2 сынып
Математика Сабақ №
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: 7санын қосу және азайту (74 бет)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік
Ондықтан аттайтын жағдайда 7-ні қосу және азайту тәсілдерімен
таныстыру; 7-ні қосу және азайтудың кестелік жағдайларын екі амалдан
тұратын өрнектермен, теңдеулермен, есептеулермен байланысты әр алуан
іс-әрекет барысында қолдануға машықтандыру;
Дамытушылық: Екі
амалмен шығарылатын есепті шығару тәсілін меңгеру(артық не кем,
қосындыны не қалдықты табу), ондықтан аттап қосу мен азайту
тәсілдерін қарастыру дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:
Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа
тәрбиелеу.
Сабақтың
типі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері:
Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.
Көрнекілік:
Үлестірмелі дидактикалық материал, қосу және азайту кестесі.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру:5 –тапсырма.
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.
Санға
жетіні қосу кестесін және оған сәйкес азайтуды еске түсіру. Жетіні
қосу кестесін құру.
1) +7, әйнекше орнына 7, 8, 9
сандарын қою және нәтижені жатқа айту.
2)
Осы теңдіктерді пайдаланып азайтудың сәйкес жағдайларын құру.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау
кезеңі.
Жаңа сабақ.
1-тапс ырма.
Түсіндірме мәтінмен жұмыс.
7+7 7+7=?
14-7=?
(7+3) +
4=14 (14-4)-3=7
Осы үлгіде 8+7,
9+7-ні түсіндіру
Пысықтау.
8+
7 15-7 9+7 16-7
5
2
2 - тапсырма Түсіндіре отырып шығару.(жазбаша)
8+7
15-7 7+8 15-8
3 - тапсырма.
Математикалық диктант түрінде орындау.
Өрнектерді жазып, мәнін
табу.
4 - тапсырма Есеп оқылады.
1–жәшікте
–30 кг сары май
? кг сары май бар
2–жәшікте – ? кг, одан 5
кг артық
30+(30+5)= 65 (кг) –
барлығы
Ж:
Робот – 9
? ойыншық
Қуыршақ - ? , одан 5 кем
9+(9-5)= 13 (ой.) -
барлығы
Ж:
Шығармашылық тапсырма
Ойлан, тап:
(8*3)* = 1 (8+3)-10=1
(8-3)-4=1
Қосымша
тапсырма.
Ұзындығы
өрнектің мәніне тең болатын кесінді сыз.
1 дм 5 см – 10
см = см
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: 6 –тапсырма
Оқушы білімі мен
белсенділігін бағалау.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.