Инфоурок Биология Другие методич. материалыШығармашылық есеп. Шығармашылық есепте жасалған баяндама, мұғалімнің жетістіктері туралы. Баяндама.

Шығармашылық есеп. Шығармашылық есепте жасалған баяндама, мұғалімнің жетістіктері туралы. Баяндама.

Скачать материал

 

                     

                                                                         

 

Карибаева Айша Асылхановна                                                                                                                                                                    

                                                       жоғарғы санаттағы биология пәні          мұғалімінің шығармашылық есебінен

 

 

        Жақсы мұғалім болу мүмкін бе?  Осы сұрақты жиі-жиі өзіме қоямын.
«Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс»деген екен Ыбырай.

Ұстаздық шеберлікке жету үшін де, музыкант, хирург, ұшқыш болу сияқты  көп еңбектеніп, оқу керек, тағы да осыған қоса ең маңызды- балаларға деген, өз мамандығыңа деген шексіз махаббат болу керек.

   Дәл бүгінгі күнге дейін жалпы еңбек өтілім 30 жыл, ұстаздық еңбек өтілім – 20 жылдан астам. Бұл көп пе, әлде аз ба?.. Егер әр жыл ұстаз өміріне алуан түрлі қиындықтар мен қызықтарын әкеліп отырса - әрине маңызды деп айтуға боларлық. Өткен жылдарға кері бұрылып көз жүгіртсең, жыл сайын шеберлігіңнің артқанын, қателіктерді жеңуде көп нәрсені үйреніп, көңіліңе тоқығаныңды көресің.

 Алдымызда отырған әрбір баланың ата-анасы баласын бізге сеніп тапсырып отыр, өйткені шебер ұстаз – адам жан-дүниесінің инженері. Ұстаз ретінде мені үнемі толғандыратын мәселе – оқытудың бай әдіс–тәсіл қорынан ең тиімдісін қолданудың нәтижесінде ББД белсенділігін, көзін ашып, көкірегіне от салып, білімге құштарлығын, іздемпаздыққа талпынуын арттыру жолы. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: «Оқушы – құдіретті еңбектің адамы. Оның танымдық жеңістерін жеңілдетіңдер» деп мұғалімдер қауымына үндеу салған.

     Менің жеке мақсатым - бүгінгі әр ұстаздың мақсаты: құзырлы шәкіртті тәрбиелеу.

Алдыма қойған принциптерге жүгіне отырып, балаға қиянат жасамай, оған мәселелерді шеше білуге, өмірдің мәнін түсінуге, оқудағы жетістікті сезіну арқылы жеке тұлға ретінде қалыптасуға, өсуге, денсаулығын сақтауға және қадірлей білуге үйрету. Осыдан мынадай тұжырым құрылады: әр бала жеке индивидум, мектеп табалдырығын аттаған кезде-ақ бойында әр түрлі деңгейдегі қабілет жиынтығы бар, табиғаттың берген қасиеттері мен сыйы бар. Демек ұстаз сабағын және сабақтан тыс іс-шарасын дұрыс құрастыра білсе, онда баланың бойында жағымды қабілеттерінің ашылуына жол алып, өмірде өзін жеке тұлға ретінде ұйымдастыра алатын, өзін әлеуметтендіре алатын азамат шығады.

       Біздің қоғамға қандай адам қажет екені туралы бүгінгі күнде әр түрлі деңгейдегі мінберлерде айтылып жатыр. Ол: рухани бай, денсаулығы мықты, білімі нық, оқуға, үйренуге құштар, ойы ұшқыр азамат. Міне бұл бізге мемлекет тарапынан беріліп отырған  тапсырыс деп қабылдауға да болады. Сондықтан еліміздің ертеңі біз қолымызда деп анық айта аламын. Осыған орай өз педагогикалық ұстанымым: «Жақсы ұстаз білім берген ұстаз емес, жақсы ұстаз шәкірттері құштарлықпен оқитын ұстаз» демекпін.

 

 

Аналитикалық бөлім.

Іс-әрекетті үрдісін талдау барысындағы мәселені анықтау және өз білімін жетілдіру тақырыбын негіздеу.

Неге жеттім? Неге ұмтыламын? Не кедергі жасайды?-деген сұрақтарды басшылыққа ала отырып, еңбегіме талдау жасап, ең алдымен өзіме есеп беремін.

    Әр мұғалім өз еңбек өтілі барысында әр түрлі мәселелер мен кедергілерді анықтап, оларды шешу жолдарын табуға тырысады. Бүгінгі таңда мұғалімдер қауымына еңбек етудің өзі қиындап бара жатыр десем қателеспеспін.          

 Оның себептері менің ойымша:

-          қоғамда білім құндылығының төмен бағалануы (құзырлы, білімді азаматтардың жұмыс орнына орналасуы өте қиын);

-          XXI ғасыр ақпараттық ғасырдың оң және теріс әсері;

-          Мұғалімдердің алдына мемлекет тарапынан қойылған тапсырысты толық қанағаттандыруға қол жеткізу үшін дайындығының төмен болуы, өйткені мектеп жұмысы ата-анасыз, қоғамсыз мүмкін емес. Мұғалімдер мен ата-ананың өмірлік құндылықтары, көз қарастары әр түрлі. Ең негізгісі – мұғалім абыройы, беделі қоғам алдында төмен...

      Соңғы жылдардағы балалардың сабаққа, оқуға деген ынтазарлығы әлдеқайда төмен.

Егер соны зерттеп үңілсек: оның себебі отбасынан басталады.

    біріншіден, білім алуға деген мотивациясы;

    екіншіден,отбасының әлеуметтік жағдайы;

Сондықтан бүгінгі ұстазға тек баланы ғана тәрбиелеп емес, оның ата-анасына көп ықпал ету жұмыстарын жоспарлау керек.

Осы себептердің барлығын ескере отырып, қоғамымыздың ертеңі – бүгінгі жастар екенін кәміл мойындап, еліміздің ертеңі жастардың еншісінде екеніне хақ сеніп, өз білімімді жетілдіру тақырыбымды:Оқушылардың біліктілігі мен болашағын ұштастыра отырып, ізденіп-зерттеушілігін, шығармашылықпен жұмыс жасау дағдысын жетілдіру арқылы өздігінен білім алуын және құзыреттілік қабілетін дамыту деп белгілеп алдым.

Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Біліктілік – бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.

Міндеттер:

-биология ғылымының негізгі қағидаларын,ағзалардың тіршілік әрекеттері, олардың жеке және тарихи дамуы, жүйесі,құрылымы және қызметі, адам әрекетінің экологиялық жүйелерде болатын өзгерістерге әсері туралы білімді қамтамасыз ету;

-экологиялық білім және тәрбие, табиғатқа жауапкершілікті қарым-қатынас, органикалық дүние эволюциясы білім негізінде табиғатты қорғау іс-әрекетіне дайындауды қамтамасыз ету;

-тірі организдердің құрылысын, қызметін, тіршілік әрекеттерін эволюциялық тұрғыда түсіндіру;

-тірі организмдерге тән қасиеттерді оқыту барысында өлкетану материалдарын кеңінен пайдалану;

-оқушылардың жалпы дүниетанымын дұрыс қалыптастыруда биологиялық ұғымдарды, көзқарастарды, заңдылықтарды негізгі тірек ретінде пайдалана білу;

-оқулықты және дидактикалық материалдарды пайдалана отырып жұмыс істеу тәсілдерін үйрету;

-практикалық, зертханалық жұмыстарды орындау барысында теориялық білімдерін пайдалана білу;

-пәнаралық байланыстарды қалыптастыру;

-биологиялық заңдылықтарды түсіндіру кезінде күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, тапқырлыққа тәрбиелеу;

-әлеуметті белсенді азамат тәрбиелеу;

 

 

 

Мақсатқа жету механизмдері.

1.Оқытудың тиімді технологияларды қолдану:

-проблемалық оқыту;

-сын тұрғысынан ойлау;

-деңгейлеп оқыту;

-жобалап оқыту әдісі;

2.Тест тапсырмалары:

-ашық тест;

-жабық тест;

-топтама тест;

-сәйкестікті табу;

3.Зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру:

-оқулықпен жұмыс істеуді үйрету;

-анықтау қабілеттерін дамытуға көңіл бөлу;

-қорытынды шығара білуге дағдылау;

-сауатты, ғылыми тілде сөз сараптауға баулу;

4.Бақылау жұмыстарын ұйымдастыру:

-логикалық тапсырмалар құрастыру;

-деңгейленген тест тапсырмаларын орындау;

5.Сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастыру:

-интеллектуалдық ойындар;

-жарыстар;

-танымжорық;

-әдеби кештер;

-мәдениет орындарына бару;

-өнеге сағаттарын өткізу;

 

 

 

 

2.4.Нәтижелер.-

 

 

ҰБТ-дің көрсеткіштері

 

 

Оқу жылы

2006-7 о.ж.

2007-8 о.ж.

2008-9 о.ж.

2009 – 10 о.ж.

2010-11 о.ж.

2011- 2012 о.ж.

Оқушы саны

12

34

15

38

22

31

Орта балл

22

17

17,87

19

20,5

17.4

 

 

 

Оқу жылы

2006-7 о.ж.

2007-8 о.ж.

2008-9 о.ж.

2009-10о.ж.

2010-2011 о.ж.

2011-12 о.ж.

Сапа

83

75,5

87

90

96

81

Үлгерімі

100

100

100

100

100

 100

 

 

Аудандық және областтық олимпиада көрсеткіштері

 

 

 

Оқушы аты-жөні

Аудан

 

Облыс

1

Кішкеева Раушан

І

ІІІ

2

Ізбасарова Гүлзия

І

ІІ

3

Сәрсенбаева Арай

І

қатысушы

4

Жәнібек Гаухар

І

қатысушы

5

Адылмағанбетова Жамал

ІІ

 

6

Орынбай Әсем

І

қатысушы

7

Расылхан Динара

ІІ

қатысушы

8

Жәділ Аида

І

қатысушы

9

Сабирова Айдана

ІІ

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепішілік, аудандық, облыстық семинар,байқаулар, конференцияларға қатысу белсенділігім.

 

-Мектепішілік әдістемелік кеңестерге арналып өткізілген ашық сабақтар мен сынып сағаттарының тақырыптары:

«Фотосинтез», «Мейоз», «Жүрек қызметі», «Генетика тарауы бойынша қоғамдық білім байқауы»,  «Адам қаңқасының бөлімдері», «Бейімделушілік», «Онтогенез»,

«Нуклеин қышқылдары», зертханалық жұмыс «Өсімдік жасушаларындағы плазмолиз және деплазмолиз», «Пластидтер», «Б.Бөлтріковаға – 90жыл», «Өлім себуші дерт», «Төл теңгннің тарихы», «Соңғы соғыстың сарбаздары», «Менің қызықты әлемім».

-Аудандық семинарға арналып өткізілген ашық сабақтар:

«Бассүйек қаңқасы», «ДНҚ», «Зат және энергияның алмасуы», «Мендельдің заңдылықтары», «Жасушаның химиялық құрамы».

Баяндама: «Биология пәнінен ҰБТ-ге дайындық», «Жаратылыстану бағытындағы биология пәнін оқытудың тиімді жолдары».

-Облыстық семинарларға арнап өткізілген ашық сабақтар:

«Қосарланып ұрықтану», «Бұлшықет түрлері», «Генетика тарауын қорытындылау». Баяндамалар: «Биология пәнін оқытуда экологиялық тәрбие беру», «ҰБТ-ге дайындық жүргізудің тиімді әдістері».

 

3.Жобалау.

 

Жуық арада атқаратын әрекеттерім:

-әр сынып бойынша тақырыптық тест тапсырмаларын құру;

-тест түрлерін кеңінен қолдану, арқылы оқушылардың жұмыс істеу қабілеттерінің аясын кеңейту;

-7сыныптан бастап олимпиадаға дайындық жұмыстарын жүргізу;

-авторлық бағдарлама жазу;

-озық әдіспемелік құралдарды оқып, өз тәжірибеме қолдану;

-ҰБТ-дің жоспары мен оқушыларды дайындау әдістемесін құрастыру;

 

4. Түйін.

 

      Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шығара айтатыным: таңдаған педагогикалық әдіс-тәсілдерім, технологияларым нәтижелі, өйткені баланың жеке тұлға болып дамуы мен қалыптасуына бағытталған. Қызметімнің ең негізгі объектісі - бойындағы бар қасиеттерімен, қабілеттері, өзіндік мәселелері бар оқушы.

Өмірдің талабына сай құрылған сабақ оқушыны білім алушы субъект ретінде мүмкіндігінше өз бетімен ізденуге жағдай жасау арқылы, оның шығармашылық қабілеттерін ашып, білім алуға бағыт беру. Меніңше, бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы – оқушы мен ұстаздың қарым-қатынас стилі өзгеруінсіз мүмкін емес. Демек бұйырып авторитарлық әдіс көмегімен емес, қызықтыру, көмектесу, белсендендіру, демеу арқылы істі өз орнынан қозғауға болады.

       Мұғалімнің ең негізгі міндеттерінің бірі-бойындағы бар күш-жігерін салғанның өзінде де, өзгенің көмегінсіз білім ала алмайтын, танымдық әрекеті төмен оқушыларға көмек көрсету.

       Бізге сеніп, бізді таңдап келіп отырған шәкірттеріміз сан алуан түрлі: мықты,  жігерлісі де, әлсіз, сауатсызы да бар, олардың барлығының көзін ашып, көкірегіне от салу, танымдық көзқарасын, бойына кісілік, рухани зиялылық қасиеттерін қалыптастыру, өмірге бейімдеу, ең негізгісі барлығын бір қалыпқа салғандай етіп емес, табиғаттың түрлі-түсті бояуы тәрізді сан алуан азаматтарды дайындау әр кездегі ұстаздардың негізгі өмірлік заңы болуы керек деп ойлаймын.

       Баяндамамды В.О.Ключевскийдің сөзімен аяқтағым келеді, ол: «Балалар дәрігерлерінің жазылмаған заңы бар: Баланы қарар алдында қолыңды жылыт. Дәл осылай ұстаздар да тек қолдың жылығы ғана емес, жүректің жылылығы туралы да ұмытпау керек» деген.

 

Сабақ жоспарлары:

 

Сабақтың тақырыбы: Жүректің қызметі.

( Жаратылыстану-математикалық бағыт)

Бейіні: биология

Сынып: 11 «ә»

 

 

 

Сабақтың мақсаты:

1.Мектеп бағдарламасы бойынша алған білімдерін актуализациялай отырып, бағдарлы білім беру;

2.Оқушыларды шығармашылық ізденіске баулу, мамандыққа бағытты іскерлік қабілеттерін дамыту;

3.Міндеттілікке, жауапкершілікке, білім алуға құштарлыққа тәрбиелеу;

 

Сабаққа керек құрал-жабдықтар: тонометр, глюкометр, азық-түлік, видеоматериалдар.

 

Сабақтың түрі: конференция (дәрігер-консултанттар)

 

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Білімді актуализациялау.

-тест тапсырмасын орындау;

-қатемен жұмысты жүргізу;

 

 

Білімді актуализациялауға арналған тест тапсырмасы

(активотпен жұмыс)

 

1.Агглютинация құбылысын ашқан ғалым:

А) И.И.Мечников В) И.И.Павлов С)К.Ландштейнер Д)Лаверан

2.Айшық қақпақшалар қайда орналасқан:

А)құлақша мен жүрекше арасында В) жүрекше мен қарынша арасында

С)қарынша мен тамырлар арасында Д)сол жақ қарынша мен оң жақ құлақша арасында

3.Қос жақтаулы қақпақшалар қайда орналасқан:

А)құлақша мен қарынша арасында В) жүрекше мен құлақша арасында

С)қарынша мен тамырлар арасында Д)сол жақ қарынша мен оң жақ құлақша арасында

4.Жүрек бұлшықеті жатады:                

А) көлденең жолақты В)бірыңғайсалалы  С)фасциялардан  Д)дәнекерден

5.Жүректің қай жағының бұлшықеті қалың:

А)сол жақ қарынша В)сол жақ жүрекше С) оң жақ қарынша Д) оң жақ жүрекше

6.Капилляр арнасы:

А) 4-20мкм В) 4-20мм С) 14-20мкм Д) 4-50мкм

7.Мүшелерден жүрекке қанды әкеледі:

А)салатамыр В)вена С)артерия Д)өкпе венасы

8.Оттегіне қаныққан қаны бар тамыр:

А)өкпе салатамыры В)вена С)венулла Д)өкпе венасы

9.Жүрек циклі қанша кезеңнен тұрады:

А)3   В)2 С)4 Д)1

10.Жүректің жалпы босаңсуы қанша уақытқа созылады:

А) 0,1с  В)0,7с  С)0,3с  Д)0,4с

11.Қай гормон жүректің жұмысын әлсіретеді:

А) ацетилхолин  В) вазоперссин  С) тироксин Д) адреналин

12.Дене жұмысымен айналысқан кезде жүрек бұлшықетінің жиырылуын жылдамдатады:

А)парасимпатикалық жүйке  В) ацетилхолин С)К +ионы  Д)симпатикалық жүйке

 

 

 

 

 

3.Жүректің құрылысына құрылған тапсырмадан қатені табу. (флипчартта)

 

 

4.Конференцияға келген дәрігерлермен таныстыру: кардиолог-Жәділ аида Дүйсенқызы, гематолог-эндокринолог -  Лепесова Камила Әбужанқызы, дәрігер-лаборант – Сүйіндік Біржан Есжанұлы, дәрігер-диетолог – Исаханова Қамар.

 

Кардиологқа сөз беріледі.

Жүректің жұмысы, жүрек жұмысын өлшейтін құралдармен таныстыру,қан қысымы, электрокардиограмманы оқуды түсіндіру.

 

Гематолог-эндокринологқа сөз беріледі.

Қанның құрамы, қанның қызметі, глюкометр, кант мөлшерін өлшеу,қант диабеті туралы мәліметтер айту.

 

 

 

 

Дәрігер-лаборантқа сөз беріледі.

Қанның тобын анықтауға қолданылатын құрал-саймандар туралы айту, қан тобын анықтау, резусты анықтау.

 

          

 

 

 

Дәрігер –диетологқа сөз беріледі.

Ишемия ауруы, коронарлы артериялар, холестерин, тамақтанудың 10 қателігі, жүрек жұмысына пайдалы және зиянды тағамдар туралы айту.

 

 

 

5.Бастапқы тест тапсырмаларын қайтадан орындау, қатемен жұмыс жүргізу.

 

6.Кесте бойынша жұмыс: жүректің құрылысын қайталау.

 

7.Үйге тапсырма: Жүректің құрылысын қайталап келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шығармашылық есеп. Шығармашылық есепте жасалған баяндама, мұғалімнің жетістіктері туралы. Баяндама."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по ипотечному кредитованию

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 254 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.11.2015 4835
    • DOCX 11.1 мбайт
    • 44 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Карибаева Айша Асылхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Карибаева Айша Асылхановна
    Карибаева Айша Асылхановна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20069
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС СОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 160 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания биологии в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 809 человек

Курс повышения квалификации

Методика подготовки к ЕГЭ по биологии в соответствии с новой структурой и содержанием КИМ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 142 человека

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Методология и организация образовательного процесса по информатике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе