның «Бас, қол, жүрек» ілімін басшылыққа ала отырып, мұғалімнің сапалы білім бере алатындығын айтты және өз дәлелдерімен қорғады. Нәтижесінде оқушылар өзін-өзі басқаруды үйренгенін, өзін-өзі реттеуді, сол арқылы білім алуды, топтың мүшелерін бағалауды және өзіне сыни тұрғыдан қарай отырып, бағалауды үйренгенін айтты.Бауыржанның айтуы бойынша ол өз сабақтарында 7 модульді ықпалдастыруда ақпараттық техникалық құралдарды пайдалану арқылы жоғары нәтижеге қол жеткізгені жөнінде хабарлады. Осы мәселеге байланысты біздің топтың мүшесі Ғ. диалогтық оқытуды қалай қолданғанын, диалогтық оқыту жайлы жазған ғалымдардың пікірлерін, соның ішінде Мерср мен Литлтонның ойларын басшылыққа ала отырып, дәлелдер келтіріп өтті. Сабақ барысында Ғ. «ой қозғау» мақсатында түрлі сұрақтар қоя отырып, оқушылардың ой-өрісін дамытқанын айтты.

Сонымен мен осы Бағдарлама аясында білім ала отырып, өзімнің іс-тәжірибемде өзгерістер орын алғанын байқадым.Менің білім берудегі бағытымның өзгеруі төмендегіше болды:

Дәстүрлі педагогиканы қолдану кезеңінде мен стандартқа сай дайын берілген біліммен шектелетінмін, өзім көп сөйлейтінмін, үйрететінмін, оқушыны өзім ғана бағалайтынмын, оқушылар дайын білімді алушы еді, тыңдайтын, аз сөйлейтін және оқушы қойған бағаны қанағат тұтатын .

Сындарлы оқыту кезеңінде мен ой қозғау арқылы бағыт – бағдар беруші болдым, еркін сөйлеуге жағдай жасадым оқушыларға бағыттай отырып, нақты сұрақтар беремін, өзім аз сөйлеймін, оқушы ойымен санаса отырып бағалауды үйрендім. Оқушылар сындарлы оқыту арқылы не істеу керектігін біледі, түсінеді, ізденеді, талдайды және өз ойын еркін айтуға үйренеді, оқушы ойланады, бір – біріне үйретеді және сабақ барысында көп сөйлеу арқылы бір-бірімен диалогтық қарым-қатынасқа түседі.Өзін-өзі


Бөрқұлақова Ботакөз Айтуғанқызы Мұғалім портфолиосы С есеп

20 топ 3 деңгей

Шымкент қаласы «18» 05. 2015 жыл


бағалаумен сыныптастарын бағалауды үйренді, өзін-өзі реттеуге дағдылана бастады .

C:\Users\Fora\Desktop\Camera\20150416_165236.jpgC:\Users\Fora\Desktop\Camera\20150416_165825.jpg


Қорытынды. Біз өзіміздің педагогикалық тұрғыдан дамуымызды қамтамасыз ету үшін кәсіби білімге қоса, осы Бағдарламаның мазмұнын, теориясын нақты ұғынып, түсініп, алдағы уақытта өз іс тәжірибемізге қолдануды басшылыққа алуымыз керек. Пияже, Пиягет, Выготский, Монтесори сияқты теоретиктер оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай оқытуда өздерін қоршаған ортасымен әрекеттесуі кезеңінде оқуы мен дамуы қатар жүзеге асатытын көрсеткен.

Маған іс-тәжірибе барысындағы кездескен кедергілер:

Алғашқы кездерде оқушылардың сабаққа белсенділік танытпауы, бір-бірінің сөзін тыңдамауы, сыныптағы сабақ барысындағы шуды «тәртіпсіздік» деп қабылдауы, сұрақтарға жауап бергенде қайталаушылық орын алуы, яғни өз пікірлерін, ойларын жүйелей алмай, сыныптасының пікірін қайталауы, топ ішінде үлгерімі жоғары оқушылардың көшбасшылыққа таласуы, ірін-бірі тыңдамауы және топ ережесін жиі-жиі бұзуы.

Мен кедергілерді жою жолында не істедім?

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында мен шаттық шеңберін әр сабақ басында ұйымдастырдым, сол арқылы бір-біріне жылы тілектер айтқыза отырып, ұйымшылдыққа баулыдым. Топтық тапсырмалар бере отырып, диалогтық қарым-қатынасқа түсуіне қолайлы жағдай жасадым. Топ ережесін үнемі есте сақтаулары үшін өздеріне жасаттым және көз алдарында тұруы үшін тақтаға жабыстырып қойдым.

Оқушылардың сөздік қорларын молайту мақсатында сыни тұрғыдан ойлануды қажет ететін тапсырмаларды көбірек бердім және өз ойларын жүйелей айтуға үйреттім.

Менің жеткен нәтижем мен жетістіктерім жөнінде айтар болсам:

Осы Бағдарламаның 7 модулін қолдана отырып, өзімнің қысқа мерзімді, орта мерзімді жоспарларымды құруды үйрендім, сапалы сабақ өтуде жаңа әдіс-тәсілдерді меңгердім, соның ішінде «Блум таксономиясын», Эдвард де-Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» әдістерін, сингапурлық Фила кетесін, 2 минуттық «Мемо», кері байланыстың түрлерін, топқа бөлудің түрлерін,

Бөрқұлақова Ботакөз Айтуғанқызы Мұғалім портфолиосы С есеп

20 топ 3 деңгей

Шымкент қаласы «---» 05. 2015 жыл


оқушыларды бағалаудың формативті, суммативті түрлерін білдім. Тек оқушылар ғана сыни тұрғыдан ойлауға тиіс емес, мұғалімдер де әр сабағын жоспарлауда міндетті түрде сыни тұрғыдан ойлануы қажет екендігіне көзім жетті. Дарынды және талантты балаларды анықтауда тиімді әдістерді қолдандым және олармен жұмыс жасау барысында Выготскийдің ЖАДА-сына сәйкес олардың білімдерін үлгерімі төмен оқушыларды оқытуда пайдаландым. Оқушылардың ойын еркін жеткізуіне жағдай жасадым, олар қате жауап берсе де ұялтпай, қайта қолдау білдіріп, оларды мадақтау арқылы сабаққа ынтасын арттырып, алға жетелеп отырдым. Соның арқасында кейбір үлгерімі төмен оқушылар сабаққа араласа отырып, жақсы нәтижелер көрсете алды.

Менің алдағы жоспарым:

Білімді де білікті ұстаз болуға талпынамын, жеке тұлғаны қалыптастырамын,әріптестеріммен және ата-аналармен ынтымақтаса отырып ,жұмыс жүргіземін. Осы Бағдарламаның жеті модулін сабақтарымда тиімді пайдалана отырып, жүйелі білім беруді қолға аламын. Әріптестерімнің арасында көшбасшы болуға ұмтыла отырып, өз мамандығымның шебері екенімді танытамын. «Мұғалім – дамыту жұмыстарының көшбасшысы» деген Элиоттың сөзін өз ұстанымым ете отырып, осы үйренген білім мен білік дағдыларын алдағы уақытта дамытамын.Мұғалім ретінде көшбасшылықты ұстана отырып, өз бірлестігімдегі мұғалімдердің жұмысын алға өркендетуде осы әдіс-тәсілдерді үйретемін, өз іс-тәжірибемді оларға насихаттаймын және оларды алға жетелеймін. Осы Бағдарламаның Қазақстан мұғалімдері үшін ең маңызды бағдарлама екеніне көздерін жеткізе отырып, әріптестерімді осы бағытта жұмыс жасауға шақырамын .

Пайдаланылған әдебиеттер:

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

Интернет веб-сайттары


























Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Қазіргі таңда білім беру саласы бойынша жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас , жаңаша ойлау жүйесі қалыптасып отыр. Сындарлы түрде білім беруде оқушыларда пәнге деген білім, білік дағдыларын меңгеруге бағытталған, оқушылардың жеке басының физикалық тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да дамып-қалыптасуына, тұлға ретінде қалыптасуына көп көңіл бөлініп жатыр. Сондықтан да Қазақстанның Н.Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Англияның Кембридж университетінің бірлесе отырып жүзеге асырып жатқан бұл бағларламасы-мұғалімдердің жұмысының табысты болуына, жаңаша жұмыс жасауға, оқыту үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға, оқушылардың «үніне» құлақ қоюға, сапалы да тиянақты сабақ өтуге көмектеседі Бұл Бағдарламамың басым бөлігі, түрлі әдістер, тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дереккөздерінен, мұғалімдерінен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.

(Мұғалімге арналған нұсқаулық. 6 бет)

Сондықтан да қазіргі кезеңде бүкіл әлемде сындарлы оқыту жүйесі қолға алынып жатыр.

Менің мақсатым:

Сапалы білім бере отырып,саналы ұрпақ тәрбиелеу, өз-өзіне сенімді, алған білімін өмірде пайдалана алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Мен курстың бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде нені үйрендім?

- Сындарлы оқыту теориясының жеті модулін сабақтарыма кіріктіруді, оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында әр түрлі жаңа әдіс – тәсілдерді сабақта тиімді пайдалануды, кері байланыс жасау арқылы оқушыға келесі сабақтарымда қызықты тапсырмаларды тиімді жоспарлауды үйрендім. Сабақта заманауи ақпарат көздерін кіріктіре отырып, оқушылардың жаңалықтарды есту, көру, визуалды қабылдаудың нәтижелілігін байқадым. Және осы Бағдарлама бойынша 7 модульдің қолданылуы туралы толық ақпарат алдым. Соның ішінде ең маңыздысы – «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі мен «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі және «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модульдері маған қатты ұнады. Және де осы Бағдарламаға негіз болған теоретик-ғалымдардың ойларымен пікірлерін басшылыққа алуды үйрендім.Әсіресе, Мерсер мен Литлтонның диалогтық оқытуға байланысты айтқан ойлары менің

Бөрқұлақова Ботакөз Айтуғанқызы Мұғалім портфолиосы С есеп

№20 топ 3 деңгей

Шымкент қаласы «18» 05. 2015 жыл

көңілімнен шықты. Александердің ұсынған диалогтың 5 үлгісін сабақтарымда пайдалануды көздедім. Сонымен қатар бағалауға байланысты «бағалау – бұл

тек техникалық тәсіл емес, ол мұғалімдердің ауызша және жазбаша баға қоюы

арқылы іске асады» деген пікірімен толық келісемін. Бұлардан бөлек

Пажарестің «Мұғалімнің ұстанымы барлығынан да маңызды» деген пікірі де

мен үшін мәні ерекше болды.

Сонымен мен 1-ші бетпе-бет кезеңін аяқтап, іс-тәжірбие жүргізуге сәуір айының жиырма екінші жұлдызынан бастап мектепке «Он-лайн» режиміндегі іс-тәжірибемді бастауға келдім. Ең бірінші мектеп әкімшілігімен, яғни мектебіміз директоры Алмаханов Мейрам Әбдіхалықұлы және ДОІЖО –ры Мұқанова Гүлзабира Қартабайқызы, ДТІЖО Ізбалаева Бидаш Сәтбайқызымен жүздестім. Олармен 3-айлық курс барысындағы жаңалықтар туралы сұқбат жүргіздік.. Маған бір қатар сұрақтар берді. Оқу қиын емес пе?

Осы курс бойынша не үйрендің? Нелерді білдің? Дәстүрлі сабақ пен Кембридж оқу тәсілінің арасында қандай айырмашылықтар бар?

Бұл оқудағы қай әдістер саған ұнады ма? – деген сұрақтар қойды. Мен дәстүрлі сабақ пен бұл оқу бағдарламасының арасындағы бір қатар өзгешеліктер бар екенін айттым. (Ынтымақтастық атмосферасын құру) 7- модульдің тиімділігін бейне материал арқылы көрсетіп, түсіндірдім. Ондағы шаттық шеңберін құру аркылы топқа бөлінулер, және түрлі жаңа әдіс-тәсілдер, формативті бағалау мен субмативті бағалаулар, сабақ соңындағы жүргізілетін кері байланыстардың маған ұнағандығын айттым. Алдағы уақытта осы бағдарлама аясында сабақ жүргізілетін болса,оқушыларда да өзгеріс болатындығын тілге тиек еттім. Яғыни сабақта өзін еркін ұстай отырып,өз ойын жеткізеді,өзін-өзі бағалауды және өзгеніде бағалауды үйренеді, ой-өрісімен тілдік қорыны дами бастайды -дедім. Қысқа мерзімді жоспар мен орта мерзімді жоспарымды көрсете отырып,бұрынғы жоспардан ерекшелеу екендігін айтып өттім. Алдағы уақытта осы жоспар бойынша сабақтар өтетіндігімді айттым. Шаттық шеңберін құру арқылы, басшылар маған көмек қолын созуға дайын екендігін және менен үлкен үміт күтетіндігін айтып, жұмысыма сәттілік тіледі.

Мектептегі басқа да мұғалімдер мен кеңес өткіздім.


Автор
Дата добавления 12.05.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров874
Номер материала 276224
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх