Инфоурок Начальные классы КонспектыСабақ жоспары. "Ас атасы-нан" Қазақ тілі. 4 сынып.

Сабақ жоспары. "Ас атасы-нан" Қазақ тілі. 4 сынып.

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы  «Ас атасы-нан»

 

Сабақтың мақсаты:  1. Нанның дастарқанға  келетін жолы мен түрлерін білу.

2.Сөздік қорын байыту, қазақша сөйлеу тілін дамыту.

3.Оқушыларды еңбекке баулып, еңбек адамдарын сыйлай білуге, қасиетті тағамымыз-нанды қастерлеуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд-шоу, шығармашылық дәптерлер, ұлттық нан түрлері,

Сабақтың түрі:  жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, шатасқан тізбектер, түрту, деңгейлік тапсырмалар, ой қозғау, жұптық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: этнопедагогика, дүниетану,                                  

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?

-Амандасудың түрлерін қайталаймыз.

-Сәлем! Сәлеметсің бе! Сәлеметсіз бе! Сәлеметсіздер ме!

-Қайырлы таң! Қайырлы күн! Қайырлы кеш! Кеш жарық! Қош келдің!

-Сау бол! Сау болыңдар! Сау болыңыз! Сау болыңыздар! Қош бол! Аман бол!

-Балалар қандай сөздерді қайталадық?

- Адамдар қалай сәлемдесу керек?

-Күліп амадасу керек!

Дұрыс, адамдар күлгенде , бір-біріне күлкі, қуаныш сыйлайды!

Кел, балалар, күлейік! (Шаттық шеңбер құрады)

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ шытқан не керек,

Күліп өмір сүрейік!

Балалар біз бүгін сабақта топпен жұмыс істейміз.

Топтың атын табу үшін, мазайка құраймыз, кімде қандай сурет шығады солай аталынады.

Бірінші топ: Бауырсақ.

Екінші топ: Шелпек.

Дыбыстық жаттығу:

-Балалар мыналар қандай әріптер?

-Қазақ тіліне тән әріптер.

-Қазақ тіліне тән әріптерді қалай айту крек?

-Дұрыс айту керек.

-Дұрыс айтылуын қайталайық!

-Лиза, тақтаға шығып дыбыстық жаттығу жүргіз.

Тапсырма: « Артық сөз»

                                  

Ә - ТӘТТІ, КІТАП; 

Ө - ОТ, ӨТЕ;

Ұ - ТОН,ҰН;

Ү - ҮЛКЕН, БӨЛМЕ

І - ӘН, ЕГІН;

Қ - КӘРІ, ҚАРА;

Ғ - ТАҒАМ, ЕГІНШІ;

Ң- НАН, ЕҢБЕК;


Қазақ алфавитінде  неше әріп бар?

Қазақ алфавитінде 42 әріп бар.

Қазақ афавиті сабақтың тақырыбын ашуға көмектеседі.

Алфавиттте әріптер шатасып кетті, осы шатасқан әріптердің арасында сабақтың тақырыбы жасырылған.

I. Тапсырма:

Бауырсақ тобының  тапсырмасы:Әріптердің арасынан сабақтың тақырыбын тауып жазу.

БВҒШЧНАНГҚӘДҮҰЯКАСЮЕЙОЫЗИАТАСЫҺРУХЦЧЩ

(Нан – ас атасы).

Жаңа сабақ:          Сабақтың тақырыбы: ? (Нан – ас атасы)

Сабақтың мақсаты:

Нан дастарқанға қалай келеді? деген сұраққа жауап беру үшін   бізге   ертегі көмектеседі.

Осы кезде экранда суреттер ертегімен бірге көрсетіліп жатады. Тракторшының жер жыртып жатқаны, бидай тұқымын сеуіп жатқаны. Диқаншының суарып жатқаны. Комбайншының  піскен егінді жинағаны. Жүргізушінің  бидайды диірменге тасып жатқаны. Диірменшінің  ұн тартып жатқаны. Ұнды нан зауытына апарып жатқаны. Наубайшының ұннан нан пісіріп жатқаны. Нан дүкенге түсіп жатқаны. Сатушы нанды халыққа сатып жатқаны.

(Балалар ертегі қояды. ) Ертегі «Егінші мен қасқыр»

Рөлдерде: Егінші (Гордей), қасқыр (Роман).

Егінші таңертең  егін орып,  түс уақытында демалды. Демалған  соң, қолына нан алып, жейді.  Сол уақытта  бір үлкен қасқыр егіншінің қасына келіп:
- Адам, не жеп отырсың? – деп сұрады.
- Нан  жеп отырмын.
- Маған да наныңнан берші!
Егінші нанынан бір үзіп алды да, қасқырға берді. Нан қасқырға ұнады.
- Сенің тамағың дәмді екен. Нан  қалай дайындалады.
Сен маған үйретші...
Егінші қасқырға:

- Тракторшы жер жыртады, бидай тұқымын себеді – деді.
- Содан соң нан бола ма?
- Жоқ,
Диқаншы егінді суарады.
- Содан соң нан бола ма?
-  Жоқ,
Комбайншы егінді жинайды..
- Содан соң нан бола ма?
- Жоқ,Қайда әлі!
Жүргізуші бидайды диірменге тасиды.

Диірменші ұн тартады.
- Сонда жеуге бола ма?
- Жоқ,
Ұнды нан зауытына апарады. Наубайшы ұннан нан пісіреді.

- Содан соң нан бола ма?
- Иә, сонда нан болып, жеуге жарайды, – деді егінші. 

Нан дүкенге түседі. Сатушы нанды халыққа сатады.

- Бұл өте ауыр және көп уақыт кететін жұмыс екен. Мұны кәсіп етпей-ақ қояйын, –деді қасқыр. Бірақ   нан қасқырға  өте ұнады.

-Иә, иә нан дастарқанға өте үлкен еңбекпен келеді.

II. Тапсырма: Суретпен жұмыс.

Әр маманның істейтін жұмысын сурет арқылы көрсету, әңгімелеу.

                 

 

 

 

 

 

- жер жыртады.

 -егінді суарады.

 - егінді жинайды.

-бидайды тасиды.

-ұн тартады.

-нан пісіреді.

 -нан сатады.

 

 

 

III. Тапсырма.  Жіктік жалғауды   қайталау.  

Бауырсақ тобы: «Мен. Сен. Ол.» ойыны

Шелпек тобы: «Мен кіммін?» ойыны

Сергіту сәті.

Нан қиқымын шашпаңдар!

Жерде жатса,баспаңдар!

Теріп алып,қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар!

 

IV. Тапсырма:  мәтінмен және мақал- мәтелдермен жұмыс.

 

Бірінші топ.

Тапсырма: Тақырыпқа келетін сөйлемдерді теріп жазу.

Бұл –біздің отбасымыз. Отбасымызда бес адам бар. Нан – ас атасы. Олар: анам, әкем, мен және екі інім.  Нан дастарқанға үлкен еңбекпен келеді. Дастарқанда ең бcаты тағам – нан. Әкем ініме ертегі оқиды. Сондықтан да дастарқанға бірінші нан қою керек. Анам және мен үй жинаймыз. Мен анама көмектесемін.  Нанның түрлері көп. Олар: ақ нан, қара нан, шелпек, бауырсақ, тоқаш, батон т.б.

 

Екінші топ.

Тапсырма:

Тақырыпқа келетін мақал- мәтелдерді теріп жазу.

1. Күш - білімде, білім - кітапта.

2. Нан –ас атасы.

3. Ұстаздан шәкірт озар.

4. Дастарқан сәні - нан.

5. Ғылым - теңіз, білім - қайық.

6. Нан - дастарқан байлығы

7. Оқу - білім бұлағы, 
    Білім - өмір шырағы.

 

 

 

V. Рефлексия

Бауырсақ тобы «Мені түсін» ойынымен сабақты бекітеді.

 Бауырсаққа жасырылған сөз  «Нан», олар оны табады.

 

1.     Хлеб қазақша -  .....

2.     Ас атасы -........

3.     Ең басты тағам -.....

4.     Сабақтың тақырыбы- .....

5.     Дастарқан сәні –  .......

6.     Егінші не жеді?-......

 7.Сатушы не сатады?-.......

Шелпек тобы «Суретке кара, сұрақ қой» ойынымен бекітеді.

Шелпек тобына нанның, айранның , нүктенің  суреттері  беріледі,  сол топтың оқушылары ненің суреті екенін табуып, осы сөздердің алғашқы әріптерін қосып «нан» сөзін шығару керек.

   

1.     Ол  ұннан жасалады - ....нан

2.     Қандай сүт тағамы бар?- .....айран

3.     Сөйлемнің соңында не қойылады -.....нүкте

Үйге тапсырма: Сабақтан алған мәліметтер арқылы « Нан» туралы эссе жазу.

Бағалау:  Кімде «бес» бауырсақ  -«5» деген баға.

Кімде «төрт» бауырсақ – «4».

Кімде «үш» бауырсақ – «3».

Кімде «екі» бауырсақ жинады, сол оқушыға  қосымша сұрақтар қоямыз.

Қоштасу : Алғысымды айтып, қоштасамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

 

Сабақтың тақырыбы:

Нан – ас атасы.

 

 

 

Мұғалім:Баймағамбетова Д. А.

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Хлеб қазақша -  .....

           2. Ас атасы -........

3.Ең басты тағам -.....

4.Сабақтың тақырыбы- .....

5         5.Дастарқан сәні –  .......

6.Егінші не жеді?-......

      7.Сатушы не сатады?-.......

 

1.    Ол ұлттық тағам -....

2.Ол кішкентай - кішкентай  нан ? - .....

3.Ол дастарқанда тұр.

4.Ол , домалақ, дәмді нан. .....

5. «Колобок» сказка қазақша ....

6.Қазақ халқы дайындайды? ....

7.Ол жалпақ, домалақ  болады   ...-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Балалар ертегі қояды. ) Ертегі «Егінші мен қасқыр»

Егінші таңертең  егін орып,  түс уақытында демалды. Демалған  соң, қолына нан алып, жейді.  Сол уақытта  бір үлкен қасқыр егіншінің қасына келіп:
- Адам, не жеп отырсың? – деп сұрады.
- Нан  жеп отырмын.
- Маған да наныңнан берші!
Егінші нанынан бір үзіп алды да, қасқырға берді. Нан қасқырға ұнады.
- Сенің тамағың дәмді екен. Нан  қалай дайындалады.
Сен маған үйретші...
Егінші қасқырға:

- Тракторшы жер жыртады, бидай тұқымын себеді – деді.
- Содан соң нан бола ма?
- Жоқ,
Диқаншы оны суарады.
- Содан соң нан бола ма?
-  Жоқ,
Комбайншы піскен егінді жинайды..
- Содан соң нан бола ма?
- Жоқ,Қайда әлі!
Жүргізуші бидайды диірменге тасиды.

Диірменші ұн тартады.
- Сонда жеуге бола ма?
- Жоқ,
Ұнды нан зауытына апарады. Наубайшы ұннан нан пісіреді.

- Содан соң нан бола ма?
- Иә, сонда нан болып, жеуге жарайды, – деді егінші. 

Нан дүкенге түседі. Сатушы нанды халыққа сатады.

- Бұл өте ауыр және көп уақыт кететін жұмыс екен. Мұны кәсіп етпей-ақ қояйын, –деді қасқыр. Бірақ   нан қасқырға  өте ұнады.

-Иә, иә нан дастарқанға өте үлкен еңбекпен келеді.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары. "Ас атасы-нан" Қазақ тілі. 4 сынып."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по связям с общественностью

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 320 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.04.2016 2302
    • DOCX 31.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баймагамбетова Дамежан Аманжоловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10793
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 300 человек

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Мини-курс

Стратегия продаж и продуктовая линейка: успех в современном бизнесе

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе