Инфоурок Технология КонспектыСабақ жоспары: Тамақтану физиологиясы

Сабақ жоспары: Тамақтану физиологиясы

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Тамақтану физиологиясы.

Сыныбы: 5

Сабақтың мақсаты:

 білімділік: оқушыларға тамақтану физиологиясы туралы түсінік беру;

 дамытушылық: оқушыларға теориялық алған білімдерін күнделікті тіршілікте пайдалана білуге үйрету;

 тәрбиелік: оқушыларды тәртіптілікке, қарым-қатынас мәдениетіне, өзіне деген сенімділігіне тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі: аралас сабақ

 Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап

 Сабақтың көрнекілік құралы: буклет

 Пәнаралық байланыс: биология

Сабақ барысы

 І Ұйымдастыру кезеңі.

 Сәлеметсіздер ме, қыздар! Отырыңыздар. Оқушыларды түгендеп, сабаққа қажетті материалдарды тексеру.

ІІ Үй тапсырмасы.

1.     Қауіпсіздік техникасын ата.

2.     Инемен қауіпсіздік техникасын айт.

3.     Қайшымен қауіпсіздік техникасын айт.

4. Тігін машинасымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі қандай?

5. Экономика дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІІ Жаңа сабақ.

          Тамақтану дегеніміз – адамның өмір сүруі үшін, денсаулығын және еңбекке қабілеттілігін сақтау үшін қажетті қоректік заттарды сіңіру процесі. Адам организмі тамақпен бірге тіршілікке қажетті нәруыздар, майлар, көмірсуларды, сондай-ақ биологиялық белсенді заттар – дәрумендер мен минералды тұздарды алады. Организмге түскен тамақты қорытып, нәруыздарға, майларға, көмірсуларға, одан әрі жай заттарға ыдыратуда асқорыту жүйесі үлкен рөл атқарады.

         Нәруыздар аминқышқылдарына, көмірсулар моносахаридтерге, майлар глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдырайды. Бұл заттардың барлығы асқорыту процесі арқылы сіңіріліп, қан мен лимфаға, т.б. организмнің сұйық ортасына түсіп, ұлпа жасушаларына тарайды.

         Адам өмірінде дұрыс және тиімді тамақтану маңызды рөл атқарады. Тамақтану рационында тамақтың алуан түрлі болуы қажет: еттен және балықтан жасалған тағамдар, сүт өнімдері, көкөністер мен жеміс-жидектер, өсімдіктекті және жануартекті майлар.

         Тамақтану мәдениетіне ерекше назар аудару керек. Тамақты жақсы қорытылу үшін күнде бір мезгілде тамақтанған дұрыс.

Санитарлық-гигиеналық талаптар.

         Тамақты дайындау кезінде оған ағзаға зиянды, ауру тудыратын микробтар түсіп, тамақтан уланып қалмау үшін санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау керек.

Бөлмелер мен жабдықтарға қойылатын талаптар

         1. Асүй бөлмесі таза болуы қажет. Ылғал шүберекпен үнемі сүртіп отыру керек.

         2. Таза ыдысты жабық шкафка немесе жабық сөрелерге қою керек.

         3. Тамақ қалдықтарын қақпағы бар шелекке салып, дер кезінде шығарып отыру қажет.

Тамақ дайындайтын адамға қойылатын талаптар

1.     Тамақты алжапқыш тағып дайындау керек.

2.     Қолды тазалап жуу қажет.

3.     Шашты жинап, орамал тартып алу керек.

Тамақты жасауға қойылатын талаптар

1.     Мерзімі өтіп кеткен азық-түліктерді пайдаланбау керек.

2.     Азық-түлікті бөлуге, турауға жеке-жеке тақтайлар қолданылады.

3.     Тамақ әзірлеу алдында азық-түлікті мұқият жуып, тазалайды және турайды.

4.     Тотығатын металдан жасалған және сыры кеткен ыдысты пайдалануға болмайды.

Азық-түлікті және дайын тамақты сақтауға қойылатын талаптар

1.     Азық-түлік пен дайын тамақты жабық ыдысқа салады, мерзімінен артық сақтауға болмайды.

2.     Тез бұзылатын азық-түлікті тоңазытқышта сақтайды.

3.     Сақтау мерзімі өтіп кеткен, ескірген азық-түлікті тамаққа пайдалануға болмайды. Бұдан адам уланып қалуы мүмкін.

Қауіпсіздік ережелері

Электр қуатымен жұмыс істейтін аспатарды пайдалану

1.     Электр қуатымен жұмыс істейтін аспаптарды отқа төзімді тұғырға қою керек.

2.     Электр плиткасының сымдары жерге қосылуы керек.

3.     Ток көзіне қосатын баудың жұмысқа жарамдылығын алдын ала тексеріп алған жөн.

4.     Аспаптың айыртығынын құрғақ қолмен ұстап қосып – ажырату қажет.

5.     Жұмыс соңында электр аспабын ажырату керек.

Ыстық ыдыспен және сұйықтықпен жұмыс істеу

1.     Сұйықтықты кастрөлге ернеуіне жеткізбей құяды.

2.     Сұйықтық қайнағаннан кейін қыздыруды азайту керек.

3.     Ыстық ыдыстың қақпағын ашқанда, өзіңнен қашық ұстау қажет.

4.     Қайнап жатқан сұйықтыққа жарманы және басқа азық-түлікті байқап салу керек.

5.     Ыстық майы бар табаға азық-түлікті алшақ тұрып салу қажет.

6.     Плитадан ыстық ыдысты алар кезде тұтқышты пайдалану керек.

7.     Түбі майысқан, ұстағышы сынып қалған ыдыстарды пайдалануға болмайды.

Аспаптармен,керек-жарақтармен жұмыс істеу

1.     Пышақты пайдаланғанда, оны өте жоғары көтермеңдер.

2.     Пышақты бергенде сабымен ұсыну керек.

3.     Үккіште азық-түліктің өте ұсақ бөлігін үкпеңдер.

4.     Еттартқыштан азық-түлікті өткізгенде, итеру үшін түйгішті пайдаланыңдар.

Экономика сабақтарында сен не туралы білесің

         Әр адамда және жер бетіндегі барлық тірі жәндіктерде әртүрлі қажеттіліктер бар екенін білесіңдер. Қажеттілікті қанағаттандыру үшін ресурстар қажет. Қажеттіліктер шексіз, ал ресурстар әрқашан шектеулі. Сен қала мен өз еліңнің экономикасына үйрендің. Енді сендер экономика дегеніміз әртүрлі салалардан тұратын еліміздің шаруашылығы екенін білдің. Көмір мен мұнайды өндіру – өндіруші өнеркәсіптің салалары. Мал шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы – ауыл  шаруашылығының өндіріс салалары. Өндірістік және өндірістік емес салалар болады. Машина жасау – экономиканың өндірістік саласы. Көлік, байланыс – өндірістік емес сала. Осы білімді сендер экономика сабақтарынан аласыңдар.

         Сендер еліміздің қандай мемлекеттермен шекараласатынын, Қазақстанның басқа елдермен қандай экономикалық қатынастарда екенін біле аласың. Сендер ақша тарихына саяхат жасап, ақшаның не үшін және оның қандай болуы керек екенін біліп, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен танысасыңдар. Неге сауда жасау пайдалы екенін, еліміз нені экспортқа (басқа жаққа) шығарады және нені импорттан (басқа жақтан) әкелетінін білетін боласың. Сендер көп сұраққа жауап бересіңдер: біз қандай экономика кезінде өмір сүреміз? Мемлекет экономикаға қалай қатысады? Мемлекет ақшаны қалай алады және өз қаражаттарын қалай жұмсайды? Сендер көп жаңа және қызықты нәрселерді білесіңдер.

  ІҮ Жаңа сабақты бекіту.

1.     Тамақтану физиологиясы дегеніміз не?

2.     Адамның өмір сүруіне тамақтану қандай маңызды қызмет атқарады?

3.     Тамақтану мәдениеті дегенді қалай түсінесіңдер?

4.     Қандай дәрумендерді білесіңдер?

5.     Экономика дегеніміз не?

6.     Экономика сабағында біз нені үйренеміз?

Ү Сабақты қорыту. Міне, бүгін тамақтану физиологиясын таныстық.      Қалай тамақтану керектігін, санитарлық-гигиеналық талаптарды, экономика туралы білдік.

  ҮІ Үйге тапсырма. §1 оқу.

  ҮІІ Оқушының білімін бағалау.  Баға қою.

  ҮІІІ Рефлексия

  ІХ Жұмыс орнын ретке келтіру

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары: Тамақтану физиологиясы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 367 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.01.2016 2835
    • DOCX 52 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бакелекова Динара Болатхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 74447
    • Всего материалов: 28

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 295 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 091 человек

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 982 человека из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 575 человек

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Основы профессиональной деятельности эксперта в области индивидуального консультирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе