ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Жақсы
балалар, енді саяхатқа шығуымызға болады.
-Балалар,
ненің дыбысын естіп тұрсыңдар.
-Поезд
Ал
енді көзімізді жұмайық.
-Ендеше.
Саяхатқа немен барамыз деп ойлайсыңдар?
-Поезбен
-Ал
баратын жерлерімізді тез табу үшін бізге не қажет?
-Карта
Балаларды
Шалқар қаласының картасымен таныстыру.
1.Ертегілер
елі
2.Жаңа
білім елі
3.Суреттер
елі (топтық жұмыс)
4.Жазу
елі
5.Сиқырлы
сөздер елі
5.Жұмбақтар
елі
Ал
балалар ендеше «Білім» әлеміне саяхатымызға аттанайық.
-Балалар
біз ертегілер еліне келіп жеттік. (ертегі қойылымы)
Сансызбай
деген бала болыпты. Оның Сандуғаш деген қарындасы бар екен. Ол екеуі бір күні
тоғайға серуенге шығыпты. Тал түбінде өсіп тұрған нені көріпті?
Саңырауқұлақты. Шықылықтаған дауысқа қараса сауысқан екен. Алға қарай
жүріңкірегенде ағаш кесушілерге кездеседі. Сансызбай олардың сүргі деген
құралына қызыға қарады. Ұстап қарап бір ағашты жонып қалып еді. алдынан
сылдырап су аға жөнелді. Сандуғаш су түбіне үңіліп еді, сақина, сырға жатыр
екен. Сол сақина мен сырғаға сол бойда су жағасынан бір ғажайып сандық ашыла
кетті. Сақина мен сырғаны алып, соған сала қойды. Ішінен сиқырлы кітап
шығады. Қандай дыбыс шықты? С С С.
-Балалар
әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.
-Балалар
біз жаңа білім еліне келіп жеттік.
Бірақ
біз жаңа білім еліне кіру үшін мына сұрақтарға жауап беруіміз қажет.
Дидактикалық ойын: «Дәл тауып айт»
Қыздар құлағына тағады - Сырға.
Қыздар қолына тағады - Сақина.
Уақытты көрсетеді - Сағат.
Сиырдан не алынады - Сүт.
Сызуға арналған құрал - Сызғыш.
Кітаптарды қайда саламыз - Сөмке.
Кірді немен жуамыз – Сабын
Балалар шайнайды – Сағыз
-Балалар
осы сөздердің барлығы қандай әріптен басталып тұр?
-Дұрыс
айтасыңдар, С с. Олай болса біз бүгін С с дыбысы мен әрпімен танысамыз.
-Ең
алдымен дыбыс дегеніміз не? (дыбысты естиміз, айтамыз)
-Әріп
дегеніміз не? (жазамыз, көреміз, айтамыз)
-Олай
болса балалар «С с» дыбысы дауысты дыбысқа жата ма, дауыссыз дыбысқа жата ма?
-Дауысты,
дауыссыз дыбыс екенін қалай ажыратамыз.
-Ендеше
барлығымыз хормен айтып «С с» дыбысының қандай дыбыс екенін анықтайықшы.
-Дұрыс
айтасыңдар балалар, «С с» дыбысы дауыссыз дыбыс, тілдің ұшы астыңғы тіске
тіреледі, кедергіге ұшырап барып шығып тұр.
Мұғалім
балаларға суреттермен «С с» дыбысы туралы түсінік береді. (орақ, білезік)
-Дауыссыз
дыбысты қандай түспен белгілейміз?
-Көк
түспен
-Қай
үйге кіргіземіз?
-Көк
үйге
Ал
балалар жаңа білім елімен қоштасып, суреттер еліне барайық.
Мына
суреттерге назар аударайық.
(Кітаптағы
суреттер: асық, сандық, күнбағыс
Сағат,
мысық, автобус,сүт, сызғыш, сауысқан)
-Дыбыстық талдау жасату
-Балалар,
«С с» дыбысы сөздің барлық буындарында (басында, ортасында, соңында)
кездеседі.
-Жақсы
балалар, саяхатымызды ары қарай жалғастырайық.
-Ал
балалар жазу еліне де келіп жеттік
Әліппе-дәптермен жұмыс
Әліппе-дәптердегі
(суретке қарап) асық, сандық, күнбағыс С с дыбысы қай жерде келіп тұрғанын
сұрау.
Асық,
сандық, күнбағыс туралы түсініктеме беру.
Жаз: -Балалар, енді осы С с дыбысын
көргілерің келе ме?
-Оны
көру үшін дыбыс неге айналу керек?
-Әріпке
қалай айналдырамыз?
С
с әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау:
а) С с әрпін ayада
жазу.
ә)
С
с әрпін
қолымен үстінен
бастыру.
б) С с әрпін
әліппе-дәптерге жаздыру.
в)
Тақтаға жаздыру
Сергіту жаттығуларын жасату
-Ал балалар сиқырлы сөздер еліне де келіп жеттік
-Балалар,
қараңдаршы бізді дельфиндер өткізбей тұр. Бізге мына буындарды, сөздерді
оқи аласыңарма, оқысаңдар өтесіңдер дейді.
Оқы: -ас, -са, -со, тас, са-на, со-на
(сөздерді оқыту)
-Келесі
аялдама: «Жұмбақтар елі» «Көкөністер жинау» ойыны
Жұмбақтар:
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.