Инфоурок Всеобщая история Конспекты"Қожа Ахмет Яссауи кесенесі"

"Қожа Ахмет Яссауи кесенесі"

Скачать материал

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

 

 

Оңтүстік-Қазақстан облысы: Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, XIV  ғасыр Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған. Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған Ахмет Яссауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді. 1140 жылы Юсуп Хамадани, ке»іннен оның екі мүриті дүние салған соң қауымды Ахмет Яссауи басқарады. Бірақ көп ұзамай-ақ «мәртебелі» қызметін тастап, өзінің туған өлкесіне біржола қайтып оралады. Софизм иддеяларын уағыздап, өзі де оны берік ұстана отырып, жоқшылықта өмір сүреді. Сондықтан да, оны жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп атап кетеді. Ахмет Яссауидің уағыздаушы және ақын ретінде атағы кең жайылып, оның «Диуани Хикмат» («Даналық жайындағы кітап») атты діни өлеңдер жинағы көне түркі тілінде жазылғандықтан, жергілікті халыққа түсініктілігі арқасында талай мәрте қайта көшіріліп, бірнеше рет басылған... Бұл сияқты уағыздық өлеңдерінің философиялық және діни-мисттикалық мазмұны, ондағы жақсылыққа, әділеттілікке шақырған үнмен ұласады, халықтың қайырымдылық сезімін ояту, оны басқа діндегілермен жауласудан сақтандырумен қатар дін иелерінің ашкөздігін, зұлымдығын әшкерелеумен жалғасып жатады. Ахмет Яссауидің өлеңдері құнды әдеби ескерткіш, кейіннен қазақ халқыныі құрамына енген қыпшақ, оғыз, қарлық сияқты көне түркі тайпалары зерттеудің көзі болып табылады. Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты тітіренткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады. Оның әмірімен Ахмет Яссауи қайтыс болғаннан екі жүз жыл кейін қирап бітуге таянған кішкене ғана мазардың орнына, дүние жүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды. Темірдің өмірін Зафарнама, «Жеңіс кітабы» авторы Шараф-ад Дин Әли Мазди растайды. Ескерткіштің салынуын оның Ахмет Яссауидің қабырына зиядат етіп қайтқан 1397 жылдың аяғындағы оқиғалармен байланыстарыды. «Жеңістер кітабында» Темір, сол жылы Яссыда болған кезінде, мұнда өзіне қарайтын елдердің тегінде Ахмет Яссауидің атына лайық зәулім ғимарат салу жайлы жарлық берген еді делінеді. Ол ислам дінінің даңқын асыруда, оның кең таралуына, аса үлкен өлкен басқаруды жеңілдетуге тиіс болған. ХІV ғасырдың аяғында бұл күмбез біткен соң Әмір Темір көреген Әзірет Сұлтанның қорын ұйымдастырып, өзі арнайы қол қойып бекіткен. Дегенмен, Қазандықтың ішкі есіктерінің біріндегі халькаға жазылған «1394-1395 жылдар» Темірдің өзі белгілеп берген. Бұл – ғимараттың басқа бөліктерінің кіндігі. Темір уйдің ішкі сәні мен салтанаты қалай болуы керегтігін де айтқан. «Қолхаты» (грамота) жазылған. «Қолхатта» Әмір Темір көрегендікпен жаңа біткен ғимарат туралы «ешқашан да, қандай болған жағдайда да сатуға, жекеменшік секілді ұрпақтан-ұрпаққа уақытша немесе түбегейлі біреуге беруге болмайтынын қатты ескерткен». Ғимараттың кіре беріс есігінің ішкі маңдайшасында қазірге дейін жақсы сақталған жазудан мынадай сөздерді оқуға болады: «Бұл әулие мекен алла тағаланың рахымы жауған падиша Әмір-Темір Көрегеннің жарлығы бойынша орнатылды... Алла тағала оның әмірінің ғасырлар жасауына нәсіп етсін!» Қожа Ахмет Иассауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет Иассауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы. Қорық – мұражай алып жатырған жердің жалпы көлемі 90 га. Қорық – мұражай Қожа Ахмет Иассауи кесенесімен бірге Үлкен қылует (жер асты мешіті, XII ғ.), Сегіз қырлы кесене (XIV-XVI ғғ.), Ұлықбектің қызы, Әбілхайыр ханның зайыбы Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі (XV ғ.), Шығыс моншасы (XVI-XVII ғ.), Есімхан кесенесі, Жұма мешіті т.б. археологиялық, тарихи, сәулет және бейнелеу өнерінің үздік ескерткіштерін қамтиды. Қорық – мұражай құрамына кіретін 20 жуық археологиялық, тарихи және сәулет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру және оларды ашық аспан астындағы музейге айналдыру «Казреставрация» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны атқаруда. Ахмет Яссауи ескерткіші – Орта Азия мен Қазақстандағы біздің занамызыға дейін сақталған ең зәулім күмбезді, қыштан соғылған ғимарат. Оның көлдененеңі – 46,5 м, ұзындығы – 62,5 м. Сыртқы көрінісі симметриялы жинақы келген бұл құрылысқа үлкенді-кішілі 35 залдар мен бөлмелер сыйып тұр. Олардың барлығы бір-бірімен қос қабатты 8 дәлізбен және әр түрлі өтпелі баспалдақтармен жалғасып жатады. Ахмет Яссауи ғимаратының құрылымындағы тағы бір ерекшелік: Қазандықты қоршаған блоктар-залдар мен бөлмелер күмбезді мызғытпай ұстап тұратын тіреу (контрфорс) іспетті. Қабырғаның қалындығын белгілегенде де үйдің берік тұруы көзделген. Ғимараттың павильондарда бөлінуі олардың әрқайсысынің салмағы өзіне түсіру ниетінен туған. Үйдің қаңқасы түрліше қиюластырылған доға немесе күмбез тәрізді элементтерден құрылады, бұл әдіс кейін Орта Азия мен Қазақстан архитектурасында одан әрі дамытылды. Бөлмелердің ішкі төбесі мен кіші күмбездеріненбастап, үйдің барлық бөлігі төрт бұрышты, сапалы күйдірілген 25х25х5 см және 26х26х6 см, қыштан қалаңған. Бұларды бір-бірімен байланыстыру үшін (ғаныш) ерітіндісі пайдаланылған. Аса мұқиятпен жасалған құрылым, ғимараттың жалпы схеманынң дәлдігі, құрылыс материалдары мен жұмыстарының сапалалығы үйдің ғасырлар бойы тапжылмай мығым тұруын қамтамасыз еткен. Темір дәуірінің сәулет өнеріне сай ескерткіш геометриялық өсімдік іспеттес ою-өрнектермен және жазу-суреттермен безендірілген. Тепе-теңдіктің кемелденген сәтімен ерекше көз тартатын сол жақ қанат сол кездегі сәулетші-құрысшылар талғамының жоғары дәрежеде болғандығын танытқандай. Сол жақ қабырғанының үйлесім тапқан тұстары сұлу иіндер мен сүбеленіп, бояуы қанық өсімдік өрнектерімен безендіріліп алты қырлы майоликалы тақшалармен тысталған. Бүйір жазықтары (батыс және шығыс) түрлі түсті күйдірілген әшекейлі қыштармен көмкерілген. Көгілдір тақталармен өрілген геометриялық өрнектер (гирих) өте айқын, бояу ренінің үйлесімен айнла қоршаған нәзік сызықтар шашыратпай тұтас композицияға үндестіріп тұр. Ғимараттың оң жақ порталы бөлігінің басқа қабырғаларының биіктігі 13 метр келетін жоғары жағында екі 2,5 м келетін эпиграфикалық басқұр берілген. Ол құран сурелерінен тұратын сөздер геометриялық өрнектермен үйлесім тапқан. Қабырғалардың төменгі жағы бес-бұрышты қыш тақшаймен қаланып, жұлдыз іспеттес өрнектермен көмкерілген. Ескерткішті тұрғызған шеберлер өздері қарастырған архитектуралық және құрылымдық шешімдері күмбездің ішін сталактиттермен қабырға әшекеәлерімен үйлестіре білген. Ғимарат негізгі орталық зал болып табылатын қазандықтың айналасына топтасқан әр түрлі мақсатта бірнеше жайлардан тұрады. Бұл – Ахмет Яссауи бейіті немесе қабырғахана, асхана қызметшілер бөлмелері. Қазандық – комплекстегі ең сәулет зал. Бұл диаметрі 18,2 метрге жуық шар конус формалы асқақ күмбезден жабылған. Яғни жобалық шешімдерге сай келеді. Қазандық қабырғаларының дәл төбесінен ұштары төмен төнген қатпар-қатпар сталактиттер биіктігі 39 метрлік ақ күмбезге барынша сұлу, мейлінше асқақтық көрік беріп тұр. Залдың нақ ортасында аңыз бойынша Түркістаннан 25 шақырым жердегі Қарнақ қыстағында жеті металдың қосындысынан құйылған алып тай қазан тұрған. Ғимаратқа кірер бас қақпаға қарама-қарсы төргі бетте (Қазандықпен зиратханадан сон) қабірхана - Ахмет Яссауидің бейіті орналасқан. Бұл төрт бұрышты (7,5х7,5 м), қабырғаларында таяздау қуыстары бар кең бөлме. Орталығында ақ-жасыл тастармен (3,25х1,2х2,2) тысталған биік сағана тұр. Кезінде бұл жерге ешкім жіберілмеген. Қабірханаға кірер босағада ғана құран оқылатын болған. Мешіт ғимараттағы құрылысы, нақыш безендерімен аса тартымды. Жоспардағы кейпі төрт бұрыштылау (6,4х9,4 м), жарық түсетін көздері мол күмбезден тұрады. Мешіттің ішкі интерьері де арнайы ізденістен туған. Кең иықтығ сүйір ұшты иіндермен тұтасқан, қырлы сталактиттермен жабылған, алты ұшты өрнектермен геометриялық дәлдікке өрілген. Мешіттің михрабы (Мекеге бағышталған мешіт иіні) құбылаға қараған иіні негізінен көгілдір ренде оюланған. Мұнда тік-төрт бұрыштар мен үшкір иіндердің көгілдір өңіндегі жазулар сан алуан реңді өсімдік өрнектермен сабақтасып жатыр. Алтын түсті бояуларын шуда жіптей иірімі көзге шалынады. Міне, осындай өрнек қоюлығы мен ізденісінің сол архитектурамен жымдаса сүбеленуі тағы да Темір дәуірін заманына саяды. Үлкен және Кіші Ақсарай деп аталуына сай екі залдан тұрады. Кітапхана, құдықхана және өзге бөлмелері екі қабатты иіндер болып салынған да, өзара баспалдақтармен жалғасып жатыр. XVI-XVIII ғасырларда, Түркістан қаласы Ұлы жүз, Орта жүз хандарының орталығына айналған шақта, осы Ақсарай хана сарайы ретінде пайдаланылған. Кітапхана, Кіші Ақсарай секілді қазандықтың екінші иығынан яғни батыс бөлігінен орын алған. Ал, құдықхана мен асхана кіре беріс қақпаның екі қанатында. Ахмет Яссауи мавзолей-мешіті мейлінше тамаша қол өнер шығармаларының үлкен бір қоймасы іспеттес. Мәселен, қазандар, құйма майшамдар, шырағдандар, үлкен ту, алтын-күміс жалатылған, ағаш оюмен әрленген үлкенді-кішілі есіктерді айта аламыз. Тай қазан – бірлік пен қонақжайлық символы. Онық диаметрі – 2,4 метрде, салмағы – екі тонна. Қазанның көлемі кең болуы көне түркі тайпаларының діни сеніміне байланысты – қазан ернеуі түреген тұрған кісінің иегімен тұстас болуға тиіс деген ұғымнан туған. Тай қазанның үстінгі жиегіндегі үш қатарлы белбеулі безендер сан алуан өсімдік іспеттес ою-өрнекпен нақышталған да көне араб жазуларымен толысқан. Бірінші қатардағы жазулар Ахмет Яссауи ескерткіші үшін су құйылатын қазан ретінде Темірдің сыйға тартқанын айтса, ортаңғы қатарда «Мерейің үстем болсын!» және «1399 жылы» Тебриздік шебер Абду-л Әзиз ибн Шарафуддиннің соққаны жайлы жазылған. Ал, төменгі белбеуде «Алла-ақбар» деген қорытынды бар. Қазақ құлақтары Лотос қауызы іспеттес шығыңқы дөңес боп біткен. 1934 жылдан бері бұл тай қазан Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург, Ресей) мемлекеттік Эрмитажда сақталанған. Былтырғы жылдары қазақ үкіметі бқл тай қазанды мемлекетімізге оралдырды. Тағы да Темірдің сыйы шырағданның сүбелі тұлғасы, өсімдік тектес нәзік өрнектердің сәнді жарасымы, алтын-күміс жалатылған жазулар бұйымға қайталанбас тұтастық сыйлаған. Мұндағы жазулар 1397 жылы Изуддин ибн Таджуддин шебердің жасағандығын баяндайды. Мейлінше жоғары сауаттылықтан нәзік көркемдік талғамнан туған ғимараттың барлық есігі, әсіресе қазандық пен қабірхана қақпаларына, ең таңдаулы ағаштар іріктелген де ол сүйекпен нақышиалған. Есіктер мен ке»бір сәулет бөлшектерінде дәстүрлі қазақ ою-өрнектерінің сарыны сезіледі. Ахмет Яссауи ғимараты Темір дәуірінің айтулы төрт ескерткішінен, олар – Шахрисябздегі Ақсарай, Доруссиядат (Темір әулетінің зираты), Самаркандтағы Бибі ханым мешіті, бізге жеткен жалғыз құрылыс екендігімен де қымбат. Оның композициялық ауқымдылығы, пропорциялық өлшемнің дәлдігі, құрылымдық шешімінің ұтқырлығы, бұған қоса, мейлінше бай безендірілуі XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басындағы Орта Азия сәулет өнерінің сүбелелігінен сыр шертеді. Сондай-ақ, ол өзінен бұрынғы қараханидтер дәуіріндегі құрылыс өнерінің сол кезде қалыптаса бастаған кейбір ерекшеліктерін бойына сіңірген. Бұл ескерткіштің Қазақстан мен Орта Азия сәулет өнері тарихында алар мән-маңынасы жоғары. Талай ғасырлар бойы құрылыс мәдениетіне үлкен үлгі боп келгендігі де рас. 1978 жылы Ахмет Яссауи архитектуралық комплексі музей болып ашылды. Музей экспозициясы ескерткіштің құрылымы мен безендірілу ерекшеліктермен, ежелгі Түркістан қала құрылысымен, Қазақстан жеріндегі жазба мәдениетінің тарихымен, қазақ халқының қол-өнерімен таныстырады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қожа Ахмет Яссауи кесенесі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 355 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.04.2016 3919
    • DOCX 69 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шамшарив Балапан -. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шамшарив Балапан -
    Шамшарив Балапан -
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26097
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 193 человека

Курс повышения квалификации

Развитие ИКТ-компетенции обучающихся в процессе организации проектной деятельности при изучении курсов истории

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС СОО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Мини-курс

Профориентация детей и подростков

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека

Мини-курс

Практические аспекты работы логопеда: методы и приемы в логоритмике

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Стимулирование интереса к обучению у детей дошкольного возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек