Инфоурок Дошкольное образование Рабочие программыСабақ жоспары мектепалды даярлық тобы

Сабақ жоспары мектепалды даярлық тобы

Скачать материал

 

А.Е. Манкеш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаратылыстану

әдістемелік нұсқау

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік  оқу бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі ұсынған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматыкiтап баспасы 2017

ӘОЖ 373.2

КБЖ 74.102 М 19

Манкеш А.Е.

М 19 Жаратылыстану: әдіс. нұсқау: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған. / А.Е. Манкеш. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2017. – 240 б.

ISBN 978-601-01-3056-2

ӘОЖ 373.2

КБЖ 74.102

ISBN 978-601-01-3056-2

© Манкеш А.Е., 2017

© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2017

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік хат

          Бұл әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы «Таным» білім беру саласындағы «Жаратылыстану» ұйымдастырылған оқу қызметі (ҰОҚ) бойынша дайындалған.  Жаңа буынның төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалған «Жаратылыстану» оқу-әдістемелік кешені:

1.  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен бекіген). Аталған стандарт Қазақстан Республика сының мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды;

2.  1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің  2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекіген);

3.  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж.  12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекіген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр. ОӘК дайындаудың негізгі мақсаты – аталған нормативтік құжаттарда көрсетілген мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы  оқытудың бірізділігін сақтау. Әдістемелік нұсқауда «Жаратылыстану» бойынша ұзақмерзімді (күнтізбелік-тақырыптық), ортамерзімді және қысқамерзімді жоспарлау берілген. Оқу-әдістемелік кешеніне мыналар кіреді: • Әдістемелік нұсқау; • Әліппе-дәптер. Әдістемелік нұсқау мен әліппе-дәптер білім беру талаптарына cәйкес, мектепалды даярлық (6-7 жас) балаларының жас және психологиялық ерекшеліктері ескеріліп жасалды. Қазіргі мектепке дейінгі сатыда жан-жақты дамыған жеке тұлғаны оқытып-тәрбиелеу үшін жоғары білімдік нәтижелерге қол жеткізетін оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін белсенді оқыту мен оқудың педагогикалық тәжірибедегі заманауи стратегиялар мен техникаларды пайдалану міндеттеледі. Әдістемелік нұсқауда «Жаратылыстану» бойынша балалардың алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, балабақшада, табиғат әлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерін бақылау, түсіндіру,сипаттау, болжау біліктілігін дамытуға бағытталып, педагогтің жаңа білімді балаға қандай әдіс-тәсілдермен түсіндіруге болатындығы жан-жақты талданып, берілген. Осы берілген бағдарлама бөлімінде 6-7 жастағы тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мен оқытудың төмендегідей мақсаты мен міндеттері анықталған. Мақсаты: табиғаттың заттары мен құбылыстары туралы бастапқы түсініктерін, физикалық құбылыстар туралы қарапайым ұғымдарын қалыптастыру. Міндеттері: – табиғат нысандарын бақылау және қарапайым қорытынды шығару дағдыларын дамыту, олардың кейбір ерекшеліктерін көру және ажырату: сыртқы кейпі, мінез-құлық әрекеті (жануарлар), өсіп-өну жағдайлары (өсімдіктер), – табиғаттағы жеке өзара байланысты көру; – тұрмыстағы, табиғаттағы экологиялық салауатты мінез-құлықты және жағымсыз қылықтардың неге әкелетінін алдын ала білуді; – балалардың сөйлеу тілін, зейінін, ойлауы мен бақылау жүргізіп, қарапайым қорытынды шығару білігін қалыптастыру. «Жаратылыстану»  ұйымдастырылған оқу қызметінің (ҰОҚ) мазмұны «Жаратылыстану» ҰОҚ-ның мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогке жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

№ Бөлім Бөлімше 1 Жанды табиғат 1.1. Табиғат әлемін танудың қарапайым әдістері 1.2. Өсімдіктер әлемі 1.3. Жануарлар әлемі 1.4. Адам 2 Жансыз табиғат 2.1. Жансыз табиғат денелері мен заттары 2.2. Табиғат құбылыстары

3 Физикалық құбылыстар

3.1. Қозғалыс және күш 3.2. Жарық 3.3. Дыбыс 3.4. Жылу 3.5. Электрлік және магниттілік

Әдістемелік нұсқаудың мазмұнында басты, ғылыми түсініктер ерекшеленіп, ұсынылған ҰОҚ-ның мазмұнындағы бақылаушылық дағдыларын қалыптастыратын әдістерді қалай қолдану керектігі де көрсетілген. Мұндай тәсіл балаларға алғашқы бақылау негізіндегі іздену дағдылары мен өз бетінше іздену жұмыстарын орындау үшін белгілі бір облыстың аясындағы базистік білім алып, бақылау, тәжірибе жасау тәсілдерін меңгеруге көмектеседі. Кіші жастағы балаларға бақылау негізіндегі ізденіп оқытудың тәжірибелік міндеттерін шешуге көмектеседі және ғажайып ғылым әлеміне жол ашады. «Жаратылыстану» ҰОҚ-ның тұжырымдамалық идеясы,  оның ерекшеліктері, мақсаттары мен міндеттерінің  қазіргі білім берумен сәйкестігі «Жаратылыстану» – жаңа ҰОҚ. Балалар қоршаған орта туралы алған білімдерімен өз беттерінше ізденіп, ақпараттарға талдау жасап үйренеді. Әдістемелік нұсқаудың негізі – қоршаған ортадағы адамның белсенді рөлі, өзгеріп және жаңадан пайда болып жатқан әлемдегі адамның табиғаттағы іс-әрекеттері. Осы идеялар Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, Балалардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына, «Жаратылыстану» оқу бағдарламасына сәйкес келеді. «Жаратылыстану» құрылымы мен мазмұны балаларды тек білім алуға ынталандырып қана қоймайды, сонымен қатар жеке тұлға ретінде дамуына мақсат қоюға көмектеседі. Бүгінгі таңдағы білім жоғары деңгейдегі ойлауға, қоғамдық, коммуникативтік және зияткерлік жағдайларға бейімделуді қажет етеді. Оқу материалдарын оқыту жеке және тәжірибелік деректер, танымдық құрылым арқылы меңгертіледі. Ғылыми түсініктер мен ұғымдарды меңгеру іс-тәжірибе жүзінде, яғни тәжірибе, тәжірибелік жұмыс, саяхат барысында жүзеге асырылады және танымдық тәсілдер мен өмірлік дағдылар игертіледі.

 «Жаратылыстану» ҰОҚ-да негізгі ғылыми түсініктер мен ұғымдар сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту тәсілімен жүзеге асады және бұл кейінгі тақырыптарға қайта оралуына жеңіл болады. Педагогтің сыни тұрғысынан ойлау, креативті, оқыту мен оқуда АКТ (ақпараттық-коммуникативтік технологиялар) тәрізді технологияларды пайдалануы балаларға бақылаушының рөлінде болуға көмектеседі. Педагог балаларды шығармашылыққа баулу үшін өмірлік мақсаттарды, яғни «қажетті білімді тек кітаптан ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортадағы заттардан, өмірлік жағдаяттардан алу» тәсілін пайдаланады. ҰОҚ-ны құру барысында оқу материалдарын дұрыс бөлу осы бойынша мазмұнын жетік меңгеріп, тәжірибелік дағдыларды игеруге, пәнаралық байланыстардың дамуына, оқу-тәрбие үдерісінде жетістіктерге жетуге көмектеседі. Қазіргі кезеңде ғылыми білімді қажет ететін жағдаяттар өте көп, сондықтан балаларға балабақшадан бастап ғылымды таныту аса қажет. Түрлі тәжірибелік және зерттеу іс-әрекеттері балалардың қарапайым бақылаушылық дағдылары мен іскерліктерін дамытады. Мысалы: бақылай білу, сұрақтар құрастыру, тәжірибелік жұмыстар жүргізу, өзінің пікірін ортаға салу. Бұл дағдылары мен іскерліктерін күнделікті өмірде қолдана алады. Балалар болашақта ғылыми білімді адамзаттың тұрмысы мен тіршілігі үшін пайдаланудың маңызды екенін түсінеді. Балалар ҰОҚ барысында, бақылау кезінде құралдармен жұмыс істей білу дағдыларды, ғылыми білімді ерекше әдіс-тәсілдермен игереді де, құрбы-құрдастарымен араласуды үйренеді. Оқу материалдарын бекіту әліппе-дәптеріндегі шығармашылық тапсырмаларды орындату арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, тапсырмаларды орындайды, сурет салады, өтілген тақырып бойынша алған әсерлерін бір-бірімен бөліседі. Оқу-әдістемелік нұсқау мазмұнының  Қазақстан республикасының Мектепке дейінгі  тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға  міндетті  стандартына сәйкестігі «Жаратылыстану» әдістемелік нұсқау мектепалды даярлық балаларының жас және психологиялық ерекшеліктері ескеріліп жазылды, қазіргі ғылыми түсініктер адам, табиғат, қоршаған орта, физикалық құбылыстар туралы көзқарастар берілген. 2016 жылғы Мемлекеттік стандартқа сәйкес оқулықта оқытудың жүйелік­тұлғалық және коммуникативтік­танымдық түрлерін жүзеге асыруға көп көңіл бөлінді. Әдістемелік нұсқау мазмұнында бақылау, бақылағыш, ғылым салалары, ғалымдар, өнертабыс сияқты мағыналық түсініктермен қатар балалардың бойында өзін-өзі тануға деген ықыластарын қалыптастыру көзделген.

Әдістемелік нұсқауда пәндік нәтижелерді пайдалану барысында мектепалды даярлық сынып (тобы) балалары: – бақылау мен бақылаушының рөлін білуі: қоршаған ортаның нысандарын, құбылыстары мен үдерістерінің қажеттілігін түсіндіре алуы; – «бақылау» деген ұғымды түсініп, қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жүргізе білуі; – «тәжірибелік жұмыс» деген ұғымды түсінуі және қарапайым тәжірибелік жұмыстарды жүргізе білуі; – өсімдіктердің алуан түрлілігі туралы түсіне біліп, өсімдіктердің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атай білуі; – өсімдіктердің тіршілігін бақылау үшін жағдай жасауы; олардың сыртқы өзгерісін сипаттай алуы; өсімдіктер мен жануарларды салыстыра білуі; бөлме және басқа мәдени өсімдіктерді күте алуы; – жануарлардың алуан түрлілігі туралы білуі; олардың аттарын атап, басты белгілерін сипаттай алуы; жабайы жануарлар мен үй жануарларының айырмашылықтарын білуі; олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін ажырата алуы; маусымның өзгеруіне қарай жануарлардың қалай дайындалатындығын түсіндіре алуы; – адам және адам организмі туралы түсініктері болуы; адам денесінің басты бөліктерін атап, олардың қызметтерін білуі; адамның өсуі мен дамуы үшін не қажеттілігін анықтай алуы; – кейбір физикалық құбылыстар туралы түсініктерінің болуы; көптеген денелердің қозғалысына мысалдар келтіре алуы; табиғат пен адам тіршілігінде қозғалыстың маңызды екенін түсінуі; әртүрлі заттардың қозғалыстарын бақылап, оны сурет арқылы сала алуы; – физикалық құбылыстар: жарық, жарықтың табиғи және жасанды көздері және олардың қажеттілігі туралы түсініктері болуы; – қараңғы жарықтың болмауынан пайда болатындығын түсінуі; – физикалық құбылыстар: дыбыс, дыбыстың таралуы туралы білуі; дыбыстың табиғи және жасанды көздері және олардың қажеттілігі туралы түсініктері болуы; – физикалық құбылыстар: электрдің не екенін; электр энергиясының күнделікті тұрмыстағы маңыздылығын білуі; – физикалық құбылыстар: магниттіліктің не екенін; магниттік қасиеті бар денелер және магниттің қасиеті туралы білуі тиіс. Әдістемелік нұсқауда мектепалды даярлық балаларында нәтижені қалыптастыру үшін әр ҰОҚ-ға төмендегідей жұмыс түрлері берілген: • құрылымдық мәтін; • сұрақтар мен тапсырмалар; • түйін сөздер; • суреттер.

Әдістемелік нұсқаудың әдістемелік  ерекшеліктері және мазмұны «Жаратылыстану» жаңа мазмұны негіз қалаушы қағидалар негізінде жүзеге асырылады: 1. Ғылымилық қағидасы (принципі) бүгінгі заманның ғылыми жетістіктерінің базасынан қолданатын терең әдістемелік негізі бар мазмұнды ұсынады. 2. Қолжетімділік қағидасы бойынша балалардың жас ерекшеліктері есепке алынады. Мектепке дейінгі балалар үшін негізгі іс-әрекет – ойын. Түрлі түсті жапсырмаларымен, екі бетке ашылған әліппе-дәптер ұсынылып отыр. Балалардың көрнекі-бейнелі ойлаулары басым болғандықтан дәптердің беттерін түрлі түсті етіп беру тиімді болды. 3. Іс-әрекет қағидасы Қазіргі заманғы білім берудің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудың басты құрылымы – баланы белсенді оқу-танымдық іс-әрекетке жұмылдыру. 4. тұтас әлем түсінігі қағидасы Тұтас әлем түсінігі қағидасы дәстүрлі жүйедегі ғылымилық жүйемен тығыз байланысты. Бірақ бұл жерде әлемнің жалпы ғылымилығының қалыптасуы ғана емес, сонымен қатар оны өзінің тәжірибелік іс-әрекеттерінде қолдана білуі туралы айтылады. 5. Шығармашылық қағидасы балалар оқу жылының басында өздерінің шығармашылық іс-әрекеттерінің тәжірибесіне барынша бағыт-бағдарды болжамдайды. Бұл жерде балалардың өз бетімен шешім шығара алатын, өз бетімен «жаңалық» аша алу қабілеттерінің қалыптасуы айтылады. Бүгінгі күні кез келген адамның бір нәрсені ойлап табу немесе өмірлік мәселелерді дәстүрден тыс шешімдермен шеше алу іскерліктері шынайы өмірдің бөлінбес бөлігі болып отыр. Сондықтан ҰОҚ мазмұнына жобалық, шығармашылық іс-әрекеттер бар жұмыс түрлерін қарастыру қажет. 6. Оқытудың саралап және даралап оқыту қағидасы Бұл қағиданы жүзеге асырса, ол педагогке баланың тұлғалық даму траекториясын оның қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сәйкес «салуға» көмектеседі. Аталған қағида әліппе-дәптердегі күнделіктегі тапсырмаларда қадағаланады. 7. Психологиялық қолайлылық қағидасы Оқу үдерісінде сенімділік қарым-қатынас ынтымақтастық жағдай үшін жасалынады. Мұндай атмосфера балалардың денсаулықтарының сақталуына және нығаюына септігін тигізеді.

8. Көрнекілік қағидасы Осы қағида бойынша суретті-әліппеде графикалық материалдар (суреттер, картиналар) мол. Бала есінде жеңіл, тез және берік бейнеленіп қалу үшін, әдістемелік нұсқауда құрылымдалған мәтіндер және мәтін бөліктерін оқуға ыңғайлы болу үшін әріптер ұтымды берілді. 9. Вариативтік қағида Бұл қағида педагогке өздігінше оқу әдебиеттерін, жұмыстың әдіс-тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді. Алайда бұл педагогке сапалы оқытуға, яғни жақсы нәтижеге жетуге жауапкершілік жүктейді. Педагогке ыңғайлы болу үшін, негізгі қысқамерзімді жоспарлауына кірмеген қосымша оқу материалдары да берілді. Аталған қағидалар педагог пен балалардың жұмысын ретке келтіреді. Сондықтан бұл қағидалар күнделікті ҰОҚ барысында қолданылады. Оқыту қағидаларына сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған педагог өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді. Педагог педагогикалық іс-тәжірибесінде қазіргі заманғы технологияларды қолданып, баланың оқуға деген жеке бейімділігін, саралау, тәжірибелік бағыттарын және жүйелік-әрекеттік білім алу түрін дамытуға міндетті. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту техноло гиясын қолдану, әліппе-дәптермен жұмыс істеу барысында баланың іс-әрекет дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Педагог оқу мәдениетін, берілген тапсырмаларды маңыздылығына қарай сұрыптау, оқығанын түсіну, жаңа білімді сыни тұрғыдан бағалай білу, нәтижесін шығарып, қорытындылай білу дағдыларын қалыптастырады. «Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар» бөліміне әдістемелік нұсқаулар және осы бөлімде берілетін тапсырмалармен  жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру Педагог ҰОҚ барысында балалардың ақыл-ой қабілеттерін дамыту үшін, танымдық қызығушылықтарын тудыратын өзекті жағдаяттарды қолданады. Бала үшін өздік ойлау маңызды. Сондықтан өзекті мәселе шешу барысында бала өзінің өздік ойлауының маңызды екенін түсінеді. Педагог балаларды өздігінше бақылау жасауға, салыстырып саралауға, білім алуға үйретуі тиіс. Балаларға мәселені шеше білуге үйретудегі педагогтің рөлі қандай? Мәселені шешудің бірінші кезеңінде түсіндірмелі түрдегі сұрақтар болуы қажет: «Кім? Қалай? Не? Қашан? Қайда?». Олар бүгінгі шақпен байланысты болғандықтан, «осында және қазір» дегенді зерделеуге мүмкіндік береді. Осындай сұрақтарды қойғанда, бала бақылауды, суреттеуді үйренеді және қазіргіні түсінуге сенімділіктері қалыптасады.

Осыдан соң өзекті мәселе мүмкіндігінше суреттелгенде, келесі кезеңге көтеріліп, педагог «Неге?», «Неліктен?» деген (талдап қорытуға келмейтін) сұрақтарды қоюға кіріседі. Бұл кезең түсіну мен белгілеп жазудың арасындағы байланысты (ассоциация) қажет етеді. Келесі кезең – жорамал сұрақ. Мұнда «Егер ... болса, не болар еді?» деген сияқты болжамдар қойылады. Жорамал сұрақтарынан кейін бағалау сұрақтары кезек алады: «Қайсысы жақсы? Қайсысы дұрыстау?». Балалар жоғарыда аталған кезеңдерден толық өткеннен соң ғана бағалаудың кезегі келеді. Біз үшін  бұл – өзін-өзі бағалау рефлексия кезеңі. Біз балаларды осы кезден-ақ болашақтың жалғасатынын түсінуге бейімдеп, келесі сұрақтарға жауап беруге үйретуіміз қажет: «Осы мәселені шешуде сені тағы не қызықтырады? Өзің тағы не ұсынасың немесе не істей аласың?». Бұл сұрақтар баланың бір нәрсеге деген әуесқойлықтарын арттырады, қиялдарын дамытады, креативті ойлауға талпындырады. Кез келген зерттеу жұмысының осындай құрылымы болады. Мұндай тізбек – зерттеу іс-әрекетінің ажырамас бөлігі және оны өткізудің үлгісі. Біз ҰОҚ-ның теориялық кезеңдерінде балаларды мәселені көре білуге, зерттеу тақырыбын таңдай білуге, болжамдар ойлап, зерттеу әдіс-тәсілдерін таңдай білуге, ақпараттарды жинап, саралап және қорытындылай алуға, зерттеудің қорытындысын шығарып, оны құрдастары мен ересектердің алдында қорғай білуге үйретеміз. Ал ҰОҚ-ның тәжірибелік кезеңдерінде осы іскерліктерін КӨрсЕтЕ білуге үйретеміз. Дамытушылық міндет – қазіргі ҰОҚ-ның ажырамас бөліктерінің бірі болып табылатын балалардың ойлау белсенділіктері мен жігерліліктерін дамыту. Осы бөлімде берілетін тапсырмалармен жұмыс істеу  дағдыларын қалыптастыру «Жаратылыстану» бойынша басты мақсаты: бақылаудың ең қарапайым дағдыларын меңгеру, сондықтан ҰОҚ барысында топпен, жұппен және т.б. жұмыс түрлері ұйымдастырылады. Балалар ҰОҚ-да бақылау, тәжірибелік жұмыс, тәжірибе, тақырыпты анықтау, болжамдар ұсыну т.б. түсініктермен танысады. «Шығармашылық тапсырмалар» бөлімінде жұмыс істеуге әдістемелік нұсқаулар берілген және осы бөлімде берілетін тапсырмалармен жұмыс істеу дағдылары қалыптастырылады. Балаларды жан-жақты дамыту міндеттерінің бірі – оларды әртүрлі іс-әрекеттерге баулу. Осы міндетті шешу үшін ҰОҚ барысында мынадай шығармашылық үдерістері жүзеге асырылады:

• Ойын іс-әрекеті • Жағымды көңіл күй жағдайларын құру • Жұппен және топпен жұмыс • Өзекті оқыту Әліппе-дәптерде ғылыми түсініктердің мағынасын ашуға және қоршаған ортадағы құбылыстардың бір-бірімен байланысын білуге арналған тапсырмалар іріктелініп берілді. Олар: сараланған (дифференцияланған) және түрлі деңгейлік тапсырмалар. Балалардың табиғи білімге деген құштарлықтарын ескере отырып, ҰОҚ тақырыптарының көбі балалар ҰОҚ барысында жауап ала алатын сұрақтар түрінде берілді. Мысалы: «Мен табиғатты бақылай аламын ба?», «Бақылау кезіндегі әсерің қандай?», «Тәжірибені қалай жасауға болады?». Саралап оқытуды жүзеге асыру үшін әліппе-дәптерде балалар үшін мынадай тапсырмалар іріктелініп алынды: • Әртүрлі деңгейлік тапсырмалар; • Барлық сынып болып орындауға арналған тапсырмалар. Әр бала топтың табысқа жетуіне көмектесу үшін, түрлі рөлдерді орындайтын топпен және жұппен тақырыпты зерттеуге арналған тапсырмалар. Педагогтің әдістемелік міндеті – әр ҰОҚ-да топпен және жұппен жұмыс барысында балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Диалогті жиі қолдану көптеген білім және тәрбие беру міндеттерін шешеді. Сөйлеу, талқылау және дәлелдемелер оқылатын материалды игеруге мүмкіндік туғызады. Балалардың әрекеттерін ынталандыратын  сұрақтар мен тапсырмалар Өзекті тапсырмалар, зерттеуді қажет ететін жағдаяттардың зертханалық жұмыстары т.б. түрлі жұмыс түрлері балалардың әрекеттерін ынталандырады. Мұндай тапсырмалар балалардың пікірлерін, дәлелдеу, болжамдар айта білу іскерліктерін дамытып қана қоймайды, сонымен қатар тәжірибе, тәжірибелік жұмыстар жүргізу арқылы өздерінің ойларының дұрыстығын тексеру дағдыларын дамытады. Тәжірибе немесе бақылау жасауға арналған тапсырмалар әр ҰОҚ-да ойластырылған. Оқу материалдарының мектеп заттарымен, өмірмен  байланысын ашып көрсететін тапсырмалар Балалар ҰОҚ барысында алған білімдерін өмірлік жағдаяттарды  шешу кезінде қолданатын, функционалдық сауаттылықтарын дамытуға  арналған тапсырмаларды орындайды. Педагог балалардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, саралау және деңгейлік тапсырмаларды қолданады. Алғашқы ҰОҚ-да-ақ балалармен «жеңілден ауырға» деген қағида бойынша тапсырмаларды орындатады. Кейінірек балалар өздерінің қызығушылықтары мен деңгейлеріне байланысты тапсырмаларды таңдап орындайды. Тапсырмалардың деңгейлері түрлі түсті белгілермен көрсетілген. ҰОҚ-ның қорытынды бөліміндегі рефлексивтік  түрдегі тапсырмалар Қалыптастырушы бағалау ҰОҚ-да күнделікті жұмыстың білім мен дағдыларын меңгеруді анықтайды және оқыту барысында педагог пен балалардың арасындағы өзара жедел байланысты жүзеге асырады, жаңа материалды меңгеру барысында қаншалықты тапсырмаларды дұрыс орындап, мақсатқа жетуге мүмкіндік береді. Балаларға өздерінің жұмыстарын ҰОҚда бағалауларын ұсынады, яғни ештеңе түсінген жоқпын, бәрін түсіндім, бірақ түсіндіре алмадым, басқаша түсіндіріп беремін деген бағалау өлшемін (критерий) кез келген түсті қарындашпен бояу ұсынылады. Әр бөлімнің белгі-заттары – колба, бойөлшегіш, жұлдызшалар, шырмауық гүл, смайлик, жалаушалар, майшамдар. Осындай педагогикалық әдістерді қолдану балалардың қоршаған ортаны ғылыми тұрғыдан танып-білуге деген қызығушылықтарын тудырады, ғылыми ақпараттармен өздігімен жұмыс істеуге үйретеді, күнделікті өмірде өзінің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті қарапайым ғылыми білімдерін қолдана білу дағдыларын дамытады. ҰОҚ-ны құрылымдау технологиясы «Жаратылыстану» сабағы бойынша ұсынылып отырған құрылым төмендегідей тұрады: 1. Жағымды көңіл күй орнату. 2. Өмірлік тәжірибені белсендіру. Білімді сұрау жағдаяты. Мақсатты тұжырымдау. 3. ҰОҚ тақырыбы бойынша жұмыс: жаңа білімді іздеу, өнімді болжамдар тудыру. Қоршаған ортаны танып-білу әдістерін оқыту. Тәжірибелік, зертханалық, өндірушілік іс-әрекеттерді өткізу. 4. Қорытынды рефлексия. ҰОҚ-ның бірінші бөлімінің мақсаты: жағымды көңіл күй орнату, ізденуге талаптандыру. Педагогке балаларды жаңа бір нәрсені танып-білуге «еліктіру» және өздерінің күштеріне сенімділік тудыру қажет. 2-бөлім: «Өмірлік тәжірибені белсендіру» (белсендіру – балалар үшін мәселенің мәнділігін табу).

Білімге деген сұраныс жағдаяттарын құру (оқытуға, зерттеуге дәлел): таңғалу, қызығушылық, өзекті мәселе. Өзекті жағдаяттарды қолданудың басты мақсаты – балалар мен педагогтер мәселені бірлесіп шешу, жағдаяттарды шешуде балалардың үйлесімді іс-әрекеттері мен педагогтің жалпы басшылығымен бағыттап, сондай-ақ осындай іс-әрекет үдерістерінде біліммен қаруландыру және жалпы қағидалармен өзекті міндеттерді шешу. Бала оқу жылының басында түрлі деңгейдегі жағдаяттарды: 1) педагогтің көмегімен мәселені (міндетті) тұжырымдайды; 2) ересектердің көмегімен мәселенің шешімін табады; 3) педагогтің көмегімен шешеді және 4) педагогтің көмегімен осы шешімнің дұрыстығын бағалайды. ҰОҚ тақырыбы бойынша жұмыс білімді тақырып бойынша бейне-символдар тіректерін трансляциялау, диалог-түсіндіру жұмыстары арқылы және жаңа білімді іздеу, тиімді болжамдарды ойлап табу кездерінде құрылады. ҰОҚ барысында тану тәсілдері мыналар: өзекті мәселелер, өзекті диалог жүргізу, шығармашылық, бір нәрсені ойлап табу іс-әрекеттері және т.б. Педагог қоршаған ортаны таныту әдісімен оқытады. Ғылыми зерттеулердің дағдыларын өңдеу мен оқыту жүзеге асырылады. Балалардың алдыңғы білімдерін жаңа жағдаяттарды шешуге қолдану; жаңа міндетті шешуде «білмеушілік» саласын анықтау іскерлігі меңгеріледі. Педагог тәжірибе, зертханалық жұмыстар, ойлап тапқыштық іс-әрекеттерін ұйымдастырады (сын тұрғысынан ойлау, ойлап тапқыштық және креативті ойлау технологиялары қолданылады). Тәжірибе жүргізу әдісі балаларға өзін-өзі дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды және танып-білудің тиімді және қолжетерлік қажеттіліктерін әлемді өздігінше зерттеу жолын қанағаттандырады. Саяхат арқылы шынайы болмысты бақылау жүргізіледі, түсініксіз құбылыстар көрнекіліктер, тәжірибелік жұмыстар арқылы көрсетіледі, белсенді түрдегі зерттеу жұмыстарына бағыт беріледі. Педагогтің міндеті – ерекше шешімдер шығара білуге, шығармашылық іс-әрекеттермен айналысуға, топпен жұмыс істеуге үйрету. Тақырыптық сергіту сәттер жасап тұру ұсынылады. ҰОҚ-да өзін-өзі зерттеуде, әлемді тануда рефлексияны қолдану – міндетті. Рефлексия оқытудың коммуникативтік, жүйелі әрекеттерін қалыптастырумен байланысты. Осы әрекеттердің бәрінде де сын тұрғысынан ойлау технологиялары қолданылады. ҰОҚ барысында танымдық-ізденістік әрекеттер арқылы білімнің жаңа формасын меңгерген жағдайда ғана балалар алған білімдеріне сыни тұрғыдан қарап, шығармашылықпен ойлап, дербес шешімдер шығарады. Қорытынды рефлексия өткен жолдарын жете түсінуге, байқағандарын, әрқайсысына түсінікті болғандарын ортақ сандықшаға жинауға бағытталады. Оның мақсаты бала тек ҰОҚ-да тиянақталған білімді ғана алып кетпей, меңгерген оқу материалдарын мәнді тізбекке тізіп, өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін салыстыруға бағытталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті мектепалды даярлық  сыныбының педагогтері!

           Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі – мектепалды даярлық пен бастауыш мектептерде білім беру сабақтастығын қамтамасыз ету. Мектепке дейінгі даярлық сыныптары мен бастауыш сыныптардағы оқыту және тәрбиелеу жұмысы біртұтас даму үрдісін құраған жағдайда осы міндеттерді орындау мүмкін болмақ. Сонымен қатар мектепке дейінгі даярлық пен бастауыш мектептің үздіксіз сабақтастығының міндетті шарттарының бірі – бағдарламалар және оқу­әдістемелік кешендерді құру қағидаларының біртұтастығы. Мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп бойынша жаңартылған бағдарламаның мазмұнын салыстырмалы талдау көрсеткендей, бұл бағдарламалардың құрылымы біртұтас тәсілдерді қамтиды:

 педагогтерге өз жұмысын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға мүмкіндік беретін оқу мақсаттары жүйесінің болуы;

 оқу үрдісін күнделікті өмірге және қарым-қатынас жасауға қажетті қабілеттер мен практикалық дағдыларды дамытып, қалыптастыруға бағыттау;

 балалардың әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды терең шолуына бағытталған тақырыптық оқу мазмұнының болуы;

 пәнішілік және пәнаралық мазмұнының кіріктірілуі;

 мектепалды даярлық пен бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің ортақ үлгісін қамтитын әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету.

Осы қағидалардың барлығы Қазақстан Республикасы Мектепалды даярлық білім беру бағдарламасының мазмұны мен құрылымында және жаңа оқу-әдістемелік кешендерінде қамтылған. Бастауыш мектеп бағдарламасындағы «Жаратылыстану» сабағы бойынша жетекші идеясы ортақ 4 тақырып: «Жанды табиғат»; «Жансыз табиғат»; «Физикалық құбылыстар»; «Табиғатты қорғау» атты бөлімдер негізінде пәндік мазмұнды кешенді жоспарлау болды. Барлық тарау тақырыптары мектеп жасына дейінгі баланың сыни ойлауын көрсететін нақты үлгі ретінде балаларды үнемі толғандыратын: «Бұл не? Қалай? Неге?» т.с.с. сауалдар төңірегінде берілген. Балалар өздері куә болған адамдар әрекетінің, табиғи құбылыстардың, оқиғалардың себептерін үнемі білгісі келеді. Бұл сұрақтар баланың миын белсенді жұмыс істете отырып, ойлау қабілетін дамытады. «Алматыкітап баспасы» мектепалды даярлық және бастауыш мектеп оқу-әдістемелік кешенінің ерекшелігі, оқулықтар мен әдістемелік оқу нұсқауларының мазмұнында бірдей ортақ тақырыптың қамтылуында болып отыр. Бұл мектепалды даярлық және мектепте білім беру мазмұнын сапалы кіріктіруді толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл әдістемелік нұсқау қысқамерзімді жоспар түрінде орындалған ҰОҚ мазмұнынан тұрады. Жоспарлаудың бұл түрі бірінші сыныпқа арналған оқу құралдарында да бар, сондықтан ол мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп ОӘК-ін әдістемелік қолдаудың бірізділігін тағы да бір рет дәлелдейді.

Қысқамерзімді жоспардың өзіндік айрықша құрылымы мен ерекшелігі бар: 1. Оқу мақсаттарының болуы (олар бағдарламада белгілі бір бөлім мен бөлімшелер ретінде берілген, сондықтан педагогтер оны өзгертпегені жөн). 2. Жоспарда ҰОҚ-ның сараланған мақсаттары берілген (барлық балалар, балалардың көпшілігі және кейбіреулері үшін). Бұл оқу үрдісін ұтымды саралай ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқу жоспарының құрылымы практикалық жағынан пайдалану үшін айтарлықтай қарапайым және оқу барысы үшін тиімді. Жоспар 3 бөлімнен тұрады: Бірінші бөлімде баланың эмоционалдық көңіл күйін қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдер қаралған. Екінші бөлімде негізгі бөлім ретінде оқу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған әдістер, тәсілдер мен құралдар буынын қамтиды. Үшінші бөлім рефлексия түрінде қорытынды шығаруға бағытталған. Жоспардың «Ресурстар» атты айрықша тармағында дидактикалық, әдістемелік, электрондық сипаттағы әртүрлі ақпарат көздері берілген (кейбірінің электрондық мекенжайы бар). Қысқамерзімді жоспарда әліппе-дәптердің, оның ішінде жұмыс дәптерінің барлық тапсырмалары ескерілген. Егер әліппе-дәптерде бір ҰОҚ-да 2–4 тапсырма орындау ұсынылса, әдістемелік нұсқауда әдістемелік тапсырмалар көлемін 15–20-ға дейін кеңейтеді. Әдістемелік нұсқаудағы тапсырмалар осы әдіс-тәсілдер есебінен барынша қызықты, мазмұнды, ойын түрінде тартымды болады. Онда әдеби сөз де, сурет салу да, сахналық рөл сомдау, ойын, драмалау, ойнау, фольклор, сергіту сәті, практикалық тапсырмалар, шағын зерттеулер және т.б. бар. Бұл педагог осы оқу құралын пайдаланумен ғана шектеліп, өз тарапынан қандай да бір тиімді шығармашылық әдістер енгізуге немесе өздігінен өзгертуге құқығы жоқ дегенді білдірмейді. Басты шарты: жоспарда қаралған оқу мақсаттарын, тақырыпты, оның жүйелілігін, сондай­ақ әліппе­дәптерде белгіленген тапсырмалар сипатын өзгертпеу. Қысқамерзімді жоспардың осы үлгісін пайдалану кезінде мектепалды даярлық сыныбының педагогтерінде сұрақтар туындауы мүмкін: 1. Мектепалды даярлық педагогтерінің көпшілігі пайдаланған технологиялық картаның қысқамерзімді жоспардан қандай айырмашылығы бар? 2. Қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық карта үлгісіне ауыстыруға бола ма? Педагог қысқамерзімді жоспарды пайдалана ма, әлде технологиялық картаны пайдалана ма – өзі шешеді.  Бірақ қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық картаға өзгертпеген жөн, өйткені мектепалды даярлық және бастауыш мектеп жоспарларының бірізділігі мен тұтастығы бұзылады. Қысқамерзімді жоспардың технологиялық картадан бірнеше айырмашылығы бар:

технологиялық карта Қысқамерзімді жоспар 1 Оқу мақсатын педагог таңдайды. Оқыту және тәрбиелеу мақсаты оқу бағдарламасында айқындалған. 2 3 кезеңнен тұрады: – мотивациялық-қозғаушылық; – ұйымдастырушылықізденушілік; – рефлексивтік-түзетушілік. 3 кезеңнен тұрады: – ҰОҚ-ның басталуы (ҰОҚ-ға ден қоюды қамтамасыз ету); – өмірлік тәжірибені өзектендіру; – ҰОҚ-ның соңы (қорытынды, рефлексия). 3 ҰОҚ­ның негізгі бөлімі: – ұйымдастырушылықізденушілік. ҰОҚ­ның негізгі бөлімі: – өмірлік тәжірибені өзектендіру. 4 ҰОҚ әдістемесі педагогтің басқарушылық іс-әрекетін және балалардың іс-әрекетін қарастырады. ҰОҚ әдістемесі әдістемелік тәсілдер, құралдар, ресурстарды пайдалану мен технология элементтерін қарастырады. 5 ҰОҚ қорытындысы: рефлексия. ҰОҚ қорытындысы: рефлексия.

 

             Кейбір айырмашылықтарға қарамастан, екі жоспар (қысқамерзімді де, технологиялық карта да) ҰОҚ­ның үш негізгі кезеңін қамтиды, оның барысында белгіленген оқу мен тәрбиелеу мақсаттары жүзеге асырылады. Кезінде технологиялық картаны меңгерген мектепалды даярлық сыныбының педагогтеріне қысқамерзімді жоспар үлгілерімен жұмыс істеу  қиындық туғызбайды, өйткені екі үлгінің құрастыру тәсілдері айтарлықтай ұқсас. Осылайша, мектепке дейінгі даярлық ОӘК-нің жаңа үлгісіне тиімді  өту мектепалды даярлық пен бастауыш мектепте оқыту мазмұнының  сапалы сабақтастық байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сабақ.

 

Тақырыбы: Мен табиғатты бақылай аламын ба?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

 «Бақылау» ұғымын және оны өткізу кезеңдерін түсіну

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

бақылаудың не екенін айта алады;

бақылаушылардың немен айналысатынын айтады;

тірек сөздерді пайдалана отырып, сұрақтарды құрай біледі;

қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин. II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ) ҰОҚ-да жұмыс жасау үшін педагог жағымды атмосфера туғызады. Біреу кездескенде «Қайырлы таң!» деп амандасуды жай және даналықпен ойлап тапқан.

(Ұ) Әліппе-дәптердегі 4-5-беттердегі суреттер бойынша балалар ҰОҚ-да әңгіменің не жайында болатыны туралы болжамдайды. ҰОҚ-ның соңында жетуге тиіс мақсатты анықтайды (оған рефлексия кезеңінде қайта оралады).

Әліппе-дәптердегі сурет.

ҰОҚ-ның ортасы

III. тақырып  бойынша жұмыс

6 – 28 мин.

(Ұ) «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмінен үзінді көру.

Білімге құштарлық болмағанда – бізді қоршап тұрған заттардың көбі қазір болмаған болар еді деген түсінікті педагог балаларға қалыптастырады.

Білу, сынау, ашу, жаңаны ойлап табуға талпыну – адамға тән қасиет.

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмінен үзінді.

 

Ежелгі кезден бастап адам табиғатты бақылаған, өзінің білімін жинақтап, оны балаларына тапсырып отырған.

(Ұ, Ө) Әліппе-дәптермен танысу: кейіпкерлермен, шартты белгілермен.

(Ұ, т) Әліппе-дәптер (1-тапсырма).

Педагог балалардың еске түсіру қабілеттеріне сүйене отырып, суреттерге қарап, сөздерден сұрақтар құру біліктерін жетілдіреді.

Мысалы, Жұлдыздар неге құлайды? Күн неге жарқырайды? Шөл далада құмнан қалай сақтануға болады? Кемпірқосақ қай кезде шығады? Аралар балды қалай жасайды? Қандай бұлттардан жаңбыр жауады? және т.б.

(Ұ, т) Өзекті мәселелер.

Жануарларды бақылай отырып, адамның не ойлап тапқаны жайында педагог балалардың ойланып жауап берулерін сұрайды.

Қорытынды жасай отырып, балалардың былай түсінуіне әкеледі:

 

Нәтижесінде балаларда мынадай түсініктер қалыптасады: бақылаушы – жаңа білімдер тудыратын адам; тәжірибе – бұл заттарды, табиғи құбылыстарды тану және зерттеу тәсілі.

Әліппе-дәптер.

Әліппе-дәптер суретті материалы.

Тәжірибе жасап жатқан бақылаушылардың суреттері.

Музыкалық  сүйемелдеу.

Аспаптар, зертхана картиналары.

 

(Ө) Әліппе- дәптермен жұмыс (2-3-тапсырма).

Балаларға дәптердің айқарма бетінде жұмыс жасауды ұсыныңыз.

Әліппе-дәптер.

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө) Рефлексивтік бағалау.

Балалардың ҰОҚ-да өзінің жұмысына баға беруін және шыны сауытты (колба) кез келген түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

– ештеңе түсінбедім – қызыл қарындаш.

– түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындаш.

3– қысқасы – бәрін түсіндім, басқаларға да түсіндіре аламын – жасыл қарындаш.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сабақ

 

Тақырыбы: Табиғат құбылыстарын қалай байқауға болады?

 

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.1.1.2. Табиғат нысандары мен құбылыстарына қысқа уақыт аралығында бақылау жүргізу.

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

бақылауға қатыса алады;

күздің келуімен табиғатта болатын өзгерістерді анықтай алады;

5-6 ағашты атай алады;

жапырағына қарап, ағаштың атын анықтай алады.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

(Ұ) Ғ. Қайырбековтің «Алтын күз» өлеңін оқиды.

Алтын, алтын, сары алтын,

Алтын күзде нұр жатыр.

Біз мектепке баратын,

Алақай-ау, күн жақын!

Жемісі мол теретін,

 Күз дос екен бізбенен.

 Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

 

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ) Бақылаушылар кімдер екенін еске түсірейікші. (Бақылаушы – қоршаған орта мен табиғат құбылыстарын арнайы танып білуші адам).

Ал бақылау дегеніміз не?

Бүгін біз сендермен бақылауға тағы бір қадам жасағалы отырмыз. Біздің сабағымызда әңгіме не жайлы болады деп ойлайсыңдар? Мақсатты болжам. (Бақылау туралы)

(Ұ) Балалар ҰОҚ-да әңгіме не жайында болатындығын кестедегі сурет бойынша болжамдайды. ҰОҚ-ның соңында қол жеткізетін мақсат айқындалады. (Оған рефлексия кезеңінде қайтып оралады).

 

ҰОҚ-ның ортасы

III. тақырып  бойынша жұмыс

6 – 28 мин.

(Ұ) Өзекті мәселелер.

Қазір жылдың қай мезгілі? (Күз) (Ұ) Өзекті мәселе.

Балалардан күз мезгілінің ерекшелігін сұрау.

Педагог топта отырып-ақ осыны біле аламыз ба деген қызығушылық білдіреді.

Педагогтің түсіндіруі. Ағаштардың қаншалықты сұлу екенін көру үшін, түрлі түсті жапырақтардың сыбдырын есту үшін, көк шөптің, иісін сезіну үшін күзгі саябаққа бару қажет.

Балалардан не істейміз деп сұрау (Бақылау).

(Ұ) «Бақылағыш» деген жаңа ұғым бойынша жұмыс.

Табиғаттағы осы кезеңнің ерекшеліктерін білу үшін не қажет.

Бақылағыш адамның қасиеттері бақылау барысында қалыптасады және карточкалар көмегімен белгіленеді:

нысандардың, құбылыстардың ерекшеліктерінің барлығын байқау ептілігі;

елеусіз заттардың өзін байқау шеберлігі.

Арнайы аспаптарды қолдана білу іскерлігі;

сұрақтарды қоя білуі;

бақылау қорытындылары бойынша жазбаларды жүргізе білуі;

бақылаулар бойынша қорытындылар жасай білуі.

Табиғаттағы маусымдық өзгерістер бейнеленген әліппе-дәптердегі суреттер.

 

 (Ұ) Бақылау

Педагог күздің келуімен табиғатта қандай өзгерістер болғандығы жайында балалардың еске түсіруін, жапырақтардың сыбдырын тыңдап, мынадай сұраққа жауап берулерін өтінеді: Саябақта тағы да қандай өзгеріс бар? (Жарық бола түскендей).

(Ұ) Өзекті мәселелер.

Қалайша жарық болып тұр?

Жапырақтар неге сарғаяды және түседі? Қазір жарық пен жылу жеткілікті ме? Түскен жапырақтар өсімдіктерге керек пе?

Карточкалар.

 

Қорытынды : Жерге түскен жапырақтар құс төсек іспетті, шөпті және әртүрлі өсімдіктердің тамырларын суықтан қорғайды. Түскен жапырақтардың арқасында жер тереңінен мұздамайды, бұл топырақты қопсытып, оны құнарлы ететін топырақтағы түрлі тіршілік иелері үшін маңызды. Ал көктемде түскен жапырақтар жаңбыр астында жатып шіріп, топырақты тыңайтады және ағаштардың өсуі үшін пайдалы заттармен азықтандырады. Педагог ағаш бұтақтарындағы бүршіктерді мұқият қарап алуларын және таза ауамен терең дем алып, саябақтың ішінен нені байқап тұрғандарын анықтауды сұрайды.

(Ө) «МЕН БАҚЫЛАП ҮЙРЕНЕМІН» тәжірибелік жұмысы.

Педагог жоспар бойынша жұмыс істеуді ұсынады:

Ағаштың бұтақтарын қара.

Оларда жапырақтар бар ма?

Бұрын жапырақ болған жерін тап.

Жапырақтардың орнында не бар?

Бұтақтардың бүршіктерін тап. Оларды қарап ал. Олар бірдей ме?

 

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө) рефлексивтік бағалау – өз жұмысыңды бағалап қорыту.

Балалардың ҰОҚ-да өзінің жұмысына баға беруін және шыны сауытты (колба) кез келген түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

1 (бір) деңгей – ештеңе түсінбедім.

1 және 2 (екі) деңгейлер – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын.

1, 2 және 3 (үш) деңгейлер – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

 

 

 

 

 

 

 

 

3-сабақ

 

Тақырыбы: Бақылау кезіндегі әсерің қандай?

 

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.1.1.3. Алынған ақпаратты ұсыну және қорытынды жасау.

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

«тәжірибелік жұмыс» ұғымына анықтама бере алады;

қарапайым тәжірибелер жүргізеді.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

(Ұ) Педагог ҰОҚ-ны жүргізу үшін қолайлы жағдай жасайды.

«Өтірік-ау» демеңіз,

Болбыр еді денеміз.

Секіртпені күнде алып,

Секірумен келеміз.

Секіртпеге сенеміз,

Шымыр болды денеміз,

Біз секіре береміз.

Сонау Айға бір саны

Тиеді ғой төбеміз!

 

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

Дәптердегі (1-тапсырма) сурет бойынша жұмыс: табиғатты бақылау үшін, мысалы, алмаағашын бақылау үшін не істеу керектігі сұралады. Балалардың жауаптары тыңдалғаннан табиғатты бақылауға сезім мүшелері көмектесетіні түсіндіріледі. (Көзбен көреді, мұрынмен иіс сезеді, қолмен ұстап көреді, құлақпен естиді, тілмен дәмін сезеді). Табиғатты арнайы құралдармен де бақылауға болады. Мысалы үлкейткіш әйнекпен ұсақ заттарды көруге болады.

 

ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып  бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

 (Ө) Үлгі жауаптар: алмаағашының жапырақтары жасыл, діңі қоңыр, жемісі қызыл. Жемісінің дәмі тәтті.

(Ө) 2-тапсырма бойынша адам тіршілігі үшін қажетті заттарды атайды: ауа, су, жылу, тамақ, киім, баспана.

Адамның жануарлардан айырмашылығын айтады.

Үлгі жауап: Адам  – табиғаттың бір бөлігі. Адамның жануарлардан айырмашылығы: ол ойлайды, сөйлейді, еңбек етеді.

Әліппе-дәптер

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

Балалардың ҰОҚ-да өзінің жұмысына баға беруін және шыны сауытты (колба) кез келген түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

1 (бір) деңгей – ештеңе түсінбедім.

1 және 2 (екі) деңгейлер – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын.

1, 2 және 3 (үш) деңгейлер – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

 

 

 

 

 

4-сабақ

 

Тақырыбы: Тәжірибені қалай жасауға болады?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.1.1.4. Педагогтің көмегімен болжамдар жасау және оларды өздігінен/топта шешу.

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

тәжірибе жүргізудің кейбір кезеңдерін атайды;

жауабы бар кестеге сүйене отырып, жүргізілген тәжірибелік жұмысқа қорытынды жасайды.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар 

І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 мин.

 

Педагог ҰОҚ-да жұмыс істеу үшін қолайлы жағдай жасайды.

Көңіл күй қалай?

КҮШТІ!!! (Балалар бас бармақтарын жоғары көрсетеді)– Түгеліміздің!

Біз де сондай пікірдеміз!

 

ІІ. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

Педагог баллонның суға неліктен батпайтындығын сұрайды.

Сонымен баллон суға батып кете ме, жоқ па?

Педагог балаларға әртүрлі жорамал жасағанша, бұл мәселені талқылап көруді ұсынады.

 

ҰОҚ-ның ортасы

III. тақырып  бойынша жұмыс

6 – 28 мин.

(т) Қойылған сұраққа қалай жауап беру керектігін талқылау (Өзендегі суға баллон неге батып кетпейді?).

(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Балалар педагогтің жетекшілігімен бір көрсеткіштен екінші көрсеткішке жол бойымен қозғала отырып, тәжірибе жүргізудің кезектілігін анықтайды («тәжірибе кезеңдерімен танысады»).

 

 

1-көрсеткіш – тәжірибе тақырыбы

Педагог тәжірибе тақырыбын анықтап алуды ұсынады. Тәжірибе тақырыбы: судағы баллон.

2-көрсеткіш – тәжірибе мақсаты

Балалар педагогтің көмегімен тәжірибе мақсатын анықтайды – біз не білгіміз келеді? (Өзен суына баллон батады ма, жоқ, батпайды ма?)

3-көрсеткіш – болжам

Суға баллонның бататыны, батпайтыны жөнінде балалардың қандай да бір болжамдары барына педагог қызығушылық танытады (Балалардың пікірлері).

Артынан келтірілген болжамдардың бәрі болжам екендігін айтып, қорытындылайды. Тәжірибе барысында оларды тексеру қажет. Олардың ішінде біреуі расталса, балалардың біреуі дұрыс айтқан болып шығады.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс

1-тапсырма. Суға батпайтын заттардың суретін салады. Себебін түсіндіреді.

2-тапсырма. Суға батпайтын суреттерді белгілейді. Резеңке ойыншақ неліктен суға батпайтындығын түсіндіреді

Сызба-үлгілер (тақтада немесе слайдта).

Әліппе-дәптер.

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.28-30 мин.

(Ө) Балалардың өз жұмысын оқу іс-әрекетінде бағалауын, шыны сауытты кез келген түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

1 (бір) деңгей – ештеңе түсінбедім.

1 және 2 (екі) деңгейлер – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-сабақ

 

Тақырыбы: Табиғат деген не?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

Күнделікті өмірдегі табиғат туралы білімнің маңыздылығын түсіндіру

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

табиғатта болатын өзгерістерді анықтай алады;

жыл мезгілдерін атай алады;

табиғатта болатын өзгерістерді түсіндіре алады.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

(Ұ) Табиғат құбылыстары, өсімдіктер, жануарлар бейнеленген суреттер.

«Бақылағыш» дегеніміз не?

Біздің ҰОҚ-да әңгіме не жайында болады деп ойлайсыңдар? Мақсатты болжам. сендердің үстелдеріңде тапсырмасы жазылған карточкалар бар.

Табиғатқа саяхат

Бақылап үйренеміз

Әліппе-дәптердегі суреттер.

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ) Балалар ҰОҚ-да әңгіме не жайында болатындығын кестедегі сурет бойынша болжамдайды. ҰОҚ-ның соңында қол жеткізетін мақсат айқындалады (Оған рефлексия кезеңінде қайтып оралады).

Әріптер жазылған карточкалар.

ҰОҚ-ның ортасы

III. тақырып  бойынша жұмыс

6 – 28 мин.

(Ұ) Өзекті мәселелер.

Қазір жылдың қай мезгілі? (Күз) (Ұ) Өзекті мәселе.

«Жыл мезгілдері» бейнеролигін көрсету.

Бейнеролик бойынша сұрақтар қою.

Неше жыл мезгілі бар? Жыл мезгілінің ерекшеліктері қандай? Жыл мезгіліне сәйкес адамдар қалай киінеді? Қандай өзгерістер болады?

Педагогтің түсіндіруі. (1-тапсырмадағы сурет бойынша жұмыс). 

Табиғат – біздің өміріміздің тірегі болып тұрған әсем дүние.

Табиғат адам өмірінің барлық қажетін өтейтін болғандықтан, ол ешқашан ештеңемен ластанбауы тиіс.

Табиғат тазалығын сақтайтын да, оны ластайтын да – адам.

Әр адам табиғаттың қорғаушысы болу жолдарын іздестіруі керек.

Табиғат – тіршілік көзі, біздің өмірімізде маңызды орын алатындығын түсіну.

Табиғатты қорғау заңын тек үлкендер ғана емес, балалар да сақтауы тиіс.

Балалардан күз мезгілінің ерекшелігін сұрау.

Табиғаттың қаншалықты сұлу екенін көру үшін, түрлі түсті жапырақтардың сыбдырын есту үшін, көк шөптің, саңырауқұлақтың дымқыл иісін сезіну үшін күзгі серуенге шығу қажет.

Әліппе-дәптердегі жыл мезгілінің  суреттері.

Табиғат құбылыстарының, күннің, бұлттың суреттері.

 

ҚорытынДы: Табиғатта серуендеу арқылы қоршаған ортаның таңғажайыптарын, жыл мезгілдерінің ерекшелігін байқап, түрлі табиғат құбылыстарының арасындағы байланыстарды ажыратуды үйренеді. Сонымен қатар табиғатпен танысу балалардың өз елдерін сүюге, табиғатты аялауға үйретеді, бақылағыш қасиетін дамытады. Табиғат сұлулығы мен дыбыстарының бірлестігін, оның қайталануын не өзгеруін, яғни оның ритмін білуге ықпал жасайды.

Әліппе-дәптер бойынша жүргізуге болады (2-3-тапсырмалар).

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө) рефлексивтік бағалау.

Қалыптастырушы бағалау өз жұмысыңды бағалаудан тұрады.

(Ө) Егер бала тақырыпты түсінсе және білімі мен ісмерлігін қолдануға қабілетті болса, ол гүлшанақты (бітеугүлді) және екі гүлді бояйды. Мақсатқа жартылай қол жеткен болса, онда – гүлшанақ пен гүлді, мақсатқа қол жетпеген болса – гүлшанақты бояйды.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6-сабақ

 

Тақырыбы: Өсімдік өсуі үшін не қажет?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

Өсімдіктің жанды табиғат бөлігі екендігін анықтай отырып, өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайдарды анықтау.

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

өсімдік түрлерін атап бере алады;

өсімдікке қажетті жағдайларды атап бере алады;

ҰОҚ-да бақылау тақырыбын анықтай алады; • өз төңірегіндегі өсімдіктерді атай алады.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

(Ұ) Шаттық шеңбері.

Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек, Көңілді боп жүрейік! Кел, балалар күлейік, Күлкіменен түлейік! Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік!

Өлең.

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ) Педагог балаларға жұмбақ шешуді ұсынады:

Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым (Жеміс).

Өсірдім ұлпа қар,

Шешуін кім табар? (Мақта).

Ашулы қонақ бұл анық,

Тонын шешсе, жыладық (Пияз).

 

 

Ұ) Өсімдік дегеніміз не? Неліктен оны жанды табиғат бөлігі деп атаймыз? (Өсімдік дегеніміз – құрлықтың барлық жерінде өсетін, суда да кездесетін түрлері бар, тыныс алатын, қоректенетін жанды табиғат бөлігі) Бұл жұмбақтардың барлығын не біріктіреді? (Бәрі де өсімдіктер жайында.)

Педагог суреттерге назарларын аударады.

 

Қорытынды: Өсімдіктер – біздің ғаламшарымыздың жасыл киімі.

Өсімдік әлемі бай және әртүрлі.

Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлар. Педагог балаларға өздерінің болжамдарын дәлелдеп беруге ұсыныс жасайды.

Талдап қорыту: өсімдік өседі, қоректенеді, дем алады, көбейеді, өледі.

Өсімдіктер жайлы мағлұмат:

Өсімдіктің жерүсті бөлігі – жер астында қалған бөліктен жыл сайын жерүсті бөлігі өсіп шығады.

 

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырып 

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

(Ұ) Өзекті мәселелер.

Педагог балалардың сұраққа жауап беруін сұрайды.

Сендер өсімдіктер жайында не білесіңдер?

Толықтырып қорыту: өсімдік өседі, қоректенеді, дем алады, көбейеді, өледі. Өсімдік – жанды табиғаттың бір бөлігі.

Өсімдікке су не үшін қажет?

Өсімдіктер топырақсыз өсіп-өне ала ма?

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Өсімдік бөліктерімен танысады (1-тапсырма).

Өсімдік өсіп, дамуы үшін не қажет екенін белгілейді (2-тапсырма).

Түймедақты бояйды (3-тапсырма).

Өсімдікердің суреттері.

 «Өсімдіктер әлемі» бейнетаспасы.

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ұ) Педагог сұрақтарға жауап беруді ұсынады.

– Балалар, өсімдіктер тіршілігі үшін қажетті жағдайларды атап беріңдер? Өсімдіктердің бір-бірінен ерекшелігі неде? Олар қандай жағдайларда өмір сүре алмайды?

(Ө) Егер бала тақырыпты түсінсе және білімі мен ісмерлігін қолдануға қабілетті болса, ол гүлшанақты (бітеугүлді) және екі гүлді бояйды. Мақсатқа жартылай қол жеткен болса, онда – гүлшанақ пен гүлді, мақсатқа қол жетпеген болса – гүлшанақты бояйды.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7-сабақ

 

Тақырыбы: Өсімдіктердің қандай түрлерін білесің?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.1.2.2. Өсімдіктерді ағаштар, бұталар, шөптер тобына ажырату.

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

әр топтан (шөпті, бұталар, ағаштар) 5-6 өсімдікті атай алады;

органдардың құрылысы мен орналасу ерекшелігін көрсете отырып, өсімдікті сипаттай алады;

өсімдік дамуының бірізділігін түсінеді.

Көпшілік балалар:

тірек көмегімен мақсатты құруды түсінеді;

өсімдіктің әрбір органы атқаратын қызметтерді санап шығады;

өсімдікті кесте бойынша сипаттайды.

Кейбір балалар:

• жаңа ақпаратты білу үшін сұрақтарды дұрыс қоя біледі; • бақылау іс-әрекеті барысында талқылай алады.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

(Ұ) Шаттық шеңбері.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге!

Армысың, Жер-ана, Армысың, алтын күн,

Армысыңдар, балалар!

Көңіл күйлерің қалай?

Әртүрлі өсімдіктердің суреттері.

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Ауа райы бүгін қандай болып тұр?

Сендер ағаш түрлерін атап бере аласыңдар ма?

(Ұ) Педагог балаларға тақырыптың не жайында екенін түсіндіреді.

Өсімдіктер қалай құрылған. Өсімдік бөліктері.

Бақылау тақырыбы бойынша сұрақтарды қоя білуді дамыту.

 

 

(Ұ) «Кесте»

Білемін

Білгім келеді

Өсімдіктер ағаштарға, бұталарға, шөптерге бөлінеді. Өсімдік бөліктері.

Қазақстанда және бүкіл әлемде тағы да қызықты өсімдіктер бар ма? Өсімдікке гүлдер не үшін

қажет? Гүлдерден қандай пайда

бар? Гүлдердің бәрі неге хош иісті?

Гүлдерден әтірді қалай жасайды?

Музыкалық әуен.

Тірек карточкалар.

Еске түсіру сөздері: бар ма?, қалай?, қайтіп?, неге?, бұл немен байланысты?, егер... не болады?

 

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырып 

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың, Құлпынайы көп екен. Теріп, теріп алайық, Қалтамызға салайық!

(Ұ) Педагог сөзі.

Балаларға өсімдік топтары туралы мәтінді түсінуге көмектесіңіз. Балаларды не қызықтырғаны, сұрақтарға жауап табу үшін не істеу керектігі жайында әңгімелесіңіз.

 (Ө, т) 1-тәжірибе: «Ерекше өсімдікті ата». Өсімдіктер арасынан ерекше болып тұрған өсімдікті таңдап, неге ондай таңдау жасағанын түсіндіру (шөптесін өсімдіктердің арасында тұрған бір ағашты таңдау).

2-тәжірибе: «Өсімдік құрылысының ерекшеліктері». Өсімдіктер не үшін топтарға бөлінетіндігін, бір-бірінен қалай ерекшеленетінін айту.

(Ұ, Ө) «Алақан соғу-үндемеу» ойыны.

Педагог ағашты атайды, егер ол біздің өлкеде өссе – балалар алақандарын соғады, егер біздің орманда, далада кездеспесе – үндемейді.

Алмаағашы, алмұрт, таңқурай, мимоза.

Шырша, сексеуіл, шырғанақ (бүрген), қайың. Шие, қызыл шие, лимон, апельсин, Жөке, үйеңкі, баобаб, мандарин.

(Ұ, Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Ағаштардың аттарын айтады.

Бұталарды айтады.

Шөптесін өсімдіктердің аттарын атайды.

Әліппе-дәптер

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө) «Табыс себеті» рефлексиясы.

Педагог ҰОҚ тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беруді ұсынады: Өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді? Адам өмірінде, жануарлар тіршілігінде гүл қандай рөл атқарады?

Сабақтан соңғы көңіл күйіңіз қандай? Парақ таңдаңыз: жасыл алма – менің қолымнан бәрі келді, сары – кейде қиналатынмын, қызыл – менің ішім пысатын.

Әліппе-дәптердегі гүлшанақтарын бояңдар.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8-сабақ

 

Тақырыбы: Қай өсімдік қандай жерде өседі?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.1.2.3. Бөлме және жабайы өсетін өсімдіктерді салыстыру

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

әр топтан 3-4 өсімдікті атайды;

өсімдік тобын анықтай алады;

әр топтағы өсімдіктердің ерекше қасиеттері мен ұқсастықтарын атайды.

Көпшілік балалар:

өз төңірегіндегі 5 өсімдікті атай алады;

нақты сұрақтарға жауап бере біледі.

Кейбір балалар:

«жабайы өсетін өсімдіктер», «бөлме өсімдіктері» ұғымдарына анықтама береді;

өз бетімен тәжірибелер жүргізеді;

жаңа ақпараттарды білу үшін сұрақтарды дұрыс қоя біледі.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

(Ұ) Педагог ҰОҚ-дағы жұмыс үшін қолайлы атмосфера жасайды.

Шаттық шеңбері

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қарсы, алайық, достарым!

Келді қонақтар бізге.

Әртүрлі өсімдіктердің суреттері.

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ) Педагог балалардан өсімдіктер туралы не білетіндерін сұрайды. Осы өсімдіктерді топтарға бөлуге бола ма? (Балалардың пікірі).

Балаларға мына сұрақтар қойылады: Мен өсімдік туралы не білемін және осы өсімдіктерді қандай топтарға бөлуге болады? Не себепті бөлме өсімдіктері деп аталады? Жабайы өсімдіктерді үй жағдайында өсіруге бола ма?

Балалардан үйлерінде немесе мектепте қандай бөлме өсімдіктері өсетіндігін сұрау. Оларды қалай күтеді? Олар неге бөлме өсімдіктері деп аталады? не білгілерің келеді?

Суреттер.

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырып 

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

Өсімдік барлық жерде өсетіндігі түсіндіріледі: шөлде де, тауда да, орманда да, далада да, тіпті судың астында да өседі. Сондықтан шөлде өсетін өсімдіктерді шөл өсімдігі немесе тауда өсетін өсімдіктер деп атайды.

(Ұ, т) Өзекті мәселелер.

(МК, ЖЖ) Бақылау қызметі.

ОРТАҚ: Ағаштар. Пайдасын тигізеді.

ЕРЕКШЕЛІГІ: Орманда өседі. Бақта өседі. Алма ағашына адам күтім жасайды.

Осындай әдіспен қарлыған мен жаңғақ ағашы, қызанақ пен бақбақ салыстырылады.

ОРТАҚ: Бұталар. Пайдасын тигізеді.

ЕРЕКШЕЛІГІ: Бақшада өседі. Оған адам күтім жасайды. Орманда өседі. – Жемісті ағаштарды өсіретін адамдарды қалай атайды? (Бағбан.) ОРТАҚ: Шөптесін өсімдіктер.

ЕРЕКШЕЛІГІ: Бақшада өседі. Адам отырғызады, күтім жасайды, өнімін жинайды. Барлық жерде өседі.

(Ұ) Талқылау.

– Қандай қорытынды жасаймыз? Қалай ойлайсыңдар, бұл топтарды қалай атауға болады? Жабайы өсетін және бөлме өсімдіктеріне мысал келтіріңдер.

 (Ұ) Өзекті мәселелер.

Адамдар бөлме өсімдіктерін не үшін отырғызады?

Яғни бізге жабайы өсетін өсімдіктер керек болмағаны ма? (Балалар өз ойларын айтады).

• Қорытынды Табиғаттағы барлық өсімдіктер бізге қажет. «Пайдасыз» өсімдіктер болмайды. Олар адам мен жануарлар үшін азық, үй, сән, демалыс орны.

(Ұ) Динамикалық кідіріс.

Көлдің беті кілегей,

Жер сап-сары бірегей,

Тырау-тырау тырналар

Түстікке бетті бұрды олар.

Қара суық жел есті,

Күннің көзі көмескі.

(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс.

1-тапсырма. Өсімдік өсетін жерлер: өсімдік барлық жерде де өседі. Тек аязда қыс мезгілінде ғана өспейді. 2-тапсырма. Сексеуіл шөлде өседі.

Гүлдің сабақтары, үш түсті суы бар стақандар.

Өсімдіктердің суреттері бейнеленген карточка, карточкаларға арналған хатқалталар.

Әліппе-дәптер.

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө) Рефлексия кезеңінде бала не білді, неге үйренді, яғни оқу іс-әрекеті басында қойылған мақсатқа жете алды ма, осының бәріне анализ жасауы тиіс.

Педагог орындалған тапсырманың деңгейін бағалауды ұсынады. Балалар бояйды: 1-деңгей – 1 гүлшанақ, 2-деңгей – гүлшанақ пен гүл, 3-деңгей – гүлшанақ пен 2 гүл.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9-сабақ

 

Тақырыбы: Бөлме өсімдігі деген не?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.1.2.4. Пиязшық арқылы көбейетін өсімдік түрлерінің өсіп-өнуін бақылау.

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

бөлме өсімдіктерінің 2-3 түрін атайды;

адам өмірі үшін бөлме өсімдіктерінің мәнін атап шығады;

бөлме өсімдіктерін өсіру не үшін қажет екенін түсіндіре алады.

Көпшілік балалар:

тірек сөздер көмегімен болжамдарды айта алады;

бөлме өсімдіктерін күту бойынша алгоритм құрастырады.

Кейбір балалар:

«жабайы өсетін өсімдіктер», «бөлме өсімдіктері» ұғымдарына анықтама береді;

 жаңа ақпарат алу үшін сұрақтарды дұрыс қоя біледі;

өз бетімен бақылау жұмысын жүргізе алады.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

(Ұ) Педагог ҰОҚ-дағы жұмыс үшін қолайлы атмосфера жасайды.

 Шаттық шеңбері.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де, Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге!

Армысың, жер-ана, Армысың, алтын күн,

Армысыңдар, балалар!

 

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ) Педагог өсімдік туралы жұмбақ жасырады. Балалардың өсімдік туралы білетіндері қызықтырады.

Ауаны ол тазартып, Үйдің сәнін кіргізер. Терезеде гүлдейді, Қыста қызыл гүл берер. (Бөлме өсімдіктері)

 

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырып 

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

(Ұ) Өзекті мәселелер.

Сіздің үйде бөлме өсімдіктері бар ма? Оларға кім күтім жасайды? Олар неге бөлмелік деп аталады?

Педагог балалардың білімдерін белсендіреді. Балалар үлестірмелі материалдан бөлме өсімдіктерінің аттарын атай алуы тиіс.

Балалармен бірлесіп гүлдерді қалай күту керектігі туралы қорытынды жасалады. Өсімдіктердің өсуіне мейірімділік керектігі де айтылады. Мейірімді адамның қолынан өсімдіктер қаулап өседі.

(Ұ) Өзекті мәселе:

Қандай бөлме гүлдерінің атын білесіңдер? Адамдарға бөлме гүлдері не үшін қажет?

Бөлме гүлдерін біз не үшін өсіреміз?

Бөлме гүлдері болмай қалған жағдайда не болады?

Қорытынды жасау: бөлме гүлдері бізге пайдалы болсын, әдемі және жақсы гүлдесін, оларға күтім қажет.

(Ұ) Өзекті мәселе.

Біз сендермен бөлме өсімдіктерін қалай күтіп ұстаймыз? Күтіп ұстаудың әдістерін атаңдар.

 

 

 

 

(Ө, т) Бақылау іс-әрекеті.

Педагог гүлдер отырғызылған қыш құмыраларды қояды, оларға біршама уақыт бойы (әдейі) күтім жасалмаған, балаларға гүлдерді сипаттап берулерін сұрайды.

Өсімдіктерді қалай суғару, шаңнан қалай тазарту керектігі түсіндіріледі. Өйткені өсімдіктің пішіні мен жапырақтарының мөлшері де осыған байланысты.

Қорытынды жасату: бөлме өсімдіктері бізге пайда әкеледі. Олар әдемі болу үшін, оларды күтіп-баптау қажет.

(Ұ) Бөлме өсімдіктерін күту бойынша алгоритм құрастыру. Гүлдер тұнжырап қалмауы үшін біз не істей аламыз?

Суарамыз

Су шашамыз

Жуамыз

Қопсытамыз

Кеуіп қалған жапырақтарын жұламыз

Басқа ыдысқа отырғызамыз

Тыңайтамыз

Осы тармақтардың әрқайсысы өсімдіктің өсуіне және сыртқы түріне қалай әсер ететінін дәлелдеп беруді балалардан сұраңыз.

Қорытынды. Гүлдерге міндетті түрде күтім керек. Оларға біздің қамқорлығымыз бен сүйіспеншілігіміз қажет. Өсімдіктер мейірімділікті жақсы сезінеді. Мейірімді адамға өсімдіктер тартылады, одан қорықпайды. Гүлдер де аялы алақанды, мәпелеп айтқан сөзді жақсы көреді.

Бөлме өсімдіктері

немесе әртүрлі бөлме гүлдері бейнеленген суреттер.

 

Кейбір гүлдердің құмырасына көңілсіз смайликтер жапсырылған.

Жазуы бар тақтайша:

суғарау, су шашу, жуу, қопсыту. Кеуіп қалған жапырақтарын жұлу.

Басқа ыдысқа отырғызу.

Тыңайту.

 

(Ұ) Динамикалық кідіріс.

(т) Практикалық жұмыс.

Педагог әр топқа гүлдері бар қыш құмыраларды таратады және балалардың бөлме гүлдеріне қалай күтім жасайтындарын көрсетуді сұрайды.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс

1-тапсырма. Жабайы кактус – бөлме кактусы т.б.

2-тапсырма. Сурет бойынша қазтамақ гүлін көбейту жолын цифрмен көрсетеді.

3-тапсырма. Бөлме өсімдігін отырғызу ретін әңгімелеу.

Бөлме өсімдіктері, су сепкіштер, сулықтар, шаң сүрткіштер, шаралар, клеенкалар, субүркуіштер, балалар алжапқыштары.

Әліппе-дәптер.

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө, Қ) Егер бала тақырыпты түсінсе және білімі мен ісмерлігін қолдануға қабілетті болса, онда ол гүлшанақты және екі гүлді бояйды, егер мақсат жартылай орындалған болса – гүлшанақ пен гүлді, ал егер мақсатқа қол жетпеген болса – гүлшанақты ғана бояйды.

Әліппе-дәптер,  түрлі түсті  қарындаштар.

 

 

 

 

 

 

10-сабақ

 

Тақырыбы: Қандай жануарларды білесің?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.1.3.1. Жануардың жанды табиғат бөлігі екендігін анықтау.

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

жануарлардың жанды табиғатқа жататынын;

жануарлардың түрлерін ажыратуды.

Көпшілік балалар:

• құстардың жылы жаққа неге ұшып кететінін түсіндіреді; • жануарлардың қысқа қалай бейімделетінін айтады; • жануарлардың түрлерін сипаттап айта алады.

Кейбір балалар:

«жабайы өсетін өсімдіктер», «бөлме өсімдіктері» ұғымдарына анықтама береді;

жануарлардың мекендейтін жерін неге ауыстыратынын дәлелдейді;

жабайы жануарлар мен үй жануарларын қандай белгілері арқылы ажырататынын әңгімелейді.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

(Ұ) Дұрыс көңіл күй орнату

Ормандағы аюдың Құлпынай көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Музыка ойнайды.

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ) Педагог балаларға бүкіл топ ішінде жайылып қойылған суреттерді жинауды және онда бейнеленгендерді бір сөзбен атап берулерін сұрайды (Жануарлар). Балалар ұсынылған сурет бойынша жанды табиғатқа нелер жататынын болжамдап айтады. ҰОҚ соңында қандай мақсатқа жететіндіктерін анықтайды. Балаларға жануарлардың жанды табиғат бөлігі екендігін ұғындыру.

Жануарлар неліктен жанды табиғатқа жатады?

Олардың айырмашылықтарын анықтайды. Мекен ететін ортасын айтады.

Жануарлар – жанды табиғаттың бір бөлшегі, өсіп-өнеді, қоректенеді. Жануарлар екі үлкен топқа бөлінеді: үй жануарлары және жабайы жануарлар.

Жабайы жануарлар – тауда, орманда, далада тіршілік етеді. Олар: аю, қасқыр, түлкі, қоян, барыс, жолбарыс, арыстан.

Үй жануарлары деп біз үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Олар мыналар: қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы.

Балалардың жануарлар туралы білетін білімдеріне сүйеніңіз.

Жануарлардың түрлері  туралы түсініктерін дамыту

Болжам

Тышқандар, кірпілер, қояндар, аюлар, тиіндер, бейнеленген суреттер.

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырып 

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

(Ұ) Бейнетаспа арқылы жануарлар әлемі туралы ақпарат көрсету. Педагог балалардан жануарлар туралы көргендерін әңгімелеуді сұрайды. (т) Балаларды зоология ғылымымен таныстыру. Педагог зоология ғылымы жайлы түсінік береді. Зоология – жануарлар және олардың тіршілігі туралы ғылым.

(Ұ, т) Әліппе-дәптермен жұмыс.

1-тапсырма. Жануарларды төлдермен сәйкестендіреді.

(2-тапсырма)

Ең жылдам жүгіретін, ең жай жүретін, ең биік және ең кішкентай жануарды атау.

Бақылау:

Үй жануарларының тіршілігін бақылау (ит, мысық).

Үй жануарларының тіршілігіне бақылау жүргізу (қоректенуі, мекен ету ортасы). Балаларға табиғатта көрген жануарларының жанына дөңгелектерді фишкамен белгілеп қою ұсынылады.

топсаяхат ұйымдастыру

Балаларды     хайуанаттар   бағына            апарып,  жабайы жануарлардың тіршілігіне бақылау жүргізу.

(Ұ) Өзекті мәселе.

Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың айырмашылықтары қандай?

Болжамдар.

Жабайы жануарлар: тістері өткір, етпен қоректенеді.

Үй жануарлары: үйдің жанында өздеріне арналған баспаналарда өмір сүреді. Шөптекті заттармен қоректенеді.

(Ұ) Динамикалық кідіріс.

((Ұ) Өзекті мәселе.

Үй жануарларының адамға тигізер пайдасы қандай?

(Үй жануарларының жүнін киім ретінде пайдаланатынымызды, сүтін, етін тағам ретінде пайдаланатынымызды түсінеді).

Жануарлар әлемі  туралы бейнетаспа.

Әліппе-дәптер.

Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың суреттері.

Музыкалық сүйемелдеу.

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө) Педагог балаларды қорытынды жасауға әкеледі. Жануарлар екі үлкен топқа бөлінеді: үй жануарлары және жабайы жануарлар. Жабайы жануарлар – тауда, орманда, далада тіршілік етеді. Олар: аю, қасқыр, түлкі, қоян, барыс, жолбарыс, арыстан.

Үй жануарлары деп адам күтіп-баптайтын жануарларды айтамыз. Олар мыналар: қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы.

Жабайы жануарлардың үй жануарларынан айырмашылығын түсінеді, жануарлардың түрлерін сипаттап айта алады.

Рефлексивті бағалау.

Педагог балаларды бойөлшегішті кез келген түсті қарындашпен бояп шығуға ұсыныс жасайды:

1 (бір) деңгей – ештеңе түсінбедім.

1 және 2 (екі) деңгейлер – түсіндім, бірақ түсіндіріп бере алмаймын. 1, 2 және 3 (үш) деңгейлер – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

 

 

 

11-сабақ

 

Тақырыбы: Жануарлар қайда мекендейді?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.1.3.2. Үй жануарлары мен жабайы жануарларды атап, сипаттау.

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

үй және жабайы жануарларды;

жайлауда жайылатын жануарларды;

жануардың сыртқы түрін суреттейді.

Көпшілік балалар:

Қазақстанда өсірілетін үй жануарларын;

Қазақстан аумағында мекендейтін жабайы жануарларды;

Жабайы және үй жануарларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтады.

Кейбір балалар:

«Жабайы өсетін өсімдіктер», «бөлме өсімдіктері» ұғымдарына анықтама береді;

Үй жануарларының мекендейтін ортасын;

Жабайы жануарлардың мекендейтін ортасын айтады.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

Шаттық шеңбері

(Ұ) Сабағымыз басталып

Көңіл күйді сыйласын. Өлең оқып, ән салып, Мейірімділік жайласын. Айтқанның бәрін түсініп, Күнде бестік алайық! Үйімізге кешкісін

Қуанышпен барайық!

Музыка ойнап тұрады.

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ) Педагог үй жануарлары мен жабайы жануарлар бейнеленген суреттерді ұсынады. Балалар суреттер бойынша жабайы жануарлар мен үй жануарларын ажыратады, пайдасы мен зияны туралы әңгімелейді. Сонан соң балалар ҰОҚ тақырыбын анықтайды: «Жабайы және үй жануарлары, мекендейтін жерлері».

Педагог балалардың жабайы және үй жануарлары туралы білетіндігін анықтайды. Нені білу керек? (Мақсатты болжам). Жабайы және үй жануарлары несімен ұқсас және несімен ерекшеленеді?

Болжам ұсына білулерімен жұмыс.

Болжамдаймыз…

Солай дейік…

Егер …

Мүмкін …

Болуы мүмкін

Жабайы және үй жануарлары туралы түсінікті дамыту

Болжамды ұсына білуді қалыптастыру

Үй жануарлары мен жабайы жануарлар бейнеленген суреттері.

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырып 

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

(Ұ) Педагог жабайы және үй жануарларына анықтама береді. Жабайы және үй жануарларына мысал келтіруді сұрайды. Жайлаудың көк майса шөбінде мал жайылып жүр – қойлар, сиырлар, жылқылар.

(Ж) Көршісімен «Артығын тап!» ойынын ойнауды ұсынады. Бұл ойын үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыратуға үйретеді.

(Ұ) Өзекті мәселе (болжамдармен жұмыс):

Қалай ойлайсыңдар, жануарлардың қайсысына өмір сүру қиынырақ: жабайыларына ма, жоқ, үй жануарларына ма? Неге олай ойлайсыңдар?

• Қандай жануарлар қауіптірек? Неге?

(Ұ, т) Педагог жабайы және үй жануарларының арасында қандай айырмашылық барлығын анықтау мақсатында бақылау жүргізуді ұсынады. Болжамдар.

 

Бақылау.

Педагог суретті материалды пайдалана отырып, балаларға жабайы және үй жануарлары арасындағы айырмашылықты анықтауға көмектеседі. Педагог қорытынды жасауды ұсынады. Үй жануарлары адамның қасында тұрады, ал жабайылар – орманда. Адам үй жануарлары үшін қорасын, күркесін т.б. үйшігін салып дайындаса, ал жабайылар індерін өздері қазады, қуыс жасап, апанын төсейді. Адам үй жануарларына жемшөбін беріп асыраса, жабайылар – тамақты өздері тауып жейді. Адам үй жануарларының ұрпағы туралы ойлап, қамқорлық білдірсе, жабайы жануарлар өз төлдерін өздері асырап өсіреді.

(Ұ) «Күлкі» этюді

Педагог балалардан күнде отырған мысықтай, кербезденген қу түлкі сияқты жымиып немесе «сендерге кішкентай сүйкімді күшік сыйлады» дейік, сол кездегідей қуанып күлгендерін сұрайды.

(Ұ) Өзекті мәселе.

Түйе мен пілді қандай топқа жатқызуға болады?

Түйе – үй жануарларына жатады, ал піл – жабайы жануар.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс

Педагог жануарлардың әрқайсыларының үйі қайда екенін табуға көмектесулерін сұрайды. Сызып көрсету.

Үй жануарларының қоректері туралы әңгімелеу. Жануарларды қоректерімен сәйкестендіру: түйе – жантақ, жылқы – шөп, қоян – орамжапырақ т.б.

Жануарлардың суреттері.

Ойын.

 

Жабайы және үй жануарларының суреттері, флипчарт.

Әліппе-дәптер.

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө) Рефлексия кезеңінде бала өзінің не білгендігін, не үйренгендігін, ҰОҚ-ның басында қойылған мақсатқа қол жеткізілді ме, жоқ па, талдап жіктеуі тиіс.

Педагог балаларды бойөлшегішті кез келген түсті қарындашпен бояп шығуға ұсыныс жасайды:

1 (бір) деңгей – ештеңе түсінбедім.

1 және 2 (екі) деңгейлер – түсіндім, бірақ түсіндіріп бере алмаймын.

1, 2 және 3 (үш) деңгейлер – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

 

12-сабақ

 

Тақырыбы: Құстар қайда қыстайды?

 

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.1.3.3 Қыстап қалатын және жыл құстарды атау.

 

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

құстардың тіршілігіне қажет жағдайларды атайды;

құстардың түрлерін ажыратады.

Көпшілік балалар:

құстардың жылы жаққа неге ұшып кететінін түсіндіреді;

қыстап қалатын құстардың қысқа қалай бейімделетінін айтады.

Кейбір балалар:

үй құстары мен дала құстарын ажырата алады;

қыстап қалатын құстар мен жыл құстарын ажырата алады.

 

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

 

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

(Ұ)       Тағы ҰОҚ басталды,

«Бес» алуға аз қалды.

Бәрін айтып жасқанбай,

Риза қылғын басқаны.

Үлгілі де бола біл,

Жақсыны сен көре біл!

Таңдандырып үй-ішін

Жақсылық сыйлап, өсе біл!                                                 

 

Музыкалық әуен

.

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ) Педагог балаларға бүкіл топ ішінде жайылып қойылған суреттерді жинауды және онда бейнеленгендерді бір сөзбен атап берулерін сұрайды (Құстар). Кейіннен ҰОҚ тақырыбы тұжырымдалады: «Құстар қайда қыстайды?». Әртүрлі құстардың суреттері бейнеленген суреттер, пазлдар ұсынылады. Мен құстар туралы не білемін және осы құстар қандай, қайда мекендейді? Құстардың тіршілігі үшін не қажет және кейбір құстар неге жылы жаққа ұшып кетеді?

Болжамдар:

Құстарға тіршілік ету үшін ауа, су, қорек керек шығар.

Құстар жылы жаққа суықты ұнатпағандықтан ұшып кететін болар.

Қандай дереккөзден біз мұны біле аламыз? Кітаптардан.

Құстардың жыл маусымының ауысуына дайындығы туралы түсініктерін дамыту

Болжам

Әртүрлі құстар бейнеленген суреттер.

 

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырып 

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

(Ұ) суреттер бойынша жұмыс.

Әртүрлі құстар бейнеленген суреттер, пазлдар ұсынылады. Педагог балаларға суреттердегі құстарды сипаттап, әңгіме құрастыруларын сұрайды.

Педагог балалардың назарын болжамдар ұсынуды үйренуіне аударады. Балалар бұл кезде осы тіректі пайдалануына болатындығын ескертеміз:

- ықтимал

- болжамдайық

- мүмкін

- солай дейік

- ал, егер…

Балаларға табиғатта көрген құстарының қасына дөңгелектерді фишкамен белгілеп қою ұсынылады. Педагог жылдың қай мезгілінде кейбір құстардың жылы жақтарға ұшып кететінін сұрайды, балалар болжамдап жауап береді.

Педагог балаларға кейбір құстардың неге ұшып кететініне болжам жасауға (болжамдар айтуға) көмектеседі.

 (т) Құстардың неге ұшып кететінінің себебін табу қажет, суреттерді тәртібімен қойып шығу.

Педагог балаларға жыл құстарының күннің суып кетуінен ұшып кететіндігінде деген қорытындыға әкеледі. Суық түсуімен құстарға жейтін қоректері болмайтындықтан оңтүстікке қарай ұшып кетеді. Себебі оңтүстік жақтар жылы болады.

(Ұ) Өзекті мәселе.

Жыл құстары қайда қыстайды? БОЛЖАМДАР. Бақылаушылар бұл жайында құстардың аяқтарына сақина кигізіп білді.

(Ұ) Динамикалық кідіріс.

(Ұ, т) Бақылау.

Жақын жерге саяхатқа шығып қоршаған ортадағы құстарды атау, салыстыру, бақылау жасау.

Құстардың суреттерін көрсете отырып, олардың аттарын есте сақтауға көмектесу. Көрсетіліп отырған құстардың адамға қаншалықты пайда келтіретінін түсіндіру.

(Ұ) Құстар туралы мақал-мәтелдер айта отырып, оның мағынасын ашу.

Мақалдар

Аққуды атпа,

Досыңды сатпа.

 

Қарға баласын «аппағым» дер,

Кірпі баласын «жұмсағым» дер.

Әртүрлі құстар  бейнеленген суреттер, пазлдар,

 

Құстардың суреттері.

 

(Ұ) Өзекті мәселе.

Құстарымызға қыста тоңып қалмауларына не көмектеседі? (Балалардың болжамдары: олар ұшады, жылынады, олардың қауырсындары жылы, адамдар оларға жем береді…).

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.

1-тапсырма. Қыстап қалатын құстарды табады.

2-тапсырма. Құстарды ұяларымен сәйкестендіреді.

3-тапсырма. Үй құстары мен жабайы құстарды ажыратады.

 

 

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө) Педагог балаларды қорытынды жасауға әкеледі: Құстарға тіршілік үшін жылу, тамақ, су және ауа керек. Құстар – қанатты жануарлар тобына жататын тіршілік иелері. Құстар екі үлкен топқа бөлінеді: үй құстары және дала құстары.

Үй құстары: тауық, қаз, үйрек, әтеш, күркетауық.

Дала құстары: сауысқан, тырна, қарға, торғай, шымшық т.б.

Қыстап қалатын құстар – жылдың маусымдық өзгерістеріне төзімді, жергілікті бір жерде тіршілік ететін құстар. Жыл құстары – суыққа төзе алмай, жылы жақтарға ұшып кететін құстар тобын айтамыз.

Рефлексивті бағалау.

Педагог балаларды бойөлшегішті кез келген түсті қарындашпен бояп шығуға ұсыныс жасайды:

1 (бір) деңгей – ештеңе түсінбедім.

1 және 2 (екі) деңгейлер – түсіндім, бірақ түсіндіріп бере алмаймын. 1, 2 және 3 (үш) деңгейлер – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13-сабақ

 

Тақырыбы: Сенің денеңнің құрылысы қандай?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.1.4.1 Адамның негізгі дене мүшелерін атап, олардың қызметін білу.

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

адамның дене мүшелерін және олардың атқаратын қызметін атайды;

суреттен дене мүшелерінің орналасуын көрсетеді.

Көпшілік балалар:

дене мүшелерінің жұмысын түсіндіреді, олардың маңыздылығын атайды;

орналасуын өзіңде көрсету.

Кейбір балалар:

• мидың бүкіл организм жұмысын қалай басқаратынын түсіндіру; адам денесінің құрылысын қандай ғылымдар зерттейтінін атау.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

(Ұ) Педагог ҰОҚ-ға арнайы жағымды атмосфера жасайды.

«Барлықтарың амансыңдар ма!»

Әр бала белгіленген уақыт ішінде балалардың максималды санымен қол берісіп амандасып шығуы тиіс.

Мұнда басты назар қолды мейірімділікпен қысқанға, адамның көзіне қарай отырып өзіңнің атыңды атауға аударылады.

Музыкалық әуен.

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

Ұ) Бақылау тақырыбына, бақылау нысанына көңіл аудару. Назарды сұраққа аудару: бір-бірімізді не үшін бақылаймыз?

Мүмкін нұсқаларды таңдау:

Танысу үшін.

Бақылап үйрену үшін.

Кіммен отыруды таңдау үшін.

Бір-бірін жақсы білу үшін.

Өзіңді білу үшін.

Топтағы балалар несімен ұқсас және бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

Балаларға адамның дене мүшелері бейнеленген суреттер ұсынылады, сол суреттер бойынша бақылау тақырыбын болжамдайды. ҰОҚ соңына дейін қол жеткізілетін мақсатты анықтайды. (Оған рефлексия кезеңінде қайта оралады). Бұл кезеңде барлық ақпараттар көздерін еске түсіруі қажет. Бұл ҰОҚ-да «Мен өзім» ақпарат көзіне назар аудару.

 

Адам денесінің негізгі мүшелерімен және олардың қызметімен танысу

«Мен өзім» ақпараттар көзі

 

 

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырып 

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

(Ұ) Өзіне айнадан қарау ұсынылады. Өмірде бәрінен де ең қымбаты – адам екеніне баса назар аударту. Өлең оқуға болады: Айнам менің асыл ғой, Тек шындықты айта ғой.

Бұл әлемде ең қымбат,

Бәрінен ең сымбат Кім екенін айта ғой.

Көңілімді жайлай ғой!

Сөйлеп кетті айнасы: Әркімге­ақ қымбат баласы, Қолындағы данасы.

Балалардан айнадан қандай дене мүшелерін көріп тұрғандарын сұрау.

(т) Кестемен жұмыс.

Біздің денеміз қандай мүшелерден тұрады?

Балаларға дене мүшелерінің жұмысы туралы белгілі заттарды айтқан соң, «Адам» сұлбасын жасауын ұсыныңыз.

Ұғымдар: сыртқы құрылысы, ішкі құрылысы.

(Ұ) Динамикалық кідіріс.

Қуыршағым, тыныш тұр, Дәрігер аю, дұрыс тұр.

Қызыл добым, секірме, Мазамды көп кетірме. Ал дөтілдек мәшинем, Ұзап кетпе қасымнан.

 (Ұ) «не істей алатынын айт және көрсет!» ойыны

Педагог дене мүшесін айтады, балалар оны көрсетеді және оның не үшін керек екенін айтады. Қол – бірдеңені алады, ұстайды, көтереді, түсіреді, басқа жерге қояды, бірдеңені немесе біреуді көрсетеді, шапалақтайды… Аяқ – тұрады, жүреді, аттап өтеді, секіреді, тебеді…

Қорытынды жасауды ұсынады: дененің әрбір мүшесі өзінің жұмысын атқарады.

Педагог дене мүшелерінің қозғалысымен денені шынықтыруға ұсыныс жасайды.

Аяқтарды түзу ұстап кім тез жүгіре алады.

Түзу қолмен үстел үстіндегі алманы ал.

Қарындашты аяқ саусақтарының арасына қойып, сурет сал.

Аяқтар мен қолдарды кезектестіріп тапсырманы орында. Педагог ойлануды ұсынады («Мен өзім»): Неге дене мүшелерінің жұмысы туралы білу керек? Ұжымдық қорытынды: Денсаулықты сақтау үшін.

(Ұ, Ө) Өзекті мәселелер («Мен өзім»). Педагог «Біз бәріміз әртүрліміз» ойыны барысында адамдар несімен ерекшеленетінін анықтауды ұсынады. Допты лақтыра отырып, оны ұстаған балаға  жоспар бойынша өзі туралы айтып беруін ұсынады.

Балалардың болжамдар айтуына түрткі болады:

Айна.

«Адам» сұлбасы.

 

 

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

1-тапсырма. Балалардың суреттерін бояйды. Дене мүшелерін атайды (оның ішінде жұп мүшелер: екі көз т.б.)

2-тапсырма. Төртбұрыш ішіне дене мүшелерінің суреттерін салады.

Олардың атқаратын қызметін айтады.

Әліппе-дәптер.

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө) Рефлексия кезеңінде бала өзінің не білгендігін, не үйренгендігін, ҰОҚ-ның басында қойылған мақсатқа қол жеткізілді ме, жоқ па, талдап жіктеуі тиіс.

Әліппе-дәптер,  түрлі түсті  қарындаштар.

14-сабақ

 

Тақырыбы: Сезім мүшелерінің қызметі қандай?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.1.4.2 Сезім мүшелерін атап, олардың қызметін білу

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

адамның дене мүшелерін және олардың атқаратын қызметін атайды;

адамның кейбір органдарын атайды;

схемадан дене мүшелерінің орналасуын көрсетеді.

Көпшілік балалар:

дене мүшелерінің жұмысын түсіндіреді, олардың маңыздылығын атайды;

орналасуын өзіңде көрсету.

Кейбір балалар:

• мидың бүкіл организм жұмысын қалай басқаратынын түсіндіру;

адам денесінің құрылысын қандай ғылымдар зерттейтінін атау, сезім мүшелерінің маңыздылығын ұғыну.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

Ұ) Педагог ҰОҚ-да жұмыс жүргізу үшін қолайлы жағдай жасайды.

«Өтірік-ау» демеңіз,

Болбыр еді денеміз.

Секіртпені күнде алып,

Секірумен келеміз.

Секіртпеге сенеміз

Шымыр болды денеміз.

Біз секіре береміз.

Сонау Айға бір сәтте

Тиеді ғой төбеміз!

 

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

Мақсатты тұжырымдау. Педагог балалардан үлестірмелі материалдардың арасынан «сезім мүшелерін» бөліп алуды тапсырады. (Ұ) ҰОҚ тақырыбын ашуға көмектесетін суретті карточкалар таратып береді.

Балалар ұсынылған суреттер бойынша бақылау тақырыбын болжамдайды. ҰОҚ соңына дейін қол жеткізілетін мақсатты анықтайды. (Оған рефлексия кезеңінде қайта оралады). Бұл кезеңде барлық ақпараттар көздерін еске түсіру қажет. Бұл ҰОҚ-да «Мен өзім» ақпарат көзіне назар аудару.

Адам денесінің негізгі мүшелерімен және олардың қызметімен танысу

«Мен өзім» ақпараттар

Сезім мүшелері бейнеленген суреттер.

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырып 

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

(Ұ) Өзіне айнадан қарау ұсынылады. Өмірде бәрінен де ең қымбаты – адам екеніне баса назар аударту. Өлең оқуға болады: Айнам менің асыл ғой, Тек шындықты айта ғой.

Бұл әлемде ең қымбат,

Бәрінен ең сымбат

Кім екенін айта ғой.

Көңілімді жайлай ғой!

Сөйлеп кетті айнасы: Әркімге­ақ қымбат – баласы, Қолындағы данасы.

Балалардан айнадан қандай сезім мүшелерін көріп тұрғандарын сұрау.

(т) Жұмбақ шешкізу.

Жақсы-жаман нәрсенің Ол бәрін де көреді.

Жақсыларын ішінен

Саған айтып береді (Көз).

Суретпен жұмыс.

Біздің денеміз қандай сезім мүшелерінен тұрады?

Балаларға сезім мүшелерінің қызметтері туралы әңгіме құрастырту.

(Ұ, Ө) Ұғымдар: сезім мүшелері, қызметтері

(Ұ) Динамикалық кідіріс.

(Ұ) Мақалдардың мағынасын түсіндіру.

Көз – таразы, көңіл – қазы.

Көз – қорқақ, қол – батыр.

Қорытынды жасауды ұсынады: дененің әрбір мүшесі өзінің жұмысын атқарады.

(Ұ) Педагог сезім мүшелерін ажырату мақсатында балаларға әр мүшенің суретін жеке көрсетіп, суретін салуға тапсырма береді (көз, құлақ, қол, мұрын т.б.).

Бақылау.

Педагог серуенде аулаға шығып, таза ауаны сезінуге жағдай жасайды, сезім мүшелерінің қызметтерінің маңыздылығын ұғындырады. Педагог баланың бойына байқағыштық қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі.

Айна.

«Адам» сұлбасы.

 

 

 

 

Сезім мүшелерінің суреттері бар карточкалар.

 

Көру мушесі арқылы айналамызда орын алатын өзгерістерді көре алу іскерлігі;

Табиғат аясындағы өзгерістерді байқай білу іскерлігі, есту мүшесі арқылы ести алу қабілеті; • Сұрақ қоя білу іскерлігі.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс

1-тапсырма. Сезім мүшелері туралы әңгімелейді. Суреттерден көрсету. 2-тапсырма. Сурет бойынша сезім мүшелеріне қауіп төндіретіндерді тауып, қаншалықты зиянды екенін әңгімелейді.

3-тапсырма. Сезім мүшелерін үлгі бойынша белгілейді.

Әліппе-дәптер

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө) Рефлексия кезеңінде бала өзінің не білгендігін, не үйренгендігін, ҰОҚ-ның басында қойылған мақсатқа қол жеткізілді ме, жоқ па, талдап жіктеуі тиіс. Есту мүшесі арқылы еститінімізді, көру мүшесі арқылы көретінімізді, иіс мүшесі арқылы иіс сезе алатынымызды түсінеді. Сезім мүшелерінің адам өмірі үшін маңыздылығын ұғынады.

Кейіннен адамды баспалдаққа орналастырады. Бала тапсырманы дұрыс орындаған сайын, оның фигурасы да баспалдақпен жоғары көтеріледі.

Сөйтіп педагог бүкіл топтың ақпаратты қабылдауын талдайды.

Әліппе - дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

 

 

15-сабақ

 

Тақырыбы: Сенің өмір сүруіңе не қажет?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.1.4.3. Адамның өмір сүруіне қажетті жағдайларды білу.

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

Адамның өмір сүруі үшін қажетті жағдайларды;

Өзінің қажеттіліктерін біледі.

Көпшілік балалар:

Негізгі қажеттіліктерді;

Адамға қажетті жағдайларды;

Ауасыз, сусыз, жылусыз, жарықсыз өмір сүре алмайтындығын біледі.

Кейбір балалар:

• Ғылыми терминдерді пайдалана отырып, адамның өміріне қажетті жағдайларды түсіндіре алады.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

(Ұ) Дұрыс көңіл күй орнату

Тағы ҰОҚ басталды,

«Бес» алуға аз қалды. Бәрін айтып жасқанбай, Риза қылғын басқаны.

Музыка ойнап тұрады.

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ) Сурет арқылы адамның өмір сүруіне қажетті жағдайлар, заттар туралы түсінік беру.

Педагог балаларға «Сенің өмір сүруің үшін не қажет?» тақырыбын ұсынады. Балалар сұрақтарға жауап бере отырып, өз бетімен ойланады.

Берілген тақырып бойынша менің білетінім (Сұрақтар қояды).

Менің білмейтінім не?

Осы тақырып бойынша мен не білгім келеді? (Бақылау мақсаты).

Менде қандай болжамдар туындайды?

Мен қайдан біле аламын? Педагог балаларды басқалардан білуге бола-ды деген түсінікке әкеледі.

Балалар басқа да ақпарат көздерін атаулары мүмкін. Бірақ біз әзірше «Басқа адамдарға» тоқталамыз.

Адамның өсуі мен жетілуіне қажет мұқтаждықтар

«Басқа адамдар» ақпарат көзі

Әртүрлі құстар бейнеленген суреттер.

Өмір сүруге қажетті жағдайлардың суреттері.

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырып 

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

(Ұ) топпен жұмыс.

Педагог балалардың білімдерін белсендіреді. Мақсатты тұжырымдау. Балалар үлестірмелі дидактикалық материалдардан «өмір сүруге қажетті жағдайлар», «ауаның», «күннің», «судың», «жарықтың», «тамақтың» суреттерін көрсетеді.

(Пт) Педагог бақылау жүргізуді ұсынады: адамның өмір сүруіне не қажет деп ойлайсыңдар?

Тақырыбы: «Адамның өмір сүруіне не қажет?».

Мақсаты: Адамның өмір сүруіне қажетті жағдайларды білу және маңыздылықтарын түсіндіре білу.

Болжам: Адамның өмір сүруіне қажетті жағдайлар: ауа, су, күн, жарық, жылу, тамақ. Осылар арқылы адам жай өсіп қана қоймайды, ол жетіледі. (Ұ) Динамикалық кідіріс (Ұ) Өзекті мәселе.

«Егер ауа, су, жарық болмаса, не болар еді…» Балалардың болжамдары:

Жер бетінде тіршілік болмайтын еді.

«Бақылау: «Күнді бақылау»

Мақсаты: Балаларға күннің неге ұқсайтынын, адам өміріне пайдасын, неге қажеттігі туралы бақылатып әңгімелеу.

– Өмір сүру үшін сендерге не қажет? (Тамақ, су, жылу, жақындарыңның сүйіспеншілігі мен қамқорлығы және т.б.) «Мен өзім» ақпарат көзі.

(Ұ) Өзекті мәселе.

Адамның өмір сүруі үшін не қажет? Маңызды жағдайларды ата?

(Пт) Жұмбақ

 Жылт-жылт етеді,                                                                 Жылғадан өтеді.

                        (Су)

Музыкалық сүйемелдеу.

Суреттер: су, жарық, қараңғы бейнеленген суреттер.

Музыка.

Суреттер.

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.

1-тапсырма. Өмір сүруге қажетті және зиянды заттарды атайды. Адам мен жануардың тіршілігін салыстырады.

2-тапсырма. Денсаулыққа пайдалы заттардың суреттерін белгілейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16-сабақ

 

Тақырыбы. Жансыз табиғатқа не жатады?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.2.1.1. Жансыз табиғатқа жататын денелер мен заттарды анықтау.

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

бақылауға қатыса алады;

жансыз табиғат туралы мағлұмат алады;

жансыз табиғатқа не жататынын атай алады;

жансыз табиғат пен жанды табиғаттың айырмашылығын көрсете алады.

Көпшілік балалар:

жансыз табиғаттың қасиеттерін анықтай алады;

жансыз табиғаттың табиғаттағы маңызын анықтай алады;

практикалық жұмысты орындай алады.

Кейбір балалар:

• бақылау үдерісінде жансыз табиғат туралы талқылай алады және қорытынды шығара алады.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

(Ұ) Шаттық шеңбері.

Армысың, ардақты Аспан ата,

Армысың, мейірімді Жер ана.

Армысың, шуақты Алтын Күн,

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы күн

Қуанатын күн бүгін.

 

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ) Табиғаттың не екенін еске түсірейікші. (Табиғат – жанды және жансыз денелерден тұратын бізді қоршаған әлем)

Бүгін біз сендермен табиғаттың бір бөлшегі жансыз табиғат туралы түсінік алатын боламыз.

Балалар, жансыз табиғат дегеніміз не? Қалай ойлайсыңдар? Мақсатты болжам.

Жансыз табиғат түрлері бейнеленген суреттерге назар аударту.

Балалар, суретте нені көріп тұрмыз?

(Су, құм, тас, топырақ, күн, ауа, аспан т.б.)

(Ұ) Балалар ҰОҚ-да әңгіме не жайында болатындығын тақырып аясындағы сурет бойынша болжамдайды. ҰОҚ-ның соңында қол жеткізетін мақсат айқындалады. (Оған рефлексия кезеңінде қайтып оралады).

Әліппе-дәптердегі 36-37-беттердегі сурет.

Жансыз табиғат бейнеленген суреттер. Тас, құм, су, топырақ, т.б.

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырып 

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

(Ұ) Өзекті мәселелер.

Балалар, сонымен жансыз табиғатқа анықтама беріп өтейік. Жансыз табиғат деп – өсіп-өнбейтін, көбеймейтін, бірақ тіршілік иелеріне елеулі пайдалы денелер мен заттарды айтамыз.

Жансыз және жанды табиғат.

Жансыз табиғаттың жанды табиғаттан айырмашылығы қандай екен?

(Ұ) Өзекті мәселе.

Балаларға жанды және жансыз денелердің айырмашылығын анықтату үшін тәжірибе жасау ұсынылады.

тәжірибе жасау:

 

1-тәжірибе: 2-тапсырма бойынша жансыз табиғатқа жатпайтын денені табады. «Жанды заттар мен жансыз заттарды салыстыру»

Жанды табиғат ретінде өсімдік пен тасты салыстыру. Балалар өсімдікке су құйып, күтім жасағанда оның әдемі болып өсетінін анықтайды. Ал тасқа су құйса да, өсіп-өнбейтіні туралы тұжырым жасайды.

2-тәжірибе: 2-тапсырма: «Су сұйық, ал құм сусымалы»

Енді стақанға құм салу. Ол да стақанның пішініндей. Сонда құм сұйық зат болғаны ма?

Осыны тексеріп көз жеткізу.

Суды жалпақ табаққа төгу, су жайылып кетті.

Су – сұйық зат.

Құмды төккенде, ол үйіліп қалды.

Құмның сұйық емес, сусымалы зат екенін анықтау. Су мен құм әртүрлі заттар екен. Құм – сусымалы зат.

Су – сұйық зат.

3-тәжірибе: 4-тапсырма: «Құм суда ериді ме?»

 Бір стақанға су құйып құмды салу, келесі ыдысқа қант салу. Екі  ыдысты да араластыру. Нәтижесінде қанттың суда еритінін және құмның суда ерімей, түбінде тұнып қалатынын анықтау. Балалар құмның суда ерімейтіні туралы тұжырым жасайды.

Тәжірибе – бұл табиғат құбылыстары мен заттарды танып-білудің әдістәсілдері.

Қалыптастырушы бағалау: көңіл күй пікірлері.

Бейне үзінді көрсету: «Тас пен құм» туралы аңыз-әңгіме (Ұ) «Байқағыштық» деген жаңа ұғым бойынша жұмыс.

Жансыз табиғат денелеріне серуен кезінде табиғат аясында бақылау жасату:

нысандардың, құбылыстардың ерекшеліктерінің барлығын байқау ептілігі;

елеусіз заттардың өзін байқау шеберлігі. Арнайы аспаптарды қолдана білу іскерлігі;

сұрақтарды қоя білуі;

бақылау қорытындылары бойынша өз ойларын жеткізе білуі;

бақылаулар бойынша қорытындылар жасай білуі.

(Ұ) Өзекті мәселелер.

Жансыз табиғаттарға не жатады? Неге оларды жансыз дейміз? Жансыз табиғаттың қандай пайдасы бар?

Қорытыны: Жансыз табиғат өспейді, өнбейді. Бірақ жанды табиғат денелеріне әсері мол. Мысалы, өсімдіктер топырақсыз көбеймейді. Бүкіл тірі денелер сусыз өмір сүре алмайды.

 

Әліппе-дәптер, құм, су, ыдыстар, қант.

Үнтаспа.

 

Топырақтың түсі қандай?

Топырақта өсімдіктер өсу үшін не қажет?

Сусыз, топырақсыз, күннің жарығынсыз гүлдер өсе ала ма?

Қалай ойлайсың, гүл қандай топырақта жақсы өседі?

Құнарлы топырақ дегеніміз не?

Ал, енді гүлге су құйып көр.

Су қайда сіңіп кетті?

Қалай ойлайсың, жансыз табиғат пен жанды табиғат бір-бірімен тығыз байланысты ма? Неліктен?

Бақылау нәтижелері бойынша бірлескен қорытынды шығарылады:

Жанды табиғат пен жансыз табиғат бір-бірімен тығыз байланысты.

(Ұ, Ө) Әліппе-дәптердегі 1-тапсырманы орындайды.

Әліппе-дәптер.

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө) Қалыптастырушы бағалау.

Қалыптастырушы бағалау өз жұмысыңды бағалаудан тұрады. Балалардың өз жұмысын бағалауын, зымыранды кез келген түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

1 (бір) деңгей – ештеңе түсінбедім.

1 және 2 (екі) деңгейлер – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын.

1, 2 және 3 (үш) деңгейлер – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17-сабақ

 

Тақырыбы: Жансыз табиғаттың пайдасы қандай?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.2.1.2. Күнделікті өмірдегі жансыз табиғат денелері мен заттарының қолданылу аясын атау.

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

бақылауға қатыса алады;

жансыз табиғат туралы мағлұмат алады;

жансыз табиғатқа не жататынын атай алады;

күнделікті өмірдегі жансыз табиғат денелері мен заттарының қолданылу аясын атай алады.

Көпшілік балалар:

жансыз табиғаттың қасиеттерін анықтай алады;

жансыз табиғаттың табиғаттағы маңызын анықтай алады;

практикалық жұмысты орындай алады.

Кейбір балалар:

• бақылау үдерісінде күнделікті өмірдегі жансыз табиғат денелері мен заттарының қолданылу аясы туралы талқылай алады және қорытынды шығара алады.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

(Ұ) Шаттық шеңбері.

Амансың ба, аспаным

Амансың ба, Жер Ана.

Сәлем менің достарым,

Сендерді көріп қуанам.

 

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ) табиғаттың не екенін еске түсірейікші (табиғат – жансыз және жанды денелерден тұратын бізді қоршаған әлем).

Ал жансыз және жанды табиғат дегеніміз не?

(Жанды табиғат – өсіп-өнетін, көбейетін табиғаттың бір бөлшегі. Жансыз табиғат – өсіп-өнбейтін, көбеймейтін, бірақ тіршілік иелеріне елеулі пайдалы денелер мен заттарды айтамыз).

Бүгін біз сендермен жансыз табиғаттың пайдасы туралы түсінік алатын боламыз.

Балалар, жансыз табиғаттың пайдасы қандай? Қалай ойлайсыңдар?

Мақсатты болжам.

Жансыз табиғат түрлері бейнеленген суреттерге назар аударту.

Балалар, суретте нені көріп тұрмыз?

(Су, құм, тас, топырақ, күн, ауа, аспан т.б.)

Оларды адамдар не үшін пайдаланады деп ойлайсыңдар?

(Ұ) Балалар әңгіме не жайында болатындығын тақырып аясындағы сурет бойынша болжамдайды. ҰОҚ-ның соңында қол жеткізетін мақсат айқындалады. (Оған рефлексия кезеңінде қайтып оралады)

Жансыз табиғат бейнеленген суреттер. Тас, құм, су, топырақ, т.б.

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырып 

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

(Ұ) Өзекті мәселелер.

Балалар, сонымен жансыз табиғаттың пайдасына тоқтала кетейік. Жансыз табиғатты адамдар күнделікті өмірде пайдаланады. Мысалы, тас, құм, топырақ сияқты жансыз заттарын үй құрылысына қажет етеді. Ал, су мен ауасыз адам, тіпті бүкіл тіршілік иелері өмір сүре алмайды.

(Ұ) Өзекті мәселе.

Балаларға жанды және жансыз денелердің айырмашылығын анықтату үшін тәжірибе жасау ұсынылады?

тәжірибе жасау:

1-тәжірибе: Топырақтан не жасауға болады?

Балаларға топырақтың иленгіш, жансыз дене екенін түсіндіру арқылы сазбалшықтан илеу, жұмсарту арқылы белгілі бір пішіндерді бейнелету

(ыдыс, қуыршақ, жануарлар т.б.)

Нәтижесінде топырақ иленгіш, жансыз дене екенін анықтау.

Тәжірибе – бұл табиғат құбылыстары мен заттарды танып-білудің әдістәсілдері.

Қалыптастырушы бағалау: көңіл күй пікірлері.

 (Ұ) «Байқағыштық» деген жаңа ұғым бойынша жұмыс.

Жансыз табиғат денелеріне серуен кезінде табиғат аясында бақылау жасату.

1-бақылау:

Құмның ұсақ, сусымалы зат екенін, адамдардың құмды не үшін пайдаланатынын бақылату.

2-бақылау: Тастан не жасауға болады?

Тастан жасалған үйлердің құрылысына және тас қамалдарға бақылау жасау.

 

 

Қорытынды сұрақтар:

Топырақтың пайдасы қандай? Адамдар тастан не жасайды? Құм не үшін қажет? Суды неге жансыз табиғатқа жатқызамыз? Осы сұрақтарға жауап іздеу:

нысандардың, құбылыстардың ерекшеліктерінің барлығын байқау ептілігі;

елеусіз заттардың өзін байқау шеберлігі. Арнайы аспаптарды қолдана білу іскерлігі;

сұрақтарды қоя білуі;

бақылау қорытындылары бойынша өз ойларын жеткізе білуі;

бақылаулар бойынша қорытындылар жасай білуі.

Қорытынды: Жансыз табиғаттың адам үшін, бүкіл тіршілік иелері үшін пайдасы зор.

Бақылау нәтижелері бойынша бірлескен қорытынды шығарылады:

Жанды табиғат пен жансыз табиғат бір-бірімен тығыз байланысты.

 

Жанды табиғат сияқты жансыз табиғаттың маңызы зор.

(Ұ, Ө) Әліппе-дәптер бойынша тапсырмаларды орындайды.

 

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө, Қ) Қалыптастырушы бағалау.

Қалыптастырушы бағалау өз жұмысыңды бағалаудан тұрады. Балалардың өз жұмысын бағалауын, зымыранды кез келген түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

1 (бір) деңгей – ештеңе түсінбедім.

1 және 2 (екі) деңгейлер – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын.

1, 2 және 3 (үш) деңгейлер – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

 

 

18-сабақ

 

Тақырыбы: Су мен ауаның қандай қасиетін білесің?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.2.1.3. Су мен ауаның қасиеттерін сипаттау.

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

«Зертханалық жұмыс» ұғымына анықтама бере алады;

қарапайым тәжірибелер жүргізеді.

Көпшілік балалар:

зертханалық жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасайды;

зертханалық жұмыс үдерісінде жеке тәжірибені қолданады.

Кейбір балалар:

• пиктограмма көмегімен зертханалық жұмыс қорытындысын белгілейді.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

 (Ұ) Педагог ҰОҚ жүргізу үшін қолайлы жағдай жасайды.

Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолыңды жу.

Жусаң сен әрдайым,

Аппақ бетің, маңдайың.

Тазалықтың досы, Су деген осы.

Өлең.

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ) Педагог жұмбақ шешуді ұсынады.

Жылт-жылт етеді,                           Көзге ілінбейді,

Жылғадан өтеді.                             Жұтсаң білінбейді.

                        (Су)                                                     (Ауа)

«Тәжірибелік жұмыс»  ұғымымен танысу

Қарапайым тәжірибелік жұмыстар жүргізу

Балалар кестедегі суретке қарап, оқу іс-әрекетінде әңгіме не жайында болатынын болжамдайды. Оқу іс-әрекетінің соңына қарай қол жеткізілетін мақсат анықталады. (Оған рефлексия кезеңінде қайтып оралады)

Кестедегі сурет.

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырып 

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

(Ұ) Педагог балаларды мәтінмен таныстырып, сұрақтарды талқылауды ұсынады.

Тәжірибелік жұмыс шеңберінде жұмыстың қауіпсіздік ережелерін талқылау.

(Ұ, Ө) Балалар тәжірибелік жұмысқа қатысуға шақыру қағазын алады.

(Ұ, т, Ж, Ө)

1-тәжірибе. Тәжірибе жасау арқылы судың түссіз, мөлдір, дәмсіз, иіссіз екенін анықтау.

1.1. судың түсі қандай? (1-тапсырма)

Екі стақандағы су мен сүтті салыстыру. Сүттің түсі ақ. Ал судың түсі мөлдір. Нәтижесінде судың түссіз мөлдір, ал сүт ақ түсті болатынын анықтау.

2.2. судың дәмі қандай? (2-тапсырма)

 Су мен апельсин шырынын салыстыру. Шырында апельсин жемісінің дәмі бар. Ал судың дәмі жоқ. Нәтижесінде судың дәмсіз екені анықталады.

2-тәжірибе: судың үш күйін анықтау

2.1. су – сұйық зат.

Суды мөлдір стақанға құю. Даусын естірту. Нәтижесінде балалардың судың сұйық болатыны туралы түсініктерін қалыптастыру. 1.2. су қай кезде қатты денеге айналады? (3-тапсырма)

Стақанға суды құйып, бір күнге тоңазытқышқа қойып, нәтижесінде судың төмен температурада қатты денеге айналатынын дәлелдеу.

1.3. су буға қалай айналады?

Суды қайнатқанда буға айналатынын түсіндіру (бейнеүзінді, сурет арқылы)

3-тәжірибе: Ауасыз тіршілік жоқ екенін және ауаның көзге көрінбейтінін анықтау.

3.1. Ауасыз өмір сүре аламыз ба?

Ол үшін тыныс мүшелерін бекітіп, тыныс алмау керектігі ұсынылады. Нәтижесінде адам ауасыз өмір сүре алмайтыны туралы тұжырым жасалады.

3.2. Ауа көзге көріне ме?

Ауаның түсі жоқ болғандықтан, көзге көрінбейтінін тек адамға сезілетінін анықтау.

(Ұ) Динамикалық кідіріс.

(Ұ) Педагог ойындар ұсынады:

егер:

Жер бетінен барлық су жоғалып кетсе;

тұщы су тұзды суға айналса;

суды аязға шығарып қойса;

шәйнектегі суды көп уақытқа отқа қойса, не болар еді?

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

4-5-тапсырмаларды орындайды.

Тақта немесе флипчарт.

Суға арналған ыдыс, су.

Біржолғы ыдыс, су, сүт.

Стақан, су, апельсин шырыны.

Ыдыс, су.

Стақан, су, мұз.

Бейнеүзінді, сурет.

Әліппе-дәптер.

 

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

Қалыптастырушы бағалау өз жұмысыңды бағалаудан тұрады. Балалардың өз жұмысын бағалауын, зымыранды кез келген түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

1 (бір) деңгей – ештеңе түсінбедім.

1 және 2 (екі) деңгейлер – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын.

1, 2 және 3 (үш) деңгейлер – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19-сабақ

 

Тақырыбы: Табиғат құбылыстарының ерекшелігі неде?

 

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.2.2.1. Табиғат құбылыстарын сипаттау (жел, тұман, найзағай, жаңбыр және т.б.)

 

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

бақылауға қатыса алады;

табиғат құбылыстарын атай алады;

табиғатта болатын өзгерістерді анықтай алады;

жыл мезгілдеріне байланысты табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін көрсете алады.

Көпшілік балалар:

табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін анықтай алады;

маусымдық өзгерістерге байланысты табиғат құбылыстарының өзгермелілігін айта алады;

практикалық жұмысты орындай алады.

Кейбір балалар:

• бақылау үдерісін талқылай алады және қорытынды шығара алады.

 

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

 

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

(Ұ) «Нөсер» өлеңінің көмегімен дұрыс әсерлі көңіл күй жасау.

Найзағайлар атылды,

Жерге бұршақ шашылды.

Нөсер жауып бір кезде,

Жұртты әуреге салдырды.

Қозы-лақтар маңырап,

Бұзаулар да аңырап.

Айналаға қарасаң,

Көрінбейді атырап.

Нөсер жаңбыр жауады,

Сай-саладан ағады.

Жердің бәрі балшық боп,

Бассаң, балқып барады.

Өлең.

 

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

 (Ұ) Балалар, табиғат дегеніміз не? Есімізге түсірейікші.

табиғат – жанды және жансыз денелерден тұратын бізді қоршаған әлем. Бүгін біз сендермен табиғат құбылыстары туралы айтатын боламыз. Табиғат құбылыстары дегеніміз не? Қалай ойлайсыңдар?

Мақсатты болжам.

(Ұ) Балалар ҰОҚ-да әңгіме не жайында болатындығын сурет бойынша болжамдайды. ҰОҚ-ның соңында қол жеткізетін мақсат айқындалады.

(Оған рефлексия кезеңінде қайтып оралады)

Табиғаттағы құбылыстар бейнеленген суреттер.

 

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырып 

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

(Ұ) Өзекті мәселелер.

Жұмбақтарды шешу арқылы табиғат құбылыстары туралы түсінік беру.

Қанаты жоқ, ұшады, 

Аяғы жоқ, жетеді. 

Аузы жоқ, ұлиды (Боран).

Арыстан арқырады,

Орман жарқырады (Найзағай).

Қанаты жоқ – ұшады, Аяғы жоқ – қашады (Жел).

Қыста ғана болады,

Ұстасаң, қолың тоңады (Қар).

Сырылдатады шәйнегін,

Ұнатпаса да жұрт, мейлі.

Тереземіздің әйнегін

Жуады, бірақ сүртпейді (Жаңбыр).

Балалар, қандай табиғат құбылыстарын білесіңдер?

Табиғат құбылыстарына анықтама беріп көрейікші. табиғат құбылыстары – әр маусымда болатын табиғи өзгерістер (жаңбыр, қар, жел, боран, найзағай т.б.).

(Ұ)      «Табиғат       құбылыстары»       тақырыбында             сурет бойынша әңгімелеу

Балалар, суреттен нені байқадыңдар?

Қандай табиғат құбылыстарын атай аласыңдар?

Бірінші суретте қай мезгіл бейнеленген?– Күз мезгілінде ауа райы қандай болады?

Екінші суретте не бейнеленген?

Көктем мезгілі бейнеленген.

Көктем мезгілінде қандай табиғат құбылысы болады?

Күн күркіреп, жаңбыр жауады.

Ал, қыста қандай құбылыс болады?

Қар жауады.

(Ұ) «Байқағыштық» деген жаңа ұғым бойынша жұмыс.

Табиғаттағы табиғат құбылыстарын бақылату.

Серуенде аулаға шығып табиғат құбылыстарына бақылау жасау.

(Пт) Суреттер арқылы табиғат құбылыстары туралы мағлұмат беру.

Табиғатта болып тұратын өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады. Олар: жел, боран, кемпірқосақ, қар, жаңбыр, бұршақ жауу т.б.

(Ұ) Аспандағы бұлтты бақылаған кездегі әсерлерін айтады.

(Пт) 1-сурет: «Бұлт». Бұлт та табиғат құбылысы екенін түсіндіру. – Бұлт – ұсақ су тамшылары. Биік аспанда қалықтап жүреді. Ауа райы жылы мезгілдерде жаңбыр болып жауады. Ал суық кезде бұршақ және қар болып жерге түседі.

2-сурет: «тұман».

Тұман – табиғат құбылысы. Ол да ұсақ су тамшылары. Ол жерге таяу жиналады. Қатты тұман көлік қатынастарына бөгет жасайды. Мысалы:

ұшақтар ұша алмайды т.б.

3-сурет: «Жаңбыр».

Жаңбыр – бұлттан бөлініп жерге түсетін су.

Байқағыш адамның қасиеттері қалыптасады және карточкалар көмегімен белгіленеді:

нысандардың, құбылыстардың ерекшеліктерінің барлығын байқау ептілігі;

елеусіз заттардың өзін байқау шеберлігі. Арнайы аспаптарды қолдана білу іскерлігі;

     сұрақтарды қоя білуі;

     бақылау қорытындылары бойынша өз ойларын жеткізе білуі;

     бақылаулар бойынша қорытындылар жасай білуі.

(Ұ) Өзекті мәселелер.

Жаңбыр қайдан пайда болады?

Неге қыста қар жауады деп ойлайсыңдар? Күн қай кезде ыстық болады? Найзағай қай мезгілде жарқылдайды? Күзде неге көп жаңбыр жауады? ҚОрытынДы: Әр мезгілдің өзіндік ерекшеліктеріне қарай өзіндік табиғат құбылыстары болады. Ауа райына байланысты олар өзгеріп, құбылып отырады. Мысалы, күзде жауын-шашын көп болады. Ал, қыста күн суық болғандықтан қар жауады. Қар аспан әлемінен қар түйіршіктері болып жерге түседі. Көктемде күн жыли бастайды, бірақ күн күркіреп, найзағай жиі жарқылдайды. Ал, жаз мезгілінде күн өте ыстық болады.

(Ө) «МЕН БАҚЫЛАП ҮЙРЕНЕМІН» практикалық жұмысы.

Бақылау нәтижелері бойынша бірлескен қорытынды шығарылады: Табиғат құбылыстары – жыл мезгілдеріндегі маусымдық өзгерістерге байланысты ауысып отырады.

(Ұ) Өзекті мәселе.

«Табиғат құбылысы» дегенді ғылыми тұрғыдан қалай түсіндіресіңдер?

(Ұ, Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс жүргізіледі.

Жұмбақтардың жауабына байланысты суреттер.

Жыл мезгілдерінің суреті.

 

 

Сурет..

 

 

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

Ө) Қалыптастырушы бағалау.

Қалыптастырушы бағалау өз жұмысыңды бағалаудан тұрады. Балалардың өз жұмысын бағалауын, кез келген түсті қарындашпен  бояуын сұраңыз:

1 (бір) деңгей – ештеңе түсінбедім.

1 және 2 (екі) деңгейлер – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын.

1, 2 және 3 (үш) деңгейлер – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын.

 

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20-сабақ

Тақырыбы: Әр жыл мезгілінде қандай өзгерістер болады?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.2.2.2. Маусымдық өзгерістердің жанды табиғатқа тигізер ықпалын анықтау.

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

бақылауға қатыса алады;

маусымдық өзгерістерді атай алады;

табиғатта болатын өзгерістерді анықтай алады;

жыл мезгілдеріне байланысты маусымдық өзгерістердің ерекшеліктерін көрсете алады.

Көпшілік балалар:

маусымдық өзгерістердің ерекшеліктерін анықтай алады;

маусымдық өзгерістерге байланысты табиғат құбылыстарының өзгермелілігін айта алады;

практикалық жұмысты орындай алады.

Кейбір балалар:

• бақылау үдерісін талқылай алады және қорытынды шығара алады.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

(Ұ) «Мен жерімді сүйемін» өлеңінің көмегімен дұрыс әсерлі көңіл күй жасау.

Мен жерімді сүйемін, Жеріме дән себемін. Ауа таза болсын деп, Жылда ағаш егемін.

Өлең.

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ) Балалар, табиғат құбылысы дегеніміз не? Есімізге түсірейікші. Бүгін біз сендермен әр маусымдағы өзгерістер болатыны туралы айтатын боламыз. Маусымдық өзгерістер дегеніміз не? Қалай ойлайсыңдар?

Мақсатты болжам.

(Ұ) Балалар ҰОҚ әңгіме не жайында болатындығын сурет бойынша болжамдайды. ҰОҚ соңында қол жеткізетін мақсат айқындалады. (Оған рефлексия кезеңінде қайтып оралады).

Маусымдық

өзгерістер бейнеленген оқулықтағы суреттер.

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырып 

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

(Ұ) Өзекті мәселелер.

Жұмбақтарды шешу арқылы маусымдық өзгерістер туралы түсінік беру.

1. Аяз қысып, өрнек сызып, Терезені торлайды.

Қарға омбығып, Бет домбығып,

Сырғанап жастар ойнайды.

Бөбектерім, айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады? (Қыс).

Жұмбақтардың  жауабына  байланысты  суреттер.

Қар, мұз еріп, су көбейіп, Сай-салаға толады.

Бүршік жарып, жарық ашып, Гүл бәйшешек басады.

Бөбектерім, айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады? (Көктем).

Өрік, алма,

Жидек жүзім піседі.

Қауын-қарбыз,

Қияр, сәбіз дүкендерге түседі. Астық пісіп, орақ түсіп, Қырман дәнге толады.

Бөбектерім, айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады? (Жаз)

Бұлттар төніп, жерге төгіліп, Дымқыл тұман басады. Шөп сарғайып, өңі тайып, Дала нұры қашады.

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Бөбектерім, айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? (Күз)

Балалар, қандай жыл маусымдарын білесіңдер?

Жылдың төрт мезгілі бар: қыс, көктем, жаз, күз.

Маусымдық өзгерістерге анықтама беріп көрейікші.

Маусымдық өзгерістер – әр жыл мезгілінде өзіне тән табиғат құбылыстары мен өзгерістері.

Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Жаз мезгілінің басқа мезгілдерден айырмашылығы қандай?

Күз мезгілінде ағаштардың жапырақтары неге сары түске енеді деп ойлайсыңдар?

Көктем мезгілінде алғаш жер бетіне шығатын қандай гүл?

(Ұ) «Байқағыштық» деген жаңа ұғым бойынша жұмыс.

Маусымдық өзгерістерді бақылату.

Серуенде аулаға шығып табиғат құбылыстарына бақылау жасау.

(Ұ) Өзекті мәселелер.

Жаз мезгілінде адамдар қалай киінеді? Қыста ауа райы неге суық болады? Астық пен жеміс-жидектің толық пісіп-жетілетін кезі қай мезгіл?

Өрік пен құлпынай жемісі қай кезде піседі?

ҚОрытынДы:

Маусымдық өзгерістердің жанды табиғатқа тигізер ықпалы зор.

Көктемде жан-жануарлар мен өсімдіктер тіріліп, тіршілік басталады.

Жануарлардың кейбір түрі жаз, күз мезгілдерінде азықтарын жинап, қыста қысқы ұйқыға кетеді. Адамдар да әр маусымдық өзгерістерге байланысты киім киеді. Көктемде жерді жыртып, дәнді-дақылдар мен көкөністерді, жемістерді отырғызып, жазда күтіп-баптап, күзде жинап алады.

Әр маусымдық өзгерістердің өзіндік ерекшеліктері бар.

(Ө) «МЕН БАҚЫЛАП ҮЙРЕНЕМІН» практикалық жұмысы.

Бақылау нәтижелері бойынша бірлескен қорытынды шығарылады:

Маусымдық өзгерістердің – жанды табиғат иелеріне тигізер ықпалы зор.

(Ұ) Өзекті мәселе.

«Маусымдық өзгеріс» дегенді ғылыми тұрғыдан қалай түсіндіресіңдер?

(Ұ, Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс жүргізуге болады (2-3-тапсырмалар).

 

Жыл мезгіліне қарай бақылау түрін таңдау.

Әліппе-дәптер.

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө) Қалыптастырушы бағалау.

Қалыптастырушы бағалау өз жұмысыңды бағалаудан тұрады. Балалардың өз жұмысын бағалауын, кез келген түсті қарындашпен  бояуын сұраңыз:

1 (бір) деңгей – ештеңе түсінбедім.

1 және 2 (екі) деңгейлер – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын.

1, 2 және 3 (үш) деңгейлер – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

 

21-сабақ

Тақырыбы: Қозғалыс және күш деген не?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.3.1.1. Қозғалмалы және қозғалыссыз денелерді ажырату.

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

қозғалыс ұғымын түсіндіре алады;

денелердің қозғалысына мысал келтіре алады;

Күш туралы түсінік бере алады.

Көпшілік балалар:

қозғалысқа не келтіретінін түсіндіре алады;

адам және жанды организмдер өміріндегі қозғалыс маңыздылығын дәлелдей алады.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

(Ұ) Педагог жұптық эстафета «допты беру»?

Мақсаты: Жылдам қозғалып, допты дәл қолға беруге, шапшаңдыққа үйрету.

Кұрал-жабдықтар: доптар, топтардың санына байланысты.

Ойын барысы:

Ойыншылар бір-біріне қарама-қарсы жұп-жұбымен тұрады. Бір ойыншыда доп. Ойыншылар жүгіріп келе жатып, бір-біріне допты беріп отыруы тиіс. Эстафеталық ойынды бірінші аяқтаған топ жеңімпаз атанады.

Әуен ойнатқыш.

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ) Педагог балалардан қандай әрекет жасағанын сұрайды. (Жаттығулар орындады, қозғалды). Айналамызда тағы не қозғалады? (Балалардың болжамдары тыңдалады). Қозғалыс деген не? Бұл ҰОҚ-ның тақырыбы. Біз бұл туралы не білеміз? Қозғалыс деген не және адамдардың өмірінде оның рөлі қандай... Ойланайық…

…… қозғалыс – заттардың орнын ауыстыруы.

… күш – бір дененің екінші денеге әрекет етуі …… қозғалыс пен күш жанды табиғат әлемінде үлкен рөл атқарады деп ойласақ?

Көбелек қуып жүрген бала

Бақылап жүрген бала

Түрлі денелердің қозғалысымен танысу

Ақпарат көзі – «бақылау»

 

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырып 

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

(Ұ, т) Педагог балаларға сұрақтар ұсынады. Бұл сұрақтар денелер мен заттардың қасиеттерін және де қозғалыс, күш, жарық, дыбыс, жылу сияқты қызықты құбылыстарды бақылайды. Бұл құбылыстар не деп аталады?

(Ұ) Өзекті сұрақтар.

Ойланыңдар, қозғалмалы және қозғалыссыз денелерге не жатады? Неге қозғалмалы және қозғалыссыз денелер деп аталған. Неге барлық денелер қозғалмайды? Күш дегеніміз не? Балаларға «Кім күшті?» әңгімесін баяндау және «Көліктер» мультфильмінен үзінді көрсеткен жөн.

Қозғалатын және қозғалмайтын

заттардың суреті.

«Көліктер» мультфильмінен үзінді.

 

(Пт) Балалар, жаңа білім алудың тағы бір қызықты әрі қолжетімді тәсілі – бақылау. Адамның қоршаған ортаны танып білуге ұмтылуы көптеген құрылғыларды ойлап тапты. Бақылауды көптеген құрылғылар көмегімен жүргізуге болады. Қарапайым лупалар ұсақ нысандарды көруге арналған құрылғы. Микроскоп – көзге көрінбейтін нысандарды бірнеше есе үлкейтіп көрсететін құрылғы.

(т, Ө) Кіші топтарда жұмыс жасау: педагог балалардың 3 топқа бөлінулерін ұсынады – «адамдар», «құстар», «балықтар». Дайындалған карточкаларда әр топ аттарының бейнелері салынған (адамдар, құстар және балықтар), алайда олардың қозғалыс жасайтын маңызды мүшелері жоқ. Балалар топта олардың ненің көмегімен қозғалатынын талқылап, олардың суретін қосып салуы керек (аяқтар, қанаттар, жүзбе қанаттар).

Презентация, қорытындылар.

тірі организмдер қандай дене мүшелерімен қозғалады? Аяқтары, қанаттары, жүзбе қанаттары көмегімен.

көлік түрлерінің қозғалысына не көмектеседі? Дөңгелектер, қанаттар.

сендер қандай қозғалыс түрлерін пайдаланасыңдар? Жүру, жүгіру, секіру және сырғу. Ал олар қозғалу үшін күш қажет. Егер күш болмаса, онда қозғалу мүмкін емес.

(Ұ) Өзекті жағдай.

Қозғалыстың көлік түрлеріне қандай пайдасы бар? (Баратын жерге тез жеткізеді және т.б.). Жанды табиғат әлеміне ше? (көбейеді, өседі ...).

(Ұ) Ал адам не істей алады? (Балалардың болжамдары)

Педагог ақпараты: адам табиғатынан қозғалысқа икемделген. Сондықтан біз кеңістікте орын ауыстырамыз, жүгіреміз, адымдаймыз, секіреміз, еңбектейміз. Оның барлығын қозғалыс аппараты қамтамасыз етеді. Қозғалыс жасауға күш қажет.

(Ұ) сергіту сәті.

Педагог балаларға жаттығу жасатады. Педагог балаларға жаттығу түрлерін көрсетеді. Күнделікті жаттығулар кешенін ұсынады.

Әліппе-дәптермен жұмыс. (1-2-3-тапсырмалар).

Көрнекі құралдар. Мультимедиялық презентация.

Әуен ойнатқыш.

Әліппе-дәптер.

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө) Педагог балалардың бүгін қандай физикалық құбылыстар түрлерін өткенін сұрайды. Қозғалмалы және қозғалыссыз денелер туралы не білесіңдер? Күш туралы не айта аласыңдар?

Педагог балалардан жұмыстарын бағалауды сұрайды, ол үшін мәшинені кез келген түсті қарындаштармен бояу керек:

1-деңгей – ештеңе түсінген жоқпын.

2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын.

3-деңгей– барлығын түсіндім, басқа адамға түсіндіре аламын.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

22-сабақ

Тақырыбы: Жарық қайдан шығады?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.3.2.1. Жарық шашатын нысандарды атау: от, Күн, шам.

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

табиғи және жасанды жарық көздерін атайды;

от, Күн, шам туралы түсініктері қалыптасады.

Көпшілік балалар:

жарық – энергия екендігін айтады;

табиғи және жасанды жарықты айырады.

Кейбір балалар:

жарық туралы айтады;

ҰОҚ тақырыбы бойынша қосымша ақпаратты есіне сақтайды.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

(Ұ) Педагог ҰОҚ-да жұмыс жасау үшін жағымды ортаны ұйымдастыру.

Армысың, Әлем!

Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді) Армысың, абзал Адам! (Қолдарын алға созады) Армысың, менің досым!

 

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

Педагог сандықша алады, сол арқылы сұрақ қояды. Сандықта не бар? Неге көрінбейді? Көру үшін не қажет? Сандықты аштық, ішіне жарық түсті, балалар ішінен қолшамын көреді.

Балалардан біз сандықты ашпай ішіндегісін көру үшін не істеуіміз керек деп сұрауға болады (қолшамын жағып, сандыққа салу).

Балалар сандыққа қолшамын жағып, сандықтан суреттер көреді.

– Енді сандықтың ішіндегі суреттер неге көрінетін болды? (Сандықтың іші жарық болды).

Біз бүгін нені бақылаймыз? (Жарық)

Бақылау тақырыбы анықталады – жарық. Мақсат.

Кесте бағандары толтырылады.

Күннің суреті

Бақылаушы баланың суреті

Жарық дегеніміз не?

Жарықтың не екенін анықтайық!

Жарықпен тәжірибе жасайық

 

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырып 

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

(Ұ) Педагог жарықтың не екендігі туралы ойлануды ұсынады. Жарық туралы не білесіңдер?

Таңертең негізгі жарық көзіне ерекше назар аударады. Балаларға жарықтың жасанды көздері туралы түсінік береді.

Жарықтың жасанды және табиғи болатыны туралы қорытындылайды.

Балалар табиғи және жасанды жарық көздерін атайды.

(т) Суреттерді топтарға таратып, «Жарық әртүрлі болады» безендіруді ұсыну. Балалар өз таңдауын түсіндіреді.

сергіту сәті.

(Пт) Балауыз бен қолшамның жарықтылығын салыстырады.

Ақпарат көздерін атайды. Педагог ақпарат көзі ретінде тәжірибе өткізуді ұсынады.

(Пт) Педагог майшаммен алыстан жарық түсіреді. Бөлмеге жарықтың жақсы түскенін анықтайды.

Бөлмеге жарықтың дұрыс түскенін білу үшін жарықты арттырады.

Екі нұсқаны да көру керек, қорытынды жасаймыз:

Жарықтандыру көзіне байланысты: ол жақын және жарықты арттырса, онда жарық көбірек болады және керісінше.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс жасау (түрлі тапсырмаларды орындау).

1-тапсырма. Табиғи және жасанды жарық көздерін салыстыру.

2-тапсырма. Табиғи жарық шығаратын жануарларды атайды: тасбақа, жарық қоңыз, мысық, теңіз ұлуы.

3-тапсырма. Жасанды жарық шашатын ойыншықтарды атайды.

Суреттер: Күн, Ай, жұлдыз, шам, қолшам, майшам, от, жарық балық,

жарқырауық қоңыз. қолшам, майшам.

Түрлі қуатты шамдар, сурет.

Әліппе-дәптер.

 

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө, Қ) Балалардан бағалауды сұраңыз.

Әліппе-дәптер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23-сабақ

Тақырыбы: Дыбыс қайдан шығады?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.3.3.1. Табиғаттағы дыбыс көздерін анықтау.

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

түрлі заттардың көмегімен дыбыстар шығарып, салыстырады; • құлақ – есту мүшесі екенін айтады;

түрлі дыбыстарды ажыратады.

Көпшілік балалар:

табиғи және жасанды дыбыс көздерін атайды;

әр заттан шыққан дауыстың өзгеше болатынын түсінеді;

Табиғаттағы дыбыстарды ажыратып үйрену, дыбыс шығарып, тәжірибе жасайды.

Кейбір балалар:

сабақтан алған мағлұматтарды пайдаланып, дыбыс туралы түсінік береді;

дыбыстың таралуын бейнелеп көрсетеді.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

(Ұ) Педагог ҰОҚ-ға жағымды көңіл күй тудырып, баулиды. Мына сұлу әлемде,

Адам өмір сүреді.

Үлкен менен кішіге,

Күн сәулесін төгеді.

– Күнге қол бұлғайық!

 

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

Үнтаспадан судың сылдырын, құстың дауысын, мәшиненің гүрілін, адамның т.б. дауыстарын тыңдату.

Бұлар не?

Дыбыс.

Үнтаспа.

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырып 

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

(Ұ, Ө) Сұрақтар:

Дыбыс дегеніміз не?

Балалар тұжырымдама жасайды.

(Ұ, Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Әліппе-дәптердегі дыбыс туралы суреттерге көңіл бөлу.

Балалардың алдына мәселе қою:

Дыбыс қайдан шығады?

(Ө, От) Музыкалық аспаптармен тәжірибе жасау:

Музыкалық аспаптармен тәжірибе жасау. Аспаптардан дыбыс шығару.

Не естідік? (Дыбыс)

Балалардың бәрінде бірдей дыбыс шықты ма? (Әртүрлі)Педагогтің хабарламасы:

Музыкалық аспаптарды тартқан кезде дірілдеді де, содан дыбыс пайда болды.

(Ұ, Ө) Тамағымызға қолымызды қойып, дыбыс шығарып көріп, адамның дауысы қалай шығатынын тәжірибе жасап бақылау.

(Пт) Педагог балаларға бейнеролик көрсетеді. Алуан түрлі дыбыстар шығарады.

«Балаларға арналған анатомия» бейнефильмін көрсету.

(т) Топтарға бөліп, дыбысқа байланысты сұрақтарды талдау ұсынылады.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс

1-тапсырма. Дыбыс шығаратын табиғат құбылыстарын белгілейді.

2-тапсырма. Табиғат құбылыстарын сипаттайды.

3-тапсырма. Шешуі: дыбыс.

Өзекті сұрақ: Адам дыбыс шығара ма?

Адам сөйлейді.

Ән айтады.

Әліппе-дәптер.

Музыкалық  аспаптар.

Бейнеролик.

Әліппе-дәптер.

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө) Балаларға өз жұмысын қоңырау сыңғырымен бағалау ұсынылады.

– «ештеңе түсінбедім»;

– «түсіндім, бірақ айтып бере алмаймын»;

3– «бәрін түсіндім, достарыма түсіндіре аламын».

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

24-сабақ

Тақырыбы: Жылу не үшін қажет?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.3.4.1. Жылу көздерін атау.

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

Тұрмыста қолданылатын жылыту құралдарын атайды;

Қарапайым тәжірибелер жүргізеді.

Көпшілік балалар:

Жылуға түсінік береді;

Жылытқыш құралдардың тарихын айтып береді;• Тәжірибелерді түсіндіреді.

Кейбір балалар:

Жылыту құралдарының қажеттігін түсіндіреді;

Жылу қалай таралатынын айтып түсіндіру, дәлелдеп мысал келтіреді;

Заманауи жылытқыш құралдарын атайды.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

Шаттық шеңбері.

Жарқырап күн де ашылды, Айналаға гүл шашылды Қайырлы күн!

Біз нәзік қыздармыз!

Қайырлы күн!

Біз ер жүрек ұлдармыз

 

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ, Пт) Педагог екі стақанда тұрған суды балаларға ұсынады:

– Жылы су қай стақанда тұр?

Балалардың жауаптарын тыңдап алып, су бетінен шыққан буды көруге болатынын, температурасын өлшеу, сондай-ақ, ұстап сезуге болатынына назар аударады.

ҰОҚ тақырыбы мен мақсатын айқындау.

Жылыту пештері

Бақылаушы бала

Жылу.

Жылу көздері.

Ақпаратты таныстыру

 

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырып 

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

(Ұ) Мәселе сұрақ:

 Жылудың бар-жоғын қалай анықтаймыз?

(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Әліппе-дәптердегі суреттермен жұмыс. (1-тапсырма) – Заттың жылы екенін қалай білеміз?

(Ө, т) «Жылы-суық».

Жылудың қасиеттерімен танысу, жылу тарататын заттарды салыстыру. Заттардың ішіндегі ең жылы затты табу.

Педагог жылу дегенге түсініктеме береді.

(Пт, т) «Жылу дегеніміз не?»

Әрекет: Педагог балаларға ермексаз береді. Ермексаздан мүсін жасау ұсынылады. Балалар ермексазбен жұмыс жасау үшін оны қолмен, күнге қойып жылытады. Қалай жұмсартқанын түсіндіреді.

Жылу көздерін атап айтады.

Балалар қорытынды жасайды.

(Ұ) сергіту сәті:

(Ұ, Ө) Жылытқыш құралдарының аттарын айтады, өздері қолданатын жылыту құралдары туралы әңгімелейді.

(Ұ) Мәселе сұрақ:

Жылытқыш құралдарын атайды?

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Деңгейлік тапсырмалар.

2-тапсырма. Жылыту құралының суретін салады.

3-тапсырма. Жылыту құралдарын белгілейді.

Әліппе-дәптер.

Ермексаз. Әліппе-дәптер.

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө)

Бүгінгі ҰОҚ-да нені білдік?

Бүгін менің білгенім:

Қызықты болды ........

Менің орындай алмағаным......

Менің түсінгенім…...

Үйден өзім жасап көргім келетінім…

(Ө) Педагог балаларға өз жұмысын өздері бағалауды ұсынады. Жылу радиаторын бояу:

1-деңгей – «түк түсінбедім» –  қызыл қарындашпен;

2-деңгей – «түсіндім, бірақ, түсіндіре алмаймын» – сары қарындашпен;

3-деңгей – «бәрін түсіндім, білгенімді қолдана аламын» – жасыл қарындашпен бояймыз.

Әліппе-дәптер.

 

25-сабақ

Тақырыбы: Электр тогы не үшін керек?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.3.5.1. Электр тогының табиғи көздерін атау.

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

Тұрмыста қолданылатын электр құралдарын атайды;

Қарапайым тәжірибелер жүргізеді.

Көпшілік балалар:

Электр тогы туралы түсінік бере алады;

Электр тогы деген не екенін айта алады;

Оны қайда қолданатынын түсіндіре алады.

Кейбір балалар:

ғаламтор қорын пайдаланады;

білім біліктерін практикада қолданады.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

Шаттық шеңбері

 Қол алысып, кәне, біз,  Достасайық бәріміз.

 Айтарым бар сендерге,  Тез тұрыңдар шеңберге.  Қандай жақсы бір тұру,  Достарменен бір жүру!

Әуен ойнатқыш.

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

Ұ) Педагог балаларға пазл құрастыртып, құрастырған пазлдағы суреттерді ататады.

(Тоңазытқыш, үтік, теледидар, ұялы телефон т.б.)

Бұл күнделікті өмірде тұтынатын заттарды не деп атаймыз?

Мәселе сұрақ:

Электр тогы дегеніміз не?

Электр тогы қалай пайда болады?

Жұмбақ шешу ұсынылады:

«Аяқсыз жүреді, отсыз жанады» (Электр тогы).

Электр тогы

Бақылаушы бала

Электрдің адам өміріндегі маңызы

Бақылау кезеңдері

 

 

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырып 

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс (1-тапсырма)

сұрақ: Электр тогын күнделікті өмірде не үшін пайдаланатыны туралы сурет бойынша әңгімелеу

(Пт) Педагогтің түсіндірмесі.

Электр тогын ерте замандарда ғалымдар зерттей бастады. Олар электр тогын құбылыс деп есептеді. Екі сымды бір-бірімен біріктіріп, кейін араларын бірнеше миллиметрге ажыратса, өткізгіштердің шеттерінде жарық сәуле пайда болады. Ал екі сымның орнына ұштары ұшталған көмір өзекше қолданылса, жарықтану одан әрі жарық, әдемі болып шығады. Өткізгіштегі ток жоғары болса, сәулелену соғұрлым жарық болады. Электр тогының пайдасы мен қолданылу аясы өте үлкен.

(Ұ) Дидактикалық ойын.

Педагог тақтаға үй тұрмысына қажетті құралдың суретін іледі, балалар құралдардың атын атап, не үшін қолданатынын айтады.

Үтікпен киім үтіктейді.

Шаңсорғышпен шаң-тозаңды тазалайды.

Тоңазытқыш азық-түлікті салқын етіп сақтайды.

Қысқа толқынды пеште тамақ ысытады.

Шәйнекте су қайнатады т.с.с.

Қорытынды: Электр құралдарының көмегімен адамдардың өмірі жеңілденеді, уақыт үнемдейді.

(Ұ) Мәселе сұрақ:

– Электр тогын біз көре аламыз ба?

Педагогтің хабарламасы.

Біз электр тогын көре алмаймыз. Ол мүмкін емес. Электр тогын тек арнайы аппараттар мен ток өлшегіш құралдармен ғана көре аламыз. Балалар, электр тогы өте қауіпті. Токпен ойнауға болмайды. Электр сымдарына жолауға болмайды. Электр тогын тек электриктер басқарады.

(Ұ, Пт) Ғаламтордан «Электр қуаты туралы бала тілімен» деген сияқты мультфильмдер көрсетуге болады. (Ақпарат көзі – Ғаламтор) https://www.youtube.com/watch?v=rDmFOwExsgE https://www.youtube.com/watch?v=fV4-CdOc7JA (Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. (2-3-тапсырмалар)

Әліппе-дәптер.

Көрнекі құралдар.

Электр құралдарының суреттері.

Музыкалық сүйемелдеу.

 

 

 

 

 

Мультфильм:

«Электр қуаты туралы бала тілімен».

Әліппе-дәптер.

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө) Бүгін қандай физикалық құбылыс туралы білдік?

Менің бүгін білгенім: ...

Қызықты болғаны: ...

Менің жасай алмағаным: ... Менің түсінгенім: ...

(Ө) Педагог балаларға өз жұмысын өздері бағалауын ұсынады. Шыны шамды бояу:

1-деңгей – «түк түсінбедім» – қызыл қарындашпен;

2-деңгей – «түсіндім, бірақ, түсіндіре алмаймын» – сары қарындашпен; 3-деңгей – «бәрін түсіндім, білгенімді қолдана аламын» – жасыл қарындашпен бояймыз.

Әліппе-дәптер.

Түрлі түсті қарындаштар.

 

 

26-сабақ

Тақырыбы: Магниттің ерекшелігі қандай?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.3.5.2. Магниттерді қолдану жолдарын пайымдау.

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

магнит деген не екенін айта алады;

оны қайда қолданатынын түсіндіре алады.

Көпшілік балалар:

• магниттік қасиеті бар денелерді айта алады.

Кейбір балалар:

ғаламторды пайдалана алады;

алған білімдерін іс жүзінде қолдана алады;

алған білімдерін бақылаудың барлық кезеңдерінде қолдана алады.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

 

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

(Ұ) «Ұшқыштар»

Ойын алаңын төрт бөлікке бөліп, жалаушалар мен белгі қойылады.

Жалаушалардың артына балалар төрт топқа бөлініп қатарға тұрады. Балалар тікұшақ жүргізушісі болады. «Ұшуға дайындал!» деген кезде, балалар қолдарын майыстырып ұшуға дайындалып «бж,бж,бж» ете бастайды. Енді «Ұш!» деген бұйрық берілгенде, қолдарын түзу ұстап ойын алаңын айналып ұшады.

Біраз ұшқаннан кейін «Қонамыз!» деген бұйрық беріледі. Сол кезде ұшқыштар өз орындарына келіп қонады. Қай топ бірінші болып қонғанын педагог байқайды.

Әуен ойнатқыш.

 

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ) Педагог балаларға сиқырлы дорба көрсетеді. Сиқырлы дорбада көптеген металл заттар бар. Металл заттарды алса да, олар жерге құламайды. Неге? Балалар өз ойларын айтады (магнит).

Магнит

Бақылаушы бала

Магнит туралы түсініктерін қалыптастыру

Бақылау кезеңдері

Дорба, магнит, металл заттар.

 

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырып 

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

(Ұ) Магнитті қалай қолданатыны туралы әңгіме жүргізу

– Балалар, магниттің қайдан шыққанын білесіңдер ме? Өте ерте заманда адамдар таудан қара түсті, металл тәрізді жарқыраған минерал-тас тауып алады. Оны магнетит деп атайды. Ғалымдар «магнетит» деген сөз тас табылған жерге жақын тұрған Магнезия деген қаланың атына байланысты деп санайды. Адамдар одан сырға, білезік, моншақ тәрізді әшекей заттар жасады. Тіпті оның емдік, яғни адамға күш беріп, тыныштандыратын қасиеті бар деп те санады.

Магнетиттің кесектерін табиғи магнетит деп атайды, бірақ адамзат магнитті жасанды түрде жасап шығаруды ойлап тапты. Және оны көптеген мақсаттар үшін қолданады.

(Ұ) Өзекті сұрақтар:

– Адам магнитті не үшін пайдаланады? Сендердің үйлеріңде магнит бар ма? Топта ше?

(Ұ, Ө) Бақылаудың барлық кезеңдері қайталанады: тақырып, мақсат, болжам, дереккөздермен жұмыс, нәтижелерді ұсыну.

Педагог балаларға бірнеше металл және металл емес заттар береді. Балалар топтарға бөлініп, магнитке тартылатын заттарды оң жаққа бөлек, магнитке тартылмайтын заттарды сол жаққа жинайды.

Сонан соң балалардан магнитке тартылатын заттарды бірден аңғарған балалар болған-болмағанын анықтайды (Құрамында темірі бар заттар). (Ұ) сергіту сәті.

(Ұ) Өзекті сұрақ: Магниттің көмегімен металл түймелердің қайсысы металл, ал қайсысы жай зат екенін қалай анықтауға болады?

Балалар дұрыс жауап береді: магнитке тартылған түйме – металл, ал тартылмаған түйме – жай зат.

– Ал тартылған денелер магнитке бірдей тартылды ма, әлде әртүрлі тартылды ма? (Денелер әртүрлі тартылды).

(Ұ, Ө) Педагог балаларды екі топқа бөледі. Балалар денелердің магнитке тартылуын тексереді. Бірнеше ауыр және жеңіл металл заттарды қояды. Магнитті металдарға жақындатады. Қорытынды: жеңіл заттар ауыр заттарға қарағанда жылдам тартылады.

(Пт, Ұ) Педагогтің ақпараты: Магниттерді техника мен тұрмыста қолданады. Магниттік құралдармен зауыттарда ауыр жүктерді көтереді, магниттік құралдарды ауруханаларда емдеу мен диагностика жасау үшін пайдаланады, магниттер адамдарға кеңістікті бағдарлауға көмектеседі, магниттің көмегімен телефон трубкасынан дауыс естіледі және теледидар, компьютер де магниттің көмегімен жұмыс істейді, сонымен қатар пластик карточкаларға магниттеу арқылы ақпараттар жазылады.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. (1-2-3-тапсырмалар).

Әліппе-дәптер.

 

Суретті  материал (немесе мультимедиялық тұсаукесер).

 

Магниттер, заттар

(түймелер, жапсырма шеге (кнопка), қағаз қыстырғыш).

 

Әліппе-дәптер.

 

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө)

– Бүгін қандай физикалық құбылыстар туралы білдік?

Бүгін мен … білдім.

Мыналар … қызықты болды.

Мен … түсіндім.

Үйде өзім … орындап көремін.

Рефлексивтік бағалау. Педагог балаларға өз жұмыстарын бағалауды сұрайды. Магнитті бояу:

1-деңгей – қызыл қарындашпен – ештеңе түсінбедім.

2-деңгей – сары қарындашпен – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын. 3-деңгей – жасыл қарындашпен – бәрін түсіндім, басқаларға да түсіндіре аламын.

Әліппе-дәптер.

Түрлі түсті қарындаштар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

27-сабақ

Тақырыбы: Сен табиғатқа қандай пайдалы іс-әрекет жасадың?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.4.1.1. Табиғатқа зиян келтіруі ықтимал жағдаяттар мен іс-әрекеттерді атау.

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

• «Табиғатты қорғау» деген ұғымды түсіндіре алады.

Көпшілік балалар:

Табиғатқа пайдалы іс-әрекеттерді атайды.

Табиғатқа зиян келтіруі ықтимал жағдаяттарды атайды.

Кейбір балалар:

Табиғатты қорғау не үшін керек екенін айтып бере алады;

Қоршаған ортаға зиян келтіретін жағдаяттармен және іс-әрекеттермен күрес жолдарын айтып береді.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

Ұ) Ұсынылатын мәтін (мысал ретінде)

Табиғат – бізді қоршаған орта, ол адам санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Табиғат адам үшін – асыл ана. Табиғаттағы жануарлардың мүйізінен, өсімдіктердің тамырынан дәрі-дәрмектер жасаймыз. Қазіргі таңда табиғаттың ластануы үлкен мәселе. Бұл адам өміріне қауіпті. Қазақта «Бір тал кессең, он тал ек» деген сөз бар. Адамның қоршаған ортасы таза болуы тиіс. Табиғаттың қорғаны – жас ұрпақ.

Біз киетін киімді, оқитын кітапты, тағамды – бәрін де табиғаттан аламыз. Табиғатты қорғау – адамның өзін-өзі қорғауы.

 

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ) Педагог балаларға бүкіл топ ішінде жайылып қойылған суреттерді жинауды және онда бейнеленгендерді бір сөзбен атап берулерін сұрайды. Педагог балалардың табиғатты қорғау жайында не білетінін анықтап, бүгінгі ҰОҚ-да не білгілері келетінін, неге үйренгілері келетінін сұрайды (Балалардың пікірлері тыңдалады).

Болжамдар:

Табиғатты қорғауға ағаштарды отырғызу жататын шығар.

Табиғатқа зиян келтіретін амалдарға жануарларды қоректендіру жата-тын шығар.

Қандай дереккөзден біз мұны біле аламыз? Кітаптардан.

 

Табиғатты қорғау туралы түсініктерін дамыту

Болжам

Табиғатты қорғауға байланысты бейнеленген суреттер.

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырып 

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

(Ұ) «Әли мен Айя, Ағаш отырғызу» мультфильмінен үзінді көруді ұсыну.

(т) «Бұрыштар» сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы. табиғатты қорғау керек пе, керек емес пе? Топтарда түсіндіріңдер: 1-топ – керек, 2-топ – керек емес (Не үшін? Неге?).

Педагог балалардың назарын болжамдар ұсынуды үйренуіне аударады. Балалар бұл кезде осы тіректі пайдалануына болатындығын ескертеміз:

ықтимал

болжамдайық

мүмкін

солай дейік

ал, егер…

(Ұ, т) Әліппе-дәптермен жұмыс. (1-тапсырма)

Балаладың іс-әрекеттерінің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін түсіндіріп айтады. Әр бала өз ойын айтады.

(Ұ) Өзекті мәселе.

Табиғатқа пайдалы іс-әрекетке ағаш отырғызуды жатқыза аламыз ба?

БОЛЖАМДАР. Ойланшы, бұл іс-әрекет табиғатқа қалай көмектесе алды?

(Ұ) Динамикалық кідіріс.

(Ұ, т) Бақылау.

Педагог балаларға тіршілік үшін бәріміз бірге табиғатты қорғамасақ, не болатындығы туралы БОЛЖАМДАР ұсынуды сұрайды? (Ағаштарды кесу. Ағаштың суреті бар карточка тақтаға бекітіледі). Ағаштарды кесіп азайтып, не тіпті жойып жіберсек, не болады, болжамдаңыз. Ал егер ағаштарды көптеп отырғызып жіберсек не болады? (Таза ауа, желден).

Сонымен жануарларды аялап, сақтауға тырысу табиғатты қорғауға жатады ма? (Қошақанды емізіп жатқан баланың суреті бейнеленген карточка тақтаға бекітіледі). Өсімдіктерді қорғауға не керек? (Жарық, судың суреттері бейнеленген карточкалар тақтаға бекітіледі).

(Пт, Ө) табиғат өзін қалай сақтайды?

• Жануарлар жыл мезгіліне қарай түсін ауыстырады. Өсімдіктер өсетін жеріне қарай бейімделеді.

(Ө) Өзекті мәселе.

Біздің табиғаттың осы қалпында сақталып келе жатқанына не көмектеседі? (Балалардың болжамдары: ағаштардың отырғызылуы, жануарларға адамдардың қамқорлығы,…) тәжірибелік-зертханалық жұмыс іс-әрекеті мүмкіндігі болып жатса, педагог пен тәрбиеленушілер іс-әрекетінің шапшаңдығына байланысты): «қағаз неден жасалады». Нәтижесінде балалар қағаздың ағаштан жасалынып, оны көп ысырап етпеуін үйренуі керек. Әр тәжірибенің элементі туралы сипаттау керек.

Балаларға сурет бойынша тірек сөздердің көмегімен сұрақтар құрастыруға тапсырма беру.

Балаларға түсінікті және қарапайым суреттерді қолдану.

Үлгі сұрақтар: Табиғатқа зиян келтіретін қандай іс-әрекеттер бар? Пайдалы іс-әрекет дегеніміз не? Табиғатты қалай қорғаймыз? Табиғатқа қамқорлық дегенді қалай түсінесіндер? т.б.

«Әли мен Айя, Ағаш отырғызу»

мультфильмінен үзінді.

Әліппе-дәптер.

Ағаш отырғызып жатқан суреттер.

Ағаш, су, күн сәулесі, қошақан, лақ  бейнеленген 

карточкалар.

Әліппе-дәптер.

 

Өсімдіктерді қорғауға не керектігімен салыстырамыз. (Жануарларға

керектінің бәрі өсімдікке де қажет деген қорытындыға келеді)

ҰОҚ-ны қорытындылап, осы ұғымдармен балалар жетік танысуы керек.

Табиғат – күн, ауа, жер-су, өсімдіктер, жануарлар.

Табиғатқа қамқорлық – табиғатты зиян заттардан қорғап, оны сақтап қалу.

Пайдалы іс­әрекет – нәтижесінде жақсы көрсеткіштер болатын іс-әрекет

Зиян келтіретін амалдар – өзінен кейін жамандық қана қалдыратын амалдар.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.

2-тапсырма. «Табиғатты қорғау» тақырыбында сурет салады.

3-тапсырма. Берілген суретті бояйды. Әңгімелейді.

Ағаш қоқымдары, попирустар,  қазіргі қағаздар.

Әліппе-дәптер.

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө, Қ) Педагог балаларды қорытынды жасауға әкеледі: Жануарларға тіршілік үшін жылу, тамақ, су және ауа керек. Өсімдіктерге де осы компоненттер қажет. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау арқылы, біз табиғатты қорғаймыз. Сондықтан жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау біздің парызымыз.

Рефлексивті бағалау.

Педагог балаларға жапырақты кез келген түсті қарындашпен бояп шығуға ұсыныс жасайды:

1 (бір) деңгей – ештеңе түсінбедім.

1 және 2 (екі) деңгейлер – түсіндім, бірақ түсіндіріп бере алмаймын. 1, 2 және 3 (үш) деңгейлер – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын.

Әліппе-дәптер.

Түрлі түсті қарындаштар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

28-сабақ

Тақырыбы: Ауа мен суды ластамау үшін не істеу керек?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.4.1.2. Ауа, судың ластану себептерін білу, оларды атау.

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

• «Ауа мен суды ластамау» деген ұғымды түсіндіре алады.

Көпшілік балалар:

Табиғатқа пайдалы іс-әрекеттерді атайды;

Ауаны ластауға зиян келтіруі ықтимал жағдаяттарды атайды.

Кейбір балалар:

Ауаны ластамау не үшін керек екенін айтып бере алады;

Ауа мен суға зиян келтіретін жағдаяттармен және іс-әрекеттермен күрес жолдарын айтып береді.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

Ұ) Ұсынылатын мәтін (мысал ретінде)

Ауа және су – тіршілік көзі. Ауасыз табиғат, адам өмір сүруі мүмкін емес. Су адам үшін – тіршілік нәрі. Адам ерте кезден-ақ табиғатты аялап, оны кейінгі ұрпаққа ағаш отырғызып, ауаны ластамауға үйретіп отырған.

«Көзге көрінбейтін сиқыршы?» әңгімесін баяндап беру.

«Көрінбейтін сиқыршы». Педагог баяндаған әңгімеден бала «ауаның қасиеті» бойынша өз ойын еркін жеткізіп болжамдап айтады.

Адам немен тыныс алады? Ауа туралы не білесіңдер? Ауасыз өмір сүру мүмкін бе? Су қалай пайда болады? Судың қандай күйлерін білесіңдер? Судың табиғатта кездесетін түрін іше аламыз ба? Суды ластамау үшін не істеу қажет? т.б.

 

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ) Педагог балаларға бүкіл топ ішінде жайылып қойылған суреттерді жинауды және онда бейнеленгендерді бір сөзбен атап берулерін сұрайды. (Ауа). Кейіннен ҰОҚ тақырыбы тұжырымдалады: «Ауа мен суды ластамау». Педагог балалардаң табиғатты қорғап, ауаны және суды ластамау жайында не білетінін анықтап, бүгінгі оқу іс-әрекетінде не білгілері келетінін, неге үйренгілері келетінін сұрайды (Балалардың пікірлері тыңдалады).

Болжамдар:

Ауаны таза ұстауға ағаштарды отырғызу жататын шығар.

Ауаның ластануына зиян келтіретін амалдарға зауыт, фабрикалар жа-татын шығар.

Қандай дереккөзден біз мұны біле аламыз? Кітаптардан.

Табиғатты қорғау арқылы ауа мен суды ластамау туралы түсініктерін дамыту

Болжам

Табиғатты қорғауға байланысты бейнеленген суреттер.

 

 

 

 

 

 

Табиғатты қорғауға байланысты бейнеленген суреттер.

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырып 

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

(Ұ) Презентация бойынша жұмыс.

Педагог балаларға экранға қарап, қандай заң бұзылғандығын анықтауды сұрайды. (Слайдта пайдалы және зиян іс-әрекеттер көрсетіледі. Мысалы, ағаш отырғызып жатқан бала мен ағаш сындырып жатқан баланың қайсысы заңды бұзып жатыр?)

(т) «Бұрыштар» сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы. Табиғатты қорғау керек пе, керек емес пе? Топтарда түсіндіріңдер: 1-топ – керек, 2-топ – керек емес. (Не үшін? Неге?).

Педагог балалардың назарын болжамдар ұсынуды үйренуіне аударады. Балалар бұл кезде осы тіректі пайдалануына болатындығын ескертеміз:

ықтимал

болжамдайық

мүмкін

солай дейік

ал, егер…

Интерактивті тақта.

 

(Ұ, т) Әліппе-дәптермен жұмыс. (1-тапсырма).

Балаларға табиғат аясын қалай таза ұстап, ауасын ластамауды, топ ауасын табиғат бұрышы арқылы тазартып тұруды тәжірибе жүзінде жүргізу. Балаларға ауа мен суды ластайтын іс-әрекеттердің қасына дөңгелектерді қаламмен белгілеп қою ұсынылады. Педагог балаларға кейбір ісәрекеттердің болуы табиғатты құртатыны туралы болжам жасауға көмектеседі.

(т) Ауаны ластамау не үшін қажет? Зиян амалдар мен пайдалы ісәрекеттерді бөліп, суреттерді тәртібімен қойып шығу.

Педагог балаларға ауа мен суды ластамау туралы түсініктерін қорытынды жасауға әкеледі.

(Ұ) Өзекті мәселе.

Ауаны таза ұстау іс-әрекетіне ағаш отырғызуды жатқыза аламыз ба? БОЛЖАМДАР. Ойланшы, бұл іс-әрекет табиғатта ауаға қалай көмектесе алды?

(Ұ) Динамикалық кідіріс.

(Ұ, т) Зерттеу.

Педагог балаларға тіршілік үшін бәріміз бірге табиғатты қорғамасақ не болатындығы туралы БОЛЖАМДАР ұсынуды сұрайды. (Ағаштарды кесу. Ағаштың суреті бар карточка тақтаға бекітіледі). Ағаштарды кесіп азайтып, не тіпті жойып жіберсек, не болады, болжамдаңыз. Ал егер ағаштарды көптеп отырғызып жүрсек не болады? (Таза ауа, желден). Сонымен Жануарларды аялап, сақтауға тырысу табиғатты қорғауға жатады ма? (Қошақанды емізіп жатқан бала. Сөз жазылған карточка тақтаға бекітіледі). Өсімдіктерді қорғау үшін не керек? (Жарық, су. Сөздер жазылған карточкалар тақтаға бекітіледі).

(Ұ) Өзекті мәселе.

Практикалық жұмыс: «Мен ауаны ластамаймын».

(Пт) Табиғат өзін қалай сақтайды?

• Жануарлар жыл мезгіліне қарай түсін ауыстырады. Өсімдіктер өсетін жеріне қарай бейімделеді.

(Ұ) Педагог балалардың назарын экологтардың мамандығына аударады. Балаларға экологтар ауаны қалай қорғайтыны туралы пікірлерін айтқызады, Экологтар әртүрлі зерттеулер жүргізеді – жақсы немесе жаман? Неге жаман? Неге жақсы?

(Ө) Өзекті мәселе.

Ауызекі ғылыми жұмыс. «Егер мен ... болсам,»

Ғылыми жұмыста әрбір топ өздерін «су, ауа»-ның орнында болып қалған жағдайда адамдар үшін қандай пайда әкелетіндігін айтып беруге тапсырма беру.

Тәжірибелік-зертханалық жұмыс іс-әрекеті (ҰОҚ уақытының мүмкіндігі болып жатса, педагог пен балалар іс-әрекетінің шапшаңдығына байланысты): ауа мен барлық тіршілік иелерінің тыныс алатынын, онсыз мерт болатынын, су тіршілік үшін олардың көзі болып табылатынын. Нәтижесінде балалар судың қадір-қасиетін түсініп, оны көп ысырап етпеуін үйренуі керек. Әр тәжірибенің элементі туралы сипаттау керек. Балаларға сурет бойынша тірек сөздердің көмегімен сұрақтар құрастыруға тапсырма беру.

Балаларға түсінікті және қарапайым суреттерді қолдану.

Үлгі сұрақтар: Ауаға зиян келтіретін қандай іс-әрекеттер бар? Пайдалы іс-әрекет дегеніміз не? Суды қалай таза ұстаймыз? Табиғатқа қамқорлық дегенді қалай түсінесіңдер? т.б.

Ауаны ластамауға не керектігімен салыстырамыз. (Ауаны қаншалықты таза ұстасақ, соншалықты таза ауамен демалатынымыз туралы қорытындыға келеді, дәл солай суды да.)

Қорытынды жасай отырып: балалар мына түсініктерді ұғынуы қажет:

Ауа – түссіз, иіссіз, көзге көрінбейді.

Ауаның ластануы – ағаштар отырғызбау, қоқыстар тастау, өрт нәтижесінде болатынын.

Таза ауа – өсімдіктердің оттегі бөлу арқылы тазаратынын.

Су – қар, мұз, жаңбыр күйінде жерге түсіп пайда болатынын.

Ауызсу – арнайы құрылғылар арқылы тазаланып жасалатынын.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

2-тапсырма. «Су бізге не үшін қажет?» сұрағы бойынша әңгіме құрастырады.

 

Әліппе-дәптер.

Ағаш отырғызып жатқан суреттер.

Музыкалық сүйемелдеу.

Ағаш, су, ауа,  карточкалар.

Өсімдік пен жануардың суреті.

Ағаш қоқымдары, попирустар, қазіргі қағаздар.

Әліппе-дәптер.

 

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө) Педагог балаларды қорытынды жасауға әкеледі: барлық тіршілік үшін су және ауа керек. Өсімдіктерге де осы компоненттер қажет. Ауа мен суды ластамау арқылы біз табиғатты қорғаймыз.

Рефлексивтік бағалау.

– ештеңе түсінбедім – қызыл қарындаш.

– түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындаш.

Қысқасы – бәрін түсіндім, басқаларға да түсіндіре аламын – жасыл қарындаш.

Төмендегі тірек сөздер пайдаланылады:

Қызықты болды … Шамам жетпейді … Мен түсіндім…

Әліппе-дәптер.

Түрлі түсті қарындаштар.

 

29-сабақ

Тақырыбы: Жанды және жансыз табиғаттың айырмашылығы неде?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.4.3.1. Жанды және жансыз табиғаттың өзара байланысын түсіндіру.

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

Жанды және жансыз табиғат элементтерін атауды;

Жансыз және жанды табиғатты салыстыруды;

Жанды заттың белгілерін анықтауды (дем алады, қоректенеді, өседі, көбейеді, қозғалады);

Жануарлар мен өсімдіктер немен қоректенетіндерін айтып беруді біледі.

Көпшілік балалар:

Жанды және жансыз табиғаттың айрықша ерекшеліктерін анықтайды.

Өсімдіктер мен жануарлардың жанды табиғатқа жататындығын дәлелдейді.

Кейбір балалар:

• Жанды және жансыз табиғаттың бір-біріне байланыстылық тізбегін жасауды біледі.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

Ұ) Табиғат аясында болып ұйымдастырылған әрекет болғандықтан, табиғатты суреттеумен, сипаттаумен ҰОҚ-ны бастауға болады.

Топсаяхатқа шығу ауа райының қолайлы кезінде ғана ұйымдастырылады. Табиғат аясында жанды және жансыз табиғатпен жанасу тиімдірек әрі түсініктірек болады.

 

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ) Педагог балаларға табиғат аясында болып жатқан ұйымдастырылған әрекетті және көрнекі заттарды атап, ҰОҚ тақырыбын анықтауды сұрайды: «Жанды және жансыз табиғаттың өзара байланысы». Балалардың жанды және жансыз табиғат жайында білетінін анықтайды. ҰОҚ-да нені білу қажет (мақсатты болжам). Жанды табиғат жансыз табиғаттан несімен ерекшеленеді.

Болжамдарды ұсыну.

Ақпаратты қайдан біле алатындарын балалардан сұрау.

Әртүрлі дерек көздерден.

Жанды табиғат жансыз табиғаттан несімен ерекшеленеді?

Болжам

Жанды және жансыз табиғатқа тиесілі заттар (Көрнекі құралдар: тас, құм, өсімдік түрлері, т.б.).

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырып 

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

(Ұ) Педагог балалардан өсімдіктер мен жануарлар нелер болып табылатынын сұрайды (Жанды табиғат компоненттері). Жанды табиғат жансыз табиғаттан несімен ерекшеленетінін еске түсірулерін сұрайды. Балалар естеріне түсіреді және жанды табиғаттың белгілерін атайды: дем алады, қоректенеді, көбейеді, өседі және өледі.

Мектептің айналасындағы бірнеше заттарды бақылап, жанды және жансыз табиғаттың айырмашылығын қарап ерекшеліктерін атайды. Оларға жанды табиғат деген не? Жансыз табиғат деген не? Жанды табиғатқа қандай мысал келтіре аласың? Жансыз табиғатқа қандай мысал келтіре аласың? – деген сұрақтар төңірегінде ойланту.

 

 

Бақылау кезінде қойылатын сұрақтар: жанды және жансыз табиғатқа күннің әсері қандай? Жансыз табиғат жанды табиғатқа айнала алады ма? Жанды табиғат жансыз табиғатқа айнала алады ма? т.б. сұрақтар қойылады.

 Тәжірибелік жұмыс: Педагог балаларға құмырада өсіп тұрған қазтамақ гүлін көрсетеді. Құмырада гүл өсіп тұр, яғни оны жанды табиғат дейді. Өзінің дұрыс айтпай тұрғанын дәлелдеп беруді балалардан сұрайды.

Педагог қорытынды шығарады: балалар жанды табиғат пен жансыз табиғаттың үйлесіп бірге тіршілік ететінін айтып береді. Олардың ұқсастықтары болуы мүмкін бе (қатты, жұмсақ, үлкен, кіші, т.б.? (Балалардың болжамдары).

Қорытынды: жанды табиғат пен жансыз табиғат бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды.

(Ұ, т) Әліппе-дәптермен жұмыс (1-тапсырма).

Жанды табиғат пен жансыз табиғат тізбегін тақырыбына сай орналасқан, орналаспағанын тексереді, анықтайды.

  (Ө, т, Ж) Өзекті ойын жағдайы: жанды және жансыз табиғат байланысы туралы қысқа бейнебаянды көрсетіп, оның арасындағы байланысын түсіндіреді (Педагог өзінің ықтиярына қарай бейнеролик таңдайды). (Ұ) Динамикалық кідіріс.

(Ұ, т, Ж) Бақылау: Қандай жанды табиғат компоненттері дыбыс шығара алады? Ал қандай жансыз табиғат компоненттері дыбыс шығара алады.

Қорытынды.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. (2-тапсырма) Суреттерді бояйды. Балалардың жауаптары:

– Ай – жансыз табиғат бөлігі.

Ағаш – жанды табиғат. Өйткені ол өседі, тыныс алады, жеміс береді.

Құмырада өсіп тұрған қазтамақ гүлі

Жаңбырдан кейінгі ағаш бұтақтары  (сурет, не бейнебаяннан үзінді).

Бейнебаян.

Музыкалық сүйемелдеу (Әртүрлі табиғат құбылыстарының, жануарлардың дыбыстарынан үзінді.

 

 

 

Әліппе-дәптер.

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө, Қ) Педагог бағалау өз жұмысыңды бағалаудан тұрады.

Педагогтік балаларға жапырақты кез келген түсті қарындашпен бояуды ұсынады:

1 (бір) деңгей – ештеңе түсінбедім.

1 және 2 (екі) деңгейлер – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын.

1, 2 және 3 (үш) деңгейлер – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіре аламын.

Әліппе-дәптер.

Түрлі түсті қарындаштар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

30-сабақ

Тақырыбы: «Қызыл кітап» не үшін қажет?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.4.3.2. «Қызыл кітаптың» маңыздылығын түсіндіру.

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

Жануарлар мен өсімдіктерді салыстыруды;

Қандай жануарлар мен өсімдіктерді білетінін санап береді;• Табиғатты қорғау не үшін қажет екенін түсіндіреді; • Қызыл кітап не үшін қажет екенін түсінеді.

Көпшілік балалар:

«Өсімдіктерге не зиян келтіреді?» – логикалық тізбек құрайды;

«Жануарларға не зиян келтіреді?» – логикалық тізбек құрайды.

Кейбір балалар:

Қорғауды қажет ететін өсімдіктерді атайды;

Қорғауды қажет ететін жануарларды атайды;

Жаңа ақпаратты білу үшін сұрақтарды дұрыс қоя біледі;

Тәжірибелерді өз бетімен жүргізеді.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

«Қызыл кітап» туралы түсінік қалыптастыру және ұғымын ашу. Оған енген жануарлар мен өсімдіктердің басқа жануарлар мен өсімдіктерден айырмашылығын ұғыну, қарапайым бақылау дағдылары.

«Қызыл кітап».

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

 (Ұ) Балалар «Қызыл кітап» ұғымына айрықша көңіл бөліп, мына сұрақтарға жауап береді: «Қызыл кітап» туралы естігендеріңіз бар ма? Неге оны біз оқып, білуіміз керек? «Қызыл кітапты» білудің маңыздылығы неде? т.б.

Бар жануарлар мен өсімдіктерді атап, олардың айырмашылығын атау, қайсысы Қызыл кітапқа енген деп ойлайтынын болжамдау.

Көрнекі құралдар: суреттер,

ойыншықтар, т.б.

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырып 

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

(т) Педагог суреттердің көмегімен «Адам өміріндегі өсімдіктер мен жануарлардың мәні» кестесін түсіндіріп беруді сұрайды.

(Ұ, т) Өзекті мәселелер.

Педагог қойылған сұрақтарға қандай болжамдары барын балалардан сұрайды:

«Қызыл кітап» дегеніміз не? Ол бізге не үшін қажет?

Біз «Қызыл кітапты» неге оқуымыз керек? (Балалардың пікірлері)

(Ұ) Экологиялық әңгіме.

«Барыс» туралы әңгіме …

Барыс – жыртқыш жануарлардың бірі. Түсі көк сұр, теңбіл шұбар, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын әрі қалың. Қазақстан мен Орталық Азияның биік тауларында (2000 м-ден астам) кездеседі. Оның ең көп жүретін жері – басын мәңгі қар басқан тасты тік беткейлер мен қиялар. Қыста қар қалың түскенде, барыс таудың орманды белдеуіне дейін төменге түседі. Барыс тұяқты жануарларды, әсіресе, арқарды, таутекені, тауешкілерін, еліктерді, ал құстардан ұлар мен кекіліктерді ұстап жейді. Қорегін негізінен іңірде немесе түнде аулайды.

Барыстың санының кемуінің негізгі себептері – қасақылық және негізгі қоректік объектілер (таутеке, арқар, елік) санының азаюы.

(Ұ) Әңгімені талқылау.

Барыс қандай жануар?

Ол неге азайып бара жатыр?

Оқыған әңгімеміздің сенің болашақ өміріңде тигізер пайдасы болады деп ой қорытындылауға бола ма?

(Ұ, т) Әліппе-дәптермен жұмыс. (1-тапсырма)

Қандай жануарлар Қызыл кітапқа енген, соларды белгілеп, оларды сипатта. тәжірибелік жұмыс:

Балаларға жануарлардың дыбысы бар жазбаны қосып, қандай жануар екенін табуға тапсырма беру. Тапсырма барысында мынадай сұрақтар қою: Аталған жануарлар туралы не білесіңдер? Қандай жерлерді мекендейді? Қазақстанда қандай жануарлар Қызыл кітапқа енген?, т.б. Топсаяхатқа шығу ауа райының қолайлы кезінде ғана ұйымдастырылады. Жақын маңдағы жануарлар саябағына бару. Қызыл кітапқа енген қандай жануарларды көргенін айтып беру.

(Ұ) Өзекті мәселе.

Қазақстанда өсімдікті қорғау үшін не істелінуде?

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заң.

Сирек кездесетін өсімдіктерді жинауға тыйым салынған.

Сирек кездесетін өсімдіктердің көптеген түрлерін бүкіл әлем болып ботаникалық бақтарда өсіруде.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. (2-тапсырма).

Кесте.

Әліппе-дәптер.

Жануарлардың дыбысы бар аудиожазба.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер.

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

Балаларға ҰОҚ-да өз жұмыстарын өздері бағалауды ұсыну:

1-деңгей – ештеңе түсінбедім.

2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын.

3-(үш) деңгей – бәрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере аламын.

Әліппе-дәптер.

Түрлі түсті қарындаштар.

 

 

31-сабақ

Тақырыбы: Табиғат бұрышында еңбектің қандай түрлерін білесің?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.4.3.3. Өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың тәсілдерін түсіндіру, оларды атай білу.

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

Табиғат бұрышының элементтерін атауды.

Табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен табиғаттағы өсімдіктерді салыстыруды.

Табиғат бұрышындағы күнделікті іс-әрекеттерді (күту, баптау, су құю, тазалау т.б.).

Табиғат бұрышындағы тіршілк иелерінің немен қоректенетіндерін айтып беруді біледі.

Көпшілік балалар:

Табиғат бұрышындағы өсімдіктердің көбісі емдік және пайдалы болып ерекшеленетінін;

Табиғат бұрышындағы құстар мен жануарлар ерекше күтімді қажет ететіндігін біледі.

Кейбір балалар:

• Табиғат бұрышындағы өсімдіктердің көбісі бөлме өсімдіктері болатынын біледі.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

(Ұ) Өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдерін кеңейтіп, балалардың еңбек іс-әрекеттеріне жағымды ықпал жасап, ал еңбек процесінде балалар пайдалы дағдыларды қабылдап алады, табиғатты сүюге және қорғауға дағдыландырады.

Балаларды еңбекке тарту:

гүлге су құю;

гүлзарларды тазарту;

ағаштардың топырақтарын қопсыту;

қурап қалған бұталарды кесу;

құстарды жемдеу үшін жемістердің қалдықтарын жинастыру; – қол еңбегіне табиғат материалдарын іздестіру, т.б.

 

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ) Педагог табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен құстарды су құйып, оларды күтіп-баптауды мәтін мен суреттер арқылы түсіндіреді.

Балаларға түсінікті және қарапайым суреттерді қолдану.

Гүлдерді неге суару қажет? Қандай пайдалы бөлме өсімдіктерін білесіңдер? Құстарға қандай азық түрлерін береміз? т.б.

Болжамдарды ұсыну.

Ақпаратты қайдан біле алатындарын балалардан сұрау. Әртүрлі дереккөздерден.

Жанды табиғат жансыз табиғаттан несімен ерекшеленеді?

Болжам

 

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырып 

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

(Ұ) «Айжан және оның гүлі» ертегісін оқып береді.

Ертегі желісі бойынша, гүлді үзудің орнына оны күтіп-баптаудың дұрыс екенін ұғындыру.

«Табиғат бұрышындағы» тәжірибелік жұмыс.

Барлық шаралардың мағынасын түсіндіру, сұраққа жауап іздеу арқылы, өсімдіктерге не қажет екенін анықтай алады, қажетті барлық ісәрекеттерді орындайды.

Өзекті жағдай: Педагог балаларға аквариумдағы балықтарды көрсетіп, балықтар туралы әңгімелеу, олардың тыныс алулары, көбеюлері, қоректенулері, қимыл-қозғалыстары, тіршілік ету орталарымен  таныстыру.

Балықтар ауасыз өмір сүре алады, себебі олар суда тіршілік етеді деп, өзінің дұрыс айтпай тұрғанын дәлелдеп беруді балалардан сұрайды.

Педагог қорытынды шығарады: балалар тіршілік иелерінің барлығы ауасыз және сусыз тіршілік ете алмайтынын айтып береді (Балалардың болжамдары).

Қорытынды: табиғат бұрышындағы аквариумдағы балықтар өздігінен қорек іздеп таба алмайтындықтан, оларға біз күнделікті көмек беруіміз қажет, сол секілді өсімдіктерге де.

(Ұ, т) Әліппе-дәптермен жұмыс

1-тапсырма. Табиғат бұрышындағы еңбек түрлерін атайды.

2-тапсырма. Табиғат бұрышында орындалатын бір еңбекті орындайды. 3-тапсырма. Табиғат бұрышындағыларды белгілейді.

(Ұ, т, Ж) Өзекті ойын жағдайы: табиғат бұрышы мен табиғат байланысы туралы қысқа бейнебаянды көрсетіп, оның арасындағы байланысын түсіндіреді (Педагог ҰОҚ-ның мазмұнына қарай бейнеролик таңдайды).

(Ұ) Динамикалық кідіріс.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Тапсырмаларды ретімен орындайды.

Табиғат бұрышы.

.

Еңбек әрекеттеріне баулып, тірі табиғатқа деген қамқорлық жасау дағдыларын қалыптастыру.

Әліппе-дәптер.

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө) Қалыптастырушы бағалау өз жұмысыңды бағалаудан тұрады. Педагог балаларға жапырақты кез келген түсті қарындашпен бояуды ұсынады:

1 (бір) деңгей – ештеңе түсінбедім.

1 және 2 (екі) деңгейлер – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын.

1, 2 және 3 (үш) деңгейлер – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіре аламын.

Әліппе-дәптер.

Түрлі түсті қарындаштар.

 

 

32-сабақ

Тақырыбы: «Қамқорлық жасау» дегенді қалай түсінесің?

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.4.3.3. Өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың тәсілдерін түсіндіру, оларды атай білу.

 Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

• «Қамқорлық жасау» деген ұғымды түсіндіре алады.

Көпшілік балалар:

Қамқорлық жасау іс-әрекеттерін атайды.

Табиғатқа зиян келтіруі ықтимал жағдаяттарды атайды.

Кейбір балалар:

Қамқорлық жасау не үшін керек екенін айтып бере алады;

Қоршаған ортаға зиян келтіретін жағдаяттармен және іс-әрекеттермен күрес жолдарын айтып береді.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

(Ұ) Ұсынылатын мәтін (мысал ретінде)

Құстардың саябаққа, бау-бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірілуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға жем шашу, қыста ұялайтын үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау – табиғатты көркейтіп, құстарды аялап, қамқор болуға үйрету.

Балаларға бағыт-бағдар бере отырып, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыта отырып өздіктерінен өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға бейімдеу.

Қызығушылығын ояту:

Ойын-өлең: Торғай.

 

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

Педагог Б. соқпақпаевтың «Қамқорлық» әңгімесін айтып береді. (Ұ) Педагог балаларға бүкіл топ ішінде жайылып қойылған суреттерді жинауды және онда бейнеленгендерді бір сөзбен атап берулерін сұрайды. (Қамқорлық). Кейіннен ҰОҚ тақырыбы тұжырымдалады: «Қамқорлық жасау».

Педагог балалардың қамқорлық жасау жайында не білетінін анықтап, бүгінгі ҰОҚ-да не білгілері келетінін, неге үйренгілері келетінін сұрайды (Балалардың пікірлері тыңдалады).

Болжамдар:

– Қамқорлық жасауға, ағаштарды отырғызу жататын шығар.

– Табиғатқа зиян келтіретін амалдарға жануарларды қоректендіру жататын шығар.

Қандай дереккөзден біз мұны біле аламыз?

Табиғатты қорғау туралы түсініктерін дамыту

Болжам

Табиғатты қорғауға байланысты  бейнеленген  суреттер.

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырып 

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

(Ұ) Презентация бойынша жұмыс.

Педагог балаларға экранға қарап, қандай заң бұзылғандығын анықтауды сұрайды. (Слайдта пайдалы және зиян іс-әрекеттер көрсетіледі. Мысалы, ағаш отырғызып жатқан бала мен ағаш сындырып жатқан баланың қайсысы заңды бұзып жатыр?)

(т) «Бұрыштар» сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы. Қамқорлық жасау керек пе, керек емес пе? Топтарда түсіндіріңдер: 1-топ – керек, 2-топ – керек емес. (Не үшін? Неге?).

Педагог балалардың назарын болжамдар ұсынуды үйренуіне аударады. Балалар бұл кезде осы тіректі пайдалануына болатындығын ескертеміз:

ықтимал

болжамдайық

мүмкін

солай дейік

ал, егер…

(Ұ, т) Әліппе-дәптермен жұмыс. (1-тапсырма бойынша сұрақтарға жауап береді.)

Педагог экология жайында түсінік береді. Бұл – табиғатты, қоршаған ортаны зерттеп, қорғауға бағытталған ғылым.

 

2-тапсырма. Суреттер бойынша әңгіме құрастырады.

3-тапсырма бойынша ережелер құрастырады.

4-тапсырма бойынша «Табиғатты қорғау» тақырыбына сурет салады.

(т) Табиғатты қорғау неге қажет?  Зиян амалдар мен пайдалы ісәрекеттерді бөліп, суреттерді тәртібімен қойып шығу.

Педагог балаларға табиғатты қорғау туралы түсініктерін қорытынды жасауға әкеледі.

(Ұ) Өзекті мәселе.

Табиғатқа пайдалы іс-әрекетке ағаш отырғызуды жатқыза аламыз ба?

БОЛЖАМДАР. Ойланшы, бұл іс-әрекет табиғатқа қалай көмектесе алды? (Ұ) Динамикалық кідіріс.

(Ұ, т) Зерттеу.

Педагог балаларға тіршілік үшін бәріміз бірге табиғатты қорғамасақ не болатындығы туралы БОЛЖАМДАР ұсынуды сұрайды? (Ағаштарды кесу. Ағаштың суреті бар карточка тақтаға бекітіледі). Ағаштарды кесіп азайтып, не тіпті жойып жіберсек, не болады, болжамдаңыз. Ал егер ағаштарды көптеп отырғызып жүрсек, не болады? (Таза ауа, желден). Сонымен жануарларды аялап, сақтауға тырысу табиғатты қорғауға жатады ма? (Қошақанды емізіп жатқан бала. Сөз жазылған карточка тақтаға бекітіледі). Өсімдіктерді қорғауға не керек? (Жарық, су. Сөздер жазылған карточкалар тақтаға бекітіледі). Осы іс-әрекеттердің барлығы қамқорлық екенін түсіндіру.

(Ұ) Өзекті мәселе.

Қамқорлық жасауға не керектігін салыстырамыз. (Қандай көмек жасасақ та, бәрі қамқорлық екен деген қорытындыға келеді).

Интерактивті тақта

 

Жарық, су. Сөздер жазылған карточкалар.

Ағаш отырғызып жатқан суреттер.

Музыкалық сүйемелдеу.

 

(Ө) Өзекті мәселе.

Біздің табиғат осы қалпында сақталып келе жатқанына не көмектеседі? (Балалардың болжамдары: көмектесу, қорғау, қамқорлық жасау,…) Тәжірибелік-зертханалық жұмыс іс-әрекеті (ҰОҚ уақытының мүмкіндігі болып жатса, педагог пен балалар іс-әрекетінің шапшаңдығына байланысты): «Қағаз неден жасалады?». Нәтижесінде балалар қағаздың ағаштан жасалынып, оны көп ысырап етпеуін үйренуі керек. Әр тәжірибенің элементі туралы сипаттау керек.

Балаларға       сурет   бойынша        тірек   сөздердің             көмегімен      сұрақтар құрастыруға тапсырма беру.

Балаларға түсінікті және қарапайым суреттерді қолдану.

Үлгі сұрақтар: қамқорлық не үшін керек екен? Біз оларға қандай қамқорлық жасадық? Табиғатқа қамқорлық дегенді қалай түсінесіңдер? т.б.

ҰОҚ-ны қорытындылап, осы ұғымдармен балалар жетік танысуы керек.

Табиғатқа қамқорлық – табиғатты зиян заттардан қорғап, оны сақтап қалу.

Пайдалы іс­әрекет – нәтижесінде жақсы көрсеткіштер болатын іс-әрекет. Зиян келтіретін амалдар – өзінен кейін жамандық қана қалдыратын амалдар.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Сұрақтарға жауап береді.

Суреттер бойынша табиғатқа қандай қамқорлық жасау керектігі туралы әңгімелейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер.

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө) Педагог балалардың өздеріне қорытынды жасатады: Жануарларға тіршілік үшін жылу, тамақ, су және ауа керек. Өсімдіктерге де осы компоненттер қажет. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау арқылы, біз табиғатты қорғаймыз. Сондықтан жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау біздің парызымыз.

рефлексивті бағалау.

Педагог балаларға жапырақты кез келген түсті қарындашпен бояп шығуға ұсыныс жасайды:

1 (бір) деңгей – ештеңе түсінбедім.

1 және 2 (екі) деңгейлер – түсіндім, бірақ түсіндіріп бере алмаймын. 1, 2 және 3 (үш) деңгейлер – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын.

Әліппе-дәптер.

Түрлі түсті қарындаштар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.      ҚР Үкіметінің 2016 ж. 13 мамырдағы №292 қаулысына 1-қосымша «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты». Астана, 2016 ж.

2.      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы. Астана, 2016 ж.

3.      «Менің алғашқы энциклопедиям», Алматыкітап баспасы, 2014 ж.

4.      «Қазақ энциклопедиясы», VI том. Алматы, 1998 ж.

5.      Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. V том. Алматы, 1998 ж.

6.      Магнит. Ғаламтордағы дереккөз.

7.      Жарық. Ғаламтордағы дереккөз.

8.      Жылу. Ғаламтордағы дереккөз.

9.      ҚР Мектепалды даярлық білім беру бағдарламасы. Астана.

10.  А.Е. Манкеш. Табиғатты бағала да аяла. Алматы. 2001.

11.  А.Е. Манкеш. Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру. Алматы. 2005 ж.

12.  А.Е. Манкеш. Экология. Оқулық. Алматы. 2009 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті мектепалды даярлық  сыныбының педагогтері!

               Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі – мектепалды даярлық пен бастауыш мектептерде білім беру сабақтастығын қамтамасыз ету. Мектепке дейінгі даярлық сыныптары мен бастауыш сыныптардағы оқыту және тәрбиелеу жұмысы біртұтас даму үрдісін құраған жағдайда осы міндеттерді орындау мүмкін болмақ. Сонымен қатар мектепке дейінгі даярлық пен бастауыш мектептің үздіксіз сабақтастығының міндетті шарттарының бірі – бағдарламалар және оқу­әдістемелік кешендерді құру қағидаларының біртұтастығы. Мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп бойынша жаңартылған бағдарламаның мазмұнын салыстырмалы талдау көрсеткендей, бұл бағдарламалардың құрылымы біртұтас тәсілдерді қамтиды:

педагогтерге өз жұмысын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға мүмкіндік беретін оқу мақсаттары жүйесінің болуы;

оқу үрдісін күнделікті өмірге және қарым-қатынас жасауға қажетті қабілеттер мен практикалық дағдыларды дамытып, қалыптастыруға бағыттау;

балалардың әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды терең шолуына бағытталған тақырыптық оқу мазмұнының болуы;

пәнішілік және пәнаралық мазмұнының кіріктірілуі;

мектепалды даярлық пен бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің ортақ үлгісін қамтитын әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету.

      Осы қағидалардың барлығы Қазақстан Республикасы Мектепалды даярлық білім беру бағдарламасының мазмұны мен құрылымында және жаңа оқу-әдістемелік кешендерінде қамтылған.

        Бастауыш мектеп бағдарламасындағы «Жаратылыстану» сабағы бойынша жетекші идеясы ортақ 4 тақырып: «Жанды табиғат»; «Жансыз табиғат»; «Физикалық құбылыстар»; «Табиғатты қорғау» атты бөлімдер негізінде пәндік мазмұнды кешенді жоспарлау болды.

Барлық тарау тақырыптары мектеп жасына дейінгі баланың сыни ойлауын көрсететін нақты үлгі ретінде балаларды үнемі толғандыратын: «Бұл не? Қалай? Неге?» т.с.с. сауалдар төңірегінде берілген. Балалар өздері куә болған адамдар әрекетінің, табиғи құбылыстардың, оқиғалардың себептерін үнемі білгісі келеді. Бұл сұрақтар баланың миын белсенді жұмыс істете отырып, ойлау қабілетін дамытады.

        «Алматыкітап баспасы» мектепалды даярлық және бастауыш мектеп оқу-әдістемелік кешенінің ерекшелігі, оқулықтар мен әдістемелік оқу нұсқауларының мазмұнында бірдей ортақ тақырыптың қамтылуында болып отыр. Бұл мектепалды даярлық және мектепте білім беру мазмұнын сапалы кіріктіруді толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл әдістемелік нұсқау қысқамерзімді жоспар түрінде орындалған ҰОҚ мазмұнынан тұрады. Жоспарлаудың бұл түрі бірінші сыныпқа арналған оқу құралдарында да бар, сондықтан ол мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп ОӘК-ін әдістемелік қолдаудың бірізділігін тағы да бір рет дәлелдейді.

      Қысқамерзімді жоспардың өзіндік айрықша құрылымы мен ерекшелігі бар:

Оқу мақсаттарының болуы (олар бағдарламада белгілі бір бөлім мен бөлімшелер ретінде берілген, сондықтан педагогтер оны өзгертпегені жөн).

Жоспарда ҰОҚ-ның сараланған мақсаттары берілген (барлық балалар, балалардың көпшілігі және кейбіреулері үшін). Бұл оқу үрдісін ұтымды саралай ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқу жоспарының құрылымы практикалық жағынан пайдалану үшін айтарлықтай қарапайым және оқу барысы үшін тиімді.

Жоспар 3 бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлімде баланың эмоционалдық көңіл күйін қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдер қаралған.

Екінші бөлімде негізгі бөлім ретінде оқу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған әдістер, тәсілдер мен құралдар буынын қамтиды.

Үшінші бөлім рефлексия түрінде қорытынды шығаруға бағытталған. Жоспардың «Ресурстар» атты айрықша тармағында дидактикалық, әдістемелік, электрондық сипаттағы әртүрлі ақпарат көздері берілген (кейбірінің электрондық мекенжайы бар). Қысқамерзімді жоспарда әліппе-дәптердің, оның ішінде жұмыс дәптерінің барлық тапсырмалары ескерілген.

               Егер әліппе-дәптерде бір ҰОҚ-да 2–4 тапсырма орындау ұсынылса, әдістемелік нұсқауда әдістемелік тапсырмалар көлемін 15–20-ға дейін кеңейтеді. Әдістемелік нұсқаудағы тапсырмалар осы әдіс-тәсілдер есебінен барынша қызықты, мазмұнды, ойын түрінде тартымды болады. Онда әдеби сөз де, сурет салу да, сахналық рөл сомдау, ойын, драмалау, ойнау, фольклор, сергіту сәті, практикалық тапсырмалар, шағын зерттеулер және т.б. бар.

              Бұл педагог осы оқу құралын пайдаланумен ғана шектеліп, өз тарапынан қандай да бір тиімді шығармашылық әдістер енгізуге немесе өздігінен өзгертуге құқығы жоқ дегенді білдірмейді. Басты шарты: жоспарда қаралған оқу мақсаттарын, тақырыпты, оның жүйелілігін, сондай­ақ әліппе­дәптерде белгіленген тапсырмалар сипатын өзгертпеу.

           Қысқамерзімді жоспардың осы үлгісін пайдалану кезінде мектепалды даярлық сыныбының педагогтерінде сұрақтар туындауы мүмкін:

Мектепалды даярлық педагогтерінің көпшілігі пайдаланған технологиялық картаның қысқамерзімді жоспардан қандай айырмашылығы бар?

Қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық карта үлгісіне ауыстыруға бола ма?

Педагог қысқамерзімді жоспарды пайдалана ма, әлде технологиялық картаны пайдалана ма – өзі шешеді. 

Бірақ қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық картаға өзгертпеген жөн, өйткені мектепалды даярлық және бастауыш мектеп жоспарларының бірізділігі мен тұтастығы бұзылады.

Қысқамерзімді жоспардың технологиялық картадан бірнеше айырмашылығы бар:

 

 

Технологиялық карта

Қысқамерзімді жоспар

1

Оқу мақсатын педагог таңдайды.

Оқыту және тәрбиелеу мақсаты оқу бағдарламасында айқындалған.

2

3 кезеңнен тұрады:

мотивациялық-қозғаушылық;– ұйымдастырушылықізденушілік;

рефлексивтік-түзетушілік.

3 кезеңнен тұрады:

ҰОҚ-ның басталуы (ҰОҚ-ға ден қоюды қамтамасыз ету);

өмірлік тәжірибені өзектендіру;

ҰОҚ-ның соңы (қорытынды, рефлексия).

3

ҰОҚ­ның негізгі бөлімі: – ұйымдастырушылықізденушілік.

ҰОҚ­ның негізгі бөлімі:

– өмірлік тәжірибені өзектендіру.

4

ҰОҚ әдістемесі педагогтің басқарушылық іс-әрекетін және балалардың іс-әрекетін қарастырады.

ҰОҚ әдістемесі әдістемелік тәсілдер, құралдар, ресурстарды пайдалану мен технология элементтерін қарастырады.

5

ҰОҚ қорытындысы:

рефлексия.

ҰОҚ қорытындысы: рефлексия.

 

Кейбір айырмашылықтарға қарамастан, екі жоспар (қысқамерзімді де, технологиялық карта да) ҰОҚ­ның үш негізгі кезеңін қамтиды, оның барысында белгіленген оқу мен тәрбиелеу мақсаттары жүзеге асырылады. Кезінде технологиялық картаны меңгерген мектепалды даярлық сыныбының педагогтеріне қысқамерзімді жоспар үлгілерімен жұмыс істеу қиындық туғызбайды, өйткені екі үлгінің құрастыру тәсілдері айтарлықтай ұқсас.

Осылайша, мектепке дейінгі даярлық ОӘК-нің жаңа үлгісіне тиімді өту мектепалды даярлық пен бастауыш мектепте оқыту мазмұнының сапалы сабақтастық байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары мектепалды даярлық тобы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по коллекторской деятельности

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Түсінік хат

Бұл әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы «Таным» білім беру саласындағы «Жаратылыстану» ұйымдастырылған оқу қызметі (ҰОҚ) бойынша дайындалған. Жаңа буынның төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалған «Жаратылыстану» оқу-әдістемелік кешені:

1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен бекіген). Аталған стандарт Қазақстан Республика сының мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды;

2. 1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекіген);

3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекіген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр. ОӘК дайындаудың негізгі мақсаты – аталған нормативтік құжаттарда көрсетілген мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы оқытудың бірізділігін сақтау. Әдістемелік нұсқауда «Жаратылыстану» бойынша ұзақмерзімді (күнтізбелік-тақырыптық), ортамерзімді және қысқамерзімді жоспарлау берілген. Оқу-әдістемелік кешеніне мыналар кіреді: • Әдістемелік нұсқау; • Әліппе-дәптер. Әдістемелік нұсқау мен әліппе-дәптер білім беру талаптарына cәйкес, мектепалды даярлық (6-7 жас) балаларының жас және психологиялық ерекшеліктері ескеріліп жасалды. Қазіргі мектепке дейінгі сатыда жан-жақты дамыған жеке тұлғаны оқытып-тәрбиелеу үшін жоғары білімдік нәтижелерге қол жеткізетін оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін белсенді оқыту мен оқудың педагогикалық тәжірибедегі заманауи стратегиялар мен техникаларды пайдалану міндеттеледі. Әдістемелік нұсқауда «Жаратылыстану» бойынша балалардың алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, балабақшада, табиғат әлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерін бақылау, түсіндіру,сипаттау, болжау біліктілігін дамытуға бағытталып, педагогтің жаңа білімді балаға қандай әдіс-тәсілдермен түсіндіруге болатындығы жан-жақты талданып, берілген.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 213 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.04.2018 26900
    • DOCX 1.8 мбайт
    • 229 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Амантаева Маржан Айтбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Амантаева Маржан Айтбековна
    Амантаева Маржан Айтбековна
    • На сайте: 6 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 124760
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 179 человек из 48 регионов

Курс повышения квалификации

Развитие профессиональной компетентности педагогов, ведущих предшкольную подготовку детей старшего дошкольного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 182 человека

Курс профессиональной переподготовки

Воспитание детей дошкольного возраста в логопедической группе

Воспитатель логопедической группы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 58 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 466 человек

Курс повышения квалификации

Педагогическая деятельность мини-музея как культурно-просветительского центра дошкольной организации

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 268 человек

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития и воспитания детей: особенности и подходы

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 15 регионов