Инфоурок Биология Другие методич. материалыРазработка урока по биологии на тему "Қос және дара жарнақты тұқымдардың құрылысы" (6 класс)

Разработка урока по биологии на тему "Қос және дара жарнақты тұқымдардың құрылысы" (6 класс)

Скачать материал

«Тексерілді»

________________

 

Күні: _______________

Сыныбы: 6

Тақырыбы: §10 Қос және даражарнақты тұқымдардың құрылысы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды тұқымнын құрылысымен таныстыру. Қос жарнақты, дара жарнақты тұқымдардың қызметтерін айқындау.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – тұқым құрылысын толығымен сипаттап, қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың қызметін түсіндіру.

Тәрбиелілігі – Оқушыларға пәнге деген көзқарасын, білімге деген құштарлықтарын, адамгершілік қағидаларын бойына сіңіре отырып табиғатты қорғауға тәлім тәрбие беру;

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер

Сабақтың типі:  аралас

Cабақтың көрнекілігі: қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың жинақтамалары, алдын ала суға жібітілген тұқымдар (үрмебұршақ пен бидай), өткір ұстара, ұлғайтқыш қол әйнегі (лупа) және т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі                                     

Үй тапсырмасын  «Біліміңді тексер» айдарымен берілген тапсырмаларға сәйкес сұрақтар қою.

1.      Түзуші ұлпалардың қызметі

2.      Жабын ұлпаның қызметі

3.      Негізгі ұлпаның қызметі

4.      Тірек ұлпаның қызметі

5.      Өткізгіш ұлпаның қызметі

6.      Бөліп шығарушы ұлпаның қызметі

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Тұқым – жатынның тұқым бүршігінен дамиды.

Қос жарнақты тұқымның құрылысы. Қос жарнақты тұқымның мысалы ретінде үрмебұршақ (фасоль) тұқымын қарастырайық (1-сурет). Тұқымның қабығы (қауызы), жарнағы және ұрығы болады. Үрмебұршақ тұқымының пішіні бүйрекке ұқсайды. Оның ойыс жағында жеміске бекінген жерін тұқым кіндігі дейді. Тұқым кіндігінен тұқымның ішіне ауа, су кіреді.

                                      

1-сурет. Үрмебұршақ тұқымының құрылысы (ұзынынан қақ жарылған).

Тұқым қабығы (қауызы) қалың, тығыз, сырты тегіс жылтыр, түрлі түсті. Қабығы тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды.

Қабығын сылып алса (суға жібіген тұқымда тез сылынады), ішінен екі тұқым жарнағы көрінеді. Тұқымда екі тұқым жарнағы бар өсімдіктер қос жарнақтылар деп аталады. Қос жарнақтыларда (күнбағыс, қауын, қарбыз, асқабақ, қияр және т. б.) ұрыққа қорек болатын заттар жарнақта жиналады. Жарнақты ұзынынан екіге жарса, бір ұшында жабысып тұрған ұрығы болады.

Ұрық – алғашқы тамырша, алғашқы сабақша және бүршікшеден тұрады.

 

 

Дара жарнақты тұқымның құрылысы. Дара жарнақты тұқымға алдын ала суға жібітілген бидай дәнегін аламыз. Дәнектің сырты тығыз қабықпен (қауыз) қапталған. Бидайдың жемісі бір тұқымды. Піскенде қабығы ажырамай, тұқымға тығыз жанасып бірігіп кетеді. Қанша жібітсе де қабығын ажырату қиын. Бидай тұқымы әрі жеміс, әрі тұқым болып есептелетіндіктен дәнек дейді. Бидай қабығы (қауызы) тез сылынбайтындықтан, өткір ұстарамен ұзынынан тең екіге жарады (2-сурет). Дәнектің едәуір бөлігін – эндосперм алып жатады. Эндосперм жасушаларында крахмал, нәруыз, май заттары жиналады. Дәнектің төменгі ұшында эндоспермге тығыз жанасып бекінген ұрық бар (құрылысы үрмебұршақтікіндей). Ұрық пен эндоспермнің арасында жұқа бір жарнақ орналасады (бітеу бидайдың сыртынан сәл білеуленіп белдік тәрізді білінеді). Коректік заттар қоры эндоспермде жиналады, жарнағында болмайды. Дара жарнақтылардың тұқым жарнағы, тұқым өнген кезде эндоспермдегі қоректік заттарды ерітетін зат бөледі. Ерітетін зат органикалық заттарды сұйылтады. Сұйылтылған қоректі жасушалары арқылы сорып, бастама тамырша мен бүршікшеге өткізеді. Ұрықтағы май қоры да өнуге жұмсалады.

                                                

2-сурет. Бидай дәнегінің ұзынынан (қақ жарылған) құрылысы.

Дара жарнақты өсімдіктерге лалагүл, жуа, бидай, құртқашаш, банан, қияқөлең, пальма, жүгері, күріш, тары жатады. Тұқымда бір тұқым жарнағы бар өсімдіктер дара жарнақтылар деп аталады.

Бекіту:  Оқушыларға топтарда жұмыс атқару үшін келесі тапсырмаберіледі:

Қосжарнақты және даражарнақты тұқымдарының құрылысын салыстырып, сызбанұсқа арқылы түсіндіріңіздер.

Бағалау.Топтардағы оқушылар өзара бірін –бірі бағалайды. Өз ұсыныстарын білдіреді.

Үй тапсырмасы: §10 тақырыпты оқып, қосжарнақтылар мен даражарнақтыларға жататын өсімдіктердің аттарын дәптрлеріне жазып кесте толтыруға тапсырма беріледі.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка урока по биологии на тему "Қос және дара жарнақты тұқымдардың құрылысы" (6 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 122 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.01.2016 1686
    • DOCX 296.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сариева Гаухар Сергеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сариева Гаухар Сергеевна
    Сариева Гаухар Сергеевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 36373
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация и руководство учебно-исследовательскими проектами учащихся по предмету «Биология» в рамках реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 329 человек

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта «Точки роста»: преподавание генетики на углублённом уровне ООО и СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Составление и использование педагогических тестов при обучении биологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Мини-курс

Интегративные технологии в коррекции учебно-поведенческих нарушений

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Робототехника в школе: конструирование и программирование

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека