Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыРазработка по истории Казахстана на тему "Қазақ-жоңғар қатынастары"

Разработка по историй Казахстана на тему қазақ-жоңғар қатынастары

Скачать материал

Күні:20.12.2016 жыл.

Пәні:Қазақстан тарихынан әңгімелер.

Сыныбы: 5-а

Пән мұғалімі:  Жалғасбаева Б.

Сабақтың тақырыбы:  Қазақ-жоңғар соғысы.

                                     Қазақстанның Ресейге бодан болуы.

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: 
Оқушыларға Жоңғар мемлекетінің құрылуы, ХVІІІ ғасырдағы қазақ елінің жағдайы, Ресейдің қол астына ену себебі, оның зардаптары туралы түсінік беру. 
Дамытушылық: 
Қазақ батырларының ерлігіне Қазақстанның Ресейге қосылуына, Ресей империясының Қазақстанды отарлау саясатына тарихи тұрғыдан баға беру және тарихи маңызын, жақсы жағы мен кері әсерін анықтай білу дағдыларын қалыптастыру. 
Тәрбиелік: 
Ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ батырларының ерлігін үлгі етуге, құрметтеуге үйрету. 

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгер
ту сабағы 
Сабақ түрі:
Аралас сабағы. 
Сабақтың әдісі:
Сұрақ–жауап жұмысы, ішінара ізденіс жұмыстары, топтық жұмыстар, ойын түрлері. 
Сабақтың формасы: Жеке, ұжымдық
,топтық. 
Көрнекі құралдар: Тақырыпқа байланысты бейнефильм, портреттер, трек сызбалар, үнтаспада жазылған «Елім - ай» әні, слайд. 
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, ән – әуез пәні, әдебиет. 

«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек». Н. А. Назарбаев
.

 

Бұл сөзде қаншама мағына жатыр.

Ал балалар бұл сөздің мағынасын сіздер қалай түсінесіздер? 

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, түгендеу. 

Оқу - білім бұлағы, 
Білім - өмір шырағы. 

1. Оқушыларды сабаққа дайындау. 
2. Психологиялық дайындық 

 

Мақал-мәтелдер жалғасын табу. 
Бірлік бар жерде………тірлік бар. 
Бірліксіз істе…………. береке жоқ. 


3.Сынып оқушыларын топтарға бөлу. 

Сергіту сәті:

Оқушылар шеңбер жасап тұрайық.Бойымыздағы ең жақсы қасиеттерімізді айтайық.

Әр балаға кәмпит тарату. Кәмпит түстеріне қарай топқа бөліну.

I-топ: “ Қазақ” тобы 
II-топ: “Жоңғар”тобы 

ІІІ-топ.«Ресей» тобы.

ІV-топ. «Батыр» тобы.

Оқушылар бүгінгі сабаққа дайындықтарын,көңіл-күйлерін қалай? 
Әр топтың көңіл-күйін анықтайық. 
"Көңіл-күй шкаласынан
өз көңіл-күйіңе сәйкес суретті таңдап ал. 

Бүгінгі сабағымыздың ұраны: 
“Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран” 

ІІ.Өткен тақырыпты қайталау арқылы үй тапсырмасын тексеру. 

А) “Кім көп біледі?” 
"
Хан тағы" ойыны. 

Cұрақтар:
I-топ: “ Қазақ” тобы 

Қазақ хандары әулетінің арғы атасы кім?
Жошы 
II-топ: “Жоңғар” тобы 
Аса маңызды мәселелерді шешу үшін не шақырылды? Құрылтай 
I
ІІ-топ: “ Қазақ” тобы 
Шыңғысқанның үлкен ұлы? Жошы 
I
V-топ: “Жоңғар” тобы 
Қазақ хандарының тарихы қандай жылдар аралығын қамтыды? 1465-1847жж 
I-топ: “ Қазақ” тобы 
Қазақ хандығының негізін салушылар: Жәнібек, Керей 
II-топ: “Жоңғар” тобы 
Қазақ хандығы нешінші жылы құрылды? 1465-1466жж 
I
II-топ: “ Қазақ” тобы 
Қазақ Ордасын ұзақ жылдар билеген хан? Хақназар 
I
V-топ: “Жоңғар” тобы 
1841 жылы хандық билікті қолына алған Абылай ханның немересі ? Кенесары 
I-топ: “ Қазақ” тобы 
19 ғ-да қай елдің Қазақстанды отарлау саясаты хандық билікті түбірімен жойды? Ресей 
II-топ: “Жоңғар” тобы 
Әйгілі қазақ билері жасауға қатысқан әдеттік-құқықтық заң жинағын атаңдар? Жеті жарғы 
I
II-топ: “ Қазақ” тобы 
Дана әділдігімен атағы шыққан хан? Тәуке 
I
V-топ: “Жоңғар” тобы 
Салқам, Жәңгір, Әз Тәуке хандардың билік құрған кезеңі қай тайпаның шапқыншылығымен тұстас келді? Жоңғар 

“Білім шыңына өрлейік” 

 

Ә)«Сұрақ бізден, жауап сізден»  ойыны.

 

1.Хан деген кім?  Ханның атқаратын қызметі қандай?

2.Қазақ билері туралы не білесің?

3.Қазыбек биді неліктен мәмілегер деп атаған?

4.«Төле би-төбе би» дегенге қалай түсінесің? т.б.

Үй тапсырмасын бекіте отырып ,жаңа сабақтың мәнін ашу.
ІІІ .Жаңа сабақ . 
Оқу - инемен құдық қазғандай . 
Мұғалім: Қазақ елінің жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі жөнінде өткен саб
ақтарда да аз айтылған жоқ. Бүгінгі сабақты бастамас бұрын, сендерге, Аңырақай шайқасына байланысты мынадай оқиға айтып бергім келеді. Аңырақай шайқасында 98 жастағы қарт әкесі Байжан биден бата алып,үлкендерден қалыспай 13-16 жас аралығындағы ер балаларды жиып, 1000 баладан топ құрған 15 жасар Сартайдың ерлігі тарихта аңыз болып жыр-дастанға айналды. Жоңғардың отты зеңбіректеріне қарсы найзағайдай жарқылдап жол салған 1000 баланың ерлігі, кеудесін отқа тосқан 13-16 жас арасындағы 600 жеткіншектің елі мен жері үшін өлімге бас тіккені ұрпақтан-ұрпаққа жетті. 

ІІ. Білімді қабылдауға даярлау. 
Қызығушылықты ояту: «Жау жүрек мың бала» фильмінен бейнесюжет көрсетіледі. Бейнесюжет арқылы тақырыпты ашу. Осы бейне материалға сүйене отырып, бүгінгі өтетін тақырыпқа болжам жасау.
(Оқушылар бүгінгі сабақта ашылатын тақырып бойынша өз ойларын ортаға салады) 

Дәптермен жұмыс. 
Жаңа сабақ тақырыбы:
«Қазақ-жоңғар» соғысы. 
«Қазақстанның Ресейге бодан болуы” 

«Жоңғар шапқыншылығы»  тақырыбындағы электронды оқулықты  тыңдату,көрсету.

18 ғ. 30 ж-да балалар Ұлы Отан соғысы сияқты Отан соғысы болған. Қазақ хандығының 550 жылдық тарихында осынау шайқастың да өзіндік ерекше орны бар. Ол-тарихтағы осы қазақ- жоңғар соғысы. 
Балалар ,осы қазақ хандығының 17-18 ғ. сыртқы саяси жағдайы тіптен ауыр еді. Қазақ хандығында жүздер арасындағы тұрақты саяси және экономикалық байланыстардың болмауы, қазақ феодалдарының өзара тартысы көрші мемлекеттердің шабуылдауына жол ашты: 
Солтүстік – батыстан - башқұрттар; 
Солтүстіктен – Сібір казактары; 
Оңтүстіктен - Қоқан, Хиуа хандықтары; 
Шығыстан – Жоңғария; 
Оңтүстік - шығыстан - Қытай. 
үнемі қысым көрсетіп отырды. Ал басты қауіп шығыстан, яғни Жоңғар хандығынан төніп тұрды. Жоңғарлар - тарихи деректерде қалмақ немесе ойрат деген атаумен белгілі болған тайпалар. Жоңғарлар чорос, дөрбент, хошоут, торғауыт сияқты батыс моңғол тайпаларының XVI ғасырдың II жартысында құрылған одағы болатын. Ал XVII ғасырдан бастап Жоңғар хандығы ретінде Орталық Азияның тарих сахнасына шыққан еді. Қазақ жеріне әсіресе қауіп төндіргені – жоңғар мемлекеті. 
Жоңғар қоңтайшыларының басты мақсаты: 
-Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, өзіне бағындыру. 
-Қазақ жерін иемдену. 

Мұғалім: 
1723 жылы қазақ-жоңғар қатынасында қазақтар үшін аса қиын кезең басталды. Өйткені Қытай императоры Кансидің қайтыс болуын пайдаланып, жоңғарлар Қытаймен бітім жасайды. Осылайша жоңғарлар өздеріне Қытай тарапынан жасалып отырған қысым мен қауіпті тоқтатып, бытыраңқы қазақтарға қарсы барлық күштерін жұмылдыруға мүмкіндік алды. Бұл қазақ халқының тағдырындағы ең қасіретті кезең - «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» (1723-1728) нәубетіне алып келген еді. Қазақ жұртының басына түскен нәубет жөнінде Шәкәрім Құдайбердіұлы былай дейді: «... 1723 жылы қазақ, қалмақ болып жиылып соғысқанда, қалмақтың бастығы Цеван Рабдан қазақтың көбін қырып, қалғанын қуып жіберген. Сонда қазақтар аш-жалаңаш, жаяу шұбап бір көлдің басына келіп, көлді айнала сұлап жатыпты. Сонда бір ақсақал кісі айтыпты: балалар, адам бастан кешкен жақсылықты қандай ұмытпаса, жаманшылық көргенін де сондай ұмытпау керек, біздің бұл көрген бейнетіміздің аты Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама болсын»,- дейді, мағынасы «табанымыз ағарғанша жаяу жүріп, көлді айналып жатқан күн» дегені және сол жолда айтылған қазақтың ескі өлеңі мынау: 
Слайд: "Елім -ай". Мұғалім: Жоңғарларға қарсы соғыста алдыңғы қатарға қазақ батырлары шықты. Олардың қатарында Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Райымбек, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет сынды батырлар бар еді. Олардың ішінен ерек¬ше көзге түскені Бөгенбай батыр болды. Слайд: Батырлар. 
Оқулықпен жұмыс. 73 бет. (Сызбаны толтыр. ) Мұғалім: Бірақ 1723 жылғы жеңіліс қазақ халқының еңсесін түсіре алмады. Ел билеушілері мен батырлар азаттық күреске жұмыла бастады. Қазақ халқының бірлігін нығайтуда елге беделді үш жүздің билері - Төле би (Төле Әлібекұлы (1663-1756), Қазыбек би (Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764), Әйтеке би (Айтық Байбекұлы (1644-1700) белсенді қызмет атқарды. Олар бір орталықтан басқарылатын Қазақ хандығын қалыптастыру жолында табанды күрес жүргізген мемлекет қайраткерлері болатын. Олардың ең басты мүддесі - қазақ халқы мен жерінің тәуелсіздігін сақтау еді. Сол тарихи сын сағатта Кіші жүз ханы Әбілқайыр (1693-1748) ерекше көзге түсті. 
Слайд : Әбілқайыр хан. Мұғалім: -Ресей басшылары Әбілқайыр тірі тұрғанда қазақ елін отарлай алмайтынын білген соң,оны өлтіруді ұзақ жылдар бой ұйымдастырды. Ақыры оның өлімін И.Неплюев жақсылап ұйымдастырды. Ресейдің осы арам пиғылын орындауға сатылған қазақ сұлтаны Барақ 1748 жылы Әбілқайырды Қабырға өзенінің Ұлқұяққа құятын жерінде қапыда қарақшылықпен өлтірді. Өмір бой шайқас үстінде өткен Әбілқайырдың «Қайда қаза болсам, сонда жерлеңдер» деген өсиеті бойынша хан сол жерге жерленді. «Хан моласы» деп аталатын осынау киелі орын Торғай қаласынан сексен шақырым жерде, Ақтөбе облысының аумағында екені белгілі.Әбілқайыр қазақ арасынан алғаш Ресейге ант берген ісімен де тарихта қалады. 

ІV.Сабақты бекіту: 

Оқушылармен топ бойынша шағын ой-қорыту жұмысын өткізу. 

Тапсырмалар:

(тақырып мәтінін әр топқа бөліп қарастыру, талдау) 
1.
Постер ( плакат )қорғайды. 
1- топ "Жоңғар мемлекетінің құрылуы" 
2-топ "Қазақстанның Ресейге қосылуы" 
3-топ.Қазақ батырларының ерліктері
4- топ.Елім-ай әнінің өмірге келуі

 
2.Даталар сөйлейді:

Топтарға  сабақ барысында берілген тапсырмалар бойынша: даталы оқиғаларды тауып,айту. 


1710 ж 
1713 ж 
1718 ж 
1723 ж 
1729 ж 
1731 ж 

 

3.Картамен жұмыс:  Картадан жоңғар шапқыншылығы болған жерлерді тауып,көрсету.

 

4.Қазақ батырларының аттарын тауып.сәйкестендіру.

 

5. «Ер қаруы бес қару»  (қарулардың аттарын табу)

 

V.Қорытындылау.

Оқушылар міне, бізге тәуелсіздік оңай келмеді.Осындай қиын,жаугершілік заманды біздің ата-бабаларымыз басынан өткерді.Қазір Қазақстан-Ресей арасында достық,ынтымақтастық қарым-қатынас орнады,ал жоңғар мемлекеті мүлдем тарихтан жойылып кетті.Осы бақытымызды бағалайық.


Үйге тапсырма беру: § 14 оқу және мынадай сұрақтар арқылы жобалау жұмысын жасап келуге тапсырма беру. 
Сұрақтар: 
1. Әбілқайыр хан неліктен Ресей бодандығын мойындады? 
2. Ресей империясының Қазақстанды өз бодандығына тезірек қабылдауының басты себебі неде? 
3. Ресей империясы қазақ жеріне әскери бекіністерді не мақсатта салды? 

4.Жоңғар шапқыншылығынан көп зардап шеккен қазақ жерлері туралы іздену.
Рефлекция:  Сабақ соңында көңіл-күй шкаласынан өзіңе сәйкес келетін суретті таңдап ал.

V. Бағалау. Бағалау парағы арқылы топ
басшылары топ мүшелерін бағалайды. 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка по истории Казахстана на тему "Қазақ-жоңғар қатынастары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 234 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.04.2017 971
    • DOCX 72.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жалгасбаева Бахыт Тагыбергеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24587
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 469 человек

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 156 человек из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 277 человек

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов

Мини-курс

Основы теоретической механики

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе