Инфоурок Другое СтатьиПедагогикалық мониторинг – оқу-тәрбие үрдісін басқару құралы

Педагогикалық мониторинг – оқу-тәрбие үрдісін басқару құралы

Скачать материал

Педагогикалық мониторинг – оқу-тәрбие үрдісін басқару құралы

Қазіргі даму жағдайында білім саласында білім беру қызметін ұйымдастырудың ең өзекті жағы – білім сапасын жоғарғы деңгейге көтеру. Оқытудың тиімді әдістерін анықтау, оқу әдістемелік қызметті жетілдіру арқылы оқу-тәрбие жұмысындағы кемшіліктерді анықтап, оларды болдырмаудың жолдарын іздестіріп, түйінді мәселелерді сараптау – оқытушыларға қойылып отырған міндеттердің бірі- мониторинг.

Сондықтан бүгінгі білім ордасында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру мәселелеріне арналып отырған ғылыми практикалық конференцияның секция жұмысында қарастырып отырған мәселелердің бірі – оқыту нәтижелерін тексеру мен бағалау жүйесін жетілдіру болып отыр.

Оқыту нәтижелілігін бағалау және талдау, мемлекеттік білім беру стандартының талабымен оқыту процесінің нәтижесін бағалау, контингенттегі білімгерлердің ерекшелігін ескере отырып оқу үлгерімін талдау және оқытушылардың тәжірибесін жинақтау, болашақта қателіктерді болдырмау, озат тәжірибелерді тарату мақсатында педагогикалық мониторинг жүргізіледі.

Педагогикалық мониторинг дегеніміз не?

Ол қалай жүргізіледі? – деген сұрақтарға жауап іздесек, білімгердің оқу процесін және оқу материалын игеруін бақылау формасының бір түрі – мониторинг екенін айтуға болады.

Мониторинг дегеніміз – «оқытушы – білімгер» жүйесінде білімгерлердің дамуы, оқыту мен тәрбиелеуде сапалы нәтижелерін жүйелі, үздіксіз бақылау.

Педагогикалық мониторинг жалпыға белгілі бақылаудан айырмашылығы – білімгердің білімділік деңгейі мен оқыту жағдайын үздіксіз қадағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу, таратудың ұйымдастыру түрі.

Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие мүмкіндігін, білімгердің жеке тұлғасын, педагогикалық процестің компоненттерінің жағдайын зерттеу педагогикалық мониторингтің мазмұнын құрайды. Педагогикалық мониторинг арқылы бірыңғай педагогикалық талаптардың орындалуы, оқытушының іс-әрекеті зерттелінеді.

Сондай-ақ педагогикалық мониторинг оқу және оқыту, білімді игеру дәрежесін анықтау мүмкіндігін береді. Алайда білім беру процесінде оқытушы мен білімгердің қанағаттану дәрежесі мен білімгерлердің эмоциялық жағдайы, колледжішілік қарым – қатынас сипатын анықтауда педагогикалық мониторингтің маңызды екендігіне қарамастан бұл мәселелерді айқындауда мониторинг аз жүргізіледі. Білім мекемелерінің метериалдық-техникалық базасы дидактикалық құралдар қоры, оның білімгер мен педагогтардың денсаулық жағдайына әсері, оқытушылардың педагогикалық мәдениеті, шеберлігі, әкімшілік-басқару әрекеті педагогикалық мониторинг арқылы дәл анықталады десек те, бұл салада қазақ тілінде жарық көрген еңбек жоқтың қасы.

Білім беру процесін құруда педагогикалық мониторинг ақпараттық , қозғаушы және ынталандырушы, қалыптастырушы, түзетушілік қызметтер атқарады. Енді осы қызметтердің әрқайсысына тоқталайық.

Педагогикалық процестің нәтижесін айқындай отырып, обьектінің жағдайы жөнінде мәлімет алу, кері байланысты қамтамасыз ете отырып, нағыз білім беру процесін, оның қиындығын, бұрмалануын анықтау педагогикалық мониторингтің ақпараттық қызметі болып есептеледі. Жинақталатын ақпарат толық, нақты, әділ, дәл мерзімді болу керек.

Мониторингтің қозғаушы, ынталандырушы қызметі оқытушылардың білімгерлерді оқытуға, тәрбиелеуге қызығушылығын дамытады, балаларды жан-жақты тануға түрткі болады, әрі өзінің педагогикалық еңбегіне өзіндік талдау жасауға машықтандырады және оқытушы әрекетінің зерттеушілік бағытын күшейтеді.

Мониторингтің қалыптастырушы қызметі нәтижесінде білімгердің «дамуының жақын аймағына» ықпал ете отырып, білімгер тұлғасының әлсіз және күшті жақтарын анықтайды. Әрбір жеке білімгерге қозғау салу әрекетінің әдістері мен тәсілдерін таңдауға, білімгердің педагог назарынан шығып қалмауына ықпал етеді.

Оқу процесінде болжанбаған, кездейсоқ нәтижелерді табу және белгілеу, білімгерлердің жат әрекеттеріне әсерді күшейту жөнінде шара қабылдау мониторингтің түзетушілік қызметі арқылы жүзеге асады.

Мониторингтің барлық қызметтері оқыту мен тәрбиелеу әрекетін басқаруды ғылыми тәсілмен қамтамасыз етуге негізделген. Мониторинг бес кезеңмен жүргізіледі. (кесте)

Білім беру мекемелері жұмысына педагогикалық мониторинг жүргізудің алғашқы кезеңі мониторингтің мақсаты мен міндеттерін анықтаудан басталады. Мақсат өзекті, нақты, іске асатындай болуы керек екендігі ескеріледі. Бұл кезеңде негізгі көрсеткіштер мен критеррийлер анықталып, диагностикалау әдістері таңдалады. Диагностикалау әдістерін формальді әдістері (тесттілер, анкеталар, сұрақтар, бақылау жұмысы, диктант деп бөлуге болады.

Мониторинг процесінің барлық қызметі мен кезеңдері, яғни оның барлық құрылымдық және қызмет элементтері бір-бірімен байланысты және педагогикалық мониторингтің тұтас циклін құрайды. Осы компоненттердің кез-келген педагогтардың әрекет жүйесінде болуы педагогикалық мониторингтің толық жүйесін жүзеге асырылуы «оқытушы - білімгер» жүйесіндегі педагогикалық процестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Қорытынды: Диагностика – қол жеткен жетістіктерді бекітеді, жақсы дәстүрлерді сақтайды. Кемшіліктердің алдын алу мен қажетті өзгерістер жасап отырады.

Оқытушы өз шəкірттерінің қай білімді қандай деңгейде игергенін, жаңа ақпарат қабылдауға қаншалықты дайын екендігін анықтайды. Сонымен бірге оқушылардың өзіндік оқу жұмыстарының сипаты мен сапасын байқастырады. Қадағалау нəтижесінде мұғалім өз оқу жұмыстарының қай дəрежеде жемісті болғанын, педагогикалық процесс мүмкіндіктерін оқыту – оқу мақсатында қай деңгейде пайдаланғанын сарапқа сала алады.

Бақылау, қадағалау кезінде шәкірттің өзі де өз оқу жұмыстарының нəтижесі бойынша ақпарат алады. Бұл оған білім игеру барысында қандай жетістіктерді қолға түсіргенін, сонымен бірге өз кемшіліктері мен олқылықтарының пəн бағдарламаларының қай тұстарымен байланысты болғанына көз жеткізеді. Тұрақты да бірізді қадағалаудан оқушының тəртібі жақсарады, белгілі жұмыс қарқынына үйренеді, ұнамды мінез, ерік сапаларын дамытады.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 
Ғалым педагогикалық журналы « Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті»Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. –
Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Педагогикалық мониторинг – оқу-тәрбие үрдісін басқару құралы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по взаимоотношениям

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 136 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.05.2017 20400
    • DOCX 16.8 кбайт
    • 244 скачивания
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шакаева Алтынай Токтаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шакаева Алтынай Токтаровна
    Шакаева Алтынай Токтаровна
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23326
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой