Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ТАҚЫРЫБЫ: "АРТ-ТЕРАПИЯ- ӨНЕРМЕН ЕМДЕУ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТЕРАПИЯСЫ"

СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ТАҚЫРЫБЫ: "АРТ-ТЕРАПИЯ- ӨНЕРМЕН ЕМДЕУ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТЕРАПИЯСЫ"


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

«№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» ҚМҚК
















СЕМИНАР-ТРЕНИНГ


ТАҚЫРЫБЫ: АРТ-ТЕРАПИЯ- ӨНЕРМЕН ЕМДЕУ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТЕРАПИЯСЫ




















Семей 2015ж

Тақырыбы: Арт-терапия-өнермен емдеу, шығармашылық терапиясы

Мақсаты:

  • Қатысушыларға Арт-терапия туралы ұғым беру, маңыздылығын ашу;

  • Арт-терапияның түрлерімен таныстыру, тиімділерін тәжірибеде пайдалану;

  • Арт-терапияның түрлеріне арналған ойындармен танысу;

  • Қатысушылардың достық қарым-қатынасын, ұжыммен жұмыс жасауды арттыру;

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

  • Шығармашылық тапсырмалар;

  • Дамытушы ойындар;

  • Пікір алмасу;

Құрал-жабдықтар: Үн таспа, ватман, маркер, ақ парақ қағаздар, қалам, қарындаш, краска-бояулар, кубиктер, шарлар, доп, эмблемалар, әр топқа арналған куверткалар.

I. Бөлім. Ұйымдастыру кезеңі


I.1. Амандасу рәсімі. «Балалық шаққа саяхат».


-Сәлеметсіздер ме құрметті тәрбиешілер! Біз сіздерді тағатсыздана күттік және сіздермен кездескеніміз үшін қуаныштымыз. Сіздерді ортаға шеңберге тұруға шақырамын. Баяу музыка қосылады.

Қайырымды жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана.

Жалықпастан қайта біз,

Махаббат сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық әлемді,

Әлемдегі бар елді.

Бақыттымыз осы біз

Қасымызда досымыз!- тәрбиешілер шеңбер бойына тұрады, жүргізуші шеңберде нұсқау береді: қазір бір сәтке балалық шағымызға саяхат жасаймыз. Сіздерді жақын туыстарыңыз бала кездеріңізде еркелетіп қалай атады, соны есімізге түсірейік. Мысалы, мені апам кішкентай кезімде «құлыным» деп атаған. Ал сізді ше? деп допты келесі адамға береді. Ойын ары қарай жалғасады. Қаншама әдемі аттарды естідік, тамаша!


I.2. Топқа бөлу. Шеңбер бойында тұрған тәрбиешілерді үш топқа балабақшадағы топ аттарымен бөлу. Эмблема тарату. «Балапан», «Ақбота», «Қызғалдақ» топтарына бөліп, орналастыру.

Тренер: Семинар-тренинг тақырыбымен таныстыру, мақсатын ашу.


I.3. Шығармашылық тапсырма: Арт-терапия туралы әр топтың өзіндік ассоцациясы. Әр топқа ассоцация картасы беріледі. Берілген уақыт 2 мин. Әр топтан бір адам шығып топтың жұмысын қорғайды.

АРТ-ТЕРАПИЯсы туралы түсінік. Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы Арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру, немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде. Яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы қасиеттердің мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды.

Арт терапия- бұл емдеу ғана емес, сонымен креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек.

Арт терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Арт-терапия терминин ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт-терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді.

Артерапия шектеусіз және психотерапияның барлық бағыттарында, педагогикада, әлеуметтік жұмыста т.б. қолданылады.Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің жағдайын әуен, дыбыс, қимыл және сурет арқылы көрсете алады. Кейбір адамдар үшін бұл- әлемге өзі туралы өзінің шығармашыл адам екенін танытудың жалғыз ғана әдісі болып табылады. Қажет ететіндерге мұндай мүмкіндікті беру- арттерапияның ерекшелігі.

Сіздерді енді Арт-терапия түрлерімен таныстыру үшін ортаға Әйгерімді шақырамын.


II. Бөлім. АРТ-ТЕРАПИЯ түрлеріне тоқталу.

Арт терапияның ерекшеліктері- музыкалық терапия, қозғалмалы би терапиясы, драма терапиясы, ертегі терапиясы, ойын терапиясы, қуыршақ терапиясы, гүл терапиясы, фото терапия, оригами, этнотерпия, киндер-сюрприз, құм терапиясы, артсинтез терапиясы, библиотерапиясы, маска терапиясы т.б.

Музыкалық терапия

Музыка трапиясы – бұл психотерапевтикалық әдіс. Ол жағдайын емдеу арқылы музыка әсер етеді. Мұнда музыка емдік,дәрілік зат ретінде қолданылады.

Музыканың терапевтикалық әсері бұрынғы заманнан бері белгілі. Музыка терапиясының негізгі механизмдерінің әсері әдістің әр адамға ыңғайлы әрі қолайлылығын көрсетеді.

Біріншіден, ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету арқылы оның жұмыс істеуіне көмектеседі.

Екіншіден, әр музыканың өзіндік белгілері бар. Адамның белгілі бір жағдайы мен көніл-күйімен байланыса отырып, бізге белгілі бір эмоцияның пайда болуына әсер етеді.



Бейнелеу терапиясы

Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты- баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады.

Сурет салу- ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді.

Саусақ живописі- ешқандай құралдың көмегінсіз тек саусақпен бейнелеу. Ол үшін баланың әрбір саусағын әр түске матыру арқылы парақ бетіне әртүрлі сызықтар, нүктелер, саусақ ұшы таңбасының, алақанның көмегімен бейнелеу. Бұл әдіс артпедагогика мен арттерапияда белсенді қолданылады. Себебі баланың қателік жасаудың алдында, сәтсіздікке ұшырау алдындағы қорқынышты жеңу үшін қолданылады.

Бейнелеу терапиясының түрлері: 1.Поролон бөліктерімен сурет салу

2.Сабынмен сурет салу

3.Щеткамен сурет салу

4.Майшаммен сурет салу.

Ойын терапиясы

Ойын терапиясы- арттерапияның түріне жатады. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады.

Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Ойын психологиялық күйзелістен шығу үшін емдеудің бір тәсілі ретінде қолданылады.

Бала ойынға өз еркімен қатысып, ойыннан қуаныш рахатын көру керек. Балалардың ойын барысында эмоционалды әсерін мөлшерлеп, өзін қалай сезінетінін бақылаңыз.

  1. Эмоциялық жаттығуларды қамтамасыз ету- жиналып қалған жүйкелік күшті алып және ата-аналармен балалардың өмірге деген қызығушылықтарын арттыру.

  2. Күтпеген жерде болатын шабуылдан, жазалаудан, қараңғыдан, жалғыздықтан болатын қорқынышты азайту.

  3. Тез шешім қабылдай білу қабілетін арттыру.

  4. Топта өзін-өзі ұстау ережелерін меңгерту.

  5. Ата-аналармен балалардың қарым-қатынасын жақсарту.

  6. Қозғалыстағы бағыттарын және ептілікті дамыту.


Құм терапиясы(Sand play)

Құм терапиясы- адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды,жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі.

Құм терапиясы- клиенттің немесе емделушінің мәселелерін жөндеуге және бала кезінде негізгі қарама-қайшы тәртіп түрлері оған қауіпсіз түрдегі рольдік қимыл-әрекеттің түрі, бйнелеме(символика)әлемге жолдауды қолдану арқылы анықтауға көмек көрсетеді.


II.1. Шығармашылық тапсырма (коллаж). Музыка терапиясы мен бейнелеу терапиясының біріктіріліп өткізілуі.

Көңілді музыка қосылады. Әр топқа ватман мен маркер, бояулар, паралон бөліктері, сабын, майшам, щетка беріліп, тапсырманың тақырыбы баяндалады. Тақырыбы: «Менің бақытты балалық шағым». Берілетін уақыт музыка біткенше. Әр топтың жұмысы қорғалады.


II.2. Сергіту сәті. «Африкадағы жаңбыр».


II.3. Ойын терапиясы мен қозғалмалы би терапиясына арналған ойын-жаттығу.

Музыка әуенімен әр топ берілген кедергілерден би билей өту арқылы, шарларды жару керек. Шар ішінде әр қатысушыға арналған сыйлық бар. Шарды жара алмаған қатысушыға екінші мүмкіндік беріліп, өз сыйлығын алуға болады.


III. Бөлім. Рефлексия

Қатысушыларды шеңбер жасатып отырғызып, алған әсерлерімен бөлісу.



Автор
Дата добавления 11.11.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров137
Номер материала ДБ-340674
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх