Инфоурок Математика Другие методич. материалы"Ой жүйрік"математикадан сайыс сабақ

"Ой жүйрік"математикадан сайыс сабақ

Скачать материал

 

 

«Ой жүйрік» сайысы

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқыр-лығын, оқуға ынтасын арттыру.

Дамытушылық: Ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, шапшаң ойлау, тез шешім қабылдау, өз бетімен іздену , топпен , ұжыммен жұмыс түрлерін ұйымдастыру қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Түрі: Топтық сайыс сағаты.

Типі: Ойын түрінде

Жоспары:

1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

2. Математикалық сұрақтар

3. «Қас қағым сәт» сайысы (сурет алмастыру)

4. Біліктілік сайысы (есептер шығару)

5. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)

6. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер)

7. Кім көп біледі?(жұмбақ шешу)

Мұғалім: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!
«Ой жүйрік!» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер! 

Ойын толқын жатқандай асып — тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсеңде қалма жасып.

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәдік шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, — дей келе, сайысқа қатысушы командалармен танысайық.

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш», «Квадрат» топтарын шақырамыз.

 

1. Кезекте амандасу рәсімі:  І топ «Үшбұрыш» тобы.

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.

«Үшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем.

Таныстыруы: Үшбұрыш деп жазықтықта бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені тізбектей қосқаннан шыққан фигураны айтамыз.

Үшбұрыш қабырғаларына қарай үш түрлі:

1) тең қабырғалы үшбұрыш

2) тең бүйірлі үшбұрыш

3) әр қабырғалы үшбұрыш

Үшбұрыш бұрыштарына қарай үш түрлі:

1) тік бұрышты үшбұрыш

2) сүйір бұрышты үшбұрыш

3) доғал бұрышты үшбұрыш

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.

ІІ топ. «Квадрат» тобы.

Ұраны: Білікті бірді жығар.

Білімді мыңды жығар.

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен.

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

«Квадрат» тобынан қарсыластарға сәлем!

Таныстыруы: Барлық қабырғалары бір-біріне тіктөртбұрыш квадрат деп аталады.

Қасиеттері: 1) диогональдары тең

2) диогональдары бір-біріне перпендикуляр болады

3) ішкі бұрыштарының қосындысы 3600-қа тең.

Мұғалім: Әділқазы алқасынан І-сайыстың қорытындысын сұраймыз.

IІ. Математикалық сұрақтар. (әр топқа он сұрақтан)

«Үшбұрыш» тобына.

1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)

2. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)

3.Қандай сандар нөлден кіші? (теріс)

4.Бір- бірінен тек қана таңбаларымен ғана ажыратылатын сандар. (қарама- қарсы сандар)

5.  Екі қатынастың теңдігі. (пропроция)

6. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. (жанама)

7. Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (параллель)

8. 700-қа тең бұрыш қалай аталады? (сүйір)

9. Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады? (900)

10.П- саны неге тең? (П -3,14)

«Квадрат» тобына.

1.Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)

2. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)

3.  1800-қа тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы) .

4. Төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді. (диогональ)

5. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. (радиус)

6. 1200-қа тең бұрыш қалай аталады? (доғал)

7. Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура. (бұрыш)

8. 30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар. (6*6-6)

9. 225 нешенің квадраты? (15)

10. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)

ІІІ. «Қас қағым сәт». (сурет алмастыру)

І V. «Біліктілік » сайысы. (тапсырма карточка бойынша беріледі).

6- сынып: 1,8*(5,9-2) +(+0,28) :0,13=12,03

5- сынып: (15 – 7( 2 +  )  *2  =          

 

 

V.Тапқырлық сайысы. ( логикалық есептер)

•  Атасы немерелеріне  сақтап  қойған асығын  бергісі  келеді. Оларға  жетеуден  берсе, асықтың біреуі  артық қалады. Ал сегізден  берсе, асықтың  біреуі жетпей  қалады. Атасының  неше  немересі бар? Асығы нешеу ?
23 асық, 3 немере
• Бір меймандос адамның үйіне достары келіпті. Оларға шай беріпті. Шайдан кейін қазанға ет салынады. Тамақ пісіп, табақ тартыларда үй иесі меймандарды көзбен шолып шықты да, ойланып қалды. Ошақ басында жүрген жұбайына келіп: екеу ара бір табақ тартсақ, бір табақ жетпей қалады. Үшеу ара бір табақ тартсақ, бір табақ артылып қалады енді не істесек екен?- дейді. Бұл үйдің меймандары қанша? Табақ саны қанша?
12 мейман, 5 табақ

V І. «Ойымды жалғастыр» сайысы. (әр команда шапшаң жауап беру керек)

1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім  біл)

2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)

6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)

7. Отызтістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)

8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

10.Жалқаудың екі досы бар: (бірі-ұйқы,бірі- күлкі)

11.Бес бармақ жиылса, (жұдырық болады)

 

V ІІ.  Кім көп біледі? (жұмбақ шешу)

         Жаңылмастан жетеуі,

              Кезек қызмет етеді. (аптаның 7 күні)

         Бәрі нешеу

Асан, Айша екеуі

Қос қуыршақ

Бір құлыншақ

Екі ойыншық

Құстай ұшып,

Үйден шықты.( жетеу)

 

         Дүкеннен көп сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер бір қарындаш

Тіс ысқырғышты тағы алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды қолда бәрі?(алтау)

         Бес балада бір бешпет,

Бір киініп бір шешпек.

Оң жағымда бес сарбаз,

Сол жағымда бес сарбаз. (он саусақ)

          Өмірің сенің қызық,
Жолында жоқ түзу сызық.
Басы да жоқ аяғы.
Бір айналым баяғы. (дөңгелек)

          Шекер жейтін ақ құтан
Бір қазыққа байланды
Аузына тістеп шекерін
Оң қазықты айналды. (циркуль ).

           Нәрселерді санауға
Керек сан өзі негізгі
Басы бар да, шеті жоқ
Таң қалдырады ол бізді. (натурал сан)

         Сан ол сызықпенен бөлінген
Үсті алым,асты бөлім деп аталып,
Әсем түрде керілген
Математиканы ұқпас адамға
Құбыжық боп көрінген
Дұрыс,бұрыс ,аралас деп
Түрлері оның берілген /Бөлшек сан/

          Бүтін сан, бөлшек сандар
Құрамына кіреді
Бұл R белгіні көрсетсеңіз
Қай сан екенін біледі (рационал сандар)

          Бүтін, бөлшек бөліктерден
Үтір айырып тұрады,
Осы санның кім біледі

Аты қандай болады? (ондық бөлшек)

 

 

 

 

 Шар емес, дөңгелек емес
Бірақ осылардың бөлігі
Радиус,диаметрін іздегенде
Онсыз болмайды келісі  (шеңбер)


Нүктеден, екі сәуледен       
Фигура ол құралды.
Айтыңдаршы канекі
Қалай ғана аталды (бұрыш)

Қорытынды: Әділқазылар жалпы балды есептеп жеңген топты анықтап,мақтау қағаздары беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  

 

 

( логикалық есеп)

Атасы немерелеріне  сақтап  қойған асығын  бергісі  келеді. Оларға  жетеуден  берсе, асықтың біреуі  артық қалады. Ал сегізден  берсе, асықтың  біреуі жетпей  қалады. Атасының  неше  немересі бар? Асығы нешеу ?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ой жүйрік"математикадан сайыс сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по взаимоотношениям

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 580 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.02.2017 976
    • DOCX 22 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Әзімханова Гүлзат Әшімханқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Әзімханова Гүлзат Әшімханқызы
    Әзімханова Гүлзат Әшімханқызы
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6056
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Реализация межпредметных связей при обучении математике в системе основного и среднего общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 94 человека

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 181 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "Математика" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 198 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 524 человека

Мини-курс

Эмоциональная связь между родителями и детьми

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Сохранение и продвижение традиционных российских ценностей и культуры

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

Figma: продвинутый дизайн

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек