Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Конспекты / Сабақ жоспары "Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны мен қызметі "

Сабақ жоспары "Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны мен қызметі "

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Доп. образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны мен қызметі

Мақсаты: а) білімділігі:Ыбырай А. өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет беру.

ә) тәрбиелік мақсаты: Ақынның өнегелі өмірін үлгі ете отырып, оқушыларды адамгершілікке, шыншылдыққа, ұлтжандылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: шолу.

Сабақтың жабдығы: Шоқанның өмірі мен шығармашылығына байланысты слайдтар, шығармалары, буклет.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың жоспары: І. Кіріспе

ІІ. Ыбырай Алтынсариннің өмірі, қызмет баспалдағы.

Өмірі, ағартушылық еңбегі. Ы.Алтынсарин 1841 жылы Костанай облысы Затобол ауданында туған. Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып, атасы Балғожаның бауырында өседі. Балғожа сөзге шешен, тілге ұста, би, өз ортасына белгілі, беделді адам болған. Ы.Алтынсарин сауатын мұсылманша ашып, ауылда молдадан хат таниды. 1850 жылы Орынборда ашылған қазақ-орыс мектебіне түседі. Мектеп сабағы орыс, татар тілдерінде жүреді. Дегенмен ынталы да зерек Ыбырай мектепті 1857 жылы үздік бітіріп шығады. Мектепті бітіргеннен кейінгі жылында өз елінде тілмаш болып екі жылдай қызмет етеді.

1859 жылы Ы.Алтынсарин Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасады. Шекаралық комиссияның төрағасы, профессор В.В. Григорьевпен танысады. В.ВГригорьевтің кітапханасынан орыс, дүние жүзі әдебиетімен танысады. Өз заманындағы көркем шығармаларды оқиды. Әдебиет, саямат, ағарту туралы жазылған басылымдарды оқуға мүмкіндік алады. Орынбордағы әдеби , саяси, мәдени, рухани дүниелермен танысу Алтынсариннің ой-өрісінің өсуіне, өмірге көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді. Ы.Алтынсарин өз халқын да білім нәрімен сусындатып, көкірек көзін ашуды мақсат етеді. 1860 жылы Орл сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп ашу туралы шешім шыққанда (Тройцк, Торғай, Ырғыз, қазалы қалаларында) өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болады.

Торғай қаласында бірден мектеп ашу мүмкін болмай, іс көпке созылып кетеді. Ы.Алтынсарин ел ішінде оқудың мәнін түсіндіріп, халақтың білімге деген ықыласын ояту үшін алғашқы жиналған балаларды өз үйінде оқытады. Торғайдағы Ыбырай мектебі 1864 жылы қаңтарда ашылды. Бастапқыда 14 бала қабылданады. Ыбырай Алтынсарин мектептегі оқу-тәрбие жұмысын мүлде жаңа үлгіде құрады. Сабақ ана тілінде – қазақ тілінде жүре тұрып, әр пән негіздерін үйретуді мақсат етеді. Ыбырай оқушыларының ғылым мен мәдениетті игеруіне, рухани бай азамат болып шығуына қызмт етеді. Қоғамдағы қайшылық, адамдар бойындағы ұнамсыз мінездерді жоюдың жолы білім, мәдениет, өнер деп түсінеді. Осы ынтамен, бар күш-жігерін, еңбегін мектеп жұмысына, оқу, тәрбие ісіне арнайды. Ұстаздың ағартушылық көзқарасы қалыптасады. Оқытуда жаңа үлгі іздеп, жаңа ұрпақ тәрбиелеуді мақсат етеді. 1876 жылы Ы.Алтынсарин петербург, қазан қалаларына барады. Орыстың мектеп, білім беру саласын зерттеп, орыс ағартушыларының еңбектерін оқиды. Сол негізде қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды жоспарлайды.

Еңбектері. «Қазақ хрестомтиясы». Ы.Алтынсарин қазақ балаларына білім мен тәрбиенің негізгі көзі – оқулық деп қарап, мазмұны бала табиғатына жақын, тақырыбы таныс әрі қызықты кітап шығару керек деп түсінеді. 1876 жылдан «қахақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі. Хрестоматия 1879 жылы Орынборд басылады. Ыбырай Алтынсарин 1876 жылы Н.Н. Ильминскийге жазған хатында: «татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым», - деп жазады. «Мысалдарды (басни) енгізгім келмейді, өйткені қатаң тұрмыста өскен қазақтарға бұдан гөрі мәндірек әңгімелер болады. Мысалдарды қазақ балалары оқығысы келмейтінін, оқыса оған күлетінін, ал олардың ата-аналары: балаларымызға сауысқан мен қарға сөйлеседі деген сияқты жоқ нәрсені үйретеді деп, тіпті ренжитінін тәжірибемнен білемін», - деп айта келіп жаңа кітапқа жұмбақтар, баланың ойын кеңітетін әңгімелер, сондай-ақ қазақ өлеңдерінен іріктелген өлеңдер енгізетінін жазады. Ы.Алтынсарин адамдық қасиеттер жөнінен әңгімелер кіргізді. Көбін өзі жазды, бірқатарын сол кездегі орыс оқулықтарынан ел тұрмысына лайықтап аударды. «Қазақ хрестоматиясы» орыс әліпбиі негізінде жазылды.

Ы.Алтынсарин қазақ даласында мектептердің көбірек ашылуы, таралуы туралы қазақ ойларын Н.Н.Ильминскийге, В.В.Катаринскийге жазған хаттарынан анық байқаймыз. «Жобалап отырған мектеріміз қалай, кімнің қаржысымен салынатыны жуырда шешіледі. Көктем шыға мен бүкіл облысты аралап, елдің түкпір-түкпіріне барып, маған бейтаныс ақсақалдармен танысып, оларды өз балаларын оқыту керектігі сияқты жұмысқа шақыру керек болып отыр».

Өлеңдері. Ы.Алтынсарин өлеңдері дегенде алғаш ауызға түсетіні – оқу, білім тақырыбына жазылған өлеңдері. Бұл өзінен-өзі түсінікті де, бүкіл ғұмырын оқу – ағарту саласына арнаған ұстаздың «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдері қазіргі мектеп оқушыларынан бастап, халыққа, елге белгілі, жатқа білетін жырларболуының өзі де білім мен оқу , өнер пайдасын барынша дәл, нақты көркем түсіндіруінде болса керек. Ақын оқудың , еңбектің түбі-жн сарайының байлығы («Оқымыстының байлығы күннен күнге көп болар») :

Оқу білген таниды

Бір жаратқан құдайды.

Танымаған құдайды

Неғылғанда ұнайды...-

деп, адамшылық негізі дейді. Көзі ашық, оқыған адам мен надан адамды қатар алып салыстыруында да, балаға оқудың пайдасы тіршіліктегі тіреуің мен сүйеуің деп түсіндіреді. Өлеңнің мақсаты да оқу-білім артықшылығын айтып, оқу-ізгілік көзі, болашақ дүние шырағы десе, адамды қор ететін надандықты:

Надандықтың белгісі-

Еш ақылға жарымас,

Жайылып жүрген айуандай

Ақ, қараны танымас,-

Жайды айтады да, дөрекілік пен жамандық белгісіне бағалайды.

«Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінде өнер-білім алудағы түпкі мақсат адамшылық қасиетпен бірге озық мәдениет үшін қажет екенін айтады. Өлеңде мәдениетті, дамыған елдерді үлгі етіп көрсетеді. «Тастан сарай салғызған», «Жылдам хабар алғызған», «Отынсыз тамақ пісірген» т.б. өнердің түбі – оқу, білімнің нәтижесі. Ақын жастардың өнер-білімді халықтың, елдің жақсылығына жұмсайтынына сенеді.

Ы.Алтынсариннің қоғамдық-әлеуметтік тақырапқа жазған «Залым төреге», «Әй,жігіттер» деген табиғат көріністерін суреттеген «Жаз», «Өзен» өлеңдері бар. «Жазда» табиғаттың әдемі суреті сөзбен көркем салынған. Ал «Өзен» өлеңінде тау өзенінің тазалығын, күшін «өзенненрақат тапқан» тіршілік иелерімен де бейнелейді. Ағыны қатты тау өзені өмір сырын да шертеді.

Әңгімелері. Ы.Алтынсарин әңгімелерінің мазмұны әділдікке, адамгершілікке, кісілікке, талаптылыққа, өнерге, еңбекке, оқу-білімге, достыққа т.б. жақсы қасиеттерге шақырады. Жақсылыққа жақын болып, жамандықтан ада болуға үйретеді. «Қазақ хрестоматиясына» кірген шағын әңгіме-новеллаларының тақырыбын еңбек, тәрбие, өнер деп шартты түрде бөлуге болады.

Жазушының еңбекті сүю, қадірлеу, жасынан еңбек етуге үйрену мәселесін көтеретін әңгімелерінің мазмұны түрлі болғанымен барлығына ортақтық – еңбектің тұрмыс пен рухани өмірдегі орнын бағалау. «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесіндегі жұртта қалған Асан мен Үсеннің өмір сүруге бейімділіктері, өмір тану мен тіршілікке икемділіктері бір тәулік ішінде байқалады. Жасынан тұрмыстың қиындығын көріп, ысылып өскен Үсеннің байқағыштығы, тапқырлығы, еңбекқорлығы мен дайынға үйренбегені бейнеленеді. Жазушы осы арқылы төзімді, еңбекқор, іске бейім Үсенді үлгі етеді.

«Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесіндегі отырықшылыққа ұмтылған елдің еңбекқорлығы мен жақсылыққа сенімі, үміті мен төзімі арқасында еліне ел қосылып, мал басы өсіп, бай қуатты тұрмыста өмір сүргенін жазады. Сейітқұлға қарсы образ ретінде жеңіл жолмен, ұрлықпен күн көргісі келген ағасының қолға түсіп, кісі қолынан мерт болғанын айтады. Еңбектің түбі бақытты өмір екенін дәлелдейді. Осындай әңгімелер қатарын «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Атымтай Жомарт», «Әке мен бала», «Дүние қалай етсең табылады?», «Сәтемір хан» әңгімелерінде еңбектің иартықшылығы, пайдасы түрлі мазмұн, алуан оқиғалармен дәлелденеді.

«Бақша ағаштары» әңгімесінде тәрбие де адамшылықтың өзегі айтады. Ы.Алтынсариннің қысқа әңгімелері бала тәрбиесі үшін жазылған адал, ұқыпты, қанағатшыл болып өсуіне әсер етіп қана қоймай, тәрбие көзі болады. «Әділдік», «Қанағат», «Асыл шөп», «Ақымақ дос», «Жаман дос», «Әдеп», «Таза бұлақ» әңгімелері оқуға жеңіл әрі ұғынықты да тартымды. Ы.Алтынсарин әңгімелерінің бір тобы халық ауыз әдебиетінің үлгілерінен топтастырылған («Жиренше шешен», «Қара батыр», «Тазша бала», «Алтын айдар», «Жәнібек батыр»т.б. Жазушы ауыз әдебиеті үлгілерінен балалар ұғымына лайықтап жинақтаған. «Қазақ хрестоматиясына» кірген әңгімелердің ендігі бір тобы И.А.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке»,К.Д, Ушинскийдің «Детский мир», «Родное слово», Л.Н. Толстойдың балаларға араналған кітаптарынан алынып аударылған. Ы.Алтынсарин әңгімелерді сөзбе-сөз аудармай, қазақ балаларының түсінігіне ыңғайлап, ағартушылық мақсатына икемдей жазған. Бұның өзі жазушы шеберлігін көрсетсе керек.

Ыбырай Алтынсарин – қазақ даласында жаңа бағыттағы тұңғыш мектеп ашып, қазақ балаларын оқуға насихаттаған ұстаз. Халқының болашағына сенді, болашақ балалардікі, олар білімді, өнерлі болу керек деп түйген Ы.Алтынсарин осы мақсатта көп еңбек етті. Ақын ретінде де әдебиетте өз өрнегімен есте қалған Ы.Алтынсарин әңгімелері – күні бүгінге дейін көркемдікке баулу негізі, тәрбие көзі.

Ы.Алтынсарин 1889 жылы қайтыс болды.

ІІ. Бекіту.

ІІІ. Бағалау. Үй тапсырмасы:Өлеңдерін, әңгімелерін оқу.


Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 28.01.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Конспекты
Просмотров297
Номер материала ДВ-388966
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх