Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыСАБАК ЖОСПАРЫ "БІЛІМ ЕЛІНЕ САЯХАТ" (МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫК"

САБАК ЖОСПАРЫ "БІЛІМ ЕЛІНЕ САЯХАТ" (МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫК"

Скачать материал

БІЛІМ ЕЛІНЕ САЯХАТ

 

Оқу іс – әрекет тақырыбы: «Білім еліне саяхат»

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: «Сөйлеуді  дамыту»

Оқу іс – әрекетінің мақсаты:

Білімділігі:  Балалардың  өтілген тақырыптарды қаншалықты  деңгейде меңгергендерін  анықтау, алған білімдерін тиянақтау;

Дамытушылығы: Балалардың ойын  арқылы  ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту. Сөздік қорын кеңейту;

Тәрбиелілігі: Балаларды ұқыптылыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа  тәрбиелеу. Балалардың  оқуға деген  қызығушылығын  қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс: Математика, сауат ашу, сөйлеуді дамыту.

Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойындар.

Көрнекілігі: сандар, үй жануарлары, көкөністер, жемістер.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне  қолданылатын  жаңа технология: слайд, сын тұрғысынан ойлау, топпен жұмыс.

Сөздік жұмыс: күн, жұлдыз, жұдырық, қонжық, үй жануарлары.

Қос тілдік компонент: күн-солнце, жұлдыз-звезда, 1-10 дейін орыс тілінде санату, көкөніс-овощи, жемістер – фрукты.

Инклюзивтік әлеумет: тұйық баламен жұмыс- Мадияр және Тамирис.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: 1-10 сандарын тура, кері санауды біледі, көршісін табуды, логикалық есептерді  шығара  біледі, дыбыстарды ажыратады.

Болуы керек: Қызығушылық, топтық жұмыс, ынта.

Неге үйренді: Тапсырмаларды дұрыс орындауды үйренеді, бірін – бірі бағалауды үйренеді,  дұрыс сөйлеуге, өз ойларын толық жеткізуге үйренді.

 

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

 

Жылулық шеңбері

 

 

 

 

Шаттық шеңбері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Миға шабуыл

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру, іздену

 

 

 

 

Жаңа сабақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой толғау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топпен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті түзетушілік

Кері байланыс іс – әрекеттің бағалау кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

Оқу іс-әрекетін қорытындылау

 

 

 

Жылулық шеңбері

 

 

Балаларды шаттық шеңберге  тұрғызып, келген қонақтармен сәлемдеседі.  

Білер қазақ баласы, 

Сәлем – сөздің анасы

Сыныпқа келген қонақтарға

Әрдайым әдеппен

Ақ көңілмен ізетпен

Біздер сәлем береміз.

Күндей жарқырап

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

-         Ал балалар көңіл  күйлерің қалай?

-         Сендерге бүгінгі оқу  іс – әрекетіне  сәттілік тілеймін.

-         Жаңа оқу  іс – әрекетін  бастамай тұрып,  біраз сұрақтарға  жауап беріңдерші?

-         Қазір қандай жыл мезгілі?

-         Көктем мезгілінде қанша ай бар?

-         Көктем туралы кім әңгімелеп береді?

-         Бүгінгі аптаның қаншасыншы күні?

-         Екінші күн қалай аталады?

Жаңа оқу іс – әрекеті:

-         Бүгін балалар біз  білім еліне саяхат  жасаймыз.  Оқу іс – әрекетіміз  жарыс түрінде өтеді. Сондықтан біз  екі топқа бөліндік.

І – топ: «Күн»

ІІ – топ: «Жұлдыз»

«Күн» тобының ұраны:

Біз ақылды баламыз

Айтқан тілді аламыз

Сабақты жақсы оқып

1-    Сыныпқа барамыз.

«Жұлдыз» тобының ұраны:

Біз әдепті баламыз

Оттай болып жанамыз

Сұрақ қойса ойланып

Дұрыс жауабын табамыз.

-         Балалар бағаларымыз  жұлдызша арқылы  бағаланады, сабақ соңында жұлдызша  көп жинаған топ жеңеді.

1 – тапсырма: «Математика»

«Күн» тобы

1-    Сұрақ: 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.

2-    Сұрақ: 1 аптада неше күн бар?

Апта күндерін ата?

 

 

«Жұлдыз» тобы

1-    Сандардың көршісін тап. Тақтаға жазу.

 

2-    Қандай геометриялық пішіндерді  білесіңдер?

Дидактикалық ойын: «Өз орныңды тап»

Мақсаты: Балаларды тура, және кері санауға үйрету

 

Логикалық есептер.

«Күн» тобы

1)    Бір жұдырықта неше  саусақ бар?

2)    Қонжық екеу, табаны нешеу?

3)    Табақта үш алма, қолымда екі алма, қосқанда барлығы болады неше алма?

«Жұлдыз» тобы

1)    Ақ балапан, сары балапан, шұбар балапан, қара балапан барлығы неше балапан?

2)    Үш қоянда неше құлақ бар?

3)    Маратта 5 іні, Мұратта 2 іні. Қоссаң бес+екіні, нешеу болады?

2-тапсырма: «Сауат ашу»

«Күн» тобы

1)    Дыбыс дегеніміз не?

2)    Дауысты дыбыс дегеніміз не?

Қандай текшемен белгіленеді?

«Жұлдыз» тобы

1)    Әріп дегеніміз не?

 

2)    Дауыссыз дыбыс  дегеніміз не?

       Қандай текшемен белгіленеді?

Ойын: «Дыбыстар үні»

Шарты: дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату.

 

 

3-    тапсырма : «Сөйлеуді дамыту»

 

«Күн» тобы

1)    Көкөністерге не жатады?

Олар қайда өседі?

2)    Біздің Елбасымыз кім?

3)    Үй құстарын ата?

 

 

«Жұлдыз» тобы

1)    Жемістерге не жатады?

2)    Олар қайда өседі?

3)    Үй жануарларын ата?

Ойын: «Төлін тап»

 

 

http://sabaq.kz/wp-content/uploads/2016/04/%D0%BC%D0%B0%D0%BB.jpg

Шарты: бір-бірнен адасып қалған төлдерді енелеріне қосу.

 

 

 

«Күн» тобы тапсырма: Көкөністерді теріп себетке жапсыру.

 

http://st.depositphotos.com/1016482/2773/i/110/depositphotos_27737845-Ripe-vegetable-icon-set.jpghttps://fs00.infourok.ru/images/doc/143/166605/hello_html_m5d980389.jpg

 

«Жұлдыз» тобы тапсырма: Жемістерді теріп ағашқа  жапсыру.

 

 

 

1.     Балалар бүгінгі оқу  іс – әрекетінде  не істедік?

2.     Көктем мезгілі туралы не  білесіңдер?

3.     Сендерге сабақ ұнады ма?

Балалар екі топтың да  жұлдызшаларын санайық. Қай топ көп жинаса, сол топ жеңеді.

-         Балалар, бүгін сендер оқу  іс – әрекетіне жақсы  қатыстыңдар, барлықтарың сұраққа жауап  бердіңдер,  бәріңе сыйлық тапсырамын.

Қолымызды ұстайық

Үлкен шеңбер құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау – саламат  болайық

Балалар жақсы көңіл  күймен келген қонақтармен сәлемдеседі.

 

Балалар орындарына жайғасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жақсы

 

 

 

 

 

Көктем

3 ай. Наурыз, сәуір, мамыр

Балалар көктем туралы әңгімелеп береді.

Екінші

 

Сейсенбі

 

Қызығушылықты ояту

 

 

 

 

 

 

 

Балалар орындарынан тұрып, топтарының  ұрандарымен таныстырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1

7

 

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

 

       5      ,        9      ,

      

       7      ,   6       8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бес -5 саусақ

 

Сегіз – 8 табан

3+2=5

Барлығы

5 алма

 

1+1+1+1=4

Барлығы 4 балапан

 

2+2+2=6 құлақ

 

5+2=7 іні

 

 

 

Дыбысты естиміз айтамыз

Айтқанда ауыз қуысында  кедергі болмайды.

Қызыл текшемен

 

Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.

 

 

Көк текшемен

 

 

 

 

Сәбіз, қырыққабат, құлпынай, қызанақ, картошка, пияз

 

Жерде

Н.Ә. Назарбаев

Тауық, әтеш, үйрек, қаз, күрке тауық.

 

 

 

Алма, шие, алхоры, жүзім, банан, шабдалы,  өрік

Ағашта өседі

 

Сиыр, қой, ешкі, жылқы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар көкөністерді себеттерге жапсырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жемістерді ағашқа  жапсырады.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қойылған сұрақтарға  толық жауап берді.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті жөнінде ойларын ашық айтты.

 

 

Тәрбиеші  екі топтың да еңбегін  бағалап,  мадақтау  сөздерін айтып сабақты  қорытындылайды.

Балалар іс – қимылмен орындап, қонақтармен қоштасады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "САБАК ЖОСПАРЫ "БІЛІМ ЕЛІНЕ САЯХАТ" (МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫК""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 667 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.04.2017 1337
    • DOCX 92.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аюбаева Гулдана Мустахимкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аюбаева Гулдана Мустахимкызы
    Аюбаева Гулдана Мустахимкызы
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 36199
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование декоративно-прикладного искусства в работе с детьми дошкольного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 773 человека

Курс повышения квалификации

Проектирование и реализация деятельности педагога-организатора в соответствии с требованиями профессионального стандарта

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 691 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Современные подходы к содержанию и организации образовательно-воспитательного процесса в условиях введения ФГОС ДО

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 491 человек

Мини-курс

Волонтерство: сущность, мотивация, и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Адаптация и расстройства: понимание, преодоление, развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Мини-курс

Стартап: стратегия, развитие, и инвестиции

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе