Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Конспекты / Пәні: Биология Сабақ тақырыбы: Жасушаның құрылысы. Жасушаның негізгі органоидтары.

Пәні: Биология Сабақ тақырыбы: Жасушаның құрылысы. Жасушаның негізгі органоидтары.

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

Мыңжасар Әдекенов атындағы Мыңжасар Әдекенов атындағы

ауылшаруашылық ауылшаруашылық

колледжінің әдіскері колледжі директорының

___________ Кәрімбек А.Е. оқу ісі жөніндегі орынбасары

«______»____________2015 ж. _______________Рахымова А.Қ.

«______»_______________2015 ж.


Өткізілген күні:

Мамандығы: «Туризм»

Курс: І

Тобы: Тур-11

Пәні: Биология

І. Сабақ тақырыбы: Жасушаның құрылысы. Жасушаның негізгі органоидтары.

ІІ. Мақсаты:

2.1.  Жасуша  жөніндегі білімдерін кеңейте отырып, кеңірек  мағлұмат беріп, білім дәрежелерін  тереңдетіп жетілдіре түсу.

2.2. Ойлау, есте сақтау қабілеттілігін арттыру, танымдық    қабілеттерін  дамыту, материалдың негізгісін ажырата білу 

2.3. Сабақ  барысында  шәкірттерді адамгершілікке,  жауапкершілікке ,тапқырлыққа және ізденімпаздыққа тәрбиелеу .

Сабақ түрі: ашық сабақ

Сабақтың әдісі: студенттерді іздендіру, көрнекіліктермен жұмыс жасату, әр-түрлі сызба-нұсқаларды пайдалану.

Пәнаралық байланыс: физика, химия

Сабақтың көрнекіліктері: электронды слайдтар, сызбалар, кестелер.

ІІІ. Сабақ құрылымы:

3.1. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Студенттермен сәлемдесу

2) Студенттерді түгендеу

3) Студенттің дайындығын тексеру

3.2.Үй тапсырмасын бекіту: Жасуша теориясының қалыптасуы тақырыбына сәйкес сөйлемдерді дайындау. Оларды жеке сөздерге бөліп тастап, қайта жинау арқылы топ студенттерін үш топқа бөліп алу. Әр топқа жеке-жеке сұрақ тапсырмаларын беріп, оны постер бетіне түсіру.

1 топ: Жасуша теориясының қалыптасуына үлес қосқан ғалымдар, олардың еңбектері.

2 топ: Жасуша теориясының негізгі шарттары.

3 топ: Жасушаның типтері. Оларға қандай ағзалар жатады?

3.3. Жаңа сабақ: Алғашқы микроскопты 17 ғасырда ағылшын физигі Роберт Гук жасаған. Роберт Гук өсімдіктерді микроскоп арқылы қарап отырып, олардың ұлпаларынан ара ұясы тәрізденген құрылысты тапқан. Ол осы ұяларды грек сөзімен «целлюла» - «жасуша» деп атады. Бұл жерде Гук тіршілігін жойған жасушалардың ұяшығын ғана көрген еді. «Клетка» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген. Жасушалардың құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылымды цитология (гр. kytos - жасуша, гр. logos - ғылым) дейді. Жасуша - тірі ағзалардың (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Клетка өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп клеткалы жануарлар,өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі клеткасыз формада өтеді. Жасушаның негізгі тіршілік қасиеттеріне жататындар: зат алмасу, тітіркенгіштігі, көбею, өсу мен даму және т. б. Жасушалар құрылысы, қызметі, пішіні, мөлшері жағынан әр түрлі болады. Адам денесі жасушаларының пішіні - домалақ, ұзынша, жалпақ, төртқырлы, көпқырлы, призма төрізді және т. б. Жасуша мөлшері мен пішінінің әр түрлі болып келуі аткаратын қызметіне байланысты. Мысалы, канның эритроцит жасушалары сұйық ортада болғандықтан домалақ; тері жасушалары көпқырлы; бұлшықет жасушалары ұзын; жүйке жасушалары көп өсінділі (жұлдыз тәрізді) және т. б. Жасушалардың мөлшері де түрліше: адам ағзасындағы ең ірі жасушалар - жұмыртқажасушасы мен жүйке жасушасы. Қан мен лимфада болатын ең кішкене жасушалар - лимфоциттер. Жасуша органоидтары - жасушалардың тұрақты арнаулы бөлігі. Жасушаның қызметі тек органоидтардың көмегімен ғана орындалады. Жасушаның негізгі органоидтары плазмалық жарғақша (мембрана), цитоплазма, ядро және органоидтардан (эндоплазмалық тор, рибосома, митохондрия,лизосома, Гольджи жиынтығы, жасуша орталығынан, пластид, вакуоль) тұрады.

1. Плазмалық жарғақша (лат. membrano - жарғақ, қабық) жасушаның сыртын қаптайды, май мен нәруызды заттардан түзілген. Өсімдіктердің плазмалық жарғақшасының сыртында цитоплазмадан бөлінген өлі заттан түзілетін жасунықты (целлюлозалы) қалың қабықшасы болады. Мұндай қабықша жануарлар мен адамның жасушаларында болмайды. Олардың жасушалары тек плазмалық жарғақшамен ғана қапталады. Жарғақшаның қызметі: А) Жасушаның ішіндегі барлық қоректік заттар мен қажетсіз өнімдер жарғақша арқылы өтеді. Плазмалық жарғақшаның өте жұқарған жерінде жұқалтырлы ұсақ тесікшелер - шұрықтар болады. Заттардың барлығы осы шұрықтар арқылы өтеді. Б) Плазмалық жарғақша жасушаның ішіне қажетті заттарды оңай өткізіп, зиянды заттарды өткізбейді; С). Жарғақша арқылы жасуша қоршаған ортамен қатынас жасайды. Әр түрлі заттар тек жасушаның ішіне ғана өтпей, көршілес жасушаларға да өтеді. Қатар жатқан екі жасушаның цитоплазмалары саңылау арқылы бір-біріне өтеді.

2. Цитоплазма - жасушаның ішін толтырып тұратын іркілдек сүйықтық. Жасуша мен сыртқы орта арасында жүретін зат алмасуды қамтамасыз ететін жасушаның қажетті бөлімі. Цитоплазма жасушаның ішінде үздіксіз қозғалыста болады. Егер қоршаған ортаның температурасы көтерілсе (жоғарыласа), цитоплазманың козғалысы да күшейеді, төмендесе - баяулайды. Жоғары температурада цитоплазмада зат алмасу үдерісі (қоректену, тыныс алу) жылдамдайды.

3. Ядро - жасушаның реттеуші орталығы. Пішіні - домалақ, таяқша, үрмебұршақ тәрізді, екі жағы қысыңқы және т. б.эритроциттер (қан жасушасы) мен тромбоциттерде (қанның пластинкасы) ядро болмайды. Ядроның сыртын цитоплазмадан бөліп тұратын екі қабат жарғақша қаптайды. Ядроның ішінде толтырып тұратын іркілдек ядро шырыны болады. Ядро қабықшасында да өте ұсақ тесіктер - шұрықтар бар. Ядро солар арқылы цитоплазмамен байланысады. Ядро цитоплазмамен тығыз байланысып, жасушаның барлық тіршілік әрекеттеріне (өсу, көбею, зат алмасу) қатысады. Ядро кабықшасы (жарғақшасы) заттардың козғалысын (ядроға енуі, ядродан шығуы) реттейді. Ядро шырынында хромосомалар мен ядрошықтар болады. Хромосома (гр. chroma - түсі, гр. soma - тән, тез боялатын дене) - тұқымқуалау қасиетін сақтайтын жіл, таяқша тәрізді түзіліс. Адамның дене жасушаларында хромосомалардың саны тұрақты - 46, жыныс жасушаларында 23. Хромосоманың бөліктерін - «ген» (грекше гр. genos - туыс, тегі бір) дейді. Гендер хромосоманың ұзындығына қарай түзу сызық бойымен орналасқан. Олар тұқымқуалау белгілерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады. Ядрошықтар - кейбір жасушаларда пішіні мен құрылымын өзгертіп тұратын тығыз түзіліс (денешік). Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңінде ядрошық жойылып, басқа кезеңінде қайта түзіледі. Ядрошық нуклеин қышқылының синтезіне қатысады.

1.Эндоплазмалық тор (ЭПТ) - (гр. эндо - ішкі, гр. плазма - жапсырылған) - жасушаның ішін түгелдей бірімен-бірі тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын 2 жарғақшалы түзіліс. Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінсе - түйіршікті ЭПТ, бекінбесе, тегіс жарғақшалы ЭПТ дейді. Тегіс жарғақшалы ЭПТ майлар мен полисахаридтердің алмасуына қатысады. Түйіршікті жарғақшалы ЭПТ рибосомаларында нәруыздар синтезделеді. ЭПТ торланған түтікшелері жасуша ішіндегі басқа органоидтардың қатынас жасауына көмектеседі.

2.Рибосома (рибонуклеин қышқылы, лат. soma - дене) - цитоплазмада бос күйінде, жарғақшаға (ЭПТ) бекінген күйінде болатын нөруызды дөнек тәрізді өте ұсақ органоид. Ол нәруыз синтезіне қатысады

3.Митохондрия (гр. mitos - жіпше, гр. chondrion - дәнек) - барлық тірі жасушаларда болады. Пішіні таяқша, жіпше, дәнек тәрізді түзіліс. Жасушада ондаған, мыңдаған митохондриялар кездеседі. Сыртын 2 қабатты жарғақша қаптайды. Сыртқы жарғақшасы тегіс, ішкі жарғақшасы қатпарлы. Митохондриялар - май қышқылдарьш синтездеп, жасушаларды энергиямен қамтамасыз ететін энергия жинақтаушы құрылым. ішкі жарғақшадағы ферменттер глюкоза мен аминқышқылдарды ыдыратып, май қышқылдарын тотықтырады.

4.Лизосома (гр. mitos - еріту, гр. soma - төн) - домалақ немесе сопақша пішінді, бір қабатты жарғақшалы түзіліс. Құрамындағы ферменттердің әсерінен нәруыз молекулаларымен полисахаридтерді ыдыратады. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді.

5.Гольджи жиынтығы - ядроға жақын, жасуша орталығын (центриоль) айнала қоршап жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Жасушада заттардың тасымалдануына, қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады.

6.Жасуша орталығы - центриоль (лат. centrum - орталық нүкте, орталық) Гольджи жиынтығына жақын орналасқан цилиндр пішінді 2 денешік. Жасуша бөлінуінің алғашқы кезеңінде 2 центриоль бірінен-бірі екі полюске карай ажырайды. Ортасында ұршықша жіпшелер пайда болады. Жасушалардың бөлінуіне қатысады.

7. Пластидтер – жасыл өсімдік жасушасының тұрақты органоиды. 3 типі бар: жасыл – хлоропласт, қызыл, сары – хромопласт (жемісте, гүлде), түссіз лейкопласт (тұқымда).

8. Вакуоль – жасушаның дамуы және ескіруі барысында цитоплазмада анық көрінетін сұйықтық. Минералды тұздар, қант, органикалық қышқылдар шоғырланады. Жас жасушада ұсақ, қартайған сайын бір-бірімен қосылып ірі вакуольге айналады.

Жануарлар мен өсімдік жасушаларының, айырмашылығы Жануарлар мен өсімдік жасушаларының, айырмашылығы: 1. Жануарлар жасушасында центриоль болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жасушаларында центриоль болмайды. 2.Жануарлар жасушасында пластидтер болмайды, дайын ағзалық заттармен қоректенеді. Өсімдіктер пластидтері арқылы ағзалық зат түзеді. 3.Қалың, тығыз, жасунықты (целлюлозалы) қабықша тек өсімдік жасушасында болады. Ол өсімдіктің пішінін өзгертуге кедергі жасайды. Жануарлар жасушасындағы жарғақша (қабықша) өте жұқа цитоплазма қабатының тығыздалуынан пайда болтан. Сондықтан жануарлар пішінін өзгертіп, қозғалады. 4.Ірі вакуольдер (латынша «уасиш» - қуыс) өсімдіктерде болады, ал жануарлардың тек бір жасушалы қарапайым түрлерінде (асқорыту, жиырылғыш вакуольдер) ғана болады.

3.4. Қорытындылау кезеңі: Сұрақ-жауап арқылы. Әр топ студенттерінің жасуша құрылысы жайлы түсінгендерін постерға түсіру. Оны топ алдында қорғау.

3.5. Бағалау.

3.6. Үйге тапсырма беру: Жасуша туралы қызықты қосымша деректермен жұмыс



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 27.01.2016
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров606
Номер материала ДВ-386263
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх