Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Үштілді оқыту – заман талабы" тақырыбындағы тәрбие сағаты

"Үштілді оқыту – заман талабы" тақырыбындағы тәрбие сағаты

Скачать материал

 

Сабақтың тақырыбы: Үштілді оқыту – заман талабы

Сабақтың мақсаты: Студенттерге көптілде сөйлей алатын тілдік құзыреттілік біліктілігін қалыптастыру туралы түсіндіру. Үш немесе одан да көп тілде қарым-қатынас жасай алуы және дерек жинай білуге үйрету.
Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру.


Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру жұмысы.
2.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Оқытушы: 

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беру жүйесінде үш тілдің  – мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсеткенін білеміз. Бұл дегеніміз оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр дегенді түсіндіреді. Негізгі мақсаты – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген  полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру. Тек қана жоғары оқу орындарында ғана емес, сонымен  бірге, мектептерде де көптілді білім беру үшін тілді терең меңгерген мұғалімдер дайындау жұмысы да дұрыс шешілуі тиіс. Бір жағынан мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейту бізде шешімін таппай жатқан мәселе. Ол ұлттық келісім  мен қазақстандық  патриотизмді нығайтудағы рөлін арттыру ең басты мәселелердің бірі. Орыс тілінің лингвистикалық белсенділігін сақтау және ағылшын тілін жаhандану экономикасындағы ғылыми – ақпарат алудағы желісін кеңейту  негізгі тақырыбына айналды.
Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасын іске асыруы білім берудің барлық деңгейлерінде оқу бағдарламалары мазмұнының жаңаруына; бірыңғай білім беру ортаның аясында үш тілде білім берудің бірізділігін қамтамасыз етуіне; үш тілде білім беруді тиімді енгізу үшін педагогикалық кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың жүйесін жетілдіруіне; Қазақстанда үш тілде білім беру саласындағы тиімді ғылыми зерттеулерді жүргізуді қамтамасыз етуге; «Тілдердің үштұғырлығы» атты мәдени жобасын  дәріптеуге бағытталған. 

Жол картасында 7 стратегиялық бағыттар қарастырылған:

1. Үш тілде білім берудің нормативтік және құқықтық базасын жетілдіру;

2. Үш тілде білім берудің мәселелерін зерделеу бойынша ғылыми-зерттеу қызметі;

3. Үш тілде білім берудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі;

4. Кадрларды даярлау және біліктілікті арттыру;

5. Үш тілде білім беруді институционалдық тұрғысынан қолдау;

6. Үш тілде білім беруді ақпараттық қолдау;

7. Үш тілде білім беруді қаржыландыру.


Көптілді білім берудің мақсаты:

·  Халықаралық білім кеңістігінде бәсекеге түсе алатын көп мәдениетті тұлғаны қалыптастыру;

Міндеттері:

·  Студенттердің жеке қабілеттеріне қарай көптілді дамытуды қамтамасыздандыратын жағдай жасау;

·  Жас ұрпақтың білім кеңістігіне еркін енуіне жол ашу;

·  Өз қабілеттерін дамытуға мүмкіншілік беру.


3.Студенттермен әңгіме жүргізуге арналған сұрақтар:

1 Үш тілде білім беруді қалай түсінесің?

2 Сен өз ана тіліңді жетік меңгергенсің бе? 

3 Орыс және ағылшын тілін меңгеру қиын емес па?

4 Үш тілде еркін сөйлей аласың ба?

5 Өз еліңнің патриотысың ба?

6 Үш тілде жазу қабілетің қандай?

7 Қазіргі қоғамда үш тілді меңгеру керек пе? 


4.Тренинг-ойын
Барлығың үшке бөлініп, бір- біріңе қарап тұрыңдар. Бірің қазақ тілі, бірің орыс тілі, бірің ағылшын тілі боласыңдар.Қазақ тілі – 2 топқа қазақ тілінде күнделікте қолданыстағы 10 сөзді  ата, 2 топ топ аттарына сәйкес аудармасын айтсын.

Сабақты қорытындылау: «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.

Тілдің адам өміріндегі ең шешуші рөль атқаратыны әркімге де түсінікті. Ол танудың, түсінудің, дамудың құралы.

Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады.

Қазақстан Республикасының шетелдермен халықаралық байланыстары күннен-күнге арта түсуде. Сол байланыстарды дамыту үшін шет тілін білетін мамандар қажет-ақ.



Жеті  түрлі білім біл,

Жеті жұрттың тілін біл.

                              Мақал                                                                                 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Үштілді оқыту – заман талабы" тақырыбындағы тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Садовод-декоратор

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 957 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.04.2016 7879
    • DOCX 17.3 кбайт
    • 102 скачивания
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джумашева Светлана Абиловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Джумашева Светлана Абиловна
    Джумашева Светлана Абиловна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7996
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 21 региона

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 383 человека из 64 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Художественная гимнастика: диагностика и технические аспекты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе