Инфоурок Химия Другие методич. материалыПоурочный план химия 9сынып

Поурочный план химия 9сынып

Скачать материал

 

9 сынып                                                                               Күні  ________ 

Сабақтың тақырыбы:  Металдардың адам өміріндегі маңызы. Металдардың периодтық жүйедегі орны. Металдардың құрылысы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға металдардың периодтық жүйедегі орналасуымен таныстыра отырып, олардың физикалық қасиеттері, атомдық құрылысы жайлы мәлімет беру.

2. Дамытушылық: Металдардың құрылысы, қасиеттері туралы білімді  дамыту.

         3.Тәрбиелік мақсаты: Металдарды қорғауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: периодтық жүйе, электронды тақта.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабабққа даярлығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақты оқып-үйренуді оқушылармен әңгімелесуден бастаған жөн. Металдардан жасалған бұйымдардың қалай және қайда қолданылатыны сөз болады. Өте ерте кезден адам баласының металды қолдануынан бастап, бүгінгі техника дамыған заманда металлдарды пайдаланбайтын бірде-бір өндіріс саласы жоқ екені туралы мағлұматты оқушыларды белсенді қатыстыра отырып беруге болады. Периодтық жүйеде орналасуы түсіндіріледі.

I-III топта сутек пен бордан басқалары –металдар. Барлық қосымша топшада және басқа топтардың негізгі топшасында металдар орналасқан. Период бойынша қарастырсақ кіші периодтардың бас жағында, ал үлкен периодтардың жұп қатары түгелімен және тақ қатардың бас жағында металдар орналасқан.

Мұғалім оқушылармен сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып, сабақты түсіндіреді. Металдардың атом құрылысында бейметалдарға қарағанда қандай айырмашылығы бар екенін металдардың электрондық құрылысынан бастап түсіндіреді. Және олардың химиялық қасиеттеріне келгенде металл атомы электронын беріп, оң зарядталатыны айтылады:

 

Ме0 - пē→Ме+п

 

Металдар атомдардарының радиусы бейметалл атомымен салыстырғанда  үлкендеу болады. Бұл тек металдарға тән қасиет. Тағы бір себебі металл атомдары электронын оңай беретіндіктен, тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді.

Металдық кристалдық тордың түйіндеріндегі металл атомының радиусы үлкендеу және сыртқы электрондар ядромен әлсіз байланысқандықтан тор-түйінінде атомдар және катиондар болады да, олардың аралығында бос электрондар немесе «электрон газы» пайда болады. Осы «электрон газы» металдың жалпы физикалық қасиеттерін анықтайды.

ІІІ. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.  

№8 есеп. Массасы 240г магний оксидін тотықсыздандыру үшін 80г көмір жұмсалды:

MgO + C = Mg + CO

Осы көмірдегі таза көміртектің массалық үлесі қандай?

Мұғалім алдын ала бірнеше сұрақтар даярлап, соған жауап беру арқылы және оқулықтан жаттығулар орындату арқылы сабақты қорытындылайды.

IV. Білімді бекіту.

1.     Металдар дегеніміз қандай заттар?

2.     Металдардың периодтық жүйедегі орны?

3.     Металдардың арасындағы химиялық байланыс.

Үйге тапсырма. §28-§31 №8,9 жаттығулар.

 

 

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: химия      Сынып: 9            Күні  ________ 

Тақырыбы. Кальций. Кальцийдің қосылыстары.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Сілтілік жер металы кальцийдің және оның қосылыстарының қасиеттерін жаза білуге үйрету.

2.Дамытушылық: Кальций қосылыстарының биологиялық маңызы мен қолданылуы туралы оқушылардың мағлұматтарын кеңейту.

3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, есептер шығару

Көрнекілігі: периодтық жүйе, электронды тақта.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабабққа даярлығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. II топтың негізгі топшасынан бастап тұрған элементтер s-элементтерге жатады. Бериллий-екідайлы эелемент. Одан әрі металдар: магний, кальций, стронций, барий, радий орналасады. Осы элементтердің әртүрлі периодта орналасатынын ескере отырып, ұқсастығын еске түсіреді.

Екінші топ элементтерінің ең сыртқы энергетикалық деңгейінде 2 электрон бар екенін, электрондық және графиктік формуласына сүйене отырып, кальцидің тотығу дәрежесі +2 екенін түсіндіру:

Ca0 - 2ē – Ca+2

Тотығу дәрежесі +2 болатын қосылыстары СаО, Са(ОН)2, және кальций қосылыстарының химиялық қасиеттерін кесте құрып жаздыруға болады. Төмендегі тірексызбаны пайдалана отырып, түзілетін өнімдерді жазып, аттарын атайды:

 

 

кальций 

 

                               + О2→                                                                  

                             +   S→ 

Ca                                                              

                                        +  Cl2→                                                                        

                                +  H2→   

 

 

кальций оксиді

 

                             + H24

 

CaO                       + SO2

                               + Н2О→                           

 

   кальций гидроксиді

                                                                   +        HCl→

  Ca(OH)2                                               +        CО2

                                                                                +        H23

 

Өнеркәсіпте кальциді тұздарының балқымасын электролиздеп алады.

Кальций оксиді – ақ түсті қиын балқитын зат. Техникада оны «сөндірілмеген әк» деп атайды. Оны әктасты жоғары температурада (10000С) қыздырып ыдырату арқылы алады:

 

СаСО3 = CaO + CO2

 

Кальций оксиді – негіздік оксид, сумен оңай әрекеттесіп кальций гидроксидін түзеді:

 

СаО + Н2О = Са(ОН)2

 

Нәтижесінде, сөндірілмеген әк деп аталатын көпсіген кеуек ақ ұнтақ түзіледі. Кальций гидроксиді суда аз ериді. Оның қанық ерітіндісі лабораторияда әк суы деген атпен жиі қолданылады.

Әк суына көмірқышқыл газын жібергенде, ол алдымен ерімейтін карбонат түзіп, лайлана бастайды:

 

Са(ОН)2 + СО2 = СаСО3↓ + Н2О

 

Кальцидің қолданылуын айта келіп, қосылыстарының ішінде кальций оксиді СаО мен кальций гидроксидіне Са(ОН)2 ерекше тоқталу керек. Техникада СаО сөндірілмеген әк, Са(ОН)2 әк сүті деп аталады. Әк сүтін әктеуге және құммен қосып кірпіш қалағанда және сылағанда байланыстырушы зат ретінде жұмсайды. Бұл қоспа біртіндеп «ұстасып» қатая бастайды.

Реакция теңдеуі:

Са(ОН)2 + СО2 = CaCO3 + H2O

 

Кальций тұздарының құрылыстағы мәні зор. Олардың сумен химиялық байланысып, кристалгидраттар түзетін қабілеті бар. Мысалы, табиғи гипс CaSO4 * 2H2O, алебастр (CaSO4)2 * H2O. Алебастр ұнтағын суға араластырса, тез қатаятын  қоймалжың масса түзіледі. Қатаюы суды қосып алғанда жүреді:

 

(CaSO4)2*H2O + 3H2O = 2(CaSO4*2H2O)

 

III. Алған білімді жинақтап қорытындылау үшін тақырыптың соңындағы жаттығуды орындау қажет.

1.Неліктен барлық сілтілік металдар күшті тотықсыздандырғыш болады?

2.Берілген сызбанұсқаға сәйкес реакия теңдеулерін жазыңдар:

Сa→Сa(OH)2→СaSO4→СaO→Сa3 (PO4)2

3.                                        +2                +4

Cu0 + 4HNO 3(конц) = Cu (NO3)2 + 2NO2↑ + 2H2O

                 +2

Cu0 - 2ē = Cu        2

 +5                 +4                 

N + ē = N              1

 

Cu0 – тотықсыздандырғыш.

N+5 – тотықтырғыш.

Бағалау.

Үйге тапсырма. §35. 1-7-жаттығулар, §36. 1-11- жаттығулар

 

 

Пәні: химия      Сынып: 9                                              Күні  ________ 

Сабақтың тақырыбы: Судың кермектігі.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты:   Кальцийдің қосылыстары, судың кермектігі туралы оқушыларға білім беру.

2.Дамытушылық мақсаты: Судың кермектігін түсіндіре отырып, маңызын ұғындыру.

3.Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ түсіндіру. 

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, есептер шығару

Көрнекілігі: периодтық жүйе, электронды тақта, презентация

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабабққа даярлығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:   Үйге берілген №1-№4 есептердің дұрыс, толық орындалғанын тексеру. Кеткен кемшіліктерді сынып бойынша қатемен жұмыс жасай отырып жою.

3. Жаңа сабақты түсіндіру:

Кальций және магний тұздарының болуы судың кермектігін тудырады.

Егер суда кальций және магний тұздарының гидрокарбонаттары болса, онда уақытша (карбонатты) кермектік, ал сульфаттар, хлоридтер және басқа тұздар болса, тұрақты (бейкарбонатты) кермектік деп аталады.

Бұл тұздар суда былайша диссоциацияланады:

 

СаСl2 ↔ Ca2+ + 2Cl-

 

Mg(HCO3)2 ↔ Mg2+ + 2HCO3-

 

Судың кермектігі кальций және магний иондарының қатысуына байланысты болғандықтан, суды жұмсарту үшін ерітіндіден кальций және магний иондарын аластап, тұнбаға түсіру керек.

Уақытша кермектік суды қайнатса кетеді:

 

Са(НСО3)2 = СаСО3↓ + CO2↑ + Н2О

 

Бор қақ түрінде тұнбаға түседі. Техникада көп мөлшердегі суды қайнату тым қымбатқа түседі. Сондықтан суды жұмасарту үшін әк сүтін пайдаланады:

Са(НСО3)2 + Са(ОН)2 = 2СаСО3↓ + 2Н2О

 

Тұрақты кермектікті химиялық әдістермен кетіреді. Мысалы, соданың көмегімен:

 

CaSO4 + Nа2СО3 = 2СаСО3↓ + Nа2SO4

 

Ионалмастырғыш сүзгілердің арқасында кальций және магний иондарын натрий және калий иондарына алмастыруға болады. Тұрмыста қолданылатын сүзгілердің көмегімен ауыз судың кермектігін біршама төмендетуге болады. Мұндай сүзгіден өткен су қақты аз береді.

4.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

№1 есеп. Массасы 200кг СаСО3 айырылғанда 100кг СаО түзілсе, өнімнің шығымы қандай?

№2 есеп. Әк сүтінен көмірқышқыл газын өткізгенде түзілген СаСО3-ның шығымы 85% массасы 150г болса, қанша көлем (қ.ж.) CO2 сіңірілген?

5. Білімді бекіту.

1. Судың кермектігі, оның түлері қандай?

2. Кальций қосылыстарының Қазақстандағы кен орындарын ата.

3. Кальцийдің маңызды қосылыстарын ата.

6. Бағалау.

7. Үй тапсырмасын беру. §34 оқу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: химия      Сынып: 9                                              Күні  ________ 

Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның қосылыстары.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты: Екідайлы элементтер жайлы білімді сатылай кешенді талдай отырып дамыту. Алюминиийді мысалға ала отырып жай зат ретіндегі қасиеттерін,қосылыстары олардың қолданылуы туралы мәлімет алу.

2.Дамытушылық мақсаты: Екідайлы элементтер қосылыстарының химиялық қасиеттеріне сәйкес реакция теңдеулерін жаза отырып, бұрын алған білімдерін дамыту.

3.Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ түсіндіру. 

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, есептер шығару

Көрнекілігі: периодтық жүйе, электронды тақта, презентация

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабабққа даярлығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:   Үйге берілген №    есептердің дұрыс, толық орындалғанын тексеру. Кеткен кемшіліктерді сынып бойынша қатемен жұмыс жасай отырып жою.

1.Кальцийдің және оның қосылыстарының негіздік қасиет көрсететінін дәлелдеңдер:

Ca → CaO → Ca(OH)2 → CaCl2

Тізбекті жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.

2.Магний мен кальций қосылыстарының табиғатта таралуы.

3. Mg мен Ca қосылыстарының қолданылуы.

4.Сілтілікжер металдарының табиғатта кездесуі.

5.Шәйнектегі карбонаттық қақты қалай жоюға болады?

3. Жаңа сабақты түсіндіру:

Алюминийдің периодтық жүйедегі орынын қысқаша сипаттап өткен соң, оның табиғатта кездесуі сөз болады. Табиғатта кездесетін металдардың ішінде алюминий бірінші орын алады. Ол белсенді металл болғандықтан тек қосылыс түрінде кездеседі. Дала шпаты, слюда, ороклаз K2O*Al2O3*6SiO2 және нефелин Na[Al2Si2O8] шайылып мүжілгенде каолинит  Al2O3*2SiO2*2H2O түзіледі. Ал корунд Al2O3 өте қатты түссіз минерал, ол түрлі бағалы тастардың құрамына кіреді. Қазақстан бокситінің Al2O2*nH2O кен орны Торғайда, ал Павлодарда глинозем (Al2O3) өндірілетіні айтылады.

Алюминий – күміс түстес ақ металл. Оның кристалдық торы көлемді орталықтанған куб. Сондықтан ол жеңіл, өте иілімді және жұмсақ. Электр және жылу өткізгіштігі өте жоғары. Ол басқа металдармен құймаларды оңай түзеді.

Алюминийдің беті ауадағы оттекпен жанасқанда, лезде тотығып, оксидті қабықшамен қапталады:

4Al+3O2=Al2O3

Al2O3 қабықшасының қалыңдығы 0,00001мм, ол өте берік, иілімді, бұрағанда, иілімді бұрағанда, созғанда немесе игенде бұзылмай бетке жабысып тұрады.

Белсенді бейметалдармен алюминий қалыпты жағдайда не қыздырғанда қуатты реакцияласады:

2Al + 3S = Al2S3

 

2Al + 3Сl2 = 2AlCl3

 

Алюминий қышқылдардағы сутекті тотықсыздандырады:

 

2Al +2SО4 = Al2(SО4)3 + 3Н2

Алюминий сілтілермен әрекеттесіп, екідайлы қасиет көрсетеді:

 

2Al + 6 NаОН = Nа2AlО3 + 3Н2

Металлургияда алюминотермиялық әдіспен оксидтерін ( Cr2O2, V2O5) тотықсыздандырып, таза металл алады:

 

Cr2О3 + 2Al = 2Cr + Al2О3

3V2O5 + 10Al = 6V + 5Al2O3

 

Мұндай әдіс алюминотермия әдісі деп аталады.

         Өнеркәсіпте алыну. Алюминий оксидінің балқымасынан электр тогымен ыдыратып алады:

 

Al2O3 = 4Al+3O- 3352кДж

Алюминийді бос күйінде алғаш рет 1825 жылы даниялық физик Ханс Кристиан Эрстед алған.

Қосылыстары: Al2O3 – қиын балқитын, қатты, ақ түсті зат (tбалқу= 20500С)Кристал торы-атомдық  байланыс-ковалентті берік байланыс. Al2O3-  суда  ерімейді, онымен әрекеттеспейді

Al2O3+6HCl 2AlCl3+3H2O

Al2O3 +6NaOH 2Na3AlO3+3H2O

 

Қолданылуы: Электролиз арқылы   Ме Al алу. Жасанды кристалдар,лазер жасау үшін, рубин,сапфир алу үшін қолданылады.

Al(OH)2  - ақ түсті суда ерімейтін зат.   

Алу: AlCl3+3NaOH=Al(OH)3↓ +3NaCl

Алюминий гидроксиді ақ ірімшік тәріздес тұнба түрінде бөлінеді.

1.Al(OH)3↓+3HNO3=Al(NO3)3 +3H2O

2. Al(OH)3 ↓+NaOH= NaAlO2 +2H2O

3. 2Al(OH)3  Al2O3+3H2O

Al  тұздары әлсіз негіз тұздары ретінде сатылап диссоциаланады, (қышқыл орта көрсетеді).

 

4.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

№1 есеп. Массасы 2,1 магний мен алюминийден тұратын қоспа тұз қышқылымен әрекеттескенде 2,24 (қ.ж.) сутек бөлінген. Бастапқы қоспаның құқрамы қандай?

№2 есеп. Массасы 2 т глиноземнен 1 т алюминий алынса, өнімнің шығымы қандай?

5. Білімді бекіту.

1.Қасиеттеріне байланысты алюминий қайда қолданылады?

2.Ас содасын, әк суын, ашыған сүт өнімдерін алюминий ыдыста ұзақ сақтауға болмайтын себебі неде?

3.Алюминийдің құймасы оның өзіне қарағанда неліктен жиірек қолданылады?

6. Бағалау.

7. Үй тапсырмасын беру. § оқу,№    есеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: химия      Сынып: 9                                              Күні  ________ 

Сабақтың тақырыбы: Алюминий құймасы және оның қолданылуы.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты: Алюминий жайлы білімді тереңдете отырып, оның құймалары және қосылыстары жайлы мәліметтерді меңгерту.

2.Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын, дүниетанымын, екідайлы элементтер жайлы алған білімін одан әрі дамыту.

3.Тәрбиелік мақсаты: Топтарға бөліну арқылы шығармашылық жұмысты қалыптастыру, алюминий құймаларының құрамымен таныстыру, өмірдегі маңызын түсіндіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. 

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, есептер шығару

Көрнекілігі: периодтық жүйе, электронды тақта, презентация

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабабққа даярлығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:   Үйге берілген №    есептердің дұрыс, толық орындалғанын тексеру. Кеткен кемшіліктерді сынып бойынша қатемен жұмыс жасай отырып жою.

3. Жаңа сабақты түсіндіру:

Күнделікті пайдаланылып жүрген ыдыс-аяқтан бастап, космосты шарлап жүрген ракеталар осы алюминийден жасалады. Қоғамдық шаруашылықтың барлық салаларында алюминий қолданылмайтын сала жоқ. Алюминийдің осылай қысқа мерзім ішінде жоғары бағаға ие болуы оның химиялық және физикалық қасиеттерінде болып отыр.

Алғаш рет дат ғалымы Х.К.Эрстед 1825 жылы таза алюминий алды, ал 1854 жылы француз химигі А.С.Сентклер Дэвиль оны өндірісте өндіру тәсілін ашты. Сол кезде алюминий өте жоғары бағаланып, оның бір фунты алтын есебімен 40 сом болатын, алюминий алу өте қымбатқа түскен, онан жүзік, сақина және басқадай заттар жасалып сыйлықтар орнына жүрген.

Алюминий созылмалы, жұмсақ, жеңіл металл, оттегімен жақсы қосылыстар түзе алады, сондықтан ол басқа металдарды оттегімен босатып таза металға айналдырады. Темір тотығын алюминий үгіндісімен араластырып магниймен жандырған кезде көп қызу (3000°С) бөлінеді. Осы қасиеті баяу балқитын металдарды (титан, ванадий, хром) алуға пайдаланылады. Алюминий, магний және литий қосындылары самолет құрылысында, ракета жасауда жиі қолданылады. Самолеттің 65–66% (моторсыз салмағы) және мотордың төрттен бір бөлігі алюминий қоспаларынан істеледі. Вагон жасау, машина құрылыстары, электр өндірістері және басқа толып жатқан шаруашылық салаларында алюминий және оның қоспалары маңызды орын алады.

Бояу өндірісінде, үй жабдықтарын даярлауға, прожектордың айнасы ретінде қолданылатын алюминийді басқа металмен алмастыру қиынға соққан болар еді. Бұл күндері ғалымдар алюминийдің тағы басқа да қосындыларын алу мәселесімен шұғылдануда. Бұған мысал ретінде «Салют-6» космос станциясында В.Коваленок пен А.Иванченковтың жасаған тәжірибелерін айтуға болады.

Алюминий тотығы асыл тас түрінде (жақұт, гауһар) адам баласына ертеден белгілі болатын. Корундты қайрақтар ретінде техникада ХІХ ғасырдың орта кезінен, ал «тасмұрт» түрінде 1950 жылдардан бері пайдалана бастаған. Бұл «жақұтмұрттың» текше милиметрі 1500 килограмм салмақ көтереді, ондай алып күшке ешбір төзімді металл шыдамайды. Осыған орай «жақұтмұрт» техниканың көптеген салаларынан орын алады. Гауһар болмаса қолдағы сағаттың дұрыс жүруі де екі талай. Сағаттағы тас көп болған сайын ол уақытты дәл көрсетіп отырады, өйткені сағат механизмдерінің жүрісі біркелкі болып реттеледі.

Жер қыртысына таралуы жағынан алюминий үшінші орында, орта есеппен оның мөлшері 8,8%, табиғатта жүздеген минералы бар, олардың көпшілігі алюмосиликаттар. Олардың ішіндегі өндірістік маңызы бар минералдары каолинит, алунит және нефелин. Геохимиялық жағынан алюминий оттегіне жақын, тұрақты валенттілігі үш. Алюминийдің минералдары баяу ериді, ал эндогенді процесстерде ол дала шпаттарының, слюдалардың және басқадай алюмосиликаттардың кристалдық торына орналасады. Алюминий су құрамында және организмде өте аз, ол биологиялық жер қабаттарында шамалы ғана.

Табиғи жағдайда алюминий жер бетінде болған мүжілу процестерінің қалдығы болып саналады, сондықтан да эплювиальды бокситттер жиналады, бұлар негізгі алюминий рудалары болып есептеледі. Пайда болу жағынан алып қарағанда алюминий үш түрлі боксит кендерін түседі.

Қазақстанда революцияға дейін алюминий рудалары өндірілмеген. Тек Совет өкіметі тұсында ғана Павлодарда алюминий өндірісінің үлкен ошағы салынды, оның шикізат қоры Аманкелді (Арқалық) және Краснооктябрь кен орнынан әкелінді.

Руда іздеу және оны барлау жұмыстарының дұрыс жолға қойылуы және геологтардың (Е.Д.Шлыгин, Г.Е.Быков, И.С.Быкова, П.Л.Безруков) жемісті еңбектерінің нәтижесінде Аманкелді, Шығыс және Батыс Торғай, Мұғалжар секілді бокситті аудандар ашылды. Олар сырт көрінісі жағынан біркелкі болғанымен, зерттей келгенде бірнеше морфогенетикалық түрлерге бөлінеді. Торғай облысындағы Арқалық, Жоғарғы және Төменгі Ашутас және Үштөбе кен орындары астауға ұқсас ойпаңдағы алюмосиликатты және карбонатты жыныстар аралығында ұзыннан-ұзақ созылған руда қабаттары болып кездеседі.

Бұлардан басқа республика территориясында Батыс Торғайда, Софьевка және Майбалық, Талды-Ащысайда көп тараған карсты кен орындары кездеседі. Бұл кен орындары әр дәуірлерде пайда болған карбонатты жыныстардың қалың қабаты арасына орналасқан.

Республикамызда алюминий өндірісіне бокситтен басқа да жарамды шикізат қорлары бар. Олар: алунит, андалузит, диаспор, нефелинді сиениттер, корунд, кианит және басқалар. Олардың көпшілігі Орталық Қазақстандағы қайталамалы кварцит алқаптарында қалыптасқан, алуниттің қоры және құнарлылығы Одақтағы басқа аудандарда кездесетін алуниттен анағұрлым мол.

Корунд кені Семізбұғыда кездеседі.

4.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

Есептеу № 9

Мазмұны: 

Белгілі:      15,2г → 9г

Белгісіз:     х %

Шешуі:            

Жауабы: х=15,2%

Тексеру: 59,2г-100%

                9г- х%

5. Білімді бекіту.

1. Алюминийдің мына заттармен : a) броммен ; б) мыс сульфаты ерітіндісімен ; в ) күкүрт қышқылымен ( сұйытылған); г) хром (III) оксидімен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазыңдар. 
2.Зат мөлшері 0,2 моль алюминий тұз қышқылымен әрекеттескенде неше моль сутек бөлінеді?

6. Бағалау.

7. Үй тапсырмасын беру. §39оқу,№    есеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: химия     9 сынып             Күні  ________ 

Сабақтың тақырыбы: Темір.Темірдің маңызды қосылыстары.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Темір элементін жан – жақты зерттеу арқылы темір, оның қосылыстары,қолданылуы, маңызы жөнінде білімдерін кеңейту.

          2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту.

          3.Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру, қосымша материалдар арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. 

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, есептер шығару

Көрнекілік: Слайдтар (интернеттен алынған материалдар), электронды оқулық.

         Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабабққа даярлығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:   Үйге берілген №    есептердің дұрыс, толық орындалғанын тексеру. Кеткен кемшіліктерді сынып бойынша қатемен жұмыс жасай отырып жою.

3. Жаңа сабақты түсіндіру:

Темір периодтық жүйеде:

4-период, 4 - қатар, 8 - топ, қосымша топша, реттік нөмірі 26.

26 электрон, 26 протон, салыстырмалы атомдық массасы 56, 30 нейтрон.

4 электрондық қабат, 2)8)14)2), электрондық конфигурациясы:

1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2

Тотығу дәрежесі 0,+2,+4, кейде +6; тотықсыздандырғыш болып табылады.(слайд)

Ақ сұр түсті, металдық жылтыры бар, тоқ пен жылуды жақсы өткізетін, магнитке тартылатын, жұмсақ, созылғыш металл. Тығыздығы 7,864 г/см3 , балқу  t0 ═15390С.

Осыдан 2000 жыл бұрын Қытай ғалымы Сума Тзян магниттік компасты тапқан. Ол темірдің магниттік қасиетіне сүйенген. Магниттік қасиеті күшті металдар: темір, никель, кобальт. Ферромагнетиктерден магнит құралы, компас жасалады. Радиотехникада, электротехникада қолданылады.

Темірді ертеде «Аспан тасы» деп атаған.  Жер бетіне жылына мыңдаған метеорит бөлшектері түседі, олардың құрамында 90% темір бар. Ең үлкен метеорит 1920 ж Америкадан табылған,салмағы 60т .1895 жылыГренландия мұздағынан салмағы 34т темір метеорит табылған ,қазір Нью-Иоркте сақталуда.Темір күн жүесінде ең көп тараған элемент.Жер ядросының 90%темір құрайды.Жер мантиясында 12%,жер қыртысында 5%темір бар.Жер қыртысында таралуы бойынша -6 орында.

Темірдің табиғи минералдары:

Fe2O3 магнитті темір немесе магнетит (72% Fe)

Fe2Oқызыл теміртас немесе гематит (70% Fe)

Fe2O3 · 3H2O лимонит  (50% Fe)

FeS2 пирит немесе күкірт колчеданы  (52% Fe)

FeSO 7H2O темір купорасы

Темір кендерінің ең үлкен қоры Уралда .Онда таулар толық темірден құралған.Курск,Кольск жартылай аралында Шығыс және Батыс Сібірде темір кенінің Үлкен қорлары бар.Қазақстанда темір кендері Оралдың шығыс беткейінде, Қостанай өңірінде көптеп кездеседі(Соколов-Cарыбай).

Темір табиғи суларда ең кең тараған элементтердің бірі болып табылады, оның орташа құрамы 0,01 -20 мг/л интервалында тербеліп тұрады.

Темірдің ашылу тарихы:

Месопотамия өркениетті метеориттік темірді білген. олар б.з.д. ІІІ мыңжылдықта темірді қолданып оны «аспаннан түскен от» деп атаған. Оның құймасынан қару-жарақ, әсемдік бұйымда жасаған. Египет фараоны ІІ Рамзес хеттер патшасына (б.з.д. 2500 жыл) жазған хатында кендерді тотықсыздандыру арқылы темір алу туралы мәліметтер бар. Жер бетінде темір алтыннанда бағалы болған уақыттар болды. “Темір ғасыры” деген терминді ғылымға ХІХ ғасырдың басында дат ғалымы Томсен енгізді. Бұл темір металлургиясы дами бастаған кез. Әйгілі дамаск болаты Шығыста тіпті Аристотель (б.з.д. ІVғ) кезінде жасалған. Болат қылыш жасау құпияда сақталып келді.

Делидегі темір бағана (б.э.д. ІV-V ғасыр)

(Дели)  Индияда б.э.д. ІҮ-Ү ғасырда 415 жылы тұрғызылған темір бағана биіктігі 7 метр, салмағы 6,5 тонна 99,72% таза темірден тұрады, осынша уақыт таттанбауының себебін ғалымдар анықтай алмай отыр.(слайд)

Эйфель мұнарасы

1889 жылы Парижде француз инженері Гюстов Эйфель алып мұнара құрылысын аяқтады. Париж эмблемасына айналған мұнара биіктігі 300 метр, таза темір металынан тұрады.

         Өнеркәсіпте алынуы.

 Темірді оның оксидтерінен сутекпен, алюминиймен немесе көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздандырып алады:

      FeO + Н2 → Fe + H2O

 

Fe2O3 + 2 Al →Fe + Al2O3

 

Fe3O4 + 4CO →Fe + CO2

     Темірдің химиялық қасиеттері:

     Белсенді бейметалдар темірді тотықтырады:

 

2Fe + 3Cl2 2FeCl3

Fe + S→ FeS

 

     Қатты қыздырылған темір ұнтағы немесе жоңқасы оттекте темір татын түзіп жанады:

3Fe + 2O2 → Fe3O4

 

     Қатты қыздырылған темір су буымен әрекеттеседі:

 

Fe + Н2O → FeO + H2

 

     Ылғал ауада темірдің бетін тотығу өнімдерінің қоспасынан тұратын тат басады. Бұл реакция теңдеу былай жазылады:

 

4Fe +  3O2 + 2O → 4Fe(OH)3

 

Темір белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарынан тотықсыздандырып, ығыстырып шығарады:

 

Fe + СuSO4 → FeSO4 + Сu

Темірдің биологиялық маңызы.

         Адам денесінде темір құрамы 3-7 гр дейін (ткань, қан, ішкі органдарда) болады. Темір  біздің организмге тамақ арқылы келеді. Ересек адамның тәулік қажеттілігі 11-30 мг құрайды. Бұлшықет белогы – миоглобин, құрамында Fe+3 катионы етке  қызғылт түс береді. Қан белогы – гемоглобин, құрамында Fe+2 катионы, қанға қызыл түс береді, сүйек кемігінде түзіледі. Темір барлық жасыл өсімдіктер құрамына кіреді, хлорофилл түзуге, тыныс алуға қатысады. Адам ағзасында темір мөлшері жетіспеуінен –қан аздық  (анемия ауруы пайда болады. Ол дұрыс тамақтанбаудан,экологиялық себептерден,әлсіреу ,көп қан кету т.б.  пайда болады. Темірдің ең көп мөлшері мына өсімдіктер, тағамдар құрамында: Итмұрын тұнбасы, орамжапыр,ақалма,қара шие,сиыр еті,малдың бауырында.

Темір, оның қосылыстарының қолданылуы:

Магнетит, гемотит, лимонит – шойын және болат өндіру үшін.

Пирит – күкірт қышқылын өндіру үшін

Темір купоросы - өсімдік зиянкестеріне қарсы күресте, минералды бояулар жасауда, ағаш өңдеу үшін қолданылады.

Темір қосылыстары қан аздылық, әлсіздік кезінде дәрі ретінде беріледі.

Болат пен шойын техникада, тұрмыста қолданылады.

Темір хлориді (ІІІ) – суды тазарту үшін, мата бояу үшін  қолданылады.

Темір сульфаты (ІІІ) суды тазарту үшін еріткіш ретінде қолданылады.

4. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

1. Ион алмасу реакциясын аяқта, толық қысқартылған иондық теңдеуін жаз       Ba Cl2+ H2SO4

2. Массасы 80 г кальцийдің зат мөлшерін тап.

3. CaCaOCa (OH)2CaSO4 өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкін болатын  химиялық реакцияларды жаз. 80г кальций жанғанда жұмсалатын оттегі және ауа көлемін тап.                        

5. Білімді бекіту.

1. 30г натрий алюминаты қанша көлем көміртек (ІҮ) оксидімен әрекеттесе алады?         

2NaAlO2+CO2=Na2CO3+Al2O3            V(CO2) қ.ж. →?

2.   200г 15%-тік натрий хлоридімен күміс нитраты әрекеттескенде қанша г күміс хлориді түзіледі.

NaCl+AgNO3=NaNO3+AgCl↓

3.     KСlO3 →KCl+O2 теңдеуіндегі барлық коэфициенттер жиынтығын тап.

Үй тапсырмасы 

 

 

Пәні: химия                        Сынып: 9            Күні  ________ 

Сабақтың тақырыбы: Сандық есептер. Құрамында белгілі қоспасы бар басқа заттың массасын реакция теңдеуі бойынша есептеу

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік мақсаты:   Оқушыларға  құрамында белгілі қоспасы бар басқа заттың массасын реакция теңдеуі бойынша есептеуді үйрету

2. Дамытушылық мақсаты:    Есептеулер жүргізе отырып,  маңызы  туралы түсінік қалыптастыру, практикаға  қолдана білуге, біліктілігін дамыту

3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың Әдіс-тӘсілдері: ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ

Сабақтың кӨрнекіліктері:   фОРМУЛАЛАР

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру: ( ауызша сұрақтар беру).

Жұмыс дәптерлеріндегі  үй тапсырмаларын тексеру, дұрыс еместерін толықтыру (тақтаға жазғызу)

9 сынып есептер жинағы 

ІІІ. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, оқушы белсенділігін арттыру 

(жазбаша тапсырмалар ұсынылады)

ІV. Жаңа материалды меңгерту (түсіндіру):

1.     30%-тік азот қышқылын 20%-тік натрий гидроксидімен суыта отырып бейтараптандыру нәтижесінде алынған тұздың ерітіндідегі массалық үлесін есепте.

m(HNO3) = 100г болсын, сонда ондағы HNO3 массасы 30г болады. Осы 1әдіс: HNO3 массасымен қанша NaOH әрекеттесіп, нәтижесінде қанша тұз түзілетінін анықта.

                                            30г         m1                         m2

HNO3 + NaOH → NaNO3 + Н2О

                            ν    1моль        1моль         1моль

                           М  63г/моль     40г/моль     85г/моль

                           m   63г              40г               85г

 

      

NaOH ерітіндісінің массасы

(100г ерітінді ---------- 0,2г)        

Ал m(HNO3) ерітінді мен m(NaOH) ерітінді     Σ = 195,25г, ал ерітіндідегі

2әдіс: Егер 1моль HNO3 1моль NaOH-пен әрекеттессе 1моль NaNO3 түзіледі.

m1(ерітінді) = mM(HNO3)/ω1 = 210г

m2(ерітінді) = mM(NaOH)/ω2 = 200г

ω(NaNO3)/(m1 + m2) = 85/410 = 0,2073 ≈ 21%

2әдістің артықшылығы көзге көрнеу көрініп тұр. Негізінен 1моль немесе басқа бүтін моль санына шағып есептеу тиімді әдіс болып есептеледі. Әсіресе ол есеп шарты толық емес заттар өзгеруіне тәуелді есептер үшін тиімді. Әйткенмен әрбір нақты жағдайда бастапқы берілгеніне орай тиімді әдісті таңдаған жөн.

Бірнеше типтік есептердің шығарылу жолын қарастырайық:

2.     Пропан мен бутанның ауамен қоспасы (С3Н8) = 30%. Көмірсутектер толық жануы үшін қандай көлемдік қатынаста әзірлеу керек?

Шығарылуы:   Қоспада 3моль С3Н8 болсын. Онда ν (С4Н10) = 7моль

С3Н8 +  5О2 → 3СО2 + 4Н2О

С4Н10 + 6О2 → 4СО2 + 5Н2О

1моль С3Н8 жану үшін 5моль О2 қажет

1моль С4Н10 жану үшін 6,5моль О2 қажет

Жалпы реакцияға кететін оттегінің жалпы шығыны 10моль. Газдар қоспасы үшін 5 · 3 + 6,5· 3 = 60,5моль. Ауадағы отегі үлесі 1/5 екенін ескеріп V(қоспа) : V(ауа) = 10 : (60,5 – 5) = 1: 30

 

3. 20%-тік NaOH ерітіндісін 35%-тік H2SO4 ерітіндісімен байқап нейтралдау арқылы ерітіндідегі су молі бастапқы сілті ерітіндісіндегі су молінен неше есе артық?

1әдіс: NaOH массасы 100г болсын ,сонда m(NaOH) = 20г.

20г NaOH-пен H2SO4-тің қанша массасы әрекеттесетінін және қанша су түзілетінін есептейміз.

2NaOH + H2SO4 = Na2SO4 + 2H2O

Қарапайым пропорциядан мынаны табамыз:

m(H2SO4) = 24,5г

m(H2O) = 9г

Осы ерітіндідегі m(H2O) = 70 – 24,5 = 45,5г

Бастапқы NaOH ерітіндісінде - 80г су, 20г NaOH,  ал H2SO4 ерітіндісінде – 45,5г су, сонымен бірге реакция нәтижесінде 9г H2O түзілді (бейтараптандыру). Судың моль саны су массасына пропорционал болғандықтан алынған ерітіндідегі (H2O) моль санының бастапқы ерітіндідегі (H2O) моль санына қатынасы:

Х = m2(H2O)/ m1(H2O) = (45,5 + 80 + 9) : 80 ≈ 1,68

2әдіс: 2моль NaOH 1моль H2SO4-пен әрекеттессін. Сонда 2моль (36г) H2O түзіледі. Бастапқы ерітіндідегі (NaOH, H2SO4) судың массасын есептейік:

m1(H2O) = 2mM(NaOH) · (1 – ω1)/ ω1 = 320

m2(H2O) = mM(H2SO4) · (1 – ω2)/ ω2 = 182г

Барлық су массасы:  320 + 182 + 36 = 538г

ν2 (H2O)/ν1 (H2O) = 538/320 ≈ 1,6  m1(H2O) = 2· 40· (1 – 0,20)/0,020 = 80 · 0,8/0,020 = 64 : 0,20 = 320г

m2 : ω2 =  mM(H2SO4) :(1 – ω2)

 

4.  Тұз қышқылы кальций карбонатымен әрекеттесуі нәтижесінде 6,820% СаСІ2 ерітіндісі түзілді. Бастапқы ерітіндідегі НСІ-дың массалық үлесін есепте.

1әдіс: Реакцияға 1моль СаСО3 түссін

ν(НСІ) = 2моль,          ν(СаСІ2) = 1моль,           ν(СО2) = 1моль

Біз бір шаманы ойша алғандықтан НСІ ерітіндісіндегі су массасын белгісіз – Х арқылы белгілейміз.  Реакция теңдеуі бойынша:  СаСО3 + 2НСІ = СаСІ2 + СО2↑ + Н2О

СаСІ2 ерітіндісі түзіледі, оның массасы:

                                                         100,09                 2· 36,462                    44,01

m(ерітінді СаСІ2) = mM(СаСО3) + 2mM(НСІ) + Х - mM(СО2) = 100,09 + 72,924 + Х – 44,01= (129,004 + Х)г

Осы ерітіндіде 1моль СаСІ2 бар – 111г

Есеп шарты бойынша:      ω(СаСІ2) = 0,0682 = m(СаСІ2)/ m(ерітінді)

М(СаСО3) = 100,09г/моль;   М(СО2) = 44,01г/моль;   2М(НСІ) = 2 · 36,462г/моль 

Біз мольдік массаны аса үлкен дәлдікпен аламыз, себебі ω(СаСІ2) төрт таңбалыға дейінгі дәлдікпен берілген

0,0682 = 111/129 + Х                        0,0682 · (129 + Х)

8,7978 + 0,0682 · Х = 111                 0,0682 ·  Х = 102,2022

Х = 1498,5 ≈ 1499

ω(НСІ) = 2mM(НСІ)/2mM(НСІ + 1499 = 2 · 36,462/36,462 · 2 + 1499 → 72,924/1571,9  = 0,0464 ≈ 4,64%

 

 Есептер жинағынан тапсырмалар беріледі

V. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу

VI. Үй тапсырмасын беру:  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9 сынып                               Күні:

Сабақтың тақырыбы: Экологиялық мазмұны бар есептер шығару

Мақсаты:

1.     Теориялық алған білімдерін практикамен ұштастыру.

2.     Химиялық формулаларды есте сақтау, есептеу дағдыларын дамыту.

3.     Экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: есептер шығару

Көрнекілігі: слайдтар, қосымша материалдар

Сабақтың барысы:

І. Сұрақ-жауап

1. Экология нені зерттейтін ғылым?

2. Экологияның химиямен байланысы қандай?

3. Қазақстандағы қандай экологиялық проблемаларды білесіздер?

4. Суды ластайтын заттар не деп ойлайсыздар?

5. Ауаны ластағыштарды атаңыз.

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Слайд №1«Су – тіршілік нәрі» десек те, судың құрамында қайсыбір химиялық элемент шектен асып кетсе ол адамның денсаулығына зиянды екендігіне тоқталамын. Мәселен, кадмий қан айналысын бұзса, асбест ісік ауруларына алып келеді, хром бүйректі құртса, сынап ішек ауруын тудырады. Холестеринмен қосылып, қан тамырлары мен тамырша көздерін бітей бастайды.
Нәтижесінде адам склероз, инсульт, инфаркт ауруларына шалдығады.
Көптеген елдерде судың құрамындағы сульфат мөлшері 1 литрге шаққанда 200-400 миллиграмнан келсе, бізде бұл көрсеткіш орта есеппен 500 миллиграмнан айналады.
Куба, ЧССР, Румыния мемлекеттерінің стандартына қарағанда біздегі стронций деңгейі ГОСТ бойынша 7000 есе көп. Цианид мөлшері ГДР, АҚШ, Канада, Румыния елдерімен салыстырғанда 2-10 есе артық. Осының салдарынан елімізде бүйректің қалыпты қызмет етуі, бүйректе тас байлану секілді аурулар жиі кездеседі.

Қазіргі таңда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есептеулеріне қарағанда дерт түрлерінің 80 % тікелей судан болап отыр. Бұл проблема әсіресе Арал өңірінде айрықша мәнге ие болуда.
Қазіргі кезде Сырдария өзенінің су бассейіндері пестицидтермен, ауыр металдармен ластануы айтарлықтай алаңдатушылық білдіруде.
Слайд №2
Мыс ,қорғасын және мырыш сияқты ауыр металдар адам ағзасының тканьдері мен өмірлік маңызды органдарында жоғары кумулятивтік қасиетке ие болып, созылмалы интоксикацияға ұшыратады, ал, ол өз кезегінде онкологиялық ауруларға, жүрек , қан тамырларының аномалиясына әкеліп соқтырады. Сондықтан да су құрамын ауыр металдар ионынан тазарту маңызды да, күрделі міндет болып табылады.

Су көздерін таза ұстау мәселесі бізде де оңып тұрған жоқ. Алматы қаласының көшелерімен өтетін Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Весновка, Қарасу өзендерінде мұнай өнімдерінен басқа да зиянды қалдықтар көп. Автобаздардың, тері комбинатының, қаладан жоғары канализациясы жоқ елді мекендердің қалдықтары өзен суларын ластайды.
80-шы жылдары Жамбыл облысының химия кәсіпорындарында бірнеше рет апат болып, олардың уытты өнімдерін маңайдағы көлдерге құйып «өлі» көлге айналдырды.
Қарағанды облысында Нұра өзені сынап қалдықтарымен уланып адамдар мен қоршаған ортаға өте қауіпті болып отыр.
Жайық өзеніне Ресей мен Қазақстанның химия, металлургия және мәшине жасайтын кәсіпорындары тазаланбаған қалдықтарын төгуде. Осының салдарынан өте бағалы бекіре балықтар ұрық шашатын алқаптар уланып Атырау өңірі көп зиян шегуде.
Судың экологиялық зардаптарының тигізер сырына қанық әрбір адам ауыз суға талап деңгейін жоғары ұстап, оны тазартып ішуге ынталы болуы керек.
Cабақты сайтқа қалай енгіземін?

ІІІ. Оқушылар экологиялық мазмұны бар есептер шығарады:Ашық сабақты сайтқа енгізу

Сертификат алу

Сертификат алу

Қалай ақша аударамын?

Әкімшілікпен хабарласу

Файл алмастырғыш серверлер

http://narod.yandex.ru

http://files.namba.kz

http://www.fayloobmennik.net

http://файлообменник.рф

Сурет сақтау серверлері

http://pics.kz

http://image.kz

http://www.fastpic.biz

Слайд №3

Экологиялық мазмұнды есептер
1. Химияның екі жақтылығын ашатын есеп
Ауыз суынан токсиньді және наркотикалық әсері бар заттардың болатынын анықталған. Сандық және сапалық анализ негізінде өндірістік фенол және мынадай заттардан тұратыны анықталған. Олар: 36,5% көміртегі, 1,5% сутегі, 8,1% оттегі, 53,9% хлор заттың молекулалық формуласын құрыңыз. Оны алудың реакция теңдеуін жазыңыз. Табиғи ортаға осы заттардың мүмкін болатын түсу жолын көрсетіңіз.

2. Технологияныңжетілмегенінқарастыратын есеп
Жылуэлектростанциясытәулігінеқұрамында 75% көміртегіжәне 5% күкіртбар 6400 ткөміржұмсайды. Егергазтүтінінтазалауөндірісіболмаса, тәулігінеқоршағанортағатүсетін CО2 және SО2 оксидтеріжәнекөмірсутектердіңмассасынесептеңіз. Қоршаған ортаға осы шығарылған заттар қандай зиянын тигізеді?

3. Аймақтық экологиялық мәселелерін қарастыратын есеп 1996 жылы Каспий теңізінде қаржының болмауынан газөткізу құрылысында мұнай газының 3млрдм 3 факельде өртелді. Егергазқұрамы: СН4 – 40%, С2Н10 – 20% болса, С3Н8 жәнеС4Н10 – 20% болса, атмосфераға түсетін көмірқышқыл газының көлемін есептеңіз, оның қоршаған ортаға әсері болама?

4. Бекіту.

5. Оқушылардың есептерін тексеріп, бағалау.

6. Үйге тапсырма: Ғаламтордан экологиялық мәнісі бар есептер тауып, шығарып келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Cынып: 9          Пәні: химия           күні:  
Сабақтың тақырыбы: Темірдің маңызды қосылыстары. Қазақстан Республикасындағы темір кен орындары. 
Сабақтың мақсаты: 
1) Білімділік: Қара металлургия кешенінің маңызы мен құрамы туралы, оның шаруашылықтағы рөлі және Қазақстан Республикасындағы темір кен орындары мен құймаларының қолданылуымен таныстыру. Темірдің ІІ және ІІІ оксидтері және гидроксидтері жайлы білім беру. 
2) Дамытушылық: Оқушылардың темір және оның қосылыстары туралы түсініктерін, дүниетанымдарын кеңейту. 
3) Тәрбиелік: Танымдық іс-әрекеттерін, өзіндік жұмыстарды тез орындауға төсілдіру, іздеу, ізденіс әрекеттерін қалыптастыру. Қоршаған ортаны қорғауға, еліміздің байлығын тиімді пайдалануға тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі:  кіріктірілген сабақ.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, өздік ізденіс жұмыс 
Сабақтың пәнаралық байланысы: география, химия 
Сабақтың көрнекілігі: «шойын және болат» жинақтары, металлургиялық кешен картасы, слайдтар, «Қара және түсті металлургия» плакат, бейнекөріністер. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу, көңіл-күйін сабаққа аудару. 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Темір қандай топшада орналасқан? (қосымша) 
2. Темірдің электрондық формуласы.
(1S2 2S2 2P6 3S2 3p6 3d6 4S2 ) 
3.
Темірдің тотығу дәрежелері. (+2, +3) 
4.
Темірдің тотығуы. (4Fe + 3O2 = 2Fe2 O3) 
5.
Темірдің мыс хлоридінен мысты ығыстыру теңдеуі.

(Fe+CuCI2 = Cu+FeCI2) 
ІІІ. Жаңа білімді игерту: 
Темір екі түрлі оксид түзеді: FeO және Fe2 O3 , FeO .

Fe2 O3 (Fe3 O4)-аралас оксид. Олардың құрылымдық формулалары Fe = O, О = Fe – О = О 
Темір (ІІ) оксиді – негіздік оксид 
Темір (ІІІ) оксиді – екідайлы оксид, бірақ негіздік қасиеті басымдау. 
FeO – негіздік оксид, сондықтан қышқылдармен және қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп тұз түзеді. 
FeO + 2Н CI = FeCI2 + H2O 
FeO + CO2 = Fe CO3 
Темір (ІІІ) оксиді Fe2 O3 – ең тұрақты оксид, қызыл-қоңыр түсті, минералы гематит. 
Fe2 O3 – екідайлы болғандықтан қышқылмен

Fe2 O3 + 3Н2SO4 = Fe2 (SO4)3+3H2 O
Қышқылдық оксидпен Fe2 O3 + 3SO3 = Fe2 (SO4)3 
Негізбен Fe2 O3 + 2NaOH = 2Na FeO2 + H2O 
Темірдің гидроксидтері.

Темірдің (ІІ) және (ІІІ) валентті оксидтеріне екі түрлі гидроксидтері сәйкес келеді Fe (ОН)2 – ақ түсті, Fe (ОН)3 – қызыл-қоңыр түсті. Олар суда ерімейтін заттар. 
Темірдің 2 түрлі құймасы бар. Оның қайда өндірілетін жайлы география пәніне білесіздер. 
Химия пәнінен темір қосылыстары тақырыбын өту кезінде география пәнінен қай тақырып бойынша ұқсастықты көріп отырсыздар. Қара металлургия тақырыбын еске түсірейік. (Оқушылар өздері өткен сабақтан алған білімдері бойынша қара металлургия туралы айтады) 
Қазақстанда алынатын металдардың 90% үлес салмағын темір қорытпалары, яғни қара металдар құрайды. Біздің еліміздің темір кені 800 жылға (әлемде 8 орында) жетеді. Кокстелетін көмір қоры 600 жылға жетеді. 
Темір кенінің шикізатының 90% Қостанай мен Атасу алаптарында орналасқан. Осы кендердің барлығы 3 кен байыту комбинаттарында өндіріледі (КБК).
Болат өндіру екі қайта қолданылымнан тұрады. 
1.темір кенін домна пештерінде шойын алу. 
2.сұйық шойынан конверторларда болат алу 
Шойынды, болатты, прокатты жекелей шығаруға болады. Бірақ оларды алуды бір кәсіпорында – комбинатта біріктіру үнемді болады. Осы өндірістің 3 сатысын біріктіретін өндірісті толық циклді металлургия комбинаты деп атайды. 
Тиімді жақтары: 
 - процестер үздіксіз жүреді
 - дайын өнім тез алынады
 - көлік шығыны азаяды
Толық емес циклді қайта балқыту зауыттары бар. Олардан шойын алынбайды, болат метал сынықтарымен  балқытып, прокатқа айналдырады. Ол – Павлодарда Біздің елімізде толық циклді металлургия комбинаты біреу ғана – Теміртау қаласындағы «МитталлСтилТеміртау» АҚ болат құю комбинаты. (бейне көрініс) Онда шойын, прокаттың 100%, болаттың 95% өндіріледі. (болат табақтар, консервілер, ақ қаңылтыр, су-газ құбырлары шығарылады). 
Орналасу принциптері: 
- шикізат және отын базаларына 
- жақын орналастыру керек 
- су энергиясы 
- электр энергиясы 
- табиғи газ 
- экологиялық факторлар  ескерілуі тиіс. 
Болашақта Ақсу феррақорытпа зауыты мен Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты негізінде толық циклді қара металлургия комбинатын салу жоспарлануда. Республикамызда қара металлургияның дамуы үшін қажетті шикізат пен отын түрлері жеткілікті: темір, марганец және хром кендері, коксті тас көмір, қоңыр көмір, тақтатас. Қарағанды, Теміртау металлургия зауыттары. Ақтөбе мен Ақсу феррақорытпа зауыттары жұмыс жасайды. 
Қара металлургия – Қазақстанның маңызды экспорттық саласы. Темір кенін 50%, ферроқорытпаның ¾, прокаттың 90% шет елдерге жіберіледі. Негізгі сатып алушылар – Ресей, Қытай, Еуропа елдері. 
Металлургиядан бөлінетін зиянды газ қалдықтары, күкірт пен азот оксидтерінен атмосфераны қорғау үшін, тұтқыш қондырғылар орнату және мұржаларды биік етіп орналастыру сияқты жаңа технологияларға көшу жолдары қарастырылуды. 
ІV. Бекіту.
Болжау картасымен жұмыс: Дұрыс жауапты тауып, жанына «+», таңбасын қойыңыз (қажет жерінде реакция теңдеуін жазыңыз) 
І-нұсқа Fe О-темір (ІІ) оксиді

ІІ-нұсқа Fe2О3-темір (ІІІ) оксиді 
1 Сіздің қосылысыңыз 
а) оксид 
ә) гидроксид 
б) тұз 
2 Қосылыстағы байланысы 
а) ковалентті полюсті 
ә) ковалентті полюссіз 
б) иондық 
3 Сіздің қосылысыңыздағы темір 
а) екі валентті 
ә) үш валентті 
б) сегіз валентті 
4 Заттың агрегаттық күйі 
а) газ 
ә) сұйық 
б) қатты 
5 Сіздің қосылысыңыз әрекеттеседі 
а) сутек 
ә) сілтімен 
б) қышқылмен 
в) бейметалмен 
г) қыздырғанда ыдырайды 
ғ) металмен 
V. Қорытындылау: 
Кестемен жұмыс: Қорытындылау кестесін толтыру. 

 

 

 

Р/с

Аталуы

 

Химиялық таңбасы

Сыртқы түрі

Қазақстандағы кездесетін жері

Қолданылуы 

1

Алюминий 

 

 

 

 

2

Темір 

 

 

 

 

 
VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: химия      Сынып: 9                                              Күні  ________ 

Сабақтың тақырыбы: Металдар және олардың құймаларының жемірілуі – қоршаған ортаның ластануының нәтижесі, жемірілуге қарсы күрес.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты:   Оқушыларға металдардың жемірілуі туралы мағлұмат беру, жемірілумен күресу жолдарымен таныстыру.

2.Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың металдар және оларға табиғи орта факторларының әсері туралы білімдерін дамыту. 

3.Тәрбиелік мақсаты: Табиғатты қорғауға, металдарды мұқият қарауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, есептер шығару

Көрнекілігі: периодтық жүйе, электронды тақта, презентация

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабабққа даярлығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:   Үйге берілген есептің дұрыс, толық орындалғанын тексеру. Кеткен кемшіліктерді сынып бойынша қатемен жұмыс жасай отырып жою.

Білімді тексеру:

1.     Кендер дегеніміз не?

2.     Полиметалл кендері.

3.     Қазақстандағы кен орындары.

4.     Темірдің биологиялық рөлі.

3. Жаңа сабақты түсіндіру:

Қоршаған орта факторларының әсерінен болатын металдың желіну құбылысы жемірілу (коррозия) деп аталады. Металдардың бәрі бірдей жемірілуге ұшырай бермейді. Кернеу қатарында күмістен соң орналасқан металдар «бекзат металдар» деп аталады, олар іс жүзінде бүлінбейді.

Темірдің таттануы әдетте оттектің әсерінен болады:

 

2Fe0 + 2Н2О  + O2= 2Fe+2 (OH)2

 

Оттек молекуласы темірді алдымен Fe2+ , содан кейін Fe3+ катионына айналдырады:

 

2Fe0 -2е = 2Fe+2                            тотықсыздандырғыш    4   2

 

O20 + 4е = 2О2-2                       тотықтырғыш                2   1

 

4Fe(ОН)2 + 2Н2О  + O2  = 4Fe(OH)3

 

2Fe2+ - е = Fe3+                            тотықсыздандырғыш    1   4

 

O2  + 4е = 2О-2                       тотықтырғыш                4   1

Жемірілу:

1.     Химиялық – электр тогын өткізбейтін ортаның әсерінен пайда болады.

2.     Электрохимиялық – электролит ерітінділерінің балқуы нәтижесінде пайда болады. 

Жемірілумен күресу жолдары:

1.     Металдарды жаңа конструциялық материалдармен алмастрыру.

2.     Жемірілуге тұрақты құймалар алу.

3.     Электрохимиялық қорғау әдістері

4.     Қорғаныш қабаттармен қаптау: а) бейметалдық; ә) металдық.

5.     Қоршаған ортаның құрамын өзгерту.

4.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

Оқушыларға Венн диаграммасын толтыру:

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Білімді бекіту. Есептер жинағынан есептер шығару.

6. Бағалау.

7. Үй тапсырмасын беру. §32 оқу, сұрақтар мен тапсырмалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні:химия                         Сынып: 9            Күні:

Сабақтың тақырыбы: Шойын және болат өндірісі

Білімділік мақсаты:   Сабақта шойын мен болат өндірісіндегі технологиялық үрдістердің ғылыми негіздерін толық ашу.  Оқушылардың темір құймалырына дейінгі аралықтарды еске түсіре отырып,темір металына мәлімет беру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды химиядан білік мен білікке  баули отырып, шығармашылық, танымдық ойын дамыту.

Тәрбиелік  мақсаты:   Оқушылардың іздемпаздылығын, іскерлігін  жауап беру қабілеттерін бағалай отырып,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі :   Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, түсінік айту, сипаттау және ізденіс жұмыстары тірек-сызба жүргізіледі.

Сабаққа қажетті құралдар:    Интерактивті тақтаны слайд көрсету барысында және плакаттар, сызбалар, , тақта, таратпа көрсетілімдер.

Сабақтың барысы:   

 І Ұйымдастыру кезеңі: 

1 кезең:   сәлемдесу

2 кезең:   оқушыларды журнал бойынша түгендеу

3 кезең: сабаққа дайындығын тексеру және сабаққа дайындау

4 кезең :  оқушылар көңілін аударту

ІІ Үй тапсырмасы :

Үйге берілген есептің дұрыс, толық орындалғанын тексеру. Кеткен кемшіліктерді сынып бойынша қатемен жұмыс жасай отырып жою.

1.     Металдарға жалпы сипаттама беріңдер.

2.     Темірге жалпы сипаттама.ъ

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

Темір-жер қыртысында таралуы бойынша Аl кейін 2-ші орында. Басқа металдардың ішінде оның тұтыну үлесі 95% құрайды. Темірді алу процесі-құрамында едәуір мөлшерде С бар шойынды балқыту сатысынан басталады.( с кенді балқытуға қолданылатын кокс немесе ағаш көмірінен келіп түседі) Шойын қаттылығымен ерекшеленеді, бірақ ол морт. Одан С толығымен бөліп алуға болады.

Металдарды алу әдісі: 1. Гидрометаллургия 2. Пирометаллургия  

3.     Электрометаллургия

Соның ішінде темір пирометаллургия әдісі арқылы көміртектермия, сутектермия, әдісімен алынады.

Өнеркәсіпте алынуы: Темірді 3 түрлі әдіспен алуға болады:

Пирометаллургиялық әдіспен: оксидінен тотықсыздандыру арқылы:

Fe2O3 + 3H2 = 2Fe + 3H2O

соның ішінде алюминтермиялық әдіспен:

Fe2O3 + 2Al = Al2O3 + 2Fe

және көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздандыру арқылы: 

Fe3O4 + 4CO = 3Fe + 4CO2

қолданылады. Іс жүзінде темірдің құймалары – шойын мен болат көбірек қолданылады.

         Шойын (Чугун) – жақсы құйылатын қасиеті бар темірмен көміртектің (2% жоғарғы) қорытпасы. Темірдің көміртек (2%-тен астам, әдетте, 3-4,5%), қайсыбір мөлшерде марганец (1,5%-ке дейін), кремний (4,5%-ке дейін), күкірт (0,08%-тен аспайды), фосфор (1,8%- ке дейін), ал кейде басқа да элементтер қосылған қорытпасы. Шойында көміртек темір карбиді Ғе3С түрінде байланысқан күйде болуы мүмкін (сұр Шойын). Шойын темір кендерін домна пештерінде балқыту арқылы алынатын өндеудің бастапқы өнімі; қолданылуы мен химиялық құрамына қарай шойын қолданбалы, яғни болат қорытуға арналған Шойын, құйма Шойын, арнаулы Шойын болып бөлінеді. Шойын құймалардың сапасын жақсарту үшін азғана мөлшерде түрленгіштер қосып түрлендіру және шойынды әр түрлі элементтермен қоспалау қолданылады.

Шойынды арнайы домна пештерінде өндіріледі. Биіктігі 30 м, ішкі диаметрі 12 домна пеші жоғарғы жағындағы шахтасы колошник деп аталатын тесікпен бітеді, ол тесікті колошник воронкасы жауып тұрады

жоғары жағынан алдымен кокс, одан сон қабат-қабат  етіп кенді, коксты, флюсті салады, соңынан коксты салады. Домна пешінің кеңірек бөлігін распар, ал төменгі жағын горн деп атайды. Кенді қорытып шойынға айналдыру үшін домнаның төменгі жағы-горндегі тесік арқылы, ыстық ауа немесе оттегін жібереді. Бос жыныстарды оңай балқитын шлакка айналдыру үшін домнаға флюстер салады. Егер  бос жыныс құм болса,флюс ретінде әктасын қосады. СаСО3 әктас құм мен әрекеттесіп, шлак түзеді СаSiO3. Түзілген СО темір кенімен әрекеттесіп оны бос күйдегі темірге дейін тотықсыздандырады, темір кенінің  тотықсыздануы негізінен домнаның жоғарғы жағында жүреді. Домнаға салынған темір кені таза күйінде емес,құрамында темір оксидтерінен басқа бос жыныстар, мыс: құм  SiO2 кездеседі. Горндегі кокс жанып СО2 –геайналады.ал СО2 жоғары қарай қызған кокстың арасымен өткенде онымен әрекеттесіп, СО айналады. Домананың жоғарғы жағында темір оксидтерінің тотықсыздануы нәтижесінде  түзілген темір пештің төменгі жағына (распарға) түсіп балқиды да көміртегінің біраз мөлшерін ерітіп шойынға айналдырады. Егер ауаның орнына домнаға оттегімен байытылған ау жіберсе, ауаны колошник газымен жылытудың қажеті болмайды. Сондықтан куперлер де керексіз болып қалады, яғни шойын қорыту процесі ықшамдалады және сонымен қатар пештің өнімділігі артады. Жұмсалатын отынның  мөлшері азаяды. Домна пеші бірнеше жыл үзіліссіз жұмыс істеді.тәулігіне 1,5-3 мың т шойын өндіреді. Домнадан шығатын колошник газының құрамында 30% ке дейін Со болады. Бұл газдарды арнаулы кауперлерде жағып домнаға келетін ауаны жылытады. Шойын  ағып,горнның төменгі жағына жиналады, ал массасы жеңіл балқыған шлак шойынның бетіне жиналып,оны тотығып кетуденм сақтап тұрады. Шойын мен шлак жиналған соң ауық-ауық арнаулы тесіктер арқылы құйып алып отырады.,ал оған дейін бұл тесіктерді сазбен бекітіп қояды. Мұнда метал кесектерін және темір кеңін салып балқытады. Жоғары температурада алу үшін ауа қатысында жанғыш газды жағады. Газ жанғанда пештің температурасы 1800 градус жетіп шойын, металл кесектері, темір кені балқып кетеді де ауадағы оттегі арқылы шойынның құрамынлдағы көміртегі жанып газға, ал басқа элементтердің оксидтері шлакка айналады. Шойынды болатқа айналдыру үшін пішіні алмұрт тәрізді конвертордағы балқыған шойын арқылы ауа үрлейді. Шойынның құрамында,ы С және басқа элементтер жанып  газдар және шлактар түрінде бөлінеді., ал құрамындағы С мен басқа элемнеттер мөлшері азайған шойын болатқа айналады.

Домнадан алынған  шойында 93% шамасында темір, 5% С және0,3% Si, 1% ке дейін Мn, 0,1% S, 0,5 P  кейде басқа қосымшаларда болады.

Шойында көміртек темір карбиді Ғе3С түрінде байланысқан күйде болуы мүмкін (сұр Шойын).

Шойыннан болат қорыту үшін шойынның құрамындағы  С –тің мөлшерін 2%-ке азайтып, басқа элементтерді немесе шлак, не газ түрінде бөлу керек

Құйма шойын-  құрамында С гарфит түрінде болады

        Болат  (араб. фолад) — темірдің көміртекпен (2%-ке дейін) және басқа элементтермен қорытпасы. Ол деформалануға төзімді (созылмалық қасиеті бар). Болат — қара металлургия өндірісінің негізгі өнімі және қазіргі машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын негізгі материал. Болат өндірісінің көлемі мемлекеттің техника-экономика деңгейін сипаттайды.  Құрамы:  Хим. құрамына қарай көміртекті және легирленген болат болып бөлінеді. Көміртекті болаттың құрамында темір мен көміртектен басқа марганец (1%-ке дейін) және кремний (0,4%-ке дейін), сондай-ақ, зиянды қоспалар — күкірт, фосфор, т.б. элементтер болады. Болаттың сапасын жақсарту үшін қорытпа құрамына хром, никель, молибден, ванадий, вольфрам, марганец, кремний, т.б. элементтер қосылады. Мұндай қорытпа легирленген Болат деп аталады.

        Болаттың құрылымын жақсарту. Болаттың құрылымын жақсарту үшін оны термиялық өңдеуден өткізеді; термиялық өңдеудің маңызды әдісі — болатты суару және жасыту. Болатты суарғанда 760 — 900ӘС-ға дейін қыздырып, бірден суға малып суытады, мұның нәтижесінде болат қатты және берік болады, бірақ томырық, морт сынғыш келеді. Суарған болатты қайта қыздырып, біртіндеп суытқанда, болат босап, жұмсап, жасиды. Болаттан жасалған кейбір заттардың сырты қатты, іші жұмсақ болуы керек кездері де болады (мыс., автомашина осінің сырты қажалмайтын қатты болуымен бірге, машина ой-шұқырға соғылған кезде, ось морт сынып кетпес үшін іші жұмсақ болуы керек). Міне, осындайда металдың сыртқы бетінің хим. құрамын өзгертетін мынадай бірнеше әдістер бар: цементтеу — жұмсақ болаттан жасалған заттың сыртқы бетіне көміртек сіңіреді; азоттау — болаттан жасалған затты аммиак ішінде 500 — 600ӘС-та 20 мин. ұстайды; циандау — заттың бетін көміртек әрі азотпен байытады; осы сияқты жылу арқылы силицийлеу, алюминийлеу, хромдау әдістері бар. Пайдалану ретіне қарай Болат мынадай негізгі топтарға бөлінеді: құралымдық Болат , аспаптық Болат және айрықша хим.-физикалық қасиеттері бар Болат (қышқылға төзімді Болат , тот баспайтын Болат , ыстыққа төзімді Болат , электр тех. Болат , т.б.).

Қайта өндірілетін  шойын құрамында- С цеминет Fe3 C түрінде болады және одан болат өндіріледі.

Қазақстандағы қара металлургия

Соколов-Сарыбай темір кені өнеркәсібі

Лисаковск кен байыту комбинаты

Теміртаудағы Металлургия зауыты орналасқан

Бұл екі зауыт

Атасу және кокс,флюстер, отқа төзімді заттар мен электр энергиясын өндіретін өнеркәсіптермен бірге  ірі қарағанды металлургиялық комбинатын  құрайды.

1964 ж. Қазақстан магниткасы — Қарағанды металлургия з-тында (1970 жылдан кейін Қарағанды металлургия комбинат, 1997 жылдан “Испат-Қармет”) Болат қорытатын екі мартен пеші (әрқайсысының сыйымд. 650 т), ал 1970 ж. әрқайсысының сыйымд. 300 т (іс жүзінде 350 т) үш оттекті конвертерлер іске қосылды. Конвертер цехтарының жылдық өнімд. 5,7 млн. т. Онда ауыр жүк көтеретін автомобильдердің рамаларына керекті аса берік лонжеронды Болат балқыту, Болаттың оттегісі аз және оттегісі төмен маркаларынан ақ қаңылтырлы және сортты прокат алу, сондай-ақ, электр тех. Болат алу, т.б. технологиялар игерілген.

         IV. Жаңа сабақты бекіту.

         № 1   тапсырма.  Барлыгына  толтырылмаған домна пешінің үлгісі беріледі. Соған презентацияда  көрген  реакция теңдеуін жазады.

Жаксы жазған оқу тақтадағы үлгісін толтырады.

         № 2 тапсырма .  

1.     Домна пешінің құрылысы, жалпы сипаттама.

2.     Шойын өндірісі.

3.     Болат пен шойын өндірісінің ерекшелігі.

4.     Қандай жолмен шойынды болатқа айналдыруға болады.

5.     Темірді кеннендомна пешин колданбай тікелей алудың артықшылығы неде?

        V.Үйге тапсырма.

1.     Домна пешінде жүретін реакциялардың бірі :

Fe2O3 +3CO → 2Fe +3CO2. Осы теңдеу бойынша 32 г әрекеттесетін тотықсыздандырғыштың  зат мөлшері?

2.     Массасы 120 г темір (III) оксидін көміртекпен тотықсыздандырғанда массасы 67,2 г темір түзілді. Темірдің теориялықпен салыстырєғандағы шығымы?

3.     Массасы 26,4 г темір (II) оксиді мен темірдің  қоспасын термиялық тотықсыздандырғанда 4,5 г су түзілсе, осы реакцияның соңындағы темірдің зат мөлшері.

4.     Шойын мен болаттың қолдану аймағы және олардан жасалатын құралдар жайлы пайдасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: химия                            9 сынып                                      Күні  ________ 

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы қара және түсті металлургияның дамуы. Металдар және олардың құймаларын алу әдістері.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:  металл кендері жайлы түсінікті дамыту. Қазақстанның кен орындары жайлы мәліметтер беру. Жергілікті материалдарды пайдалана отырып, оқушыларды елін-жерін сүюге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: «Металлургия» ұғымын қалыптастырып, белсенділігі әртүрлі металдарды өндіру әдісі туралы мағлұмат беру.

 3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: «Минералдар және тау жыныстары» жинақтамасы, «Металл кендері» кестелері, электролизер моделі, т.б.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабабққа даярлығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

2. Сабақты қабылдауға дайындақ. Сұрақ-жауап әдісін пайдаланып, үй тапсырмасын еске түсіруге болады.

1.Жемірілу деген не?

2.Жемірілудің металдардың белсенділігіне қандай қатынасы бар?

3.Жемірілудің қандай түрлері бар?

4.Жемірілумен күресудің басты бағыттарын атап беріңдер.

3. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Географиядан алған оқушылардың алғын білімін пайдалана отырып, Қазақстанның кен байлығын еске түсіру қажет.  Қазақстан жерінде периодтық жүйедегі элементтердің барлығының дерлік қосылыстары кездесетінін, бір ғана Алтайдың Қазақстанға қарасты жағындағы кен орындары және соның ішінде 900-гежуық полиметалл кен көздері табылғаны айтылады. Қазақстанның басты байлығы-түсті металадар. Түсті металдар: ауыр, жеңіл, асыл, сирек кездесетін металдар болып бөлінетіні туралы мағлұмат беріледі.

1.Ауыр түсті металдарға: мыс, қорғасын, мырыш жатады. Мыс кен орнының маңыздылары-Жезқазған, Қоңырат, Саяқ, Қаратас жерлерінде.

Қорғасын, мрыш кен орындары-Жәйрем, Ащысай, Текелі, Зырян, Ертіс, т.б. жерлер бар.

2.Асыл түсті металдарға: алтын, күміс, платина, осмий, палладий жатса, олардың кен орындары-Жолымбет, Майқайың, Бақыршық жерлерінде кездеседі. Ал платиноидтардың ала, Солтүстік Балқаш пен Алтайда бар.

Кендерден металдарды бөліп алумен металлургия өнеркәсібі айналысады, ол грек тілінен аударғанда металлдарды өңдеу деген сөз екенін түсіндіріп кеткен жөн. Қазақстан кен байлықтары мен металлургия өнеркәсібі сөз болғанда, тұңғыш академик Қ. Сәтбаевтың қосқан үлесі кеңінен айтылып, оқушыларға ол туралы реферат даярлатуға да болады. Мұндай мәліметтерді пайдалану, сабақтың мазмұнын ашумен қатар оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеп, туған жер байлығына құрмет сезімін оятады. Оқушылардың туған жерге, оның қара тасын ардақтап ғалымдарға деген құрмет сезімін қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі болып табылады. Оқушы ізденуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылады.

Бүгінгі металлургия саласы адамзатқа 80-нен аса таза металл және 5000-нан аса қасиеттері алуан түрлі құймалар беріп отыр.

Енді еліміздегі бай кен орындарынан таза металды бөліп алдың өндірістік тәсілдерін анықтауды оқушылардың ізденімпаздық әрекетін дамыту үшін қосымша тапсырма ретінде беруге болады. Қазіргі заманғы металлургия металдарды бөліп алу әдістеріне қарай 3-ке бөлінеді. Оқушылардың назарын оқулықтағы кестеге айдарған жөн.

Оқушылар географиялық карта көмегімен Қазақстандағы металлургия өнеркәсібі дамыған аудандарды атайды. Мысалы, Қарағанды металлургия комбинаты, Соколов-Сарыбай, Лиосков және Қашар комбинаттары темір кендерінің концентартымен жұмыс істеп, феррохром шығарады. Ақтөбе зауыты Оралдан жеткізілетін кварцитті пайдаланып, ферросилиций шығарады. Шымкентте қоғасын зауыты, Текеліде қорғасын-мырыш комбинаты бар.

Алюминий және титан-магний өндірісі Өскемен мен Павлодарда бар.

Балқаш және Жезқазған кен металлургия комбинаттары –мыс өнеркәсібінің аса ірі кәсіпорындары. Осы өндірістердің дамуына зор үлес қосқан ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.

Ғалым Қазақстанның қазба байлықтарын зерттеп, оның металлогендік картасын жасады. Алдын ала Қазақстанның кен орындары, өнлірістік комбинаттары туралы оқушыларға хабарлама даярлатқан жөн.

4. жаңа сабақты қорытындылау мақсатында тест сұрақтарын даярлап, ұсынуға болады.

1.Жеңіл балқитын металдар.

2.Металдарды алудың қандай әдістерін білесіңдер?

3.Электр тоғын ең күшті өткізетін металл.

4.Қ. Сәтбаев ашқан кен орындары, т.б.

Мұғалім әр сұраққа 3-4-жауап даярлап, тест түрінде ұсынады. Оқушылардың өздеріне сыныпта даярлатуға да болады.

5.Үйге тапсырма. §33. 1-9-жаттығулар. Қосымша әдебиеттер. Жұмыс дәптерінен тапсырмалар. Реферат даярлау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: химия                            9 сынып                                      Күні  ________ 

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы қара және түсті металлургияның дамуы. Металдар және олардың құймаларын алу әдістері.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:  металл кендері жайлы түсінікті дамыту. Қазақстанның кен орындары жайлы мәліметтер беру. Жергілікті материалдарды пайдалана отырып, оқушыларды елін-жерін сүюге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: «Металлургия» ұғымын қалыптастырып, белсенділігі әртүрлі металдарды өндіру әдісі туралы мағлұмат беру.

 3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: «Минералдар және тау жыныстары» жинақтамасы, «Металл кендері» кестелері, электролизер моделі, т.б.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабабққа даярлығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

2. Сабақты қабылдауға дайындақ. Сұрақ-жауап әдісін пайдаланып, үй тапсырмасын еске түсіруге болады.

1.Жемірілу деген не?

2.Жемірілудің металдардың белсенділігіне қандай қатынасы бар?

3.Жемірілудің қандай түрлері бар?

4.Жемірілумен күресудің басты бағыттарын атап беріңдер.

3. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Географиядан алған оқушылардың алғын білімін пайдалана отырып, Қазақстанның кен байлығын еске түсіру қажет.  Қазақстан жерінде периодтық жүйедегі элементтердің барлығының дерлік қосылыстары кездесетінін, бір ғана Алтайдың Қазақстанға қарасты жағындағы кен орындары және соның ішінде 900-гежуық полиметалл кен көздері табылғаны айтылады. Қазақстанның басты байлығы-түсті металадар. Түсті металдар: ауыр, жеңіл, асыл, сирек кездесетін металдар болып бөлінетіні туралы мағлұмат беріледі.

1.Ауыр түсті металдарға: мыс, қорғасын, мырыш жатады. Мыс кен орнының маңыздылары-Жезқазған, Қоңырат, Саяқ, Қаратас жерлерінде.

Қорғасын, мрыш кен орындары-Жәйрем, Ащысай, Текелі, Зырян, Ертіс, т.б. жерлер бар.

2.Асыл түсті металдарға: алтын, күміс, платина, осмий, палладий жатса, олардың кен орындары-Жолымбет, Майқайың, Бақыршық жерлерінде кездеседі. Ал платиноидтардың ала, Солтүстік Балқаш пен Алтайда бар.

Кендерден металдарды бөліп алумен металлургия өнеркәсібі айналысады, ол грек тілінен аударғанда металлдарды өңдеу деген сөз екенін түсіндіріп кеткен жөн. Қазақстан кен байлықтары мен металлургия өнеркәсібі сөз болғанда, тұңғыш академик Қ. Сәтбаевтың қосқан үлесі кеңінен айтылып, оқушыларға ол туралы реферат даярлатуға да болады. Мұндай мәліметтерді пайдалану, сабақтың мазмұнын ашумен қатар оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеп, туған жер байлығына құрмет сезімін оятады. Оқушылардың туған жерге, оның қара тасын ардақтап ғалымдарға деген құрмет сезімін қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі болып табылады. Оқушы ізденуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылады.

Бүгінгі металлургия саласы адамзатқа 80-нен аса таза металл және 5000-нан аса қасиеттері алуан түрлі құймалар беріп отыр.

Енді еліміздегі бай кен орындарынан таза металды бөліп алдың өндірістік тәсілдерін анықтауды оқушылардың ізденімпаздық әрекетін дамыту үшін қосымша тапсырма ретінде беруге болады. Қазіргі заманғы металлургия металдарды бөліп алу әдістеріне қарай 3-ке бөлінеді. Оқушылардың назарын оқулықтағы кестеге айдарған жөн.

Оқушылар географиялық карта көмегімен Қазақстандағы металлургия өнеркәсібі дамыған аудандарды атайды. Мысалы, Қарағанды металлургия комбинаты, Соколов-Сарыбай, Лиосков және Қашар комбинаттары темір кендерінің концентартымен жұмыс істеп, феррохром шығарады. Ақтөбе зауыты Оралдан жеткізілетін кварцитті пайдаланып, ферросилиций шығарады. Шымкентте қоғасын зауыты, Текеліде қорғасын-мырыш комбинаты бар.

Алюминий және титан-магний өндірісі Өскемен мен Павлодарда бар.

Балқаш және Жезқазған кен металлургия комбинаттары –мыс өнеркәсібінің аса ірі кәсіпорындары. Осы өндірістердің дамуына зор үлес қосқан ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.

Ғалым Қазақстанның қазба байлықтарын зерттеп, оның металлогендік картасын жасады. Алдын ала Қазақстанның кен орындары, өнлірістік комбинаттары туралы оқушыларға хабарлама даярлатқан жөн.

4. Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында тест сұрақтарын даярлап, ұсынуға болады.

1.Жеңіл балқитын металдар.

2.Металдарды алудың қандай әдістерін білесіңдер?

3.Электр тоғын ең күшті өткізетін металл.

4.Қ. Сәтбаев ашқан кен орындары, т.б.

Мұғалім әр сұраққа 3-4-жауап даярлап, тест түрінде ұсынады. Оқушылардың өздеріне сыныпта даярлатуға да болады.

5.Үйге тапсырма. §33. 1-9-жаттығулар. Қосымша әдебиеттер. Жұмыс дәптерінен тапсырмалар. Реферат даярлау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: химия                            9 сынып                                      Күні  ________ 

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы қара және түсті металлургияның дамуы. Металдар және олардың құймаларын алу әдістері.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:  металл кендері жайлы түсінікті дамыту. Қазақстанның кен орындары жайлы мәліметтер беру. Жергілікті материалдарды пайдалана отырып, оқушыларды елін-жерін сүюге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: «Металлургия» ұғымын қалыптастырып, белсенділігі әртүрлі металдарды өндіру әдісі туралы мағлұмат беру.

 3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: «Минералдар және тау жыныстары» жинақтамасы, «Металл кендері» кестелері, электролизер моделі, т.б.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабабққа даярлығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

2. Сабақты қабылдауға дайындақ. Сұрақ-жауап әдісін пайдаланып, үй тапсырмасын еске түсіруге болады.

1.Жемірілу деген не?

2.Жемірілудің металдардың белсенділігіне қандай қатынасы бар?

3.Жемірілудің қандай түрлері бар?

4.Жемірілумен күресудің басты бағыттарын атап беріңдер.

3. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Географиядан алған оқушылардың алғын білімін пайдалана отырып, Қазақстанның кен байлығын еске түсіру қажет.  Қазақстан жерінде периодтық жүйедегі элементтердің барлығының дерлік қосылыстары кездесетінін, бір ғана Алтайдың Қазақстанға қарасты жағындағы кен орындары және соның ішінде 900-гежуық полиметалл кен көздері табылғаны айтылады. Қазақстанның басты байлығы-түсті металадар. Түсті металдар: ауыр, жеңіл, асыл, сирек кездесетін металдар болып бөлінетіні туралы мағлұмат беріледі.

1.Ауыр түсті металдарға: мыс, қорғасын, мырыш жатады. Мыс кен орнының маңыздылары-Жезқазған, Қоңырат, Саяқ, Қаратас жерлерінде.

Қорғасын, мрыш кен орындары-Жәйрем, Ащысай, Текелі, Зырян, Ертіс, т.б. жерлер бар.

2.Асыл түсті металдарға: алтын, күміс, платина, осмий, палладий жатса, олардың кен орындары-Жолымбет, Майқайың, Бақыршық жерлерінде кездеседі. Ал платиноидтардың ала, Солтүстік Балқаш пен Алтайда бар.

Кендерден металдарды бөліп алумен металлургия өнеркәсібі айналысады, ол грек тілінен аударғанда металлдарды өңдеу деген сөз екенін түсіндіріп кеткен жөн. Қазақстан кен байлықтары мен металлургия өнеркәсібі сөз болғанда, тұңғыш академик Қ. Сәтбаевтың қосқан үлесі кеңінен айтылып, оқушыларға ол туралы реферат даярлатуға да болады. Мұндай мәліметтерді пайдалану, сабақтың мазмұнын ашумен қатар оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеп, туған жер байлығына құрмет сезімін оятады. Оқушылардың туған жерге, оның қара тасын ардақтап ғалымдарға деген құрмет сезімін қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі болып табылады. Оқушы ізденуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылады.

Бүгінгі металлургия саласы адамзатқа 80-нен аса таза металл және 5000-нан аса қасиеттері алуан түрлі құймалар беріп отыр.

Енді еліміздегі бай кен орындарынан таза металды бөліп алдың өндірістік тәсілдерін анықтауды оқушылардың ізденімпаздық әрекетін дамыту үшін қосымша тапсырма ретінде беруге болады. Қазіргі заманғы металлургия металдарды бөліп алу әдістеріне қарай 3-ке бөлінеді. Оқушылардың назарын оқулықтағы кестеге айдарған жөн.

Оқушылар географиялық карта көмегімен Қазақстандағы металлургия өнеркәсібі дамыған аудандарды атайды. Мысалы, Қарағанды металлургия комбинаты, Соколов-Сарыбай, Лиосков және Қашар комбинаттары темір кендерінің концентартымен жұмыс істеп, феррохром шығарады. Ақтөбе зауыты Оралдан жеткізілетін кварцитті пайдаланып, ферросилиций шығарады. Шымкентте қоғасын зауыты, Текеліде қорғасын-мырыш комбинаты бар.

Алюминий және титан-магний өндірісі Өскемен мен Павлодарда бар.

Балқаш және Жезқазған кен металлургия комбинаттары –мыс өнеркәсібінің аса ірі кәсіпорындары. Осы өндірістердің дамуына зор үлес қосқан ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.

Ғалым Қазақстанның қазба байлықтарын зерттеп, оның металлогендік картасын жасады. Алдын ала Қазақстанның кен орындары, өнлірістік комбинаттары туралы оқушыларға хабарлама даярлатқан жөн.

4. Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында тест сұрақтарын даярлап, ұсынуға болады.

1.Жеңіл балқитын металдар.

2.Металдарды алудың қандай әдістерін білесіңдер?

3.Электр тоғын ең күшті өткізетін металл.

4.Қ. Сәтбаев ашқан кен орындары, т.б.

Мұғалім әр сұраққа 3-4-жауап даярлап, тест түрінде ұсынады. Оқушылардың өздеріне сыныпта даярлатуға да болады.

5.Үйге тапсырма. §33. 1-9-жаттығулар. Қосымша әдебиеттер. Жұмыс дәптерінен тапсырмалар. Реферат даярлау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: химия                            9 сынып                                      Күні  ________ 

Сабақтың тақырыбы: Металдардың қосылыстарының табиғатта кездесуі.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Металдардың қосылыстарының табиғатта таралуы туралы мәлімет беру.

2.Дамытушылық: Металдардың қасиеттеріндегі ерекшеліктеріне назар аудара отырып, қосылыстарын тереңірек үйрету. Сонымен қатар химия пәнін географиямен байланыстыра өту.

3.Тәрбиелік: Оқушылардың тұлғалық қалыптасуын дайындау арқылы металдар мен бейметалдардың қосылыстарының өмірде, тұрмыста қолданылуын білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ –жауап.

Көрнекілігі: Кітап,  Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, кітап-даптерлерін алып тек сабаққа көңіл аударуын қадағалау.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:   Үйге берілген есептің дұрыс, толық орындалғанын тексеру. Кеткен кемшіліктерді сынып бойынша қатемен жұмыс жасай отырып жою.

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою:

1.     Металдардың электрохимиялық кернеу қатарын кім қай жылы  құрастырды?

2.     Металдардың химиялық қасиеттеріне сипаттама беріңдер.

3.     Металдардың жалпы физикалық қасиеттерін сипаттаңдар.

4.     Жаңа сабақты түсіндіру:

Көптеген металдар табиғатта кең таралған. Кейбір металдардың жер қыртысындағы мөлшері мынандай: алюминий – 7,5%, темір – 4,7%, кальций – 3,4%, натрий – 2,6%, магний – 2,3%, калий – 2,4%.

Металдар табиғатта әртүрлі күйде кездеседі. Күміс, алтын, платина, мыс кейде сынап бос күйінде, ал металдардың көп бөлігі табиғатта кендер мен қосылыстар түрінде кездеседі. Олар оксидтер, сульфаттар, карбонаттар және басқа химиялық қосылыстар түзеді.

Еліміздің аумағында периодтық жүйедегі барлық элементтердің табиғи қосылыстары кездеседі. Әсіресе металл кендеріне бай, уран, вольфрам, мырыш және барий қоры жөнінен дүнежүзіндегі алдыңғы орында. Қорғасын, хром, алтын, күміс, мыс, марганец, темір, қалайы қоры да жеткілікті.

Қазақстанда мыс малахит, халькозин, куприт, халькопирит минералдары түрінде кездеседі. Мыс кендері Шығыс Қазақсанда, Жезқазғанда, Балқаш маңында, Жоңғар Алатауында кездеседі. Мыс Жезқазғаннан басқа Өскемен және Риддер полиметалл комбинаттарында өндіріледі.

Мыс топшасы элементтері, алтын мен күміс полиметалдық кендер құрамына кіреді. Жамбыл облысындағы Ақбақай кен орнындағы фабрикада алтын өндіріледі.

Оңтүстік Қазақстанда Қаратауда Фосфориттердің ірі кен орындары бар. Фосфорит кен орындары сонымен қатар Ақтөбе облысында Жем өзенінің жоғары ағысында кездеседі.

Алюминий кендері Торғай ойпатында, Ертіс маңында, Оңтүстік Қазақстанда таралған. Олардан тасылатын боксит кендерінен Павлодар алюминий зауытында металл күйіндегі алюминий өндіріледі.

Хром кендері Қостанай, Ақтөбе, Семей өңірінде кездеседі. Хромиттен Ақтөбе хром қосылыстары зауытында металл хром және оның аса маңызды қосылыстары кездеседі.

Қазақстанда кездесетін темір минералдары: магнетит, магномагнетит, титаномагнетит, т.б. бұлардың өндірістік кендері Қарағанды, Қостанай, Жезқазған, Торғай, Көкшетау жерлерінде орналасқан.

Күкірттің ең бай қоры – майқайыңда, таза күкірт Алтайда, Жоңғар Алатауында, сондай-ақ тұздары – мирабилит (глаубер тұзы) Павлодар жеріндегі Ақболат көлдерінде кездеседі. Одан басқа металл сульфидтері түрінде Жосалыда, Успенде, Ырғызда, Сакалов-Сарыбайда, Қоңыратта кездеседі.

Мінеки, бүгін біз металдар қосылыстарының табиғатта, елімізде қай жерлерде кездесетінімен таныстық. Тақырыпты одан ары меңгеру үшін есептер шығарамыз. Сабаққа белсендірек қатысқан оқушыларды бағалаймын.

5.     Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

№1 есеп. 80% кальций корбанаты бар 200г  әктасқа азот қышқылымен әсер еткенде СО2-нің қандай көлемі (қ.ж.) бөлінеді?

№2 есеп. 80 г екі валентті металдың корбанаты ыдырағанда 17,92л СО2 (қ.ж.) бөлінген. Белгісіз металл карбонатын табыңдар.

5. Білімді бекіту.

1. Елімізде түсті металдардың кен орындары қай аумақта орналасқан?

2. Жер қыртысында ең көп кездесетін бейметалл?

3. Қара металлургияның кен орындарын ата.

4. Металдардың табиғатта кездесуі.

6. Бағалау.

7. Үй тапсырмасын беру. §4.6 оқу,№5есеп, 136 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: химия               9 сынып             Күні  ________ 

Сабақтың тақырыбы: Сандық есептер. Құрамында белгілі қоспасы бар басқа заттың массасын реакция теңдеуі бойынша есептеу

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік мақсаты:   Оқушыларға  құрамында белгілі қоспасы барбасқа заттың массасын реакция теңдеуі бойынша есептеуді үйрету

2. Дамытушылық мақсаты:    Есептеулер жүргізе отырып,  маңызы  туралы түсінік қалыптастыру, практикаға  қолдана білуге, біліктілігін дамыту

3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың Әдіс-тӘсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс

Сабақтың кӨрнекіліктері:   Формулалар

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру: ( ауызша сұрақтар беру).

Жұмыс дәптерлеріндегі  үй тапсырмаларын тексеру, дұрыс еместерін толықтыру (тақтаға жазғызу)

9 сынып есептер жинағы 

ІV. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, оқушы белсенділігін арттыру 

(жазбаша тапсырмалар ұсынылады)

V. Жаңа материалды меңгерту (түсіндіру):

1.3             Берілгені толымсыз есептер

30%-тік азот қышқылын 20%-тік натрий гидроксидімен суыта отырып бейтараптандыру нәтижесінде алынған тұздың ерітіндідегі массалық үлесін есепте.

m(HNO3) = 100г болсын, сонда ондағы HNO3 массасы 30г болады. Осы 1әдіс: HNO3 массасымен қанша NaOH әрекеттесіп, нәтижесінде қанша тұз түзілетінін анықта.

                                            30г         m1                         m2

HNO3 + NaOH → NaNO3 + Н2О

                            ν    1моль        1моль         1моль

                           М  63г/моль     40г/моль     85г/моль

                           m   63г              40г               85г

 

      

NaOH ерітіндісінің массасы

(100г ерітінді ---------- 0,2г)        

Ал m(HNO3) ерітінді мен m(NaOH) ерітінді     Σ = 195,25г, ал ерітіндідегі

2әдіс: Егер 1моль HNO3 1моль NaOH-пен әрекеттессе 1моль NaNO3 түзіледі.

m1(ерітінді) = mM(HNO3)/ω1 = 210г

m2(ерітінді) = mM(NaOH)/ω2 = 200г

ω(NaNO3)/(m1 + m2) = 85/410 = 0,2073 ≈ 21%

2әдістің артықшылығы көзге көрнеу көрініп тұр. Негізінен 1моль немесе басқа бүтін моль санына шағып есептеу тиімді әдіс болып есептеледі. Әсіресе ол есеп шарты толық емес заттар өзгеруіне тәуелді есептер үшін тиімді. Әйткенмен әрбір нақты жағдайда бастапқы берілгеніне орай тиімді әдісті таңдаған жөн.

Бірнеше типтік есептердің шығарылу жолын қарастырайық:

1.4 Пропан мен бутанның ауамен қоспасы (С3Н8) = 30%. Көмірсутектер толық жануы үшін қандай көлемдік қатынаста әзірлеу керек?

Шығарылуы:   Қоспада 3моль С3Н8 болсын. Онда ν (С4Н10) = 7моль

С3Н8 +  5О2 → 3СО2 + 4Н2О

С4Н10 + 6О2 → 4СО2 + 5Н2О

1моль С3Н8 жану үшін 5моль О2 қажет

1моль С4Н10 жану үшін 6,5моль О2 қажет

Жалпы реакцияға кететін оттегінің жалпы шығыны 10моль. Газдар қоспасы үшін 5 · 3 + 6,5· 3 = 60,5моль. Ауадағы отегі үлесі 1/5 екенін ескеріп V(қоспа) : V(ауа) = 10 : (60,5 – 5) = 1: 30

 

1.5 20%-тік NaOH ерітіндісін 35%-тік H2SO4 ерітіндісімен байқап нейтралдау арқылы ерітіндідегі су молі бастапқы сілті ерітіндісіндегі су молінен неше есе артық?

1әдіс: NaOH массасы 100г болсын ,сонда m(NaOH) = 20г.

20г NaOH-пен H2SO4-тің қанша массасы әрекеттесетінін және қанша су түзілетінін есептейміз.

2NaOH + H2SO4 = Na2SO4 + 2H2O

Қарапайым пропорциядан мынаны табамыз:

m(H2SO4) = 24,5г

m(H2O) = 9г

Осы ерітіндідегі m(H2O) = 70 – 24,5 = 45,5г

Бастапқы NaOH ерітіндісінде - 80г су, 20г NaOH,  ал H2SO4 ерітіндісінде – 45,5г су, сонымен бірге реакция нәтижесінде 9г H2O түзілді (бейтараптандыру). Судың моль саны су массасына пропорционал болғандықтан алынған ерітіндідегі (H2O) моль санының бастапқы ерітіндідегі (H2O) моль санына қатынасы:

Х = m2(H2O)/ m1(H2O) = (45,5 + 80 + 9) : 80 ≈ 1,68

2әдіс: 2моль NaOH 1моль H2SO4-пен әрекеттессін. Сонда 2моль (36г) H2O түзіледі. Бастапқы ерітіндідегі (NaOH, H2SO4) судың массасын есептейік:

m1(H2O) = 2mM(NaOH) · (1 – ω1)/ ω1 = 320

m2(H2O) = mM(H2SO4) · (1 – ω2)/ ω2 = 182г

Барлық су массасы:  320 + 182 + 36 = 538г

ν2 (H2O)/ν1 (H2O) = 538/320 ≈ 1,6  m1(H2O) = 2· 40· (1 – 0,20)/0,020 = 80 · 0,8/0,020 = 64 : 0,20 = 320г

m2 : ω2 =  mM(H2SO4) :(1 – ω2)

 

1.6  Тұз қышқылы кальций карбонатымен әрекеттесуі нәтижесінде 6,820% СаСІ2 ерітіндісі түзілді. Бастапқы ерітіндідегі НСІ-дың массалық үлесін есепте.

1әдіс: Реакцияға 1моль СаСО3 түссін

ν(НСІ) = 2моль,          ν(СаСІ2) = 1моль,           ν(СО2) = 1моль

Біз бір шаманы ойша алғандықтан НСІ ерітіндісіндегі су массасын белгісіз – Х арқылы белгілейміз.  Реакция теңдеуі бойынша:  СаСО3 + 2НСІ = СаСІ2 + СО2↑ + Н2О

СаСІ2 ерітіндісі түзіледі, оның массасы:

                                                         100,09                 2· 36,462                    44,01

m(ерітінді СаСІ2) = mM(СаСО3) + 2mM(НСІ) + Х - mM(СО2) = 100,09 + 72,924 + Х – 44,01= (129,004 + Х)г

Осы ерітіндіде 1моль СаСІ2 бар – 111г

Есеп шарты бойынша:      ω(СаСІ2) = 0,0682 = m(СаСІ2)/ m(ерітінді)

М(СаСО3) = 100,09г/моль;   М(СО2) = 44,01г/моль;   2М(НСІ) = 2 · 36,462г/моль 

Біз мольдік массаны аса үлкен дәлдікпен аламыз, себебі ω(СаСІ2) төрт таңбалыға дейінгі дәлдікпен берілген

0,0682 = 111/129 + Х                        0,0682 · (129 + Х)

8,7978 + 0,0682 · Х = 111                 0,0682 ·  Х = 102,2022

Х = 1498,5 ≈ 1499

ω(НСІ) = 2mM(НСІ)/2mM(НСІ + 1499 = 2 · 36,462/36,462 · 2 + 1499 → 72,924/1571,9  = 0,0464 ≈ 4,64%

 

 Есептер жинағынан тапсырмалар беріледі

VII. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу

VIII. Үй тапсырмасын беру:  §  №3.15.-4.10.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: химия                       Cынып: 9                күні:

Сабақ тақырыбы: Металдар мен бейметалдар және олардың қосылыстарының арасындағы генетикалық байланыс

Сабақтың мақсаты:

1. Өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімдерін қорытындылау,материалды меңгеру дәрежесін бекіту; Оқушылар тәжірибе арқылы генетикалық байланыстарды іс жүзінде  жүзеге асыруға  теориялық білімдерін қолдану;

2. Оқушылардың сақталған ақпаратты қайта қолдану қабілетін және өз ойын қорыта айта алу біліктілігін дамыту;

3. Оқушыларды топтық ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы  

Сабақтың түрі: Аралас сабағы  

Сабақтың әдісі:Есептер шығару, сұрақ-жауап, демонстрация, есептершығару, ойындар, деңгейлік тапсырмалар.

Сабаққа қажетті құралдар: интерактивті тақта, маркер, А1 форматты қағаз, түсті қағаздар, химиялық реактивтер, химиялық ыдыстар.

Көрнекіліктер: слайдты көрсетілімдер, қима қағаздар, химиялық элементтердің периодтық жүйесі кестесі,тақта, бор.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,медицина,биология, сурет,география

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі (3мин):

А) Оқушылармен сәлемдесу

Б) Сыныпты  4 топқа бөлу

В) Топбасшысын сайлату

С)Бағалау парақшасын тарату

Д) Бағалау критерийлеріне түсінік беру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

 «Ауызша есептер» (8 мин)

1. Темірдің (ІІ) оксидінің салыстырмалы молекулалық массасы нешеге тең? (72)

2. 45 г судағы моль саны нешеге тең? (2,5 моль)

3. 11,2 моль судың массасын есептеңдер?  (201,6 г)

4. 32 г күкірттің зат мөлшері  нешеге тең? (1 моль)

5. 2 моль оттек көлемін табыңдар?   (44,8л)

6. 5л сутектің зат мөлшері нешеге тең? 0,22 моль)

7. Массасы 177.5г хлордың (қ.ж.)көлемі (56 л)

8. 2 моль темірдің атом санын тап (12,04*10 23)

9. 0,2 моль газдың көлемін (қ.ж.)  есептеңдер.

10.  Массасы 22 г  көмірқышқыл газының көлемін (қ.ж.) табыңдар. (11,2л )

11. газдың 1 литрінің (қ.ж.)  массасы 1,875 г.  Осы газдың молярлық массасын табыңдар. (42 г/моль)

12. 1 моль азоттың массасы нешеге тең? (28 г)

 « Ой шақыру» (4 мин)

1.     Темірдің маңызды құймаларын атаңыздар?

2.     Шойын мен болаттың басты айырмашылығы қандай?

3.     Шойынның қандай түрлерін білесіңдер?

4.     Шойыннан болат дайындау дегенді қалай түсінесіңдер?

5.     Легирленген болат дегенді қалай түсінесіздер және құрамына қандай элементтер кіреді?

ІІІ Жаңа сабаққа көшу

(Қызығушылығын ояту)

«Болжау әдісі» (3 мин)

 

K   Li    CaO  Na  SO3 CO2   H2SO4   NaOH   CaCO3        Байланыс    «Ген»  C   P    

Коваленттік  полюсті   Иондық байланыс

 

1.Бұл сөздерді не үшін ұсынып отырмын?

2. Әңгіме төркіні не туралы болмақ?

3. Қандай мағыналар береді?

Оқушылар жауабымен келісі отырып, келесі болжамды ұсыну.

Реакция теңдеуді жазу.

ІV. Жаңа сабақ. Оқушылармен бірге  бүгінгі сабаққа мақсат қою.

Ерте-ерте, ертеде,ешкі құйрығы келтеде, химияның жерінде, элементтер елінде «бейорганика» деген шал өмір сүріпті.Оның 4 ұлы болыпты.Ал, кәне балалар осы 4 ұлдың атын атай қойыңдаршы:

1.Оксид

2. Негіз

3.Қышқыл

4. Тұз

Бір күні шал балаларын жинап алып, өсиет айтыпты: «Балаларым, мен қартайдым, төрімнен көрім жақын.Талапты азамат ертеңгі күнін ойлар, бір апта уақыт беремін, жан-жақты зерттеп, шарлап, әрқайсыңның жаныңа сүйеніш, өміріңе азық болар зат әкеліңдер», - депті.

Ұлдары  әке сөзін құп алып, жол жүріп кетіпті.Уәделі күні сапардан балаларының бәрі оралып, олжаларымен бөлісіпті.

Оқушылар  «Бейорганика» шалдың балалары қандай олжа әкеліпті?

Бейорганика шал : бұларыңа өте дән ризамын, балаларым, алдағы уақытта бір-біріңнен ажырамай бірге өмір сүріңдер деген екен.

Балалары ақылдаса келіп,қасынан үй салып,үйдің арасын бір-бірімен байланыстырып,дуалмен біріктіріп қоршапты.Содан бері олар бірнен-бірі ажырамай, мынадай тізбек құрып,араласып тұратын болыпты.Олардың қасиеттерін жақсы білетін жақын көршілері ғана болмаса, оларды бірінен-бірі ажырата алмай қалады екен.

« Сақина салмақ» ойыны.

Ойын шартымен таныстырып, ойынды өзім бастаймын.

Мынадай өзгерулерді іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:

CuSO →Cu →CuO→CuCI2→Cu(OH) 2→Cu(OH)NO→Cu(NO3)2

Шешуі:

1.Орын басу реакциясы арқылы мыс (ІІ) тұзынан мысты алуға болады:

CuSO+Fe→FeSO4  +Cu

2) Мысты оттегіде жағып,мыс (ІІ) оксидін аламыз:

2Cu + О =2CuO

3) Мыс (ІІ) оксиді тұз қышқылында еріп, мыс (ІІ) хлоридін түзеді:

CuO +2НСІ = CuCI + Н2О

4) Мыс (ІІ) хлориді ерітіндісіне сілті ерітіндісін қосып,мыс (ІІ) гидроксидін алуға болады:         CuCI+ 2 КОН = Cu(OH) 2+ 2 КСІ

5) Мыс (ІІ) гидроксидін бір гидроксотобының орнын алатындай мөлшерде алынған азот қышқылымен яғни 1 моль Cu(OH)1 моль НNO3пен өңдеп мыс (ІІ) гидроксонитратыннегіздік тұз алады:

Cu(OH)+ НNO3= Cu(OH)NO+Н2О

6) Мыс (ІІ) гидроксонитратына артық азот қышқылымен әсер етіп, мыс (ІІ) нитратын алады:

Cu(OH)NO+ НNO3= Cu(NO3)+ Н2О

Ал,балалар, «Бейорганика » шал оның балаларының қасиеттері туралы деген генетикалық байланыс тапсырманы шешу сендерге тапсырылады.

V. Бекіту

Есептер шығару

І топ

Құрамында 4℅ қоспасы бар 20г әктастан 12г кальций оксиді алынған. Алынған өнімнің шығымын тап.

ІІ топ

Массасы 10г натрий гидроксиді мен 20г тұз қышқылы әрекеттескенде түзілген тұздың массасын тап

ІІІ топ

Массалық үлесі 20℅ 150г күкірт қышқылы мырышпен  әрекеттескенде қ.ж. неше көлем сутегі газы бөлінеді?

І V топ

Массасы 30 г мыс пен алюминий қоспасына концентрациялы азот қышқылымен әсер еткенде 13,44 л газ (қ.ж.) бөлінді.Қоспаның құрамын анықтаңдар.

VІ. Қорытынды.

«Академиялық дау-дамай»

«Металдар мен бейметалдар,олардың қосылыстарының тіршілік үшін пайдасы мен зияны» туралы  ой ойларын дәлелдей отырып, топтар  өзара пікірталасқа түседі.

VІІ. Рефлексия

Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?

Маған  сабақ кезеңдерінде не ұнады, не ұнамады?

Өтілген материал бойынша сұрақ немесе пікірің?

VІІІ. Бағалау.

1)Топбасшыларының бағалауы;

2) Жиынтықтық бағалау;

3) Өзін-өзі бағалау;

Күнделіктеріне баға қою.

ІХ.Үйге тапсырма.

Есептер мен жаттығулар бойынша  № 10-15 есептер.

Қосымша үлестірмелі қағаз тарату.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№3 практикалық жұмыс

Тақырыбы: Металдар тақырыбына эксперименттік есептер шығару

Оқыту мақсаты: Металдардың қасиеттері мен қосылыстарын  еске түсіріп, тақырып бойынша эксперименттік есептерді шешу

Реактивтер мен құралдар: Сынауық қоятын тұрғы, сынауықтар, спиртшам. Темір (ІІІ) хлориді, алюминий хлориді, кальций хлориді, калий хлориді, темір (ІІ) хлориді темір (ІІ) сульфаты, натрий гидроксиді, натрий сульфаты, алюминий сульфаты, кальций оксиді, кальций гидроксиді, тұз қышқылы,көмір қышқылы, су.

Практикалық жұмысты орындау үшін оқушыға қойылатын талаптар:  Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін мұқият сақтау . Орындалған жұмысқа дұрыс қорытынды жасау.

Сабақ барысы:

 1.Ұйымдастыру

 2. Практикалық жұмысты орындау

І нұсқа

№1  Темір (ІІІ) хлориді, алюминий хлориді, кальций хлориді ерітінділерінің әрқайсысы қай сынауықта екенін анықтаңдар.

№2 Темір (ІІ) сульфаты, натрий сульфаты, алюминий сульфаты ерітінділерінің әрқайсысы қай сынауықта екенін анықтаңдар.

№3  Мына сызбанұсқа бойынша :

     СаО → Са(ОН)2 → СаСІкальций оксидінен кальций хлоридін алыңдар.

ІІ нұсқа

№1  Темір (ІІ) хлориді, кальций хлориді, алюминий хлоридтері ерітінділерін бір реактивпен анықтаңдар.

№2  Темір (ІІІ) сульфаты, натрий сульфаты, алюминий сульфаты ерітінділерін бір реактивпен анықтаңдар.

№3  Төмендегі айналуларды тәжірибе жүзінде іске асырыңдар:

            Са(ОН)2 → СаСО3 → Са(НСО3)2 → СаСО3

Қосымша тапсырма

1.     Үш тәсілмен:

а) темір(ІІІ) хлоридін;     ә) алюминий хлоридін алыңдар.

     2.  Сұйылтылған күкірт қышқылы мен мына заттардың: Cu, АІ, NaCI, Cu(OH)2, ZnO, NaOH,

           Na2CO3 қайсысымен әрекеттеседі? Іске асатын реакцияларды орындаңдар.

3. Лабораторияда мынадай реактивтер бар: а) калий гидроксидінің ерітіндісі;  ә) қатты натрий карбонаты;  б) азот қышқылының ерітіндісі;  в) концентрациялы күкірт қышқылы;  г) мыс (ІІ) хлоридінің ерітіндісі;  ғ) мыс;

Осы реактивтерді пайдаланып, қанша жаңа заттар алуға болады? Мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.

4. Жұмысты орындаудың қысқаша жоспарын құрып, байқағандарыңды сол реттілікпен  қорытындылап жазыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып: 9                                         Пәні: химия                          Күні:  

Сабақтың  тақырыбы:  Бақылау жұмысы №3.  

Сабақтың мақсаты:  Оқушылардың осы тақырып бойынша алған білімдерін жүйелеу, алған білімдерін тексеру барысында екі нұсқада бақылау жұмысын жүргізу.

Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі. Бақылау жұмысын екі нұсқада жүргізу:

 


                           І нұсқа                                                                         ІІ нұсқа


1.Төмендегі реакция теңдеулерін аяқтап, толық, қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар .


Zn(NO3)2 + K2SiO3

(NH4)2SO4 + NaOH

Ba(OH)2 + HCl

Pb(NO3)2 + Na2S

NH4Br + Ca(OH)2

K2CO3 + HCl


2. Төмендегі айналуларды орындауға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар.


P2O5H3PO4K3PO4Ca3(PO4)2

N2NH3NO2HNO3Cu(NO3)2


 


3. Массалық үлесі 10% массасы 120г ерітіндідегі еріген зат пен еріткіштің массасын табыңдар.

 

3.Массалық үлесі 10 % массасы 175г ерітіндідегі еріген зат пен еріткіштің массаларын табыңдар.



 


4. Массасы 320 г мыс сульфаты натрий гидроксидінің жетерліктей мөлшерімен әрекеттескенде түзілген мыс гидроксидінің шығымы 80% болса, қанша мыс  гидроксиді тұнбаға түседі?

4. Әк сүтінен көмірқышқыл газын өткізгенде түзілген кальций карбонатының шығымы 85% массасы 150г болса, қанша көлем (қ.ж.) СО2 сіңірілген?          


 


5. Массасы 1 тонна темір кенінің 32% -ы (гематитте) қоспа екені белгілі болса, тотықсыздандыру үшін неше литр (қ.ж.) СО қажет?   

 

5. Массасы 500г 30%-дық мыс сульфатының ерітіндісіне жетерліктей мөлшерде мырыш ұнтағын салғанда неше грамм мыс бөлінеді?




 

Үй жұмысы:  Су. Ерітінділер тақырыбын қайталау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Поурочный план химия 9сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 983 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.02.2016 5141
    • DOCX 154.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бажекенова Динара Мауткановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бажекенова Динара Мауткановна
    Бажекенова Динара Мауткановна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24302
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель химии

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель химии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 472 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 354 человека

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 58 человек

Мини-курс

Развитие предметно-практических действий, игровых навыков и математических представлений у детей раннего возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе