Инфоурок Классному руководителю Рабочие программы"Шылым шегудің зияны" тәрбие сағаты (9 "Ә" класс)

"Шылым шегудің зияны" тәрбие сағаты (9 "Ә" класс)

Скачать материал

Сабақтың  тақырыбы: Шылым шегудің  зияны.

 

Мақсаты:

                   Шылым шегудің адам ағзасына тигізетін зиянды әсері. Мұндағы мақсат                                                                                    шылым шегудің  зиянды әсерлерін ашу,оның салдарынан туатын аурулар туралы           оқушылар білімін арттыру.

 

Көрнекілігі:

                   ”Денсаулық-зор байлық”-стенд,нашақорлықты бейнелейтін суреттер,мақал-мәтелдер,нақыл сөздер.

 

Сабақтың өту барысы:

                                          1. Ұйымдастыру бөлімі.

                                          2. Негізгі бөлім:

                                             а) ситуациялық сауалдар;

                                             б) темекі шегуден жирендіретін нақыл сөздер;

                                             в) сұрақ-жауап;

                                          3. Қорыту.

 

 

         Соңғы жылдары бүкіл әлемді жаулап алған темекі тарту, нашақорлыққа салыну, есірткі шегу сияқты жаман әдеттер біздің елімізде де, әсіресе жасөспірімдер арасында кеңінен таралуда. Ұлтымыздың  болашағы, мемлекетіміздің тірегі деп жүрген жастардың мұндай жаман әдеттерге бой алдыруы кімді болса да ойландыратыны анық.. Сондықтанда біз бүгінгі әңгімемізді осы тақырыпқа арнадық..

         Бірінші тарихтан бастасақ....

         Көздеріне теңізді елестетіңдер... беймәлім жер...  ХҮ ғасыр адмирал Христофор Колумбтың  әйгілі “Пинта” кемесінің матросы Родринго Триоми “Алда жер көрінеді” - деп айқай салады. Кеме құрлыққа жақындайды. Жергілікті тұрғындар аралға жақындайды. Жергілікті тұрғындар аралға ұқсаған өздерінің жерін Гуалихши деп атайды екен. Жергілікті тұрғындар Клоумбқа басқа сыйлықтармен бірге ”петум” дейтін шөптің кептірілген жапырағын ұстатады. Олар күнге кептірілген осы жапырақтарды түтікше тәрізді етіп орап шегеді екен. Х.Колумб алтын іздеген сапарында  одан әрі оңтүстікке қарай бет алады да 1452 жылдың 27 қазанында Куба жағалауына келіп түседі. Тұрғындар келушілерді қолдарына бықсыған от ұстап,өздері ”Сигаро” деп атайтын шегуге арналған шөппен қарсы алады. Оны шеккен кезде әр адам 3-4 рет ішіне сорып,түтінін мұрнынан шығарған.шылым шегуді алғаш үйренген еуропалықтар болды. Х.Колумбтың екінші жорығынан кейін  (1493-1496) темекінің тұқылы Испанияға әкелінді. Одан Еуропаның Коршюс елдеріне тарайды да, ұлы жаналық ашушылар кезеңінде теңіз және керуен жолдарымен жершарының түкпір- түкпіріне жеткізілді. ХҮІІІғ. 30-жылдарының ортасында табиғат  зерттеуші К.Линней темекіні европада алғаш өсірген Жан Никонның құрметіне ”никотин” деген туыстық атау берген.

         Шылым шегу-зиянды әдет. Ол ағзаны қатты улайды. Адам шылым шеккенде зиянды заттар ауа арқылы ауызға жоғарғы тыныс жолдары арқылы өтіп,кілегей қабықша  мен өкпе көпіршіктері бетіне қонады. Сілекеймен қоса жұтылып,асқазанға барады. Темекі мен темекі түтінінде 200-дей зат кездеседі. Олар-сірке қышқылы, эфир майы, көмір қышқылы, аммиак, висмут кездеседі. Шылым шегетін адамды шылым шекпейтін адамнан оңай ажыратуға болады. Шылым шегетін адамның бетіне әжім ерте түседі, шашы сирейді ,саусағы сарғыш болады, өз жасына қарағанда үлкен көрінеді. Шылым шеккеннен 2-3 минуттан кейін никотин қан арқылы миға жетіп, мидың ішкі жасушаларына енеді де, біраз уақыттан кейін мидың белсенділігін төмендетеді. Себебі никотин мидағы қан тамырларын тарылтады да, миға қоректік заттар мен оттегінің келуі азаяды. Жуйке жүйесінің қызметі, адамның естуі, мен көруі  нашарлайды. Түсті ажырату қабілеті төмендейді.

 Темекі түтіні  адм ағзасына зиянды. Оны мынадай мысалдармен дәлелдеуге болады. Дүние жүзінде шылым шегуден жыл сайын 2,5 млн. адам қайтыс болады. Шылым шегетін адам жылына отбасы қаржысына мыңдаған теңге шығын әкеледі.Шылым шегетіндердің жүрегі тәулігіне 20 есе көп соғады. Әрбір шылым адам өмірін 12 минутқа қысқартады. Шылым шегетіндер жүрек ауруымен 12-13 есе, асқазан жарасымен 10 есе жиі ауырады. Олардың 80 пайызы өкпе ауруына шалдығады.

 

       Төмендегі статистикалық мәліметтерге көңіл аударыңыздар.

1.     Дүние жүзінде 1 млрд. адам темекі шегеді.

2.     Темекі зардабынан күніне 10 000 немесе 3,5 млн. адам қайтыс болады.

3.     Қазақстан бойынша 3,2 млн. яғни 33 пайыз адам темекі тартады.

4.     Темекі зардабынан жылына 25 000 адам қайтыс болады.

5.     Темекі түтінінің улылығы автомобиль шығаратын газдан 4 есе, тұрмыстық  газдан 250 есе артық..

 

Темекінің термесі

Бөлініп кетсе-дағы жер екіге,

Жол беру керек әркез Темекіге.

Табылам езуінен сұлу қыздың,

Бір гүлі ашылмаған он екіде.

 

Айналып ермегіне балалардың,

Қалтасын қоқым қылам әр күн.

Күн-түн күркілдеп сарғайтқанмын,

Қаусаған кәрі тісін ағалардың.

 

Жүретін үлкен-кіші жас талғамай,

Мен шығар туысқа бай, достарға бай.

Бір атым насыбайға өкпелеген,

Бастарын ағайынның қосқам талай.

Мен жайлы қанша айтса да шулап қайғы,

Бәрібір жөн білетін қу мақтайды.

Беделім, абыройым болар, бәлкім,

Түтінім бар мұрыннан будақтайтын.

 

Сөз қылмай опындырған обал жайын,

Шұбыратып айтар болсам өлең дайын.

Еңбегім ел алдында ұшан теңіз,

Шірітіп өкпелерді келем дәйім.

 

Болмайды Отаны мен шетел деген,

Шекпейтін мені жұртты бөтен дер ем.

Тас тамай тартатұғын жанашырға,

Бас бәйге-күркілдеген жөтел берем.

 

Есірткі өсіп - өнген күш қарқынмен,

Өзіңдей күндестерден іш тарту жөн.

Қысқарту жүріп жатқан кезде түгел,

Келемін кісі өмірін қысқартумен.

 

Ойнақы қылығымен алдап алар,

Түтінім тамақтарды қармап алар.

Жамандап, жала жауып жүргенімен,

Мен үшін тер төгеді жарнамалар.

 

Келемін қарқын қаулап, екпін қайнап,

Талайдың денсаулығын кеттім лай           лап.

Айнала улап болып үлкендерді,

Баланың езуіне жеттім жайлап.

 

 

Жүргенде емізіктей тегіс еміп,

Қалмасын түқылымның шоғы сөніп.

Кейбіреу жеңілденер, көңілденер,
Қамығып отырғанда мені шегіп.

 

Күші ғой темекінің жаулап алар,

Қаңырап қалды ауылда мал-қоралар.

Түтінге айырбасқа кеткен малдың,

Орынын басты: “Магна”,  “Мальборолдар”

 

Әкені, баланы да шырқыраттым,

Уытымды аямадым, бүркіп, аттым.

Ей, Адам, арман бар ма жалған барда,

Талғамай кәрі – жасың бұрқыраттың.

 

Табылам кемпір – шалдың ұясынан,

Қалтаның түкпірінен, қуысынан.

Қалмады мен бармаған жер-көрің де,

Кезі жоқ түтінімнің туы сынған.

 

Шірітіп өкпелерді құрақ қылып,

Қоямын өмірлерді сұрақ қылып.

Бойыма сінген менің тұрықтылық,

Құртамын шеттеріңнен рак қылып.

 

Қашанда артым – соғыс, алдым – майдан,

Ей,Адам, тағдырыңа салдым сайран.

 

       Ситуация. 

1.     Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді. Бірақ сен темекі шеккің келмейді. Достарың сені темекі шегуге итермелейді. Сен достарыңды қиғың келмейді. Сен не істер едің?

2.     Темекінің денсаулыққа зиянды екені белгілі, бірақ неге сатылады?

3.     Егер сенің жақсы көретін қызың темекі тартатын болса, онда сен не істер едің? Темекі шегуді тастатар ма едің? Жоқ әлде басқа қызға кетер ме едің?

4.     Темекі шегетін жолдастарыңызға қандай ақыл-ой, кеңес берер едің?

5.     Қыздардың темекі шеккені мәдениеттілік белгісі ме? Шетелдік кинолардан көргеніміздей оларға бұл үйреншікті жағдай. Ал бізде ше? Біздің қазақы салт-дәстүрімізге сай келеді ме?

6.     Жігітті досына қарап таныдейді, сіз досыңыздың темекі шеккенін ата- анаңызға айта алар ма едіңіз? Досыңыздың темекі шеккеніне қалай қарайсыз?

7.     Темекі шегетін жолдастарыңа қандай ақыл- кеңес берер едің?

 

Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер.

 

1.     Темекі-тегін келмейді,

Теңгеге келеді.

      2.   Темекіні шеккенің,

            Темір табытқа шеге қаққаның.

      3.   Шылымқор өзін ғана емес, өзгелерді де улайды.

      4.   Темекі тәнді зақымдайды, ақыл-ойды күйзелтеді.

 

                Дүниеде, тіпті дені сау адамның өзіне де темекі мен түтін деген ауада болудың зиянды екенін білмейтін ешкім жоқ..

                                                                                                            В.В.Вересаев.

                                

        Сұрақтар.

 

1.     Темекіні Европаға кім,қашан әкелді? (1496 жылы Колумб).

      2.   Темекіден қандай аурулар туындайды? (өкпе,жүрек,бауыр аурулары).

      3.   Адам ағзасындағы қан айналымының бұзылуы үшін қанша темекі қажет? (1 дана).

      4.  Егер адам күніне бір қорап темекі тартса, бір жылда оның өкпесіне қанша смола  жиналады? (1 литр).

 

  

       Қорытындылау.

 

    “Қазақстан- 2030 ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы- біздің болашағымыздың сара бағыты, яғни, болашақ біздікі. Болашақ ғасыр иегерлері дені сау , терең білімді, жат қылықтардан аулақ болуы біз үшін үлкен бақыт. Өркениетті ел қатарына Қазақстан мемлекетінің қосылуына біз үлес қосуымыз керек. Әлем темекіге қарсы күресуде. Мысалы , Швейцарияда жыл сайын “Темекі тартпайтын күн” аталып өтеді. Францияның кейбір фирмаларында шылым шегуді тастаған қызметкерге арнайы сыйлық төлейді. Бұл сабақтан сіздер көп мағлұмат алды деп ойлаймын. Бұларды естіп қана қоймай, өмірде пайдалану - әрқайсымыздың міндетіміз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Шылым шегудің зияны" тәрбие сағаты (9 "Ә" класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель научной организации

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 334 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.11.2015 10125
    • DOCX 50.5 кбайт
    • 206 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ргебекова Кымбат Аманбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ргебекова Кымбат Аманбековна
    Ргебекова Кымбат Аманбековна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 41417
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 406 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 548 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 747 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 999 человек

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовые ключи экспертного успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе