Инфоурок Технология ПрезентацииПрезентация по технологии на тему "Жаңа технологияны пайдалана отырып, жүннен сыйлықтық бұйымдар жасау."

Презентация по технологии на тему "Жаңа технологияны пайдалана отырып, жүннен сыйлықтық бұйымдар жасау."

Скачать материал
Скачать материал "Презентация по технологии на тему "Жаңа технологияны пайдалана отырып, жүннен сыйлықтық бұйымдар жасау.""

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Тақырыбы:

    1 слайд

    Тақырыбы:

  • - еңбек техникасында әшекейлеудің түрлерімен - Оқушыларды халық қолөнерінің...

    2 слайд

    - еңбек техникасында әшекейлеудің түрлерімен - Оқушыларды халық қолөнерінің шығу тарихымен, таныстыру. - Жаңа технологияны пайдалана отырып, теорияны сарамандық жұмыспен байланыстырып, жүннен сыйлықтық бұйымдар жасау.

  • Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Өткенді қайталау Кіріспе бөлім Жаңа сабақ...

    3 слайд

    Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Өткенді қайталау Кіріспе бөлім Жаңа сабақты түсіндіру Сарамандық жұмыс Қорытынды Оқушыларды бағалау Үйге тапсырма Жұмыс орнын жинау

  • . Өткенді қайталау: 1.Жыл мезгілдеріне байланысты төрт түлік малдан алынатын...

    4 слайд

    . Өткенді қайталау: 1.Жыл мезгілдеріне байланысты төрт түлік малдан алынатын жүн түрлерін айтайық ? 2.Тағы қандай түліктердің жүнін пайдаланамыз ? 3.Қандай жүндерден киіз басады ?

  • 4. Қойды не үшін тоғытамыз ? 5.Қандай жүндерді иіреміз ? 6.Түйенің жаңадан ш...

    5 слайд

    4. Қойды не үшін тоғытамыз ? 5.Қандай жүндерді иіреміз ? 6.Түйенің жаңадан шыққан жүнін не деп атаймыз ? 7. Арқан жіп, ноқта ,тұсау бұйымдарын қандай жіптен есеміз ? 8. Жүн қазанға не үшін жабысып қалады ?

  • “Өнерден қуат алмаса тіршіліктің шырағы өшеді” деп М. Әуезов айтқандай өсіп к...

    6 слайд

    “Өнерден қуат алмаса тіршіліктің шырағы өшеді” деп М. Әуезов айтқандай өсіп келе жатқан ұрпағымызға өз халқыңның өнерін бойына сіңіріп өсіру кезек күттірмейтін мәселе. Кіріспе бөлім:

  • Қол өнер ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан халық мұ...

    7 слайд

    Қол өнер ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы. Осынау халық қазынасын қастерлеу , көзі ашық көкірегі ояу ар-намысты ұлтжанды әрбір адамның бөрышы.

  • деген аталы сөздің ақиқатын көзімен көріп, халық шеберлерінің жасаған ғажайы...

    8 слайд

    деген аталы сөздің ақиқатын көзімен көріп, халық шеберлерінің жасаған ғажайып ою-өрнекті бұйымдарын қолмен ұстаған да іздегенімізді тапқандай болдым.

  • Көшпелі қазақ болғандықтан да мал бағумен айналысып,ата-бабаларымыз қол өнер...

    9 слайд

    Көшпелі қазақ болғандықтан да мал бағумен айналысып,ата-бабаларымыз қол өнер бұйымдарын жасауды мал терісінен , жүннен шикізат ретінде пайдаланған. Зерттеу бөлім:

  • Ғылым мен білім әлі өркен жая қоймаған қазақ жерінде сонау ХVІІІ –ХІХ ғасырл...

    10 слайд

    Ғылым мен білім әлі өркен жая қоймаған қазақ жерінде сонау ХVІІІ –ХІХ ғасырларда –ақ қол өнері ұлттық дәстүр ала бастағаны халқымыздың өнер тарихынан аян.

  • Аналарымыз бен апаларамыздың ақыл парасатынан ісмерлігінен , көркемдік талғам...

    11 слайд

    Аналарымыз бен апаларамыздың ақыл парасатынан ісмерлігінен , көркемдік талғамдарынан көздің жауын алардай құнды ұлттық өнер туындылары өмірге келген.

  • Сол асыл қазыналардан көненің көзіндей болып, дәуірімізге жеткен мұраларымызд...

    12 слайд

    Сол асыл қазыналардан көненің көзіндей болып, дәуірімізге жеткен мұраларымыздың бірі – ұлтымыздың дәстүрлі қолөнер мәдениеті.

  • Қазақ даласына жібек, қамқа, торғын – торқа, шай, қант керуендер арқылы әкелі...

    13 слайд

    Қазақ даласына жібек, қамқа, торғын – торқа, шай, қант керуендер арқылы әкелінді. Алайда, қазақ халқы шапқыншылық өтінде сан рет «ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» болып, қалалары ойрандалып, ғасырлар бойы көшпенді және жартылай көшпенді тұрмысын қайталап отырды. Қазақ қолөнерінің туындауына, дамуына осы тұрмыс дағдысы тікелей ықпал етті.

  • Ол қоғамдық өндіріспен қатар дамыды. Алғашқы кезде қолөнеріне үй кәсібі негіз...

    14 слайд

    Ол қоғамдық өндіріспен қатар дамыды. Алғашқы кезде қолөнеріне үй кәсібі негіз болды. Қолөнершілер қолөнер өнімдерін өз тұрмысының қажетін қамтудан, бірте-бірте малға, затқа айырбастап, оны кәсіп түріне айналдырды. Тапсырыс жасаушылар қолөнер бұйымдарының ақысын мал немесе басқадай заттармен берді.

  • Қолөнердің дамуына байланысты қолөнер өнімдері молайды. Тапсырыс бойынша өнді...

    15 слайд

    Қолөнердің дамуына байланысты қолөнер өнімдері молайды. Тапсырыс бойынша өндірілді. Базар сұранысы да ескеріліп отырылды.Халқымыз көшпенді және жартылай көшпенді тұрмыстың мүддесі үшін сан-салалы шаруашылықпен шұғылданды. Мәселен: малшылық, егіншілік, аңшылық, балық аулау бағбаншылық, қолөнершілік, құрылыс салу тасшылық. Жанама кәсіптер: алтын қазу тас қазу кіре тарту ағаш кесу диірмен ұстау құс бағу сияқты сан алуан кәсіп түрлерімен шұғылданды. Міне, осыған қажетті барлық сайман-жабдықтарды, құралдарды қолдан жасап, өндіріп пайдаланды.

  • Айталық, жүннен иірілген жіп —жылу ұстағыштығымен, күннің көзін өткізбейтінд...

    16 слайд

    Айталық, жүннен иірілген жіп —жылу ұстағыштығымен, күннің көзін өткізбейтіндігімен, бояу алғыштығымен жоғары бағаланған.Жүннен тоқылған киім қыртыстанбайды әрі жеңіл келеді. Сондай-ақ киіз үйдің жабдықтары, ішкі әшекейлері түгелдей дерлік жүннен жасалған ғой.

  • Сондай-ақ киіз үйдің жабдықтары, ішкі әшекейлері түгелдей дерлік жүннен жасал...

    17 слайд

    Сондай-ақ киіз үйдің жабдықтары, ішкі әшекейлері түгелдей дерлік жүннен жасалған ғой.

  • Асқар тау, таза ауалы, сыңсыған орманды, суы шәрбат, топырағы торқа, қойны құ...

    18 слайд

    Асқар тау, таза ауалы, сыңсыған орманды, суы шәрбат, топырағы торқа, қойны құт-қазыналы, ұлан-ғайыр өңірді өріс-қоныс етіп, табиғаттың дарқандығын да, тарпаңдығын да басынан кешіріп, талай-талай тарихи кезеңді өткерген ата-бабаларымыз адамзат қоғамының салқар көшінде өзінің шаруашылық негізіне, тұрмыс тәсіліне, ұлттық ерекшелігіне қарай дара ұлттық дәстүрін, салт-санасын қалыптастырып, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғап, аса бағалы заттық мәдениеті мен рухани мәдениетін сақтап қалды. Бұл адамзат мәдениетінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.

  • Жаңа сабақ . Жүнді сақтау . Жуылмаған жүн шектен тыс ылғалданғыш сондықтан м...

    19 слайд

    Жаңа сабақ . Жүнді сақтау . Жуылмаған жүн шектен тыс ылғалданғыш сондықтан микроорганизмдердің көбеюіне қолайлы орта. Жүнді ұзақ мерзім сақтайтын болса, қапқа, фанер жәшікке , қағаз қаптарға нығыздап салып, “Дезмоль”, “Антимоль”,”Фоксид” препараттарын салып сақтайды. Жүн сақтайтын бөлменің есік терезесін ашып, міндетті түрде желдетіп тұру керек. Жүнді ашық күн астында сақтауға болмайды.

  • Жүннің қасиеттері: 1. Жүн жылуды жақсы сақтайды.Сондықтан одан тоқылған киім...

    20 слайд

    Жүннің қасиеттері: 1. Жүн жылуды жақсы сақтайды.Сондықтан одан тоқылған киім жылы келеді. 2. Жіңішкелігі мен көлемі бірдей басқа талшыққа қарағанда жүн салмағы жеңіл. 3. Күн көзінің ультракүлгін сәулесін өткізетін ерекшелігі бар. 4. Жүн талшығы иілгіш , созылғыш, серпінді келеді. 5. Бояуды жақсы алады. 6. Жүннің шуды және тербелістерді төмендететін қасиеті бар. 7. Биязы жүннің ылғал тартқызғыштығы қылшық жүннен артық.

  • Жүн дегеніміз – жан –жануарлардың үстіндегі түгі, қылшығы екені баршаға аян.Ж...

    21 слайд

    Жүн дегеніміз – жан –жануарлардың үстіндегі түгі, қылшығы екені баршаға аян.Жүннен жасалатын бұйымдар:

  • Айшық түсті текеметтер, қара ала сырмақтар, қызылды –жасыл түскиіздер

    22 слайд

    Айшық түсті текеметтер, қара ала сырмақтар, қызылды –жасыл түскиіздер

  •  Алқызыл гүлдері құлпырған түкті кілемдер

    23 слайд

    Алқызыл гүлдері құлпырған түкті кілемдер

  • 24 слайд

  • 25 слайд

  • Терме алашалар

    26 слайд

    Терме алашалар

  • Сандыққап ,асадал,аяқ-қап, кесе қап,шекпен, киім-кешектер о баста , сөз жоқ,...

    27 слайд

    Сандыққап ,асадал,аяқ-қап, кесе қап,шекпен, киім-кешектер о баста , сөз жоқ, тұрмыстық қажеттіліктен туған.

  • 28 слайд

  • 29 слайд

  • 30 слайд

  • 31 слайд

  • 32 слайд

  • Оқушыларды екі ауылға бөлеміз. 1. “Іскер” ауылы 2. “Шебер” ауылы “Іскер ”ауыл...

    33 слайд

    Оқушыларды екі ауылға бөлеміз. 1. “Іскер” ауылы 2. “Шебер” ауылы “Іскер ”ауыл қыздары моншақ жасайды. “Шебер ”ауыл қыздары өңір таққыш жасайды.

  • Жүннен моншақ жасау 2.Алақанды сабындау 3.Жүнді алақанға белгілі бір мөлшерде...

    34 слайд

    Жүннен моншақ жасау 2.Алақанды сабындау 3.Жүнді алақанға белгілі бір мөлшерде алу 1.Жүндерді тегістеп, құрғақ үстелдің үстіне жаю 4.Сабын сумен алақанға салып умаждау 5.Құрғақ көлеңке жерде кептіру «Іскер» тобы сәнді моншақ жасайды.

  • Моншақ жасау жолдары

    35 слайд

    Моншақ жасау жолдары

  • Өңір таққыш жасау 1.Жүнді мата бетіне бір келкі етіп тегістеп жаю 2.Ыстық су...

    36 слайд

    Өңір таққыш жасау 1.Жүнді мата бетіне бір келкі етіп тегістеп жаю 2.Ыстық су себу, сабындау 3.Сағат тіліне қарсы бағытта қолды орамалап ысқылау 4.Дайын бұйымды шетін қиып ретке келтіру 8.Дайын гүлдерді сымға тігіп өңірге жапсырмалау 7.Гүл жапырақшаларын дайындау 6.Қиылған гүл күлтелерін бір біріне тігу 5.Дайын үлгін дайындалған жүннің бетіне қойып «Шебер» тобы өңір таққыш (брошка)

  • Өңір таққыш жасау жолдары

    37 слайд

    Өңір таққыш жасау жолдары

  • 38 слайд

  • Жұмысқа кіріспес бұрын қаупсіздік ережелерін ескерейік. а) ыстық сумен жұмыс...

    39 слайд

    Жұмысқа кіріспес бұрын қаупсіздік ережелерін ескерейік. а) ыстық сумен жұмыс істегенде құлаштай сеппей төменірек еңкейіп қолға құйып алмауын ескереміз. ә) инемен жұмыс , инені белгілі қапшыққа немесе ине түйрегішке сақтау керек. б) қолды үнемі жуып отыруымыз керек. в) қайшымен жұмыс, қайшыны ашып тастамаймыз, бір-бірімізге бергенде жүзін жауып, сабымен беремыз.Жұмыс кезінде қайшы әр уақытта оң жағымызда жату керек.

  • Сарамандық жұмыс. Таратылған жұмыс реті бойынша сендер жұмысқа дайынсыңдар. О...

    40 слайд

    Сарамандық жұмыс. Таратылған жұмыс реті бойынша сендер жұмысқа дайынсыңдар. Олай болса , ауыл бойынша жұмысымызды бастаймыз.

  • Сабақты жүйелеу, қорытындылау кезеңі: Ал, қыздар сендер көріп отырған жүндерд...

    41 слайд

    Сабақты жүйелеу, қорытындылау кезеңі: Ал, қыздар сендер көріп отырған жүндердің бәрін өз қолдарыңмен ұстап , көздеріңмен көріп жасадыңдар. Бұл қиын да қызық науқан болғанын білдіңдер. Енді сабақты қорытындылай келе мына кестені толтырамыз. БілемінҮйрендімБілгім келеді

  • Үйге тапсырма: Екі ауыл қыздарының орындаған сыйлықтық бұйымдарын алмастыра о...

    42 слайд

    Үйге тапсырма: Екі ауыл қыздарының орындаған сыйлықтық бұйымдарын алмастыра орындап келу. Жұмыс орнын жинау.

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Жас ұрпақты ежелден келе жатқан қолөнер

түрлерін оқып үйренуге баулу арқылы олардың

өздігінен ізденіп жұмыстар жүргізуіне, шеберлік

деңгейіне арттырып ынта-ықыласын молайтуға,

әсемдік пен сұлулықты көріп-білуге үйрету.

Тәрбиелігі:Оқушылардың бейнелеу өнеріне деген

қызығушылығын оятып, батылдыққа, өзіне деген

сенімділікке, жұмысты өз бетінше орындауға,

ептілікке деңгейін көтеруге баулу.

Дамытушылығы: Оқушылардың ұлттық өнер туралы білімдерін

жүйеге түсіріп, шығармашылық қиялын дамыту.

Түрлі түстерді ажыратып, оларды бейнелеу

әрекетінде шебер қолдана білуге үйрету.

Түрі:Теорияны сарамандық жұмыспен ұштастыру

Әдісі:Баяндау, түсіндіру, практикалық жұмыстар.

Көрнекілігі:Жүн туралы плакаттар, бүктемелер, суреттер.

Құрал-жабдықтар:Жүн, сабын, су құятын ыдыс, жұқа мата.

Пәнаралық байланыс: Тарих, сурет, сызу, әдебиет, химия.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Өткенді қайталау

3.Кіріспе бөлім

4.Жаңа сабақты түсіндіру

5.Сарамандық жұмыс

6.Қорытынды

7.Оқушыларды бағалау

8.Үйге тапсырма

9.Жұмыс орнын жинау

І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың сабаққа қатысуын , құрал жабдықтарын түгендеу, тексеру. Сабақтың тақырыбымен , мақсатымен таныстыру.

ІІ. Өткенді қайталау:

1.Жыл мезгілдеріне байланысты төрт түлік малдан алынатын жүн түрлерін айтайық.

Жыл мезгілдеріне қарай жүн түрге бөлінеді – жабағы жүн, бұл жүн қойдан күн жылып , мамыражай юолғанда, яғни жазғытұрым қырқылады. Бұл кезде жабағы жүн теріден тұтас көтеріледі (иіріп киім тоқуға, көрпеге осы жүнді пайдаланады). Қозы жүн – қозы туған жылы бірінші қырықлған жүн ( киіз басылады). Өлі жүн деп- теріден жұлынып алынған жүн. Шет пұшпақ жүн- қойдың баурында, пұшпақтарындағы жабырқаған жүнді айтады. Мұндай жүндерді ешкінің қылшық жүні мен жылқының қылына қосып арқан бау-шу есуге қолданады.

2.Тағы қандай түліктердің жүнін пайдаланамыз ?

Жылқының, түйе,ің, ешкінің, қояннің, құстың жүндерін қолданамыз. Жылқының жал-құйрығын «қыл» деп атайды. Жал-құйрықтан арқан, жіп есуге , сүзгі тоқуға, тұзақ есуге қолданады.ешкінің жүнін – түбіт, қылшық деп екіге бөлген. Түбіт иіругежеңіл, одан орамал, щұлық, қолғап, шәлі сияқты киімдер тоқылады. Ешкінің қылшығынарқан жіп есуге қолданады. Түйе жүні – түйенің шудасы, жүні болады. Түйе күш көлігі болғандықтан жүні ұйысып киіздей болып қалады, оны жабағы дейді. Жабағының астынан шығатын жүнді «боздақ» деп атаған. Ол үлпілдек жүн болған. Ал түйенің мойындағындағы, тізесіндегі екі өркештің үстіңгі салалы қылшық жүнін, құстың мамығында іске асырған.

Жүннің қасиеттеріне тоқталайық.

1) Жүн жылуды жақсы сақтайды. Сондықтан одан тоқылған киім жылы

келеді.

2) Жіңішкелігі мен көлемі бірдей басқаталшыққа қарағанда жүн салмағы жеңіл.

3) Күн көзінің ультракүлгін сәулесін өткізетін ерекшклігі бар.

4) Жүн талшығы иілгіш, созылғыш, серпімді келеді

5) Бояуды жақсы алады.

6) Жүн әрі шуды және тербелістерді

төмендететін қасиеттері бар.

7) Биязы жүннің ылғал тартқыштығы

қылшық жүннен артық.

4. Жүн иіруді бұған дейін меңгерген

болғандықтан ,

жүннің иіруге дейінгі өңделуін

атап өтейік.

1) Жүнді сұрыптаймыз.

2) Жуамыз.

3) Кептіреміз.

4) Жүнді сабаймыз.

5) Жүнді түтеміз.

6) Созамыз.

7) Шүйкелеміз.

8) Иіреміз

Ғылым мен білім әлі өркен жая қоймаған қазақ жерінде сонау XVIII— XIX ғасырларда-ақ қол өнері ұлттық дәстүр ала бастағаны халқымыздың өнер тарихынан аян. Ашық түсті ай-шықты текеметтер, қара ала сырмақтар, қызылды-жасыл түскиіздер, алқызыл гүлдері құлпырған түкті кілемдер, қош-қармүйіз, самаурынша, құстаңдай, жапырақша өрнекті терме алашалар мен тоқылған сандыққап, асадал, аяқ-қап, кесеқап немесе шекпен, шапан сияқты киім-кешектер о баста, сөз жоқ, тұрмыстық қажеттіліктен туған. Айталық, жүннен иірілген жіп жылу ұстағыштығымен, күннің көзін өткізбейтіндігімен, бояу алғыштығымен жоғары бағаланған. Жүннен тоқылған киім қыртыстанбайды әрі жеңіл келеді. Сондай-ақ киіз үйдің жабдықтары, ішкі әшекейлері түгелдей дерлік жүннен жасалған ғой.

Тағы бір ескеретін жай — бұрын-соңды ана тілімізде бұл тектес басылым болған жоқ, оның үстіне жүн басу, иіру, тоқу ісінде ел, жер жағдайларына орай ерекшеліктер де болуы мүмкін. Сол тәрізді жүннен жасалатын заттардың бәрі бірдей қамтылмауы да ықтимал. Соларды ескеріп осы басылым туралы ұсыныс-пікірлеріңіз, алып-қосарларыңыз болса баспаға хабарлауларыңызды өтінер едік.

Асқар тау, таза ауалы, сыңсыған орманды, суы шәрбат, топырағы торқа, қойны құт-қазыналы, ұлан-ғайыр өңірді өріс-қоныс етіп, табиғаттың дарқандығын да, тарпаңдығын да басынан кешіріп, талай-талай тарихи кезеңді өткерген ата-бабаларымыз адамзат қоғамының салқар көшінде өзінің шаруашылық негізіне, тұрмыс тәсіліне, ұлттық ерекшелігіне қарай дара ұлттық дәстүрін, салт-санасын қалыптастырып, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғап, аса бағалы заттық мәдениеті мен рухани мәдениетін сақтап қалды. Бұл адамзат мәдениетінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.

Сол асыл қазыналардан көненің көзіндей болып, дәуірімізге жеткен мұраларымыздың бірі - ұлтымыздың дәстүрлі қолөнер мәдениеті.

Қазақ даласына жібек, қамқа, торғын – торқа, шай, қант керуендер арқылы әкелінді.

Алайда, қазақ халқы шапқыншылық өтінде сан рет «ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» болып, қалалары ойрандалып, ғасырлар бойы көшпенді және жартылай көшпенді тұрмысын қайталап отырды.

Қазақ қолөнерінің туындауына, дамуына осы тұрмыс дағдысы тікелей ықпал етті. Ол қоғамдық өндіріспен қатар дамыды. Алғашқы кезде

қолөнеріне үй кәсібі негіз болды. Қолөнершілер қолөнер өнімдерін өз тұрмысының қажетін қамтудан, бірте-бірте малға, затқа айырбастап, оны кәсіп түріне айналдырды. Тапсырыс жасаушылар қолөнер бұйымдарының ақысын мал немесе басқадай заттармен берді.

Қолөнердің дамуына байланысты қолөнер өнімдері молайды. Тапсырыс бойынша өндірілді. Базар сұранысы да ескеріліп отырылды.Халқымыз көшпенді және жартылай көшпенді тұрмыстың мүддесі үшін сан-салалы шаруашылықпен шұғылданды. Мәселен: малшылық, егіншілік, аңшылық, балық аулау бағбаншылық, қолөнершілік, құрылыс салу тасшылық. Жанама кәсіптер: алтын қазу тас қазу кіре тарту ағаш кесу диірмен ұстау құс бағу сияқты сан алуан кәсіп түрлерімен шұғылданды. Міне, осыған қажетті барлық сайман-жабдықтарды, құралдарды қолдан жасап, өндіріп пайдаланды.

Халқымыз көшпенді және жартылай көшпенді тұрмыстың мүддесі үшін сан-салалы шаруашылықпен шұғылданды. Мәселен: малшылық, егіншілік, аңшылық, балық аулау бағбаншылық, қолөнершілік, құрылыс салу тасшылық. Жанама кәсіптер: алтын қазу тас қазу кіре тарту ағаш кесу диірмен ұстау құс бағу сияқты сан алуан кәсіп түрлерімен шұғылданды. Міне, осыған қажетті барлық сайман-жабдықтарды, құралдарды қолдан жасап, өндіріп пайдаланды.

«Жүн» дегеніміз - жан-жануардың үстіндегі түгі, қылшығы екеңі баршаға аян.

Халқымыздың ғасырлар бойына мал шаруашылығымен шұғылдануы мал жүнін пайдалануына табиғи негізі болды. Өйткені көшпенді тұрмыс қажетіне өтейтін өнімдерге мұқтаж еді. Жүннен жасалған бұйымдар мықты, шыдамды, тұрмысқа қолайлы, денсаулыққа пайдалы (суықтан, ызгардан, күн көзінен т.б. қорғайды), алып жүруге ебдейлі және жеңіл. Бұл өнімдер тұрмыс тәжірибесі барысында сараланың, дамып отырды. Осы негізде пайдаланылған баспана, төсеніш, үй жабдығына қажетті заттарды көліктерге (атқа, түйеге) артып-тартуға, беріктеу, сәндеу мініс көліктерін, сауын малын, төлдерін қолда ұстау жұмысқа жегуде арқан-жіп, бау-шу ноқта, көген, жел сияқтылардың да алуан түрі жасалынды. Жүннен киіз басылып, үй жабылды. Текемет, сырмақ сияқты төсеніштер мен қабырғалық дорбалар, мүліктердің қабы барлығы дерлік киізден жасалды.

Күзем алардан бұрын қой-қозыларды ағын суға тоғытып алады. Тоғытылған қой – қозы жүні шуашынан, кірінен, шаң – топырақтан арылады. Тоғытудың мақсатыда міне осы. Тоғыту аяқталып, қой – қозы жүні кепкен соң қырқым басталады.

Қырқым кезінде жүнге шөп – шалам ілінбеуі, таза болуы үшін қой – қозы қырқылатын жерге көне туырлық, үзік төселіп қырқым науқанына дайындалады.

Күзем алудың дәстүрлі сайманы – қырықтық. Ол - өткір, түп жағы жалпықтау басына қарай сүйірленіп үшкірленген, қарама – қарсы екі жақтаудан тұратын темірден жасалған сайман.

Сабау – ырғайдан, талдан алынатын бір жұп жіңішке таяқша. Қолға ұстайтын жағының 8 – 9 см жерінің қабығы қалдырылып, басқа жері қабығынан толық аршылады. Ұзындығы 110 см таяқшаның бас – аяғын кесіп, кептіреді де жүнді ілмеу үшін және жүрдек болсын деп, қоламтаға бірнеше рет сүңгітіп алып, сыртын тегістейді.

Түту – іртігін қолмен жазып үлпілдетіп алу. Түтілетін жүндердің ақ, қарасы, әр түрлі түске боялғандары бөлек түтіліп ийіріледі. Иірілетін жүндер іртіксіз майда болуы қажет. Сол үшін жүнді түтіп, онан соң шүйкелеп алады.

Ұршық – аналарымыз тарихтан бері қолданып келе жатқан жіп иіру жабдығы, қазақтың әр отбасында бір – екі ұршық болады.

Ұршық үш бөлімнен; - басы, сабы, мұрындығынан тұрады. «Мұрындық» деп, ұш жағының екі жаны жұқартылып келтіріп, ортасы тесіліп көлденеңінен жіңішке (сіріңке талының жуандығындай) ағаш өткізілген бөлігін атайды. Ұршық осы мұрындығына жіп ілу арқылы иіріледі. Сондықтан мұрындық ұршықтың барлық ауырлығын көтеретіндей ағаштан жасалады. Осы бөлігінен бастап ұршық басы орналасатын жерге дейінгі ұршық мойны 10 -11 см, сабы 30-40см болады.

Жиһаздарға қолданылатын декоративті кілемшелер және стол үстіне төселінетін сәндік кілемшелер жастық тыс қабы декоративті салфеткалар.

Ыстық бұйымдардың стол бетін зақымданудан қорғайтын жүннен иіріліп қалыңдатылып тоқылған бұйымдар ретінде және де сол ыстық бұйымдарды ұстауға арналған қолғап жасауға болады.

Жүннің қасиеттеріне тоқталайық.

1)Жүн жылуды жақсы сақтайды. Сондықтан одан тоқылған киім жылы келеді.

2)Жіңішкелігі мен көлемі бірдей басқа талшыққа қарағанда жүн салмағы жеңіл.

3)Күн көзінің ультракүлгін сәулесін өткізетін ерекшелігі бар.

4)Жүн талшығы иілгіш, созылғыш, серпімді келеді.

5)Бояуды жақсы алады.

6)Жүн әрі шуды және тербелістерді төмендететін қасиеттері бар.

7)Биязы жүннің ылғал тартқыштығы қылшық жүннен артық.

Оқушылардың екі ауылға бөлеміз.

«Іскер», «Шебер»

«Іскер» тобы сәнді моншақ жасайды.

«Шебер» тобы өңір таққыш (брошка)



Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 997 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2015 6149
    • PPTX 40.3 мбайт
    • 48 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шералиева Мавлуда Тохташовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шералиева Мавлуда Тохташовна
    Шералиева Мавлуда Тохташовна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15155
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 982 человека из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 575 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 295 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 091 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 241 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 072 человека

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство и техника: совершенствование в художественной гимнастике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фокусировка и лидерство: достижение успеха в условиях стресса и перемен

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов