Инфоурок Начальные классы КонспектыШ дыбысы және әрпі.

Ш дыбысы және әрпі.

Скачать материал

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ш дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін                             бекіту. Балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту).

 Ш дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балалардың ш дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіртіп, сол сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: кеспе әріптер, текшелер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

I.    Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

    Балаларға өткен оқу іс-әрекетінде танысқан дыбыстарын қайталайды.

                 -Алдымен дыбыс дегеніміз не?

                 -Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-            -Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

                 -Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

II.   Негізгі бөлім.

1. Ш дыбысы және әрпімен таныстыру.

-    Балалар, кім ш дыбысына байланысты тақпақ, жаңылтпаш айтып береді.

2.   Жұмбақ жасыру.

             Зулап түсіп төменге,

            Шыға алмас менсіз бөгенге. (Шана)                             

 

 

 

Шана сөзіне дыбыстық талдау жасау.

-    Шана сөзін айтып көріңдерші, ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

-          Ш әрпімен танысу: ш дыбысының баспа түрін көрсету.

-          Ш дыбысын ауада жазып көрсету.

IV.Сергіту сәтін өткізу.

             Отырып-ақ орнымда,

             Айдын көлді кешемін.

             Сен білмесең егер де,

              Былай ескек есейін. (Қимылмен көрсету).

Тіл ұстарту жаттығуы.

         Шы-шы-шы

        Әкем менің аңшы.

V.Дәптермен жұмыс.

Ш дыбысына байланысты берілген суреттердің аттарын атап, оларға дыбыстық талдау жасау. Қайшы, шаңырақ,ағаш сөздерінде ш дыбыс қай жерде тұрғанын талдау, яғни ш дыбысының сөздегі орнын практикалық жолмен түсіндіру.

Үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, ш  әрпінің баспа түрін жазады.

Торкөздегі ш дыбысының орналасқан орнына қарай сөз құрастырту. Сөз жұмбақ шешкізу.

VI.«Сөз ойла, тез ойла» дидактикалық ойыны.

Ш дыбысына сөз ойлату, сөзді дұрыс айтқан балаға ұсақ ойыншықтардан бір-бірден беріп тұрады. Сөзді көп әрі дұрыс ойлаған болса, көп ойыншыққа ие болады. Кімнің ойыншықтарының саны артық болса, сол бала ұтады. Мысалы: шана, шар, шие, машина, ағаш, шымшық.

Осы сөздерге сөйлем құрату қажет. Бұдан кейін таныс дыбыстарды есте сақтау үшін сол дыбыс басталатын нәрселердің суретін көрсетіп, қай дыбыстан басталатынын тапқызу.

Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

       Тікен-тікен тік пісте

       Қысы-жазы бір түсте. (Шырша)

VII. Қорытындылау.

-     Шырша сөзі қай дыбыстан басталады? Ш дыбысы дауысты дыбыс па?         Дауыссыз дыбыс па?

-     Неліктен дауыссыз, кәне, бәріміз айтамыз. Ал енді ш дыбысына кім тез сөздер тауып айтады?

Бір бала шана сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында дауыстап айтады.

-     Шана сөзінде қанша буын бар?

-Шапалақ ұру арқылы буынға бөлу.

«Дүкен» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар кеспе әріптермен ш дыбысы кездесетін сөздерді құрастырып жазады. Мысалы: шана сөзін құрастырған бала «сатушыдан» ойыншық шананы сатып алған болып есептеледі. Сол сияқты сатылымда машина, шие, шар, т.б. заттар болады.Оқушыларды мақтау және бағалау арқылы  сабақты бекіту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Й дыбысы мен әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: й дыбысы мен әрпін таныстыру. Й дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Тіл ұстарту мақсатында й дыбысына сөз құрау арқылы балалардың ой-өрістерін дамыту, сөздік қорын молайту. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: кеспе әріптер, суреттер.

Әдіс-тәсілдер: сөздік, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

II. Негізгі бөлім.

1.      Педагог оқу іс-әрекетін й әрпіне өлең жолдарымен түсініктеме беру арқылы бастайды.

Бұл й-дің сөз басында

Болмайды көп керегі.

Йог пен йодтың расында

Алдында тек келеді.

Соңында ол «ай»-дың да,

 Соңында ол «тай»-дың да.

Тұрады ол ортада

«Айбын» менен «Айдын»-да. Өлеңнен й дыбысы кездесетін сөздерді тапқызу: йог, йод, ай, тай, Айбын, Айдын. Буынға бөлдіру. Дыбыстың талдау жасау. И дыбысының дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру.

Әліппе-дәптердегі йогурт, айран, қой сөздеріне дыбыстың талдау жасату.

И дыбысы сөздің басында, ортасында және соңында келетіндігін ұғындыру және балалардың өздеріне мысалдар келтірту.

И әрпінің баспа түрімен таныстыру.

2.               Дәптермен жұмыс. Әліппе-дәптердегі сөздерді оқыту. Иогурт, айран, қой сөздерін оқытып, ондағы й дыбысының

орнын ажыратқызу. Й дыбысының сөздегі орнын меңгерту. Өткен дыбыстармен й дыбысын қатыстырып, сөз құрастыртып оқыту. Хормен қайталап оқыту.

                                                             Сергіту сәтін өткізу.

Орнымыздан тұрайық, Қолды белге қояйық.    Бір отырып, бір тұрып,                                         Біз тынығып алайық,Бір, екі, үш,деп Орнымызды табайық.(Қимылмен көрсетеді).

й әрпінің баспа түрін үлгі бойынша үзік сызықтарды қосу арқылы жазғызу. Бас және кіші әріптерін жазғызу.

3. Суретті ребусты шешу.

Жауаптары: айна, тай. Айна, тай сөздерінде й дыбысының сөздің қай буынында кездесіп тұрғанын тапқызу.

Өзіндік жұмыс: бос торкөздерге й дыбысы кездесетін сөздерді жазғызу.

III. Қорытындылау.Балалар бір-бірден үстел үстіндегі әртүрлі суреттердің ішінен й дыбысы кездесетін заттың атын атап, суретін тақтаға іледі.

1.    Балаларды екі топқа бөліп, й дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіргізу. Қайсы топтың балалары көп сөз ойласа, сол топ жеңіске жетеді.Й дыбысы кездесетін сөздерге дыбыстық талдау жасайды, оларды буынға бөледі.

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: О дыбысы мен әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: о дыбысы мен әрпімен балаларды таныстыру. Құрамында о дыбысы бар сөздерді талдау; 0 дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын - әрпін таныту, о дыбысы бар сөз, сөйлем ойлату арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру.

Көрнекіліктер: әліппе, мазмұнды сурет, кеспе әріптер, сызба кесте.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1. «Әріптер бағына» саяхат.

-    Балалар, бүгін біз «Әріптер бағына» саяхатқа шығамыз. «Әріптер бағына» қандай көлікпен барсақ екен?

-    Ал, балалар, ол баққа мен «Білім» көлігімен барғым келіп отыр. Ал сендер осы көлікке отыруға дайынсыңдар ма?

Онда қарап отырмайық.

- Ал, балалар, ойнайық.

Ойнайық та ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да

Шешпей оны қоймайың.

 «Оюда» бармын,

 «Допта» бармын.

«Түнде» жоқпын.

 Мен сонда қандай дыбыспын? (О)

О дыбысын үш рет хормен қайталап айтқызу. Осы дыбыспен сөздер ойлау (Ою, орындық, доп).

-    О қандай дыбыс? (дауысты дыбыс).

-    Ол сөздің қай буындарында кездеседі?

-       О дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіріңдер. (Балалардың мысалдарын тыңдау).

2.   Сергіту сәтін өткізу.

Оң қолымда - бес саусақ,

Сол қолымда - бес саусақ.

 Алақанды ашамыз,

 Бесті беске қосамыз.

 Кел, санайық ал мұны,

Нешеу болды барлығы?

Оң қолымда - бес саусақ,

Сол қолымда - бес саусақ.

Жасырып ем бесеуін,

Қалды мұнда нешеуі?

Бесеу екен қалдығы,

Нешеу еді барлығы? (Жауабы: он).

3.   Дәптермен жұмыс.

Торғай, ою, қол сөздеріне дыбыстың талдау жасау.

-     Балалар, алдымыздан қасқыр шықты. Ол біздің қайда баратынымызды сұрады. Жауапты орындауға дәптердегі үзік сызықтарды қосуымыз керек (Балалар орындайды).

-      Одан өрі жүріп келе жатқанда алдымыздан түлкі кездесті.

-      Егер дәптердің осы бетіндегі ою сөзімен үлгі бойынша сөйлем құрасаңдар, бақты өзім көрсетіп беремін, - деді ол қулана. (Тапсырма орындалады).

-   Баққа жақындағанда қарауылдың ырылдаған иті шықты.

0Л буындарды толықтырып оқып беруді бұйырды. (Балалар жарыса оқиды). Хормен қайталатып оқыту.

Дәптердегі үлгі бойынша о әрпінің кіші және бас әрпін жазады-

4. «Білім» көлігімен баққа келеді. Олар:

-      Балалар қалай оқи алады екен, көрейік, - деп мына сөздерді оқуға берді. (Торғай, ою, қол, ойна, ойла, Айна, Айша, тор, той, тол, т.б.). О дыбысының сөздегі орны мысалмен түсіндіріледі.

Балалар сөздерді оқып, оларды қатыстырып, сөйлем құрайды. Енді оларға балалар басқа да өнерлерін көрсетпек болды.

1)   «Қошақан» әні.

2)    «Қамажай» биі.

3)   Тақпақ, жұмбақтар айтылып, ішінен о дыбысы кездесетін сөздерді буынға бөледі. Отан сөзіндегі о дыбысының орнын тапқызып, «Отан» тақырыбында әңгіме өткізіледі. Балалар Отанын сүйетіндігін айтады. Отан туралы өлеңдер оқиды.

Дәптердегі торкөздің ішіндегі тапсырмадағы о дыбысының орнына қарай сөз құрастырады.

Суреттегі үлгіге қарап, оюды салады.

III. Қорытындылау.

«Әріптер бағына» барған саяхатта не үйренгендерін әңгімелейді.

-     О дыбысы дауысты ма?

О дыбысы кездесетін сөздерге бірнеше мысал келтіріп, оған дыбыстық талдау жасату.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қ дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: қ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге үйрету. Сөйлем ойлап, табуына назар аударып, олардың сөздік қорын толықтырып, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сюжетті ойын арқылы балаларды ата-бабамыздан кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын бағалап, қастерлеуге, түсінуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: сандық, торсық, жастық, қоржын, тоқылған ши, кеспе әріптері, киіз ұй суреті, сөз жұмбақ.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

I.     Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

-     Мына суреттен нені көріп тұрмыз?

-     Оны неден жасайды?

-     Балалар, мына сырмақ қандай оюлармен әшекейленген?

-    Сендер білесіңдер ме, сырмақты, тоқылған шидің арасына қойдың жүнін салып, киіз басып, оның бетіне неше түрлі ою - өрнектерді пайдалана отырып жасайды.

II.    Негізгі бөлім.

1. Тақырыпты хабарлау.

-    Ал бүгінгі оқу іс-әрекетінде қ дыбысымен танысамыз. (Балалар қ дыбысын айту арқылы оның дауыссыз дыбыс екенін анықтайды).

-     Дауыссыз дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?

-    Ал біз әріптерді көреміз бе?

Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Әжемнің қолында шыр айналар,

Шыр айналса, өзіне шыр байланар. (Ұршық)

«Шыр байланар» дегеннің мағынасын түсіндіру.

Шыр байланар - семіру.

-     Ұршық  сөзінде қ дыбысы қай жерде орналасқан?

Ұршық сөздерін тақтаға текшелер арқылы жазады, қалған

балалар орындарында дауыстап айтады.

-     Ұршық сөзінде неше буын бар?

Балалар ұршық сөзін шапалақ ұру арқылы екі буынға бөледі.

Сергіту сәтін педагог өз қалауымен өткізеді.

Қ дыбысы кездесетін сөздерді буынға бөлдіріп, қ дыбысының орнын тапқызу. Педагог сандық, торсықтың суретін немесе макетін көрсетіп, олардың аттарын ататады, буынға бөлдіреді. Мысалы: сандық сөзі екі буыннан тұрады. Қ дыбысы сөздің соңында кездесіп тұр.

-        Өзіміз ұйықтарда жамылатын көрпені, жастанатын жастықты неден жасайды екен? (Мамық).

3.   Сөз жұмбақ шешу.

Заттар салу үшін ағаштан жасалған төртбұрышты жиһаз (сандық).

Басқа төсеп ұйықтауға арналған зат (жастық).

• Ас ішетін құрал (қасық).

4.   Дәптермен жұмыс.

Ұшақ, қобыз, тышқан сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы қ дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне қ дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Үлгі бойынша қ дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі қ дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады. Сөз жұмбақ шешкізеді.

5.   Көрме ұйымдастыру.

-      Балалар, мына дайындаған көрмелеріңе қарағанда қазақтың ұлттық бұйымдарын, киімдерін жақсы білесіңдер.

Сараптаңдар білімді,

 Алмай тағы тынбаңдар.

 Жасырамын мен жұмбақ,

 Шешуін жаңылмай табыңдар.

Кіруге адам батпайды,

Аман-есен сақтайды.

                  Балалар жауабы: сандық.

Бала көтерген қаңбақты,

Батыр лақтыра алмапты.

                    Балалар жауабы: мамық.

Арқауы бір қос қалта

 Ажыраса алмайды.

 Атам қайда жол тартса,

Қанжығадан қалмайды.

                     Балалар жауабы:қоржын.

III. Қорытындылау.

1. Қ дыбысы қай дыбысқа жатады?

2.  Қ дыбысынан басталатын сөздерге мысал келтіріңдер.

3.   Осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Д дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: д дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Д дыбысы кездесетін сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырту арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Жаңылтпаш жаттатқызу арқылы тілдерін ұстарту, ауызекі сөйлеулерін дамыту. Оқу іс-әрекеті барысында еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Көрнекі құралдар: кеспе әріп, әріп таңбасы, текшелер, суреттер, домбыра, доп.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу, көрнекі.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

I.    Балалар дөңгелене тұрып, бір-бірімен қол беріп амандасады.

Жас адам жолы үлкен, жасы үлкен адамға алдымен ұмтылып: «Ассалаумағалейкұм», - деп қос қолын ұсынады. Сәлем алушы: «Уағалейкұмассалам», - деп оң қолын ұсынады. Қыздың үлкендермен сәлемдесуі: «Сәлеметсіз бе, ата? Есенсіз бе?» - деп кеудесіне қолын қойып ізет ету.

Қыз балалар мен ұл балалар сәлемдеседі.

II.   Негізгі бөлім.

1.  Педагог суреттермен балаларды таныстырады.

Қандай дыбыстан басталып тұрғанын тапқызады.

Д дыбысы. Д дыбысын ортаға қою.

Д дыбысының баспа түрімен таныстырады.

Педагог:

-    Қандай белгімен белгілейміз, дауысты ма дауыссыз ба?

-    Кәне, кеспе әріптердің арасынан д дыбысын тауып көрсетейік.

2.   Сергіту сәтін өткізу.

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп,

 Солға қарай иіліп,

 Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.

Орнымыздан тұрайық,

Белімізді жазайық.

 Жоғары-төмен қарайық,

Солға-солға түзу тұр.

Оңға-оңға түзу тұр,

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

 Бойымызға күш жинап,

Бір дем алайық. Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Сол аяқ пен оң аяқ

Кезек оны тебеді.

Ол тынымсыз домалап,

Зыр жүгіре береді. (Доп)

Бір түймелі, екі желілі,

Күйдің көрігі, әннің көлігі. (Домбыра)

Лақтырдым да әуелеп

Қағып алып: «оп», - дедім.

Жерге соқтым, секең қақты

Атаймыз оны не деп? (Доп)

4. Дәптермен жұмыс.

-    Д дыбысына мысалдар келтіріңдер.

-      Доға, доп, домбыра, дәптер, дән, бидай, долана, велосипед.

Осы сөздерді алақанмен шапалақ ұра отырып буынға бөледі. Доға сөзіне сөздік жұмысын жүргізу.

Доға атты арба не шанаға жеккенде, екі жақ шеті терте мен қамыттың құлақбауын ұстап, бекітіп тұратын ағаш сайман. Доғаны қайың, тал, үйеңкі, емен сияқты мықты ағаштардан иіп жасайды.

Д дыбысының сөздегі орнын мысалмен түсіндіріледі. Өткен Дыбыстармен д дыбысын қатыстырып, буын, сөз құрастырады. Хормен қайталайды, дәптердегі сөздерді, буындарды оқиды.

Жазу жұмысы. Үлгі бойынша д әрпінің баспа түрін жазады. «Сөйлем құра» тапсырмасын орындайды. Сөз жұмбақ  шешеді. Торкөздің ішіндегі сөздерді табады. Үш, төрт дыбыстан тұратын сөз құрайды.

5.  Сөздік жұмысын жүргізу.

Доп - жел толтырылган, резеңке, ойыншық.

Домбыра - күй ойнайтын аспап.

Дәптер - оқу құралының бірі, жазу жазамыз.

Дала - жазық жер, алаңқай.

Дән - дәнді дақылдардың бірі.

Долана - жидектің аты.

6.   Сергіту сәті.

Ал, кәнеки, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

 Байлап қойып көзіңді,

Қоршап тұрмыз айнала.

Атыңды атап шақырған,

Арамызда қай бала?

7.  Сөз жұмбақ шешу.

Тігінен: қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (домбыра).

 Көлденеңінен: 1. Теуіп ойнайтын ойыншық (доп).

2.  Арба не шанаға атты жегуге арналған сайман (доға).

3.   Жазу жазатын құрал (қалам).

4.   Екі санының алдында тұратын сан (бір).

5.  Кесе, шәйнек (ыдыс).

6.  Сөйлеп тұратын ақпарат құралы (радио).

7.  Дүниедегі ардақты адам (ана).

Сөз жұмбақтың шешуі болған сөздердің ішінен д дыбысы кездесетін сөздерді айтқызу.

III. Қорытындылау.

-   Орнымызға отырып қандай дыбыс өткенімізді еске түсірейік.

-    Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-   Д дыбысы қандай дыбыс, қалай белгіленеді?

 

 

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: М дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: м дыбысын сөз ішінен бөліп айта білу, дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру. Баспа түрімен таныстыру.

Дұрыс оқуға төселдіру. Әдемі, көркем жазуға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, көрнекілік, түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Әліппе, суреттер, кеспе әріптер мен буындар, сызбалар.

Оқу іс-әрекетінің түрі: ойын сабақ.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

I.   Оқу іс-әрекетін «Ойлап, ойна» ойынымен бастау.

- Педагог: «Мақпал мата сатып алды. Мынау - мата дүкені» деген сөйлемдерді оқиды. Балалар м дыбысы кездесетін сөздерді атайды.

II.  Негізгі бөлім.

1.  М дыбысының дауыссыз екенін айтқызу арқылы байқату, таңбасын көрсету, дыбысты дұрыс айтуға жаттықтыру.

2.  Тіл ұстарту жаттығуы.

Ма-ма-ма

Жалқау бала болма.

3.  Дәптермен жұмыс.

а) Суреттегі атаулардың әрқайсысын шапалақ үру арқылы буынға болу.

ә) Осы сөздермен бірнеше сөйлем құрату (қамшы, машина, қалам ).

б)  М дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында кездесетінін анықтау.

в) Үзік сызықтарды қосып, буындап оқыту.

г)  Әр қатарға құрамында м дыбысы бар сөздер ойлату (дыбыстық, буындық талдау жасату).

Тез әрі дұрыс айтқандарын мадақтау.

г) Тақтаға екі баланы шығарып, мата, алма сөздерін кеспе әріптерден құрату, машина сөзін қатыстырып, сөйлем ойлату. Балалардың айтқан сөйлемдерінің сызбасын тақтаға сызып көрсету.

Мысалы: «Машина жүрді» деген сөйлемде машина сөзі қай   сызыққа, жүрді сөзі қай сызыққа тән екенін сұрап, сөйлемдерді ^азғанда бірінші сөзі бас әріптен басталып әр сөз бөлек жазылатынын, соңына нүкте қойылатынын естеріне салу.

Машина сөзін буынға бөліп, бірінші буынның (ма) алдыңғы дыбысы дауыссыз, екіншісі дауысты дыбыс екеніне көңіл аударту. Буын кұрамы әртүрлі (ашық, тұйық, буынды) сөздерді оқи білуге жаттықтыру.

Жазу жұмысы. Үлгі бойынша м дыбысының кіші және бас әрпін жазғызу. Бос торкөздегі м дыбысының орнына қарай сөз ойлату. «Сөйлем ойла» тапсырмасы орындатылады.

III. Қорытындылау.

-   Сонымен, балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық?

-    М дыбысына байланысты қандай сөздер білеміз?

-   М дыбысы қандай дыбыс?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: б дыбысымен танысу сюжетті сурет бойынша әңгіме құрату арқылы, балалардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорларын молайту. Б дыбысына қатысты- рып сөздер ойлатып талдауға үйрету. Балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу. Жазу дағдысын қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: ойыншық балға, балта, балық, бүркіт, бұғы, бұзау, балапан, бақа, саңырауқұлақ, кеспе әліппе, текшелер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

-   Балалар, қазір жылдың қай мезгілі және қай ай?

-   Көктем. Мамыр айы.

-   Дұрыс айтасыңдар, көктемнің мамыр айы екен.

-   Аптаның қай күні?

Осы кезде үстелге секіріп бақа шыға келеді.

-    Мынау не екен, балалар?

-    Бақа бізге неге келді екен, мен сұрап көрейінші. (Құлағын тосқан болады).

-      Балалар, бақа бізге қонаққа келіпті, сендермен бірге болғысы келеді.

Балалардан бақаның қимылын жасауын және бақа туралы ән айтып беруді сұрайды.

- Бақа, бақа, балпақ, Басың неге жалпақ?

-   Темір телпек көп киіп, Басым содан жалпақ.

-    Бақа, бақа, балпақ, Бұтың неге талпақ?

-    Су бетінде көп жүзіп, Бұтым содан талпақ.

-   Өте жақсы айттыңдар, балалар, таныс емес қай дыбыс?  Б дыбысы

II. Негізгі бөлім.

1. Педагог балаларға ойыншық балға, балтаны көрсетеді, балалар педагог көрсеткен заттардың аттарын атайды. Олардың ортақ аттары құрал-саймандар екені айтылады. Осылайша басқа да ойыншықтар: балық, бүркіт, бұғы, бұзау, балапан және бақаны көрсетіп, аттарын ататқызады.

-   Осы сөздердің барлығында б дыбысы қай жерде түр?

-   Шалбар деген сөзде б дыбысы бар ма?

-   . Бұл сөзде ортасында естіліп тұр.

-      Енді осы б дыбысын дауыстап айтып көрейікші, не байқадыңдар?

Балалар б дыбысын дауыстап айту кезінде еріндерінің бір- біріне тигенін айтады.

Жаңа дыбысты бір-біріне қарап дыбыстатып айтқызу.

-    Б дыбысын созып айтып көрейікші, созып айтуға келе ме екен?

-     Жоқ, б дыбысын созып айтуға келмейді. Б дыбысын ы дыбысының көмегімен ғана созып айта аламыз.

-     Олай болса б дыбысы қандай дыбыс екен? Дауысты ма, әлде дауыссыз дыбыс па?

-   Дауысты дыбыстар қалай айтылады және оларды қандай текшемен белгілейміз? Ал дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз? (Балалар қызыл және көк текшелерді ретімен көрсетеді).

Б дыбысына келетін сөздерді буынға бөлдіріп айтқызу. Балға,шалбар

Дәптермен жұмыс.

а)  Бөрік, барабан, клуб сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы қ дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне б дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

ә) Жазу жұмысы. Үлгі бойынша б дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі б дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап сала- ды. Торкөздегі «оюды қайталап сал» тапсырмасын орындайды. Сөйлем құрайды.

б) Кеспе әріптен б-ның бас әрпі мен кіші әрпі көрсетіледі. Педагог тақтаға жазып көрсетеді. Балаларға ауада екі-үш рет ауада жаздырады. Дәптерге б әрпін үлгі бойынша жазады.

4. Сергіту сәтін өткізу.

Бала-бала, балақан, Кәне, қайсы алақан? Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат.

Қызыл, көк текшелермен (дауыссыз дыбыс - көк текше, дауысты дыбыс - қызыл текше) сөз құрастыру. Қай бала сөз жылдам құрастырса, сол бала тақтада да көрсетеді. Алғашқы орындаған төрт балаға жаздыру. Мысалы, Бота, арба, балға, саба.

Балаларға б дыбысына сөз құратқызу. Мысалы, бесік, бор, бақа,  бағдаршам, т.б.

Б дыбысынан басталатын балалардың аттарын атату.

5.  Жұмбақ шешкізу.

Табада бар,

 Танада жоқ.

Сабада бар,

Санада жоқ.

- Шешуі: б дыбысы.

6.  Тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыру. (Саңырауқұлақты паналаған балапандарды бейнелеген сурет).

Сөйлемдер құрастыру.

1. Жаңбыр жауды. 2. Саңырауқұлақ үлкен болып өсті. 3. Балапандар саңырауқұлақ астын паналап тұр.

7.  «Саңырауқұлақ» дидактикалық ойыны.

Шарты: балалардың ішінен біреуі «саңырауқұлақ» болып сайланады. Қалғандары «балапандар» болады. «Саңырауқұлақ» қолшатырды ашып, отырады. Педагогтің «жаңбыр жауды» деген белгісімен орнынан жайлап тұрады. «Балапандар» «саңырауқұлақтың» астына жиналады.

Балапан сөзін буынға бөлу.

«Екінші буыным қайда?» ойыны.

Шарты: бұзаудың суретін көрсетіп «бү», - дейді, балалар «-зау», - дейді. Бүркіттің суретін көрсетіп «бүр», - дейді, балалар «-кіт», - дейді.

III. Қорытындылау.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы б дыбысы және әрпі туралы алған білімдерін бекіту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: С дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: с дыбысы және әрпімен таныстыру. С дыбысына сөз, сөйлем құрастырту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, баспа әріп жазуға жолдарын үйрете отырып, таза, сауатты жазуға үйрету.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: кеспе әріп кассасы, түрлі түсті суреттер, жұмбақтар жинағы, с дыбысының баспа жәнө жазба түрі, әліпби.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.  Балалар шаттық шеңберінде тұрып, «сәлем», «сәлеметсің бе?», «амансың ба?» деген сияқты сәлемдесудің бірнеше түрін қайталайды.

2.   Өткен дыбыстарды қайталау. Сөз құрастыру. Құрастырған сөзді буынға бөлу. Сөйлем құрастыру.

II. Негізгі бөлім.

1.  Әліпбиден а және с дыбыстарын тапқызу.

Кеспе әріптен осы әріптерді тапқыза отырып, текшеге буын қүрастыру.

А, -ас, -са, -ес, -со, т.б. буындардан сөз, сөйлем құрастыру: тас, кес, сан, т.б.

2.   «Мен айтайыншы!» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог ауаға кез келген әріпті жазады. Балалар сол әріпті тауып, педагогтің құлағына сыбырлап айтады.

С дыбысының айтылуын, қандай дыбыс екенін түсіндіру.

С дыбысы айтылған кезде тілдің ұшы астыңғы тіске тіреле отырып белгілі кедергі арқылы шуылдап шығады (хормен да- уысты төмен және жоғары көтеріп айту). С дыбысы - дауыссыз дыбыс.

3.    «Көкөністер жинау» ойыны. Шарты: педагог жұмбақтар жасырады.Балалар жұмбақтардың шешуі болған көкөністердің суретін не мульяжін себетке салады. Мысалы:

Жаздай інге тығылып, Жатқан қызыл түлкіні. Құйрығымен суырып, Әкелді әжем бір күні.

Шешуі: сәбіз.

Сәбіз сөзін буынға бөлгізу арқылы с дыбысы қай буында түрғанын тапқызу.

4.   Сергіту сәтін өткізу.

Бір, екі, үш Жинап алып күш.

Қолға қалам аламыз,

С дыбысын жазамыз.

5.  Тіл ұстарту жаттығуы.

Са-са-са

Ызыңдайды маса.

6.  Дәптермен жұмыс.

Асық, сандық, күнбағыс сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы с дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне с дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді қүратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы. Үлгі бойынша с дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі с дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады. Сөзжұмбақ шешкізеді. «Сөйлем құра» тапсырмасын орындайды.

Сақинаны салғызды,

Сарымсақты, сәбізді.

Бастап тұрған қай әріп

Сапсыз орақ тәрізді? (С)

III. Қорытындылау.

С дыбыс кездесетін сөздерге мысалдар келтіріп, оларды буынға бөлу.

Сөйлем құратып оған дыбыстық талдау жасату.

 

 

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ы дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: жаңа ы дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру; ы дыбысы бар сөздер айтып, талдау; сөйлем, сөз туралы ұғымдарын кеңейту. Балалардың сөздік қорларын толықтыру. Жазу дағдысын қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: кеспе әліппе, текшелер, сюжетті суреттер, үлестірмелі суреттер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.  Балалар жақсы тілектер айтады.

2.   Өткен дыбыстарды қайталату.

«Кім білгіш?» ойыны арқылы өтілген дыбыстарды қайталау.

Ойын шарты: педагог дауысты дыбысты атаса, балалар екі қолдарын жоғары көтеріп шапалақтайды, ал дауыссыз дыбысты атаса, еңкейіп тізелерін шапалақтайды.

3.    Педагог балаларға сюжетті суретке қарап әңгіме құратады.

Бцл - ас бөлмесі. Айжан үстелдің үстін жинады. Ол шыны, қасық, тәрелкелер жуды.

-     Балалар, енді шыны, қасық, тәрелке, шәйнектерді бір сөзбен қалай айтуға болады.

-    Сөздің басында қандай дыбыс естіледі?

Ы дыбысының бас және кіші әріптері көрсетіледі.

-   Айтылуына қарай қандай дыбыс деп ойлайсыңдар? Жуан айтыла ма, жіңішке айтыла ма?

-    Демек, ы дыбысы - жуан дауысты дыбыс.

Ыдыс сөзіне дыбыстық талдау жасатады.

Ы дыбысы қызыл текшемен, д дыбысын көк, ы дыбысын қызыл, с дауыссыз дыбысы көк текшемен белгіленеді. Қызыл, көк текшелер бойынша ыдыс сөзінде неше дауысты, неше да- уыссыз дыбыс бар екені анықталады.

Кеспе әріптермен ыдыс сөзін буынға бөліп жазу, оны оқу.

3.   Тіл ұстарту жаттығуы.

Ыс-ыс-ыс Келіп қалды қыс.

4.   Дәптермен жұмыс.

Ыдыс, мысық, қозы сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ы дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ы дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді, сөйлемдерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы. Үлгі бойынша ы дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі ы дыбысының орнына

қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады. Сөзжұмбақ шешкізеді.

5.  Сергіту сәтін өткізу.

Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай бөбектер Үп-үлкен боп өседі.

Үлестірмелі суреттермен жұмыс жүргізу.

Балаларға балық, қайық, мысық, қайшы суреттері таратылады. Балалар әр суреттегі заттың атын атап, сөйлем құрастыруы керек. Тақтаға сөйлем сызба бойынша жазылады. Мысалы: 1. Балық суда жүзіп жүр. 2. Мысық мияулады. З.Айнұр домбыра тартты. 4. Әжемде қайшы бар.

-   Әр сөйлемде неше сөз бар?

6.  Қол жаттықтыру жұмысы.

Ауада жазу.

Дәптерге жазу.

III. Қорытындылау.

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны. Балаларды екі топқа бөлу. Ы дыбысына қай топ көп сөз ойласа, сол топ жеңіске жетеді.

 

 

 

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ж дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: ж дыбысының айтылу, дыбысталу артикуляциясымен таныстыру. Ж дыбысын басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік, жұмбақ, ребус (суретті жұмбақ) шешу, т.б.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: ойыншықтар, суреттер, кеспе әріптер, әртүрлі текшелер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

-    Балалар, бүгін ауа райы қандай?

-   Ауа таза екенін қайдан білдіңдер?

-    Өте жақсы, балалар. Ал енді аптаның ңай күні?

-    Ендеше жұма күнді қандай күн деуші едік?

-    Көңіл күйіміз қалай?

-     Ендеше, балалар, осы жақсы көңіл күйімізбен сабағымызды бастайық.

-      Балалар, біз бүгінгі күнге дейін бірнеше дыбыстармен таныстық.

-    Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-    Қандай болып екіге бөлінеді?

-    Олай болса мен бұрын танысқан дыбыстарды көрсетемін, оларды айтамын. Егер мен көрсетіп атаған дыбыс дауысты дыбыс болса қызыл текшелеріңді, дауыссыз дыбыс болса көк текшелеріңді көтеріңдер.

-    Ал, бүгін оқу іс-әрекетін «Кім тапқыр?» деген ойынмен бастаймыз. Дыбыстарды жеке-жеке атаймын, сендер текшемен белгілейсіңдер.

Текшелерін котеріп белгілеу арқылы қанша дыбыс таңбасымен танысқандарын атап өтеді. Оның ішінде дауысты, дауыссыздарын ажыратады.

II. Негізгі бөлім.

1.   «Алма жинау» дидактикалық ойыны.

-    Мына алма ағашында алмалар пісіп түр екен. Әр алманың артында дыбыс таңбасы (әріп) жазылған, дыбысты атап, сол дыбысқа байланысты сөз құрап, мына үлкен себетке саламыз. Аталған сөздерді буынға бөлу.

2.   Тіл ұстарту жаттығуы.

Жа- жа-жа Менің атым - Қожа.

3.                                      Дәптермен   жұмыс.

а) Әже, жолбарыс, морж сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы с дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ж дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

ә) Жазу жұмысы. Үлгі бойынша ж дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі ж дыбысының орнына

қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады. «Сөйлем құра» тапсырмасын орындайды.

4.   Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)

Ішіне тамақ салынған,

Есігі тастай жабылған. (Жұмыртқа)

5.     Бұдан кейін «Кім жылдам?» ойыны арқылы тақтаға ілінген суреттегі заттардың атауларын атату. Буынға бөлгізу. Дыбыстың сөз басында, ортасында, аяғында келетінін балаға өздеріне байқатып атату, аңғарту.

Суреттер: жылқы, жапалақ, жұлдыз, көжек, морж.

-     Енді, балалар, осы сөздеріңе текшелеріңмен дыбыстық талдау жасайық. Неше дауысты, неше дауыссыз екенін ажыратып анықтаңдаршы.

-     Өте жақсы, балалар. Енді қолымызды шапалақтап үру арқылы осы сөздерді буынға бөлейік.

6.    «Біз зерекпіз» ойыны. Шарты: педагог сөздерді ретімен айтады. Балалар осы сөздерден ж дыбысы бар дыбыс, буын, сөз кездескенде қолдарыңды шапалақтайды.

Мысалы: 1. П, б, с, Ж, Лу Ж} т, б. (Дыбыс)

2.   На, са, жа, ла, за, жу, т.б. (Буын)

3.   Таға, саға, жаға, алға, жылға (Сөз)

-   Мынау ж дыбысының таңбасы - ж әрпі. (Ж әрпі көрсетіліп, тақтаға ілінеді. Ж дауыссыз дыбыс екенін тағы да қайталап, анықтау. Баспа түрін көрсету).

Сергіту сәтін өткізу.

Топ-топ етіп басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса-жаса жарқын күн,

Жаса-жаса алтын күн.

7.  Педагог Ж. Смақовтың «Жау, жау, жаңбыр» деген өлеңін оқиды. Өлеңнен ж дыбысы кездесетін сөздерді тапқызу. Мысалы: жау, жаңбыр, т.б. Ж дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтірту.

-    Жүзім, жүзік, жылан, т.б.

«Менің көжегім» тақырыбы бойынша тақтаға сурет салу. Салған суретке сөйлем құрау, талдау. «Көжек сәбізді жақсы (көреді) жейді».

III. Қорытындылау.Ж дыбысы бар сөздерді атату.

Үстел үстіндегі ойын: әртүрлі ойыншықтар алдын ала матамен жабылып қойылады.

-      Ал, балалар, мына матаны ашамын, астынан бірнеше ойыншықтар көресіңдер. Сол ойыншықтардың ішінен ж дыбысынан басталатын ойыншықтарды тауып атын атап, буынға бөлесіңдер. (Жылқы, жолбарыс, жылан, жүзік).

-    Балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық?

-    Ж дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

-     Өте жақсы, балалар. Олай болса, «Жау, жау, жаңбыр» әнін айтып жіберейікші. Бәрі қосылып айтылған осы әнмен сабақ аяқталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ұ дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: ұ дыбысы және әрпімен таныстыру.

Жеке сөздерді оқуға және тез оқуға дағдыландыру. Ұқыптылыққа, әдемі жазуға дағдыландыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

Көрнекіліктері: суреттер, кеспе әріптер, буындар.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.    Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектермен, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

2.   Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Шыр айналып биші қыз Билеп-билеп алады.

Өз бұрымын беліне Орап түсіп барады. (Ұршық)

Ұршық сөзіне дыбыстық талдау жасау.

II. Негізгі бөлім.

Тіл ұстарту жаттығуы.

Ұс-ұс-ұс

Қарлығаш - киелі құс.

Дәптермен жұмыс.

Ұя, құдық, бұзау сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ұ дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ұ дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздерге мысал келтірту. Дәптердегі буындарды, сөздерді оқыту.

Үлгі бойынша ұ дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі ұ дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады. «Сөйлем құра» тапсырмасын орындайды.

Суреттерге қарап дыбыстық талдау жаса. Ұлу, ұя, бұғы, ұршық.

Тордағы әріптерден сөз құра.

Үзік сызықтарды қос. Буындап оқы.

Ұ-лу, ұ-я, бұ-лан, сүр.

Ұр-шық, құ-лан, құр.

Жаңылтпаштар жаттау.

Тұз - мұздай Мұз - тұздай.

Талап - тұлпар Білім - сұңқар.

4. Сергіту сәтін өткізу.

«Ұшты-ұшты» ойыны.

Ұшты-ұшты қарға ұшты. (Балалар қарға сияқты ұшады).

Ұшты, ұшты етік ұшты. (Қолдарын көтеріп ұшпақ болған бала айыбын өтейді).

III. Қорытындылау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ң дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Құрамында ң дыбыстары бар сөздерді талдау, оларды ажырата білуге, ң дыбысы жөнінде дұрыс ұғым алуға үйрету. Балалардың тілдерін дамыту, сөздерді дұрыс оңуға баулу. Табиғатты, жабайы аңдарды қорғауға тәрбиелеу. Олар табиғаттың бір бөлігі екенін түсіндіру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: суреттер, кеспе әріптер мен буындар.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

I.   Жаңа тақырыпты хабарлау.

- Балалар, бүгін біз «Орманда» деген тақырып бойынша жұмыс жасаймыз.

-    Орманда тіршілік ететін жануарларды атаңдар (қасқыр, аю, түлкі, қоян, т.б.).

-     Оларды бір сөзбен не деп атаймыз? Яғни жалпы атауын атайық.

-    Енді, балалар, аң сөзімен сөйлем құрап көрейікші.

-    Ал «Орманда» деген тақырыпқа кім шағын ертегі құрап береді?

II.   Негізгі бөлім.

1.    Аң сөзін буынға бөлу, дыбыстарды ретімен ататып, ң дыбысының қай дыбыстан соң тұрғанын сұрау, оның дауыссыз екенін түсіндіру.

-    Ң дыбысы қай дыбысқа ұқсайды?

Ң дыбысын жеке дыбыстату арқылы, айтылуына көңіл аударту.

Бір қатарға н, екіншісіне ң дыбысы бар сөздерді ойлап айтуды тапсыру. Ол сөздердегі н, ң дыбыстарын салыстыра отырып талдау жасау, бұлар қандай дыбыс екенін айтқызу, н әрпінен ң әрпінен айырмашылығы барын түсіндіру, аң сөзін дауыссыз, дауысты дыбыстар белгіленген текшелермен құрап жазу.

2.   Сергіту сәтін өткізу.

Суреттегі аңдардың қимылын келтіру.

Тіл ұстарту жаттығуы.

Ың- ың- ың Қандай биік шың.

4. Дәптермен жұмыс.

Зеңбірек, қаңбақ, қайың сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ң дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ң дыбысының сөздің ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Ң әрпін ауада жазып көрсету, балалардың өздеріне жаздыру. Дәптерге ң әрпін бастырып жазады.

Сызба бойынша үш сөзден тұратын сөйлемдер құрату.

Суретті ребусты шешкізу. Шешуі: қайың.

5.  Жұмбақ шешу.

Қос арғымақ мінемін, Жолсызбен - ақ жүремін. (Шаңғы)

Дың-дың соғыламын, Мектептен табыламын. (Қоңырау)

-   Шаңғы сөзі қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.

-      Шаңғы, қоңырау сөздерін қима әріптерінен құратып, буынға бөлдіріп талдату, буын санын анықтау, үлгісін салдыру.

6.  Жаңылтпаш айтқызып, оны жаттату.

Шапсаң, шапшаң, Бұрқырайды ақ шаң.

III. Қорытындылау.

-   Бүгінгі танысқан дыбыс қандай дыбыс?

-   Ң дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба?

-   Қандай тақырып бойынша жұмыс жасадық?

-   Орманда нелер мекендейді?

-   Аң сөзін қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.

 

 

 

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Е дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: өтілген дыбыстар туралы балалардың білімін бекіту. Дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту, ребустар шешу). Дамыту ойындарын ойната отырып, игерген білімдерін бекіту. Е дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балалардың е дыбысы бар сөз, сөйлем ойлатып байланыстырып

сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу. Қолдарын жазуға машықтандыру.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: кеспе әріптер, текшелер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

1.  Ұйымдастыру кезеңі.

-    Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-   Аптаның қай күні?

-    Балалар, біз сауат ашу сабағында қандай дыбыстармен таныстық?

-   Дыбыс дегеніміз не?

-   Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-   Дауысты дыбыстар қалай аталады?

-   Дауыссыз дыбыстар ше?

-    Дауыссыз дыбыстарды дауысты дыбыстар сияқты емін-еркін айта аламыз ба? Себебін айтыңдар.

-   Дауысты дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?

2.  Тіл ұстарту жаттығуы.

Ыс-ыс-ыс Болсын мол ырыс.

II. Негізгі бөлім.

Жұмбақ шешу.

Егер мен /к-ден бастасам, Тісі жоқтың бірімін. К-ні алып тастасам, Аяқкиімнің бірімін.

(Кетік-етік)

Етік сөзіне дыбыстық талдау жасау және осы сөзді текшелермен жазу. Шапалақ үру арқылы буынға бөлдіру. Е дыбысына келетін сөздерге мысалдар келтіру және е дыбысы кездесетін сөздері бар жұмбақ - жаңылтпаштар айтқызу.

Дәптермен жұмыс.

Кесе, елік, ескек сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы е дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне е дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер

ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Е әрпін ауада жазып көрсету және балалардың өздеріне ауада жазғызу. Дәптерге жазу.

3.   Сергіту жаттығуын педагог өз қалауы бойынша өткізеді.

4.   Сызба бойынша сөйлем құрастыру.

5.   Суретті ребус шешу. Шешуі: кеше. Кеше сөзіне дыбыстық талдау жасату арқылы е дыбысының сөздің ортасында және соңында келіп тұрғанын түсіндіру.

6.      «Балықшы» дидактикалық ойыны. Ойынның шарты: балалар аквариумнен магниттік текшелерді қармақпен аулап алады да, текшедегі қандай әріп, қандай дыбыс екенін тауып, сол дыбысқа сөз құрату.

7.   « Сөйлемді жалғастыр» ойыны.

1.  Ерден атай ауылдан ...

2.   Мен қызықты ертегі...

3.  Аулада емен ...

III. Қорытындылау.

«Дүкен» ойыны. «Сатушы» сайланады. Балалар сатушыдан ойыншық кесе, күрек, т.б. ойыншықтарды сатып алу керек. Ол үшін ойынға қатысушы бала өзіне ұнаған ойыншықтың атын айтады және оған дыбыстық талдау жасайды.

Соңынан балалар тақта алдында әріптерді тауып текшемен кесе, күрек, ешкі, ел сөздерін жазады.

3. Оқу іс-әрекеті сұрақ-жауап әдісі арқылы бекітіледі.

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: К дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: к дыбысымен таныстыру. К дыбысына тіл ұстарта отырып сөз құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасату.

Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақ- тау, ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды к дыбысы бар сөз, сөйлем ойлауға үйрету. Әдемі жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекіліктері: к дыбысының баспа түрі, текшелер, кеспе әріптер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.    Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

-    Балалар, қазір қай мезгіл?

-    Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

2.   Тәрбиеші жұмбақ жасырады.

Өз атын өзі шақырады.

Сөйтіп күнді батырады. (Көкек)

III. Негізгі бөлім.

1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

-    Көкек сөзінде бірінші қандай дыбыс?

-    Кім к дыбысына байланысты адам аттарын атайды?

-    Енді осы адам аттарында к дыбысы қай жерде тұрғанын талдайық.

-    К дыбысының айтылу ерекшелігіне тоқталады.

-   К дыбысы - дауыссыз дыбыс, дауыссыз дыбыс көк текшемен белгіленеді.

Жаңа үйретілген к дыбысынан сурет арқылы өлең жолын жаттату:

К дыбысы мен әрпі

Көркем ғой Көктөбе деп,

Ұшып жүр кептер, көбелек.

Жайнатып тұр маңайды,

Күн нұры көктен себелеп.

Дәптермен жұмыс.

Күшік, кенгуру, бүркіт сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы к дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне к дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

К дыбысын ауада жазу.

К әрпін баспа түрін жазамыз. Үлгі бойынша к дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі к дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. «Сөйлем құра» тапсырмасын

орындату.

Торкөздердің ішіне сөз құрау: көк, көше, киік, күрек, көлшік, т.б.

4.   Сергіту сәті.

Дыбыстан қашып,

Қаққан безек.

Қорқақ жасық.

Бүл не? (Көжек)

Осы өлеңді балаларға қимыл арқылы 2-3 рет қайталату арқылы орындату.

5.    «Дауысты ма, дауыссыз ба?» ойыны. Шарты: балаларды 3 топқа бөледі. Тақтаға а, о, б, в, г, г, д, е, е, ж әріптерінің үлгісі ілінеді.

Сол үлгіні педагог өзі көрсетіп тұрады. Үш топтың балалары сол көрсетілген дыбыстың дауысты не дауыссыз екенін тез ажыратып айтулары керек. Егер шатасса, келесі топ балалары жауап беріп, ұпай санын жинайды.

6.   Тіл ұстарту жаттығуы.

Кекілік-ау, кекілік,

Кетіп қалма секіріп.

Музыка әуенімен төмендегі буындарды әндетіп айту.

Ка-ка, ко-ко, ку-ку, кэ-кэ, ки-ки, ке-ке.

Қол жаттықтыру дәптеріне к дыбысының жаттығу жұмысын орындату.

Педагог төмендегі мәтінді оқып, балалар оның ішінен к ды- бысы кездесетін сөздерді табады. Сол сөздерді буынға бөледі.

Көкен ауылда тұрады. Ауылдың қасында көл бар. Көлдің суы мөлдір, таза. Еркебұлан, Назкен көлге шомылып, Еркебұлан балық аулады.

III. Қорытындылау.

1. «Қай дыбысты дыбыстадым?» ойыны. Шарты: педагог өтілген дыбыстардың бірін дауысын шығармай айтады. Балалар педагогтің аузының қимылына қарап, сол дыбысты тауып айтады.

. Жұмбақтар шешкізу.

Жұп-жұмыр жоны бар,

Инеден тоны бар,

Түйреген түрпі.

Бүл не? (Кірпі)

               Ақ сандығым ашылды,

               Ішінен жібек шашылды. (Күн)

-      Кірпі, күн сөзінде неше дыбыс бар, бірінші қай дыбыс естіледі? К дыбысы қай жерде келіп тұр?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: I дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: і дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру; сөзге дыбыстық талдау жасату; оқуға, жазуға жаттықтыру. Балалардың сөздік қорын, тілін дамыту. Өз ана тілін, елін жерін сүюге тәрбиелеу. Жазу дағдысына қолын жаттықтыру.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: кеспе әліппе, суретті үлгі бойынша кітаптың, ішіктің, түлкінің, ілгіштің суреті, текшелер.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.  Шаттық шеңберіне тұрып, жақсы тілектер айтады.

2.   Өтілген дыбыстарды кеспе әліппеден тапқызу.

3.      Қала, жан, ана, ата, т.б. сөздерді кеспе әріптермен жазғызып, буынға бөлгізу.

II. Негізгі бөлім.

1. Кеспе әріптен і әрпін көрсете отырып, өлең шумағын оқу.

Жалғыз таяқ боп түр, Төбесінде доп түр. Бүл не?

«Бүл - і дыбысы», - деп, әріп таңбаларын көрсету.

Айтылу артикуляциясына назар аудару.

-    I дыбысы жуан айтыла ма, жіңішке айтыла ма?

-    I жіңішке айтылады. Дауысты дыбыстар жуан, жіңішке болып екіге бөлінеді. Мысалы: ы-і, ү-ү, а-ә, о-ө. (Балаларға жуан және жіңішке дыбыстарды салыстыртып айтқызу).

-      2Сергіту сәтін өткізу.

Жел соқты гу-гу,

Жаңбыр жауды тырс-тырс.

Жаңбыр басталды.

Күн ашылды. (Қимылмен көрсету).

2.    Сурет бойынша жұмыс жүргізу. Тақтаға кітап, ілгіш, ішік, түлкі суреттері ілінеді. Сөйлем құрастыру. Сөздерге дыбыстық талдау жасату. Хормен оқыту.

Мысалы: ілгіш.

I - дауысты дыбыс, қызыл текше;

л - дауыссыз дыбыс, көк текше;

г - дауыссыз дыбыс, көк текше;

і - дауысты дыбыс, қызыл текше;

ш _ дауыссыз дыбыс, көк текшемен белгілейміз.

3.  Тіл ұстарту жаттығуы.

Іс-іс-іс

Піс, қазаным, піс.

Дәптермен жұмыс.

Ішік, көгершін, ешкі сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы і дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне і дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

4.  Жазу жұмысы. I әрпінің баспа түрін ауада және дәптерге жазу.

5.    Кеспе әліппеге тіл, кітап сөзін жазу. «Кітап - білім бұлағы» мақалының мағынасын түсіндіру.

6.  Тіл ұстарту.

Кі-кі-кі - бұлаңдайды түлкі.

7.    «Әріп тастамақ» дидактикалық ойыны. Ойынның шарты: 7-8 балаға бір-бірден әріптер жазылған бірнеше қағаз таратылады. Бала өз қолындағы әріпке мысал келтіреді.

III. Қорытындылау.   I дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтірту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ә дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Ә дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге үйрету. Ә дыбысы бар сөз, сөйлем құратып, сөздік қорын дамыту.

Әдемі жазу дағдысына үйрету.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап; ой қозғау; ой толғау; логикалық ойын дамыту, бақылау; мәнерлеп оқу қабілетін дамыту.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: әже (суреті), бесік, сырмақ, текемет, көрпе жастық, әлди (қуыршақ); әріптер кассасы, әтеш (суреті); әке (суреті); суреттер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі.

-    Мына суреттен нені көріп отырсыңдар?Суреттен әтешті көріп отырмыз.Әтешіміз «ақ» қанат Күзетшідей    қырағы. Таң азаннан қақпада Айғай салып тұрады.

-      Балалар, әтеш таңертең ерте неге айғайлайды  шақырады?

 (Сергіту жаттығуын жасау).

-    Әтеш тек қана бізді оятты ма?

-    Әкең қайда кетті?

-    Әпкең қайда кетті?

-    Әжең ше? ... (Үйде қалды ...)

-    Мынау - Әлия. Ол - жақсы, әдепті бала. Әжесіне, үлкен - дерге сәлем береді. Ол - әдепті қыз.

-    Бізде сондай әдепті балалар бар ма екен? (Иә...)

-    Мына суреттен нені көріп отырсыңдар?

-    Сиыр.

-    Әсел не істеді?

-    Әсел сиырды сауды, сиыр көп сүт берді...

II. Негізгі бөлім.

1.3. Сюжетті ойын. Қатысушылар: Әсел, әже, сәби.

Әсел: - Әже, әлди жылады.

Әжесі: - Әлди-әлди бөпем, әжең келе жатыр. Әжең «әлдиді» тербетеді...

Әсел: - Әже, әлдиді бесіктен шешіп алайық.

Әжесі: - Жарайды, шешіп алайық. Көрпесі мен жастығын әкеле ғой.

Әжесі мен Әсел әлдиді бесіктен шешіп алады...

Педагог:

-    Ойынға кімдер қатысты?Әже, Әсел, әлди.

-    Бұл сөздер қай дыбыстан басталады? Ә дыбысынан.

Педагог э әрпін әріп кассасынан алып, балаларға көрсетеді. Ә дыбысын айту кезінде жақ кең ашылып, иек төмендейтінін айтып, оны өзі дауыстап айтып көрсетеді, яғни анық таза айту үшін артикуляциялық жұмыс жүргізеді.

-    Балалар, э дыбысына қатысты тағы қандай сөздерді айта аламыз?

-    Әлім, әңгіме, ән,...

«Әлди бөпем» әнін үйренейік...

Әлди-әлди бөпешім,

Ұйықтай қойшы көкешім.

Бармақтарың майысып

Ұста болар ма екенсің?

 Күйші болар ма екенсің?...

(Балаларға әрі қарай жалғастырып айтуға көмектесу: өз ойларынан шығарып, жалғастырады).

2.   Тіл ұстарту жаттығуы.

Ән, ән, ән Қамба толы дән.

3.  Дәптермен жұмыс:

Дәрі, әке, әтеш сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ә дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне э дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер

ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы.

Педагог а дыбысын ауада жазып көрсетеді, сонан соң балалардың өздеріне жазғызады. Дәптердегі үлгі бойынша ә дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

Торкөздегі ә дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Сол сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырады.

III. Қорытындылау.Ал бізге барлық әріптерді үйрететін кітап «Әліппе» деп аталады (таныстыру).

Таныстырар әріппен Мынау кітап - Әліппең. «Әліппе» деген аты оның Басталған қай әріптен? ( Ә)Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдері бекіту.

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: И дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: И дыбысы мен әрпін таныстыру. И дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау. Балаларға и дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудара оты- рып, сөздік қорларын байыту. Балаларды таза, әдемі жазуға үйрету.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, сөздік, түсіндіру, тіл жаттықтыру.

Көрнекіліктер: суреттер, кеспе әріптер, текшелер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I.  Ұйымдастыру кезеңі.

Балалардың сабаққа деген ынтасын аудары, көңіл күйлерін көтеру.

II.   Негізгі бөлім.

1. Педагог оқу іс-әрекетін суреттер көрсету арқылы ой - тұжырым жасау арқылы бастайды.

- Суретте не көріп тұрмыз?

-    Ит, шие, инелік.

-    Иә, осы ит, инелік, иіие сөздерінде қай дыбыс көп қайталанады?

-     И дыбысы дауысты дыбыс, қызыл текшемен белгілейміз.

И дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.

2.  Тіл ұстарту жаттығуы.

Ие-ие-ие   Шөгіп жатыр түйе.

3.  Дәптермен жұмыс.

Шие, инелік, ит сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы и дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне и дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы. И дыбысын ауада жазу: педагог өзі жазып көрсетеді, сонан соң балалар жазады. Дәптерге бас және кіші әрпінің баспа түрін жазу.

Сызба бойынша сөйлем құрату. Мысалы: Анам инемен тікті.Алма инені сабақтады.

Суретті ребусты шешу. Шешуі: инелік.

4.    «Кім зейінді?» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог и дыбысы кездесетін сөздері бар өлеңнің бір шумағын оқиды. Балалар сол сөздерді тауып айтады.

Мысалы:              Ұшып кетті инелік,

Бізден қорқып именіп.

Тікұшаққа ұқсайтын,

Инелікке тимелік.

 

Мен көп оқып үйренем,

 Білім сырын игерем.

Бейне құдық қазғандай

Болса да білім инемен.

Инелік, именіп, тимелік, игерем, ине сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

Педагог и дыбысы мен й дыбысының айырмашылығын айтып түсіндіреді. Балаларға қол шапалақтау арқылы дыбыстату.

И-не, и-не-лік, ти-ме-лік, и-тел-гі.

5.   Құрамында и дыбысы бар бір буынды сөздерді құрату: ит, кит.

6.   «Шие» деген тақырыпта мәтін құрастыру. Мысалы:

Болат пен Ислам бақшаға шие екті. Оны суарды, баптады.

Шие жақсы өсті.

Шие сөзіне дыбыстық талдау жасату.

7.  Сергіту сәтін өткізу.

Мен шиемін, шиемін, Күннің көзін сүйемін.

8.   «Сөзді есіңе сақта» дидактикалық ойыны.

Ойын мақсаты: балалардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойын шарты: педагог өтілген жаңа дыбысқа байланысты сөздерді сол ретте қайталап айтып шығулары керек. Сөздерді шатастырып алса, қолындағы бір қиықшасын  ойын бастаушы балаға береді. Кім қолындағы қиықшасын көбірек сақтаса, сол жеңімпаз болады.

И-не-лік, кәм-пит, ки-ік, ит, са-қи-на, ки-ме-шек.

III. Қорытындылау.

Сабақта алған білімдері сұрақ-жауап әдісі арқылы бекітіледі.

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: 3 дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:: сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету, сөздерді буынға дұрыс бөле білу, сурет арқылы заттың атауын білу, логикалық ойлау қабілетін арттыру. Жазу дағдысына үйрету.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: кеспе әріптер, касса, суреттер, текшелер.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I.  Ұйымдастыру кезеңі.

Өткен сабақта алған білімдері пысықталады.

II.   Негізгі бөлім.

1.  Жұмбақ шешу.

Ләззатта бар,

Жанатта жоқ.

Азатта бар,

Қанатта жоқ . (3 әрпі)

Жауабын айтқан бала сол з дыбысына сөз ойлап айтады.

«Сөз ойла, көп ойла» дидактикалық ойыны.

Ойын шарты: барлық балаларға жеке-жеке доп лақтырып, доп алған бала сол дыбысқа сөз ойлап айтады. (Сөздің басында, ортасында, соңында з дыбысы). Суретке қарап дыбыстық тал- дау жасату.

Зәуре сөзін шапалақ үру арқылы буынға бөлу.

2.   Тіл ұстарту жаттығуы.

Ыз-ыз-ыз

Анар - сүйкімді қыз.

3.   Дәптермен жұмыс.

Жүзік, зымыран, жұлдыз сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы з дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне з дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы: педагог з дыбысын ауада жазып көрсетеді. Балалардың өздеріне ауада жазғызады. Сонан соң дәптерге жазу.

Дәптерде берілген сызба бойынша бірнеше сөйлем құрату. Мысалы: Атам қарбыз өсірді. Қарбыз бақшада өседі.

Сөз жұмбақ шешеді. Шешуі: қазына. Қазына сөзіне сөздік жұмысын жүргізу. Қазына - түрлі бағалы заттар, дүние - мүлік, байлық;.

4. Сергіту сәтін өткізу.

Ұзын қанат инелік, Инелікке тимелік,

Ұшақты біз жасадық Инеліктен үйреніп.

Зу-зу, зу-зу, зу-зу. (Қимылмен көрсету).

III. Қорытындылау.

1.     Тақтаға әріптер тізбегі жазылған плакат ілінеді. Осы әріптерді ретімен қосып оқыту арқылы бірнеше сөз құрату.

қ-о-й-с-и-ы-р-з-а-у-з-а-б-ү-з-а-у-қ-а-р-б-ы-з-т-е-р-е-з-е

2.    Құрастырған сөздердің ішінен з дыбысы кездесетін сөз- дерді тапқызу. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасату.

3.  Сұрақ-жауап әдісі арқылы алған білімдері бекітіледі.

 

 

 

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: ө дыбысы және әрпімен таныстыру. Сөзді буынға бөлу дағдыларын одан әрі дамыту, ауызша және жазбаша жазу икемділігін арттыру.

Оқу іс-әрекетінің әдісі: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: суреттер, кеспе әріп, кітаптар, кесте.

Үлестірмелі материалдар: әріп элементі, әріп, әліппе - дәптер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I.  Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

II.   Негізгі бөлім.

1. Ө дыбысымен таныстыру.

Буындарды оқыту: -өс; -өк; -өр.

Ө дыбысына байланысты жұмбақтар жасыру.

Сарғайып отсыз піседі, Үзіліп жерге түседі. (Өрік)

Ө дыбысына байланысты тақпақ үйрету.

Өткел бар көше астында, Жерасты екі арада. Өрілген қымбат тас мұнда Шамдары тұтас самала.

2.   Тіл ұстарту жаттығуы.

Өс-өс-өс

Құстар бізге дос.

3.  Дәптермен жұмыс.

Өрік, өзен, көз сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ө дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ө дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Педагог ө әрпінің баспа түрін ауада жазып көрсетеді, сонан соң тақтаға жазады. Бұдан соң балалар ө әрпінің баспа түрін алдымен ауада жазады, сонан соң дәптерлеріне жазады.

Торкөздегі ө дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. «Сөйлем құра» тапсырмасын орындайды.

4.   «Кім жылдам?» дидактикалық ойыны. Ойын шарты: кеспе әріптерді пайдаланып, о-ө әріптерінің орындарын ауыстырып, сөз құрату.

соз - сөз              тор - тор

қол - көл             от - өт

жон - жөн он - өн

III. Қорытындылау.

Ө дыбысы және әрпі туралы алған білімдерін бекіту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды ү дыбысы және әрпімен таныстыру, аталған дыбысқа сөз ойлату арқылы сөздік қорларын байыту. Ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту. Жазуға үйрету.

Оқу іс-әрекетінің әдістері: сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру-

Көрнекіліктер: суреттер, кеспе әріптер, фигуралар, сызба.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I.  Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар, бір -бірлеріне жақсы тілектер айтады.

-     Балалар, бізге бүгін үкі қонаққа келіпті. Ол орманнан көптеген жаңалықтар ала келіпті. (Үкінің суретін немесе макетін көрсету).

-   Үкі туралы не білеміз?

-     Үкі - түнде ғана ұшатын имек тұмсың, үлпілдек майда жүнді жыртқыш құс.

-     Балалар, үкі де сендер туралы көп нәрсе біледі екен. Үкі сөзінің басында қандай дыбысты естіп тұрмыз? (Балалар: «Ү», - деп жауап береді).

II.  Негізгі бөлім.

1.  Жаңа тақырыпты хабарлау.

-    Ендеше, бүгін біз сендермен ү дыбысы және әрпімен танысамыз. (Баспа түрін көрсету).

-    Ү дыбысы кездесетін сөздерді айтайыншы.

-    Үйрек, үй, үйеңкі, үзеңгі, үміт, сүзбе, күз, күшік, күрек, үз, т.б.

Мұндай тапсырма түрлері балалардың ойлау қабілеттерін арттырады және сөздік ңорларын толықтырады.

2.   Тіл ұстарту жаттығуы.

Үз-үз-үз Суда еркін жүз.

3.  Дәптермен жұмыс.

Үйрек, үй, үкі сөздеріне дыбыстың талдау жасатып, ондағы ү дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ү дыбысының сөздің басында, ортасында келетін сөздер ой-латады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы. Ү әрпін ауада жазу, дәптерлеріне жазу.

Торкөздегі ү дыбысының орнына қарай соз ойлап табады. Мысалы: үш, күш, күбі, күшік, т.б.

«Сөйлем құра» тапсырмасын орындайды. Асқар үтікпен киім үтіктеді.

4.   Сергіту сәтін өткізу.

5. «Ертөстікке көмектес» дидактикалық ойыны. Шарты: Ертөстікке ағаларын табуына көмектесу. Сызбада Ертөстіктің жолы көрсетілген. Жолда қиындықтар, яғни түрлі тапсыр - малар берілген. Егер балалар тапсырмаларды орындаса, онда Ертөстікке көмектескен болып табылады.

1-тапсырма.          Ертөстік көпір арқылы өтуі қажет. Бүл көпір өте қорқынышты, себебі көпірдің кейбір тұстары сынып тұр. Бұл көпірден сәтті өту үшін буын, сөздерді оқыту: үк, үш, күш, жүк, т.б.

1-     тапсырма.

-     Ертөстік ну орманға келді. Орманда бұтақтан - бұтаққа секіріп жүретін бір аң бар екен. Ол - өзіміз жақсы білетін тиін. Тиін «жазу машинкасы» ойынын ойнағанды жақсы көреді. Кеспе әріптерден сөздер жазып көрейікші: үй, ата, шөп, нан, доп, т.б.

Ойын қорытындыланып, ойынға жақсы қатысқан балалардың аттары аталады.

III. Қорытындылау.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдері пысық - талады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: дыбыстар туралы балалардың ұғымдарын кеңейту. Сөздік қорын молайту. Аталған дыбыстар сөздің қай буынында кездесетінін білдіру. Ойын ойнату бары - сында игерген білімдерін бекіту. Сөзге дыбыстық талдау жасату. Жазуға қолын жаттықтыру.

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктер: суреттер, текшелер, қол жаттықтыру дәптермен таныстыру.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

     1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір - бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

-    Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-    Көктемде қандай өзгерістер болады?

-    Енді мына бір өлеңге құлақ түріңдерші.

«Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер» деген өлең жолдарында не туралы айтылған?

-    Гүлдер.

-       Гүл сөзінің басында қандай дыбыс естіп отырмыз? .

-     г дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

-     Сондықтан г дыбысы - дауыссыз дыбыс. Көк текшемен белгілейміз.

2.   Дәптермен жұмыс.

Гитара, егін, кереге сөздеріне дыбыстың талдау жасатып, ондағы г дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне г дыбысының сөздің басында, ортасында кездесетіндігін            түсіндіру. Дәптердегі буындарды, сөздерді, сөйлемдерді оқыту. Бірнеше рет хормен оқыту.

Жазу жұмысы. Педагог г әрпін ауада және тақтада жазып көрсетеді.

Дәптерге үлгі бойынша г дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

Сөз жұмбақты шешкізеді. Ай+нұр, Гүл+сім, Ай+гүл.

3.     «Кім зейінді?» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог фланелеграф тақтасына г дыбысы бар суреттерді іліп, «Қай суретте аталған г дыбысы кездеседі?» - деп сұрайды. Балалар да г дыбысы қай сөзде бар екенін анықтайды. Г дыбысын кім бұрын атаса, сол жеңімпаз аталады.

Гүл  көгершін сөздерінде г дыбысы сөздің қай жерінде кездесіп тұрғанын анықтату.

4.   Сөздік жұмысын жүргізу.

5.    Г дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру және дыбыстық талдау жасау. Мысалы: гүл, галстук, көгершін, т.б.

  «Адасқан әріптер» дидактикалық ойыны. Ойынның шарттты: тақтаға кейбір әріптерінің орындары ауысып кеткен сөздер жазылған қағаздар ілінеді. Балалар «адасқан әріптерді» орындарына қойып, сөздерді оқиды. Мысалы: лүг - гүл, ешег - шеге, т.б.

III. Қорытындылау.

Төменде берілген жұмбақтардың бір-екеуін жасыру.

Қатар-қатар түйме

Басса, салар күйге. (Гармонь)

 

Мінезін оның түсінгем, Ашуы тамақ пісірген. (Газ)

 

Жұпар исі еседі,

Жайнап бақта өседі.

 Қайсы әріптен басталған,

 Аты не, кім шешеді? (Гүл, г әрпі)

 

Өзі сондай нәзік,

Су құйсаң кетеді

Алақанын жазып. (Гүл)

-     Қазір серуенге шыққанда айналамен таныстыру кезінде гүлдің суретін салып, бақшадан гүл тереміз.

-    Сұрақ – жауап:Г дыбысы қандай дыбыс?

-    Қандай текшемен белгіледік?

-    Яғни г дыбысы қандай дыбыс екен?

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Я дыбысы мен әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларға я дыбысының айтылуымен әрпі және сөздегі орнын тапқыза отырып таныстыру. Әртүрлі ойын ойнату арқылы сөз жұмбақ, сөз жұмбақ шештіру арқылы логикалық ойлауын дамыту.

Өлең айтқызу, жұмбақ жасыру арқылы тілдерін дамытып, туған жерді, жануарды, т.б. қорғауға тәрбиелеу. Жазуға қолын жаттықтыру.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: кеспе әріптер, текшелер, су - реттер, сөз жұмбақ.

Оқу іс-әрекетінің барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

I.   Жұмбақ жасыру.

Шымшып алады қолсыз, Сырғанақ жоқ онсыз. Шешуі: аяз.

-    Аяз қай мезгілде болады?

-    Ондай болса кім айтады қазір жылдың қай кезі екен?

-    Қыстың қай айы?

-   Аптаның қай күні?

Бүгін біз сауат ашу сабағында я дыбысымен танысамыз. Дыбыстың әріптен айырмашылығы қандай?

-    Я дауысты дыбыс, екі дыбыстан (ә+а) тұрады.

-    Мына суретте нені көріп тұрсыңдар?

-    Қоян.

-    Қоян сөзін буынға бөлейікші.

-    Сендерге қай буындағы дыбыс таныс емес?

-    Олай болса я дыбысымен танысайық.

Ол - дауысты дыбыс. Сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі және жеке буын құрай алатын дыбыс екен.

II.   Негізгі бөлім.

Дәптермен жұмыс.

Тақия, пияз сөздеріне дыбыстың талдау жасатып, ондағы я дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне я дыбысының ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы. Педагог я әрпін ауада және тақтада жазып көрсетеді.

Дәптерге үлгі бойынша я дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

«Неше дыбыс, неше әріп бар?» тапсырмасын орындату арқылы я дыбысының ерекшелігі түсіндіріледі.

Сергіту жаттығуын өткізу. Қоян туралы өлеңді қимылмен айтып орындайды.

3. Жұмбақтар шешу.

-     Балалар, бізге бүгін тағы бір қонақ келіпті. Ол қона - ғымызда бір дорба жұмбағы, өлеңі бар, екінші дорбасында сен - дерге арналған сыйлықтары бар екен. Жұмбақтардың жауабын тапсақ, сыйлық аламыз.

Қолы жоқ сурет салады, Тісі жоқ тістеп алады. (Аяз)

Жесең ащы,

Көзіңнен шығарар жасты. (Пияз)

Тал басында

Тамаша үй.                (Ұя)

Жұмбақтардың шешулері болған сөздерге дыбыстық талдау жасату: ұ-я - екі буын, үш дыбыс, екі әріп. Балаларға сыйлық ретінде жұлдызша, жалаушалар беріледі.

III. Қорытындылау.

1. «Баспалдақ» дидактикалық ойыны. Ойын шарты: я дыбысына мысалдар келтіру. Көп сөз құраған бала неғұрлым баспалдақпен жоғары көтеріледі. Мысалы: пияз, қияр. т.б.

 

 

 

 

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: ю дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балаларды ю дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына көңіл бөлу, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу. Дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың ой - лау қабілетін, қиялын зейінін дамыту. Қолдарын жазуға жат - тықтыру.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: кеспе әріптер, суреттер, текшелер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Кіріспе әңгіме өткізу.

-    Бүгін біз оқу іс-әрекетінде ю дыбысымен, әрпімен таныса - мыз. Біз дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-    Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-   Ал дауыссыз дыбыстар ше?

-    Өте дұрыс. Өткен сабақты қайталап шықтық, ал бүгін біз ю дауысты дыбысымен танысамыз. Ю дыбысы бар сөздерді ай  - тып көрейікші: аю, ою, жию, тою, тию, ию, қию.

2.   Педагог төмендегі үлгідей бір шумақ өлең оңып, өлеңнен ю дыбысы кездесетін сөзді тапқызады.

Ормандағы аюдың Құлпынайы көп екен. Теріп - теріп алайың, Қалтамызға салайың.

Ю дыбысына мысалдар келтіру: жаю, ою, аю, Юра.

-    Енді, балалар, біз «Кім жылдам?» ойынын ойнаймыз. Бүл ойында жылдам сөйлем құрауымыз керек.

-    Теледидардан аю көрдім.

-    Әжем ою ойды.

-    Аю, ою, ию, қию, жию сөздерінде ю дыбысы сөздің қайсы жерінен естіліп тұр?

-    Ию, қию, жию сөздерінің соңында естіледі.

Ю дыбысының баспа және жазба түрі көрсетіледі, ауада жа – зып қолды жаттықтыру.

3.  Дәптермен жұмыс.

Аю, ою сөздеріне дыбыстың талдау жасатып, ондағы ю дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ю дыбысының сөздің аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы. Педагог я әрпін ауада және тақтада жазып көрсетеді.

Дәптерге үлгі бойынша я дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

Ю дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстырылады. Ю дыбысының екі (иу) дыбыстан тұратындығы «Неше дыбыс, неше әріп бар?» тапсырмасын орындату арқылы түсіндіріледі.

4.   Сергіту жаттығуын өткізу.

5.  Сызба арқылы сөйлем құрату. Үлгі: 1 1 I I I I.

III. Қорытындылау.

Балалардан ю дыбысына байланысты сөздерді қайталап сұраған соң, пысықтап қорытындылау және жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оңу іс-әрекетінің тақырыбы: X дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: сөз, сөйлем жайында түсінік - терін бекіту. Сөздерге дыбыстық талдау жасатуды жалғастыру. Кеспе әріптерден жаңа дыбыстарды қатыстырып, сөйлем, сөз құрастыру және оны талдауға үйрету. Дыбыс пен әріпті ажы  - рата білуге үйрету. Дыбыстардың айтылу артикуляңиясын дұрыс меңгерту. Жазу дағдысын қалыптастыру.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, ойын, қол жаттықтыру жүмысы.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: кеспе әріптер, суреттер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

I.   Кіріспе әңгіме өткізу.

Педагог алдыңғы сабақтарда өтілген дыбыстар туралы алған білімдерін «Сөз құра, көп құра» дидактикалық ойыны арқылы пысықтайды.

Мысалы: а - алма, д - доп, дос, дойбы, дөңгелек, қ - қияр, қарбыз, қала, с - сағат, сағыз, т.б.

II.   Негізгі бөлім.

1. Жұмбақтар шешу.

Аяғы жоқ, қолы жоқ.

 Жүрмей тұғын жолы жоқ. (Хат)

Сәлем алып алыстан

Туысынан таныстан,

Келе тұғын хат, хабар

Қай әріптен басталар? (X)

Дәптермен жұмыс.

Хат, дәріхана, шахмат сөздеріне дыбыстық талдау жаса - тып, ондағы х дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне х дыбысының сөздің аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу  жұмысы. Педагог х әрпін ауада және тақтада жазып көрсетеді.

Дәптерге үлгі бойынша х дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

Торкөздегі х дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Сөйлем құра тапсырмасын орындайды.

Суреттегі заттардың аттарын атап, сол сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Хат, хор, шахмат.

Хат деген сөзде үш дыбыс бар. X дыбысы сөздің басында келіп түр.

X -дауыссыз, а - дауысты, т - дауыссыз.

3.  Кеспе дыбыстарды пайдаланып сөз құрастырып жазғызу. Мысалы: хор, халат, т.б.

4.     «Неше сөз бар?» дидактикалық ойыны. Шарты: педа - гог немесе балалар құрамында х дыбысы сөзді қатыстырып, бірнеше сөйлем айтады. Балалар сөйлем ішінен х дыбысы бар сөзді табады және сөйлемде неше сөз бар екенін анықтайды. Мысалы:

-   Мен ағама хат жаздым.

-   Бұл сөйлемде төрт сөз бар.

-  Ауылдан хабар келді.

-   Үш сөз бар.

X дыбысы бар сөз дерге дыбыстық талдау жасау.

5.  Жаңылтпаш жаттату.

Хабиба сөмке көтерген, Хат-хабар күнде әкелген. Хатипа мен Қанипаға, Қамарға Харьковтегі Хамит аға Хат жазыпты. Хабарла!

Қол жаттықтыру, дәптермен жұмыс. III. Қорытындылау.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы х дыбысы туралы білімдері бекітіледі.

 

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Һ дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Дидактикалық материалды

пайдаланып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрату, жұмбақ, жаңылтпаштар айту), игер - ген білімдерін бекіту. Һ дыбысы және оның әріп таңбасымен та - ныстыру. Балалардың һ дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, әліппе - дәптер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.  Шаттық шеңберінде тұрып, бір - бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

2.    Сұрақ-жауап әдісі арқылы балалардың сабаққа дайын – дықтары тексеріледі.

-    Сауат ашу сабағында қандай дыбыстармен таныстық?

-    Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-    Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-    Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

II. Негізгі бөлім.

1. «Маған таныс емес сөз» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог бірнеше сөзді айтады. Балалар өздеріне таныс емес сөзді тауып айтады. Мысалы: алма, асық, қала, қаһар, хат.

Қаһар сөзіне сөздік жұмысын жүргізу. Қаһар - ашу, ыза, ай - бар. Қаһар сөзіне дыбыстық талдау жасату.

Дәптермен жұмыс.

Айдаһар, жиһаз сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы һ дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне һ дыбысының сөздің ортасында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы. Педагог х әрпін ауада және тақтада жазып көрсетеді.

Дәптерге үлгі бойынша х дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

Торкөздегі һ дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Жаһан, қаһар, Жауһар сөздеріне дыбыстық талдау жасатылады. «Сөйлем құра» тапсырмасын орындайды.

Сергіту жаттығуын өткізу.

Оңға, оңға түзу түр, Солға, солға түзу түр. Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым. Жоғары-төмен қарайық, Орнымызды табайық.

(Қимылмен көрсету).

«Кім дұрыс айтады?» ойыны жарыс түрінде өткізіледі. Өтілген дыбыстарды дауыстап айтады. Олардың ішінен дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады. Мысалы: балалар: «а - дауысты дыбыс және оны «ә-а» дауыстап айтамыз», - деп жау - ап береді.

Бір шумақ өлең жаттау.

Кітапқұмар Қаһарды Таппаған соң шаһардан. Алтынай қалап «Қаһарды» Сұрап алды Гауһардан.

Құрамында һ әрпі бар сөздерді тауып айту, оны кеспе әріптермен құрастырып жазу. Сөздерге дыбыстық талдау жа - сау. Дұрыс айтуға жаттықтыру.

-   Һ дауыссыз дыбыс па әлде дауысты дыбыс па?

-    Дауыссыз дыбыс.

К дыбысына мысалдар келтіру. Мысалы: Қаһарман, айдаһар, Гауһар, Жауһар, т.б.

Кеспе әріптерімен қаһар, айдаһар сөздерін жазу. Осы сөз - дерді буынға бөлдіру.

III. Қорытындылау.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдері бекітіледі.

 

 

 

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: В дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: в дыбысы және оның әріп таң - басымен таныстыра келіп, в дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіру арқылы олардың сөздік қорын молайтып, сөйлемдер құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету. Жазуға 114

қолдарын жаттықтыруға дағдыландыру. Балалардың ойлау қабілетін, қиялын зейінін дамыту. (Буын, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту). Сюжеттік - рөлді ойын арқылы бала - лардың ой-өрісін кеңейту және игерген білімдерін бекіту.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: кеспе әріптер, суреттер, текшелер, бетперделер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

I.   Педагог оқу іс-әрекетін Ш. Ахметовтың немесе басқа да ақындардың «Бүл қай кезде болады?» жұмбақ - өлеңін оқумен бастайды. Жұмбақтың шешуі: көктем мезгілі.

-       Анамыз гүлді қайда салады?

-       Вазаға.

-       Ваза сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.

-       Бізге таныс емес қай дыбыс?

-       В дыбысы.

II.   Негізгі бөлім.

          Жұмбақ шешу.

Бір атым бар -Құлын болып тумаған.Құнан болып өспеген.( велосипед).

-   В дыбысы дауысты дыбыс па, әлде дауыссыз дыбыс па? - Дауыссыз дыбыс.

Тақтаға бір бала велосипед сөзін текшелер арқылы жазады, қалған балалар орындарында дауыстап айтады.

-   Велосипед сөзінде неше буын бар?

Дәптермен жұмыс.

Вагон, ваза, аквариум сөздеріне дыбыстық талдау жаса - тып, ондағы в дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне в дыбысының сөздің ортасында келетін сөздер ой - латады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы. Педагог в әрпін ауада жазып көрсетеді, осыдан соң балаларға жаздырады. Дәптердегі үлгі бойынша в дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

В дыбысын қатыстырып, сөйлем ойластырады.

4.     Педагог төмендегідей өтірік өлең оқиды, балалар өлең жолдарынан в дыбысы бар сөздерді тауып айтады.

Волгасы бар құланға, Вена бойы ұнайды - ақ. Вагон тіркеп қыранға, Велікпенен  жүр айдап.

Волга - өзен. Вена - Австрияның астанасы, қала.

Волга, Вена, вагон, велосипед сөздеріне дыбыстық талдау жасату.

5.  Жұмбақ шешу.

Қызыл түсті, Мөлдір сулы. Сырты түсті, Тасты, құмды, Жасыл түсті балықтар, Әйнек үйде қалықтар.

Жұмбақтың жауабы: аквариум.

Аквариум сөзін бірнеше рет қайталап айтқызу. Аквариум сөзіне дыбыстық талдау жасату.

-    Су туралы кім мақал-мәтел біледі?

-    Су - анасы бұлақ.Судың да сұрауы бар.

-   Балалар, дұрыс айтасыңдар, сусыз күніміз жоқ, сондықтан суды ысырапсыз ағызбаңдар, дұрыс пайдаланыңдар.

6.   «Аукцион» дидактикалық ойны. Шарты: педагог көрсет - кен машинаның маркасын дұрыс атау және в дыбысының сөздің қай буынында тұрғанын табуы керек. Тапсырманы дұрыс орындаған бала машинаның суретін аукционнан сатып алған болып есептеледі. Мысалы: Волга, Вольво, Ваз, т.б.

III. Қорытындылау.1. «Саяхат» дидактикалық ойыны. Ойын шарты: педагог Вена қаласы жайлы бейнекөрініс көрсетеді немесе Венақаласының сәулетті жерлерінің суреттерін көрсетеді. Осы қала туралы қысқаша мәлімет беріп кетеді.

Вена қаласы

Вена - Австрияның астанасы. Альп тауының етегінде, Дунай өзенінің бойында орналасқан. Ол - мәдени орталық. Дунай кеме жолы және Орталық Еуропа, Прибалтика елдеріне шығатын көлік жолдары бар. Климаты жұмсақ. Қыс мезгілінде тау жақтан жылы жел соғып тұрады.

Австрия, Вена сөздерін бірнеше рет қайталатып айтқызу, дыбыстық талдау жасату.

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындылау.

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ф дыбысы және әрпі.

(В дыбысы мен әрпіне үлгі жоспар бөлек жазылды, 1 сағатта өтеді біріктіріледі).

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды ф әрпімен танысты - ру, ф әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту. Сөздік қорларын дамыту. Әдемі, сауатты жазуға, баулу.

Оқу іс-әрекетінің түрі: аралас.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: кеспе әріптер, буындар, су - реттер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I.  Ұйымдастыру кезеңі.

Балалардың зейіндерін оқу іс-әрекетіне аудару.

-    Балалар, біз өткенде қандай дыбыспен таныстық?

-    В дыбысы.

-    Кәне, в дыбысын қарастырып, сөздер ойлап жіберейік. Вагон, велосипед, вокзал. Енді осы сөздерден сөйлем құрайық.

II.   Негізгі бөлім.

1.     Фонтан, фото, футбол сөздерін буынға бөлдіру. Осы сөздердегі ең бірінші дыбысты айтқызу.

2.  Дәптермен жұмыс.

Кофе, фотоаппарат, телефон сөздеріне дыбыстық тал - дау жасатып, ондағы ф дыбысының орнын ажыратқызады.

        Балалардың өздеріне ф дыбысының сөздің басында, ортасында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы. Педагог ф әрпін ауада жазып көрсетеді, со - нан соң балалар өздері жазады. Үлгі бойынша ф дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

«Сөйлем құра» тапсырмасы бойынша сөйлем құрастыру. Мысалы:

Көшеде фонтан тұр. Әдемі фонтан атқылайды.

Кофе, фото, буфет сөздерін торкөздерге және осы сөздерді кеспе әріптермен жазу.

3.  Сергіту жаттығуын педагог өз қалауымен өткізеді.

4.   Жұмбақтар шешу.

Бір құлағы сөйлесе, Бір құлағы тыңдайды. Білсең айтшы ендеше, Жұрт не дейді мұндайды?

(Телефон)

Қос аяқ жүрген қуып, Жел мықтап үрген. Бірде жөн, бірде лағып, Қашады зыр-зыр қағып.

(Футбол)

Қыста дем алып, жазда тынбайды, Көкке атылып, жерге құлайды.

(Фонтан)

Телефон, фонтан, футбол сөздерін буынға бөлдіру, ф дыбысының сөздің қай жерінде кездесіп тұрғанын тапқызу арқылы ф дыбысының басқа тілден енген сөздерде кездесетінін айтып түсіндіру. Ф дыбысы сөздің басында, ортасында және фотограф сияқты сөздерде сөздің соңында кездесетінін айту.

5.   «Жалғасын тап» ойыны. Шарты: педагог сөздің алғашқы буындарын айтады, соңғы буынын бала тауып, сөзді айту керек. Мысалы:

Фут..., фон ..., теле  т.б.

III. Қорытындылау.

1.   Фатима, финал, кофта, фонар сөздерінде неше әріп бар екенін цифрмен көрсету.

Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыру.

2.                       Жұмбақтар шешу.Арқасын тіреп жабысып, Екі «р» қалған жабысып, Бұл қай әріп? (Ф) Иілген ұршық - Қарайық,Ұқсайды оған қай әріп? (Ф)

Қос бүйірін таянып, Тұра тұрғын қай әріп? (Ф)

 

 

 

 

 

Оңу іс-әрекетінің тақырыбы: Ё дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды ұсынылған әрбір сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету, сөздерді буынға дұрыс бөле білу, сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілетін арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Көрнекіліктер: кеспе әріптер, касса, монтер, елка, шахтер суреттері, әртүрлі текшелер.

Әдіс тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.    Балалар шаттық шеңберіне тұрып бір - бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

2.  Жұмбақ шешу.

Қысы-жазы бір түсте. Ол не?

-    Шырша.

-    Шырша сөзін орысша қалай айтамыз.

-    Ёлка.

II. Негізгі бөлім.

Ё дыбысы және әрпі туралы мағлұмат беру. Ё - дауысты дыбысы, екі дыбыстан жасалған (и+о), орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. Мысалы: монтер, шахтер, т.б.

-    Ёлка сөзінің бірінші дыбысын кім айтады? Ёлка сөзіне дыбыстық талдау жасату.

-    Ёлка - екі буыннан тұрады: ёлка, 5 дыбыс, ё - екі (й+о) дыбыстан құралған дауысты дыбыс.

2.  Сергіту сәтін өткізу.

Биік болып өсеміз, Елкалардай жайқалып, Табиғатты сүйеміз. Шетімізден шеберміз, Денемізді бос ұстап, Билеп - билеп аламыз.

(Қимылмен көрсету).

3.   «Шахтер» сөз жұмбағын шешу.

1) Киіз үйдің сүйегі (шаңырақ).

2)  Қыздардың мойынға тағатын әшекей бұйымы (алқа).

3)  Қағазға жазылатын ақпараттық құрал (хат).

4)  Күн жылы кезде киетін ұлттық баскиім (тақия).

5)  Шырша сөзінің орысшасы (ёлка).

6)  Сөйлейтін ақпараттық құрал (радио).

7)   

1.

ш

а

ң

ы

Р

а

Қ

2.

 

л

қ

а

 

 

3.

 

а

т

 

 

 

4.

 

а

Қ

и

я

 

5.

 

л

к

а

 

 

6.

 

а

Д

и

0

 

Дәптермен жұмыс.

Шахтер, монтер сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ё дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ё дыбысының сөздің ортасында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы. Алдымен ё әрпін ауада жазып үйренеді. Сонан соң үлгі бойынша ё дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

«Сөйлем құра» тапсырмасын орындату. Мысалы: Машинаны шофёр жүргізеді.

Актёр, монтёр сөздеріне дыбыстық талдау жасайды. Осы сөздерді торкөздерге жазу.

4. «Мен бастаймын, сен аяқта» дидактикалық ойыны. Шарты: Педагог: «шахтёр», - дейді. Балалар: «Шахтёр көмір қазады», «Шахтёр темір қалпақ киеді», - деп жауап қайтарады. Сол сияқты педагог «монтёр» десе, «Монтёр электр желісін жөндейді», - деп жауап қайтарады.

III. Қорытындылау.

Оқу іс-әрекеті шахтёр, монтёр туралы өлең жаттатумен аяқталады.

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Э дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: э дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды э дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына көңіл бөлу. Олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру. Балалардың ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту. Ойын арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын дамыту.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.  Педагог төмендегідей өлең жолдарын оқиды.

- Нан!

Нанда еңбек, нанда ән. Нанда жұмыс, Нанда сән,

Нанда үлкен мән Сондықтан ол - нан!

2.   Балалар өлең нан туралы екенін айтады. Педагог нанның дастарқанға қысқаша келу жолын түсіндіріп кетеді. Элеватор сөзіне сөздік жұмысын жүргізеді.

Элеватор - мол астықты сақтайтын және оны желдетудің, салқындатудың, кептірудің, құрғатудың, сұрыптаудың көмегімен сапалық деңгейге жеткізетін ғимарат.

II. Негізгі бөлім.

1.  Жаңа тақырыпты хабарлау.

-    Бүгін біз сауат ашу сабағында э дыбысымен танысамыз. Э дыбысын айтып көрейік.

-    Э-э-э.

Э дыбысының дауысты дыбыс екені айтылады.

2.   Жұмбақ шешу.

Өзі тым күшті Жерді қазып бітті.

(Экскаватор)

-    Экскаватор сөзінде неше буын бар?

-    Экс-ка-ва-тор.

-    Э дыбысы сөздің ңай жерінде кездесіп түр.

-    Сөздің басында.

3.   Э дыбысына мысалдар келтірту. Мысалы: экран, электр,

Осы сөздерді текшелермен буынға бөліп көрсету.

-    Э-кран, э-лектр, экс-ка-ва-тор.

-    Э дыбысына байланысты кісі аттарын білеміз бе?

-    Эльвира, Эльмира, Элеонора.

4.   Педагог сергіту сәтін өз қалауымен өткізеді.

5.  Дәптермен жұмыс.

Экскаватор сөздеріне дыбыстың талдау жасатып, ондағы э дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне э дыбысының сөздің басында, ортасында келетін сөздер ой- латады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы. Үлгі бойынша э дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Э дыбысын қатыстырып, сөз құрастырады.

«Сөйлем құрастыр» тапсырмасын орындау. Фэри, поэма, поэзия сөздеріне сөздік жұмысын жүргізу.

Фэри - ыдыс жуатын сұйықтық.

Поэма - белгілі бір оқиғаны өлеңмен баяндайтын көркем шығарма.

Поэзия - өлеңмен жазылған көркем шығарма.

6. «Кім жылдам» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог сөйлемді бастап айтады, балалар кеспе буындардан сөйлемді аяқтайды. Мысалы.

Мен аэропортқа ... (бардым).

Ағам элеваторда......... (жұмыс істейді).

Үйде электр шамы......... (жанып түр).

III. Қорытындылау.

-    Э дыбысы сөздердің қай жерінде айтылады екен?

-    Сөздің басында, сөздің ортасында.

-    Э қазақ тілінің төл сөздерінде кездеспейді. Орыс тілінен енген сөздерде ғана айтылады.

Бүгінгі өткен дыбыс туралы білімдері пысықталады.

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Щ дыбысы мен әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: щ дыбысы мен әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды щ дыбысына мысалдар ойлату арқылы сөздік қорларын молайту, ой-өрістерін, тілдерін да- мытып, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Дидактикалық материалдарды пайдаланып, дидактикалық ойындарды ойнатып, балалардың ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту (буын, сөз құрау, жұмбақ шешу, өлең айту). Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, әліппе-дәптер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I.  Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттың шеңберінде тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

II.   Негізгі бөлім.

1. Жаңа тақырыпты хабарлау.

-    Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-    Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-   Ал дауыссыз дыбыстар ше?

-   Дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар қандай текшелер- мен белгіленеді?

-    Әріп дегеніміз не?

Щ дыбысының дауыссыз дыбыс екенін және мысалдар келтіру арқылы оның создің басында, ортасында және соңында кездесетінін түсіндіру.

2.   Жұмбақ шешу.

Атқарады талай-талай ісіңді, Тазалайды киіміңді, тісіңді. (Щетка)

Щетка сөзіне дыбыстық талдау жасау. Щетка сөзін текшелермен немесе кеспе әріптермен жазу. Бұрыш және борщ сөздерін кеспе әріптері арқылы жазғызу.

3.   Щ дыбысына байланысты жаңылтпаш айтқызу: педагог асықпай оқиды. Одан кейін балаларға бірнеше рет қайталатып айтқызу. Бір-екі бала жатқа айтады. Ащы, тұщы сөздерін буынға бөледі. Щ дыбысын тауып, оның сөздің қай жерінде кездесіп тұрғанын тапқызу.

Бұрыштың дәмі ащы ма?

Борщтың дәмі тұщы ма?

4.     «Кім жылдам?» дидактикалық ойыны. Шарты: щ дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіру. Көп сөз ойлап айтқан бала жеңімпаз атанады.

5.   Щетка туралы өлең оңу арқылы олардың түрлерімен таныстыру.

Щетка, щетка, щеткалар,

Неше түрлі щетка бар.

Бірі тісті жуады,

Бірі шаңды қуады.

Тазалық туралы кім мақал-мәтел біледі?

-   Тазалық - терең байлық.

-   Дені саудың - жаны сау.

Дәптермен жұмыс.

Щетка сөзіне дыбыстық талдау жасатып, ондағы Щ дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне Щ дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер

ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы. Щ дыбысын ауада жазып көрсету. Дәптерге үлгі бойынша щ дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Щ дыбысын қатыстырып, сөз құрастырады.

«Сөйлем құра» тапсырмасын орындату. Алдымен төртбұрыш ішіндегі әріптерді пайдаланып, ащы, тұщы, көл деген сөздерді құрайды. Сонан соң осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөз тіркестерін және сөйлемдер құрастырады. Мысалы: ащы көл, тұщы көл. Көлдің суы ащы. Біз тұщы суды пайдаланамыз.

8. Сергіту жаттығуын орындату.

Бір, екі, үш. Жинап алдық күш. Төрт, бес, алты Бой жазамыз мықты.

Дәптерімізді ашайық, Салақтықтан қашайық. Көрсетілген үлгіге, Әдемі етіп жазайық.

III. Қорытындылау.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін бекіту.

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ц дыбысы мен әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: ц дыбысы мен әрпін таныстыру. Ц дыбысына берілген сөздерді оқуға, жазуға үйрету. Ц дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы балалардың білімі мен тілін дамыту, сөздік қорын молайту, диалогпен сөйлеуге үйрету, мәнермен оқуға жаттықтыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру

Көрнекілігі: суреттер, кестелер, сылдырмақ, тест тапсырмасы, түсті борлар, тақтадағы жазу, кеспе әріптер, сөзжұмбақ.

Әдіс-тәсілдер: проблемалық, сұрақ-жауап, талдау - жинақтау, тексеру, жарыс, қорытындылау.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Қазақ циркінен келген сайқымазақ Мұрат балалармен бірге шаттық шеңберіне тұрып, балалардың көңілдерін көтереді.

2. Щетка сөзін қатыстырып, сөйлем құрату. Сайқымазақ Мұрат «Щеткамен тісті тазалайды» деген сөйлемді «Щеткамен ауланы тазалайды», - деп қате айтады. Оның қатесін балалар түзетеді.

II. Негізгі бөлім.

1.  Жаңа тақырыпты хабарлау.

-    Балалар, Мұрат қайда жұмыс істейді?

-    Циркте.

-    Цирк сөзіндегі бірінші дыбысты кім айтып береді? (Балалардың жауаптары тыңдалады).

-     Бүгін біз ц дыбысын өтеміз. Ц дыбысын хормен айтып көрелік. Кәне, бәріміз бірге айтайың.

-    Ц дыбысын созып айта аламыз ба екен?

-    Ц дыбысын дауысты дыбыстар сияқты созып айта алмаймыз. Сондықтан ц дыбысы - қатаң дауыссыз дыбыс. Ол басқа тілден енген сөздерде кездеседі.

2.   Суретпен жұмыс.

-    Суретте кімдерді көріп тұрсыңдар?

-    Бишілерді, әншілерді (көрермендерді), т.б.

-    Дұрыс, бишілер де, әншілер де өнер адамдары екен. Олар өз өнерлерін қай жерде көрсетеді?

Концерт сөзін буынға бөлдіру, ц дыбысының сөздің қай жерінде кездесіп тұрғанын тапқызу. (Екі буын, ц дыбысы екінші буында, яғни сөздің ортасында кездесіп түр).

3.   Сөздік жұмысын жүргізу.

Цех - өндірістік бөлімше.

Цирк - ойын-сауық көрсететін көпшілік орын. Циркте қолға үйретілген жануарлар, сайқымазақ және акробаттар өнер көрсетеді.

Цифр- сан ұғымын жазуда белгілейтін таңба.

Дәптермен жұмыс.

Мотоцикл, цирк сөздеріне Дыбыстың талдау жасатып, ондағы ц дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ң дыбысының сөздің басында, ортасында келетін

сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы. Үлгі бойынша ц дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

Ц дыбысын қатыстырып, сөйлем құрастырады.

Концерт, цемент, цирк, мотоцикл сөздерін буынға бөледі.

III. Қорытындылау.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін бекітіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ч дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: ч дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балалардың ч дыбысы бар сөздерге мысал келтірту арқылы сөздік қорларын толықтыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту). Дамыту ойындарын ойната отырып, игерген білімдерін бекіту. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: кеспе әріптер, текшелер, суретті үлгілер.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, әңгімелету, ойын, сұрақ-жауап.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Кіріспе әңгіме.

-  Балалар, сауат ашу сабағында қандай дыбыстармен таныстық?

-   Біз алдымен дыбыс дегеніміз не?

-   Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-   Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-   Ал дауыссыз дыбыстар ше?

-   Дауыссыз дыбыстарды айта аламыз ба?

-   Дауысты дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?

-   Ал дауыссыз дыбыстар ше?

-      Ал әріп дегеніміз не? (Балалар жауаптары тыңдалып, толықтырылып отырады).

-    Өте дұрыс өткен дыбыстарды жақсы меңгерген екенсіңдер.

Жұмбақ шешу.

Орындық түр -

Қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп? (ч)

Дұрыс айтасыңдар ч әрпіне ұқсайды. Бүгін ч әрпін өтеміз. Педагог балаларға чемоданның суретін көрсетеді.

-      Чемодан деген сөз қай дыбыстан басталады? Ч дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?

-    Дауыссыз дыбыс.

-    Кәне, кім чемодан сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді. (Бір бала тақтаға чемодан сөзін жазып береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында отырып, дауыстап оқиды). Чемодан сөзінде неше буын бар?

Ч дыбысының қатаң дауыссыз дыбыс екенін білдірту. Буындар құратып, оны оқыту (ча, чу, че, чи).

-    Балалар, ч дыбысын ауада жазып көрсетейікші.

Дәптермен жұмыс.

Чемпион, чемодан сөздеріне дыбыстың талдау жасатып, ондағы ч дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ч дыбысының сөздің басында, ортасында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы. Үлгі бойынша ч дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

«Сөйлем құра» тапсырмасын орындау.

Почта, чемпионат сөздеріне дыбыстық талдау жасайды. Осы сөздерді торкөздерге жазғызу.

Сергіту жаттығуын өткізу.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Біп-биік болып өседі.

III. Қорытындылау.

1. «Балықшы» дидактикалық ойыны. Ойынның шарты:

балалар аквариумнан магниттік текшелерді қармақпен аулап алады да, текшелердегі қандай әріп, қандай дыбыс екенін тауып, сол әріпке сөйлем құрап, әңгімелеу қажет.

2. Сурет бойынша жұмыс. Заттардың суреттерін көрсетіп, аттарын атау. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Жіңішкелік белгісі (ь).

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды жіңішкелік белгісімен таныстыру, таныту. Жіңішкелік белгісі кездесетін сөздерді оқытып, олардың мағынасын түсіндіру арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.

Ұқыптылыққа, таза әдемі жазуға дұрыс оқуға баулу.

Көрнекілігі: жеке суреттер, буындық кестелер, кеспе әріптер.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік, ойын.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

1.              Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады.

2.   «Кім жылдам?» дидактикалық ойынын ойнату арқылы ч дыбысы бар сөздерді айтқызу. Кеспе әріптерден сөз құрату.

II. Негізгі бөлім.

Дәптермен жұмыс.

- Жіңішкелік белгісі (ь) басқа тілден енген сөздерде кездеседі. Жіңішкелік белгісі дыбысқа жатпайды, өйткені оны дыбыстап айта алмаймыз.

Сурет бойынша коньки және лагеръ сөздерін бірнеше рет қайталатып айтқызу, буынға бөлдіру.

Альбом, филъм, лагеръ сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы жіңішкелік белгісінің орнын ажыратқызады. Жіңішкелік белгісі сөздің ортасында және соңында кездесетінін түсіндіру. Дәптердегі сөздерді оқыту. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы. Үлгі бойынша жіңішкелік белгісінің таңбасын, фильм, коньки сөздерін жазады. Жіңішкелік белгісі бар сөздерге мысалдар келтіру.

Компьютер сөзіне дыбыстық талдау жасайды. Осы сөзді торкөздерге жазу.

Төртбұрыштың ішіндегі әріптерді қатыстырып, альбом, компьютер сөздерін құрайды. Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыру.

2.    Кеспе әріптермен жіңішкелік белгісі кездесетін сөздерді құратып жазғызу, оқыту.

3.    Сергіту сәті.

III. Қорытындылау.

1.       Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін бекіту.

2.     «Қай буынды жоғалттым?» дидактикалық ойыны. Ойын шарты: суретке қарап, жоқ буындарды табу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Айыру белгісі (ъ).

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды айыру белгісімен (ъ) таныстыру. Ъ белгісі бар сөздерді жазуға үйрету.

Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, әдемі жазуға, дұрыс оқуға машықтандыру. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптер, кеспе буындар.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.    Балалар шеңберге тұрады, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады.

2.   Кіріспе әңгіме.

-   Дауысты дыбыстар нешеу?

-   Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-   Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

Сөздерге дыбыстың талдау жасату.

р - дауыссыз

о - дауысты, жуан

я - дауысты, жіңішке (и+а деген екі дыбыстан түрады)

л - дауыссыз

ь - жіңішкелік белгісі

5 - әріп, 5 дыбыс.

II. Негізгі бөлім.

1.  Жаңа тақырыпты түсіндіру.

- Айыру белгісі (Ъ) дыбыс емес. Өйткені оны дауыстап айта алмаймыз. Айыру белгісі дауыссыз дыбыс пен кейбір дауысты дыбысты ажырататын таңба ретінде қазақ тілінде орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады. Мысалы: разъезд, подъезд, съезд.

2.  Дәптермен жұмыс.

Подъезд,разъезд, съезд сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы (ъ) айыру белгісінің орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне (ъ) айыру белгісінің сөздің ортасында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы. Үлгі бойынша айыру белгісінің (ъ) баспа түрін көрсету, таныстыру. Айыру белгісінің әрпін бастырып жазады.

Айыру белгісін кездесетін сөздерге мысал келтіртіп, сол сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырады.

Төртбұрыштардың ішіндегі әріптерден подъезд, разъезд сөздерін құрастырып оқу. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

3.   Сергіту сәті.

4.    Сурет бойынша жұмыс. «Разъезд» тақырыбына әңгіме құрастырады. Разъезд сөзіне дыбыстық талдау жасау.

5.     «Кім жылдам?» дидактикалық ойыны. Шарты: айыру белгісі кездесетін сөздерге мысалдар келтіру.

III. Қорытындылау.

Айыру белгісі (ъ) қандай сөздерде кездеседі?

Сөздерге дыбыстық талдау жасату.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Буындардан сөз құра. Сурет бойынша әңгіме құрату.

Мақсаты: буындардан сөз құрап оқуға жаттықтыру. Сурет бойынша сөйлемдер құрау арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сұрақтарға жауап беріп, өз ойын дұрыс жеткізе білуге баулу. Балалардың сөзді ести білу және еске сақтай алу қабілетін, тіл байлығын, ой-өрісін, логикалық ойлауын дамыту. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: суреттер, ойыншықтар, гүлдердің суреті.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I.  Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шеңберге тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

II.   Негізгі бөлім.

1.   Ойыншықтарды балаларға көрсету.

-   Мынау не?

-    Мынау - доп. Мынау - секіртпе.

«Түсі қандай? Көлемі қандай? Ол не үшін керек?» деген сияқты сұрақтарды қоя отырып, суретпен жұмыс жүргізу.

-   Балабақша ауласынан және тұрғын үй ауласынан не көріп тұрсыңдар?

Сызба бойынша екі, үш, төрт сөзден тұратын бірнеше сөйлем құрастыру.

Буындардан сөз құрап текшенің ішіне жазу тапсырмасы бойынша тақтамен жұмыс жүргізіледі. Балалар кеспе әріптерден а-на, а-та, ба-ла, ә-ке, ә-же, і-ні, а-га сөздерін құрастырып, оларға дыбыстық талдау жасайды.

2.  Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Бірнеше бала әңгіме құрастырған соң, оны өмірмен байланыстыра әңгімелеуге бағыт беру. Өз балабақшасы мен тұратын ауласы жайлы әңгімелету. Сұраулы және хабарлы сөйлемдер құрастыру.

3.   Гүлдердің аттарын айтқызып, оларға дыбыстық талдау жасату. Гүлдердің аттарын буынға бөлгізіп айтқызу. Мысалы: бәй-ше-шек, қа-лам-пыр, қыз-ғал-дақ, түй-ме-дағы, қо-ңы-рау- гүл, рау-шан-гул.

4.   «Қай әріпті жоғалттым?» дидактикалық ойыны.

5.  Сергіту сәтін өткізу.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар

Үп-үлкен боп өседі.

6.     «Буындардан сөз құра» дидактикалық ойыны. Шарты: берілген буыннан сөздер құрау. Мысалы: тор-ғай, то-қыл-дақ, ақ-қу, ша-га-ла, тыр-на.

7.    «Құстардың атын ата» тапсырмасын орындау. Дегелек, қарлығаш және аққудың суреттері берілген. Дегелек, қарлығаш және аққу сөздерін қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыру. Сөйлемдерді дәптерге жазғызу.

III. Қорытындылау.

Сұрақ-жауап, көрнекілік әдістері арқылы өткен сабақтарда алған білімдері бекітіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Жоғалған буын» дидактикалық ойыны. Сөз құрастыр.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: өткен дыбыстарды қайталату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. «Жоғалған буын» ойыны арқылы дыбыстардан сөз, сөзден сөйлем құрастыруға үйрету. Қолдарын әдемі жазуға жаттықтыру.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: әліпби, кеспе әріп кассасы, суреттер, текшелер, аққу, торғай, құстар, әріптер жазылған гүлдердің суреті.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, түсіндіру

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.   Шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып, балалар бір-біріне жылы сөздерін айтады, жақсы тілек тілейді.

2.  Дәптермен жұмыс.

а) «Жоғалған буын» ойыны. Шарты: торкөздерге жоқ буындарды тауып жазады.

 Мысалы: көгершін, торғай, аққу, тырна, шағала, қарлығаш, тоқылдақ, қарға, үкі.

ә) «Сөйлем құрастыр» тапсырмасы: І.Аспанда шағала ұшып жүр. 2. Ұяда екі жұмыртқа жатыр.  3.Балапан аулада жүгіріп жүр .

 Орманда тоқылдақтың дауысын естідік.

б) Қараторғайдың ұясының суретін салу.

в)   «Жоғалған сөздер» ойыны

 Шарты:тақтаға кейбір сөздері түсіп қалған сөйлемдер жазылған плакат ілінеді.

Мысалы: Көктем    жылынды. Жер ... . Құстар ... .

Балалар құстарға .............  Жоғалған сөздерді тауып, сөйлем құрайды. Көктем мезгілі және құстар туралы білетіндерін айтады.

Көктем,жылы,құстар,дыбыстық талдау жасайды.

«Сөз ойла, көп ойла»ұйымдастырылады.

Үзік сызықтарды қосу арқылы аққудың суретін салу.

Сөзжұмбақты шешкізеді.Шешулері:қарбыз,қарға,қармақ.

      4.Сергіту сәтін өткізу.

 

Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап дем алсам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып  жайқалам.

(Қимылмен көрсету).

3.    «Сөз құрастыр» ойынымен жалғасады. Шарты:гүл күлтелеріндегі әріптерден сөз құрастыру.

Сызбаға сәйкес сұраулы және хабарлы сөйлем құрастыру.

Қол жаттықтыру тапсырмасы ретінде берілген үзік сызықтарды қосып, жолдың аяғына дейін тапсырманы орындайды.

III. Қорытындылау.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы білімдері бекітіледі.

Ұя, балапан, наурыз сөздеріне тапсырмасы бойынша жарыс ұйымдастыру.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ш дыбысы және әрпі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заместитель директора

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 842 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2016 7590
    • DOCX 441 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Фетисова Татьяна Алексеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Фетисова Татьяна Алексеевна
    Фетисова Татьяна Алексеевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8492
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 132 человека из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 532 человека

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 97 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 223 человека

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 102 человека

Мини-курс

Особенности патриотического воспитания

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе