Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / «Оқу үрдісіндегі ойын технологиясын пайдаланудың тиімді әдістері мен тәсілдері»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

«Оқу үрдісіндегі ойын технологиясын пайдаланудың тиімді әдістері мен тәсілдері»

библиотека
материалов

№38 «Шаттық» балабақшасының

тәрбиешісі Ф.З.Алтынбекова


Оқу үрдісіндегі ойын технологиясын пайдаланудың

тиімді әдістері мен тәсілдері



«Ойын-бала үшін өмірлік тәжірибе».

Мағжан Жұмабаев


Қай уақытта болмасын адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы- өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Сол келешек ұрпақ жан -жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің борышымыз. Ал ойлы-пайымды, білімді, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамның барлық жақсы қасиеттерін бойына игере отырып және бүгінгі ұрпақтың санасына осыларды ұстаздық шеберлікпен біртіндеп жеткізу арқылы бастысы отбасындағы тәрбиемен жүзеге асыра аламыз. Қазіргі өмір ағымына сай, әр тәрбиеші өз білімін жетілдіріп, жаңа талапқа сәйкес инновациялық технологияларды өз оқу іс-әрекет әрекеттерінде күнделікті пайдаланса, сабақ мағыналы да, мәнді, тартымды, тиімді болары анық. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі- оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.

Оқытудың сантүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, балабақша өміріне де енуде. Ойын- балалардың шынайы ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік қалыптасуына және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді. Ойын әрдайым білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.

Ойын арқылы баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады, ол жұмыс істеуге, ізденуге, таңдауға, салыстыруға т.б. үйренеді. Сол себепті «ойын технологиясын қолдану арқылы балалардың ой өрісін дамыту» нағыз керекті және маңызды іс-әрекет деп түсінемін. Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде. Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген дұрыс. Сәбилердің дүниетанымын кейейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын орны айрықша. Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:-балалардың сөздік қорларын дамыту;-жаңа сөздерді меңгерту;-үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндеті болып саналады. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы керек. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың оны ерекше. Ойын-баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз, ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу, құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорын дамытады. Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және

танып білуге үйретеді.

Оқу үрдістерінде ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдаланады. Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, жан-жақты тұлға болып дамиды. Ойын- балалардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал.

Міне осы жағдайларды ескере отырып, ойын түрлерін төмендегідей жүйеленеді: 1. Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер;
2. Қимыл қозғалыс ойындары: «ақ серек, көк серек», «ұшты-ұшты», «аңшылар», «сиқырлы таяқ», «мысық пен торғайлар», «бақташы мен қозылар», «соқыр теке», мысық пен тышқан, .
3. Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке келтір, көршілер, аралар, дүкен, сен жалғастыр, дәл тауып айт, т.б.
4. Құрылыс ойындары: лото, және басқа констукторларды пайдалану.
5. Рөлді-сюжетті ойындар: ертегі, әңгімелерді ролдерге бөле отырып орындау, сахналық көрініс көрсету.
Ерте жастағы балалардың өзін- өзі дамыту құзырлығы бүгінгі күні білім беру саласындағы өзекті мәселе. Балаларды заман талабына сай коммуникативті қасиеттері мен эстетикалық талғамы – сезімі жоғары,ұшқыр ойлы, белсенді, креативті, кез келген ортаға бейімделетін, өзін -өзі ұстай алатын тұлға қалыптастыруда, құзырлы білімдерін дамытуда ойын технологиясының маңызды функцияларының атқаратын орны ерекше.
Заман талабына сай әр тәрбиеші өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi.
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады.
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. Міне, сондықтан да оқу үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі алдыма қойған мәселем.
Қорыта келгенде, ойын – балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі.

Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды.

Бұл – өмірдің заңдылығы. Сондықтан да тіл сабағында ойын элементтерін пайдаланудың балалардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор.

Балалармен болған әр кездесу, қоштасу жылулық шеңберінен басталады
Жылулық шеңбері-бұл балалардың зейінін белсендендіретін және топта
жағымды психологиялық жағдай қалыптастыратын тамаша әдістемелік тәсіл.
Балаларға шеңберге тұрып, бір-бірімен қол ұстасып амандасу, қоштасу бір-біріне сәттілік тілеу, хормен тақпақтар жаттау, қайталау, шағын әңдерді айту, музыка ырғағымен билеу, саусақ жаттығуларын ойнау сәті өте ұнайды. Балалық шағында қалыптаспаған нәрселердің орнын үлкен адам кейіннен толықтыра алмайды. Баланы оқуға мұқтаждау барысында біз одан ойынды, демек, балалық уайымдарды, талпыныстар мен қатынастарды тартып алатынымызды есте сақтап, ұмытпауымыз қажет. Балабақша мен ата-аналар ынтымақтастықта жұмыс жүргізсе, балаларға тиісті көңіл бөліп, олармен санаса білсе, келешектің шын жанашыры, елдің арқа сүйер азаматтары тәрбиеленіп шығары сөзсіз. Яғни ойын балаға еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, эстететикалық, дене тәрбиелерін берудің тамаша құралы болып қала береді.





Қолданылған әдебиеттер


  1. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы.

  2. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы, Алматы-1981

  3. Балабақшадағы балалардың тілін дамыту әдістемесі. Алматы-1985.

  4. Қазақ халқының салт-дәстүрлері.Алматы, Рауан-1994.

  5. Интернет желі жүйесінен материалдар жиынтығы.

  6. Бала мен балабақша. Республикалық педагогикалық журнал.№9,2014ж

  7. Бала тәрбиесі. Республикалық Қоғамдық педагогика-психологиялық басылым. №7, 2015ж.




























Автор
Дата добавления 30.12.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров307
Номер материала ДВ-298912
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх