Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыПоурочный план по самопознанию на тему "Адамгершілік-азаматтық тұлға"

Поурочный план по самопознанию на тему "Адамгершілік-азаматтық тұлға"

Скачать материал

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Мектеп:

Тақырып:Адамгершілік азаматтық тұлға

Мұғалiм: Дюсенбаева Ш.А

Сынып: 4 Оқушылар саны: 15

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: сенімділік, шыншылдық, кешірімділік

 

Сабақ мақсаты: Адам бойында кездесетін рухани адамгершілік қасиетті аша білу;

Міндеттері:

Білімділік: Адамгершілік қағиданы басты назарда ұстап, достарыма насихаттау;

Дамытушылық: Оқушылардың бойына сенімділік, шыншылдық, кешірімділік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Болашақта адамгершілікті басты назарда ұстайтын азаматтардың көп болуы;

Ресурстар:

(құралдар,мәлiметтер,нақыл сөздер,бейне фильм, слайдтар)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

5 «Т» еске түсіріп тәртіпке шақырып сабаққа   қажетті  құрал-жабдықтарын түгендеу.

Тыныштық сәті: Баяу әуен қойылады«Нұрға бөлену».

Ыңғайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз денеңізді босатып тынышталыңыз. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз. Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз. Таза ауа, салдырлаған мөлдір бұлақ суы, құстардың сайраған дауысы, сіз жеңіл дем алудасыз, сіз күш қуатқа толысыз. Жер анаға, табиғатқа деген махаббат, сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты. Күн шуағы сізге сәуле шашуда, самал жел сіздің шашыңызды тербетіп сізге көрік беруде. Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң нұрымен қарсы алады. Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге сіңіп, қуат беріп тұрғанын сезініңіз. Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдар мен достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз, Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты. Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз.

- Жаймен көзіңізді ашуға болады.

- Рахмет! 

 

Үй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс).

 «Реніш пен картоп » мәтінін мазмұндау.

Мәтін бойынша пікір алмасу сұрақтары:

1)    Мәтіндегі «Біреуді кешіру – ең алдыменен өзімізге жасалған жақсылық» дегенойды қалай түсінесіңдер?

2)    Кешіре білу үшін адам бойында қандайқасиеттер болу керек деп ойлайсың?

3)    Өзің кешірген кезде қандай боласың?

 

 

 

Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын

 

Дәйексөз:

«Адамның жақсысы- адамға сүйіспеншілікпен қарағандар»

                                                                                  А.Құнанбаев

1)    Дәйексөзді қалай түсінесіңдер?

Дәйексөзді  әуелі ұл балалар,сосын қыз балалар қайталап

айтады. Сосын барлығы хормен айтады.

   Дәптерге жазып алады.

 

Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын

 

Әңгiмелеу (сұхбат)

Тапқыр қоян    

Аңдардың патшасы арыстан бәйге жариялапты. Бір қазан суды қайнаттырып қойып:

          — Осы суды кім ішіп қойса, көп сыйлық беремін, – деген шарт қойыпты.

          Аңдар бірінен соң бірі келіп, қанша өжеттенсе де қайнап тұрған суды ішуге батылдары бармапты.

          Ең соңында қоян келіп, қып-қызыл шоқта тұрған қазанды көтеріп алады да:

          — Ыстықтай ішуді өте жақсы көремін, – деп жан-жағына қарайды.

          — Ендеше, іше ғой, – дейді аңдар аңтарылып.

          Қоян ұзыннан-ұзақ қаз-қатар тізіліп тұрған аңдарды жағалай жүріп:

          — Мінеки, достарым, мынау ыстық су. Көздеріңмен көріңдер! – деп, бас-басына көрсетіп шығады.

          Сөйтіп, қоян аңдарды басынан аяғына дейін аралап шыққанша, қазандағы су суып қалады. Сол кезде қоян суды басына бір-ақ көтеріп, сіміріп салады. Шошынған аңдар ауыздарын ашып, көздерін жұмысады.

          Ал алданған арыстан патша қоянға көп-көп сыйлықтар бергізіп:

          — Міне, нағыз ер! – деп мақтапты.

Мәтін бойынша сұрақтар:

1) Арыстан қандай бәйге жариялады?

2) Қоянның іс әрекеті?

Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын

 

Шығармашылық  жұмыс, топтық жұмыс.

1 топ: «Сатушы» сахналық қойылым көрсету.

2 топ: Адамгершілікке байланысты мақал-мәтелдерді айту

3 топ: «Адам болайық, адал болайық»  өлең шығару.

Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын

Топпен ән айту:Дүние керуен

Өтетін сейілмен, 

Ей, дүние базарсың. 

Пенделік пейілден, 

Жүрегім тазарсын. 

 

Адамға бақ берер тек қана Аллам екен, 

Өмірдің қызығы біреуге арман екен. 

Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен, 

Бес күндік бұл дүние расында жалған екен. 

 

Қуаныш, қайғының, 

Бәрі де бітеді. 

Бұл дүние таусылса, 

Шын дүние күтеді. 

 

Адамға бақ берер тек қана Аллам екен, 

Өмірдің қызығы біреуге арман екен. 

Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен, 

Бес күндік бұл дүние расында жалған екен.

 

Үй тапсырмасы:

«Ақиқатты жасыру» Әңгімесін оқу

Дәптермен жұмыс №1-2тапсырма орындау

 

Соңғы тыныштық сәті.  Баяу әуен қойылады. 

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл-күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін.  Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Поурочный план по самопознанию на тему "Адамгершілік-азаматтық тұлға""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 079 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.05.2017 589
    • DOCX 48.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жусуп Салтанат Ержанқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жусуп Салтанат Ержанқызы
    Жусуп Салтанат Ержанқызы
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7245
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 235 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 168 человек

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Windows для начинающих: файлы, папки, текстовые документы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовые ключи экспертного успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе