Инфоурок Дошкольное образование ПрезентацииОрыс тілі. Тақырыбы: Ойыншықтар. Біздің топ.

Орыс тілі. Тақырыбы: Ойыншықтар. Біздің топ.

Скачать материал

Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

                                                .

Білім беру салалары: Таным

Бөлімі: Орыс тілі

Тақырыбы: Ойыншықтар. Біздің топ.

Мақсаты: «Ойыншықтар», «Біздің топ» тақырыбына байланысты материалдарды бекіту, еске сақтау, ойлау қабіліттерін одан әрі дамыту. Басына қиын іс түскенде өзге адамға көмек көрсете білуге талпындыру, айналадағылармен сыпайы қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс): игрушки-ойыншықтар.

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық -

түрткі болатын

-Здравствуйте, ребята. Как Ваши дела, здоровье. Есік қағылады.

 

Ұйымдық - іздену

-Балалар біреу біздің есікті қағып тұрған сияқты. Қонақ келген сияқты.

Мен есікті ашып, Әсел қуыршақты қарсы аламын.

-Здравствуй, Әсел! Балалар, қонақпен амандасыңдар.

 

 

 

 

Балалар орыс тілінде амандасады.

Қуыршақ Әсел:

Балалар, мен сендермен орысша сйлесуге келдім. Мен орысша айта аламын, маған достарым үйретті. Қуыршақты көрсетіп-это мяч, аюды-слон, пілді-аю дейді

 

Балалар тыңдайды, өздерінің келіспейтіндіктерін білдіреді.

-Балалар сендер не дейсіңдер? Қонағымыз ойыншықтарды дұрыс атады ма? Оған орысша дұрыс атауды үйретейік.

Балалар жауап береді, келіседі.

Таныс сөздер мен сөз тіркестерін бекітуде  және дыбыстарды дұрыс дыбыстауда жұмыстар жүргіземін

Балалар ойыншыққа сөз тіркестерін қосып айтады.

 

Дыбыстық жұмыс: у-у, о-о.

Балалар тәрбиешінің артынан хормен және жекелей  қайталайды

Сергіту сәті: «Прыг-хлоп»

Балалар текске сай қимылдар жасайды.

Д/о: «Сенде не бар? Что у тебя есть?»

Балаларға заттар таратып беріп, сұрақ қоямын, сосын оны ұсынамын.

Балалар көрсетіп орысша атауын айтады.

Рефлекстік - түзету

Әсел балаларға ризашылығын білдіреді. «Спасибо, ребята».

Мен енді ойыншықтардың атын есіме сақтаймын красивая кукла, красный мяч, маленький заяц, хороший слон. До свидания!

 

 

 

 

 

 

Балалар Әсел қуыршақпен, мұғаліммен орыс тілінде қоштасады.

Мен балалардың белсенді жауаптарына алғыс айтамын. Сендер өте жақсы қатыстыңдар сабаққа. До свидания!

Күтілетін нәтиже :

Түсінуге тиіс:

  • Топтағы ойыншықтар туралы;

Білу :

  • Дыбыстардың жасалу жолдары туралы;

Істей білу керек:

  • Таныс сөздер мен сөз тіркестерін айта білу;
  • Сұрақтарға жауап бере білу;
  • Таныс ойыншықтарды орысша атай білу;

 

Ортаңғы топтың ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

                                                04 күні          қазан айы 2011 ж.

Білім беру салалары: Таным

Бөлімі: Математика

Тақырыбы: 6 саны

Мақсаты: 6 санымен таныстыру, дауыстап санау, тура және кері санау

                   Балалардың санау, логикалық ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру.

                   Көпбұрыштың қасиетін білу, санағыштар арқылы көпбұрыштар құрай білу.

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс): алты-шесть,

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

 

Мотивациялық -

түрткі болатын

Балаларға күзгі орманнан  бір нәрсе теріп әкелгенімді айтамын. Балаларға жұмбақ жасырамын, осы жұмбақтың жауабы менің орманнан терген нәрсем екенін айтып түсіндіремін. Ішінде жапырағы бар кәрзеңкені топқа әкелемін.

Балалар қызығушылықтарын білдіреді, келіседі.

Ұйымдық - іздену

«Жазда тұрып жоғары, күзде жерге қонады»

Балалар мұқият тыңдап, жұмбақ-тың жауабын шешуге тырысады.

Балаларға кәрзеңкеден көрсетіп, біртіндеп қанша екенін санап кассаға салуларын ұсынамын

Қуана-қуана санап  кассаға салады.

Балалар мен неше жапырақ жинап әкеліппін (5)

Балалардың жауабы Хормен және

жекелей санату

Тағы да бір балаға осы жапырақтарға астыңғы кассаға сәйкес сандарды салуды ұсынамын.

Балалар жапырақтарды санай отырып, соларға сәйкес сандарды салады.

Балалар орманнан 5 жапырақ теріп әкелдім, бірақ балабақшаға келе жатып жолдан тағы бір әдемі жапырақты тауып алдым. Оны жаңағы 5 жапырақ-қа әкеліп қосамын. Бұрын 5 жапырақ еді, енді қанша болды (6)

Балалар мұқият тыңдайды

 

 

 

Балалардың жауабы

5 жапыраққа 1 жапырақ қосып едік 6 жапырақ болды /балаларды 6 санының таңбасымен таныстыру/

Балалар 6 санының таңбасы неге ұқсайды?

 

 

 

Балалардың жауабы

Қалай ойлайсыңдар 6  5-тен көп пе әлде аз ба?

Балалардың жауабы

Балалар мына пішінге қараңдаршы, қандай пішін екенін білесіңдер ме? Бұл көпбұрыш, өйткені оның бұрыштары көп. Кәне,  санап көрелік.  

Енді қабырғаларын санап көрелік. Қанша болды? Демек  6 бұрышы болса-бұл пішін алты бұрыш деп аталады.

Балалардың жауабы

Бояумен жұмыс:

Енді осы алдарыңдағы алты бұрышты кез келген түстегі қарындашпен бояңдар.

Балалар бояйды

Балаларға пішінді қандай түспен бояғандарын жекелей сұрап білемін.

Балалардың жауабы

д/о: «Менің ойыншықтарым»

Балалар ойыншықтарды атайды ж/е  санайды

Санағышпен жұмыс:

Балаларға алдарындағы санағыштардан  6 бұрыш құрастыруды ұсынамын және құрастырған көпбұрыштары қанша бұрыштан тұратынын санап, атауды ұсынамын.

 

Балалар 6 бұрыш құрастырып, бұрыштарын санап, атайды.

Рефлекстік - түзету

Сабақты қортындылаймын. Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтап-мадақтаймын.

Балалар сұрақтарға жауап береді. Өз пікірлерін білдіреді.

 

Күтілетін   нәтиже

Түсінуге тиіс:

  • Жалпы сандар туралы;

Білу :

  • 6-ға-ке дейін санай;
  • Түстерді айыра;
  • Алтыбұрыштың қасиетін;

Істей білу керек:

  • Сұрақтарға толық және дұрыс жауап бере;
  • Санағыштарды пайдалана отырып, алтыбұрыш құрастыра;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            

 

 

 

 

 

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

                                                ____ күні ____________ айы 200__ ж.

Білім беру салалары:  «Қатынас»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Менің сүйікті ойыншығым» суреттеме әңгіме (қуыршақ)

Мақсаты:

  • 2-3 сөйлем арқылы ойыншық бойынша суреттеп әңгімені құруды үйрету;
  • Қ-Қ, Р-Р дыбыстарын дұрыс айтуды жаттықтыру;
  • Грамматикалық сөйлеу тілін қалыптастыру (жекеше, көпше түрі)

Билингвалдық компоненті (сөздік жұмыс):қуыршақ-кукла,  әдемі көйлек-красивое платье, шаш-волосы

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші  әрекеттері

Балалардың әрекеттері

 

Мотивациялық -

түрткі болатын

Орыс топтың баласы қуыршақты алып келеді де, балаларға сыйлайды

Балалардың қызығушылығы пайда болады

Ұйымдық - іздену

Қуыршақты қарап, әңгіме құрамын

Мұқият тыңдайды

Бұл не? Қуыршақтың қандай дене мүшелері бар? Қуыршақтың шашының түсі қандай? Шашы ұзын ба, әлде қысқа ма? Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай? Аяғына не киген? Аяқ киімінің түсі қандай?

Сұрақтарға жауап береді

 

 

Сөздік жұмыс

Жаңа сөздің мағынасын түсініп, жадында сақтау

Балаларға қуыршақ бойынша суреттеп әңгімені айтуды ұсынамын

Балалар бір бірден қуыршақ бойынша суреттеп әңгіме айтады

Балаларға қайталауды ұсынамын:

Қар-қар-қар

Менде қуыршақ бар-бар-бар

Балалар қарға қалай дыбыстайды

 

Балалар қарға не деп мақтанды

Р-Р дыбысын дыбыстауды ұсынамын

 

Енді Қар-қар-қар, бар-бар-бар, -деп жылдам-жылдам және дауыстап қайталауды ұсынамын

Мұқият тыңдайды

 

Балалар дыбыстайды

Қ-Қ дыбысын жеке және барлығы бірігіп қайталайды

Балалардың жауабы

Қ-Қ дыбысын жеке және барлығы бірігіп қайталайды

Балалар жылдам-жылдам және дауыстап қайталайды

д/ойын «Дұрыс айт»

(жекеше, көпше түрлерін атау)

Суреттерге қарап, жекеше-көпше түрлерін айтады

Рефлекстік - түзету

Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылаймын.Белсенді қатысқан балаларды мадақтаймын

Сұрақтарға жауап береді, өз әсер-лерін айтады

 

Күтілетін нәтиже :

Түсінуге тиіс:

  • Ойыншық бойынша  суреттеме әңгімені  дұрыс және жүйелі құрастыру туралы

Білу :

  • сөздерді басқа сөздермен қалай дұрыс өзгертуді және  келістіруді
  • жаңа сөздердің мағынасы туралы

Істей білу:

  • Сөздегі дыбысты бөліп айта
  • Сөздерді жекеше және көпше түрде өзгерте

 

 

 

2011 ж.                        айының                   күніне ересектер тобының дене тәрбиесінің ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы           

Білім беру салалары:  Денсаулық

Бөлімі: Дене тәрбиесі

Мақсаты:  1. Допты бір-біріне домалату қимылдарын үйретуді одан әрі жалғастыру

                    2. Екі арқаннан үстінен қосаяқтап секіруге үйрету

                    3. Жалпы жаттығуларды жасауда мұқияттылыққа, берілген нұсқауды тыңдай білуге,

                        қ/ойында ережесін сақтауға тәрбиелеу

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс):  ходьба друг за другом- бірінің артынан бірі жүру; на носочках -аяқ ұшымен, на пятках-өкшесімен

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотива-циялық-

түрткі

болатын

Топта балаларға дене шынықтыру сабағына қонақ келетінін айтып, сапта тұрғанда және саппен жүргенде дұрыс, тік жүруді ұсынамын. Тәрбиешінің командасын мұқият тыңдап, дұрыс орындауды ұсынамын.

Балалар қызығушы-лықтарын білдіріп, тәрбиешінің айтқан ұсыныстарын орын-дауға келісімдерін береді.

           Ұйымдық - іздену

 

 

 

 

  I.Кіріспе бөлім:  бір колоннаға тұрып жүру,  жүгіру, аяқтың  ұшымен, өкшемен жүру, 2 калоннаға бөлініп  тұру.  

 

 

 

 

бірінің   артынан бірі жүреді,

жүгіреді, аяқтың ұшымен жүреді, өкшемен жүреді шеңбер бойын

ша  жүре, 2 колоннаға бөлініп тұрады. 

II.Негізгі бөлім  Жалпы жаттығулар    «Шапалақ»                                              

1. Б.қ:  тік тұру, қол төменде                                                                                   

      Ж:  қолды алға созып, шапалақтап, «шапалақ» деп айтып,

             б.қ. оралу                                                                          -6 рет.

2. Б.қ:  қол төменде, аяқты алшақ  қою  

      Ж:  Оңға (солға) бұрылып, шапалақтап, «шапалақ» деп айтып,  

                                             б.қ. оралу                     -4 реттен әр жаққа.

3. Б.қ:  Аяқты алшақ қою, қол белде

      Ж:  алға-төмен еңкею, шапалақтау, «шапалақ» деп айтып, 

                                            б.қ.оралу.                     -3 реттен әр жаққа                                                            

 4. Б.қ:  тік тұрып, аяқтың арасы аздап алшақ қою,  қол төменде

       Ж:  отырып, қол алдыға созып шапалақтау,  «шапалақ» деп 

                                     айтып, б.қ. қайту               -5 рет        

5. Б.қ:  тік тұру, қол  белде         

      Ж:  Қос аяқпен  секіру, бір орында жүру  (кезек )   

                                        - 3 реттен.

Негізгі қимылдар:

  1. «Допты домалату» (қарама-қарсы отырып бір-біріне домалату)

 

 2. «Өзеннен секіріп өт» (екі арқаннан үстінен қосаяқтап секіру)

 

Қ/ойын:     «Кім жылдам»                 

 

 

 

 

 

қайталайды

 

 

 

----------------------------

 

 

----------------------------

 

 

----------------------------

 

 

Допты бір-біріне домалатады

екі арқаннан үстінен қосаяқтап секіреді

қ/ойынның ережесін сақтайды

Рефлекстік -

түзету

ΙΙΙ.  Қорытынды бөлімі: 

    Бірінің артынан бірі тұрып жүру,   тоқтау

Сабаққа талдау жасау.

бірінің   артынан бірі тұрып жүреді

 

Күтілетін нәтиже :

Түсінуге тиіс: нұсқауларды

Білу : ересектердін көрсетуімен орындай

Істей білу керек:  Допты бір-біріне домалата;

                          Екі арқаннан үстінен қосаяқтап секіре;

 

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің  технологиялық картасы

                                       ____ күні ____________ айы 20__ ж.

 

Білім беру салалары: Таным.

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы:Қуыршаққа диван

 Мақсаты: Балаларға санағыш арқылы диван құрастыруға үйрету.

                     Құрастыруға машықтандыру, саусақ қимылдарын дамыту.

                     Балалармен бірігіп құрастыру сабағы үстіндегі тәртіп ережелеріне, мұқияттылыққа 

                     тәрбиелеу

 Сөздік жұмыс: жұмсақ диван-мягкиий диван

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық-түрткі болатын

Тақтаға диванда отырған баланың суретін ілемін

Балалар қызығушылықтарын білдіреді.

Балалардан суреттен не көріп отырғандарын сұраймын

Балалар өз жауаптарын береді

Ұйымдық іздену

Балаларға суретті өзім түсіндіріп шығамын.

Балалар мұқият тыңдайды

Балалар өз ойларын, пікірлерін айтады.

Мына суретте бала қайда отыр? Не істеп отыр? Отырған диванының түсі қандай?

Балалардың жауаптары

Олай болса, санағыштар арқылы диван құрастырамыз.

Диванды қалай құрастыруға болады?

 

 

Балалар өз ойларын айтады.

Диван құрастыру үшін ең алдымен бізге таяқшалар керек, диванның аяғын, арқасын келтіріп құрастырамыз. 

Балаларға диванды қалай құрастыруды көрсетемін.

Балалар зейін қойып тыңдайды.

 

 

Балалар мұқият қарайды.

Балаларға құрастыруды бастауды ұсынамын.

Балалар келіседі

Балалардың дербес жұмысы

Балалар өз бетімен жұмыс істейді

Қиынсынған балалармен жұмыс

 

Сөздік жұмыс

Жаңа сөздердің мәні мен мағынасын түсіну

д/о:«Кім қайда отыр»

Балалардың жауабы

Рефлекстік-түзету

Сұрақ-жауап арқылы сабақты қотындылаймын.

Белсенді қатысып отырған балаларды мадақтаймын.

Сұрақтарға жауап береді.

 Өз пікірлерін айтады.

 

Күтілетін нәтиже

Түсінуге тиіс:

  • Құрастыру туралы;

Білу: 

  • Санағыштар арқылы диван құрастыра білу;
  • Сабақ үстіндегі тәртіп ережелерін;

Істей білу:

  • Сұрақтарға жауап бере білу.
  • Жаңа сөздердің мағынасын түсініп және жадында сақтау

 

 

 

Ересектер ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

                                             10  күні    қазан   айы 2011 ж.

 

Білім беру салалары: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: М.Әлімбай «Сары жапырақтар жауғанда» (жаттау)

Мақсаты: Балалардың күз туралы білімдерін кеңейту, толықтыру

                   Өлең жолдарының мән-мағынасын жете түсіну

                   Күзгі табиғат ерекшелігіне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Күз-осень, бұлт-облако, тұман-туман, сары жапырақтар-желтые листья

 

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық-түрткі болатын

Балаларға жұмбақ жасырып, бүгінгі  сабақта өтілетін тақырып сол жұмбақтың жауабы екенін айтып түсіндіремін.

Балалар суреттерді қарап отырып сұрақтарға жауап береді.

Ұйымдық іздену

«Жазда тұрып жоғары, күзде жерге қонады»

Балалар жұмбақтың  шешуін табуға тырысады

Балалардан күздің тағы да қандай белгілерін білетіндіктерін сұрау.

 

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, өз пікірлерін ортаға салады.

Балалар М.Әлімбаевтың «Сары жапырақтар жауғанда» өлеңімен таныстыру.

Өлеңді оқимын.

Өлеңнің мазмұны бойынша түсіндіремін.

Балаларға сұрақтар қоямын.

Балалардың пікірлерін тыңдап, қоштаймын.

 

 

Өлеңдегі жапыраққа сипаттама беруді ұсынамын.

Өлеңді екінші рет оқимын.

Жолдарын қайталаймын, хормен айтқызамын.

 

 

 

 

 

Өлеңді мұқият тыңдайды

 

 

Өлеңдегі жапыраққа сипаттама береді.

 

Жекелей жолдарын  хормен қайталап,жаттап алуға тырысады.

Сөздік жұмыс

Жаңа сөздердің мағынасын түсініп және жадында сақтау.

д/о: «Күзгі жылы киімдерді ата»

.Балалар атайды

Рефлекстік-түзету

Суреттер бойынша күзгі жапырақтың күй-жағдайын сипаттауды  ұсынамын.

Сұрақ жауап бойынша қайталаймын.

Белсенді қатысып отырған балаларды мадақтаймын.

Балалар белсенді қатысып, атайды. Сұрақтарға дұрыс жауап береді.

 

Күтілетін нәтиже

Түсінуге тиіс:

  • Кү мезгілі туралы;
  • Өлеңнің мазмұнын жете түсіне;

Білу: 

  • Өлең жолдарын қайталай;

Істей білу:

  • Сұрақтарға жауап бере білу.
  • Жаңа сөздердің мағынасын түсініп және жадында сақтау.

 

 

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

10  күні қазан айы 2011 ж.

Білім беру салалары: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет

Тақырыбы:Сары әдемі жапырақтар (су бояумен)

Мақсаты:  Балалардың күз мезгілі туралы білімдерін толықтыру, тиянақтау

                     Балалардың саусақ қимылдарын дамыту

                      Күзгі табиғат ерекшелігіне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс): сары-желтый

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық-түрткі болатын

М. Жылқайдаровтың «Күз» өлеңін оқимын

-Өлеңде қай жыл мезгілі туралы айтылған?

Балалар мқұият тыңдайды.

Балалардың жауабы.

Ұйымдық іздену

Күз туралы кіріспе әңгіме:

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

- Қазір күз мезгілі екенін қайдан білуге болады?

- Күзде құстар неліктен жылы жаққа ұшып кетеді?

 

Балалардың жауабы.

Күзде жеміс-жидек, астық піседі.

Балалардың жауабы.

 

Өйткені күзде құстардың қоректері азаяды.

Балаларға М.Әлімбайдың «Сары жапырақтар жауғанда» өлеңін оқып естеріне түсіремін

- Өлеңдегі күзгі жапырақты әңгімелеп беруді ұсынамын

- Күзде жапырақтардың түсі неге сары болады?

- Неліктен?

 

Мұқият тыңдайды.

 

 

Балалар жауабы

 

Себебі, күзде ағаштардың қорегі азаяды.

Өйткені, күннің көзінің жылуы азаяды.

Балаларға жұмбақ жасырамын.

- Ағаш толы сары шымшық,

 Сілкіп көрсең түседі ұшып. /жапырақ/

Балалар жауабын табады

Балаларға дайын сары жапырақтарды безендіруді ұсынамын

Балалар бірден келіседі.

Балаларға жапырақтарды  безендіру әдістерін көрсетемін

Балалар мұқият қарайды

Балалардың дербес жұмысы

 

Қиынсынған балалармен жеке жұмыс

 

д/о: «Дұрыс көрсет, және сипатта»

Балалар суреттен күз мезгілін дұрыс көрсетіп сипаттайды.

Рефлекстік-түзету

 

Балалардың белсенді жұмыстарына алғысымды білдіремін. 

 

Өз әсерлерін білдіреді

 

Күтілетін нәтиже

Түсінуге тиіс:

·         күз мезгілі туралы;

Білу: 

  • Күзгі табиғат ерекшеліктерін;
  • Жаңа сөздік сөздердің мәні мен мағынасын;

Істей білу:

  • Сұрақтарға жауап бере білу;
  • Су бояумен жұмыс жасай;

20__ ж. ____________ айының  ____ күніне ересектер тобы дене тәрбиесінің ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы               

Білім беру салалары:  Денсаулық

Бөлімі: Дене тәрбиесі

Мақсаты:  1. Доғаның астынан еңбектеп өту

                    2. Екі арқанның үстінен секіруді одан әрі жалғастыру.

                    3. Жалпы жаттығуларды жасауда мұқияттылыққа, берілген нұсқауды тыңдай білуге,

                        қ/ойында ережесін сақтауға тәрбиелеу

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс):  ходьба друг за другом- бірінің артынан бірі жүру; на носочках -аяқ ұшымен, змейкой-жыланша

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотива-циялық-

түрткі

болатын

Топта балаларға дене шынықтыру сабағына қонақ келетінін айтып, сапта тұрғанда және саппен жүргенде дұрыс, тік жүруді ұсынамын. Тәрбиешінің командасын мұқият тыңдап, дұрыс орындауды ұсынамын.

Балалар қызығушы-лықтарын білдіріп, тәрбиешінің айтқан ұсыныстарын орын-дауға келісімдерін береді.

           Ұйымдық - іздену

 

 

 

 

  I.Кіріспе бөлім:  бір колоннаға тұрып жүру, жыланша  жүгіру, аяқтың  ұшымен, өкшемен жүру, 4-ке бөлініп  сапқа тұру.  

 

 

 

 

 

бірінің   артынан бірі жүреді, жыланша  жүгіреді,аяқтың ұшы-мен жүреді, өкшемен жүреді шеңбер бойын

ша  жүре, 4 колоннаға бөлініп тұрады. 

II.Негізгі бөлім

Жалпы жаттығулар                                               

II.Негізгі бөлім

Жалпы жаттығулар:                                              

1. «Алақанды күнге көрсетеміз»

    Б.қ:  тік тұрып, екі қолды төмен түсіріп                                                                                   

      Ж:  алақанды жоғары қаратып, қолды екі жаққа көтеру,

             саусақтарды  жазу, Б.қ. оралу                                 6 рет

2. «Сағаттың тілі»

    Б.қ: аяқтың арасын ашып тұру, екі қолын бүйірге ұстап

      Ж:  оң (сол) жаққа еңкейу                                             6 рет

3. «Тікұшақ»

    Б.қ:  Аяқты алшақ қойып, екі қолын жаң-жаққа көтеріп тұру

      Ж:  1 – 4 оң (сол) жаққа бұрылып                                 5 рет                                                            

4. «Балалар-биі»

    Б.қ: тік тұрып, екі қолды бүйірге ұстап

      Ж:  1-оң (сол) аяқтың өкшесіне, 2-ұшына, 3-4 – бір орында жұру  

                                                                                                5рет        

5. «Тығылыспақ»

    Б.қ: Аяқты алшақ қойып, екі қолды төмен түсіріп тұру                                                                                 

      Ж: Басты төмен қарай тізеге еңкейтіп, екі қолымен тізені құшақтап, жүрелеп отыру «Балалар тығылды», Б.қ. қайта оралу 5 рет 

6. «Көнілді доптар»

    Б.қ:  тік тұру, қол  белде         

      Ж:  Қос аяқпен  секіру, бір орында жүру  (кезек )    3 рет

 

 

 

 

қайталайды

 

 

 

----------------------------

 

 

----------------------------

 

 

----------------------------

 

 

 

----------------------------

 

 

 

----------------------------

 

 

Негізгі қимылдар:

1. «Тимей өт» /доғаның астынан еңбектеп өту/  2 рет  /ағымды әдісі/                                                                   

2. «Кенгуру»(екі арқанның үстінен секіру) 2рет / ағымды әдіс/                                        

 

 

 

Қ/ойын «Қуып жет»

 

 

Доғаның астынан еңбектеп өтеді

Бірінің артынан бірі 2 арқанның үстінен секіреді.

қ/ойынның ережесін сақтайды

Рефлекстік -

түзету

ΙΙΙ.  Қорытынды бөлімі: 

    Бірінің артынан бірі тұрып жүру,   тоқтау

Сабаққа талдау жасау.

бірінің   артынан бірі тұрып жүреді

 

 

Күтілетін нәтиже :

Түсінуге тиіс: нұсқауларды

Білу : ересектердін көрсетуімен орындай

Істей білу керек:

  • Доғаның астынан еңбектеп өте;
  • Бірінің артынан бірі екі арқаннан секіре;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

                                                                                                  күні                      айы 20         ж.

Білім беру салалары: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы:

Мақсаты:   Балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейту.

                      Мүсіндеуге машықтандыруды, саусақ қимылдарын дамытуды одан әрі жалғастыру.

                      Балалармен бірігіп мүсіндеу сабағы үстіндегі тәртіп ережелеріне, мұқияттылыққа    

                       тәрбиелеу.

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс): жапырақ-листья

Қызмет кезеңдері

Тәр биеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық -

түрткі болатын

Тақтада күз мезгілі туралы сурет ілініп тұрады.

Балалар қызығушылықтарын білдіреді.

Күз мезгілінің  қандай құбылыстарын білесіңдер?

Балалар сұраққа жауап беруге тырысып көреді

Ұйымдық - іздену

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

- Күз мезгілі екенін қалай білуге болады?

- Балалар, күздің қандай белгілерін байқадыңдар?

- Қандай айлар күз мезгіліне жатады?

- осы қазан айында қандай ерекшеліктер мен өзгешеліктер болып жатыр?

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, өз пікірлерін ортаға салады.

 

 

Тақтадағы суретті мұқият қарауды ұсынамын

Балалар ықылыспен қарайды.

Балалардан суреттен күз мезгілінің  қандай құбылыстарын көріп тұрғандарын сұраймын.

Балалар балалар атайды.

Балаларға   сурет бойынша күз мезгілі жайлы әңгімелеп беремін

Балалар мұқият тыңдайды.

- күз мезгілін неліктен алтын күз деп атаймыз

- күзде жапырақтар неліктен сап-сары болады?

Күзде күн салқын, аспанда бұлттар көбейеді. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

 

Балалардың жауаптары

 

 

 

 

Сөздік жұмыс

Жаңа сөздердің мәні мен мағынасын түсіну

Балаларға жұмбақ жасырамын.

Осы жұмбақтың жауабы шешсе, соны мүсіндейтінімізді айтып түсіндіремін.

- Ағаш толы сары шымшық,

 Сілкіп көрсең түседі ұшып. /жапырақ/

Балалар жауабын табады

Балаларға қағаз бетіне күзгі жапырақты жағу әдісі бойынша мүсіндеуді ұсынамын. Ол үшін қандай түсті ермесазды пайдаланатынымызды сұраймын. Неліктен?

Балалар келіседі, дұрыс жауабын береді

Балаларға күзгі жапырақтың бейнесін мүсіндеуді көрсетемін

Мұқият тыңдап, қарайды

 

Балаларға өз беттерінше жұмыс жасауды ұсынамын

Балалар келіседі

Балалардың дербес жұмысы

Балалар өз бетімен жұмыс істейді

Қиынсынған балалармен жұмыс

Тәрбиешінің көмегіне жүгінеді.

д/о: «Күз мезгілін тап және сипатта»

Балалар көрсетеді,  атайды,  сипаттайды

Рефлекстік - түзету

Балаларға сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылаймын. Екі балаға ең жақсы екі жұмысты таңдауды және талдауды ұсынамын. Балалардың белсенді жауаптары мен жұмыстары үшін алғысымды білдіремін.

Балалар сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін ортаға салады, талдайы.

 

 

Балалар өз әсерлерін білдіреді.

Күтілетін нәтиже

Түсінуге тиіс:

·         Күз мезгілі туралы;

·         Ермексаздардың көмегімен ұқсас бейнелерді жасауға болатынын;

Білу: 

  • Жаңа сөздік сөздердің мәні мен мағынасын;
  • Бейнелеу әрекетіне қажетті негізгі техникалық дағдылары мен іскерліктерін меңгеру;

Істей білу:

  • Сұрақтарға жауап бере білу.
  • Жағу әдісі арқылы мүсіндей;
  • Ермексазбен ұқыпты жұмыс жасай білу;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

                                                ____ күні   ____________ айы 20__ ж.

Білім беру салалары: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу

Тақырыбы: А дыбысы

Мақсаты:Дыбыс туралы ұғымды меңгерту. Адыбысы бар сөзге  дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.

                  А дыбысының дауысты дыбыс екендігін және дауысты дыбысты қызыл дөңгелекпен белгілеу.

Билингвалдық компонент :А дыбысы – звук А, естиміз-слышим, дыбыстаймыз- произносим.

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

 

Мотивациялық -

түрткі болатын

Тақтаға  алма, ана, алмұрт, ананас суреттерін іліп қоямын

Балалар қызығушылық танытады

Ұйымдық - іздену

- Балалар, қазір біз сендермен «Мына суреттерді дыбыста» ойынын ойнаймыз.

Балалар бірден келіседі.

Суреттерді біртіндеп дыбыстап атап шығуды ұсынамын

- Алма

«Алма» сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр?

А-А

Балалар дыбыстап атайды.

 

Балалар 3-4 рет қайталайды

Балалар жауап беруге тырысады.

 

Балалар А дыбысын дыбыстайды.

Балаларға А дыбысының қалай дыбысталатыны жөнінде, дауысты дыбыс екені жөнінде түсіндіремін. Дауысты дыбыстар қызыл түспен белгіленетінін айтамын.

Балалар мұқият тыңдайды.

Дыбысты біз есту арқылы ажыратамыз.

Мысалы, ав-ав-ав. Бұл ненің дыбысы? Сендер бірден иттің солай үретінін ажыраттыңдар.

 

«Иттің үргені» деп жауап айтады

А дыбысын естиміз, айтамыз А-А біз көріп тұрмыз ба?

Балалар дыбыстап, жауап қайырады.

Ал енді Алма сөзін буынға бөліп көрейік?

Неше буыннан құралып тұр алма сөзі?

Балалар тәрбиешінің көмегімен шапалақтап буынға бөледі. Ал-ма

2 буыннан

д/о: «Санағыштан А дыбысының таңбасын құрастыр»

Балалар суретіне қарап құрастырады.

Сөздік жұмыс

                   

Жаңа сөздің мағынасын түсініп, жадында сақтау

Сергіту сәті «Допты дұрыс қағып ал»

Балалар А дыбысынан басталатын сөздерге ғана допты қағып алады.

Осылай біртіндеп суреттерді көрсетіп, А дыбыс қай бөлігінде естіліп тұрғанын талдаймыз, сол сөзді буынға бөлуді ұсынамын

Балалар жауап беруге тырысады.

Буынға бөледі

«Сиқырлы таңбалар» ойыны

Балалар бөтен таңбалардың ішінен А таңбасын тауып көрсетеді.

Рефлекстік - түзету

Бүгін қандай дыбыс бойынша жұмыстар жасадық? Сабақты қорытын-дылаймын.Белсенді қатысқан балалар-ды мадақтаймын

Балалардың жауабы.

Күтілетін   нәтиже

Түсінуге тиіс:

  • Дыбыс туралы;

Білу :

  • Сөздегі А дыбысының қай бөлігінде тұрғанын;
  • А дыбысының таңбасын тани;

Істей білу керек:

  • Сөздерді буынға бөле білу.

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

                                                                 күні                                 айы 2011 ж.

Білім беру салалары: Таным

Бөлімі:  Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Менің сезімдерім

Мақсаты:  Адамның сезімдері туралы түсінік беру; бала бойындағы жақсы қасиеттерін дамыту;

                    сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс): сезім-чувство

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

 

Мотивациялық -

түрткі болатын

Балаларды шеңберге жинаймын.

Балалар қызығушылық-тарын білдіреді

Ұйымдық - іздену

Шаттық шеңбері:  «Кел, балалар күлейік»

Кел, балалар, күлейік

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Көңілді боп жүрейік!

 

Кел, балалар, күлейік

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

- Енді балалар, бір-біріңе күлкі сыйлаңдар

Балалар тәрбиешімен бірге айтып қимылдар жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар бір-біріне күлімсірейді.

Әңгімелесу:  Бүгін көңіл-күйлерің қандай?

- адамның неліктен көңіл-күйі өзгереді?

Балалар өз пікірлерін айтады.

Әңгімелеу: Балалар бүгін сендермен адамның көңіл-күйі, сезімдері жайлы әңгімелесеміз. Адам сезімдері арқылы айналадағы, қоршаған ортадағы дүниелер мен құбылыстардың адамға әсерін сезініп, байқап, қабылдайды. Адамның сезімі оның көңіл-күйіне, ниетіне байланысты әртүрлі көрініс береді. Яғни, адамның сезімі өзіне, басқа адамдарға, айналасындағы дүниеге қатынасын бейнелеп тұрады.

 

Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

Сахналау: «Жақсы көңіл-күй сыйлаймыз»

Бір-бірінің көңіл-күйлерін көтеру үшін бір-бірін мадақтап, жылы сөздер айтуды ұсынамын.

 

Балалар жұптасып тұрады.

Бір-бірінің көңіл-күйлерін көтеру үшін бір-бірін мадақ-тап,  жылы сөздер айтады

Шығармашылық жұмыс: Қағаз бетіне өзінің бүгінгі көңіл-күйлерін бейнелеуді ұсынамын

Қағаз бетіне өзінің бүгінгі көңіл-күйлерін бейнелейді

Ғажайып сөздер:

Балаларға  сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтуды ұсынамын.

Сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады

Рефлекстік - түзету

Жүректен-жүрекке: Балалар шеңбер құрып, шаттық шеңберінде айтқан Ө.Тұрманжановтың «Кел, балалар күлейік» өлеңін хормен айтуды ұсынамын. Соңынан тілектерін білдіруді ұсынамын.

 

Өлеңді хормен айтады, тілектерін білдіреді

Күтілетін   нәтиже

Түсінуге тиіс:

  • Адамның сезімдері туралы;

Білу : 

  • өзінің  және өзгенің көңіл-күйін көтеру үшін өнегелі сөздерді;

Істей білу керек:

  • Өзінің  және өзгенің көңіл-күйін көтере білу;

 

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

                                                18 күні          қазан  айы 2011 ж.

Білім беру салалары: Таным

Бөлімі: Математика

Тақырыбы: 1. 6-ға дейін санау, тура ж/е кері санау

                        2. Тіктөртбұрыштың қасиеті

                        3. Штрихтау

                            д/о: «Төртбұрышты заттарды ата»                

Мақсаты: 6ға дейін санау, дауыстап санау, тура және кері санау

                   Балалардың санау, логикалық ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру.

                   Тіктөртбұрыштың қасиетін білу, санағыштар арқылы тіктөртбұрыш құрай білу.

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс): алты-шесть, тіктөртбұрыш-прямоугольник

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

 

Мотивациялық -

түрткі болатын

Балаларға кеше әжемнің бақшасынан көкөністер теріп әкелгенімді айтамын. Балаларға жұмбақ жасырамын, осы жұмбақтың жауабы менің әжемнің бақшасынан терген нәрсем екенін айтып түсіндіремін. Ішінде көкөністері бар кәрзеңкені топқа әкелемін.

Балалар қызығушылықтарын білдіреді, келіседі.

Ұйымдық - іздену

Жұмбақтар:

1)      Жер бетінде шашы бар, жер астында басы бар /сәбіз/

Балаларға кәрзеңкеден сәбізді алып кассаға санап салуды ұсынамын.

- Қанша сәбіз жиналыпты?

 

Балалар мұқият тыңдап, жұмбақ-тың жауабын шешуге тырысады.

Балалар санай отырып сәбізді кассаға салады.

Алты. Ретімен снап шығады.

2) Қалың киім ұнатады, шешіндірсең

    жылатады /пияз/

Балаларға кәрзеңкеден пиязды  алып кассаға санап салуды ұсынамын.

- Қанша пияз жиналыпты?

Балалар мұқият тыңдап, жұмбақ-тың жауабын шешуге тырысады.

 

 

5 пияз. Балалар ретімен санайды.

-          Балалар сәбіз көп пе әлде пияз көп пе?

-          Екеуі тепе-тең болу үшін не істеуіміз керек

Балалардың жауабы

Олай болса тағы да кәрзеңкені  қарап көрелік./кәрзеңкеде 1 пияз қалып қойған екен/

Балалардың әрекеті

Енді қанша пияз болды?

Пияз көбейді ме азайды ма?

 

Тағы да бір балаға осы көкөністерге сәйкес сандарды астыңғы кассаға салуды ұсынамын.

Балалар санай отырып, соларға сәйкес сандарды салады.

Балалар мына пішінге қараңдаршы, қандай пішінге ұқсайды?

Балалардың жауабы

Бұл тік төртбұрыш, шаршыға, төртбұрышқа ұқсайды, өйткені оның да 4 бұрышы, төрт қабырғасы, 4 ұшы бар  Кәне,  санап көрелік.  

Енді қабырғаларын санап көрелік. Қанша болды?

 

Енді осы тіктөртбұрыштың шаршыдан, төртбұрыштан қандай айырмашылығы бар? Ол үшін Тіктөртбұрыштың үстіне төртбұрышты салып көрейік. Қандай айырмашылығы бар екен?

Балалардың жауабы.

 

Тіктөртбұрыш үлкен, ұзын. Төртбұрыш қысқа әрі тіктөртбұрыштан кішкентай.

Дұрыс балалар, тіктөртбұрыштың төртбұрыштан айырмашылығы  - оның қабырғалары әртүрлі, оны қалай қойсаң да 2 қабырғасы ұзын, 2 қабырғасы қысқа. Айырмашылығы сонда. /көрсету/

Балалар мұқит тыңдайды, естеріне сақтайды.

Енді тіктөртұрыш пен төртбұрыштың түстерін айырайық

Балалар түстерін айтады.

Қарындашпен жұмыс:

Енді осы алдарыңдағы Тік төртбұрыштың ішін кез келген түстегі қарындашпен штрихтаңдар

Балалар бояйды

Балаларға пішінді қандай түспен штрихтағандарын жекелей сұрап білемін.

Балалардың жауабы

д/о: «Тіктөртбұрышты заттарды ата»

Балалар ойыншықтарды атайды ж/е  санайды

Санағышпен жұмыс:

Балаларға алдарындағы санағыштардан  Тіктөртбұрыш құрастыруды ұсынамын және құрастырған тіктөртбұрыштары қанша таяқшадан және қанша бұрыштан тұратынын санап, атауды ұсынамын.

 

Балалар тіктөртбұрыш құрастырып, таяқшаларды ж/е бұрыштарын санап, атайды.

Рефлекстік - түзету

Сабақты қортындылаймын. Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтап-мадақтаймын.

Балалар сұрақтарға жауап береді. Өз пікірлерін білдіреді.

 

Күтілетін   нәтиже

Түсінуге тиіс:

  • Жалпы сандар туралы;

Білу :

  • 6-ға-ке дейін санай;
  • Түстерді айыра;
  • Тіктөртбұрыштың қасиетін;

Істей білу керек:

  • Сұрақтарға толық және дұрыс жауап бере;
  • Санағыштарды пайдалана отырып, тіктөртбұрыш құрастыра;

 

 

 

 

 

 

 

                      

 

 

 

 

 

 

 

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

                                                ____ күні ____________ айы 20__ ж.

Білім беру салалары: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу

Тақырыбы: Ш дыбысы

Мақсаты: Ш дыбысымен және оның таңбасымен таныстыру. Өттілген дыбысты қайталау. Суретті

                   үлгі бойынша шана сөзіне дыбыстық талдау жасату. Ш дыбысының дауыссыз дыбыс

                   екендігін және дауыссыз дыбысты көк түспен белгілеу.

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс): Ш дыбысы – звук Ш,  естиміз-слышим,

                                                                              дыбыстаймыз-произносим, көреміз-видим.

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

 

Мотивациялық -

түрткі болатын

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны:

Мен қазір жұмбақ жасырамын. Бүгінгі өтілетін жаңа дыбысымыз осы жұмбақтың шешуінде сөздің басында естіледі. Кім тез шешеді?

Балалар қызығушылық танытып, бірден келіседі.

Ұйымдық - іздену

Жұмбақ:

Үрлесең жел ішіне,

 Домалап ұшар ауада.     (Шар)

Балалар жұмбақтың шешуін табуға тырысады.

Сөздің басында қандай дыбыс естіледі?

Ш дыбысы

Дұрыс, бүгін біз Ш дыбысымен танысамыз. Кәне, бәріміз айтып көрейікші.

 

Ш-ш-ш-ш

Енді А дыбысын қайталайық

А-а-а-а

Ш дыбысын А дыбысымен салыстырайық. Ш дыбысын еш кедергісіз айта аламыз ба?

 

 

Жоқ, айта алмаймыз.

Дұрыс, себебі тіл мен тіс бөгет жасайды, осындай кедергімен айтылатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз, оларды көк түспен белгілейміз

Балалар мұқият тыңдап, естеріне сақтайды.

Ш дыбысының таңбасын көрсету, көк түспен астын белгілеу.

Ш дыбысының таңбасы неге ұқсайды.

Балалар мұқият қарайды.

 

Балалар өз ойларындағын айтады

Сурет бойынша Шар сөзіне дыбыстық талдау:

Шар сөзінің басында қай дыбыс естіледі?

 

 

Ш дыбысы естіледі

Ш дыбысын неліктен көк түспен белгіледік?

Себебі Ш дауыссыз дыбыс

Шар сөзінде екінші қандай дыбыс естіледі?

Балалар дыбыстап дұрыс жауабын беруге тырысады

А дыбысы қандай дыбыс?

Оны қандай түспен белгілейміз?

А дауысты дыбыс.

А дыбысын қызыл түспен белгілейміз.

Өтілмеген үшінші дыбысты талдатпай сұр түспен белгілейміз.

 

Шар сөзінде неше дыбыс бар, ондағы дыбыстарды атаңдар.

Ш, а, р – 3 дыбыс бар.

Сурет бойынша Шана сөзіне дыбыстық талдау:

Шана сөзінің басында қай дыбыс естіледі?

 

 

Ш дыбысы естіледі

Ш дыбысын неліктен көк түспен белгіледік?

Себебі Ш дауыссыз дыбыс

Шана сөзінде екінші қандай дыбыс естіледі?

Балалар дыбыстап дұрыс жауабын беруге тырысады

А дыбысы қандай дыбыс?

Оны қандай түспен белгілейміз?

А дауысты дыбыс.

А дыбысын қызыл түспен белгілейміз.

Өтілмеген үшінші дыбысты талдатпай сұр түспен белгілейміз.

 

Төртінші дыбыс талданып, қызыл түсті белгімен белгіленеді.

Балалар талдайды.

Шана сөзінде неше дыбыс бар, ондағы дыбыстарды атаңдар.

Ш, а, н, а – 4 дыбыс бар.

Шана сөзінде неше дауысты дыбыс бар?

Екі дауысты дыбыс бар

Мен неше бөлікке бөліп айтамын, тыңдаңдар.

 

Демек, шана сөзі неше буыннан тұрады? Әр буыныны атап айт.

Екі буыннан тұрады. Бірінші ша, екінші на буыны.

Қол жаттықтыру жұмысы:

д/о: «Санағыштан Ш таңбасын құрастыр»

Енді, таяқшалармен Ш әрпін құрасты-райық.. неше таяқша керек екенін санаймыз.

 

 

 

Балалар тәрбиешінің көмегімен санайды.

Қанша таяқша керек екен?

4 таяқша керек

Балаларды бақылап, қарап шығамын.

 

Сөздік жұмыс

                   

Жаңа сөздің мағынасын түсініп, жадында сақтау

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны

 

 

 

Осылай сөздерді біртіндеп айтып, Ш дыбыс қай бөлігінде естіліп тұрғанын талдаймыз, сол сөзді буынға бөлуді ұсынамын

Сөзді дұрыс, және көп сөз атаған балаға фишкалар таратылады.

Балалар Ш дыбысынан басталатын және құрамында Ш дыбысы естілетін сөздерді тауып атайды.

 

Балалар жауап беруге тырысады.

Буынға бөледі

 

 

Балалар қызығушылық танытады. Белсенді қатысуға тырысады.

Рефлекстік - түзету

Бүгін қандай дыбыспен және таңбасымен таныстық?

«Ш дыбысы және оның әріп таңбасын білдік» деп жауап береді

Кеспе таңбалардан Ш дыбысының таңбасын  көрсетіңдерші

 

Балалар көрсетеді.

Ш дыбысын қандай түспен белгіледік?

Көк түспен белгіледік

Неліктен көк түспен белгіледік?

Өйткені Ш дыбысы дауыссыз д/с

Белсенді қатысқан балаларды мадақтаймын

 

Күтілетін   нәтиже

Түсінуге тиіс:

  • Дыбыс туралы;

Білу :

  • Сөздегі Ш дыбысының қай бөлігінде тұрғанын;
  • Ш дыбысының таңбасын;

Істей білу керек:

  • Сөздерді буынға бөле білу.
  • Сөзге дыбыстық талдау жасай білу;

 

 

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы 

19  күні қазан айы 2011 ж.

Білім беру салалары:Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы:  Әдемі текемет

Мақсаты:  Мүсіндеуге машықтандыруды, саусақ қимылдарын дамытуды одан әрі жалғастыру, балалармен бірігіп мүсіндеу сабағы үстіндегі тәртіп ережелеріне, мұқияттылыққа тәрбиелеу

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс): текемет

 

Қызмет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық -

түрткі болатын

Балаларға 25 қазан Република күні екенін түсіндіру.

Балалар қызығушылықтарын білдіреді.

Республикамыз туралы кішігірім әңгімелесейік

Балалар тақтада не жасырынып тұрғанын білгілері келеді.

Ұйымдық - іздену

-Балалар, біз қай республикада тұрып жатырмыз. Отанымыз-Қазақстан.

Балалар сұраққа жауап береді.

Қазақстан егеменді ел.

Балалар мұқият тыңдайды

Қазақстан қандай мемлекет болып отыр (тәуелсіз). Мемлекетімізді басқаратын елбасымыз -Н.Ә.Назарбаев.

Мемлекетіміздің өз рәміздері бар. Олар қандай рәміздер?

Балалар жауап береді

Рәміздеріміз сияқты ұлтымызды, еліміздің өз салт-дәстүрлері, ұлттық киімдері, бұйымдары, ыдыс-аяқтары т.б бар.

Сол сияқты бүгінгі мүсіндеу сабағында

Киіз үй жабдықтарының бірі  текметті мүсіндейміз. 

Текемет деген не кім біледі?

Балалар мұқият тыңдайды

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауабы

Балаларға «текемет» жайлы түсінік беремін: Текемет-жерге салатын төсеніштердің бірі. Ол малдың жүнінен жасалады. Жүн тазартып жуылады, сабаумен сабалады, бірнеше күн орап тапталады, жүн әртүрлі түстермен боялып ұлттық ою-өрнектермен әшекейленеді. Текемет тіл көзден сақтасын деген ниетпен жерге төселінеді

Балалар мұқият тыңдайды

Сөздік жұмыс : текемет

Жаңа сөздердің мәні мен мағынасын түсіну

Балаларға мерекелік текеметті мүсіндеуді ұсынамын.

Қағаздың бетіне Айша бибі, және қошқар мүйіз ұлтық оюлар бастырылған.

Ұлттық оюлармен таныстырамын.

Міне, енді текеметті мүсіндеп әшекейлейміз

Балалар келіседі

Мүсіндеу үшін не керек екенін және қандай әдістермен мүсіндеу керектігін айтамын, түсіндіремін.

Балалар тыңдайды, келіседі.

Балаларға текеметті мүсіндеуді көрсетемін

Мұқият тыңдап, қарайды

 

Балаларға өз беттерінше жұмыс жасауды ұсынамын

Балалар келіседі

Балалардың дербес жұмысы

Балалар өз бетімен жұмыс істейді

Қиынсынған балалармен жұмыс

 

 

д/о: «Қазақы бұйымдарды ата»

Балалар тауып көрсетеді және атайды

Рефлекстік - түзету

Балаларға сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылаймын. Екі балаға ең жақсы екі жұмысты таңдауды және талдауды ұсынамын

 Балалардың белсенді жауаптары мен жұмыстары үшін алғысымды білдіремін.

Балалар сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін ортаға салады, талдайы.

 

 

Балалар өз әсерлерін білдіреді.

 

Күтілетін   нәтиже

 

Түсінуге тиіс:

  • Ермексаздың көмегімен ұқсас бейнелерді жасауға болатынын;

Білу :

  • Жаңа сөздік сөздердің мағынасын;
  • Бейнелеу әрекетіне қажетті негізгі техникалық дағдылары мен іскерліктерін меңгеру;

Істей білу керек:

  • Сұрақтарға жауап бере білу.
  • Тәрбиешіні мұқият, ынтамен тыңдай;
  • Ермексазбен  ұқыпты жұмыс жасай білу;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

                                             19 күні    қазан  айы 2011 ж.

Білім беру салалары: Таным

Бөлімі:  Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Мен қамқор баламын

Мақсаты: «Қамқорлық» ұғымының адамгершілік ретіндегі мәнін ашу

-          «қамқорлық» ұғымы туралы түсінік беру;

-          Қамқорлық жасай білу дағдыларын дамыту;

-          Қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу;

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс): достық-дружба, достар-друзья.

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

 

Мотивациялық -

түрткі болатын

Балаларға бүгін ерекше сабақ екенін айтып түсіндіру.

Балалар қызығушылық-тарын білдіреді

Ұйымдық - іздену

Шаттық шеңбері:

Бірінен соң бірі тұрып, қолдарын алдыңғы тұрған баланың иығына қойып,  алға қарай жүруді және тәрбиешімен бірге мәтінді қайталауды ұсынамын.

Достармен бір жолда,

Иықтасып жүреміз.

Қамқор болып әркімге

Жүреріне сенміз!

Балалар тәрбиешінің айтқанын орындайды, қайталайды.

-          Қамқорлық деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-          Бізге үйде, балабқшада кімдер қамқорлық көрсетеді?

-          Ал сендер кімге қамқорлық жасай аласыңдар?

 

Балалардың жауаптары

-          Жақсылық жасап бір-біріне көмектесетін адамдарды қамқор адамдар дейміз. Қамқор адамды сөйлеген сөзінен емес, жасаған ісінен танимыз.

Мұқият тыңдайды

Әңгімелеу:

Балаларға В.Осееваның «Жай ғана әжей» әңгімесін оқып беремін

 

Мұқият тыңдайды

-          Әңгімедегі балалар туралы не айтып берер едіңдер?

-          Ұл баланы әдепті, тәрбиелі бала деп айта аламыз ба?

-          Осындай жағдайда өздерің болсаңдар не істер едіңдер?

Балалардың жауаптары

Дәйексөз:

Е.Өтетілеуов: «Кішіні қолдап жол бер, үлкенді сыйлап қол бер»

Талдайды

Сергіту сәті:  «Сәлем берем үлкенге»

 

Текске сай қимылдар жасайды

Суретпен жұмыс

Суретті қарап әңгімелейді

Ойын-жаттығу: «Мен қамқор баламын»

-          Қамқор бала ағашқа (гүлге) су құяды, топырағын қопсытады.

-          Қамқор бала әжесіне, атасына су (орындық, таяқ) әкеледі.

-          Балалар достарының дұрыс жауаптарын қолдап, қолдарын шапалақтайды.

Өз қалаулары бойынша суреттерді ңбіреуін таңдап алып,, оған қандай қамқорлық көрсететінін айтады.

 

Жүректен-жүрекке:

Балаларға өлең жолдарын бірге қайталауды ұсынамын.

Біздің топта ұл-қыздар

Тату-тәтті тұрамыз.

Айналаға, бар адамға,

Тек мейірім сыйлаймыз.

 

Балалар өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды

Рефлекстік - түзету

- Біз бүгін үлкендерге, кішілерге, қол ұшын беріп, қамқор болуға үйрендік. Жасаған қамқорымыз қайырымымыз, ешқашан ізсіз кетпейді. Қайта соның бәрі бізге жақсылық болып оралады. Жақсылықты риясыз жасаған дұрыс.

Балалар өз әсерлерін білдіреді.

 

 

Күтілетін   нәтиже

Түсінуге тиіс:

  • Қамқорлық туралы

Білу : 

  • Қамқорлық жасай білу дағдыларын;

Істей білу керек:

·         Қамқорлық жасай білу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің  технологиялық картасы

                                                    күні                               айы 201         ж.

 

Білім беру салалары: Таным.

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: Жіптен шашақ жасау

Мақсаты: Балаларға жіпті пайдалана отырып шашақ жасауды үйрету.

                    Құрастыруға машықтандыру, саусақ қимылдарын дамыту.

                    Балалармен бірігіп құрастыру сабағы үстіндегі тәртіп ережелеріне, мұқияттылыққа,

                    ептілікке тәрбиелеу

 Сөздік жұмыс: шашақ-

 

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

 

Мотивациялық-түрткі болатын

Тақтада матамен жабылған суреттер

Балалар қызығушылықтарын білдіреді.

Балларға суреттен нені көріп отырғандарын сұраймын.

Балалардың жауаптары.

 

Ұйымдық іздену

Балаларға суреттен шашақты көрсетуді  ұсынамын

Балалар көрсетеді

Балаларға бүгінгі жіптен шашақ жасайтынымызды айтып түсіндіремін.

Балалар келседі.

Ең алдымен шашақты жасау жолдарын көрсетемін.

Балалар мұқият қарайды.

Балаларға шашақ жасауға кірісуді ұсынамын

Балалар келіседі

Балалардың дербес жұмысы

Балалар өз бетімен жұмыс істейді

Қиынсынған балалармен жұмыс

Тәрбиешінің көмегіне жүгінеді.

Сөздік жұмыс

Жаңа сөздердің мәні мен мағынасын түсіну

д/о: « Суреттен алқаны тап»

Балалар орындайды.

Рефлекстік-түзету

Сұрақ-жауап арқылы сабақты қотындылаймын. Балалардың жасаған жұмыстарын бірігіп талдауды ұсынамын. Белсенді қатысып отырған балаларды мадақтаймын.

Сұрақтарға жауап береді., өз пікірлерін айтады.

 

 

Күтілетін нәтиже

Түсінуге тиіс:

  • жіпті пайдалана отырып шашақ жасауға болатынын;

Білу: 

  • Жаңа сөздердің мағынасын түсініп және жадында сақтау;

Істей білу:

·         сұрақтарға жауап бере білу.

·         жіпті пайдалана отырып шашақ жасай

·         ұқыпты жұмыс жасай білу;

 

 

 

 

 

Естиярлар ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

                                              25  күні    қазан   айы 2010 ж.

Білім беру салалары: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет+Сурет

Тақырыбы: а) «Менің Отаным Қазақстан»

б) Сөздік жұмыс: Отан, рәміз, Астана

в) Дыбыстық жұмыс: қ-қ «Отан» (Е.Өтетілеуұлы) (1 шумағын жаттау)

Мақсаты: Балалардың ҚР туралы білімдерін кеңейту, толықтыру

      

           

 

 

 

 

 

 

 

Сөздік жұмыс: Отан-Родина, ою-орнамент

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық-түрткі болатын

Балаларға еліміздің атаулы мерекесі екенін естеріне салып мерекелерімен құттықтаймын.

Балалар алғыстарын білдіреді

Ұйымдық іздену

- Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

- Толық сөзбен қалай айтамыз?

Балалардың жауаптары

Балаларға ҚР туралы кішкене мағлұматтар беремін. Әңгімелеу:

Туған Отанымыз, Туған жеріміз-Қазақстан. Отбасы мүшелері, достарымыз Қазақстанда туып өскен. Ата-бабаларымыз ежелден осы жерде өмір сүрген.

Қазақстан-өте үлкен республика. Оның табиғаты алуан түрлі, жері бай.Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен, егін шаруашылығымен айналысқан. Өз Отан-дарын жаудан қорғаған. Қазақтар өз жерлерін ұрпақтары үшін сақтап қалған, демек, біз үшін сақтап қалған. Қазір бізде күн сәулесі нұрын шашқан, бейбітшілік заманы. Қазақстан халықтарының  өз бос-тандықтарына жетуіне өте ұзақ жол болды.

Барлық қиыншылықтарды жеңіп, Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алды.

1990 жылы 25 қазанда мемлекеттік тәелсіздік Декларациясы қабылданды. Содан бері  25 қазан –республика күні болып есептеледі.

Балалар зейін қойып тыңдайды.

Балалар Е.Өтетілеуұлының  «Отан» өлеңімен таныстырамын.

Өлеңді оқимын.

Өлеңнің мазмұны бойынша түсіндіремін.

Балаларға сұрақтар қоямын.

Балалардың пікірлерін тыңдап, қоштаймын.

 

 

 

 

 

Өлеңді мұқият тыңдайды

Өлеңді екінші рет оқимын.

Жолдарын қайталаймын, хормен айтқызамын.

Жекелей жолдарын  хормен қайталап,жаттап алуға тырысады.

Сөздік жұмыс

Жаңа сөздердің мағынасын түсініп және жадында сақтау.

 

 

Балаларға Қазақтың ұлтық оюы «Қошқар мүйізді» қарындашпен бастырып, бояуды ұсынамын

Балалар бірден келіседі.

Балаларға бастыру, бояу әдістерін көрсетемін.

 

 

Балаларға оюды ауада бастыруды ұсынамын.

 

Балаларға оюды қағаздың бетіне бастырып салуды және бояуды ұсынамын

 

Балалардың дербес жұмысы

 

Қиынсынған балалармен жұмыс

 

д/о: «Қазақстан рәміздерін ата»

.Балалар атайды

Рефлекстік-түзету

Сұрақ жауап бойынша сабақты қорытындылаймын.Белсенді қатысып отырған балаларды мадақтаймын

 

Балалар белсенді қатысып, атайды. Сұрақтарға дұрыс жауап береді.

 

Күтілетін нәтиже

Түсінуге тиіс:

  • ҚР туралы;
  • Өлеңнің мазмұнын жете түсіне;

Білу: 

  • Өлең жолдарын қайталай;

Істей білу:

  • Сұрақтарға жауап бере білу.
  • Жаңа сөздердің мағынасын түсініп және жадында сақтау.
  • Қарындашпен ұқыпты жұмыс жасай білу;
  •  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы      күні                         айы 20    ж.

Білім беру салалары: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан

Мақсаты:

  • Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейту.
  • Жаңа сөздің мағынасын түсініп, жадында сақтай білу;
  • Қ-қ, р-р дыбыстарын дұрыс айтуды жаттықтыру;

 

 Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс): Отан-Родина, егеменді-суверенный, тәуелсіз-независимое, мемлекет-государство.

 

Қызмет

кезеңдері

Тәрбиеші

әрекеттері

Балалардың

әрекеттері

Мотивациялық -

түрткі болатын

Балаларға 25 қазан Республика күні екенін естеріне саламын

Балалар қызығушылықтарын білдіреді.

Ұйымдық - іздену

-Балалар, біз қай республикада тұрып жатырмыз. Отанымыз-Қазақстан.

Балалар сұраққа жауап береді.

Балаларға ҚР туралы кішкене мағлұматтар беремін. Әңгімелеу:

Туған Отанымыз, Туған жеріміз-Қазақстан. Отбасы мүшелері, достарымыз Қазақстанда туып өскен. Ата-бабаларымыз ежелден осы жерде өмір сүрген.

Қазақстан-өте үлкен республика. Оның табиғаты алуан түрлі, жері бай.Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен, егін шаруашылығымен айналысқан. Өз Отанын жаудан қорғаған. Қазақтар өз жерлерін ұрпақтары үшін сақтап қалған, демек, біз үшін сақтап қалған. Қазір бізде күн сәулесі нұрын шашқан, бейбітшілік заманы. Қазақстан халықтарының  өз бостандықтарына жетуіне өте ұзақ жол болды.

Барлық қиыншылықтарды жеңіп, Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алды.

1990 жылы 25 қазанда мемлекеттік тәелсіздік Декларациясы қабылданды. Содан бері  25 қазан –республика күні болып есептеледі.

Балалар мұқият тыңдайды

Қазақстан егеменді ел. Қазақстан елордасы – Астана қаласы.

Балалар мұқият тыңдайды

Қазақстан қандай мемлекет болып отыр (тәуелсіз). Мемлекетімізді басқаратын елбасымыз -Н.Ә.Назарбаев.

 

Мемлекетіміздің өз рәміздері бар. Олар қандай рәміздер?

Балалар жауап береді

Балаларға рәміздерді атап, оларды түр-түсіне қарай талдауды ұсынамын.

Балалар белгілерін айтып, талдайды.

Сөздік жұмыс

Жаңа сөздердің мәні мен мағынасын түсіну

Дыбыстық жұмыс: р-р

Балалар қайталайды, дыбыстайды

д/о: «Қазақы бұйымдарды ата»

Балалар тауып көрсетеді және атайды

Рефлекстік - түзету

Балаларға сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылаймын.

 Балалардың белсенді жауаптары үшін алғысымды білдіремін.

Балалар сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін ортаға салады, талдайы.

Балалар өз әсерлерін білдіреді.

 

Күтілетін   нәтиже

 

Түсінуге тиіс:

  • ҚР туралы;

Білу :

  • Жаңа сөздік сөздердің мағынасын;

Істей білу керек:

  • Қ-қ, р-р дыбыстарын дұрыс айтуды
  • Сұрақтарға жауап бере білу.
  • Тәрбиешіні мұқият, ынтамен тыңдай;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20__ ж. ____________ айының  ____ күніне ересектер тобы дене тәрбиесінің ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы               

Білім беру салалары:  Денсаулық

Бөлімі: Дене тәрбиесі

Мақсаты:  1. Гимнастикалық орындықтың үстімен жүру

                    2. Допты қуыршаққа дейін домалату.

                    3. Жалпы жаттығуларды жасауда мұқияттылыққа, берілген нұсқауды тыңдай білуге,

                        қ/ойында ережесін сақтауға тәрбиелеу

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс):  ходьба друг за другом- бірінің артынан бірі жүру; на носочках -аяқ ұшымен, змейкой-жыланша

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотива-циялық-

түрткі

болатын

Топта балаларға дене шынықтыру сабағына қонақ келетінін айтып, сапта тұрғанда және саппен жүргенде дұрыс, тік жүруді ұсынамын. Тәрбиешінің командасын мұқият тыңдап, дұрыс орындауды ұсынамын.

Балалар қызығушы-лықтарын білдіріп, тәрбиешінің айтқан ұсыныстарын орын-дауға келісімдерін береді.

           Ұйымдық - іздену

 

 

 

 

  I.Кіріспе бөлім:  бір колоннаға тұрып жүру, жыланша  жүгіру, аяқтың  ішімен, сыртымен жүру,  жай жүру, 4-ке бөлініп  сапқа тұру.  

 

 

 

 

бірінің   артынан бірі жүреді, жыланша  жүгіреді,аяқтың ұшы-мен жүреді, өкшемен жүреді шеңбер бойын

ша  жүре, 4 колоннаға бөлініп тұрады. 

II.Негізгі бөлім

Жалпы жаттығулар:                                              

1. «Алақанды күнге көрсетеміз»

    Б.қ:  тік тұрып, екі қолды төмен түсіріп                                                                                   

      Ж:  алақанды жоғары қаратып, қолды екі жаққа көтеру,

             саусақтарды  жазу, Б.қ. оралу                                 6 рет

2. «Сағаттың тілі»

    Б.қ: аяқтың арасын ашып тұру, екі қолын бүйірге ұстап

      Ж:  оң (сол) жаққа еңкейу                                             6 рет

3. «Тікұшақ»

    Б.қ:  Аяқты алшақ қойып, екі қолын жаң-жаққа көтеріп тұру

      Ж:  1 – 4 оң (сол) жаққа бұрылып                                 5 рет                                                            

4. «Балалар-биі»

    Б.қ: тік тұрып, екі қолды бүйірге ұстап

      Ж:  1-оң (сол) аяқтың өкшесіне, 2-ұшына, 3-4 – бір орында жұру  

                                                                                                5рет        

5. «Тығылыспақ»

    Б.қ: Аяқты алшақ қойып, екі қолды төмен түсіріп тұру                                                                                 

      Ж: Басты төмен қарай тізеге еңкейтіп, екі қолымен тізені құшақтап, жүрелеп отыру «Балалар тығылды», Б.қ. қайта оралу 5 рет 

6. «Көнілді доптар»

    Б.қ:  тік тұру, қол  белде         

      Ж:  Қос аяқпен  секіру, бір орында жүру  (кезек )    3 рет

 

 

 

 

қайталайды

 

 

 

----------------------------

 

 

----------------------------

 

 

----------------------------

 

 

 

----------------------------

 

 

 

----------------------------

 

 

Негізгі қимылдар:

1. «Көпірдің үстімен» /жолақ тақтайшаның үстімен жүру/  2 рет  /ағымды әдісі/                                                                   

2. «Допты домалат»(қуыршаққа дейін допты домалатады) 3рет / топтық  әдіс/                                        

 

 

 

Қ/ойын «Ұшақтар»

 

 

жолақ тақтайшаның үстімен жүреді

Қуыршаққа дейін допты домалатады.

қ/ойынның ережесін сақтайды

Рефлекстік -

түзету

ΙΙΙ.  Қорытынды бөлімі: 

    Бірінің артынан бірі тұрып жүру,   тоқтау

Сабаққа талдау жасау.

бірінің   артынан бірі тұрып жүреді

 

 

Күтілетін нәтиже :

Түсінуге тиіс: нұсқауларды

Білу : ересектердін көрсетуімен орындай

Істей білу керек:

  • Гимнастикалық орындықтың үстімен жүру
  • Допты қуыршаққа дейін домалата.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

                                       ____күні ____________ айы 20__ ж.

Білім беру салалары: Қатынас.

Бөлімі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Менің Отаным» (Қ. Игілік)

Мақсаты: Балаларға әңгімені оқып беру, мазмұнын түсіндіру, талдау.

                   Балалардың әңгімені жете түсіне білуі, ойлауы. Байланыстыра сөйлеу қабілеттерін

                   дамыту;  ықыластылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық-түрткі болатын

Тақтада ҚР рәміздерінің суреттері ілінген

Балалар қызығушылықтарын білдіреді.

Балаларға  Рәміздер нені білдіретінін сұраймын

Балалар келіседі

Ұйымдық іздену

Балаларға Отанымыз Қазақстан жайлы  қысқаша әңгімелеуді ұсынамын.

Әлемде Қазақстан Республикасыннан басқа да талай  жерлер, мемлекеттер бар, бірақ адамға ең ыстығы өз Отаны. ҚР дүниеге келген адам осы мемлекеттің азаматы болып саналады. Қазақстанда тұратын әр адамзат өз Отанын сүюге, оны қорғауға міндетті.

Балалардың жауабы.

 

Балаларға Қ.Игіліктің «Менің Отаным»  әңгімесін ұсынамын

Балалар бірден келіседі.

Балаларды «Менің Отаным» әңгімесімен таныстырып, оқып беремін, Әңгімедегі оқиғаларды талдаймын

Әңгіменің мазмұны бойынша балаларға сұрақтар ұсынамын.

Балалардың пікірлерін тыңдап, қоштаймын.

Әңгімені бастан-аяқ мазмұндай отырып, өз сөзіммен әңгімелеп беремін.

Балаларға сұрақтар ұсынамын.

Балалар мұқият, ықыласпен тыңдайды.

 

Сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін айтады.

 

Балалар мұқият, ықыласпен тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді

Сөздік жұмыс

Жаңа сөздердің мәні мен мағынасын түсіну

«Диалог-ойын» ұсынамын

Қойылған сұрақтарға өз жауаптарын қайырады

Рефлекстік-түзету

Сұрақ-жауап арқылы сабақты қотындылаймын.

Белсенді қатысып отырған балаларды мадақтаймын.

Сұрақтарға жауап береді.

 Өз пікірлерін айтады.

 

Күтілетін нәтиже

Түсінуге тиіс:

  • Әңгіменің мазмұнын;

Білу: 

  • әңгіменің мазмұнын баяндай, тілмен жеткізе білу;

Істей білу:

  • Сұрақтарға жауап бере білу.
  • Жаңа сөздердің мағынасын түсініп және жадында сақтау.

 

 

 

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің  технологиялық картасы

                                                    күні                               айы 201         ж.

Білім беру салалары: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет

Тақырыбы: Айыр қалпақты әшекейлеу

Мақсаты: Балаларға айыр қалпақты  бастыру әдісі арқылы әшекейлеуге үйрету.

                    Сурет салуға машықтандыру, саусақ қимылдарын дамыту.

                    Балалармен бірігіп сурет сабағы үстіндегі тәртіп ережелеріне, мұқияттылыққа,

                    ептілікке тәрбиелеу

 Сөздік жұмыс: қалпақ-калпак

 

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық-түрткі болатын

Тақтада матамен жабылған суреттер

Балалар қызығушылықтарын білдіреді.

Сұрақ-жауап арқылы балалардың ұлттық киімдер туралы білімдерін пысықтап аламын.

Балалар сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін айтады

Ұйымдық іздену

Балаларға «Суреттен айыр қалпақты тауып, көрсет» д/о ұсынамын

Балалар көрсетеді

Ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі . Айыр қалпақ жұқа етіп басылған ақ киізден тігіледі . Ол негізгі екі бөліктен құралады. Олар — қалпақтық төбесі және етегі.. Қалпақтың төбесіне қара не басқа түсті шашақ тағын, төбесінің төрт сайы әр түрлі жібек жіптермен кестеленеді . Ақ киізден тігілген айырқалпақ әрі жеңіл, әрі салқын, әрі сәнді болып келеді . Соңғы кезде жергілікті өнеркәсіп орындары айырқалпақты әр түсті киізден жасап шығарып жүр. Оны ертеде хан-сұлтандар салтанатқа киетін болған. қазір оны құрметті адамдарға сыйлайды.

Балалар мұқият тыңдайды.

Балаларға бүгінгі сабақта ұлттық бас киім ер адамның айыр қалпағын бастыру әдісі арқылы әшекейлейтініміз-ді айтып түсіндіремін.

Балалар келседі.

Ең алдымен әшекейлеу жолдарын көрсетемін.

Балалар мұқият қарайды.

Балаларға әшекейлеуге кірісуді ұсынамын

Балалар келіседі

Балалардың дербес жұмысы

Балалар өз бетімен жұмыс істейді

Қиынсынған балалармен жұмыс

Тәрбиешінің көмегіне жүгінеді.

Сөздік жұмыс

Жаңа сөздердің мәні мен мағынасын түсіну

д/о: «Ұлттық бас киімдерді ата»

Балалар білгендерінше атап шығады.

Рефлекстік-түзету

Сұрақ-жауап арқылы сабақты қотындылаймын. Балалардың жасаған жұмыстарын бірігіп талдауды ұсынамын. Белсенді қатысып отырған балаларды мадақтаймын.

Сұрақтарға жауап береді., өз пікірлерін айтады.

Күтілетін нәтиже

Түсінуге тиіс:

  • айыр қалпақты  бастыру әдісі арқылы әшекейлеуді;

Білу: 

  •  айыр қалпақты  бастыру әдісі арқылы әшекейлеуге болатынын;

Істей білу:

·         Сұрақтарға жауап бере;

·         Бастырған оюдың ішін қарындашпен бояй;

·         ұқыпты жұмыс жасай;

  • Жаңа сөздердің мағынасын түсініп және жадында сақтау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ересектер ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

                                               күні    қазан   айы 2011 ж.

 

Білім беру салалары: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Н.Қалқа «Рәміз» (жаттау)

Мақсаты: Балалардың рәміздер туралы білімдерін кеңейту, толықтыру

                   Өлең жолдарының мән-мағынасын жете түсіну

                   Мемлекетке, рәміздерге деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: рәміз-символика

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық-түрткі болатын

Тақтада ҚР рәміздерінің суреттері ілінген

Балалар қызығушылықтарын білдіреді.

Балалардан тақтада нені көріп отырғандарын сұраймын

Балалардың жауабы

Ұйымдық іздену

Балаларға Отанымыз Қазақстан жайлы  қысқаша әңгімелеуді ұсынамын.

Әлемде Қазақстан Республикасыннан басқа да талай  жерлер, мемлекеттер бар, бірақ адамға ең ыстығы өз Отаны. ҚР дүниеге келген адам осы мемлекеттің азаматы болып саналады. Қазақстанда тұратын әр адамзат өз Отанын сүюге, оны қорғауға міндетті.

Балалар жұмбақтың  шешуін табуға тырысады

Сол сияқты рәміздерімізді де үнемі қадірлеп, қастерлеп, силап жүруіміз керек.

 

Балаларды Н.Қалқаның «Рәміз» өлеңімен таныстыру.

Өлеңді оқимын.

Өлеңнің мазмұны бойынша түсіндіремін.

Балаларға сұрақтар қоямын.

Балалардың пікірлерін тыңдап, қоштаймын.

 

Өлеңді екінші рет оқимын.

Жолдарын қайталаймын, хормен айтқызамын.

 

 

Өлеңді мұқият тыңдайды

 

Жекелей жолдарын  хормен қайталап,жаттап алуға тырысады.

Балалар жолдарын хормен қайталап, жекелей айтады.

Сөздік жұмыс

Жаңа сөздердің мағынасын түсініп және жадында сақтау.

д/о: «Дұрыс ата»

.Балалар рәміздерді атайды

Рефлекстік-түзету

Суреттер бойынша рәміздерді сипаттауды  ұсынамын.

Сұрақ жауап бойынша қайталаймын.

Белсенді қатысып отырған балаларды мадақтаймын.

Балалар белсенді қатысып, атайды. Сұрақтарға дұрыс жауап береді.

 

Күтілетін нәтиже

Түсінуге тиіс:

  • ҚР әміздері туралы;
  • Өлеңнің мазмұнын жете түсіне;

Білу: 

  • Өлең жолдарын қайталай;

Істей білу:

  • Сұрақтарға жауап бере білу.
  • Жаңа сөздердің мағынасын түсініп және жадында сақтау.

20__ ж. ____________ айының  ____ күніне ересектер тобы дене тәрбиесінің ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы               

Білім беру салалары:  Денсаулық

Бөлімі: Дене тәрбиесі

Мақсаты:  1. арқанның үстімен жүру қимылдарын одан әрі жалғастыру.

                    2. жыланша кубиктің арасымен жүгіруге үйрету.

                    3. Жалпы жаттығуларды жасауда мұқияттылыққа, берілген нұсқауды тыңдай білуге,

                        қ/ойында ережесін сақтауға тәрбиелеу

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс):  ходьба друг за другом- бірінің артынан бірі жүру; на носочках -аяқ ұшымен, змейкой-жыланша

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотива-циялық-

түрткі

болатын

Топта балаларға дене шынықтыру сабағына қонақ келетінін айтып, сапта тұрғанда және саппен жүргенде дұрыс, тік жүруді ұсынамын. Тәрбиешінің командасын мұқият тыңдап, дұрыс орындауды ұсынамын.

Балалар қызығушы-лықтарын білдіріп, тәрбиешінің айтқан ұсыныстарын орын-дауға келісімдерін береді.

           Ұйымдық - іздену

 

 

 

 

  I.Кіріспе бөлім:  бір колоннаға тұрып жүру, жыланша  жүгіру, аяқтың  ішімен, сыртымен жүру,  жай жүру, 4-ке бөлініп  сапқа тұру.   

 

 

 

 

бірінің   артынан бірі жүреді, жыланша  жүгіреді,аяқтың ұшы-мен жүреді, өкшемен жүреді шеңбер бойын

ша  жүре, 4 колоннаға бөлініп тұрады. 

II.Негізгі бөлім

Жалпы жаттығулар:                                              

1. «Алақанды күнге көрсетеміз»

    Б.қ:  тік тұрып, екі қолды төмен түсіріп                                                                                  

      Ж:  алақанды жоғары қаратып, қолды екі жаққа көтеру,

             саусақтарды  жазу, Б.қ. оралу                                 6 рет

2. «Сағаттың тілі»

    Б.қ: аяқтың арасын ашып тұру, екі қолын бүйірге ұстап

      Ж:  оң (сол) жаққа еңкейу                                             6 рет

3. «Тікұшақ»

    Б.қ:  Аяқты алшақ қойып, екі қолын жаң-жаққа көтеріп тұру

      Ж:  1 – 4 оң (сол) жаққа бұрылып                                 5 рет                                                           

4. «Балалар-биі»

    Б.қ: тік тұрып, екі қолды бүйірге ұстап

      Ж:  1-оң (сол) аяқтың өкшесіне, 2-ұшына, 3-4 – бір орында жұру  

                                                                                                5рет        

5. «Тығылыспақ»

    Б.қ: Аяқты алшақ қойып, екі қолды төмен түсіріп тұру                                                                                  

      Ж: Басты төмен қарай тізеге еңкейтіп, екі қолымен тізені құшақтап, жүрелеп отыру «Балалар тығылды», Б.қ. қайта оралу 5 рет 

6. «Көнілді доптар»

    Б.қ:  тік тұру, қол  белде         

      Ж:  Қос аяқпен  секіру, бір орында жүру  (кезек )    3 рет

 

 

 

 

қайталайды

 

 

 

----------------------------

 

 

----------------------------

 

 

----------------------------

 

 

 

----------------------------

 

 

 

----------------------------

 

 

Негізгі қимылдар:

1.«Қыл көпірдің үстімен жүру»

2. «Кім шапшаң»жыланша, кубиктің арасымен жүгіру /топтық /ағымды әдіс/

 

 

 

қ/о: « Өз үйіңді тап»

 

Арқанның үстімен жүреді

кубиктің арасымен жыланша жүгіру

 

қ/ойынның ережесін сақтайды

Рефлекстік -

түзету

ΙΙΙ.  Қорытынды бөлімі: 

    Бірінің артынан бірі тұрып жүру,   тоқтау

Сабаққа талдау жасау.

бірінің   артынан бірі тұрып жүреді

 

 

Күтілетін нәтиже :

Түсінуге тиіс: нұсқауларды

Білу : ересектердін көрсетуімен орындай

Істей білу керек:

  • арқанның үстімен жүру қимылдарын жасай
  • жыланша кубиктің арасымен жүгіре

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2011 ж.                        айының                   күніне ересектер тобының дене тәрбиесінің ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы           

Білім беру салалары:  Денсаулық

Бөлімі: Дене тәрбиесі

Мақсаты:  1. Арқанның үстімен (бойымен)бүйірмен адымдапа жүру қимылдарын үйретуді одан

                         әрі жалғастыру

                    2. Өрмелеу – арқанның астынан (биіктігі 40 см) бауырмен етпеттеп денені арқанға

                        тигізбей өтуге үйрету.

                    3. Жалпы жаттығуларды жасауда мұқияттылыққа, берілген нұсқауды тыңдай білуге,

                        қ/ойында ережесін сақтауға тәрбиелеу

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс):  ходьба друг за другом- бірінің артынан бірі жүру; на носочках -аяқ ұшымен, на пятках-өкшесімен

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотива-циялық-

түрткі

болатын

Топта балаларға дене шынықтыру сабағына қонақ келетінін айтып, сапта тұрғанда және саппен жүргенде дұрыс, тік жүруді ұсынамын. Тәрбиешінің командасын мұқият тыңдап, дұрыс орындауды ұсынамын.

Балалар қызығушылықта-рын білдіріп, тәрбиешінің айтқан ұсыныстарын орын-дауға келісімдерін береді.

           Ұйымдық - іздену

 

 

 

 

  I.Кіріспе бөлім:  бір колоннаға тұрып жүру,  жүгіру,  аяқтың ішімен жүру, аяқтың сыртымен жүру 4 калоннаға бөлініп  тұру.  

 

 

 

бірінің   артынан бірі жүреді,жүгіреді, аяқтың ішімен жүреді, сыртымен жүреді шеңбер бойын

ша  жүре,  4 колоннаға бөлініп тұрады. 

II.Негізгі бөлім  Жалпы жаттығулар    «Шапалақ»                                              

1. Б.қ:  тік тұру, қол төменде                                                                                   

      Ж:  қолды алға созып, шапалақтап, «шапалақ» деп айтып,

             б.қ. оралу                                                                          -6 рет.

2. Б.қ:  қол төменде, аяқты алшақ  қою  

      Ж:  Оңға (солға) бұрылып, шапалақтап, «шапалақ» деп айтып,  

                                             б.қ. оралу                     -4 реттен әр жаққа.

3. Б.қ:  Аяқты алшақ қою, қол белде

      Ж:  алға-төмен еңкею, шапалақтау, «шапалақ» деп айтып, 

                                            б.қ.оралу.                     -3 реттен әр жаққа                                                            

 4. Б.қ:  тік тұрып, аяқтың арасы аздап алшақ қою,  қол төменде

       Ж:  отырып, қол алдыға созып шапалақтау,  «шапалақ» деп 

                                     айтып, б.қ. қайту               -5 рет        

5. Б.қ:  тік тұру, қол  белде         

      Ж:  Қос аяқпен  секіру, бір орында жүру  (кезек )    - 3 реттен.                                   

 

Негізгі қимылдар:

1. «Бүйірмен адымдап жүр» (арқанның  үстімен бүйірмен адымдап жүру, қол белде, бас пен арқаны тік ұстау) –2 рет бірінің артынан

                                                                                     бірі жүру әдісі

2. Өрмелеу – арқанның астынан (биіктігі 40 см) бауырмен етпеттеп денені арқанға тигізбей өту

                                                      2 рет бірінің артынан бірі жүру әдіс

 

 

 

 

Қ/ойын:     «Қағып ал»                 

 

 

 

 

 

қайталайды

 

 

 

----------------------------

 

 

----------------------------

 

 

----------------------------

 

 

Қол белде, бас пен арқаны тік ұстап, арқанның  үстімен бүйірімен адымдап жүреді.

Арқанның астынан (биіктігі 40 см) бауырмен етпеттеп денені арқанға                         тигізбей өтеді

 

Бағытталған допты қағып алады.

қ/ойынның ережесін сақтайды

Рефлекстік -

түзету

ΙΙΙ.  Қорытынды бөлімі: 

    Бірінің артынан бірі тұрып жүру,   тоқтау

Сабаққа талдау жасау.

бірінің   артынан бірі тұрып жүреді

 

 

Күтілетін нәтиже :

Түсінуге тиіс: нұсқауларды

Білу : ересектердін көрсетуімен орындай

Істей білу керек:  1. Арқанның үстімен (бойымен)бүйірмен адымдапа жүре;

                                2. Өрмелеу – арқанның астынан (биіктігі 40 см) бауырмен етпеттеп денені

                                   арқанға тигізбей өте;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

21  күні қараша айы 2011 ж.

Білім беру салалары: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет

Тақырыбы:                                     

                      (топтық жұмыс, триз әдісі,  су бояумен)

Мақсаты:   Балалардың күз мезгілі туралы білімдерін тиянақтап бекіту

                     Балалардың саусақ қимылдарын дамыту

                      Күзгі табиғат сұлулығына  деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс): Алтын күз-золотая осень

 

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық-түрткі болатын

М. Жылқайдаровтың «Күз» өлеңін оқимын

-Өлеңде қай жыл мезгілі туралы айтылған?

Балалар мқұият тыңдайды.

Балалардың жауабы.

Ұйымдық іздену

Күз туралы кіріспе әңгіме:

- Қазір күз мезгілінің нешінші айы? Атаңдар

- Күз мезгілінің құбылыстарын атаңдар?

 - Күзде құстар неліктен жылы жаққа ұшып кетеді?

- Күз мезгілінің мінез құлқы қандай болады?

 

Балалардың жауабы.

 

Психожаттығу:

- Балаларға күз мезгілін бет пішіндерінен білдіруді ұсынамын (күн ашық, күн бұлтты,  күн суық,  көңілсіз, суық жаңбыр жауып тұр, жел тұрды, аспанды сұр бұлт қаптаған, аспан ашық-күн шуағын шашып тұр)

 

Мұқият тыңдап, көңіл-күйлерін білдіреді.

 

 

 

- Міне, осы  құбылыстардың барлығы күз мезгілінде болады. Енді, қағаз бетіне осы күз мезгілін бейнелейміз.

Балалар келіседі.

Балаларға күз мезгілін триз әдістері арқылы қалай бейнелеуді түсіндіріп, көрсетемін

Балалар мұқият тыңдап, қарайды

Балалардың топтық дербес жұмысы

 

Қиынсынған балалармен жеке жұмыс

Тәрб-ң көмегіне жүгінеді

Сергіту сәті:

Ал, балалар тұрайық,

Мойнымызды бұрайық.

Қолымызды созайық.

Жел сияқты қалықтап,

Оңға, солға иіліп,

Денемізді бұрайық.

 

Текске сәйке қимылдар жасайды.

д/о: «Көңіл күйіңмен көрсет»

Балалар тәрбиеші атаған жыл мезгілдерінің құбылыстарын көңіл-күйі арқылы көрсетеді.

Рефлекстік-түзету

 

Балалардың жасаған жұмыстарын 1-2 балаға талдатамын, бағалатамын.

Балалардың белсенді жұмыстарына алғысымды білдіремін. 

Өз әсерлерін білдіреді

 

Күтілетін нәтиже

Түсінуге тиіс:

·         күз мезгілі туралы;

Білу: 

  • Күзгі өзгерісті бейнелей білу;
  • Жаңа сөздік сөздердің мәні мен мағынасын;

Істей білу:

  • Сұрақтарға жауап бере білу;
  • Триз әдісі арқылы, су бояумен жұмыс жасай;

Ересектер ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

                                             21  күні    қараша   айы 2011 ж.

 

Білім беру салалары: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Жомарт күз. Алтын күз

Мақсаты: Балалардың күз туралы білімдерін тиянақтау,бекіту

                   Өлеңдегі бейнелі сөздерді табиғат ерекшелігімен сәйкестендіріп, талдай білу.

                   Күзгі табиғат сұлулығына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: алтын күз-золотая осень

 

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық-түрткі болатын

Балаларға Ш.Ахметовтың «Бұл қай кезде болады?»өлең-жұмбағын оқу:

Бұлттар төніп,

Жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай,

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Айтыңдаршы, бөбектерім,

Бұл қай кезде болады?

Балалар мұқият тыңдап, жауаптарын береді.

Ұйымдық іздену

- Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?-өлең-жұмбақтың әр жолын түсіну.

Балалар жұмбақтың  шешуін табуға тырысады

Күзде тағы қандай құбылыстар болады

 

Күзде күн салқын, бұлттар көбейеді

Күздің басқа жыл мезгілдерінен айырмашылығы неде?

Күн қысқа, түн ұзақ. Күн көтеріледі. Күзде суық жел соғады, суық жабыр жауады. Диқандар астық жинайды.

  • Егер күзде күн ашық болса қандай сөздерді қолдануға болады?
  • Ал, егер күн бұлтты болса ше? Күзгі бұлтты күнді қалай айтуға болады?

 

Аспан ашық, мөлдір, көгілдір, тап-таза

Күн түнеріп тұр, аспанды сұр бұлт қаптаған, көңілсіз, суық жаңбыр сіркіреп тұр

БалаларҒа аваторы  

«Алтын күз» өлеңін оқимын.

Өлеңнің мазмұны бойынша түсіндіремін.

Балаларға сұрақтар қоямын.

Балалардың пікірлерін тыңдап, қоштаймын.

Өлеңдегі күз мезгіліне сипаттама беруді ұсынамын.

 

Балаларға көздерін жұмуды ұсынамын. Содан өлеңді екінші рет оқимын.

 

 

Өлеңді мұқият тыңдайды

 

 

 

Өлеңдегі күз мегіліне сипаттама береді.

 

Балалар өлеңдегі  күз мезгілі-нің құбылыстарын көздерін жұма отырып, көз алдыларына елестетеді

Сөздік жұмыс

Жаңа сөздердің мағынасын түсініп және жадында сақтау.

Ал енді олай болса жұмбақтар шешіп көрелік.

  • Қызыл-сары кемелер

           Су бетінде қалқиды.

           Соқса егер салқын жел,

           Ырғалады, толқиды /жапырақ/

  • Жер бетінде шашы бар, жер астында басы бар /сәбіз/
  • Ағаш толы сары шымшық,

 Сілкіп көрсең  түседі ұшып /жапырақ/

  • Қалың киім ұнатады, шешіндірсең

            жылатады /пияз/

Балалар бірден келіседі

 

Жұмбақтарды мұқият тыңдап , жауабын табады.

д/о: «Күзгі жылы киімдерді ата»

.Балалар атайды

Рефлекстік-түзету

Белсенді қатысып отырған балаларды мадақтаймын.

Балалар белсенді қатысып, атайды. Сұрақтарға дұрыс жауап береді.

 

Күтілетін нәтиже

Түсінуге тиіс:

  • Кү мезгілі туралы;
  • Өлеңнің мазмұнын жете түсіне;

Білу: 

  • Күзгі табиғат ерекшеліктерін;
  • Жаңа сөздік сөздердің мәні мен мағынасын;

Істей білу:

  • Сұрақтарға жауап бере білу.
  • Өлеңдегі бейнелі сөздерді табиғат ерекшелігімен сәйкестендіріп, талдай білу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

                                                                                                  күні                      айы 20         ж.

Білім беру салалары: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Күзгі ағаш

Мақсаты:   Балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін тиянақтау, бекіту.

                      Мүсіндеуге машықтандыруды, саусақ қимылдарын дамытуды одан әрі жалғастыру.

                      Балалармен бірігіп мүсіндеу сабағы үстіндегі тәртіп ережелеріне, мұқияттылыққа тәрбиелеу.

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс):

Қызмет кезеңдері

Тәр биеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

 

Мотивациялық -

түрткі болатын

Балаларға Ш.Ахметовтың «Бұл қай кезде бола-ды?»өлең-жұмбағын оқып естеріне саламын:

Бұлттар төніп,

Жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай,

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Айтыңдаршы, бөбектерім,

Бұл қай кезде болады?

Балалар мұқият тыңдап, жауаптарын береді.

Тақтада күз мезгілі туралы сурет ілініп тұрады.

Балалар қызығушылықтарын білдіреді.

Күз мезгілінің  қандай құбылыстарын білесіңдер?

Балалар сұраққа жауап беруге тырысып көреді

Ұйымдық - іздену

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қандай айлар күз мезгіліне жатады?

- осы қараша айында қандай ерекшеліктер мен өзгешеліктер болып жатыр?

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, өз пікірлерін ортаға салады.

 

 

Тақтадағы суретті мұқият қарауды ұсынамын

Балалар ықылыспен қарайды.

Балалардан суреттен күз мезгілінің  қандай құбылыстарын көріп тұрғандарын сұраймын.

Балалар балалар атайды.

Балаларға   сурет бойынша күз мезгілі жайлы әңгімелеп беремін

Балалар мұқият тыңдайды.

- күз мезгілін неліктен алтын күз, қара күз  деп атаймыз

- күзде жапырақтар неліктен сап-сары болады?

 

Балалардың жауаптары

 

Сөздік жұмыс

Жаңа сөздердің мән-мағынасын түсіну

Балаларға ағаш бұталарына күзгі жапырақты мүсіндеуді ұсынамын. Ол үшін қандай түсті ермексазды пайдаланатынымызды сұраймын. Неліктен?

Балалар келіседі, дұрыс жауабын береді

Балаларға күз бейнесін мүсіндеуді көрсетемін

Мұқият тыңдап, қарайды

Балаларға өз беттерінше жұмыс жасауды ұсынамын

Балалар келіседі

Балалардың дербес жұмысы

Балалар өз бетімен жұмыс істейді

Қиынсынған балалармен жұмыс

Тәрбиешінің көмегіне жүгінеді.

д/о: «Күз мезгілін тап және сипатта»

Балалар көрсетеді,  атайды,  сипаттайды

Рефлекстік - түзету

Балаларға сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылаймын. Екі балаға ең жақсы екі жұмысты таңдауды және талдауды ұсынамын. Балалардың белсенді жауаптары мен жұмыстары үшін алғысымды білдіремін.

Балалар сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін ортаға салады, талдайы.

 

 

Балалар өз әсерлерін білдіреді.

Күтілетін нәтиже

Түсінуге тиіс:

·         Күз мезгілі туралы;

·         Ермексаздардың көмегімен ұқсас бейнелерді жасауға болатынын;

Білу: 

  • Жаңа сөздік сөздердің мәні мен мағынасын;
  • Бейнелеу әрекетіне қажетті негізгі техникалық дағдылары мен іскерліктерін меңгеру;

Істей білу:

  • Сұрақтарға жауап бере білу.
  • Ермексазбен ұқыпты жұмыс жасай білу;

 

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

                                             ____ күні ______________________20__ ж.

Білім беру салалары: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу

Тақырыбы: Л дыбысы

Мақсаты: Л дыбысымен және оның таңбасымен таныстыру. Өттілген дыбысты қайталау. Суретті

                   үлгі бойынша лақ сөзіне дыбыстық талдау жасату. Л дыбысының дауыссыз дыбыс

                   екендігін және дауыссыз дыбысты көк түспен белгілеу.

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс): Л дыбысы – звук Л,  естиміз-слышим, дыбыстаймыз-

                                                                              произносим, көреміз-видим.

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

 

Мотивациялық -

түрткі болатын

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны:

Мен қазір сөйлем-жұмбақ жасырамын. Бүгінгі өтілетін жаңа дыбысымыз осы жұмбақтың шешуінде сөздің басында естіледі. Кім тез шешеді?

Балалар қызығушылық танытып, бірден келіседі.

Ұйымдық - іздену

Сөйлем - жұмбақ:

Төрт түлік малдың бірі ешкі деп білсек,

Сол ешкі малының төлі /лақ/

Балалар сөйлем-жұмбақтың шешуін табуға тырысады.

Сөздің басында қандай дыбыс естіледі?

Л дыбысы

Дұрыс, бүгін біз Л дыбысымен танысамыз. Кәне, бәріміз айтып көрейікші.

 

Л-л-л-л-л

Енді        дыбысын қайталайық

Ол қандай дыбыс еді? Неліктен?

Сөз ойланып көріңдерші. Сол сөзді буынға бөл.

Балалардың жауабы

Л дыбысын еш кедергісіз айта аламыз ба?

Жоқ, айта алмаймыз.

Дұрыс, себебі тіл мен тіс бөгет жасайды, осындай кедергімен айтылатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз, оларды қандай  түспен белгілейміз?

Балалар мұқият тыңдап, естеріне сақтайды.

Л дыбысының таңбасын көрсету, көк түспен астын белгілеу.

Л дыбысының таңбасы неге ұқсайды.

Балалар мұқият қарайды.

 

Балалар өз ойларындағын айтады

Сурет бойынша дыбыстық талдау:

Лақ сөзінің басында қай дыбыс естіледі?

 

н дыбысы естіледі

Л дыбысын неліктен көк түспен белгіледік?

Себебі Л дауыссыз дыбыс

Лақ сөзінде екінші қандай дыбыс естіледі?

Балалар дыбыстап дұрыс жауабын беруге тырысады

А дыбысы қандай дыбыс?

Оны қандай түспен белгілейміз?

А дауысты дыбыс.

А дыбысын қызыл түспен белгілейміз.

Үшінші өтілмеген дыбыс, ол сұр түсті белгімен белгіленеді.

Балалар келіседі

Лақ сөзінде неше дыбыс бар, ондағы дыбыстарды атаңдар.

Л, а, қ, – 3 дыбыс бар.

Қол жаттықтыру жұмысы:

д/о: «Санағыштан Л таңбасын құрастыр»

Енді, таяқшалармен Л дыбысының таңбасын құрастырайық.. неше таяқша керек екенін санаймыз.

 

 

 

Балалар тәрбиешінің көмегімен санайды.

Қанша таяқша керек екен?

2 таяқша керек

Балаларды бақылап, қарап шығамын.

 

Лақ сөзінде неше дауысты дыбыс бар?

бір дауысты дыбыс бар

Мен неше бөлікке бөліп айтамын, тыңдаңдар.

 

Демек, лақ сөзі неше буыннан тұрады? Неліктен бір буыннан тұрады?

Бір буыннан тұрады. Өйткені Лақ сөзі 3 дыбыстан тұрады және бір ғана дауысты дыбыс бар

Демек, сөзде неше дауысты дыбыс болса сонша буынға бөлуге болады.

Балалар хормен қайталайды, жекелей қайталайды

Сөздік жұмыс

                   

Жаңа сөздің мағынасын түсініп, жадында сақтау

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны

 

 

 

Осылай сөздерді біртіндеп айтып, Л дыбыс қай бөлігінде естіліп тұрғанын талдаймыз, сол сөзді буынға бөлуді ұсынамын

 

Сөзді дұрыс, және көп сөз атаған балаға фишкалар таратылады.

 

Балалар Л  дыбысынан басталатын және құрамында Л дыбысы естілетін сөздерді тауып атайды.

 

Балалар жауап беруге тырысады.

Буынға бөледі

 

 

 

Балалар қызығушылық танытады. Белсенді қатысуға тырысады.

Рефлекстік - түзету

Бүгін қандай дыбыспен және таңбасымен таныстық?

«Л дыбысын және оның таңбасын білдік» деп жауап береді

Кеспе таңбалардан Л дыбысының таңбасын  көрсетіңдерші

Балалар көрсетеді.

Л дыбысын қандай түспен белгіледік?

Көк түспен белгіледік

Неліктен көк түспен белгіледік?

Өйткені Л дыбысы дауыссыз дыбыс

Белсенді қатысқан балаларды мадақтаймын

Өз әсерлерін білдіреді

 

Күтілетін   нәтиже

Түсінуге тиіс:

  • Дыбыс туралы;

Білу :

  • Сөздегі Л дыбысының қай бөлігінде тұрғанын;
  • Л дыбысының таңбасын;

Істей білу керек:

  • Сөздерді буынға бөле білу.
  • Сөзге дыбыстық талдау жасай білу;

 

 

 

 

 

 

 

 

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

                                              күні                                      айы 20        ж.

Білім беру салалары: Таным

Бөлімі:  Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Достық неден басталады?

Мақсаты: «Дос», «достық» құндылығы туралы түсінік беру;

             достарға деген мейірімділік қарым-қатынасқа үйрету;       

             достаса білуге тәрбиелеу       

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс): достық-дружба, достар-друзья.

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

 

Мотивациялық -

түрткі болатын

Балаларға бүгін ерекше достық-сабақ екенін айтып түсіндіру.

 

Балалар қызығушылық-тарын білдіреді

Тақтада достар туралы түрлі-түсті иллюстрация

Ұйымдық - іздену

Шаттық шеңбері:

Достығымыз берік сол (қолдарын біріктіреді)

Бекітейік беріп қол.(алдымен бір қолын содан соң екінші қолын көрсетеді)

Қайта кіріп шеңберге (балалар ортаға тұрады)

Қандай жақсы қол берген  (достарын таңдап, қол алысады)

Балалар тәрбиешінің айтқанын орындайды, қайталайды.

Суретте не көріп отырсыңдар?

Балалардың жауаптары

Дұрыс, бір-біріне қамқор, тату, адал достардың суреттерін көріп отырмыз.

 

Ал сендер «достық» дегенді қалай түсінесіңдер

Балалардың жауаптары

Достық дегеніміз екі адам арасындағы сыйластық. Достар бір-бірін жақсы түсінеді, бірге жүргенді ұнатады. Топтағы барлық балалар бір-біріңмен доссыңдар.

Тыңдайды, мағынасын түсінеді.

Әңгімелеу:

Балаларға В.Осееваның «Үш жолдас» әңгімесін оқып беремін

 

Мұқият тыңдайды

-          Әңгімедегі балалар туралы не айтып берер едіңдер?

-          Қалай ойлайсыңдар, асын жоғалтқан баланың достарының қайсысын шын, нағыз дос деп айта аламыз?

-          Сендер олардың орнында болсаңдар, не істер едіңдер?

Балалардың жауаптары

Дәйексөз:

Халық даналығы: «Достық асыл қасиет».-

Достық бір-біріне деген сүйіспеншіліктен, мейірімділіктен, көмектесуден туындайды, сондықтан да достықта адам бойындағы қасиетке теңеген.

 

Тыңдайды, талдайды

Ойын: «Менің досым...».

Балаларды ойнауға шақырамын. Мен бір балаға доп лақтырамын да, сенің досың қандай? деп сұраймын, ол маған допты қайта лақтырып өз досының қандай екенін айтып береді.

 

Менің досым ренжітпейді, алдамайды,  бірге ойнайды.

Тыныштық сәті:  - Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бахытқа махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал, енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Көздерін жұмады, сезінеді

 

Шығармашылық жұмыс: Балалар барлығымыздың достарымыз бар. Олар сүйкімді, әдемі, мейірімді, қайырымды. Өз достарыңды естеріңе түсіріп, суретін салып көріңдер. Содан кейін суретке қарап, достарың жайлы әңгімелеп беріңдер.

 

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз солға бір,

Бұрыламыз оңға бір.

Біз мейрімді баламыз

Біздер тату боламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

Қайталап, текске сай қимылдар жасайды.

Ғажайып сөздер:

Достар тату, мейірімді болады.

Достар бір-біріне көмектеседі.

 

Қайталайды, ұғынады.

Рефлекстік - түзету

Қорытындылау: - Бүгін біз достар туралы әңгімелестік. Достарымызға үнемі жылы, жақсы сөздер айту керектігін үйрендік. Достықты тек сөздер арқылы ғана емес, жақсы істер арқылы тануға болады. Достар әрқашан бір-біріне көмек-теседі. Достықтарың ұзақ, тұрақты болу үшін бір-бірлеріңе көмектесіп, адал болуларың керек. Сонда ғана достықтарың берік болады.

Балалар тыңдайды. Өз әсерлерін білдіреді.

Жүректен-жүрекке:

Балалар ойыншық жүрекшені бір-біріне ұсына отырып, өз досының қандай болғанын қалайтынын айтып шығады.

 

Менің досым батыр болса деймін. /әдемі, өтірік айтпаса/

 

Күтілетін   нәтиже

Түсінуге тиіс:

  • достық туралы;

Білу : 

  • достарға деген мейірімділік қарым-қатынасты;

Істей білу керек:

  • достаса білу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

                                                                 күні                                 айы 2011 ж.

Білім беру салалары: Таным

Бөлімі:  Айналамен таныстыру

Тақырыбы: Біздің отбасы

Мақсаты:  Отбасы мүшелері туралы түсініктерін кеңейту;

                   Өз отбасы туралы әңгімелей білуге ынталандыру;

                   Өзінің отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілік пенинабаттылыққа тәрбиелеу.

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс): отбасы-семья

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

 

Мотивациялық -

түрткі болатын

Балаларды шеңберге жинаймын.

- Қанеки бәріміз шаттық шеңберімізге жиналып, бір отбасы болайық, бір-бірімізге қуаныш сыйлайық!

Балалар қызығушылық-тарын білдіреді

 

Әңгімелесу:

- Балалар, сендер қай елде тұрасыңдар?

- Қазақстан елінде қандай ұлт өкілдері тұрады?

 

Қазақстан - бұл үлкен Отан. Ал отбасы кіші Отан болады.Отбасында ата, әже, әке, ана, аға, іні, қарындас болады. Осының бәрі отбасын құрайды. Отбасындағы ата-мен әже: ата-баба болып келеді. Әке мен шеше: ата-ана. Сондықтан ата-баба, ата-ана отбасының мүшелері болады.

 

Қазақстан елінде.

Қазақ, орыс, неміс, өзбек, ұйғыр, т/б.

Балалар мұқият тыңдайды.

Сөздік жұмыс

                   

Жаңа сөздің мағынасын түсініп, жадында сақтау

Балаларға сұрақтар ұсынамын

- Жансерік сенің отбасыңда қанша адам бар?

-Дамир, ал сенің отбасыңда қанша адам бар?

- Гүлсара, сенің атаң үйде немен айналысады?

-Тоғжан, әжең не істейді?

-Ерулан, сенің ағаң, болмаса әпкең әке-шешеңе қандай көмек көрсетеді?

-Қарақат, сенің әке-шешең не туралы сөйлеседі?

- Есултан, сен ата-анаңа қалай көмектесесің?

- Айгерім, сен  бауырыңа қандай қызықты ойындарды үйретесің?

 

Балалардың жауаптары.

 

 

 

 

 

Отбасы, жұмыс туралы

Балалардың жауаптары

Сергіту сәті

Бір шаңырақ астында

Тату тәтті тұрамыз.

Достықпенен бәріміз

Отбасыны құрамыз

 

 

Текске сәйкес қимылдар жасайды.

 

д/о: «Допты қағып ал да отбасың туралы айт»

Балалардың жауаптары

Рефлекстік - түзету

Қорытынды:

- Балалар, сендер «бақытты отбасы» дегенді қалай түсінесіңдер?

 

 

Балалардың пікірі

Күтілетін   нәтиже

Түсінуге тиіс:

  • отбасы мүшелері туралы;

Білу : 

  • Өз отбасы туралы әңгімелей білу;

Істей білу керек:

  • Өзінің отбасы мүшелерін сыйлай білу;

2011 ж.                        айының                   күніне ересектер тобының дене тәрбиесінің ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы           

Білім беру салалары:  Денсаулық

Бөлімі: Дене тәрбиесі

Мақсаты:  1. Өрмелеу – арқанның астынан (биіктігі 40 см) бауырмен етпеттеп денені арқанға

                        тигізбей өту қимылдарын үйретуді одан әрі жалғастыру

                    2. ЛАҚТЫРУ: «Қағып ал» -допты жоғары лақтыру, еденге соғу, оны ұстап алуға                                                          

                          үйрету.

                    3. Жалпы жаттығуларды жасауда мұқияттылыққа, берілген нұсқауды тыңдай білуге,

                        қ/ойында ережесін сақтауға тәрбиелеу

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс):  ходьба друг за другом- бірінің артынан бірі жүру; на носочках -аяқ ұшымен, на пятках-өкшесімен

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотива-циялық-

түрткі

болатын

Топта балаларға дене шынықтыру сабағына қонақ келетінін айтып, сапта тұрғанда және саппен жүргенде дұрыс, тік жүруді ұсынамын. Тәрбиешінің командасын мұқият тыңдап, дұрыс орындауды ұсынамын.

Балалар қызығушылықта-рын білдіріп, тәрбиешінің айтқан ұсыныстарын орындауға келісімдерін береді.

           Ұйымдық - іздену

 

 

 

 

  I.Кіріспе бөлім:  бір колоннаға тұрып жүру,  жүгіру,  аяқтың ішімен жүру, аяқтың сыртымен жүру 4 калоннаға бөлініп  тұру.  

 

 

бірінің артынан бірі жүре-ді,жүгіреді, аяқтың ішімен жүреді, сыртымен жүреді шеңбер бойынша  жүре,  4 колоннаға бөлініп тұрады. 

II.Негізгі бөлім  Жалпы жаттығулар    «Шапалақ»                                              

1. Б.қ:  тік тұру, қол төменде                                                                                   

      Ж:  қолды алға созып, шапалақтап, «шапалақ» деп айтып,

             б.қ. оралу                                                                          -6 рет.

2. Б.қ:  қол төменде, аяқты алшақ  қою  

      Ж:  Оңға (солға) бұрылып, шапалақтап, «шапалақ» деп айтып,  

                                             б.қ. оралу                     -4 реттен әр жаққа.

3. Б.қ:  Аяқты алшақ қою, қол белде

      Ж:  алға-төмен еңкею, шапалақтау, «шапалақ» деп айтып, 

                                            б.қ.оралу.                     -3 реттен әр жаққа                                                            

 4. Б.қ:  тік тұрып, аяқтың арасы аздап алшақ қою,  қол төменде

       Ж:  отырып, қол алдыға созып шапалақтау,  «шапалақ» деп 

                                     айтып, б.қ. қайту               -5 рет        

5. Б.қ:  тік тұру, қол  белде         

      Ж:  Қос аяқпен  секіру, бір орында жүру  (кезек )    - 3 реттен.                                    

Негізгі қимылдар:

1. Өрмелеу – арқанның астынан (биіктігі 40 см) бауырмен етпеттеп денені арқанға тигізбей өту

                                                      2 рет бірінің артынан бірі жүру әдіс

 

 

2.  ЛАҚТЫРУ: «Қағып ал» /допты жоғары лақтыру, еденге соғу, оны ұстап алу/                                                 3-4 рет /топтық әдіс/

 

Қ/ойын:     «Қағып ал»                  

 

қайталайды

 

 

 

----------------------------

 

 

----------------------------

 

 

----------------------------

 

 

 

 

Арқанның астынан (биіктігі 40 см) бауырмен етпеттеп денені арқанға                         тигізбей өтеді

 

Допты жоғары лақтырып еденге соғып допты қағып алады.

 

қ/о ережесін сақтайды

Рефлекстік -

түзету

ΙΙΙ.  Қорытынды бөлімі: 

    Бірінің артынан бірі тұрып жүру,   тоқтау

Сабаққа талдау жасау.

бірінің   артынан бірі тұрып жүреді

 

Күтілетін нәтиже :

Түсінуге тиіс: нұсқауларды

Білу : ересектердін көрсетуімен орындай

Істей білу керек: 1. Өрмелеу – арқанның астынан (биіктігі 40 см) бауырмен етпеттеп денені

                                   арқанға тигізбей өте;

                                2. Допты жоғары лақтырып, еденге соғып, оны ұстап ала;

  Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

                                                 күні                            айы 2011 ж.

Білім беру салалары:  «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет

Тақырыбы: Өз ойынан              

Мақсаты:

  • Өз ойындағы заттың бейнесін салу;
  • Қолды сурет салуға жатықтыру, ұсақ қол қимылдарын жетілдіру;
  • Балалармен бірігіп сурет сабағы үстіндегі тәртіп ережелеріне тәрбиелеу

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

 

Мотивациялық -

түрткі болатын

Дымбілместен хат келеді

Балаларда қызығушылық пайда болады

Ұйымдық - іздену

Хатты балаларға дауыстап оқимын.

Мұқият тыңдайды

Хатта Дымбілмес тәрбиешіге өзінің ең жақын досына сыйлық бергісі келгенін және сендердің  көмектесулеріңді өтініпті.

-Балалар, Дымбілмеске көмектесеміз бе? Ол өзі досына не сыйларын білмей отыр. 

 

 

 

Балалар бірден келіседі

- Балалар Дымбілместің орнында

өздерің болсаңдар не сыйлар едіңдер? 

- Олай болса әркім өзі қалайтын сыйлықты қағаз бетіне бейнелеп салуды және сол салынған суретті Дымбілмеске пошта арқылы жіберетінімізді айтып түсіндіремін.

Сол ойындағы заттың суретін  қағаз бетіне салуды ұсынамын.

Балалар сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін ортаға салады.

 

Балалар келіседі

Ең алдымен балаларға өзімнің ойымдағы заттың суретін салып көрсетемін.

Балалар мұқият қарайды

 

Сөздік жұмыс

(салған суреттерінің орысша баламасын атау)

Жаңа сөздің мағынасын түсініп, жадында сақтау

Балаларға өз беттерімен жұмыс жасауды ұсынамын

Балалар өз бетімен жұмыс істейді

Қиынсынған балалармен жеке жұмыс

Тәрбиешінің көмегіне жүгінеді

д/о: «Сипаттап бер»

Салған суреттердің ішінен кез-келген бір суретті алып, сипаттау

Рефлекстік - түзету

Балалалрдың жұмыстарын қарап шығып, талдау жасаймын, мақтап-мадақтаймын

Соңынан қортынды жасаймын.

Балалар өз әсерлерін айтады

Күтілетін нәтиже :

Түсінуге тиіс:

  • Қарындаштың көмегімен ұқсас бейнелерді салуды

Білу :

  • Бейнелеу әрекетіне қажетті негізгі техникалық дағдылары мен іскерліктерін меңгеру

Істей білу керек:

  • Қарындашпен жұмыс жасай;
  • Өз ойындағы затты көз алдына елестете суретін сала;

 

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

                                                ____ күні ____________ айы 20__ ж.

Білім беру салалары: Таным

Бөлімі: Экология

Тақырыбы:Саябаққа саяхат

Мақсаты:    1. Саябақтың жалпы сырт көріністерімен таныстыру

                    2. Жыл мезгілдерінің айырмашылықтарын салыстыра әңгімелей отырып, табиғаттың

                        ерекшеліктері туралы әңгімелеу..

                    3. Туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс): саябақ-парк

 

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

 

Мотивациялық -

түрткі болатын

Топта балаларға саябаққа саяхатқа шығатынымызды айтып түсіндіремін

Балалар қызығушылықтарын білдіреді.

Ұйымдық - іздену

Балалар «саябақ» дегенді естулерің бар ма? «Саябақ деген не?» кім қалай түсінеді?

Балалар жауап беруге тырысады.

 

 

Саябақтың сыртында: Балалар сендер айналадан не көріп тұрсыңдар?

Балалардың жауабы

Саябаққа кіріп шығып жатқан адамдарды бақылау

Балалар көргендерін баяндайды.

Саябақтың ішінде: Біз қайда келдік?

Мұнда не көріп тұрсыңдар.

Әрбір нысананы бақылап көргендерін айтуды ұсынамын.

Саябақтағы ағаштардың кейпі қандай?

Жер қандай?

Мұнда адамдар не істейді?

Балалар ше?

Саябақты біз қалай қрғауымыз керек?

 

Сөздік жұмыс

Жаңа сөздердің мағынасын түсініп және жадында сақтау.

д/о: «Қайсысы тірі табиғатқа, қайсысы өлі табиғатқа жатады?»

Балалар дұрыс атауға тырысады.

Рефлекстік - түзету

Балаларға сұрақ қою арқылы сабақты қортындылаймын.

Белсене қатысып отырған балаларды мақтап-мадақтаймын.

Балалар сұрақтарға жауап беріп, өз әсерлерін білдіреді.

 

Күтілетін   нәтиже

Түсінуге тиіс:

-          Саябақ туралы;

Білу :

  • Жаңа сөздік сөздердің мағынасын;

Істей білу керек:

  • Сұрақтарға жауап бере білу.
  • Тәрбиешіні мұқият, ынтамен тыңдай;

 

 

 

 

 

 

2011 ж.                        айының                   күніне ересектер тобының дене тәрбиесінің ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы           

Білім беру салалары:  Денсаулық

Бөлімі: Дене тәрбиесі

Мақсаты:  1. Допты жоғары лақтыру, еденге соғу, оны ұстап алу қимылдарын үйретуді одан әрі

                        жалғастыру

                    2. Екі арқаннан үстінен қосаяқтап секіруге үйрету

                    3. Жалпы жаттығуларды жасауда мұқияттылыққа, берілген нұсқауды тыңдай білуге,

                        қ/ойында ережесін сақтауға тәрбиелеу

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс):  ходьба друг за другом- бірінің артынан бірі жүру; на носочках -аяқ ұшымен, на пятках-өкшесімен

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотива-циялық-

түрткі

болатын

Топта балаларға дене шынықтыру сабағына қонақ келетінін айтып, сапта тұрғанда және саппен жүргенде дұрыс, тік жүруді ұсынамын. Тәрбиешінің командасын мұқият тыңдап, дұрыс орындауды ұсынамын.

Балалар қызығушы-лықтарын білдіріп, тәрбиешінің айтқан ұсыныстарын орын-дауға келісімдерін береді.

           Ұйымдық - іздену

 

 

 

 

  I.Кіріспе бөлім:  бір колоннаға тұрып жүру,  жүгіру, аяқтың  ұшымен, өкшемен жүру, 2 калоннаға бөлініп  тұру.  

 

 

 

бірінің   артынан бірі жүреді,жүгіреді, аяқтың ұшымен жүреді, өкшемен жүреді шеңбер бойын

ша  жүре, 2 колоннаға бөлініп тұрады. 

II.Негізгі бөлім  Жалпы жаттығулар    «Шапалақ»                                              

1. Б.қ:  тік тұру, қол төменде                                                                                    

      Ж:  қолды алға созып, шапалақтап, «шапалақ» деп айтып,

             б.қ. оралу                                                                          -6 рет.

2. Б.қ:  қол төменде, аяқты алшақ  қою  

      Ж:  Оңға (солға) бұрылып, шапалақтап, «шапалақ» деп айтып,  

                                             б.қ. оралу                     -4 реттен әр жаққа.

3. Б.қ:  Аяқты алшақ қою, қол белде

      Ж:  алға-төмен еңкею, шапалақтау, «шапалақ» деп айтып, 

                                            б.қ.оралу.                     -3 реттен әр жаққа                                                           

 4. Б.қ:  тік тұрып, аяқтың арасы аздап алшақ қою,  қол төменде

       Ж:  отырып, қол алдыға созып шапалақтау,  «шапалақ» деп 

                                     айтып, б.қ. қайту               -5 рет        

5. Б.қ:  тік тұру, қол  белде         

      Ж:  Қос аяқпен  секіру, бір орында жүру  (кезек )   

                                        - 3 реттен.

Негізгі қимылдар:

1. ЛАҚТЫРУ: «Қағып ал» /допты жоғары лақтыру, еденге соғу, оны ұстап алу/

 

 

2 «Кенгуру»(екі арқанның үстінен секіру)

 

 

Қ/о «Ұшақтар»

 

 

 

 

қайталайды

 

 

 

----------------------------

 

 

----------------------------

 

 

----------------------------

 

 

допты жоғары лақтырып, еденге соғып, оны ұстап алады

 

екі арқаннан үстінен қосаяқтап секіреді

қ/ойынның ережесін сақтайды

Рефлекстік -

түзету

ΙΙΙ.  Қорытынды бөлімі: 

    Бірінің артынан бірі тұрып жүру,   тоқтау

Сабаққа талдау жасау.

бірінің   артынан бірі тұрып жүреді

 

Күтілетін нәтиже :

Түсінуге тиіс: нұсқауларды

Білу : ересектердін көрсетуімен орындай

Істей білу керек: - Допты жоғары лақтырып, еденге соғып, оны ұстап ала;

                         - Екі арқаннан үстінен қосаяқтап секіре;

 

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің  технологиялық картасы

                                                ____ күні ____________ айы 20__ ж.

Білім беру салалары: Таным.

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: Қағаздан ұшақ жасаймыз

 Мақсаты: Балаларға қағаз арқылы бүктеу, жырту әдісімен ұшақ құрастыруға үйрету.

              Құрастыруға машықтандыру, саусақ қимылдарын дамыту.

              Балалармен бірігіп құрастыру сабағы үстіндегі тәртіп ережелеріне, мұқияттылыққа

              тәрбиелеу

 Сөздік жұмыс: ұшақ-самолет,

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық-түрткі болатын

Тақтада матамен жабылған суреттер

Балалар қызығушылықтарын білдіреді.

Балаларға жұмбақ жасырамын.

- Егер осы жұмбақтың жауабын тапсаңдар, бүгінгі жасайтын жұмысымыз  не екенін бірден білесіңдер

Құс сияқты, құс емес,

Самғап ұшқан биікке.

Қақпайды бір қанатын,

Жүрсе де тым биікке.

Балалар мұқият тыңдап, жауабын дұрыс табуға тырысады

Ұйымдық іздену

Суреттердің бетін ашып, не көріп отырғандарын сұраймын

Балалар мына суретте не бейнеленген деп ойлайсыңдар?

Балалар өз пікірлерін айтады

Ұшақ қалай қимылдайды? Ұшады ма, әлде жүреді ме? Ол көліктердің бір түрі деп ойлайсыңдар ма?

Балалар өз пікірлерін айтады

Тағы да қандай ұшатын көлікті білесіңдер?

Балалар жауап беруге тырысады.

Балаларға қағаздан ұшақ құрастыруға болатынын айтып ең бірінші сурет арқылы, содан соң өзім бүктеу, жырту әдісі арқылы жасалу жолдарын көрсетемін

 

 

Балалар мұқият қарап шығады

Балаларға ұшақты жасауға кірісуді ұсынамын

Балалар келіседі

Балалардың дербес жұмысы

Балалар өз бетімен жұмыс істейді

Қиынсынған балалармен жұмыс

 

Сөздік жұмыс

Жаңа сөздердің мәні мен мағынасын түсіну

д/о: «Көліктердің ішінен ұшақты тап»

Балалар тауып көрсетеді

Рефлекстік-түзету

Сұрақ-жауап арқылы сабақты қотындылай-мын. Ең үздік жұмысты балаларға таңдат-қызып, балаларға көрсетемін.Белсенді қатысып отырған балаларды мадақтаймын.

Сұрақтарға жауап береді.

 Өз пікірлерін айтады.

Күтілетін нәтиже

Түсінуге тиіс:

  • Ұшақтың қағаздан қалай құрастырылатынын;

Білу: 

  • Бүктеу және жырту әдісі арқылы ұшақ жасай білу;

Істей білу:

  • Сұрақтарға жауап бере білу.
  • Жаңа сөздердің мағынасын түсініп және жадында сақтау
  • ТРИЗ технологиясының элементтерін қолдану

 

Орта және ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің  технологиялық картасы

                                                    күні                               айы 201         ж.

 

Білім беру салалары: Таным.

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: Құс

Мақсаты: Балаларға қағазды бүктеу әдістері арқылы құсты құрастыруға үйрету.

                    Құрастыруға машықтандыру, саусақ қимылдарын дамыту.

                    Балалармен бірігіп құрастыру сабағы үстіндегі тәртіп ережелеріне, мұқияттылыққа

                    тәрбиелеу

 Сөздік жұмыс: Құс-птица

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық-түрткі болатын

Тақтада матамен жабылған суреттер

Балалар қызығушылықтарын білдіреді.

Сұрақ-жауап арқылы балалардың құстар туралы білімдерін пысықтап аламын.

Балалар сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін айтады

Ұйымдық іздену

Балаларға «Суреттен құстарды тауып,ата» д/о ұсынамын

Балалар танитын құстарын атайды

Балаларға қағаздан да құс бейнесін  құрастыруға болатынын айтамын

Балалар мақұлдайды, бірден келіседі.

Ең алдымен қағазға сызылған құрастыру жолдарын көрсетемін.

Балалар мұқият қарайды.

Сол сызбалармен қағаздан құрастыру жолдарын көрсетемін

Балалар мұқият қарайды.

Бүктелген бөліктері мықтырақ болу үшін желім қолдануды ұсынамын

Балалар келіседі

Балалардан дайын болған құс бейнесін нақты қай құсқа ұқсататындарын сұраймын

Балалар өз ойларын білдіреді

Балаларға құрастыруға кірісуді ұсынамын

Балалар келіседі

Балалардың дербес жұмысы

Балалар өз бетімен жұмыс істейді

Қиынсынған балалармен жұмыс

Тәрбиешінің көмегіне жүгінеді.

Сөздік жұмыс

Жаңа сөздердің мәні мен мағынасын түсіну

д/о: «Аталған құстың дауысын дыбыста»

Балалар дыбыстайды

Рефлекстік-түзету

Сұрақ-жауап арқылы сабақты қотындылай-мын. Балалардың жасаған жұмыстарын бірігіп талдауды ұсынамын. Белсенді қатысып отырған балаларды мадақтаймын.

Сұрақтарға жауап береді., өз пікірлерін айтады.

 

Күтілетін нәтиже

Түсінуге тиіс:

  • қағазды бүктеу, жапсыру әдістері арқылы құс бейнесін қалай құрастыруды;

Білу: 

  • Қағаздың көмегімен ұқсас бейнелерді құрастыруға болатынын;

Істей білу:

·         Сұрақтарға жауап бере білу.

·         Қағаз бен желімді пайдаланып ұқыпты жұмыс жасай білу;

  • Жаңа сөздердің мағынасын түсініп және жадында сақтау

 

 

 

 

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы      күні                         күні                                айы 20    ж.

Білім беру салалары: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Біздің ойыншықтарымыз

Мақсаты:

  • Өз ойыншықтары туралыәңгімелеп айтуға, сұрақ-жауап  әдісі бойынша диалог түрінде сөйлеуге үйрету, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.Дұрыс сөйлеуге,сөз дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру.Жаңа сөздің мағынасын түсініп, жадында сақтай білу;
  • О-о, Қ-қ, дыбыстарын дұрыс айтуды жаттықтыру;

 Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс): ойыншық-игрушка, ойыншықтар-игрушки

Қызмет

кезеңдері

Тәрбиеші

әрекеттері

Балалардың

әрекеттері

Мотивациялық -

түрткі болатын

Үстелдің үстінде әр түрлі ойыншықтар.

Балалар қызығушылықтарын білдіреді.

Ұйымдық - іздену

-Балалар, Сендерге қандай ойыншықтар ұнайды.

Балалар өздеріне ұнайтын ойыншықтартуралы айтып береді..

Әрбір ойыншыққа сипаттама беремін.

Балалар мұқият тыңдайды

Ойыншықтар туралы  тақпақтар мен жұмбақтар ұсынамын.

Қонса аяғы көп, ұшса аяғы жоқ. /ұшақ/

Аяғы бар, басы бар

Арқалаған тасы бар /тасбақа/

Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар /түйе/

Балалар мұқият тыңдайды

- Біздің осы бөлмемізде қандай ойыншықтар бар?

Балалар атайды.

Аталған ойыншықтарды жасалған матер-иалдарына қарай топтауды ұсынамын.

Балалар жауабы.

л/о: «Не екенін тап» - бір ойыншықты сипаттап н/се жұмбақтап айтамын

Балалар қандай ойыншық екенін айтады.

Балабақшада, үйде кіммен ойнайтындары туралы, ең жақсы көретін ойыны мен ойыншығы туралы сұраймын

 

Н.Әлімқұловтың «Ойыншықтар» өлеңін оқып беру.

- Балалар, өлеңде не туралы айтылған?

- Өлең сендерге ұнады ма?

- Өлеңде қандай ойыншықтар туралы айтылған?

- Балалар ойыншықтарға ұрысып, бұрышқа тұрғызуға бола ма?

Балалар мұқият тыңдайды

 

Балалардың жауабы.

Сөздік жұмыс

Жаңа сөздердің мәні мен мағынасын түсіну

Дыбыстық жұмыс: о-о, қ-қ

грам.сөздік: (жекеше, көпше)

Балалар қайталайды, дыбыстайды

жекеше-көпше түрін анықтайды,  айтады.

Рефлекстік - түзету

Балаларға сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылаймын.  Балалардың белсенді жауаптары үшін алғысымды білдіремін.

Балалар сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін ортаға салады, талдайы.

Балалар өз әсерлерін білдіреді.

Күтілетін   нәтиже

Түсінуге тиіс:

  • Ойыншықтар туралы;

Білу :

  • Жаңа сөздік сөздердің мағынасын;

Істей білу керек:

  • О, Қ-қ, дыбыстарын дұрыс айтуды
  • Сұрақтарға жауап бере білу.
  • Тәрбиешіні мұқият, ынтамен тыңдай;

2011 ж.                        айының                   күніне ересектер тобының дене тәрбиесінің ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы           

Білім беру салалары:  Денсаулық

Бөлімі: Дене тәрбиесі

Мақсаты:  1. Екі арқанның үстінен қосаяқтап секіру қимылдарын үйретуді одан әрі жалғастыру

                    2.  Допты екі қолмен астыдан лақтыру қимылдарын үйрету

                    3. Жалпы жаттығуларды жасауда мұқияттылыққа, берілген нұсқауды тыңдай білуге,

                        қ/ойында ережесін сақтауға тәрбиелеу

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс):  ходьба друг за другом- бірінің артынан бірі жүру; на носочках -аяқ ұшымен, на пятках-өкшесімен

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотива-циялық-

түрткі

болатын

Топта балаларға дене шынықтыру сабағына қонақ келетінін айтып, сапта тұрғанда және саппен жүргенде дұрыс, тік жүруді ұсынамын. Тәрбиешінің командасын мұқият тыңдап, дұрыс орындауды ұсынамын.

Балалар қызығушы-лықтарын білдіріп, тәрбиешінің айтқан ұсыныстарын орын-дауға келісімдерін береді.

           Ұйымдық - іздену

 

 

 

 

  I.Кіріспе бөлім:  бір колоннаға тұрып жүру,  жүгіру, аяқтың  ұшымен, өкшемен жүру, 2 калоннаға бөлініп  тұру.  

 

 

 

бірінің   артынан бірі жүреді,жүгіреді, аяқтың ұшымен жүреді, өкшемен жүреді шеңбер бойын

ша  жүре, 2 колоннаға бөлініп тұрады. 

II.Негізгі бөлім  Жалпы жаттығулар    «Шапалақ»                                              

1. Б.қ:  тік тұру, қол төменде                                                                                   

      Ж:  қолды алға созып, шапалақтап, «шапалақ» деп айтып,

             б.қ. оралу                                                                          -6 рет.

2. Б.қ:  қол төменде, аяқты алшақ  қою  

      Ж:  Оңға (солға) бұрылып, шапалақтап, «шапалақ» деп айтып,  

                                             б.қ. оралу                     -4 реттен әр жаққа.

3. Б.қ:  Аяқты алшақ қою, қол белде

      Ж:  алға-төмен еңкею, шапалақтау, «шапалақ» деп айтып, 

                                            б.қ.оралу.                     -3 реттен әр жаққа                                                            

 4. Б.қ:  тік тұрып, аяқтың арасы аздап алшақ қою,  қол төменде

       Ж:  отырып, қол алдыға созып шапалақтау,  «шапалақ» деп 

                                     айтып, б.қ. қайту               -5 рет        

5. Б.қ:  тік тұру, қол  белде         

      Ж:  Қос аяқпен  секіру, бір орында жүру  (кезек )   

                                        - 3 реттен.

Негізгі қимылдар:

 

1. «Кенгуру»(екі арқанның үстінен секіру)

 

 

2. «Допты лақтыру» /балалар бір-біріне қарама-қарсы тұрып,   

      допты екі қолмен астыдан лақтырады/ -3 рет  

 

 

 

Қ/о «Үшінші артық»

 

 

 

 

қайталайды

 

 

 

----------------------------

 

 

----------------------------

 

 

----------------------------

 

 

 

екі арқаннан үстінен қос-аяқтап секіреді

 

балалар бір-біріне қарама-қарсы тұрып,   

      допты екі қолмен астыдан лақтырады

 

қ/о ережесін сақтайды

Рефлекстік -

түзету

ΙΙΙ.  Қорытынды бөлімі: 

    Бірінің артынан бірі тұрып жүру,   тоқтау

Сабаққа талдау жасау.

бірінің   артынан бірі тұрып жүреді

 

Күтілетін нәтиже :

Түсінуге тиіс: нұсқауларды

Білу : ересектердін көрсетуімен орындай

Істей білу керек: - екі арқанның үстінен қосаяқтап секіре;

                         - допты екі қолмен астыдан лақтыра;

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

                                              күні                                      айы 20        ж.

Білім беру салалары: Таным

Бөлімі:  Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Менің үйдегі достарым

Мақсаты: «Қамқорлық» ұғымының маңызын түсіндіру;

-          үй жануарларына қамқорлық көрсету туралы түсінік беру;

-          Үй жануарларымен жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

-          Жануарларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс): достық-дружба, достар-друзья.

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

 

Мотивациялық -

түрткі болатын

Балаларға бүгін ерекше достық-сабақ екенін айтып түсіндіру.

 

Балалар қызығушылық-тарын білдіреді

Тақтада достар туралы түрлі-түсті иллюстрация

Ұйымдық - іздену

Шаттық шеңбері:

Қ. Ыдырысовтың «Әжесі мен Бағлан» өлеңін оқиды, БалаларҒа «Мен» деген сөзді хормен айтқызу.

- Жүрегім кім менің?

- Мен

-Тірегім кім менің?

- Мен

- Жаным кім менің?

- Мен

- Сәнім кім менің?

- Мен

- Ботақаным, бағлан қозым

- Не деген тәтті баласың өзің

Балаларға әдемі мысық-ойыншықты ұсынамын

Балалар тәрбиешінің айтқанын орындайды, қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар кезекпен мысықтың әдемілігін сипаттап, сипап жылы сөздер айтады.

Әңгімелеу:

Балаларға «Ит пен мысық адамға қалай дос болды» ертегісін оқып беремін

 

Мұқият тыңдайды

-          Ит пен мысық адаммен қалай достасты?

-          Сендердің осындай кішкентай достарың бар ма?

-          Сендер оларға қандай қамқорлық көрсетесіңдер?

Балалардың жауаптары

Дәйексөз:

Халық даналығы: «Өмірдегі ең ізгі нәрсе- достасу».

 

Тыңдайды, талдайды

Тыныштық сәті:  - Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бахытқа махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал, енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Көздерін жұмады, сезінеді

 

Ойын: «Аңдар әні»

1. Мысық отыр жайғасып,

    Қолымен құлағын сипалап.

Қимылды байқап жасайық,

Жасайық оны қайталап

1,2,3 қане, қайтала /3  рет/

Тағы қайтала

2. ит отыр абалап,

Үлпілдеген құйрығын сабалап.

Қимылды байқап жасайық,

Жасайық оны қайталап

1,2,3 қане, қайтала /3 рет/

Тағы қайтала

Балалар тәрбиешінің тапсырмасын орындайды

 

Ғажайып сөздер:

Қамқорлық-жақсы қасиет.

Жануарларға қамқормын.

 

Қайталайды, ұғынады.

Рефлекстік - түзету

Қорытындылау: - Бүгін біз өзіміздің кішкентай достарымыз ит пен мысық, олардың адамға тигізер пайдасы жөнінде білдік. Оларды жәбірлемей, қамқорлық көрсету қажеттігін түсіндік..

Балалар тыңдайды. Өз әсерлерін білдіреді.

Жүректен-жүрекке:

Балалар ойыншық күшікті қолына ұстап, өз қамқорлықтарын көрсетеді

-           

- Менің кішкентай күшігім, мен сені тамақтандырамын

- Менің күшігім, мен сені жақсы көремін;

- Күшігім, саған әкем еке-уіміз үйшік жасаймыз, сен суықта жаурамайсың ж/е т/б.

 

Күтілетін   нәтиже

Түсінуге тиіс:

-          «Қамқорлық» ұғымының маңызын ;

Білу : 

-          үй жануарларына қамқорлық көрсету туралы

-          Үй жануарларымен жағымды қарым-қатынас дағдыларын

Істей білу керек:

-          Жануарларға қамқорлықпен қарай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Орыс тілі. Тақырыбы: Ойыншықтар. Біздің топ."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 296 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.04.2016 11060
    • DOCX 766.5 кбайт
    • 23 скачивания
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Касымова Аяулым Айтмұқанқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Касымова Аяулым Айтмұқанқызы
    Касымова Аяулым Айтмұқанқызы
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 46780
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Патриотическое воспитание дошкольников в системе работы педагога дошкольной образовательной организации

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 211 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 182 человека

Курс повышения квалификации

Деятельность советника руководителя по воспитательной работе в образовательной организации

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 251 человек из 58 регионов
  • Этот курс уже прошли 638 человек

Курс повышения квалификации

Использование методики Гленна Домана в работе с неговорящими детьми при подготовке к обучению грамоте

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 68 человек

Мини-курс

Фундаментальные принципы здоровья и двигательной активности

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Развитие физических качеств в художественной гимнастике: теория и практика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе