Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Шеберлік-тәжірибе баспалдағы. Жас мамандармен жұмыс

Шеберлік-тәжірибе баспалдағы. Жас мамандармен жұмыс

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Десант сабақ Жас мамандармен жұмыс Тақырыбы : «Шеберлік-тәжірибе баспалдағы»

/кәсіби білім мен практикалық дағдыны калыптастыруға бағытталған сайыс сабағы/

Сабақтың мақсаты : 1.Мұғалімдер ұжымы мен жүргізілетін әдіскерлік жұмыстың формасын ұсыну арқылы кәсіби білім мен практикалық дағдыны қалыптастыру ; 2. Мұғалімдердің шеберлік ізденістерін ұштау, ұжымдық мотивацияны жеделдету; 3.Ұжым арасында ауызбіршілік, өзара көмек, ізденуді жетілдіру.

Сабақтың міндеті : Жаңа технология барысында мамандардың кәсіби шеберліктерін жетілдіру . Сабақтың түрі: Сайыс сабақ. Сабақтың әдісі : Іскерлік ойындар, озық оқыту әдісі. Сабақтың көрнекілігі : Интер тақта, слайдталған толық сабақ жүрісі, ашықхаттар, төсбелгілер, топ аттары. Сабақтың жоспары : І. Ұйымдастыру бөлімі. ІІ.Таныстыру «Ой қозғау» ІІІ. «Ұшқыр ой, жүйрік тіл» /РАФТ/. ІҮ. Үй тапсырмасы : «Жарнамалау» . Ү. Мұғалім- артист / «Бес жолды өлең »/ ҮІІ. Тренинг ҮІІІ. Қорытынды. І. Ұйымдастыру бөлімі.

Білімнің қайнар бастауы болып жаралған Шәкіртің әр кез сол бұлағыңнан нәр алған. Армысыз ұстаз, әріптес құрбы, жарандар. Шеберлік ісі, тәжірибелері таралған.

Қош келдіңіз, тәлімі тұнған ортаға, Қош келдіңіз, өрлеген биік ордаға!

Әдіскерлердің сайысы болсын өнеге ,

Ұстазды баптап, шеберлігімен қолдаған. І- «Өрлеу» тобы;

ІІ- «Ұлағат» тобы.

ІІ. Таныстыру «Ой қозғау»

Мұғалімдік қызметті не үшін таңдадыңыз?,- сұрағына жауап беру тапсырылады. Әр топ өз ойын шығармашылық эссе немесе топтастыру түрінде жеткізуге болады / стратегия өз таңдауларй бойынша/.

ІІІ. «Ұшқыр ой, жүйрік тіл» /РАФТ/.

Ой ұшқырлығы мен тіл шешендігі сынға түседі. Топ басшысы 3 түрлі ашықхат таңдайды. Ашықхат ішінде тапсырмалар жазылған /рөл, аудитория, факт-тақырып/

1-сынып оқушылары Қала тұрғындары

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерейтойын қала көлемінде атап өту.

Мектеп директоры Қала әкімі. ІҮ. Үй тапсырмасы : «Жарнамалау» І-топ 1.№22 орта мектепті жарнамалау. ІІ-топ 2.Үздік әдіскер сайысын жарнамалау

Ү. Төсбелгіні қорғау. Әр топ өз төсбелгілерін қорғайды.

ҮІ. Мұғалім- артист / «Бес жолды өлең»/ «Ұстаз» сөзіне бес жолды өлең құрастырып, осы өлеңді әр түрлі талап етілген эмоцияда оқу. 1.5 км жүгіріп келіп айту 2.Ұйықтап отырып айту 3.Қайғырып айту 4.Күліп айту 5.Сыбырлап айту 6.Физикалық жаттығу үстінде айту /секіріп тұрып/ ҮІІ. Тренинг. Топтар мен бірлестік жетекшісі арасында байланыс және бүгінгі жұмысты қорытындылау мақсатында жүргізіледі. ҮІІІ. Қорытынды. Шеберлікті шыңдау үшін басқа ерек, Білім керек, шыдам керек, бас керек. Жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне Іскер маман, өздеріңдей жас керек,- деп өз әріптестеріме ризашылығымды білдіремін.

Дайындаған: Сактаганова Н.Ы.

« Серікбол Қондыбай атындағы №22 орта

мектебі»бастауыш сынып мұғалімі

Ақтау қаласы---2016 ж



Автор
Дата добавления 26.06.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров31
Номер материала ДБ-132483
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх