Қош
келдің Наурыз!
Сценарий мақсаты: Балаларға
ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық
салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік
қасиеттерін қалыптастыру.
Сценарий барысы: Мейрам өтетін
жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді.
Киіз үй керегесінен сахна жасалынады.
Ұлағатты сөздер: «Наурыз
құтты болсын!» «Жыл басы - наурыз!» «Наурыз құт әкелсін!» «Құт береке мейрамы
Наурыз жасасын!» Залда әсем әуен ойнап тұрады.
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті
қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Добрый день,
дорогие ребята, уважаемые гости! Мы приветствуем вас на праздновании весеннего
праздника Наурыз-мейрамы!
Тәрбиеші:Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз. Халқы сүйген мейрамды Қарсы алайық Наурызды! Амал күні бір-бірімізбен құшақ жая
көрісіп жыл құтты болсын айтп жақсы лебіздерін білдіреді екен. Бізде бүгін
Гүлнар бен Наурыз замандастың үйінде наурыз тойға шақырған, олай
болса тойға ән шашуымыздан шашу шашайық. Шашу шашылады. (Әже
ортаға келеді. Әже шашу шашады)
Жүргізуші: Наурыз - мейрамы – это светлый
весенний праздник пробуждения природы, вселяющий веру и надежду на свершение
самых светлых и заветных желаний.
Жүргізуші: Қандай керемет
қазағымның әр үйінде былдырлаған сәби үні естілсін. Әжелер немерелеріңіздің
өнерін тамашалаңыздар.
Би:
«Қамажай»
Жүргізуші: Наурыз
тойы-береке, Наурыз тойы-жыр аңыз. Қызып дулы мереке Қызық думан құрамыз.
Нұрдәулет: Қош келіпсің Наурыз! Арман
тойы халықтың. Қуанышы халықтың, Құтты болсын қадамың!
Дильназ: Би биледік бәріміз! Егін өңін
толқытқан, Елдің көңілін шалқытқан. Бас иеміз- Наурыз!
Димаш: Сені тойлап қарсы алып, Бар әлемге
жар салып, Сәлем бердік, біз сізге!
Тәрбиеші:
Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында
ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының
күресін жырлаған.
Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері
бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру
өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық
Ескендір:
Ата-баба
дәстүрін
Үйренуден
қашпаймыз
«Айтыс» десе
сәнденіп
Қыздар іздей
бастаймыз
Еңлік:
Біржан болып сен
келсең
Ақын Сараң мен
болам
Сәйгүлік болып сен
шапсаң
Аққу құсың мен
болам
Рамазан:
Біздің топтың
ұлдары
Шеттерінен ақылды
–ақ
Жұмбақ, тақпақ бұл
тойға
Айтып берер
тақылдап
Сезім:
Үй жабдығын бұл
тойға
Біздің қыздар
сәнденді
Қонақ күтіп, ән
салды
Ұлдарынан кем бе
еді
Ерсұлтан:
Түрлендіріп қамшы
өрсем
Қыздарың таң
қалады
Күмбірлетіп күй
шертсем
Мұнда думан
болады
Гүлханым
Мақтандың ғой
жігітім
Өнеріңді көрейік
Көрсет сәнді
қамшыңды
Біздер баға
берейік
Наурызхан
Тойға барам деген
соң
Домбыра ұстап
жетіп
ем
Шашақталған қамшымды
Үйге тастап кетіп ем
Мадина:
Қалып қойса
қамшыңыз
Тағы тойға
келерсіз
Сол қамшыны мына
бізге
Сонда сыйға
берерсіз
Нұрислам:
Қоштасайық
халықпен
Ақындарын пір
тұтқан
Сөз өнерін
шөлдегенде
Рахаттана бір
жұтқан
Тәрбиеші: Наурыз - бақыт пен шаттық мерекесі.
Наурыз – көктем мерекесі. Ендеше «Наурыз» туралы
ән шырқайық
Хор Наурыз айы туғанда
Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға,
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда.
Наурыз, наурыз, күн игі!
Күні игі жердің - түрі игі.
Бауыры жылып науат-қар,
Бабымен ғана жібиді.
Шашылып ырыс шанақтан,
Шақырып бір үй бір үйді,
Шаттанушы еді бір игі.
Осынау игі кең жерге,
Наурыз айы келгенде,
Наурыз тойын бергенде,
Көрмегендер де - арманда,
Арманда - оны көрген де.
Келіп ем өмір - орманға,
Наурыз айы келгенде.
Тәрбиеші:
Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Мағжан:
Кеңінен елге
таралған
Негізі елге
қаланған
Еңбек, шаттық жыл басы
Наурыздан басталсын
Бақдәулет:
Шырқап салған әнімен
Мерекелік сәнімен
Тойлап ойнап қыдырған
Бөлісіп ішкен дәмімен
Расул:
Ата-бабам тойлаған
Наурызым армысың
Қызығына тоймаған
Дархан дала қарлы шың
Алпамыс:
Қаусатып қар боранды
Көктем қайта оралды
Таулар тастап ақ тонын
Көк торғынға оранды
Амина:
Мерекені байырғы
Алды халқым қабылдап
Ақ дастархан жайылды
Ошақта от жалындап
Аягөз.
Күн менен түн теңелді
Жер шуаққа кенелді
Наурыз тойы - салтымыз
Соны тойлар ел енді
Меруерт:
Наурыз тойын әдемі
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді
Елнұр:
Жарқырап тұр күніміз
Жайқалсын жас
гүліміз
Наурызбен
көктемде
Көгереді
жеріміз
А.Рамазан
Наурыз айы - гүл
айы
Наурыз айы - нұр
айы
Наурыз айда
халқымның
Құлпыра түсер шырайы
Жүргізуші:
На сцене танец : «Қара жорға»
Тәрбиеші:
Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Сондықтан да халқымыздың ұлттық
аспаптарына тоқталып өткен жол болар.
Соның ішінде бәрімізге жақсы таныс домбыра. Домбыра қазақ
халқының мақтан ететін киелі аспабы. Сондықтан да халқымыз «Нағыз қазақ қазақ
емес, нағыз қазақ домбыра» деп бекер айтпаса керек.
С.Санжар:
Домбырасыз сән қайда
Домбырасыз ән қайда
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбайма
Асылай
Жорғалатқан жетіген,
Сыбызғы үні лекіген.
Сызылтады қылқобыз.
Шалып ойнар шаңқобыз.
Айдана
Домбырадай мұраны,
Қастерлеуге тұрады.
Сонда жатыр даланың,
Үні менен ұраны.
Еңлік:
Құрманғазы Тәттімбет
Домбырамен сайраған
Жүрекке от жақсын деп
Елге күйін арнаған
Медина
Тарт күйіңді,
домбыра!
Төгіл, төгіл тәтгі
күй,
Тау суындай
сылдыра,
Желпін, желпін жел
соқтыр!
Айсұлу
Тәтті-тәтті әңгіме
айт
Жаңа өмірді жыр
қыла,
Шежіре, шешен
сұңғыла,-
Құлшына тарт,
домбыра!
Аяулым
Қамыс құрай
ағаштан,
Үтікше боп
ысылған.
Үрмелі ойықтың.
Дыбысы нәзік
сызылған.
Тәрбиеші: Ал,
құрметті халайық, бесікке салу рәсіміне кезек берейік.
Тәрбиеші: Балалар,
әжелер! Ұлыстың ұлы күні еліміздің басын қосып, еркіндікке жол салған ата
бабаларымызды еске алмасқа болмас. Ол үшін кезекті «Нақыл сөздерге» берейік.
Алихан: Төле би
айтқан екен
Біліп айтқан сөзге
құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге
шың жетпейді
Өзің білмесең
білгендерден үйрен
Үйренгеннен
ештеңең кетпейді
Бекжан: Әйтеке би
айтқан екен:
Ашу бар жерге ақыл
тұрмайды
Ашу деген ағын су
Алдын ашсаң
арқырар
Ақыл деген дария
Мөлдір су боп
сарқырар
Бейбарыс: Қаз
дауысты Қазыбек би айтқан екен
Арадан шыққан жау
қиын
Таусылмайтын дау
қиын
Құр айтылған сөз
қиын
Іске аспаған іс
қиын
Тәрбиеші:
Бәрекелді, балалар! Даналарымыздың осындай ақыл сөздерін жанымызға сақтап, үлгі
етіп, мұра етіп алып жүрейік
Ойын: «Арқан
шарту»
Тәрбиеші:
Ұлыс күні кәрі жас,
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан төлдей
Жамырасып өріскен
Шалдар баға беріскен
Би Құлыншақ тобы
Тәрбиеші: балалар бүгінгі
мейрамға бізге бата беруге арнайы Қызыр атамыз да келіпті. Келіңіз, ата
төрлетіңіз. Қызыр ата батасын береді.
Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын! Наурыз тойы келе берсін! Барлық халық бақытты
болсын, Қош ,сау болыңыздар, халайық! Көріскенші күн жарық болсын!
Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз. Көжеден дәм татыңыздар.
Жүргізуші:Спасибо всем.И еще раз хотим вас
поздравить с праздником!Всех приглашаем на Наурыз коже,приятного аппетита!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.