Инфоурок Классному руководителю КонспектыСынып сағаты«Қарттар елімнің қазынасы»

Сынып сағаты«Қарттар елімнің қазынасы»

Скачать материал

«Қарттар елімнің қазынасы»


1 қазан Қарттар мерекесіне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кеш сценарий

1- Жүргізуші:
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары

2- жүргізуші:

Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған

Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз..

1 - жүргізуші: Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қарттар елімнің қазынасы» атты мерекелік кешімізге хош келдіңіздер!

 2 - жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Ерлан Кенжебекұлы Сманов ағайға береміз.

1 - Жүргізуші:
Ақиқатты айқындап жариялар,

Бара жатыр азайып қариялар.

Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,

Бара жатыр сарқылып дариялар.

 

2 – жүргізуші:

Жадыраймын жадырайын,
 Көңілденіп күлемін.
Жанар ма деп талабым,
Ата ақылын тыңдаймын.
Күй: «» орындайтын Камила Макашева.

1 - Жүргізуші: Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік.

Тақпақтар:

1 - Амина:
Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары
Жас баладай жаутаңдаған жанары
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай
Кімге болсын қарттың жетер аяңдап.


1 - Рабиға:
Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.

 

3 – Азиз:

День для тех, кто жизнь узнал,

Многое уж испытал,

Кто теперь нам всем расскажет

Опыт свой, и всё подскажет.

Чьи советы нам важны,

Чьи слова для нас важны!

Пожелаем вам здоровья

С чувством трепетным, с любовью,

 

1 – Айдана:
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара – пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!

 

4 - Бексұлтан:

Шай ішетін қоюлап.

Жақсы көрем атамды.

Сырмақ сырған оюлап.

Жақсы көрем апамды.

Ұл-қызыңа ерген.

Немерең біз әже.

Немерелерінен өрген.

Шөберелерің біз әже.

 

1 - Жүргізуші:
Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!
ән « » орындайтын Карима Рекенова.

 

Тақпақтар:

3 - Нурикамал:

Ата күні - әже күні әлем күні
Әлемде теберінділер ақылды үні
Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны
Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.

 

1 – Канат:

Ваш бесценный опыт, ваши знанья

Вы готовы нам передавать.

Разрешите выразить признанье,

Долгих лет, здоровья пожелать!

Ваши годы — это ведь богатство!

Столько есть у вас, что рассказать!

Мы готовы вами восхищаться!

С вас пример во всем готовы брать!

 

2 - Анар.

День пожилого человека —

В морщинках и сединках он,

За то в глазах костёр не гаснет,

И в сердце радости огонь!

Жизнь вы познали с разных точек,

И пережили много лет,

Теперь вы знаете лекарство

От горестей, забот и бед.

Не унываете по жизни,

Не сожалеете ни чуть,

А потому, в чудесный праздник,

Пора пришла Вам отдохнуть!

 

2 - Нұрбол:

Әдептілік белгісі.

Иіліп сәлем бергені

Алла берген ұл-қызың

Маңдайдағы жұлдызың

Қариясы бар адам.

Дариясы бар адам

 

2 - Зарина:
Атам менің әманда
кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем
Қалдыратын ұлтқа
Жалған сөзге төзбеймін
Жеткізеді мұратқа
Тек шындықты көздеймін

 

2 – жүргізуші:

Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады
«Қазақ биі»
. 7 –сынып. Анар. Аяжан. Айдана.

 

1 – жүргізуші:

Арсыз күлкің тиылмас, жылауың да,
Айтысың да басылмас, ылаңың да.
Араздасып ағайын кетер еді,
Бір қария болмаса бір алуыда.

 

2 – жүргізуші:

Арқасына нардың жүгін артқандай,

Батырлығы-арғы атаға тартқандай.

Мойымаған қиындыққа төзімді

Бұрынғының қыран қабақ қарттары-ай - дей келе келесі орындалатын әніміз ақ жаулықты әжелерімізге арналады. Ән «Асыл әжем» орындайтындар Әмина Жабаева мен Айна Бисембаева 

 

1 – жүргізуші: Бүгінгі мерекелік кешке ауданымыздағы асыл аналарымыздың бірі, қарт ұстазымыз қазір зейнеткер Шұғыбаева Айна Серғалиқызы апайымыз келіп отыр. Анамызға рахметімізді айта отырып сөз кезегін берейік.


2 - жүргізуші:

Тұра – тұршы есейгенде ұл – қызың
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің
Маған бақыт неге керек ақ әже – ау
Өзің бірге көре алмасаң қызығың.

6 – сынып оқушыларының орындауында «Татар биін» қабыл алыңыздар. Амина мен Зарина.

Анамызға арнап 10 сынып оқушысы Нағыметова Қаракөздің орындауында «Анама хат» әнін қабыл алыңыздар.
Адамдар арасындағы қарым – қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен олардың жекелеген отбасында өркен жаюына яғни баланың ата – анасын жан – жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым – қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтейтін олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын әдептілік кішіпейілділік сергек сезімталдық көрсетпейтін бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр? Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата – анасын ардақ тұтып өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.

Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме. Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.
Қай жерде де ата – анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар. Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке – шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса қартайған ата – анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт – береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата – ана әр кезде де бақытты.
Көрініс: «тоқта балам, атаң келер артыңда»
Көркем сөз: М. Мұқатаев «Реніш» орындайтын 10 сынып оқушысы Сүйеуова Жібек

1 – жүргізуші:
Абырой амандығың арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Тыныштық елімізге бере берсін.
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін
деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет.

 

 2 - Жүргізуші:

Көп жасаған қария

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты. - дей отыра шәкірттерін еліне абыройлы, халқына сыйлы, адал, шыншыл азамат етіп шығарамын деп, әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшасын қатайтып еңбек еткен ардагер ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Осындай халықтың ыстық ықыласына бөленіп, еңбек еткен ардақты ұстаздарымызға зор денсаулық отбасыларына амандық тілейміз.

Қарттарымызды ардақтап өтейік! оларды сыйлап, қадірлеңдер! олай болса, алдағы өмірлеріңде жүрегі кең, адал, мейірімді, қайырымды азамат болып өсіңдер! Қарттардың алдында әрқашанда бас иіп тұрыңдар! Енді бүгінгі кездесу кешімізде қадірлі қонақтарымыздан бата алып, шарамызды аяқтаймыз

Енді сіздерден осы оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймыз.

 

 

Анамызға арнап 10 сынып оқушысы Нағыметова Қаракөздің орындауында «Анама хат» әнін қабыл алыңыздар.
Адамдар арасындағы қарым – қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен олардың жекелеген отбасында өркен жаюына яғни баланың ата – анасын жан – жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым – қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтейтін олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын әдептілік кішіпейілділік сергек сезімталдық көрсетпейтін бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр? Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата – анасын ардақ тұтып өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.

Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме. Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.
Қай жерде де ата – анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар. Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке – шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса қартайған ата – анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт – береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата – ана әр кезде де бақытты.
Көрініс: «тоқта балам, атаң келер артыңда»
Көркем сөз: М. Мұқатаев «Реніш» орындайтын 10 сынып оқушысы Сүйеуова Жібек

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Жол тәртібін жадыңда ұста
Мақсаты: 
Білімділік: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс – жүзінде асыра білуге үйрету.
Дамытушылық: Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету.
Тәрбиелік: Тәртіптілікке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеу.
Кіріспе: Біздің еліміздің барлық қала,ауылдарына ортақ  көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да,үлкендер де,көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережесін жете білмейді. Ал кейбіреулері біле тұра жаяу жүргіншілерге арналған міндеттерді орындағысы келмейді. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып,кейбіреулер жарақат алады. Сондықтан әрбір оқушы  мектепте оқытылатын жолда жүру ережесін  мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруы керек. Үлгілі,тәртіпті оқушы көшеде жолда жүру ережесін,заңын бұзбайды.
Қай көше,қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да
Жолда жүру ережесі-заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға.
І. Тарих тағылымы
Бағдаршамның шығу тарихы
Мейіржан: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқанын  білесіңдер ме? Ал,ендеше тыңдап көрелік.
Тарихқа көз жүгіртсек  алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болды.Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған.
Оны көше қиылысында ыңғайлап қайта жасаған ағылшын инженер-меганигі Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.
Аянат:Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды.
Өкінішке орай, бірде газ жарылып,кезекте тұрған полицей қаза болды да,содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.
Амандық: Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында,сосын Нью-Йорк тағы басқа қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1914 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.

Мұғалім: Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек 1870 жылы Америкада электр бағдаршамы пайда болды.
Ал, бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанды бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған.Қазақстанда 1917 жылға дейін небары 127 км ғана жол болатын.Елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдарының ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады.

Гүлназ:Бағдаршам-өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Оның беретін сиқырлы әмір сөздері бар.
Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір» дейді
Бір көзім «жүгір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді
Қарап қалма маңайға дейді.
Сағындық: Көреген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әманда!
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Тоқта!Сақтан!Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба!
Мұғалім: Ал,енді жол белгілеріне сөз берейік.
Үйрен таппай тыным бір,
Белгілердің тілін біл.
Егер оны білмесең,
Тартар жолың бұлыңғыр.
2.Есігінен артқы
Көлікке сен мінгін.
Енді есіктен алғы
Түсеріңді білгін
3.Сақтандыру белгісі:
Қып-қызыл үшбұрыш,
Ескерту белгісі мен болам,
Қауіптен сақ бол деп
Сәт-сапар жолдаған.
4.Тыйым салу   белгісі:
Қызылмен боялған шеңберім аумақты
Тыйымшыл белгімін,қаталмын, салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар,бағдарла көз салып жан-жақты.
5.Міндеттеу белгісі:
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс,әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол,шартыңды міндетті орында!
6.Нұсқау белгісі:
Баратын жеріңнің бағытын,тұрағын,
Үн-түнсіз жол сілтеп,жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де,түнде де от болып жанады.
Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.

Амандық. Әй,жолда неғып иіріліп тұрсыңдар? Велосипед келе жатқанын көрмейсіңдер ме? Қағып кетсем қайтесіңдер?

Инспектор: Велосипед болғаны өте жақсы.Ендеше біздің жолда жүру ережелеріне арналған тәрбие сағатымызға қош келдің. Оларды білу саған да қажет. Атың кім өзіңнің?
-Атым-Зуылбек.Велосипедпен зуылдап жүремін.Сондықтан ауылдағылар осылай атап кетті. Ал мынандай белгілер көшеде де қаптап тұр,оларды біліп қайтем. Велосипедті мен бұларсыз-ақ зуылдатам.
Кенет Зуылбектің көзі қызыл жолақпен көмкерілген сары түсті дөңгелек белгідегі велосипедке түсті.
-Әй,мынау мен үшін жасалған белгі ғой.
Инсп: Иә,сен үшін.Бұл белгінің аты «Велосипед жүрмейді»
-Жүрмейді? Тапқан екенсің! Зуылбектің велосипеді жүрмейтін жер жоқ,білдің бе?  Мен үшін көше,аула,бақ бәрі ашық. (кекетіп)
Сендерше айтқанда,қалай еді,әлгі жасыл жарық.
Балалардың қасына жақындайды.
-Мұны да белгі дейді ау.Әй,көшеге пәтер ішінде тұратын жылу батареясы не үшін керек?
Бәрі күледі
Инсп: Зуылбек-ау,бұл нағыз саған керек белгі. Айталық,сен велосипедпен зуылдап келесің дейік.Қарсы алдыңнан осы белгі кездесті. Ендеше алдыңда «Шлагбауны бар темір жол өткелі бар» деген сөз. Ұқтың ба?
-А-а…(қолын сілтеп) Бұл белгінің де қажеті бола қоймас.Салдырап-гүрілдеп пойыз жеткенше,зу етіп те үлгеремін.
Адамның белгісі салынған нұсқау белгісінің жанына тоқтап
-(басын шайқап) төртбұрыш,ақ үшбұрыш,қара адам?!
Инс: Жаяулар өтпесі
-Велигім тұрғанда мұны қайтем.
Велосипедін келген жаққа бұрады.
-Қой,мен зуылдайын.Бұл белгілерді түгендеймін деп жолымнан қалармын. Сау болыңдар,ережелер!
-Шынында да жол жүру ережесін білген дұрыс екен.
Балалар: Дұрыс,кел қатарымызға қосыл.
Инсп: Көрдіңдер ме, балалар,жолда жүру ережесін сақтамаған Зуылбек жазым болуға аз ғана қалды. Енді ол жол белгілерін үйренетін болады.
«Көше ережелерін білейік» кезеңіне тоқталайық.
1.Жүріп келе жатқан машинаның алдынан өтіп кетемін деуші болма,ол тоқтағанша,не өтіп кеткенше күте тұр.
2.Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр.Алдыңнан машина шықса, жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
3.Көше тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді.
4.Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа,көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда  ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.
5.Аялдамада тұрған автобустың артқы жағынан айналып өт. Сонда сен келе жатқан машинаны дер кезінде көресің.
6.Жол үстінде ойнама,сырғанақ теппе. Жер тайғақ болса,жолда абайла.
Жұмбақтар шешу:
1.Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өмііңді күзеткен,
Ысқырығы түзеткен. (жол сақшысы)
2.Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. (Автобус)
3.Жоқ өзінде бас та,ауыз да,құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)
4.Төрт аяғы дөңгелек,
Адамсыз ол жүрмейді (машина)

 

 

 

Өткізгендер:  Ж.Т.Қазтаева , Г.Е.Нұғманова
Тақырыбы:  Қарттарым-асыл  қазынам
(2 қазан – қарттар мерекесіне орай ұйымдастырыл
Мақсаты: Оқушы бойына халқымыздың асыл қадір- қасиеттерін сіңіруі,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және  салт-дәстүрден нәр алып , өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке жаман мен  жақсыны ажырата білуге аталы сөзден  ғибрат алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттар,нақыл сөздер, шарлар
Барысы :Қазақ биі  орындалады
Жүргізуші:
Қош келдіңіз ақ жаулықты аналар
Ақыл кенін  арқалаған аталар
Алдарыңда  жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Қымбатты, ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар,кешіміздің қадірменді қонақтары ! Қариялар күнінен орай ұйымдастырылған «Қарттарым – асыл қазынам» атты концертімізге қош келдіңіздер ! Бүгінгі мерекелеріңізбен сіздерді шын жүректен құттықтаймыз.Мерекені көңілді өткізіңіздер!
Шоңғар Әлішер «Бабалар жыры»
Жүргізуші:
Алғашқы құттықтау  сөз кезегін Талдысай ауылдық округінің әкімі Қарабатыров Мырзалы Қайырханұлына береміз
Жүргізуші:
Біздің халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен әже өнегесімен ата ақылымен беріледі.Өзіндік қасиеттерімізді қалыптастыру көзделген.
Ендеше, «Мен ата мен әженің жалғасымын» бөліміне құлақ түрейік .
Орындайтындар:
Аяулым Бақыткереева:  
Атам менің әманда
Әдепті  жан бо деген
Ата сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем
Әзиза Әділова:
Атам менің әманда
Кішіпейіл бол деген
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем
Атам менің әманда
Әділетті бол деген
Ата сөзі санамда
Жүрмін тура жолменен

Жүргізуші:
«Қара жорға» биін  2-3  класс оқушылары орындайды
«Ақсақал мен жігіттің сәлемдесуі» көрінісі көрсетіледі
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй
Көңілді түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй
«Асыл әжем» Құсайынов Бағдат
Жүргізуші:
Өнерге ұмтыл ,өнерлі бол замандас
Қамдан жатпа, заманыңмен хабарлас,
Ынта салсаң білім туын қолға алсам,
Теңдік тиер ешкім күйе жаға алмас
«Он баласы бар ана» Сағадатов Әділет көркемсөз оқиды
Шамшатова Ырысты мерекелік сәлем жолдайды
Жүргізуші:
Ата ардақты  тұлға
«Әкеден ұл тусайшы
Ата жолын қусайшы»  деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды
Ата ұрпағының қайырымды ,мейірімді,ақылды ,іскер болуын  тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін дамытады.Өнеге көрсетеді өсиет айтады.
Ізбасқанова Айдана:
Ақ сүт берген аналардың анасы-Әже.Әже әрқашанда балалық бал дәуреннің басы қасында болып, асыраушы ,аялаушы , тәрбиелеуші кісі .Өмір өрнектеріне тіршілікке  көбірек араласқан ана  перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады . «Жан жүрегім жарығым» деп әже немересін , шөбересін жүрегіне теңейді. Ата жолын қууға еңбекке адамгершілікке ,қайырымдылыққа , имандалыққа баулиды.

Жүргізуші:
Адамның сәні-өнері ,білімі, ақылы
Жердің сәні-жеміс,өнім, дақылы
Сөзің сәні-өнегелі, өткір , нақылы
Пікірдің сәні-ең пайдалы, мақұлы
Шоңғар Нұрдәулет «Қариялар азайып бара жатыр»
 
Жүргізуші:
Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат
Ешкімге жасамайсың қиянат
Жәйлап қана ақылмен түзейсің
Болып қалса ұғына алмай бір ағат

Жүргізуші:  Келесі құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Кәдіржан Нұрбаулыұлы Нұрғалиевке береміз

Жүргізуші:

 Жүргізуші:
Саналы ұрпағы бар елдің қариясы бақытты ақсақалды атасы бар елдің балалары бақытты емес пе ?!Сіздер сияқты қарияларымыз аман болсын ,өсіп келе жатқан ұрпаққа берер үлгі – өнегелеріңіз толастамасын,сіздердің дендеріңізсге саулық, отбастарыңызға амандық тілейміз.Бүгінгі сіздерге арналған  мерекелік концертіміз тәмамдалды.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 

 

 

Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен баланың тілін сындырады, ана тілін игеруге көмектеседі. Көшеде, жүрген ортада үйренген қолайсыз сөздерге тыйым қояды. Бұның бәрі тәрбие. Ауылымыздың үлкен қариялары бар ықыласы мен мейірімін төгіп келіп отыр.

— Сөз кезегі ардақты да, аяулы Жұрқабаева Назым әжеге беріледі.

ӘН. «Асыл әжем» орындайтын: Абдірашитова Ақтөре 11 сынып оқушысы.

Ұл- қызымыз көбейсін отбасында,

Тірек болар бір- біріне қайда да.

Үлкендері-кішілерге қамқоршы,

Ал кішісі- үлкендерге көмекші.

Көше кезіп, бостан- босқа сенделтпе,

Араластыр ерте бастан еңбекке.

Өз ұрпағың болсын десең бақытты,

Жол көрсетіп, бірге өткіз уақытты.

-Оқушылардың бүгінгі қадірлі қонақтарға арнауы. 8 сынып оқушылары.

-ӘН. «Апатайым, анашым» орындайтын 1 сынып оқушысы: Темірханова Ақгүлім

Ардагерлер ардақты асыл жандар

Шәкіртімен мерейі тасығандар

Білімнің сәулесі мол нұр көшінде

Шуақ боп, шапағат боп шашылғандар

-Сөз ардагер ұстаздар Бижанов Әлібек ағай мен Исаев Амангелді ағайға беріледі.

ӘН: «Әке туралы жыр» орындайтын Тұрмағанбетова Аружан 5 сынып оқушысы.

 

Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген

Шәкірттерін сүйген таза көңілден

Тағылым беріп жас ұрпаққа қашан да

Өз соқпағын тапқан мынау өмірден

Ізгілікті он бойына жинаған

Шәкірттерге жан жылуын сыйлаған

Тәрбиелеп жаңа адамын Отанның

Ардақтысы болған елдің мұғалім

-Сөз кезегі ардақты да ардагер ұстаздар Шүкірова Хадиша апай мен Кенжеғұлова Күлан апайға беріледі.

-ӘН: «Анашым» орындайтын Қабылова Жансая 2 сынып оқушысы.

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады. Тоқсаныншы жылдардың басында Еуропада, бері келе Америкада кең атап өтілетін мереке, жылдар өте әлем бойынша тойлана бастады. Биыл міне, Халықаралық қарттар күні мерекесіне 22 жыл толғалы отыр.

Дүниеге келер бір рет

Дария кеуде тау – мүсін

Құрыштай күйген құдірет

Қарттарым, аман –саумысың?

Өздерің болсаң жанында

Ел іші жомарт, еңселі

Дән исі сіңген қанында

Даламның бір-бір бөлшегі

-Сөз ауыл имамы Мүсілімов Қыдырқожа атаға беріледі.

Ұстаздық пен шәкірттік адам баласы ара-қатынасының ең абзал, ең мағыналы, ең мәнді түрі. Шәкірт бойына қуат, жанына жаныған жігер біреуден еш аянбаған ардагер ұстаздарымыздың ұстаздың қасиетті жас буындағы ұстаздар үшін үлгі болатындығы айқын.

Аса құрметті ардагер ұстаздар, қариялар! сіздер қандай да сый- құрметке болса да лайық жансыздар. Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз бүгінгі ұрпаққа қайталанбас үлгі.

-Оқушылардың бүгінгі қонақтарға қоятын сұрақтары болса .......

Шәкірттердің тыңдап жазып, сұрағын

Жас сынаға төгіп білім шуағын

Хат танытып, жол сілтеген өмірге

Барша жұртқа құрметті ол мұғалім.

Қорытынды сөз мектеп директоры: Дүйсебаев Серік Жаманқұлұлына беріледі.

!

Сұрақтар :

1.Балаға берілетін адамгершілік білімі дегеніміз не? Оны қашан, қай уақытта бастауға болады?

2. Адами құндылықтарды шынайы оқыту дегеніміз не?

3. Қазіргі жастардың тәрбиесіндегі олқылықтарға кімді кіналар едіңіз?

4. Қазіргі кезде діни қақтығыстар мен әлемде болып жатқан дін жағынан келеңсіз жағдайлар туралы не айтасыз?

5. Ауылдағы үлкен мешітке ауыл қарттары неге аз барады? Мектеп жасындағы балаларды мешітке барып, жұма намазға баруға ықпал ету үшін қандай шаралар жүргізіп жатырсыздар?

6. Әже тәрбиесі мен ана тәрбиесі арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтар қандай?

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сынып сағаты«Қарттар елімнің қазынасы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий филиалом музея

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 957 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.04.2016 1274
    • DOCX 36.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Танкебаева Гулияр Есенгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6725
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 33 регионов

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 211 человек из 51 региона

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 718 человек из 71 региона

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Созависимые отношения и способы их преодоления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 14 регионов

Мини-курс

Стратегии B2B маркетинга: от анализа до продаж

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе