Инфоурок Дошкольное образование ПрезентацииПрезентация на тему "Мен-Қазақстан патриотымын"

Презентация на тему "Мен-Қазақстан патриотымын"

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Менің Отаным –Тәуелсіз Қазақстан

 

                                                       Дайындаған:  1 «а» сыныбының жетекшісі

                                                                                         Камалиденова Р.Қ.

 

 

 

 

 

 

 

2014 жыл

 

Тақырыбы: Менің Отаным -  Қазақстан

Мақсаты:

1.     Білімділік. Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен, тарихымен, ел ордамыз Астана қаласымен таныстыру. Еліміздің атақты ақындары, ғалымдары, ағартушылары жайында мәлімет беру.

2.     Дамытушылық. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

3.     Тәрбиелік. Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Патриоттық, эстетикалық тәрбие беру.

Әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік.

Түрі: жаңа білімді хабарлау, саяхат сабақ

Көрнекілігі: суреттер, ҚР-ның рәміздері,мақал-мәтелдер, музыка.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды  отырғызып, зейіндерін сабаққа аудару.

      -Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, ардақты ата-аналар! Сіздерді биылғы басталғалы отырған жаңа оқу жылымен құттықтаймын! Жазғы демалыстарыңызды жақсы өткізіп келдіңіздер деген ойдамын, енді міне даярлық тобына  келіп, жаңа оқу жылын жаңа күшпен бастайтын уақыт келіп жетті. Келе жатқан оқу жылында  сәттілік, шыдамдылық, биік белестерді бағындыруларыңды, ылғи 4 және 5 деген бағаларға оқуларыңды тілеймін.

     Бүгін Қазақстан Республикасы, яғни біздің Отанымыз, алтын бесігіміз жайлы әңгімелесеміз. Сабағымыздың мақсаты: еліміздің тарихы жайлы, Астана қаласы жөнінде, Президентіміз туралы мәліметтер алу. Ізгі тілекпен бүгінгі сабағымызды бастайық.

Балалар кішкене паравоз құрып 1 аялдамаға келеді.

1 аялдама «Мемлекеттік рәміздер»

-Егеменді Қазақтан!

Ән ұраным – жан ұраным,

Айтар әнім – сөйлер сөзім,

Туған жерім сағынарым.

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика әнұраны.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Жаңағы біздің шырқап айтқан әніміз бұл жай ел туралы ән емес, бұл біздің еліміз үшін ерекше,құдіретті, ең қасиетті, әрі әдемі ән. Бұл ән Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Біле білсеңдер ҚР-ның үш мемлекеттік рәмізі бар. Ол Әнұран, Ту және Елтаңба. Жер шарында бар әр мемлекеттің өзіндік үш рәмізі болады. Мемлекеттік рәміздерді біз қастерлеп сақтауымыз керек. (бұл жерде ҚР-ның рәміздерінің суреттері көрсетіліп, рәміздеріміздің авторы мен олардағы суреттердің не білдіретінін түсіндіру)

2-ші аялдама « Ел тарихы - жер тарихы»

Еліміз тәуелсіз ел атану үшін біздің Отандастарымыз, ата-бабаларымыз көп тер мен қан төккен, біздің елдің болашағы үшін өмірлерін қиған. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Абылай  сынды  еліміздің батырлары жоңғарлармен соғыста ерлік көрсетті. «Желтоқсан оқиғасында» да батырлығымен есімізде қалған ерлер мен қыздар бар.  Олар Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Мінеки, осындай ардақты ерлердің қанымен келген келген тәуелсіздік қазақ еліне қайырлы болды. (Батырлардың суреттері көрсетіледі, Отан туралы мақал-мәтелдер айтылады)

Біздің Отанымыз осы 22 жылда қандай жетістіктерге жетті соны тізбектесек:

      *     1991 жылы 29 тамызда ҚР президентінің нұсқауымен Семей полигоны жабылды.

      *     2 қазанда қазақстандық тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

      *     1991 жылы 1 желтоқсанда Президент сайлауы болды.

·        10 желтоқсанда Қазақстан Советтік Социалистік Мемлекеті Қазақстан Республикасы болып ауыстырылды.

·        16 желтоқсанда  ҚР Президенті «ҚР мемлекетінің тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңға қол қойды.

·        1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда Конституция қабылданды. 2015 жылы, яғни бір жылдан кейін Конституциямызға 20 жыл толады. Бұл біздің мемлекетіміз үшін маңызды мерзім. Конституция кітабы 9 бөлімнен, оның ішінде 98 баптан  тұрады.

·        1993 жылы 15 қарашада төл теңгеміз айналымға шықты

Сергіту сәті:

Қара жорға биін қойып билету

3-ші аялдама Астана қаласы

1998 жылы 6 мамырда ҚР президентінің нұсқауымен Ақмола қаласы – Қазақстан Республикасының астанысы Астана қаласы болып аталынды. Қазіргі кезде ел ордасы Астана қаласы ертегі қалашығына айналды. Түрлі мәдени құрылыс мекемелері, үйлер, ескерткіштер салынды. ( Бұл жерде Қазақ елінің бұрынғы астаналары жайлы айтылып, Астана қаласының суреттері көрсетіледі )

Қазақстан бүкіл әлемге қуатты, тәуелсіз, халық арасында бейбітшілік орнаған мемлекет ретінде танымал болды. Туризм, спорт, білім беру, медицина салаларында жетістіктерге жеттік. Халықтың тұрмыстық жағдайы әлдеқайда жақсарды. Мектептер, балабақшалар мен ауруханалар салынды, қалалар гүлденді. Зейнеткерлерге, дәрігерлер мен мұғалімдерге жалақыларын арттырды. Жалпы алғанда жұмыс істейтін адамдардың еңбегі артты.

4-ші аялдама «Президент»

ҚР-ның Президентінің портреті көрсетіліп, туған жылы, туған жері туралы әңгімелеу.    

Сұрақ-жауап сайысы  

1. Қазақстан қандай ел?

2. Қазақстанның қанша халқы бар?

3. Еліміздің табиғаты туралы не білесіңдер?

4. Біздің еліміздің астанасы қай қала?

5. Біздің еліміздің басшысы кім?

  Қорытынды: - Сабағымызды аяқтай сіздерді Отанымыздың келе жатқан атаулы мерекесімен құттықтап, бүгінгі тәрбие сағатымызды М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңімен қортындылағым келеді:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты –

Мен жастарға сенемін!

Мен сенемін жастарға:

Алаштың атын аспанға

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін!

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация на тему "Мен-Қазақстан патриотымын""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Хранитель музейных предметов

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 016 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2017 656
    • DOCX 46 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Махамет Рисалят Ахметжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Махамет Рисалят Ахметжановна
    Махамет Рисалят Ахметжановна
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2985
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 402 человека

Курс повышения квалификации

STEM-образование для детей дошкольного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 100 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 647 человек

Курс повышения квалификации

Педагогическая деятельность мини-музея как культурно-просветительского центра дошкольной организации

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 268 человек

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками: применение туристических приемов для эффективного обучения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные инструменты инвестирования и управления затратами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек