Инфоурок Дошкольное образование СтатьиПедагог мамандық: Педагог мамандардың негізгі құралы – сабақпен сабақтастық тапқан, біліммен тәрбие жүйесі.

Педагог мамандық: Педагог мамандардың негізгі құралы – сабақпен сабақтастық тапқан, біліммен тәрбие жүйесі.

Скачать материал

Педагог мамандық

(эссе)

Кіріспе бөлімі

   Менің ойымша бүгінгі жаһандану  заманында  ұлт­­тық  бәсекеге  қабілетті болудың  көр­сет­кіші – білім деңгейімен  өлше­неді.  Сондықтан,  әлемдік білім  кеңістігіне  кірігіп, білім  беру  жү­йе­сін халықаралық  биікке  көтеру кезек күттірмейтін  өзекті мәселе, яғни оны «Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман»-деп айтқан елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының ой қортуынан-ақ түсінуге болады.

Бұл  мәселені шешудің  кілті  педагог мамандар  қолында.  Өйткені, педагог мамандар ел­дің ертеңгі  тізгінін  ұстайтын  ұрпақ тәрбиелейді.  Адам тәр­бие­леу  – ұлы міндет.  Ол міндетті  атқарушы  –  педагог мамандар қауымы. Педагог мамандардың негізгі  құралы  – сабақпен сабақтастық тапқан, біліммен тәрбие жүйесі. Білім беру ол-тамаша әуендердің құлақтан кіріп бойымызды баурап, өзінің әуенді тербелісіне еліктіріп  ға­жай­ып  үнімен білім мен тәрбиеге жетелейтін ұлы күш болады.  Әрбір сабағы  ғажайып әуенге толы на­ғыз педагог, сүйікті  ұстаз    болу  кімнің  де  болса  арманы.

Осы мамандық жөнінде В.А.Сухомлинскийдің «Педагог мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шымшытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады»-деп айтқан даналық өсиеті, мамандықтың қандай болатындығынан үлкен сыр береді.  

Бүгінгі  педагогика  саласының еншісінде– адам тəрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тəрбиелік мекемелердегі оқу-тəрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыру және қалыптастыру міндеті жатыр. Педагог мамандардың бүгінгі іс-әрекетінде келесідей бөлімдер қалыптасу керек деп ойлаймын.

1) оқу-тəрбие процесінің негіздері;

2) дидактика немесе оқу теориясы;

3) тəрбие теориясы;

Ой қозғау бөлімі

  Осылайша  топтасқан  ойларды әрімен қарай сабақтай келсем-ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған ақын  да,  тегеуріні   темір   балқытқан   жұмысшы  да, егін  салған диқан да, мал  бағып   терін   төккен  шопан  да, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер  де  бәрі — бәрі  педагоктардың кәсіби жемісі деп толық айтуға болады. Педагог мамандығының осындай іс-әрекетін өмірде кеңінен дәріптейтін, ол ұзтаздар мен тәрбие саласы өкілдері болып табылады. Қиындығы  да, қызығы  да жетерлік, ең  бастысы  -  жауапкершілігі жоғары мамандықтың  бірі ұстаздық ету  екені ақиқат. Өйткені  бұл  мамандық иелерінің мойнына  ешнәрседен хабары  жоқ, мыңдаған тарыдай   ғана   бүлдіршіндердің   бойына білім  нәрін сеуіп, тәрбие  ұрығын  егіп,  таудай азамат  етіп  шығару  міндеті  жүктелген.

«Қыран  түлегіне  қайтпас  қанат  сыйлайды, ұстаз  шәкіртіне  талмас талап сыйлайды» демекші,  ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның  тірегі.

Әрбір  мемлекеттің  өсіп  өркендеуінің,  бәсекеге  қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде.

Ұстаздан  дәріс  алмаған  адам  қазір  жер  бетінде  жоқ  десе  де болар.  Бұл мамандық содан  да  киелі.  

Ұстаз  білгенін  үйретуші  ғана  емес,  тұла  бойы  тұнған  өнеге,  ақ  тілеулі ана  тәрізді барлық  адам­ның  бойынан  жақсылық  іздейтін  ізгі  ниет  иесі.  

  Менің  тәрбие маманы ретіндегі негізгі ұстанымым: ба­ланы тұлға деп тану, оның пікірімен  санасу, баланың кішкентай  қуанышын,  табысын  ба­ғалай білу.

Қытай  философының  «Маған  жәй  айтсаң  –  ұмытамын,  көрсет­сең есімде сақтаймын, ал  өзімді  іс – әрекетке  қатыстырсаң  үйрене­мін» деген даналығы  білім   алу­шының білімге  ықыласын  атты­руда бүгінгі оқу-тәрбиенің озық үлгілі  технологияларын  пайдалана  отырып, өзіндік  ізденіс жүргізуді  практикада  жүзеге  асырудың  маңызды екендігін  көрсетеді.

Сапалы  білім мен тәрбиенің  негізі ол жан — жақты  ақпараттық  материал­дар­ды, көрнекі құралдар  мен ұтым­ды  технологияларды,  тиімді  әдіс —тәсілдерді пайдалана  отырып, білім  алушыға ешбір  кітаптан  таба  ал­майтын  білім  беру. Сондықтан  бүгін  білім  бе­ру­дің  сапалы  болуы  үшін: біріншіден,  ұстаздың  жан – жақты  ака­демиялық  білімінің  бо­луы, екіншіден,  мұғалімнің  өз  ма­ман­ды­ғы­на  деген шынайы  сүй­іс­пенші­лігінің және ешқан­дай  дипломмен  бірге  берілмейтін  шығар­машылық  қабілеті, балаға  деген кіршіксіз  адамгершілік  қа­сиет­тері  болуы  шарт.

Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті.

Қортынды бөлімі

    Бұл жазылған шағын ойдың желісін қортындылай келсем педагог мамандығының негізгі мақсаты келесі даналық өсиеттерге саяды деп ойлайын.

Ол:

1) Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек  ет­іп,  өмір  сүретіндер  – бүгінгі  мектеп оқушылары,  мұғалім  оларды қалай тәрбиелесе,  Қазақстан  сол  деңгейде болады.  Сондықтан  ұс­тазға  жүктелетін міндет ауыр» – деген  еді.  Міне біз  осы сөзді оқумен тәрбие ісінде дәлелдеуге дайын болайық.

 2) Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, ал ұлы мұғалім шабыттандырады,»- дейді. Міне біз осылай шабыт сыйлай білейік.

  Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін

санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол сұрақтың бірі – педагог ол  кім?

  Бүгінгі айтылған ойлардан  осы сұраққа жауап тапқандаймын.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Педагог мамандық: Педагог мамандардың негізгі құралы – сабақпен сабақтастық тапқан, біліммен тәрбие жүйесі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по благоустройству

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 237 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.03.2017 1072
    • DOCX 17.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сергазина Нургуль Мажитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сергазина Нургуль Мажитовна
    Сергазина Нургуль Мажитовна
    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10941
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Организация и содержание работы учителя-логопеда в условиях реализации ФГОС ДО

108/144 ч.

от 2500 руб. от 1250 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 318 человек

Курс профессиональной переподготовки

Управление образовательной организацией дошкольного образования

Руководитель дошкольной образовательной организации

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Курс повышения квалификации

Легоконструирование и робототехника как средство разностороннего развития ребенка дошкольного возраста в условиях реализации ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 218 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 870 человек

Мини-курс

Классики русской педагогической мысли

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии в онлайн-обучении

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 17 регионов

Мини-курс

Психологические методы и тесты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе