Инфоурок Информатика Другие методич. материалыРефлексивті есеп "Инновациялық технологиялар"

Рефлексивті есеп "Инновациялық технологиялар"

Скачать материал

Зайсан ауданының әкімдігінің «Амангелді атындағы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Тақырыбы: Инновациялық білім – заман талабы.

Оқыту мен оқудағы өзгеріс: информатика пәнінде Кембридж тәсілдерін қолдану және жазбаша жұмыстарды ұйымдастыру.

 

 

 

Орындаған: Каирбаева Г.К.- Информатика пәні мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқыту мен оқудағы өзгеріс: информатика пәнінде Кембридж тәсілдерін қолдану және жазбаша жұмыстарды ұйымдастыру.

Білімдінің құнды нәрсе болғаны соншалық, оны кез-келген бұлақтан жинап алу әурешілік емес. Әбу Әл-Фарадж Әл Исфахани айтқандай әр бұлақтан жинаған білімізді тиімді пайдалана отырып жаңаша толқынмен сабақ өткізу әр мұғалімнің алдына қойған мақcаты және міндеті деп ойлаймын.

Қазіргі әлемде болып жатқан өзгерістерге жауап ретінде әлемдегі бүкіл елдер өздерінің білім беру жүйелерін қайта қарауда. Оқыту сапасының тұрақты болуыына қалай қол жеткізу керектігі  көптеген елдердің білім беру саясатының  негізгі мәселесі болып отыр.  Қоғамда оқушыларға білім де, дағдылар да қажет. Сондықтанда, қазіргі ақпараттық қоғамда табыспен өмір сүру үшін балалар мен жастар мән-жайды түсініп, тәуелсіз Қазақ елінің болашағын қалауда, білім алуда сындарлылық танытуы қажет. Оқыту мен оқу техникалық, механикалық жұмыс есме, шынтуайтында  келгенде – бұл қарым-қатынас, өзара іс- әрекет, байланыс және де өзін,  басқа адамдарды  және бүкіл әлемді түсіну мәселесі. Сондықтан әр мұғалімнің білім берудеге мақсаты – білім беру үдерісінің құндылықтық-мағыналық негізі болып табылатынын түсіне отырып, оқушыларының және ата-аналардан тұратын мектептік қоғамдастық құрып, Тәуелсіз Қазақ елінің мықты білім беру жүйесіне ықпал ету деп ойлаймын.

Бұл жұмыста интербелсенді сабақ , яғни оқу үрдісі қалай жүретіндігі жайлы және интербелсенді оқу ерекшеліктері айтылады.

Стронг бойынша: Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім екендігін түсінеміз, оқу мен оқытудағы өзгерістерді саралай келе өз сабақтарымда қолданып жүрген әдіс-тәсілдерге кеңінен тоқталып отырмын. Интербелсенді оқу үрдісіндегі жұмыс тәсілдерін модельдеу арқылы өзімде интербелсенді оқуға қатыса отырып, яғни ашық сабақтар, семинарлар, курстарға бару, оның бірлескен топтық жұмыстан, талқылаудан, бірлескен жұмыс нәтижелері мен зерттеушілік әңгімеден тұратынын түсіне, ұстаздарға өз тәжірибемнен сыр шерткім келеді.

Жоғарғы оқу орындарының қабырғасында жүріп, педагогикалық тәжірибе кезінде істелетін жұмыстар жөнінде нұсқаулар, қалай жасау жөнінде бағыт-бағдар жинасақ, бүгінгі таңдағы біліктілікті арттыру курстарынан жылдар бойындағы жинақтаған тәжірибемізді дамытып, тәжірибемізде өзгерістер енгізуімізге ықпалы мол деуге болады. Соның бірі, Қазақстан Республикасының білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру мақсатында 2012 жылы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің жанындағы педагогикалық шеберлік орталығы («Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы») мен Кембридж университетінің зерттеушілерімен бірлесіп құрылған  бағдарлама.

«Әлем өзгергендіктен, сіз өзгересіз, және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз.  Сіз өзгересіз, себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз, оны істеу үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет. Сондықтан сіз де, олар да өзгеруі қажет» деген С Бич-тің сөзімен жұмысымды бастағым келеді. Өйткені қазіргі уақыт талабына сай әрбір мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынуы тиіс. Сабақ – мұғалім мен оқушы арасындағы жұмыстың аса маңызды түрі. Мұғалімнің сан алуан ізденісі, білімі, әдістемелік-теориялық, ұстаздық біліктілігі осы сабақта көрініс табады.

К.Д.Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады » - деген сөзін әрбір педагог құптайды және менде өзімнің білікітілігімді арттыру мақсатымда және білім беру жүйесіндегі өзгерістен тыс қалмай алға жылжу үшін, оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздерін меңгердім.

Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. (мұғалімге арналған нұсқаулық, 6 бет) .

Сынып тәжірибесіне  енгізілуге тиісті Бағдарламада көрсетілген жеті модульді қатыстыра отырып, сабақтар топтамасын жоспарлауды және ортамерзімді жоспарлауды құруды үйрендім. Яғни, білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістерге бірінші қадамымды жасадым.

1 сурет. Орта мерзімді жоспар

 

Оқу үрдісінің тиімді өтуіне және оқу үрдісін өзгеріске ұшыратуым қажет деп, төмендегі қағидаларды өзіме серік еттім:

-         Жылдамдық;

-         Жүйелілік;

-         Жинақтылық.

Яғни, сыныптағы афтмосфераны жағымды қалыптастырып, тапсырмаларды жинақы және жүйелі ұйымдастыра, жылдамдық танытып оқу үрдісіне бағыт-бағдар бере отырып, табысты оқуға жету үшін оқу үрдісіне  өзгеріс енгізу қажет деген қорытындыға келдім.

Оқушыларда осы қағидаларды жұмыс барысында ескерсін деген мақсатпен тақтаға іліп қойдым.

Сыныпты шағын топтарға бөліп, сабақта оқу үрдісін жүргізуім интербелсенді сабаққа бет бұрғандығымның ең алғашқы қадамдарымды білдереді және дәлелі. Ал сол шағын топтарда оқушылардың «Джигсо, Insert» - әдістері көмегімен жаңа білімді игеруі, бағалау критерийлерін пайланып өзін және өзгелерді бағалауы, тапсырмаларды тиянақты жауапкершілікпен орындауы, дарынды оқушылардың өздерін еркін ұстап, өз мүмкіндіктерін көрсете білуі, өз сыныптастарына ЖАДА ұсынуы, сабақтағы оқу үрдісіндегі оқушылардың белсенділік танытып жатқандығы мен үшін сабағым 100 пайызға өзгеріп кетпесе де үлкен жетістік деп санаймын. Сыныптағы оқушылардың қызығушылық танытып, сыныптағы тұйық оқушылардың пікір айтып, топтық талдауларға қатысуы және оқу үрдісіне бағыт-бағдар бере отырып басқара білгенімнің дәлелі  дегім келеді.

Әрине кедергілерде болды, мысалы алғашқы сабақтарда оқушылар өз ойларын айтуда жасқаншақтық танытты, өйткені мен оларға ойлануға мұрсат бермей, дәстүрлі сабақтардағыдай өзім түсіндіріп айта жөнелгендігім де. Бұл жайында бақылаушы ретінде сабағыма қатысқан бағдарлама бойынша өткен әріптестерім өз талдауларында маған екі жұлдыз , бір тілек ретінде айтуынан байқадым және бұл қателіктерді келесі сабақтарымда ескеруді жөн көре отыра және бұл қателігімді жоюда, «Балаға өз ойын, пікірін айтуға уақыт бер. Салыстырма, үстелеме, бол болдың астына алып қайталама. Дәл осы сәтте жауап бере алмаса, келесі сабаққа қалтыр, «баға» қойма, одан ешкім де ақша жоғалтпайды. Осыдан баланың саған деген сенімі артып, сабаққа аз да болса да дайындалатын болады» деген интернет материалынан оқыған пікірлер есіме түсіп, оқушыларға сенімділік танытып, оқыту үшін бағалау, яғни формативті бағалауды жүргізуді, қолдау көрсету арқылы өзгеріс енгізуім  керек екендігін тағы бір мәрте сындарлы оқытудың маңыздылығын өзіме дәлелдегендей болдым.

Бағалаудың  критерийлерінің және шығу парақтары немесе рефлексия жасаудың  тағы бір тиімді көрініс тапқан кезеңі оқушылардың практикалық тапсырмаларды орындауда жауапкершілікпен, тиянақты орындалуына ықпалы зор болды. Практикалық жұмыс – бұл информатика пәнінде маңызды, негізгі кезеңнің бірі, өйткені оқушы жаңа тақырып бойынша алған білімдерін көзбен көру, қолмен істеу арқылы білімдерін жинақтап, қорытындылайды. Және де бұл жерде оқушы жеке жұмысқа, сыни тұрғыдан ойлануға, өзін бағалау дағдыларын, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін шыңдап шығармашылықпен жұмыс істеуге үлкен мүмкіндік алады. Оқушылар бағалау парақтарындағы критерийлерді ескеріп жұмыс жүргізгенде үлкен қызығушылық танытты, өйкені бұрынғы дәстүрлі сабақтарымда  С  оқушыларым бұл тапсырмаларды орындауда А және В  оқушылардың көлеңкесінде қалып қойып жататын, ал бұл сабақтарда С  оқушыларым белсенділік көрсетіп, тырысып, алға ұмтылып, оқушылардың көмегі арқылы жай ғана көшіріп ала салмай, бағалау парақтарындағы критерийлерді ескеріп, «мынаны ұқтым, мынаны ұқпадым» деп кішігірім өздеріне талдау жасай отырып, өзгергендіктерінде деп ойлаймын. Бұл жерде бір ұққаным әр оқушының пікірінің құнды екенін мұғалім әр кезде ескеріп отыру керектігінде. А және В деңгейлі оқушылар топтық жұмыстарда, жалпы оқу үрдісінде өздерінің ұшқыр ойларымен, оқуға деген ынтасы мен қызығушылықтарымен, тиянақтылығымен, қорытынды, яғни интерпретация жасай алушылықтарымен ерекшеленді дегім келеді. В  деңгейлі оқушы – дәстүрлі сабақтарымда жаттанды оқитын, бағалау критерийлерін қолданғанымда жауапкершілікті сезініп, қорытынды жасай білді деп толық айта аламын. Яғни, бағалау стратегияларын қолдану арқылы оқу үрдісін басқара аламын деп айтқым келеді. Сабақтарымдағы қолданылып жүрген формативті бағалау және рефлексия  түрлері:

20140424_113601.jpg

2 сурет. «Смайликтер» арқылы бағалау

3 сурет. «Бағдаршам» арқылы бағалау

 
20140417_123120IMG_2903.jpg

                                                                                  4 сурет. «Блоб ағашы»

5 сурет. «Жарық жұлдыз» арқылы бағалау

 

4 сурет. «Ауладағы көліктер» арқылы бағалау

 
Бағалау критерийін жасау – оқушының материалды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуіне, өздігінен дайындалуына, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін-өзі тексеруіне, жұмысты тиянақты орындауына, өз деңгейіндегі тапсырмаларды таңдауына,  қажетті іс-әрекетерді жылдам орындауға мүмкіндік туғызады деген қорытындыға келдім және де болашақта бағалау критерийлерін сабақта үнемі қолдану керектігін түсіндім.

6 сурет. «Бес саусақ» арқылы бағалау

 
 


Қазіргі заманда білім жүйесінің заман талабына, уақыттың сұранысына қарай ғарыштап дамуы, әрбір педагогтан сабақты ғылыми жобада, сыни тұрғыдан ойландыратын тұрғыдан жасауды талап етуде.

Өзімнің сабақтарымдағы өзгерістер жайында  сыни тұрғыдан ойлатуға бағыттауда постер құратып, аллитерация құраттырғанымды айтқым келеді.  Осы кезде «Неге алдың? Қандай нәтиже берді?» деп сұрақтар тууы мүмкін, оған мынадай жауаптар ұсынар едім:: «Оқушыларды ортақ проблемаға жұмылдыра отырып, тақырып бойынша қорытынды жасатып, тақырыппен байланыстыра аллитерация құрғыздырттым, мынадай оқушы өнімін алдым: С оқушы сурет салу шеберлігін көрсете постер құрса, А және В оқушылар ой ұшқырлығын танытып: «Слайд сызбалардың, сілтемелердің, суреттердің сырын сырлайды» деп жауап алдым. Сыни тұрғыдан ойландыруда сұрақтардың дұрыс құрылымдалуы өте маңызды, мысалы  ақылдың алты қалпағын қолдануда оқушыларға сабақ соңында қалпақтар таратылып, ақ – осы тақырып бойынша не үйрендік?, қызыл – осы алған білмім пактикалық жұмыс орындадуа жеткілікті ме?, қара – мен үшін не сәттсіз болды?, сары – мен үшін не маңызды болды?, жасыл – осы жағдайда қандай шара қолдануға болады?, көк – үрдіс жайлы ой ойлау, қорытынды жасау, келесі қадамды анықтау сынды сұрақтар қоя отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлануға бағыттау жұмысын жүргізіп отырамын. Яғни, сұрақ қоя отырып, оқушылардың алған білімдерін қорытындылауға, талдауға, бағалауға болатынын түсіндім, үйрендім.

 «Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету»  бойынша өз сабағымда сұрақтарды қалай пайдалану керектігін ойлана келе, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындауда, оқушыларға түрткі сұрақтар қойып сабақтарымды бастап және басқарып отырдым, мысалы, «Компьютер көмегімен көрме ұйымдастыруға бола ма? Қалай? Оны қайда қолданасыз?» «Бұл презентациядан бүгінге дейінгі жасап үйренген презентацияларымыздан қандай өзгешелік көріп отырсыңдар? Неге? Дәлелде?» «Слайд құрамына түрлі объектілерді енгізу презентация құруда маңызы бар ма?», өйткені жаңа сабаққа аз да болса оқушы өз ойын айта алса, сабақ өз мақсатына жетуге жақын екендігін тілге тиек еткім келеді. Сабақ бойындағы практикалық жұмыстардың құрамында сұрақтардың болуын ескеріп отырамын және сұрақты дұрыс қою техникасын, яғни түрткі болу, қайта бағыттау, сынақтан өткізуді  пайдалануды басты назарда ұстанамын. Мысалы: Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін, жаңа тақырып туралы қаншалықты білімін тексеру және бұл білімдерді практикада қалай қолдана алатындығын тексеру мақсатында сыныптағы оқушыларға түрткі болу сұрақтарын «Презентаиця жасамас бұрын ең алдымен қандай әрекеттер жасар едіңдер?» Бұл сұрақ арқылы оқушыларды сыни ойлата отырып, өз ойларын еркін айтуға ашу болды. В оқушы «Презентацияда көрсететін материалдарды жинақтау»,-деп жауап ұсынды. Практикалық тапсырмаларда сынақтан өткізу сұрақтары кездесті, мысалы, « Қандай бағдарлама көрмені жоспарлау, орындау, өңдеуге арналған?» деген сұрақтарға жаңа білім бойынша білгендерін жазып орындап белсенділік танытты, С  оқушыларға ЖАДА ұсынып  сұрақтар бойынша пікірлерін айтып, талдау жасады.

Сабақ үрдісінде  оқушылардың «түсіну дәрежелерін тексеруде» сұрақтарды қоюда сұрақтардың мағыналы болуын ойластырдым және оқушылардың  қиындық туындатқан сұрақтарын да ескердік, мысалы, С  оқушы «Презентация жасаудың 3 тәсілі бар, мен қайсысын қолдансам болады» деген сұраққа, А  оқушы «Қай әдісті қолдансаң да, презентация құруға болады, ең маңызды презентацияның мазмұнынының тақырыппен сай болу » деп, өзінің ой ұшқырлығын аңғартты. Сұрақ қоюдың қайта бағыттау технологиясын қолдана, оқушыларды ойын пайымдату  «Презентация өнімін өз өміріңізде қай жерде қолданар едіңіз?» деген сұраққа, сыныптың дарынды оқушының «Болашақта ғылыми жұмыстарға қатыссам және жоғарғы оқу орнында курстық, дипломдық жұмыстарды қорғауда  қолданамын» деп жауап берді. Яғни бұл жерде оқушылар өздері сұрақ қоя отырып және еркін қатынасқа түсіп, ынтымақтаса отырып, диалогке түсе білді және оқушы жүргіне жол табып, бұл жағымды қарым-қатынастың ұйымдасуы, басқара білгендігімнің дәлелі.

Сұрақтар құрастыруда және қоюда оқушылардың жас ерекшеліктеріне, олардың білім деңгейлеріне және сыни тұрғыдан ойлануға бағытталуы және оқушылар мағыналы, жүйелі жауаптарды ұсынып, оқушылардың белсене әрекет етіп  жатқаны, өз сабағымның аз да болса  интербелсенді сабаққа сәйкестеніп өзгергендігі және сұрақ қоюдың техникасын қолдана отырып бұл өзгерісті басқара алғанымдығым мені қуантады. Яғни, мотивация  тудырмай қызығушылқты оятпай тақырыпты терең игеру мақсатында жетуісіз екіталай деген сөздердің жаны бар екенін есергім келеді. Сондықтан, сұрақтарды дұрыс қоя білген мұғалім оқушы жүрегіне жол табады және оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, мұғалім мен оқушы арасында түсінушілік пен жақсы қарым-қатынас пайда болады деген қорытынды жасағым келеді.

Әрбір мұғалімнің бойында шартты рефлекциялық қасиеттер қалыптасуы керек: балаларды оқытуды өзінің тәсілін жұмысында қолданып, қиын жағдайларда шешім тауып, шыға білу керек. (Информатика негіздері, М.Айтжанова). Менің сабақтарымда кедергілер кездесіп жатты, соның бірі оқулықтың жоқтығы, бірақ мұғалім қандай болсын туындаған мәселеден шешім таба білуі тиіс, осы тұста маған электронды оқулықтардың оқушыларды жаңа тақырып ақпаратымен ақпараттандыруда көмектесті дегім келеді. Информатика пәнінде, әрине Акт–ны қолдану шартты нәрсе, сондықтан оқушылар электронды оқулықтармен жұмыс істеуге төселгендіктен, бұл мәселеден сынып болып шешім таба білдік дегім келеді.

IMG_2863.jpgИгерген білімдерін практикамен байланыстыру және сабақты бекіту мақсатында электронды оқулық құрамындағы деңгейлік тапсырмалар орындатылады. Сабақты АКТ-ны пайдалану оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне, психологяиылқ көңіл-күй орнатуда, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, уақытты үнемдеуде, танымдық қабілетін арттыруда, жауапкершілікті сезіндіруге айтарлықтай әсер ететіндігін атап өткім келеді.

8 сурет.Практикалық жұмыс

 

7 сурет. Интерактивті тақтамен жұмыс

 
Информатика сабағында АКТ-ны пайдаланбау мүмкін емес, себебі информатика пәнінің негізгі мақсаты сол АКТ-нің өзін үйрету, компьютермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту  және өз өмірлерінде қолдана алуға жетелеу, сыни тұрғыдан ойлау, көшбасшылық, дарынды және талантты балаларды оқыту, қалай оқу керектігін үйрету және сабақтың ең маңызды бөлімі болып табылатын – практикалық жұмыс. Сондықтан әр сабақта практикалық жұмысты ұйымдастыру оқушылардың білім нәтижелерін алуды көздейді.

Мен оқушылар арасында зертеушілік жұмыстың тиімді жүруі оқушыларды қызықтыра отырып, зерттеу талабын қалыптастыру мұғалімнің негізгі міндеті екенін түсіндім. Сондықтан оқу үрдісінде сергіту сәтін, треннингтер өткізу арқылы оқушылардың қызығушылықтарын ояту, үнемі оқыту үшін бағалау жүргізіп, мадақтап, қолпаштап, бағыт-бағдар беріп отыруды ескердім және де  болашақтағы сабақтарымда жоспарлап отырмын. Оқушылармен жағымды қарым-қатынас орнату үшін өзіме мына қағидаларды іріктеп алдым:

- Оқушымен қарым-қатынас жасауға шынайы қызығушылығызды білдіру;

- Күлімдеңіз;

- Есіңізде болсын! Адам үшін оның есімінің тәтті және маңызды үнмен айтылуы зор рөл атқарады!

- Әңгімені оқушылармен қызығушылықтары төңірегінде өрбіту;

- Оқушылардың пікірінің маңыздылығын шынайы сезіндіріңіз!

9 сурет Топбасшысының бағалау парағы

 
Топтық жұмыстарда басқаны үйреткен оқушы қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен қатар, тақырыпқа терең үңіліп өзін-өзі үйренетіндігінде. Оның дәлелі ретінде баяндаушы оқушылар практикалық жұмыс орындағанда: «сыныпқа сабақ түсіндіргенім жақсы болыпты, тапсырмаларды қиналмай орындаудамын» деп пікір алмасып жатқанынан байқадым. Есіме информатика негіздері журналынан оқыған мақаламның мына сөздері келді: асқан дарынды Иохим Форций өзі жайында: «Не істеп, не оқысамда, соның бәрі тіпті бір айдың ішінде ойымнан шығып кетеді, ал басқаларға үйреткенімді өзімнің бес саусағымдай соншалық айқын білемін»,-деген. Сондықтан ол зор табыстарға жету үшін шәкірттеріне өздеріне шәкірттер тауып, оларға күн сайын өздері үйреніп жатқан нәрселерін үйретіп отыруды кеңес қылады. (Ян Амос Коменский. Даналардан шыққан сөз.). Қазіргі сабақтарымда топтарға барып бақылау жасағанымда байқағаным: олар бірден бар ынтамен жұмысқа кірісіп кетіп жатады,  топтар баяндаушылар арқылы алған ақпараттарын ортаға салды, бірін-бірі толықтырды,  ортақ бір шешімге келді. Яғни, бұл жерде білім алмасу үрдісінің жүріп жатқанын айтып кетуге болады. Оқушылар бір жағынан: сыни тұрғыдан ойлануға дағдыланды, білім алмасты, қарым-қатынасқа түсті, белгілі бір нәтижеге қол жеткізді. Бұл мен үшін үлкен жеңістік деп санаймын.Тағы бір атап кететін жайттар да бар,мысалы, бір сабағымда:  топтар басқа топтарға постер бойынша пікірлерін айтып, ұсыныстар жазып жатты. Кейбіреулері жай тілек жазып қойыпты, осыдан әліде оқушылардың оқыту үшін бағалауда өз ойларын жинақтау қажет екендігін ұқтым. Ақпаратты талдау және постер жасауда топбасшыларына  алдын-ала таратылған бағалау парақтарына келесі критерийлерді енгізіп: Электронды оқулықты пайдалану, Топтық талқылауға белсенді қатысу, Түйінді идея айту, Өзгенің пікірін тыңдау, Топ ішінде өз қызметін атқару, Жалпы балдар жиынтығы және осы критерийлерді ескере отырып  топ мүшелерін бағалауды тапсырдым. Осы тұста оқушылардың өзінің жеке бағалау парақтарымен топбасшы бағалауында келіспеушіліктері болып жатты. Өйткені оқушылар көбінесе «жағымды» бағаларды көтеріп жатса, топбасшылары бағалау критерийлері бойынша өз дәлелдемелерін ұсынып, баға қойып жатты. Мысалы,  В  оқушы өзін-зі бағалау парағында «Жаңа сабақты меңгеруің» критерийінде өзіне «жоғарғы баға» қойса, топбасшысы ол оқушыны «төмен» бағамен бағалапты. Топбасшысының түсіндіргенін сұрағанда: «Электронды оқулықты пайдаландың, талқылауға қатыстың, өзгенің пікірін тыңдауда және өз қызметіңді толықтай атқармадың» деді. Яғни, оқушылардың өздеріне әлі де әділ бағалауда дағдыланбағандығын байқадым және топ басшыларының әр критерийге мән беріп, әр үрдісті бағалап отыруы мені таң қалдырды, яғни өзіне деген артылған жауапкершілікті сезінді деген ойдамын.

Информатика пәнінде жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту  маңызды емес деп қабылдайтын едім. Мен информатика тек компьютерде жұмыс істеу дағдыларын ғана үйретеді деген пікірімді өзгерттім, өйткені жазбаша жұмыс немесе жазу – үйренгендіктің дәлелі, ойлаудың ең жоғарғы түрі.

Информатика пәнінде жиі қолданып жүрген жазбаша жұмыстарыма тоқталатын болсам: «Аллитерация», «Синквейн әдісі», «4 сөйлем», «Денотантты граф», «Т кестесі», «Қосжазба күнделігі» және т.б.

Аллитерация – сөз ішінде қатар немесе алшақ тұрған бірдей немесе ұқсас дауыссыз дыбыстардың қайталанып келуі. Бұл тәсілді сабағымда бекіту, қортындылау кезеңдерінде жеке-жұптық-топтық орындалатын тапсырмалар ретінде беремін. Информатика пәнінде жазбаша жұмыстарды түрлендіру. Солардың ішінде аллитерация әдісін қолдану. Ол оқушының:

1.     Логикасын дамытуға әсер етеді; Өйткені, информатика пәнін меңгеруде логиканың алар орны ерекше.

2.     Ойлау қабілетін шынықтарыды және сыни тұрғыдан ойлауға оқушы бағытталады;

3.     Тілдік қоры молаяды;

4.     Граммтикалық ережелерді сақтауға дағдыланады;

5.     Жазбаша жұмыс – бұл ойлаудың жоғарғы сатысы. Оқушының жеке бетімен жұмысын жігерлендіреді.

6.     Ізденімпаздық және тапқырлық қасиеттері дамиды, ашыла түседі.

Мысалы, 4-5 сынып оқушыларының, компьютер құрылысы және ақпарат тақырыптарын өтілген кезеңіндегі мына жұмыстары соның дәлелі: Қауіпсіздік қашанда қажет. Ережені ескер! Техника,токқа тиіспе! Ақпарат ақылмен айқындалады. Ақапарат айшықты амалдардарды айқындайды.

Сонымен қатар жоғарғы сыныптарда жиі қолданатын «денотантты граф» әдісі: өтілген тақырыпты талдауда, салыстыруда, қорытындылауда өте тиімді. «Денотантты граф» сызбасы: Тақырып бойынша берілтетін материал

           Бір зат есім

 

10 сурет.«Денотантты граф» бойынша оқушы жұмысы

 

 
 етістік

                                             

                                                                                                                                 

                                                                        түйінді ой

 

Оқушы өтілген тақырыпқа жоғарыда көрсетілген сызба ретінде талдау жасайды.

Сол сияқты «Т кестесі» немесе «Терминдер кестесі» тарауларды қорытындылауда таптырмас әдіс деуге болады.

11 сурет «Т кестесі» бойынша оқушы жұмысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                      

                                                    Т кестесі  

Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл модульді сабағымда тағы да бір мәрте қолданып, оқушыларға үйге жазбаша жұмыс тапсырып отырамын. Оқушы жазбаша жұмыс орындауда дұрыс ұйымдастырғанда өз даму деңгейінде ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Келесі жазбаша жұмыс түрі «Синквейн » немесе «5 тармақ» әдісі.

1 тармақ. Негізгі ойға қатысты бір зат есім.

2 тармақ негізгі ойға қатысты 2 сын есім

3 тармақ негізгі ойға қатысты етістік

4 тармақ негізгі ойға қатысты 4 сөзден тұратын сөз тіркесі

5 тармақ 1 тармақтағы сөзбен мағыналас 1 сөз.

Сабақты қорытындылау мақсатында интерактивті тақтада сөздер банкісін ұсынып, бүгінгі тақырыпқа сай сөздерді тауып, синквейн әдісімен қорытынды жасауды ұйымдастырамын.  Бұл өз кезегінде оқушылардың тақырып бойынша не ұғып, нені ұқпағандығын айқындауға көмектесер деп ойлаймын.

Сонымен қатар, «4 сөйлем»  әдісін оқулықпен жұмыс жасауда жиі қолдануға болады:

1.Пікір

2.Дәлел

3.Мысал

12 сурет 4 сөйлем» бойынша оқушы жұмысы

 

 
4. Қорытынды Бұл әдістің ерекшелгі оқушы жаңа тақырыпты өз бетімен меңгере отырып, түйінді ой шығаруға көмектеседі. Яғни, таным мен білім қатар жүргенде  - оқушылар өз әрекетінің жемісін көреді дегім келеді. Оқулықтағы мәтін ішінен пікір жазады, оның дәлелін табады, мысал келтіреді және қорытынды шығарады. Ізденімпаздық және ғылыми жұмысқа дайындық деуге болады. Сонымен қатар үй тапсырмасын ұйымдастыруға да болады. Мысалы ретінде оқушылардың жұмысы ұсынылады:  

Үй тапсырмасын беру ең маңызды сабақтың бөлігі. Өйткені оқушының бұл жерде функционалдық сауаттылығы дамиды, яғни алған білімін өмірде пайдаланудың алғашқы қадамдарын жасайды. Өзін-өзі реттейді десем де болады. Келесі әдістер арқылы үй тапсырмаларын ұйымдастырып отырамын. «Қосжазба күнделігі», «Дербес пікір» және т.б.

«Қос жазба күнделгі»                                         «Дербес пікір»

                                                                             1 өзіндік пікір

                                                                             2 дәлел

Оқулықтағы     Менің                                          3 өз пікірін айғақтайтын  мысал

 Пікір                пікірім                                          4 өз пікіріне қарсы дәлел

                                                                             5. қарсы дәлелді жоққа                                                                                                 

                                                                                        шығаратын мысал

                                                                             6 қорытнды

 

Бұл жұмыстарды жеке немесе жұптар орындауға болады.

Сабақтың өн бойында оқушылар оқып-үйренудің нәтижесінде тақырыптың, бағдарламалардың қыр-сырымен, оның атқаратын қызметін толыққанды біліп, оны тапсырмаларды орындауда дұрыс қолдана алуы, ең бастысы барлық білім, білік дағдыларын өз өмірлерінде қолдана алуында деп ойлаймын. Компьютерде жұмыс істеуді біліп, үйрену үшін әр оқушы оны көзімен көріп, қолымен істеп, өз ойымен айтып жеткізе алса нәтижеге дұрыс жетім деуге болады. Бұл бағытта жоғарыда көрсетілген әдістер мен  оқушылар іс-әрекетері дәлел бола алады деген тұжырымдамын.

Жас маман ретінде өзіме реттелуге, қосымша білім жинауға көп еңбектенуімнің қажеттілігі айқындалғандай болды. «Білікті мұғалім үшін теориялық және тәжірибелік білімдер өзара тығыз байланыста болуы тән. Сабақ үрдісінде жаңа әдіс-тәсілдерді енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды тиімді қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Сабақта теориялық және тәжірибелік білімдерді қолданған кезде, анықтаушы фактор оқу үдерісінің мазмұны, әдістемесі, технологиясы саласындағы білімнің қалыптасқандығы болып табылады». (МАН, 62 бет). Олай болса дәстүлрі сабақтан сындарлы білім беруге көшуге талмай еңбектенемін деген алдыма мақсат қойдым. Бұрынғы дәстүрлі стилдегі сабақтарымда қатаң тәртіп, өзімнің сабақтағы рөлімнің басымдығы, бағалаудағы бір сарынды жүйесі қолданылып, мұғалім-оқушы қарым-қатынасы көрініс берсе, тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша өтілген сабақтарда өзімнің сабаққа тек бағыт-бағдар беріп, бағалауда оқыту үшін және  оқу үшін, бағалау критеийлерін қолданып, табысты оқуға жетелеу жүргізіле мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы қарым-қатынасының негізінде оқушылардың өзін еркін сезінуі, ойларын ашық және нақты жеткізіп, итерпретация жасаулары, сабағымның сындарлы сабаққа бет алғандығымның дәлелі дегім келеді.

Сындарлы білім беруде оқыту мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер модулінің  және жалпы 7 модулдің оқушының қызығушылығын оятуда, ынтасын арттыруда жауапкершілікті сезіндіртуде үлесі зор екенін түсіндім. Себебі бұл оқушыны өзгерістерге ынталандырады, өз-өзіне деген сенімін нығайтады, өз-өзін бағалауға ұмтылдырады, ақпаратты өздігінен қабылдап, меңгеруге дағдыландырады деген қорытындыға келдім.

Сондықтан сындарлы оқытудың қыр-сырын ұғынып, тәжірибемді одан ары дамытуда көп ізденуім және шығармашылықпен жұмыс істеуім қажет деген қорытындыға келдім.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық, Үшінші негізгі деңгей, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012ж.-306 б.

2.ҚР БҒМ мен Ы.Алтынсарин атындағы ұлтттық білім беру академиясының оқу бағдарламасы (2013ж. 3 сәуір № 115 бұйрығымен бекітілген)

3.Жақсылықова Г.И. (2014) Интербелсенді әдіс-тәсілдер: Әдістемелік құрал.-Өскемен, 73б

4. Кембридж университеті бағдарламасының негізінде тренерлердің тәжірибе алмасу мастер-кластары , Алматы 2014

5. Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару, Алматы 2014

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Рефлексивті есеп "Инновациялық технологиялар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Электронный архивариус

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 756 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.04.2017 3026
    • DOCX 18.9 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каирбаева Гульмира Кайролдановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3105
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информационные системы и технологии: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информационных систем и технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Курс повышения квалификации

Использование компьютерных технологий в процессе обучения информатике в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 137 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 303 человека

Курс профессиональной переподготовки

Информационные технологии в профессиональной деятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель информационных технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 193 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 975 человек

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Методы сохранения баланса в жизни

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Читательская грамотность у школьников

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 70 человек