Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыШыбық. тестовые задания к подготовке к PIRLS (4-класс)

Шыбық. тестовые задания к подготовке к PIRLS (4-класс)

Скачать материал

Құрметті, әріптестер!

Сіздерге 4-сынып оқушыларына арналған бастауыш сынып оқушыларының мәтінді түсініп оқу және түсіну сапасын бағалауға (PIRLS) дайындық ретінде қолдануға болатын тапсырма ұсынып отырмын.

 

Шыбық

     Наурыз айының орта кезі. Түске қарай үй төбелерінен қар тамшылары іргелерге сырт-сырт тамып, майда самал жел ағаштардың сидаң бұтақтарын тербейді. Таң алдында торғайлар ағаш бұтақтарына қонып, дүрліге ұшып, көктемнің көңілді күнін жақындата түскедей болады.

    Осындай күннің бірінде «Өмір» мектебінің 6 «А» сыныбының оқушысы Бақыт Алмабеков өзімен бірге оқитын Темірдің үйіне келді. Бұл  күні демалыс еді де, жұрттың бәрі үйлерінде болатын. Оның үстіне күн ашық еді.

      Бақыт ағаш қақпадан өтіп, Темірдің үйінің ауласына кіргенде ешкімді көре алмады. Бақыт үйге кірді. Ауызғы бөлмеде ешкім жоқ. Таңданған Бақыт төргі бөмеге беттеді. Бөлме іші жиналған, ешкім көрінбейді. Аң-таң болып тұрған кезінде оң қол жағындағы үлкен пештің артынан:

-         Апа, сенбісің? – деген дауыс естілді.

-         Е, сен мұнда ма едің? – деп Бақыт жайдарлана сөйлеп, пештің артына қарай жүрді.

Ол шалқасынан түсіп кітап оқып жатқан Темірді көрді. Мұның да даусын естіген Темір кітапты жанына тастай бере, екі қолын тік созып, көзін шарт жұмып, аузын аңқита ашып, бір керіліп алды да, көтеріліп:

-         Апам ба десем, сен бе едің? – деді ол әлі де есіней.  – Неғып тұрсың, ана орындыққа отырсаңшы...

Бақыт отырған жоқ.

-         Мен саған келдім, - деді ол. – Жүр. Көктоғайға барасың ба?

-         Онда не бар?

-         Шыбық қазып әкелеміз. Бүгін күн сондай жақсы әрі ашық, әрі жылы. Егер дәл осы қалпынан жазбай бір-екі күн тұрса, қардың өзі де қалмас.

-         Шыбықты қайтеміз? – деді Темір отырған қалпы.

-         Отырғызамыз. Мына үйдің жанына отырғыза қойсақ, тез-ақ өсіп шығады. Білесің бе, былтыр мен үйдің арғы жағына бес-алты ағаш отырғызып ем, тіпті тамаша боп өсті. Түнеугүні екуеміз торғай ұясын бір талға орнаттық қой, сол менің былтырғы көктемде өсірген ағашаым болатын. Жүр, Темір, бүгін демалыс, барып қайтайық.

Темір тағы бір есінеп алды. Сонан соң басын шайқады.

-         Бармаймын дейсің бе? Түу, бәрібір босқа отырсың ғой,- деді Бақыт Темірдің иығына қолын салып.

-         Босқа шаршағаннан гөрі кітап оқығаным жақсы емес пе?! – деп қыңырая берді. Ақыры оның ілеспесін көрген Бақыт үйден ренжіп шықты.

Бақыт орманға келді. Ол беліне орап алған кендір жіпті шешіп, қардың үстіне қойды да, екі алақанына шырт түкіріп, ысқылап алып, жұмысқа кірісті. Тесенің өткір жүзі тиген сайын жас шыбықтар қопарылып түсе бастады. Әрі-беріден кейін солқылдақ шыбықтар үйіліп қалды. Бақыт жіпсіген маңдайын күртешесінің жеңімен сүртіп, тамырымен қопарылып алынған талдардың үстіне отырды да, үйден әкелген таба нанды жей бастады.

Көп ұзамай-ақ ызғарлы бір жел тұрып, Бақыттың бойын тоңазытайын деді. Ол күнге қарап еді, еңкейіп қалыпты. Көкжиекті кемерлеген қара бұлт аспан төріне қарай жөңкіле сырғып келеді. «Боран болып, күн жаумаса нетті?» деп ойлады Бақыт аспаннан көзін алмай.

Жел екпіні қатая берді. Бұлт күн көзін жауып, айнала түнеріп кетті.  Бақыт шаршайын деді. Орманның шеті жоқ секілді. Бума сүйреуге де көнбеді. Тастап кетуге Бақыт арланды. Ертең манағы Темірдің өзі-ақ мазақ етпей ме?..

Бақыт ертелі-кеш тыным тапқан жоқ. Әкелген жас шыбықтарды үйінің тұсындағы көше бойына, аула ішіне отырғызып, оларды дамылсыз суарып, дамылсыз қадағалаумен болды. https://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRysDDmCejdstDlB6S1ptZCPIOvvR1AJBkYKFb15gbIO3qzJsoeewСолқылдақ жас теректер бірте-бірте бүршіктеніп, ұшар басына жапырақта да жайды. Оны көрген сайын Бақыттың кеудесі қуанышқа толып, сол бір күнгі шаршап-шалдығу ұмыт бола берді. http://moldir-bulak.kz/wp-content/uploads/m_sad.jpg

Темір күнде осы көшенің бойынан өтіп жүрді. Әуелгі кезде Бақытқа іштей күліп те жүрді... Бірақ көктем шұғыласы кең тарап, жас шыбықтар бүр жара бастағанда оны әлдебір жайсыз ой алаңдата берді. Көңілін өкініш торлап, енді үндемейтін болды.

Бір күні көше бойымен әкесі екеуі келе жатқанда жасыл жапырақтары баяу тербелген жас шыбықтарға көзі түсті. Мұны әкесі де көрді.

Қарашы, - деді ол Бақыттың үйін нұсқап, - шыбықтар қандай жақсы өскен. Сен де өстіп үйдің қасына тал отырғызсаң қолыңнан келер-ақ шаруа. Өзіңдей Бақытты қарашы, көше бойын құлпыртып қойғанын. Темір үндемеді. «Әттең, мен неге бармадым екен сонда?!» деген баяғы үнсіз өкініш арнасын бұзған өзендей лықсып шыққан еді.

Шыбық мәтініне арналған сұрақтар:

1.Көктемнің көңілді күні жақындай түскеніін қайдан білуге болады? (Мәтіннен тап)

____________________________________________________________________________________________________________________________

2.Үйге кірген Бақыт не себептен таң қалды?

а) демалыс күні болса да, үйде ешкім болмады

 ә) бөлме іші жиналған

б) ағаш қақпадан өткенде

3. Бақыт Темірге неге келді?

а) бір сыныпта оқитын еді

ә) шыбық қазып әкелуге бірге баруға

б) кітап оқуға

4. Шыбық отырғызудың маңызын Бақыт Темірге қалай дәлелдеді?

__________________________________________________________________________________________________________________________________

5.Темір не себептен орманға барғысы келмеді?

а) ерінді

ә) босқа шаршағанша кітап оқып отырғысы келді

б) Бақыттың келгенін ұнатпады

6. «Еңбегің қатты болса,

    Жегенің тәтті болады» - мақалдың мазмұнына сәйкес келетін Бақыттың қай әрекетінен көруге болады?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

7. «Боран болып, күн жаумаса нетті?» - деп Бақыт не себептен ойлады?

___________________________________________________________________________________________________________________________________

8. Мәтін ішінен Бақыттың намысын жаныған сөйлемді тауып жаз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

9. Не себепті Бақыттың кеудесі қуанышқа толып, шаршап-шалдыққаны ұмыт болды?

а) Темір оның көңілін көтерді

ә) Ұйқысы қанып демалып қалды

б) Отырғызған жас теректері бүршік жарып, жапырақ жая бастады

10. Темірдің өкінішін білдіретін сөйлемді тауып, жаз:

____________________________________________________________________________________________________________________________________

11. Темірдің әкесінің сөзі баласына қандай ой салды?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

12. Темірге қандай кеңес айтар едің?

_________________________________________________________________________________________________________________________________

Каирдолдина Гульназ Нургуметовна

Шығыс Қазақстан облысы

Катонқарағай ауданы

Аққайнар ауылы

«Чернова орта мектебі» КММ

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шыбық. тестовые задания к подготовке к PIRLS (4-класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 202 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.01.2016 2297
    • DOCX 240.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каирдолдина Гульназ Нургуметовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6243
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 206 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 442 человека

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные вызовы педагогической профессии: развитие профессионализма педагогов в контексте улучшения качества образования

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе