Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары Қазақстан тарихы Абай Құнанбайұлы (8- сынып)

Сабақ жоспары Қазақстан тарихы Абай Құнанбайұлы (8- сынып)


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың жоспары

Пән: Қазақстан тарихы.

Сынып: 8

Күні:18.04.16

Сабақтың тақырыбы: Ұлы ақын -Абай Құнанбаев

Сабақтың эпиграфы: «Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммен, оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!»

Сабақтың білімділік мақсаты:

1) Абай Құнанбайұлының жазба әдебиетінің негізін салушы, ақын, аудармашы, сазгер екендігі туралы мағлұмат беру;

2) Өмірбаяны мен шығармашылығына тоқтала отырып, Ұлы есімді насихаттау және таныту.


Сабақтың дамытушылық мақсаты:

1) Оқулықпен, анықтамалық сөздікпен жұмыс жүргізуге қосымша тарихи көркем шығармаларды дауыстап оқуға, сөздікпен жұмыс жасауға, термин сөздердің мағынасын ашуға үйрету;

2) Шығармашылықтарын дамытуда оқушылардың белсенділігін арттыруға, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға мән беру.


Сабақтың тәрбиелік мақсаты:

1) Өз Отанына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;

2) Адамгершілікке, өнерсүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, тесттік жұмыс, мәнерлеп оқу т.б.


Сабақтың көрнекілігі: Ыбырай, Абай, Пушкин, Н.Ә.Назарбаев, В.В.Путиннің суреттері, кітаптар, суреттер, буклеттер жинағы, ХІХ ғасырдағы Қазақстан картасы, аудиотаспа т.б;


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

(амандасу, түгендеу, сабаққа ден қоюға бағыттау)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

«Ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарыұлы»

а) фронтальды сұрау арқылы.

1. Ы.Алтынсарыұлының жастық шағы;

2. Ы.Алтынсарыұлының педагогтық көзқарасының қалыптасуы;

3. Ы.Алтынсарыұлы - ғалым-этнограф;

4. Ы.Алтынсарыұлының шығармалары.


б) Сызбаны толтыру арқылы:

hello_html_m24a88a54.gif

hello_html_6c9997a4.gifhello_html_m52b803ec.gifhello_html_4e9c45a1.gif




hello_html_27742ce6.gifhello_html_m5d030e76.gif


hello_html_27029b02.gifhello_html_50f462db.gifhello_html_m36c9b856.gif





1. 1864 жылы Орынбор бекінісінде мектепте оқытушы болды.

2. 1879 жылы Торғай облысындағы мектептердің инспекторы болды.

3. Қолөнер, ауылшаруашылық мектептерін ұйымдастырды.

4. Ырғыз қаласында қазақ қыздарына арналған мектеп-интернат ұйымдастырды.

5. Троицк, кейіннен Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектептің негізін салды.

6. Педагог ғалымдар Ушинский, Тихомиров, Бунаков, Фармаковский т.б. педагогикалық мұрасын пайдалынды.

7. «Қырғыз хрестоматиясы», «Қырғыздарды орыс тіліне үйретуге негізгі басшылық» атты еңбектерін жазды.

8. Қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілерін жинады.

9. «Қыпшақ Сейітқұл», «Талаптың пайдасы», «Байлық неде» атты шығармаларын жазды.

в) Тесттік жұмыс арқылы:

1. ХІХ ғ. ІІ жартысында Қаз/да ашылған тұңғыш қоғамдық кітапхана:

а. Ақмолада в. Ақтөбеде с. Петропавлда д. Семейде е. Өскеменде

2. ХІХ ғ. І жарт/да Қаз/да теңізде жүзу ісін меңгертетін мектеп ашылған қала:

а. Орынбор в. Ақмола с. Атырау д. Ақтау е. Омбы

3. Тұңғыш қазақ мұғалімдік мектебі ашылған қала.

а. Омбы в. Орал с. Орск д. Орынбор е. Ақмола

4. 1883 ж. Қазақстанда бірінші рет қалалық кітапхана ашылған қала:

а. Көкшетау в. Шымкент с. Әулие ата д. Атырау е. Семей

5. Қазақстанда халық ағарту ісінің дамуына кедергі болған негізгі себеп:

а. қаржының жетіспеуі в. білімді ұстаздардың жетіспеуі с. материалдық базаның жоқтығы

д. патша өкіметінің отаршылдық саясаты е. оқу ісін ұйымдастырудағы олқылықтар

6. Медресені бітіргендер өз білімдерін жалғастырған діни оқу орындары орналасқан қалалар:

а.

7. Петропавлдағы мұсылмандар кітапханасы осы жылға дейін жұмыс істеді:

а. 1903 жылға в. 1910 жылға с. 1907 жылға д. 1912 жылға е. 1905 жылға

8. 1870 жылы мұсылман мектептері туралы Ереже» бойынша медресеге қабылданушының жасы:

а. 16 жасқа дейін в. 12 жасқа дейін с. 14 жасқа дейін

д. 18 жасқа дейін е. 10 жасқа дейін

9. ХІХ ғ. ІІ жарт/да көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог:

а. Ы.Алтынсарин в. М.Дулатов с. Ш.Уәлиханов

д. А.Байтұрсынов е. А.Құнанбайұлы

10. 1879 ж. Ыбырай мектеп инспекторлығына тағайындалған облыс:

а. Көкшетау в. Торғай с. Орал д. Орынбор е. Қызылжар


г) Мына сөздердің анықтамасын бер.

1. Тілмаш -

2. Сауаттандыру -

3. Ағартушылық -

д) Мына сөздердің аудармасын көрсет:

(қазақша-орысша-ағылшынша)

1. Көрнекті ағартушы - видный просветитель -

2. Қоғам қайраткері - государственный деятель -

3. Жаңашыл-педагог - педагог-новатор -

4. Ғалым-этнограф - ученый-этнограф -


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

(сабақтың жоспары мен қойылатын үш мақсатын айтып түсіндіру)


Жоспар:

1. Абай Құнанбайұлының өмірі.

2. Абай - ұлы ақын, ойшыл, сазгер, аудармашы.

3. Абай - екі халықтың арасындағы достық пен туысқандықтың жаршысы.

4. Абай - ғұламалар көзімен.


1) Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы қазіргі ШҚО Абай ауданында Құнанбай Өскенбайұлының отбасында 10 тамызда 1845 жылы дүниеге келген. Әкесі Құнанбай дәулетті бай, аға сұлтан болып, өмірінің соңында Меккеге барып қажы атанған.

Шешесі Ұлжан сабырлы, парасатты адам болған. Абай білімді 10 жасқа дейін ауыл молдасынан, одан әрі Семей қаласындағы Ахмет Риза медресінде оқып, оның үшінші жылында осы қаладағы «приходская школаға» қосымша түсіп, орысша сауатын ашады. Он үш жасқа келгенде Абайдың әкесі Құнанбай оқудан шығарып алып, оны ел билігіне баули бастады.

Табиғатынан зерек Абай білімін өз бетінше жалғастыруын тоқтатпай, сол кездеге Семей қаласындағы кітапханаға түсетін әдеби басылымдармен тұрақты түрде танысып отырды.

Абай 1876-1878 жылдары Қоныр-Көкше еліне болыс болып сайланады. 1870 жылдары мұнда жер айдалып келген Е.Михаэлис, И.Долгополов, Леонтьев т.б. ақындармен танысып, араласып кетеді.

Абай өлең жазуды он жасынан бастаған, бірақ аға сұлтанның баласына өлең жазу, ақын болу деген қоғамдық пікірде дұрыс қабылданбағандықтан, ол өз өлеңдерін біреулердің атынан шығарып жүрген.

Абай 1886 жылы қырық бір жасында «Жаз» деген өлеңін тұңғыш рет өз атымен жария еткен. Абай Фирдоуси, Низами, Сағди, Хафиз, Науаи, Физули т.б. шығармаларын араб, парсы, шағатай тілдерінде оқыған. Абайдың үш әйелі (Ділдә, Әйгерім, Еркежан ) болған, олардан жеті ұл, үш қыз өсіп-өнген.

Абай өзі ерекше үміт еткен үш баласынан ерте айырылды. Петербургте оқып жүргенде өкпе дертіне шалдыққан Әбіш (Әбдірахман) 1895 жылы, өзіне тартып ақын болған балалары Мағауия мен Ақылбай 1904 жылы бірінен кейін бірі қайтыс болады. Балаларының қайғысы Абайды меңдетіп, ол 1904 жылы дүниеден озды. Жұртқа Абай қазасын естірту мақсатында «Семипалатинский листок» атты газетке 1905 жылы Ә.Бөкейханов некролог жариялады. Ақынның өмірбаяны орыс тілінде жызап Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын Петербургтегі Броганский баспасынан жарық көруге қолғабыс жасаған да Ә.Бөкейханов.


2) Абай - ұлы ақын, ойшыл, сазгер, аудармашы:

а) Абай - ұлы ақын.

1. Ұлы ақынды заман туғызады. Абай қазақтың жаңа реалистік жазбаша әдебиетінің негізін салды. Абайдың шындық дарыны аса қуатты және сан қырлы. Ол-керемет суреткер ақын және сыршыл лириканың сирек кездесетін шебері. Абай поэзиясының көкейкесті мәселесі - санаға ойтүрткі салар нақыл, өсиет, өнеге тағылым айту. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» немесе келшешек жастарға, «Ғлым таппай мақтанба, орын таппай баптанда» дейді. Ақынынң жылдың төрт мезгілін суреттейтін «Қыс», «Жаз», «Күз», «Жазғытұры» секілді өлеңдерінің әрқайсысы мағынасы жағынан бірдей, құрылысы жағынан әртүрлі болып шыққан.

2. Абайдың өлеңін мәнерлеп оқу.

б) Абай - ұлы ойшыл.

1. Абайдың толық жинағында 1890 жылы мен 1898 жылы арасында жазылған бір алуан шығармалары - «қарасөз» деп аталады.

Тарихтық мақала-очерк тәрізді қазақ халқының қайдан шыққандығына арналған дәлелді, деректі қысқа зерттеу шығармасы «Ғақлимат тасдиқат» деген атпен бөлекше көшіріліп жүретін дін, мораль мәселелеріндегі Абайдың бір үлкен ой-толғауы болады.

2. Абайдың отыз екінші қара сөзі:

«Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Әуелі-білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек».

в) Абай - сазгер.

Абай тек ақын ғана емес, сонымен қатар бірге қазақтың халық музыкасын терең білетін сазгер де еді.

Ол өз өлеңдеріне көптеген әндер шығарып, қазақ поэзиясын бұрын болмаған ұйқас түрімен (сегіз, алты тармақ т.б.) байытты. Абайдың әлі күнге дейін айтылып жүрген әңдерінің қатарына «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы» сияқты әндерін айтуға болады.

Мысалы «Көзімнің қарасы ...» - атты Абайдың әні 1891 жылы жазылған, әрқайсысы 4 тармақты 22 шумақтан тұрады. Шығарманың өзекті тақырыбы - махаббат мәселесі.

г) Абай - аудармашы.

1. Абай орыс әдебиетін 1882 жылдан бастап аударған. Ең ірі аудармасы - орыстың ұлы ақыны М.Ю.Лермонтовтың «Бородино» атты патриоттық өлеңінен үзінді. Ең соңғысы Лермонтовтың «Вадим» атты әңгімесі. Абай аудармаларын зерттеушілер қазіргі орыс әдебиетінен оның елуден аса аударған өлеңдері барлығын айқындап отыр. Қазақ жұртшылығы Пушкин, Лермонтов, Толстой, Крылов т.б. ірі тұлғалармен бірінші рет Абай арқылы танысып, оларды қазаққа өз ақындарындай сүйгізді.

2. Абайдың А.С.Пушкиннен аударған «Татьянаның Онегинге жазған хаты».


3. Абай - екі халықтың арасындағы достық пен туысқандықтың жаршысы.

а) «Қазақстан тарихының» хрестоматиясының 141-142 беттеріндегі «Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы» атты мақаласын қарастыру;

«Ұлы ағартушы ақын халықтар арасындағы туысқандық пен достықтың қажет екендігін жақсы түсінді.

Бірақ Абай орыс халқын патша отаршыларынан ажырата ьілді, өзінің өлеңдерінде қазақ халқына осыны түсіндіруге тырысты»

в) екі халықтың арасындағы достық пен туысқандық туралы екі-үш сөйлем құрау;

г) мақал-мәтелдер айтып, мағынасын ашу;

д) Екі ұлы халық арасындағы достық жалғасып келеді. 2006 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путиннің жарлықтары бойынша Қазақстанда - Пушкин жылы, Ресейде - Абай жылы болып жарияланды.

(кадрлардан үзінділер беріледі)

Сәуірдің алғашқы күндерінде болған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ресейге сапарында «Чистые пруды» саябағында Абайдың ескерткішінің ашылу рісімі өтті. Ескерткіштің биіктігі - 5 метр, мүсінші Марат Әйнеков, жобасын дайындаған Тимур Сүлейменов. Ескерткіш ойланып отырған Абай кескінін бейнелейді. Ойшыл ақын тұлғасын Батыс пен Шығысты қатар қамтыған парасатпен кемеңгерлік сезіледі.


4. Абай - ғұламалар көзімен.

1. М.О.Әуезов қазақ халқы өркениетке бағыт алғанда түсетін жолы - Абай жолы деген қорытындыға келген. М.Әуезов осы идеяны іске асыру мақсатында өзінің бар ғұмырын арнады. Ол реформатор ақынның көркем бейнесін «Абай жолы» деп аталатын төрт кітаптан тұратын романда бейнелеп берді.

2. Сахналық көрініс: «Абай жолы» роман-эпопеясының желісімен.

А.Байтұрсынов Абайды «Қазақтың бас ақыны» - деп бағаласа, М.Жұмабаев «Алтын хакім Абайға» - деп өлең жазған. Американ саяхатшысы Дж. Кеннан «Сібір және айдау жазасы» кітабында Дарвин мен Бокль Дреперді терең зерттеп білген дала ойшылы Абай жайында таңырқай жазады.


ІV. Сабақты бекіту:

Нені білемін?

Нені білдім?


V. Оқушылардың білімін бағалау, сабақты қорытындылау


VІ. Үйге тапсырма:

1) Мазмұнын айту;

2) Ресейдегі - Абай жылы, Қазақстанда - Пушкин жылына орай хабарламалар әзірлеу;

3) «Абай Құнанбайұлы» атты сөзжұмбақ жасау;

4) Абай өлеңдерінің бірін қарастыру (жаттау, мәнерлеп оқу, мағынасын ашу)































1. ХІХ ғ. ІІ жартысында Қаз/да ашылған тұңғыш қоғамдық кітапхана:

а. Ақмолада в. Ақтөбеде с. Петропавлда д. Семейде е. Өскеменде

2. ХІХ ғ. І жарт/да Қаз/да теңізде жүзу ісін меңгертетін мектеп ашылған қала:

а. Орынбор в. Ақмола с. Атырау д. Ақтау е. Омбы

3. Тұңғыш қазақ мұғалімдік мектебі ашылған қала.

а. Омбы в. Орал с. Орск д. Орынбор е. Ақмола

4. 1883 ж. Қазақстанда бірінші рет қалалық кітапхана ашылған қала:

а. Көкшетау в. Шымкент с. Әулие ата д. Атырау е. Семей

5. Қазақстанда халық ағарту ісінің дамуына кедергі болған негізгі себеп:

а. қаржының жетіспеуі в. білімді ұстаздардың жетіспеуі с. материалдық базаның жоқтығы

д. патша өкіметінің отаршылдық саясаты е. оқу ісін ұйымдастырудағы олқылықтар

6. Медресені бітіргендер өз білімдерін жалғастырған діни оқу орындары орналасқан қалалар:

а.

7. Петропавлдағы мұсылмандар кітапханасы осы жылға дейін жұмыс істеді:

а. 1903 жылға в. 1910 жылға с. 1907 жылға д. 1912 жылға е. 1905 жылға

8. 1870 жылы мұсылман мектептері туралы Ереже» бойынша медресеге қабылданушының жасы:

а. 16 жасқа дейін в. 12 жасқа дейін с. 14 жасқа дейін

д. 18 жасқа дейін е. 10 жасқа дейін

9. ХІХ ғ. ІІ жарт/да көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог:

а. Ы.Алтынсарин в. М.Дулатов с. Ш.Уәлиханов

д. А.Байтұрсынов е. А.Құнанбайұлы

10. 1879 ж. Ыбырай мектеп инспекторлығына тағайындалған облыс:

а. Көкшетау в. Торғай с. Орал д. Орынбор е. Қызылжар


г) Мына сөздердің анықтамасын бер.

1. Тілмаш -

2. Сауаттандыру -

3. Ағартушылық -

д) Мына сөздердің аудармасын көрсет:

(қазақша-орысша-ағылшынша)

1. Көрнекті ағартушы - видный просветитель -

2. Қоғам қайраткері - государственный деятель -

3. Жаңашыл-педагог - педагог-новатор -

4. Ғалым-этнограф - ученый-этнограф -


5



Автор
Дата добавления 23.05.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров366
Номер материала ДБ-095740
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх