Инфоурок Информатика Статьи" Робот техникасын дамыту - игілікті іс "

" Робот техникасын дамыту - игілікті іс "

Скачать материал

 

Мамышова   Акмарал  Аха таевна
 Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақбақты ауылы

№1 Жамбыл атындағы орта мектебінің

информатика пәнінің  мұғалімі

 

 

Эссе

Робот техникасын дамыту — игілікті іс

                                                                                                       

                                                                                                       Білекке сенген заманда,

                                                                                                  Ешкімге ес бермедік.

                                                                                                      Білімге сенген заманда,

                                                                                                      Қапы қалып жүрмелік

                                                                                                                                    Абылай  хан

 

 

 

     «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» демекші, жас  ұрпақты -өркениет  сатыларына мақсатты жетелеу бүгінгі күннің басты талабы. Әлем өзгеруімен қатар өмірдегі барлық құбылыстар, құндылықтар, ұстанымдар да өзгеруде және оның барлығы біздің еліміздің дамуына өз ықпалын тигізуде. Қай салада болмасын елеулі өзгерістер мен қайта құрулар орын алуда, соның ішінде білім саласында да кешенді жаңалықтар жыл сайын өріс алуда. Білім беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісі, бұл білім беруде кезең кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге бағытталған өзгерістер. Білім - қоғамды әлеуметтік мәдени ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, қауым үшін де, қоғам үшін де жоғары құндылық екендігі ақиқат, бірақ ХХІ ғасырда осы құндылықтар сипаттары өзгерістерге ұшырауда. Көзқарастар мен ұстанымдар өзгеруде. Ең басты құндылық - адам, ал адам капиталын дамыту кезек күттірмейтін маңызды мәселе. Осы орайда жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеттерін құрауда. Мемлекетіміздің білім сапасын арттырудағы стратегиялық іс-әрекеттерін ұсынатын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде.

Еліміз үшін қоғамды алға бастыратын инновациялардың рөлі айрықша. Бүгінде Қазақстан да әлемдегі өзге елдер секілді жаңа технологияларға мән беріп отыр. Бұл салаға баланы жастан бейімдеу, қосымша білім беру  – қоғамда кезек күттірмес мәселе. Қосымша білім беру жүйесінің негізгі мақсаты балалардың бос уақытын мазмұнды және толыққанды ұйымдастыруға, олардың сапалы қосымша білім алуына, оқушы тұлғасының дамуына, әлеуметтік және кәсіби қалыптасуына жағдай жасау  болып табылады.

Робот техникасы – елімізде енді ғана дамып келе жатқан инновациялық сала. Әлемдегі Жапония, Германия, АҚШ, Корея сынды елдерде аталған сала жоғары деңгейде дамыған. Бұл елдерде робот техникасының үздік жетістіктері ғылымда, өндірісте кеңінен қолданылады.

Көпшілігіміз робот дегенді білгенімізбен, «робототехника» саласы туралы мағлұматымыз мардымсыз. Елімізде енді қанат жайып келе жатқан робот техникасы саласы болашақта мектеп оқушыларының техникаға деген қызығушылығын арттырып, конструкторлық дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Робот жасау тек оны жинаудан тұрмайды. Оқушылар, сонымен қатар, математика, физика, компьютер ғылымдарын да игеруі қажет. Сонда ғана  роботты әрекет жасауға бағдарламалауға болады екен.

Қазіргі таңда білім кеңістігіне «Робото­техника негіздері» бөлімін енгізу өте маңызды және өзекті болып отыр. Робототехниканы білім кеңістігіне енгізу – оқушыларды техника саласындағы зерттеулерге, техникалық ақпарат және бастапқы инженерлік біліммен алмасуға бағыттайды.

Робототехника елімізде әлі жіті дами қойған жоқ. Бірақ, роботтың болашағы зор. Олар әртүрлі аса қауіпті жұмыстарды жасай алады. Егер Қазақстанда осы сала бір жүйеге қойылса, ертеңгі үлкен ғылым осы болмақ».

Өсіп келе жатқан жас буынмен бірге еліміздің робототехника саласы да бой көтеруде. Адам өмірін жеңілдетуге арналған роботтарды күнделікті  өмірде қолданатын уақыт та алыс емес. Инновациялық-индустриалды Қазақстанның болашағы жарқын болмақ!

Бүгінгі дәуірді технология заманы дейтін болсақ, Қазақстанның да дамыған 30 елдің қатарынан табылуы үшін технология, робототехника саласында жетістіктерге жетуге ұмтылуы заңдылық. Мемлекет басшысынан бастап робот техникасын дамытуды қолдап отырғандықтан, жастардың осы салада еңбектенуге талпынысын арттыру керек. Қазір осы салада білімін шыңдап жатқан жас мамандар ғана таяу болашақта өздерінен кейінгілерге жол сілтеп, Қазақстандағы роботты техника жасау ісін алға бастайды деп сенемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "" Робот техникасын дамыту - игілікті іс ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Управляющий рестораном

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 268 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.10.2016 1372
    • DOCX 310.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мамышова Акмарал Ахатаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мамышова Акмарал Ахатаевна
    Мамышова Акмарал Ахатаевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1463
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование нейросетей в учебной и научной работе: ChatGPT, DALL-E 2, Midjourney

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 616 человек из 77 регионов
  • Этот курс уже прошли 985 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 101 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 808 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 582 человека

Мини-курс

История классической музыки от античности до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические аспекты развития и состояния личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методология физического воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе