Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / "Отбасы - бақыт мекені" Тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

"Отбасы - бақыт мекені" Тәрбие сағаты

библиотека
материалов

«Бекітемін»

Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары: Ж. Орынбаев


Тәрбие сағатының тақырыбы: Отбасы – бақыт мекені

80 оқу тобы 8 қыркүйек 2015 жыл

Мақсаты: Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру.
Міндеті:
 Отбасы  құндылығын түсіну қабілетін қалыптастыру.
Отбасы мүшелерінің міндеттерін орындауға байланысты қолданылатын
біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Көрнекілігі:
 Қанатты сөздер, Қабырға газеті ойын элементтері: жағдаят жазылған үлестірмелі қағаздар
Сабақтың әдіс-тәсілі:
 Әңгіме,  сұрақ-жауап, пікіртерім.
Барысы:
 Сабақты қызықтыру мақсатында оқушыларды топтастырып, тақырыппен таныстыру.
Топ жетекшісінің кіріспе сөзі: Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Бүгін біз «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға
салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді. Отбасы мүшелерінің  жауапкершілігі толығымен ер азаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел  ананың тікелей міндеті.
Жүргізуші: Әкең-қазақ, шешең-қазақ, қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан даланың
Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік қасиет деп санағын.
Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе?
Сол құдірет иесінің  алдында бәріміз бас июге тиіспіз.
Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс.
Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.
Олай болса алған білімімізді, тәрбиемізді шыңдайтын кез де  жетті. Кезекті сайысқа түсетін топтарға берсек. Топтар өздерін таныстыра кетсе.
1. Топ аты. 2. Ұраны. 3. Топ төс белгісі. (қорғауы керек)
1-топқа сұрақтар
1. Балдан тәтті не? (бала)
2. Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы? (ата-ана)
4. Әкеден балаға беріледі (мұра)
5. Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз
қадірлі.)
6. Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
7. Бес дұшпанды атаңдар? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
8. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)
9. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан
қабылданды? (2002 ж 8-тамыз)
10. Қаз да емес, үйрек те емес,
Дастарханда болмайды
Бірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)
11. «Басы тасқа тиді» сөзінің мағынасы (өкінді)
 2-топқа
1. 18 жасқа толмаған адам (бала)
2. «Өзін-өзітану» бағдарламасының авторы кім? (С.Назарбаева)
3. Тәрбие мен білімнің ордасы (мектеп)
4. Қазақстанда қандай білім алу міндетті. (орта білім)
5. Бес асылды атаңдар (талап, еңбек, терең ой, қанағат, қакым)

6. Айда қыс, жаз мезгілі бола ма? (болмай  ды)

7. «Көзі ашық, көкірегі ояу» сөзінің мағынасы ? (оқыған)

8. Жігіттің үш жұрты (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)

9. Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата? (бәйге, көкпар, теңге алу, қыз қуу)

10. Азияда қысқы спорттық ойындары Қазақстанда қай қалаларда өтті? (Алматы, Астана)

Екінші кезең. Халқымыз «Аталы сөз – баталы сөз» деп бекер айтпаған. Ендеше кезекті сөз сайысына берсек. (Отбасына, бала тәрбиесіне байланысты нақыл сөздер жарысы)

Үшінші кезең «Тығырықтан шығу» тақырыбында жағдаяттық сұрақтар.

1-топқа

1. Сенің өзіңе жақын адал достық бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?

2. Сен тәртіпсіздік жасадың мұғалім  сені қатты сөкті. Сен не істейсің?

3. Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалатын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай? Сыныптасың ретінде не айтар едің?

2-топқа

1. Саған мұғалімің сеніп, жауапкершілігіңді бағалап ертеңге жұмыс тапсырды. Бір себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың. Не істейсің?

2. Сыныпта тәртібі нашар, сабақ үлгерімі төмен оқушы бар. Ол оқушыға көзқарасың қандай? Сыныптас досың ретінде не айтар едің?

3. Сенің адал досың бар. Оның көңіл-күйі болмай бір жағдаятқа өте алаңдауда. Сенің досыңа көмектесіп көңілін көтергің келеді. Сенің әрекетің, не істейсің?

Сабағымыздың төртінші кезеңі пікірталас

 Кезекті ойынға берсек. Ойын міндеттемелер таразысы деп аталады.

Ортаға оқушы және ата-ана шығады

Оқушыға  «Менің ата-анаға қатысты міндеттерім» міндеттерін тізіп жазады

Ата-анаға «Менің балаға қатысты міндеттерім»

Кімдікі көп болса сол жеңімпаз.

Келесі ойынымыз. Отаға бір оқушы мен ата-ананы шақырамыз.

Үлестірмелі қағаздарда ата-ана мен балаға қатысты жақсы, жаман қасиеттер жазылған.

Ата-анаға «Егер мен баламнан бақытымды көргім келсе ….» деп жақсы қасиетті бір қорапқа, жаман қасиетті бір қорапқа жинақтайды.

Оқушыға «Менің  ата-анам бақытты болсын десем….» деп әрі қарай сөйлем құрап жақсыны бір қорапқа, жаманды бір қорапқа жинақтайды.

Топ жетекшісінің қорытынды сөзі. Отбасының екі тірегі әлпештеген әке мен  аялаған ана. Әке мен шеше баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар. «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да  ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу  үшін әркімнің өз тәжірибесі  жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысуы керек. Әрбір отбасына бақыт, қуаныш, табыс тілейміз. Үміт еткен балаларыңыз үміттеріңізді ақтап тек биіктен көрініп, жемісін берсін.

Күтілетін нәтиже: Өз ұлтының тарихын мәдениетін, тілін қастерлейтін, өз ойын ашық жеткізетін, көпшілік алдында сөйлей білетін білімді, саналы,

Отбасы құндылықтарын құрметтейтін тұлға.



Жаңа ақпарат отбасы туралы оқушы білімдерін нығайта түседі. Олар оқулықтағы жаңа ақпаратты оқи отырып, отбасының берік те тату болуы сыйластық, сүйіспеншілік қасиеттерімен байланысты екенін түсінеді. Мұғалім отбасы неліктен қымбат екенін оқушылардың өздері пайымдауына бағыт береді. 
Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады. 
Халқымыздың мақал - мәтелдерінен, даналық сөздерінен де ата-ананың қадір –қасиеті туралы айтылған асыл сөздерді табар едік. «Алты аға бірігіп - әке болмас, 
Жеті жеңге бірігіп - ана болмас»,- деген сөзде де терең ой жатыр. Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Ақыры, ең қастерлі тілектері: бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса, - дейді. Осындай ата-ананы сыйлау сәби шағыңда өзіңді олар қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап, күту қандай ғанибет! 
Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз. 
Отбасында бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болатынына мұғалім ерекше назар аударады. 
Сахналау 
Сүйіспеншілік 
Базарға барайын деп сыртқа шыққан әйел есіктің артында отырған үш қарияны көріп,тұрыңқырап қалады да, «Төрлетіңіздер»,−деп бар ниетімен үйіне шақырады.Сонда қариялардың біреуі«Біз шақырған жерге үшеуіміз бірге бармаймыз»,дейді.Оң жақтағы досым −Байлық,сол жақтағым болса−Сәттілік.Менің атым−Сүйіспеншілік.Өзін,жолдастарын таныстырғаннан кейін Сүйіспеншілік әйелге мынандай талап қойды: 
−Қазір үйіңізге барып,үй иесімен ақылдасыңыз.Үшеуіміздің біреуін ғана шақыруға құқыларыңыз бар.Қайсымыз баратынымызды өздеріңіз айтасыздар,−деді. 
Әйелі Сүйіспеншіліктің талабын үй иесіне айтқанда,қатты қуанған ол: «Қандай жақсы,қандай жақсы»,−деп қайталай берді. 
−«Кімді шақыру еркіндігін бізге берді емес пе?Біз байлықты шақырайық,үйіміз бірден молшылыққа кенелсін». 
Үй иесінің шешіміне көңілі толмаған әйелі: «Одан да Сәттілікті шақыруға қалай қарайсың?»−деді. 
Ақыры екеуі ақылдасып,мынадай шешімге келеді: «Негізінде,ең асылы,Сүйіспеншілік қой деймін.Ол бар жерде біз бақытты боламыз» 
Есікті ашқан әйел үш ақсақалға: «Қайсыңыз Сүйіспеншіліксіз?Төрлетіңіз.Біз сізді шақыруды ұйғардық», −деді. 
Сүйіспеншілік орнынан тұрды да,үйге беттеді.Жолдастары да орындарынан тұрып,артынан үйге қарай жүрді.Аң−таң болған жас әйел Байлық пен Сәттілікке: «Тек біреуіміз ғана бара аламыз деп айтып едіңіздер...»−деді.Қариялар: 
−«Егер тек қана Байлықты немесе Сәттілікті шақырсаңыз,басқа екеуміз далада отырар едік.Бірақ та сіздер Сүйіспеншілікті шақырдыңыздар.Сол үшін үшеуіміз бірге баруымыз керек»,−дейді. 
−«Өйткені Сүйіспеншіліктің жүрген жерінде біз −Байлық пен Сәттілік қашанда қасындамыз» 
• «Сүйіспеншілік бар жерде−Байлық пен Сәттілік бар»дегенді қалай түсінесіңдер? 
Дәйексөз 
«Дәйексөз» айдарымен берілген «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген халық мақалын түсіндіру арқылы сахналау әдісінде оқушылар пайымдаған ой-пікірлерді жалғастырып, отбасы тәрбие баспалдағы екені түсіндіріледі. 
Ойын. «Айналайын, толғанайын!» 
Мұғалім оқушылдардың ортаға кезекпен шығып, үлкен адамдардың өздерін еркелетіп, жақсы көріп айтатын сөздерін солардың дауыс ырғағына салып айтуды ұйымдастырады. Мысалы: «Жарайсың! Ақылдым менің! Қолғанатым менің, қадамыңнан айналдым. Күлімдеген бота көзіңнен айналдым! Айналайын, құлыным!». 
Бұл ойын балалардың өздеріне арналып айтылған жылы сөздерді естеріне түсіріп қана қоймай, сол сөздердің жылылығын сезіне отырып, соған лайықты болуға ықпал етуге бағытталады. 
«Біз бақытты жанұямыз!» 
Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар. 
Талдау: 1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз? 
2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма? 
3.Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз? 
Түйіндеме

Отбасы: 
• сүйіспеншілікті сезінуге үйретеді; 
• жақсылыққа жетелейді; 
• еңбектенуге, білім алуға көмектеседі; 
• үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқор болуға тәрбиелейді. 
Оқулықтағы «Назар аударыңыз» айдарымен берілген қорытындылау оқушылардың отбасы жарастығы мен сыйластығы туралы білімдерін бекітіп, сабақтан алған білімдерін бір ойға тоғыстырады. Мұғалім отбасы әр адамның жақсылық бастауы, тәрбие көзі екенін түсіндіріп, оқушылардың бойында өз отбасына деген сыйластық қарым-қатынасының дами түсуіне ықпал жасайды. 

Топ жетекшісі: Г. К. Матниязова


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.10.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров2874
Номер материала ДВ-049121
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх