Инфоурок Начальные классы КонспектыСақта жолдың тәртібін сыныптан тыс шара

Сақта жолдың тәртібін сыныптан тыс шара

Скачать материал

Сақта жолдың тәртібін!!!

 

 

Мақсаты:   

Білімділік – оқушыларды жолда жүру ережелерімен таныстыру, көшеде дұрыс жүруін ескерту, қоғамдық орындарда өздерін алып жүруге үйрету, жол белгілерін , олардың топтарын ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық – оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін, өзін-өзі ұстауын, көшеде дұрыс жүруіп тұруын, жол белгілері бойынша қиылыстан, бұрылыстан өтерде жол ережелерін есте сақтай білу қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік – жол белгілерін жатқа білуге, сақ болуға, мәдениетті сөйлей білуге, өзара достыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс

Көрнекілігі: слайд-шоу, шарлар, плакаттар, үлестірме қағаздар.

 

Барысы:

І. Кіріспе.

Сайыстың өткізілуіне байланысты қысқаша мағлұматтар. Әділ-қазылармен таныстыру.

ІІ. Негізгі бөлім.

1.  Таныстыру. (топтың атын, ұраны)

2.  Сұрақ-жауап(әр топқа сұрақтар қойылады)

3.    «Кім жылдам?» (әр топқа тапсырма беріледі)

4.    «Үйренейік, білейік». (өздері білетін жол белгілерінің суретін салып,  қорғау)

5.    Жол белгілеріне байланысты өлеңдер. (өздері білетін немесе сол бойда өздері ойластырып жол белгісіне қатысты өлең айтады

6.    Жұмбақтар

7.    Ойын  «Бағдаршам»

 

ІІІ. Қорытынды.

Жол белгілері туралы түсіндірмелер. Әділ-қазылар шешімі.

 

І. Кіріспе.

Жүргізуші: Құрметті бастауыш сынып оқушылары! Бүгінгі "Сақта жолдың тәртібін"  сайымызға қош келіпсіздер!

Жүргізуші: Шуақты өміріміз күндей күліп,                                                                      Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.                                                                                         Арманға сапар тарту мүмкін емес                                                                                                 Жол журу ережесін білмей тұрып.

Жүргізуші: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі заңды тәртіп -

Ол ортақ

Үлкен кіші баршамызға!

 

Жүргізуші: Сайыстың шарттары

1.  Таныстыру. (топтың атын, ұраны)

2.  Сұрақ-жауап(әр топқа сұрақтар қойылады)

3.      «Кім жылдам?» (әр топқа тапсырма беріледі)

4.      Үйренейік, білейік». (өздері білетін жол белгілерінің суретін салып,  қорғау)

5.      Жол белгілеріне байланысты өлеңдер. (өздері білетін немесе сол бойда өздері ойластырып жол белгісіне қатысты өлең айтады

6.      Жұмбақтар.

7.      Ойын  «Бағдаршам»

 

     Жүргізуші: сайыс болған соң сайыстың бағасын беретін әділ қазы алқалары болады. Солармен танысып өтсек.

Әр топтың бағасы барлық бөлімдер аяқталғасын айтылады.

 

Жүргізуші: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапканын білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрелік. Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сакталмаған.

Оны көше қиылысына ыңғайлап, кайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.

Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды.

 Өкінішке орай бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.

Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласына, сосын Нью-Йорк, т.б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.

Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды

 

ІІ. Негізгі бөлім.

Енді сөз кезегін оқушыларға беріп, сайысымыз бастайық.

 

1-кезең таныстыру

Шарттары:

  Әр топқа уақыт берледі.

  Берілген уақыт ішінде өздері топтың атын, ұранын ойластырады. Топтың аты жолға қатысыты болуы тиіс.

 

 

 2- кезең «Сұрақ-жауап» (әр топқа сұрақтар қойылады,  дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі)

  • Бағдаршам деген не?  (Жол бойының қозғалысын реттейтін құрал)
  • Қай түс жанғанда машиналар жүреді?  (жасыл)
  • Көлік күтетін жерді қалай атайды?  (аялдама)
  • Көшеде жаяу жүрген адамдарды кімдер дейді?  (жүргіншілер)
  • Автобус тоқтайтын жерді не деп атайды?  (аялдама)
  • Бағдаршамның «Қызыл» көзі не дейді?  («Тоқта» дейді)
  • Велосипедті көшеде неше жастан тебуге болады?  (14 жастан)
  • Бағдаршамда неше көз бар?  (Үш көз бар: қызыл, сары, жасыл)
  • Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызық.  (ақжолақ)
  • «Жолаушылар» деген кім?  (көлікке мінетін адамдар)
  • Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз?  (әуелі сол жаққа, көшенің ортасына келгенде оң жаққа қараймыз)
  • Бағдаршамның «Сары» көзі не дейді?  («Дайындал» дейді)

 

 

3.  Тап болмасын қасірет,

     Күдер үзіп жалғаннан.

     Көшені тек кесіп өт

     Бағдаршамы бар маңнан.

     Көше деген – тағылым,

     Абай болсаң, жоқ қайғы.

     Қай кезде де Тәңірің

     Сақтанғанды сақтайды.

 

Сайысымыздың 3-кезеңі – «Кім жылдам?» деп аталады. Бұл сайыста әр топқа бірдей тапсырма жазылған суреттер таратылып беріледі, жауабын көрсетіп, әділ-қазылар алқасына тапсырады.

   

 

   1-сурет бойынша тапсырма: Көшедегі жағдайға байланысты бағдаршамның көздерін сәйкес түстермен боя.

   2-сурет бойынша тапсырма: Жолда жүру ережелерін бұзбай ойнап жүрген балалар салынған суретті жасыл түспен, ереже сақталмаған жерді – қызыл түспен белгіле.

 

4- бөлім: «Үйренейік, білейік». (өздері білетін жол белгілерінің суретін салып,  қорғау)

5-бөлім: Жол белгілеріне байланысты өлеңдер. (өздері білетін немесе сол бойда өздері ойластырып жол белгісіне қатысты өлең айтады.

6-бөлім: Жұмбақтар

  Шуақты өміріміз күндей күліп,

     Жүрекке бүршік атып гүлдейді үміт.

     Арманға сапар тарту мүмкін емес,

     Жол жүру ережесін білмей тұрып.

 

  • Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ «тоқта, жүр» дейді.  (бағдаршам)

 

  • Екі аяқты, бір ізді

Үстіне мені мінгізді.

Мінгізгенмен ол менің

Аяғымды жүргізді.  (велосипед)

  • Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам.   (полиция қызметкері)

 

  • Қозғамасаң – құлайды,

Сүйемесең – сұлайды.

Құйымшақта ері бар,

Бұл не деген жануар?   (велосипед)

 

  • Көзін ашып жұмады,

Бағыт  сілтеп тұрады.  (бағдаршам)

.  

     Ала таяқ ұстаған,

    Жол тәртібін нұсқаған.

    Өміріңді күзеткен,

    Ысқырығы күшті адам.(Автоинспекция қызметкері)

 

Арқаным тым ұзын.

Ала алмайсың бір үзім.(Жол)

 

 

 

7.Ойын  «Бағдаршам»

        Кел, достарым,ойнайық,

        Ойнайық та, ойлайық

        Босқа бекер тұрмайық,

        «Қызыл, сары, жасыл» ойынын ойнайық!

  Шарты: Бағдаршамның жасыл жарығын жаққанда, балалар аяқтарын жүрген сияқты бір орында тұрып қозғалысқа келтіруге тиіс. Сары жарықты жаққанда, ду қол шапалақтайды. Қызыл жарық жаққанда, бір орында қозғалмай тұрып қалады.

 

 

4. Қызыл жарық жанғанда,

    Қалт тоқтай қал табанда.

    Сары шамы жанғанда,

    Сақ, абай бол барынша.

    Жасыл жарық жол ашық,

    Зымырай бер бел асып.

 

  4-кезеңіміз «Үй тапсырмасы» деп аталады. Өздеріңе алдын-ала тапсырма берілген болатын, яғни көше тәртібіне байланысты өлең дайындап келу. Әр топтан бір оқушы шығып оқиды.

 

ІІІ. Қорытынды.

 

-         Ал, балалар, ендігі кезекте жол белгілері туралы айтып кетсек. Барлықтарың мұқият тыңдаңдар.     

Жаяу адамдардың міндеттері  туралы  не білесіңдер ?

1.      Жаяу тротуардың немесе жаяу жолдың оң жағымен , ал олар  болмаса , жол  жиегімен немесе  велосипед жолымен жүруге  тиіс.

        Елді - мекеннен тыс  жерлерде жолдың  шетімен немесе жиегімен жүріп келе  жатқан  көліктің  жүрісіне  қарама - қарсы  жүру керек.

2.      Жолдан  өтіп бара  жатқан жаяулап  себепсіз кедергі немесе  тоқтап қалмауы тиіс . Көшеден  өтпес бұрын алдымен  сол  жаққа , ал көшенің  ортасына жеткенде  оң жаққа қарау керек.

3.      Жарқылдақ маягі және арнаулы  дыбыс  белгісі қосылған көлік жақындағанда  жаяулар жолдан өтпей тоса  тұруы тиіс.

4.      Қараңғыда жүргізушілер көлік айдап бара жатқанда ,жаяу адамдар үстіне жарық  қайтарғыш тағып алу керек.

 

Жолаушылардың міндеттері туралы не білесіңдер ?

1.      Көліктерді тек қана отырғызу алаңдары ал жоқ болса тротуарда немесе  жол жиегіне күтіп тұруға рұқсат етіледі.

2.      Жүргізушілерді  себепсіз алаңдатпау  керек.

3.      Жүк көліктердің кузовында тұруға , борт қырына  отыруына тыйым  салынады.

 

3.Көшеде  жүру  тәртібін кім басқарады ?

 

Мұғалім : - Бағдаршам жоқ  көшелерден  қалай  өтеміз ?

2-оқушы : Егер өтетін  жерде  бағдаршам  болмаса  көшеден  өте бере  әуелі  сол жаққа қараймыз. Көшенің орта  тұсына жеткенде , оң жағымызға көз  саламыз. Егер ол  жақтан  машина  келе  жатса , өтіп  кеткенше , сол орында күте  тұрамыз.

Оқушы қалай өтетінін көр сетеді.

Сақтандыру , ескерту белгісі :

Қып - қызыл  үшбұрыш,

Қауіптен сақ бол деп сәт - сапар  жолдаған.

Аман - сау жүреді  жаяу да , көлік те ,

 Мен берген белгіні  сақтаған , қолдаған.

Тыйым салу  белгісі :

Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,

Тыйымшыл белгімін , қаталмын  салмақты .

Мен тұрған жерлерде  хақың жоқ жүруге,

Қауіп  бар , бағдарла  көз салып  жан - жақты.

Міндеттеу белгісі :

Белгімін  көрсетер  жылдамдық бағытты,

Міндетті  бұрылыс , әйтпесе  қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол , шартыңды міндетті  орында !

Ңұсқау белгісі :

Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,

Үн - түнсіз жол  сілтеп , жол  нұсқап  тұрамын.

Күндіз де  , түнде  де от болып жанады,

Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым.

                                                                                                           

     Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі заңды тәртіп, 

     Ол ортақ! Үлкен – кіші, баршамызға – дей келе, сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.

              Жол жүрудің тәртібін,

               Ережесін білеміз.

               Сақтанғанда қатерден

               Сау-саламат жүреміз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сақта жолдың тәртібін!!!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сақта жолдың тәртібін сыныптан тыс шара"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный хранитель

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 401 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.02.2017 1727
    • DOCX 4.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Cабирова Альбина Еркиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Cабирова Альбина Еркиновна
    Cабирова Альбина Еркиновна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3091
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 21 региона

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1106 человек из 80 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 301 человек

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии продаж: воронка, агрегаторы и мессенджеры

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе