Инфоурок Информатика КонспектыРефлексивті есеп "Топпен жұмыс жасау"

Рефлексивті есеп "Топпен жұмыс жасау"

Скачать материал

Рефлексивті есеп.

Бағдарламаның теориялық негіздерінде айтылғандай,мұғалім қызметіндегі маңызды басымдықтар:

·        Жекелеген оқушылардың сабақ тақырыбын қабылдау ерекшеліктерін түсінуге ұмтылуы;

·        Оқушылардың білім-түсініктерін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы;

·        Кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсіну.(МАН, 5 бет)

Оқытудың қандай жолы қолданылсада, «оқыту тиімділігі» ұғымына қатысты қарастырылған екі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешкгі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы. (МАН, 6 бет)

Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние-жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізуі қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі.( Нұсқаулық, 7 бет)

Бұл курсты оқуға кіріскен кезде бәрімізге, оқып-танымайынша, әркім әр түрлі пайымдап, біз үшін алынбас қамалдай боп тұрған еді. Енді міне оқи келе өзімізді өзгертуге бас бұрдық. Әрине бірден оңай болған жоқ, дегенмен адам өзіне мақсат қойса алмайтын қамал жоқ. Біз осы мамандық иесі болғандықтан заман талабына сай болғанымыз жөн, өйткені біздің алдымызда,  біздің болашағымыз отыр, біз оған жауаптымыз. Осы мақсатпен менде өзіме өзгеріс енгізуге кірісіп кеттім. Курста  оқу кезеңдерінде топпен көп жұмыстар жасадық оның пайдасы сол бәріміз ақылдасып, барлық проблемаларды шешуге тырыстық.   Топтасып жұмыс жасау ынтымақтастыққа, бірлесіп жұмыс жасауға тиімді әдіс екенін сезіндім. Берілген тапсырмаларда түсінікті етіп парақтарға түсіріп,топтық таныстырылымдар жасадық. Бұл тәсілдерді оқушылармен орындау тиімді екенін түсіндім. Топ болып жұмыс жасау жаңа ұғымды меңгеруге, мағынасын ашуға, ол ұғымның есте жақсы сақталуы үшін тиімді әдіс екеніне көзім жетті.   Сол себепті неге  мен осы бірінші қадамымды топтық жұмыс жасаудан батамасқа деп ойладым. Деген, қазіргі балаларға топпен жұмыс жасау өте қажет деп ойлаймын. Өйткені қазіргі балалар тек қана өздерін ғана ойлайды, ешкімге көмектескісі келмейді. Сол себепті осы әдіспен жұмыс жасауды таңдадым.  Кез келген сабақты мұғалім қызықты, тартымды өткізуі керек.Сабақ — өте күрделі, сан қырлы. Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Осындай әдістердің бірі Топтық әдіс-

-         Оқушылардың бір-біріне жолдастық, достық қарым –қатынастары арта түседі.

-         Бір сабақтың үстінде берілген материалдарды топтық, қамтуға мүмкіндік туады.

-         IMG-20170405-WA0047.jpgБағалау жұмысын салыстырмалы түрде жүйелі жүргізуге болады.

-        

Постер қорғау сәті

 
Оқушылардың өз беттерімен ізденістері туындайды, қосымша оқулықтармен немесе өз оқулықтарымен жүйелі жұмыс жүргізуге дағдыланады.

-         Өз білімі мен жолдастарының білімін саралай, бағалай білуге толығырақ мүмкіндік туады.

IMG-20170406-WA0005.jpgБіз тобымызда  мектептегі Ахметкалиева Ләйла тренерімізбен бірге 7 сыныпқа сабақ беретін  мұалімдер: Тоғжан, Наурызай және мен,  бірлесіп  тізбектелген қысқа мерзімді жоспар жасадық. 7 «А» сыныбында «Растрлық графиканы өңдеу редакторы» деген тақырыпта сабақ өткіздім. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін мен оқушылармен бірлесе бір –бірімізге жақсы көңіл күй, сәттілік тілеуді үйренді. Оқушылар үшін бұл кезең қиындық тудырған жоқ, керісінше оқушылар жаңа тілектер, бұрын соңды айтылмаған ойлары ортаға жақсы әсер қалдырды, мысалы информатика пәніне қатысты  терминдерін пайдаланып тілек тіледі. Оқушыларға бағалау парағы беріледі. Бағалау парағы қалай толтырылатыны түсіндіріледі. Топтарды бүгінгі сабақтың тақырыбына қарай бөлдім. І-топ «Растрлық», ІІ-топ «Векторлық», ІІІ-топ «Фрактал». Топтық жұмысқа ақпараттық ресурс таратылады, оқушылар постер жасауда  қызығушылықпен  кірісіп кетті. Мен сырттай бақылау жасап ,кейбір топтарға барып тыңдап дұрыс бағыт беріп отырдым. Мұғалімнің үш көмекшісі бас,қол,жүрек деп Шульман айтқандай арасында бағыт беру, дұрыс жолын көрсетіп қатесін өздері түзетуіне жағдай жасалды.

Сабағымды құрған жоспарымыз бойынша өткіздім, бұл сабақ біз ойлағаннан да жақсы өтті. Топпен жұмыс жасау өте сәтті өтті. Әсіресе компьютерде тәжірибелік жұмыс жасағанда бір-бірне көмектесіп топ жұмыс жасады, өйткені тапсырманы кезек –кезек жасағандықтан өзін жауапты сезініп, топтан қалмауға тырысты. Топтық әдіс- оқушылардың бәсекелестік қабілетін арттырып, оқушылардың ауызбіршілігін, сыйластығын, жауапкерщілігін сезінуге ықпал жасайды. Бағалау кезінде біраз көтермелеп қойып жіберді, оны бірден келіспейтінімді айтып өттім. Оқушылар топтық жұмыста өздерінің жауапкершіліктерін сезіне отырып, постер құруды үйренді.Топбасшысының белсенділігі артты және топбасшысының ұйымдастыру қабілеті арқылы топтық жұмыстың белсенділігін арттырды.

 

IMG-20170413-WA0019.jpgМен топтың тиімді жұмысына қолдау көрсете отырып, оң нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етіп, берген жауаптарына толықтырулар жасап отырдым. Нақты не жайлы айтып жатқанын өздері түсінгенін қаладым. Топпен бәрі бірігіп бір кісідей жұмыс жасады. Кері байланыста «Екі жұлдыз, бір тілек» бүгінгі сабақтан алған әсерлерін білдіреді, тақтаға үш түрлі көңіл күйдегі смайліктерді тақтаға жапсырып қойдым әр оқушы өз көңіл-күйін білдіріп стикерлерін жапсырады. Кері байланыс келесі сабаққа жоспар жасағанда  ескерілетін мәселелер, өте қажет. Оқып жатқан бағдарлама негізінде алған теориялық білімімді практикамен ұштастыру мақсатында 8 сынып оқушыларымен сабақ өткізу үшін қысқа мерзімді сабақ жоспарын жоспарладым. Сабақ өту кезінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында сандық технологиялар ақпараттық комуникациялық технологияны,сандық фотоаппаратта пайдаландым. Бұл сабақта жұптап жұмыс жасадық, бірақ бәрінің жұмысы бір-біне жалғасын тауып тұруы керек сол себепті әр оқушы өз мамандығы информатик Excel-де оқулықтағы деңгейлік тапсырмаларды функцияларды есептеп шығады, оператор видеоға түсіреді де жұмыссын менің электронды поштама салады, ал фотограф коллаж жасап WhatsApp-қа салады. Яғни оқушылар өздерінің оқуларына жауапты екенін сезінді. Мен ол тапсырмаларын тексеріп бағаларын электронды журналға қоямын. Осылайша, оқушыда өзінің оқуы үшін жауапты болады. Бұл сыныпта, постер арқылы ойларын еркін қорғап, өз пікірлерін ашық түрде жеткізе алатындығын байқадым. Түсінуді басты назарға ала отырып ынтымақтастықпен оқу немесе мәселені шешу үдерісі оқушылардың тиімді дәлелдерді жүйелеу қабілеттерін жоғарылатады. Сабақтың соңғы бөлімінде Жинақтау –Әр топ үш ұйғарымнан жазу, біреуі жалған, екеуі дұрыс. Содан соң топтар оқиды басқа топтар дұрыс қатесін тауып дәлелдейді.

Бағалау- бағалау парақтарына жалпы ұпайын есептеп, шыққан бағаларын дәлелдейді. критерийлері бойынша жұмыстарын талдап деңгейлерін айтып өтемін. Бұдан соң үй тапсырмасын беремін. Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі-өз қолдарын салып әр саусаққа сұрақтарға жауап жазады. Смайликтер арқылы өз көңіл-күйлерін білдіреді. Блум таксономиясы негізінде сабақ жоспарын құруда да ерекшелік  бар. Яғни әр бір тапсырманы орындау барысында жүйелілік болатынына көзім жетті. Тапсырмаларды түрлендіріп жоспарлай бастадым.  Бұл болашақ тәжірибеме көп өзгерістер әкелгені сөзсіз. Жоспарлауда мен көбіне топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлерін ұйымдастыруға назар аударуды жөн көрдім. Сабағымның желісін курста үйренген блум таксономиясы әдісімен жүргіздім.Диалогтік  оқыту,жұппен,топ пен жұмыс,ассоциоция,формативті бағалау әдістерін сабағыма кірістірдім.МАН-23 бет. Келесі сабағымда жоспар құрғанда алыңғы оқушылардың көңіл күйлерін және нені ұқпағандығын ескере келе сабағымды төмендегідей құрдым. Осы 8 «А» сыныбына  «Электронды кетедегі есептеулер» тақырыбында төмендегідей жоспармен өткіздім:

1. Осы сабақта қол жеткізетін мақсат қойдым: Тапсырмаларды электронды келстелердің көмегімен шешу.

Сабақ мақсаттары :Барлық оқушы үшін: электронды кестеде есептердің қойылу кезеңдерін біледі.

 Оқушылардың басым бөлігі үшін: үлгіні пайдалана отырып, қарапайым есептерді компьютерде құра алады.

 Кейбір оқушылар үшін: өз бетімен түрлі құрамдағы есептерді шеше алады.

2. Бағалау критерийі:

-электронды кесте элементтерін пішімдейді;

-деректердің типін жіктейді;

-электронды кестеде диаграмма тұрғызады;

- өз бетімен есептің шешуін құрады.

3. Тілдік мақсаттар. Пәндік лексика және терминология: адрес, абсолюттік, салыстырмалы және аралас адрестер.

-жазу: есептеу кезеңдерін үлгілерін жұмыс дәптеріне жазу.

4. Пән аралық байланыс: математика, физика.

4. Құндылықтарға баулу. Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Туған жеріміздің тарихында бірнеше мыңжылдықтар бар, оның беттерінде ата- бабамыздың ұлы істері сақталған. Қазақ халқының тарихы-бұл бірігу тарихы. Құндылықтарымызды сақтай білейік. Әр оқушының санасына сіңіріп отыр қажет деп ойлаймын.

 5. Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақтың басы:   І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларға жағымды ахуал туғызу.

ІІ. Үй тапсырмасы. Бұл  бөлімінде оқушылар электронды кестемен жұмыс жасау кезеңдерін және диаграмма түрлері туралы  не біледі,бұрынғы алған білімдерін қайта еске түсіреді,қайта жаңғыртады.Оқушыларға сұрақ қою барысынада диалогтік әдістің көрініс тапқанын байқадым,яғни оқушыларға бастама- әрекет-кейінгі жауап арқылы сұрақтар қоя отырып,оқушының білімін толықтыру мақсатында түрткі болу сұрақтарын,білмей қалған жағдайда қайта бағыттау сұрақтарын қойып толықтыра түстім.Әр дұрыс жауапқа бір асықтан беріп отырдым.

ІІІ. Топқа бөлу. Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы үш топқа бөліп, топ ережесін еске салу. Ітоп- «Ақпараттық модель», ІІ топ- «Математикалық модель», ІІІ топ- «Компьютерлік модель». Бағалау парағын беру.

Сабақтың ортасында: Білу. «Миға шабуыл» әдісі арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу мақсатында слайдтағы суреттерге және үстелдегі бірнеше модельдерге көңіл аудартып, сұрақтар қоя отырып:

-         Компьютерде есептеулер жүргізуде электронды кестені қалай қолануға болады?

-         Есептерлер орындауға бола ма?

-         Қандай есептеулер жүргізіп көрдіңдер? сабақтың тақырыбын аштым.

Түсіну. «Ойлан-жұптас-бөліс»әдісімен жұмыс жасайды.Оқушыларға оқулықтағы және үлестірмелі мәтінді ұсыну. Сыныптағы топтарға І топқа «Математикалық моделін құру», ІІ топқа  «Компьютерде есептеу кезеңдері», ІІІ топқа «Қарапайым есептерді электронды кестеде модельдеу» тақырыпшаларын бөліп бердім,негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолы мен фактілер мен идеяларды түсінетіндігін көрсету:

·        Есептің қойлымы. Бұл бөлімде қажетті мәліметтер мен нысандарға талдау жүргізіледі.

• Апараттық модель құру. Параметрлер арасындағы математикалық байланыстарды бекіту;

• Зертеліп жатқан нысанның компьютерлік моделін құру;

·        Компьютерлік тәжірибе. Құрылған модель алгоритмінің дұрыстығын тексеру.

Түсіну бөлімінде оқушылар бірінші әрқайсы мәтінді оқып түсінеді одан кейін жұптасып әңімелейді үшінші топқа салып ойларымен бөліседі, содан соң топта талқылайды, постерлерін  қорғайды. Топтың жұмыстарын «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Мәтінді қарастырған кезінде әр оқушының бойында іздену,жазу дағдысы қалыптасады. Бұл жолы оқушылар мұғалім қызметін өзі атқарады,мәтінді оқу, түсіну, талдау  кезінде өз құрдастарының айтқанын түсінеді. Оқушылар өздерін еркін сезіну үшін әуенге қосылып билейді яғни «Сергіті сәті». Ендігі сабағымның Қолдану бөлімінде деңгейлік тапсырмаларды компьютерде тәжірибелік жұмыс жасатқыздым.1 тапсырма-Екі жеңіл автокөлік екі қаладан бір уақытта, бір-біріне қарама-қарсы бағытта жолға шықты. Қалалар арасындағы қашықтық 5 километр. Бірінші автокөліктің жылдамдығы V1 км/сағат, екінші автокөліктің жылдамдығы V2 км/сағат болса, олар қанша уақыттан кейін кездеседі? Екінші есеп математикадан міне осы тапсырмаларды орындауда -Жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдаланып, есепті шығару жолдарын анықтап, диаграммасын тұрғызу жұмыстарын әрқайсысы жеке орындайды және бағалау парағына өздерін бағалап отырады.

Сабақтың соңы.Талдау-білімдерін бекіту мақсатында электрондық оқулықтағы сынақ жұмысын орындайды.

Сабақтың соңғы бөлімінде жинақтау мақсатында оқушыларға «Жазбаша интервью алу» парағын беріп мына декскрипторлар арқылы бағаладым.

-электронды кесте элементтерін пішімдейді-1балл;

-электронды кестеде функцияларды қолдана алады-1балл;

-ұяшықтардың абсолют немес салыстырмалы сілтемелерін қолдана алады 1 балл;

-есептеу кезеңінде шарт қоя біледі -1балл.

-логикалық фунцияларды өздігінен есептеулер жүргізе біледі-1 балл.

Бағалау бөлімі бүгінгі жасаған жұмыстарына талдау жасау:пікірмен таныстыру және оны дәлелдеу, атқарған жұмыстары бойынша қорытынды жасау, бірқатар

критерийлердің негізінде идеяларды негіздеу және жұмыс сапасын бағалау және ашық түрде жариялап, бағалау парағын экраннан көрсету. Оқушыны шыншылдыққа тәрбиелеу.Бағалау бөлімінде оқушылар бір-біріне топта «Бас бармақ әдісі»  арқылы бағалаттым.         Оқушы өз нәтижелерін бағалай білуге үйренеді. Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта жетістігіне берілген мадақтау, қызығу мен қажетін көтермелеу құралына айналады. Сабақ барысында қолданып жүрген бағалау парағы екі жақты тиімділікті көрсетеді. Оқушы өз қателерін көріп жөндеуге кіріседі және болдырмауға тырысады, ал мұғалім уақытты үнемдейді және барлық баланы бағалай алады. Бағалау-термині "жақын отыру"дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес,себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып,не істегенін немесе өзін-өзі бақылаужағдайында өзінің дербес ойлауын,түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.Мұғалімге арналған нұсқаулық-57 бет.

Бұл жинақтаған асықтарын, балдарын бағалау парағына «5 балдық» жүйеге ауыстырып бағаладым. Топтар арасында бірін – бір бағалау барысында шынай бағалауға қалыптасып келеді. Әліде өздерін дұрыс бағалауға қалыптастыру қажет.

Выготскийдің айтуы  бойынша "Жақын арадағы даму аймағы "теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейін бағалаудың тиімді екенін баса айтты.Эйр тым күрделі жұмыс балаларға қиын орындалатын және олардың ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдеген(2001)Шынымен де мұндай тапсырмалар оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігін арттырып,пәнге деген қызығушылығын кемітеді.Сол себепті әр оқушының жек қабілеттерін зерттей отырып ,олардың білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады. Жаңа әдіс-тәсілдерді толық меңгермесемде сабағымда қолданған кезде бұрынғы сабақтардағыдай емес,топтық,жұптық жұмыс кезінде оқушылардың ұмтылысы,қызығушылық танытқаны,сәлде болса ынтасының оянғаны қуантты.Алдағы сабақта сәтсіз шыққан тұстарымды болдырмай,уақытпен санасу және сыни ойлау сұрақ тапсырмаларын көбірек беріп,оқушылардың ойын еркін айтқызуға үйрету деген жоспар қойдым. 

Осыдан кейін үйге тапсырма бердім:  Математика пәні бойынша берілген есептің функцияның графигін  сызып келу.

Рефлексия. Кері байланыс.  «Өзін – өзі бағалау парағын» » тақтаға іліп қоямын парақта мынадай сөздер жазылған «Таң қалдым», «Жаңа нәрсе білдім», «Ештеңе түсінбедім», «Ренжідім», «Маған ұнады» жазылған сөздердің астына стикерге аттарын жазып, жапсырады. Бұл жазылған ұсыныстарын оқып келесі сабақта ескеремін. Сонымен өз  тәжірибемде топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімді және тиімсіз жақтарын байқадым. Алғашында топпен бірлесе жұмыс жасау, уақытты тиімді пайдалану қиындық келтірсе, ал тиімді жағы оқушылар бірлесе жұмыс жасайды, ойлаумен бірге тілдері де дамиды, зерттеушілікпен айналысады, ортақ бір тұжырым жасайды, таным белсенділіктері артады, шығармашылық қабілеттері қалыпатасады. Мен өткізген сабақтарымда топтарға күрделі тапсырмаларды ұсына отырып, сол тапсырмалардың орындалуына бағыт бағдар беріп отырдым. Топтық жұмысты  ұйымдастырғанда оқушыға үнемі  қолдау көрсетіп отыру керек. Содан кейін тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт берілуі қажет. Бұндай қағиданы сабақ бойында ұстану керек екендігін түсіндім. Осы Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдында оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушыда өзінің оқуы үшін жауапты болады.  Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашанда өмірден өз жолын таба алады деп ойлаймын. Алдағы уақытта осы курста алған әдіс –тәсілдерді өз тәжірибемде қолданамын деген үміттемін.

«Топпен жұмыс»

 

«ӨРМЕКШІНІҢ ТОРЫ»

 
IMG-20170413-WA0042.jpgIMG-20170413-WA0050.jpg

 

Бағалау парағы

 

 

Аты- жөні

 

 

 

 

 

 

 

Электронды кесте элементтерін пішімдейді;

 

Деректердің типін жіктейді;

 

Электронды кестеде диаграмма құрады;

 

Өз бетімен модель құрады.

 

Үй тапсырмасы, сұрақтарға жауап беруі. Жинаған асықтар  саны

Жалпы  балы

Қорытынды бағасы

 

1

2

3

4

5

15

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау  шкаласы:       «5» - 14-15 балл;   «4»- 10-13 балл;   «3» - 7-9 балл;

                                                                                                    «2» - 0-6 балл.       

 

 

Тақырыбы: Процестерді электронды кестелерде модельдеу.

«Жазбаша интервью парағы»

Оқушының аты- жөні:

Сұрақтары

Жауаптары

1.Модельдеу дегеніміз не?

 

2. Модельдеу қандай кезеңдерден тұрадв?

 

3. Функция графигін салуға бола ма?

 

4. Компьютерде модельдеуді ұйымдастыруда қандай іс-әрекеттерге көбірек жүгінеміз?

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Рефлексивті есеп "Топпен жұмыс жасау""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Семейный психолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 943 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.05.2017 2149
    • DOCX 398.3 кбайт
    • 22 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Карибасова Гулжанар Нургазиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 33188
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Информатика")

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Курс повышения квалификации

Теоретические и методологические основы преподавания информатики с учётом требований ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 153 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 718 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика и информатика")

Учитель математики и информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Подростковые проблемы: индивидуальный подход

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 365 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 286 человек

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек