Сабақтың тақырыбы: Қалада. Ауылда.
Сұраулық шылаулар.
Сабақтың мақсаты: білімділік: тақырып бойынша
сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрену, сұраулық шылаулардың жалғану ережесін
білу.
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту,
ауыз екі сөйлеу дағдыларын тапсырмалар арқылы кеңейту
Тәрбиелік: туған жерін, ауылын, қаласын,
көшесін сүюге, ардақтауға баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиясы,
сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, іздендіру, сөздік жұмысы, көрнекілік
әдістері.
Сабақтың көрнекілігі: тақырып бойынша
суреттер, сызбалар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
-оқушылармен
амандасу,
-кезекшімен
сөйлесу,
-үй
тапсырмасын сұрау
-сабақтың
тақырыбы мен мақсатын айту.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-Балалар,
бүгін біз сабақта модуль бойынша өткен тақырыптарымызды қайталау үшін, саяхатқа
шығамыз, мынау саяхат қартасымен танысайық, саяхатқа шығу үшін тапсырмаларды
орындау керек.
Оқушыларды
саяхат –картасымен таныстыру. Біз саяхатқа мына үлкен автобуспен қыдырамыз,
Шемонаиханың ауылдарынан шығып, Өскемен қаласына барып қайтамыз.
Үй тапсырмасын тексеру.
1-аялдама. Шемонаиха қаласынан шығу үшін
аялдаманың аты «Кім көп сөз біледі?»
2-аялдама. «Кел танысайық!» (өзін-өзі
әңгімелеу, таныстыру)
3-аялдама. «Мені әңгімеле» (әр оқушы қаласы,
ауылы туралы әңгімелейді)
Сергіту сәті:
4-аялдама. «Дұрыс жалғауын тап» дәптермен
жұмыс. (Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс жүргізу. Сұраулық шылаулар.)
5-аялдама. «Дұрыс-бұрыс» ойынын өткізу.
Қалада
ферма бар.
Ауылда
әуежай бар.
Қалада
тракторшылар тұрады.
Ауылда
ғалымдар тұрады.
Қалада
үлкен стадион бар.
Қалада
сиыр, қой, ешкі бар.
Ауылда
цирк бар.
Ауылда
бағдаршам бар.
6-аялдама. «Венн диаграммасын толтыру»
Қалада Ортақ
қасиеттері Ауылда
Сабақты бекіту:
-
Балалар сендерге бүгінгі біздің саяхат-сабағымыз ұнады ма?
Үй тапсырмасы:
Ауыл,
қала туралы диалог құрастыру, жаңа сөздерді қайталау.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.