Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыОткрытый урок "Бастауышым- балбұлағым" 3 класс

Открытый урок "Бастауышым- балбұлағым" 3 класс

Скачать материал

Кештің тақырыбы:         Бастауышым - балбұлағым.

 

Мақсаты:     Оқушылардың бастауышта үйренгендерін қорытып тиянақтау.Өз өнерлерін көрсете отырып эстететикалық талғамдарын ,әсемдік пен әдептілік,ізгіліктерін байқату.Оқушылардың өзін-өзі басқару қабілеттерін көрсету.

 

Жүру барысы:

 

1.       Әнұран орындалады

2.       Мұғалімнің  кіріспе сөзі

 

Қымбатты ата-аналар,ұстаздар, қонақтар!

Бүгін біздер « Бастауышым –балбұлағым »атты  мерекеге жиналып отырмыз.Осыдан 4 жыл бұрын бүгінгі мерекенің кейіпкерлері ,біреуі анасымен,біреуі әкесімен,енді біреулері ата-әжесімен мектеп табалдырығын аттаған еді.Бойларына мол Бүгін біздер  Бастауышым –балбұлағым атты  мерекеге жиналып отырмыз.Бойларына мол білім қорын жинады.Шеттерінен өнерлі.Біреулері ән айтса,біреулері сурет салуға құштар,біреулері әңгіме –өлең құрағанды ұнатады.Балалардың мұндай жетістіктерге жетуіне ұстаздармен қатар ата-аналардың да қосқан үлесі ерекше.

 

1-жүргізуші   Қош келдіңіздер,құрметті қонақтар!

2-жүргізуші   Қайырлы күн  ұстаздар,ата-аналар!

Біз мектебімізде болып жатқан жаңалықтармен бөліскіміз келіп отар.    Неден бастасам екен?

-            Неден бастау керек екенін мен айтайын.Бүгін біз 4 сыныпты аяқтап,бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.

-          Солай ма ?

-          Анам сөмкемді жинап жатып,бір кітапты түсіріп алды.Қарасам 4 сынып деп жазылып тұр.

-          Кеше ғана қолыма алғанда 1 сынып деп жазылып тұр еді.Уақыттың тез өтуін –ай.Мен қуанып кеттім.

-          Ал мен керісінше.

-          Неге ?

-          Одан да ол кітапта 11-сынып деп жазылып тұрса ғой,шіркін.

-          Иә,дұрыс айтасың.

Мұғалім:

Ата-аналар осы әңгімеге сіздер не дер едіңіздер? 

(Ата-аналар пікірін тыңдау)

1-жүргізуші       Менің туғандарым мені қалай кішкентай болғанымды жиі естеріне алып отырады.

Құрметті ата-аналар балаларыңыздың мектепке келгендегі бір қызықты сәттері есіңізде ме?(Ата-аналар балаларының қызықты сәттері туралы естеріне түсіреді).

2-жүргізуші      Мына суреттерге қарап балаларыңыздың бақытты шақтарын есімізге түсірейік.

(Музыка әуенімен слайдтар көрсетіледі)

Мұғалім:   Менің шәкірттерім 1-сыныпқа келгенде 17 болатын.Осы жылдар ішінде екі оқушы басқа мектепке ауысып,екі оқушы келді.Осы тұрган оқушыларымыздың білімдерін тамашалап көрейік.

              Мұқағали Мақатаев  «Қазақстан»   оқитын Абуов Даниал.

             

             Т.Берішбаев      «Ұстазға»     оқитын  Кайырғали Алина.

 

          Ағылшын тілінен олең жолдарын оқиды:   Мершат,Әбдібек,Ақжүніс.

 

        Орыс тілі пәнінен олең жолдарын оқиды:  Аяжан,Досымжан,Дильназ.

 

         Құрметті қонақтар енді жалпы оқушылардың білімдерін көрсету мақсатында бірнеше тапсырмалар беріледі,соларды тамашалайық.

1-тапсырма  «Миға шабуыл» деп аталады.Сұрақтарға жауап беру.

-Білім күні.

-Дарабоз атанған батыр.

-Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын.

-Рейхстагқа ту тіккен адам

-Ғарышқа үш рет ұшқан ғарышкер.

-август айының қазақшасы.

-Ұзындық өлшем бірлігі.

-Қазақтың ұлттық аспабы.

-Жеті қазынаның бірі.

-Отан туралы бір мақал айт.

-Сын есім деген не?

-Басты байлық-....

-Қара алтын.

-12 айда неше жыл бар ?

-Жыл басы

-Қазақтың ұлттық аспабы.

-Отбасының қорғаны кім ?

-Қарлығаш әулие кім?

-Қазақстан қандай елдермен шектеседі ?

2-тапсырма: «Сиқырлы әріп»

Бір әріп беріледі,әр сөзі сол әріптен басталатын сөйлем құрау. Б,С,Т,О  әріптері беріледі.

3-тапсырма  «Сергіту сәті»

Оқушылар шеңбер құрып түрады. «Жаз» тақырыбына шығарма жазу.(ауызша)1-оқушы бір сөйлемді айтады,екінші оқушы жалғастырады

1-жүргізуші :       «Математика» әнін сахналау

              (Балалар математиканы ұнатпайтын оқушыны сахналайды.Оқушы тақта алдында тұрады.

               Мұғалім тапсырма береді.Балалар мұғалімге байқатпай,балаға көшірме қағаз береді.)                                                 

Логикалық есеп:

Бір әйел себетпен базарға жұмыртқа алып бара жатып,бір адамға соғылып,жұмыртқалары жарылып қалады. Соғылған адам:  Себетіңізде неше жұмыртқа бар еді ? деп сұрағандас: себетке 30 жұмыртқа сыяды .Мен жұмыртқаларды 2-ден,3-тен,4-тен салғанда бір жұмыртқа қалып қоя берді.5-тен салғанда жұмыртқа қалған жоқ.Себетте неше жұмыртқа болған ?

Жауабы:  25 жұмыртқа.

Мұғалім:    Міне балалар салтанатты кезеңге де жеттік.

 

1-оқушы

Әлі есімде мектепке алғаш барғаным,

Өз қолыммен әліппені алғаным.

Сынай қарап Әліппенің парағын,

Әріптерге үнсіз,ұзақ қарадым.

2-оқушы

Әліппемен аштым өмір есігін,

Тербетемін білім бөбек бесігін.

Өмір деген нәрлі өзенге шомылып,

Жаттап өтем ұстазымның есімін.

3-оқушы

Көрмедің артық күліп,артық жүріп,

Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті қып.

Қоштасамыз біз бүгін ұстаздармен,

Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып.

 

Хор:    «Жарқылда,жайна  ұстазым»

 

4- оқушы

Өшірмейік балалар,

Ұстаздар жаққан шырақты.

Бәрін – бәрін білесің

Оқи берсең кітапты.

5-оқушы

Білімнің нәрімен сусындаған,

Болашаққа келеміз,

Үлкендерден әр кез үлгі алып,

Адал жолмен ереміз.

Оқу-білім өнер кені,

Жанға жайлы шуақтардай,

Оқу білім-өнер кені

Лаулап жанған шырақтардай.

6-оқушы

Мектебім білім бастауы ,

Тәрбие беріп оқытқан.

Ұстаздың зор ғой еңбегі,

Оқытқандарын тоқытқан.

Ақылшым асыл ұстазым,

Жолымды айқын нұсқадың.

Қас ыма келіп қанша сен,

Қамқор боп қалам ұштадың.

7-оқушы

Білімнің қайнар бұлағы,

Өнердің жарық шырағы

Тұрағы өзің мектебім,

Шәкіртің асыл қырағы.

Нәріңді беріп құрғатпай,

Сусаған шөлді қандырған,

Сәлесін шашып жүрекке,

Жанымның отын жандырған.

8-оқушы

Жадыраған жаздай жылы жаны бар,

Жақсылықтың шырағы боп жағылар.

Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған,

Шәкірттеріңнің би өнерін қабыл ал.

 

Ән  «Аяулы мекен орындайтын Кәрімбаева Гулфайруз.

 

9-оқушы

Оқытты ұстаз анамыз,

Өсті білім санамыз.

Білгіш ер боп өсетін,

Біз бақытты баламыз.

Бойымызда бұлда күш,

Еркін өскен ұланбыз.

Оқу ,білім үйреткен,

Ұстаздарға мың алғыс.

10-оқушы

Отті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достасып,

Бастауышпен қоштаспақ.

Құрбыласпыз,тұрғыласпыз,

17-міз күлімдейміз,

Бір бақшаның гүліндейміз.

Талаптымыз,қанаттымыз,

Жақсы оқимыз сабақты біз.

11-оқушы

Өнеге ошақ тәрбиең,

Бір сенен қуат аламын,

Жарылқашы тәңір ием,

Таудай ғой менің талабым.

Мектебім мәңгі бапкерім,

Қарызбыз саған бәріміз.

Өзіңе деген парызды,

Ақтаймыз әлі талай біз.

12-оқушы

Бастауышта оқыдық,

Ойға білім тоқыдық.

Болар бізден жалындар,

Ертеңгі ірі ғалымдар,

Алдыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай

Аман-есен болыңдар,

2-жүргізуші:

Хор:      Бақытты балалық шақ»

 

1-жүргізуші

Болашақта мектептің орта буын баспалдағына өту үшін 4-сынып оқушылары

серт  береді:

1.Білім теңізінде жүзіп,тереңге дейін малтуға.

2.Тақта алдында ең мықты қақпашы ретіндетұрып,бірде –бір сұрақты бос жібермеуге.

3.Шапшаң болуға,бірақ 60 км\сағ. Жылдамдықтан асырмауға.

4.Қоңыраудан 1 секундқа да кешікпеуге.

5.Мектепте тентек болмауға.

6.Ұстаздардың алдында адал болуға ант береміз.

 

2-жүргізуші:

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік сңында,

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар – деп келесі кезекті қонақтарға береміз.

 

 

2-жүргізуші  Осындай қимас шақта өздеріңе арналған сөзді айтуға мектеп директоры Досжанова Маншук Болатқызын шақырамыз.

 

2-жүргізуші      Күндіз-туні ойладыңыз бала қамын,

Тынымсыз атып жатыр әрбір таңың.

Басқарып директор боп осы ұжымда,

Баршаны аялаған алақаның.

 

             Ұстаздардың,ата-аналардың тілектері,құттықтаулар,оқушылардың фотоларын тапсыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б                                 Бүгін Бекен,Берік,Биғаш,Биғайша  бәріміз балалар бақшасына барып,бүлдіршін балдырғандарға бауырсақ,бүлдірген бердік.Бақшада бізден басқа беларус,башқұрт балалары болды.Біз бәріміз бірге биледік.

 

 

О.                                    Олар отырып ортақ ойын ойнады,

                                        Ойынды ойлы ойнағандар оңдады,

                                        Ойламай олақ ойнағандар оңбады.

 

 

С.       Сараның сиырларының саны сегіз.Сиырлары семіз,сүтті.Самал,Сәуле,Сәния сиырларды сауды.Сәкен,Сұлтан,Серік,Салықтар сиырларды суарды.

 

 

Т.            Таудың табиғаты тамаша.Талғат ,Таңат,Тұрарбек,Темір төртеуі тау табиғатын тамашалап,таңқурай терді.

 

 

 

 

 

Бастауышта оқыдық,

Ойға білім тоқыдық.

Болар бізден жалындар,

Ертеңгі ірі ғалымдар.

Алдыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар

Қиындыққа мойымай,

Аман-есен болыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          Россовхоз  орта  мектебі

 

 

 

 

 

 

                                                        Кештің тақырыбы:

 

«Бастауышым – бал бұлағым»

 

 

 

 

 

                                                       4ә класс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       Класс жетекшісі:                                                         Докина Ж.Т.

 

 

              

 

 

 

 

                                                   2012-2013 оқу жылы

 

 

Коктем өтіп,жаздың жайбарақат күндері басталды.

 

Жер жап-жасыл болып,түкті кілемдей жарқырап,жайнап тұр.

 

Таудың етегінде сылдырап,сыңғырлап бұлақ ағып жатыр.

 

Құстар балапандап,көңілді күймен аспан астында ұшып жүр.

 

Жерде қыбырлаған жәндіктер өздерінше сайран салып жүр.

 

Біз де 4 сыныпты бітірдік.

 

Енді жазғы демалысты асыға күтіп жүрміз.

 

Барлық адамдар да жазға дайындала бастады.

 

Бірі бақша суарып,бірі жайлауға малды апарып жатыр.

 

Кейбір балалар жаздың ұзақ күндерін ойын ойнап откізбек.

 

Ал басқа отбасылар жазда бірге саяхат жасап,күндерін көрмек.

 

Басқа балалар өзенге шомылуға,балық аулауға  уақыттарын кетіреді.

 

Соңғы қоңырау салтанаты да таяп қалды.

 

Ал бізде бүгін бастауыш сыныппен,апайымызбен қоштасу болып жатыр.

 

Жазғы демалыста қандай көңілді сәттер болатынын кім білсін .

 

Меніңше жаз мезгілін барлық балалар көңілді өткізуге лайық.

 

                                                                          

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок "Бастауышым- балбұлағым" 3 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 185 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.05.2016 641
    • DOCX 24.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Докина Жаннат Танбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Докина Жаннат Танбаевна
    Докина Жаннат Танбаевна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9433
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1183 человека из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 577 человек

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Основы психологии личности: от нарциссизма к творчеству

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Маркетинг и продажи: стратегии и инструменты для успешного бизнеса

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 18 регионов