Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Сценарий последнего звонка на тему"Үнің кетпес құлақтан"

Сценарий последнего звонка на тему"Үнің кетпес құлақтан"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

«Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау



Соңғы қоңырауға арналған әндер орындалып тұрады

Жүргізуші қонақтарды қарсы алу сөздерін оқып тұрады

1-
жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!


2-
жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар ,ардақты ұстаздар мен бүгінгі кеш қонақтары!


1-
жүргізуші: Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа
Қош келдің
, айналайын, халқым менің!

2-
жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.


1-
жүргізуші: Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, -


деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз.

Қарсы алыңыздар!


(
Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)


Алдарыңызда 11А сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Турашева Жидеш.

Сыныпта 19 оқушы.


2-
жүргізуші: Алдарыңызда 11Ә сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Ергарина Танаткан.

Сыныпта 17 оқушы.


1-
жүргізуші: 2014-2015 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған
«Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.


1-жүргізуші: Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған
.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран
.
Қазақстан Республикасының гимн орындалсын.







2-жүргізуші: Қазағым қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жай түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген
Өзімен ала келер
ырыс- несібені. – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар
1.
2.
3.


1-жүргізуші: Биылғы соңғы қоңырау мерекесі тарихи оқиғаларға толы тұста өткелі тұр:
Бұл жыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толып отыр.

Бұл жыл –Ұлы жеңіске 70 жыл .
Бұл жыл Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол!» атты Жолдауы жарияланған жыл.

Ел басымыз биылғы жылды Қазақстан халықтарының достығы жарасқан ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ АССАМБЛЕЯ жылы деп белгілеген ДОСТЫҚ жылы
Бұл жыл Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың кезектен тыс сайлаудан өтіп Президенттікке қайта сайланған жылы.


2-жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз,


- дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп басшысы Нұр Раушан Жұмажанқызына беріледі.


1-жүргізуші:Ән шырқалар бақытымен бағымен

Ән айтылса ұйып тыңда жаныңмен

Ән айтпақшы қыздарыңыз сіздерге

Өшпес ыстық,алаулаған жалынмен


ӘН: 11а сынып оқушысы ЖАҢБЫРШИНА АЙТАҢСЫҚ тың орындауында «ҚАЗАҚ ЕЛІ»

2-жүргізуші: Қайсарлы Қазақстан ұланымыз

Еліме лайық болу ұранымыз

Шығарып қазақ атын бар әлемге

Сөнбесін әрқашанда жыр – әніміз

ӘН: «ЖАСА ҚАЗАҚСТАН» орындайтын «Қалалық , облыстық патриоттық әндер » байқауының жүлдегері 11Ә сынып оқушысы Жолдасбай Айгерім

1-жүргізуші: Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,
Қайрат-күшін қажыта алмас қарсы ағын.
Өмір теңіз толқындарын көргенде
Асыл а
ға тілегіңді аңсармын, - демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарына сөз береміз:
1.
2.
3.

4.

5.

2-жүргізуші: Құрметті қонақтардың құрметіне КҮЙ «Адай» күйі

орындайтын 11Ә сынып оқушысы МАРАТОВ ДАУЛЕТ


жүргізуші: Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды, - деп,
құттықтау кезегі

бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі


1-жүргізуші:Жастың өсті санасы

Елжірейді жүрегі

Түлектерге бар болса

Жақсы тілек тілейді


2-жүргізуші: Әлі есімде әліппені ашқаным
Есімі
ңді есте мәнгі сақтадым
Ж
үрегіме нұрын құйған жылылық
К
өрген емес ешқашанда суынып

Мектеп бітіруші түлектердің бастауыш сыныптағы ұстаздары

1.Науырызбаева Гулзира

2. Жалиева Інжу беріледі


БИ « Үнді» биі орындайтын 11А сынып оқушылары



1-жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз

1 Әріп Ғалым

2 Тәженбай Жақсылық ағайларға беріледі.


Ата-аналардың құрметіне 11Ә сынып оқушысы ЕДІГЕ АЙҒАНЫМНЫҢ орындауында «АНАШЫМ»әні


2-жүргізуші: Өсу бар , танылу бар , жаңару бар

Жас ұрпақ,жалын болып таралыңдар

Мақтау боп ұстаздар мен мектебіңе

Қоғамда кірпіш болып қаланыңдар


2. БИ 11Ә сынып оқушыларының орындауында

Халықтар достығына арналған ФЛЕШМОБ

11А сынып оқушыларының орындауында ФЛЕШМОБ



1-жүргізуші: Алдарынан арман жолы ашылады

Түлектерге бақыт гүлі шашылады

Қимастықпен АЛТЫН КІЛТІН мектебімнің

Ізін басар сыныпқа тапсырады


Білімнің алтын кілтін мектебіміздің оқу озаты 10 сынып оқушысы Демесинов Айларбергенге 11 а сынып оқушысы Бақытова Гүлдана тапсырады


Гүлдананың сөзі«БІЛІМГЕ БАСТАР ЖАСТАРДЫҢ

ҒЫЛЫМДЫ БІЗДЕР ҮҢІЛІП
ӨМІРГЕ САПАР БАСТАДЫҚ
БІЛІМДІ ҚҰЙЫП САНАҒА
АЛДЫМЫЗДА КҮЛІП ҮМІТ ТҰР

ОРНЫМЫЗДЫ НЫҚ БАСАР

ШӘКІРТ БОЛЫҢ БІЛІКТІ»


Айларбергеннің сөзі Қанатын қағар ақ жолдан

Болыңдар сендер жаңа ұрпақ

Жарқыраған жұлдыздай

Қарасын жұрт таңырқап

Аяқтап бүгін мектепті

Гүлдерге толды қолдарың

Шаттықтан тіпті ес кетті

СӘТ-САПАР БОЛСЫН ЖОЛДАРЫҢ


2-жүргізуші:Қиындықтар мойытпасын сендерді

Батылдықпен асындар сан белдерді

Біліміңмен қуантсаңдар мектепті

Жақсы іспен қуантыңдар енді елді

ӘН 11А сынып оқушылары ӘРІП ШАРБАНУ мен ОҢҒАРОВА БАҚЫТ тың орындауында

«Школа ,школа »әні


1-жүргізуші: Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,
Сөз кезегі - жетекші бапкерлерде деп,


келесі сөз кезегі ұлағатты ұстаз, түлектердің сынып жетекшілері Турашева Жидеш және Ергарина Танаткан апайларға беріледі.


Хор. Түлектердің ұстаздарына арналған "Ұстазым менің"


2-жүргізуші: Бүгінгі күн алтын ұя мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас жүрек тебірентерлік сәт! Осы сәтті пайдаланып, бітіруші түлектерімізге Күлән апайымыз өз лебіздерін жолдайды.


10 сынып оқушыларының МЕКТЕП бітіруші түлектеріне ҚОҢЫРАУ тағу рәсімі


1-жүргізуші: Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Өмірге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында


деп жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді МЕКТЕП бітіруші түлектерге береміз.

1.Ембергенова Аққу

2.Маратов Даулет


ҚҰТТЫҚТАУЛАРЫ: екі сыныптың мұғалімдеріне арналған



2-жүргізуші Мектеп, мектеп бақытқа толы үйің

Ұша білсек болмаста қандай қиын

Балалықтың соңғы әні шақырып бүгін

Балалықтың билейміз соңғы биін


11а сыныбының мектеп вальсі


1-жүргізуші: Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп

Шәкірттерін баулиды тәртіпті қып

Шақырайық вальске түлектерді

Қоштасудың вальсін айтып тұрып,


11ә сыныбының мектеп вальсі






2-жүргізуші: Құшақ жайған алтын ұя ордамыз

Ұстаздарым өздеріңді қимаймыз

Балалықтың бал дәуренім келер ме

Біз өзіңді ғұмыр бойы аңсаймыз

Қош бол енді балалығым балдәуренім

Қош бол енді алтын ұя мектебім



Ән: Попури «Кош бол енді мектебім менің» Орындайтын: 11 сынып


1-жүргізуші: Ұстаздарым – ғұламалар , асқарым

Сендерден алдым білімнің қайнар бастауын

Ұшырып тұрсыз біздерді биік тұғырдан

Кеше емес пе еді ,ӘЛІППЕ бетін ашқаным


Ата-аналарым алғыстан алқа таққандар

Келешек үшін тер төгіп келе жатқандар

Кешегі сіздің балапандарың баулыған

Қыран боп түлеп қияға ұшып жатқандар



2-жүргізуші: Соңғы қоңырау.
Қымбатты мектеп бітіруші түлектер!
Алғаш қолыңа гүл шоғын алып, мектеп табалдырығын аттағаннан бері 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер.Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтың өмір белесіне асыратын қоңырау.



Соңғы қоңырау соғу салтанаты 11 сынып оқушылары ӘРІП ШӘРБАНУ мен ТӘУЕКЕЛ АБЗАЛҒА тапсырылады


Екі оқушы қоңырау соғып, олардың соңынан ілесе екі сынып залдан шығып кетеді


1-жүргізуші:

Болашағы бейне бір қызыл гүлі,

Бүлдіршінді аяласын күннің нұры

Бастасын жаңа күнге, жаңа табыс!

Бүгінгі соғылған соңғы қоңырау үні!

Бүгінгі мектебіміздің мектеп бітіруші түлектеріне арналған салтанантты жиынымыз аяқталды



2-жүргізуші: Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді - ау ерекше жүректерің.




1-Жүргізуші:
Бұл соңғы қоңырау үні... Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні.
Өмірде ілбіп, тек көшпей,
Жүретін сергек жол мынау.
Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау,
Сыңғырла, соңғы қоңырау! – деп мектеп түлектерін жаңа өмір баспалдағына шығарып саламыз.


2-жүргізуші: Қоштасады алтын ұя мектебің
Ма
ңдайыңнан сипап өтер көкте күн.
«Сәт -
сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандар
ға жеткенін - дей келе,
Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!

1-жүргізуші: Осымен 2014-2015 оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар!



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-288289
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>