Инфоурок Начальные классы Конспекты25.04.16-30.04.16 1-сынып сабақ жоспары

25.04.16-30.04.16 1-сынып сабақ жоспары

Скачать материал

Тексерілді:                    Калиниченко Л.С

Пәні: дүниетану

Күні: 25.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Балықтар,қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтінді дұрыс әрі түсінікті оқуға үйрете отырып, оларды балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігімен таныстыру. Білімді жаңа жағдайда қолдана білуге дағдыландыру арқылы танымдық ізденістерін, шығармашылық қабілеттерін кеңейту, ауызекі сөйлеу тілін, ойын дамыту. Айналадағы дүниені қорғауға үйрете отырып, табиғаттың әсемдігін, сұлулығын түсіне білуге, жануарлар түрлерін қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:көрнекілік, сұрақ-жауап,баяндау, талдау-жинақтау, әңгімелеу, түсіндіру, өз бетімен жұмыс, оқулықпен жұмыс, ойын.

Сабақтың көрнекіліктері: ноутбук, слайдтар, бейнефильмдер, тест тапсырмалары, оқулық, музыка әуені,жануарлар түрлері,жұмыртқа, уылдырық, балықтар суреттері

 

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық.

Мұғалім: Қатар-қатар тізіліп

Оқушыға лайық, түп-түзу боп тұрайық.

қатар жәй отыр!

қатар  сен де отыр!

қатар  тез отыр!

Балалар қазір бізде дүниетану сабағы.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

Үй құстарын көктемде бағып- күту.

(2 оқушыдан мазмұнын сұрау)

Үй тапсырмасын қорыту.

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

«Ой қозғау» стратегиясы.

Балалар, алдымен жануарлардың топтарын еске түсіріп алайық.Ол үшін «Күн шұғыласы» топтастыруына назар аударайық.

Олай болса мен сіздерге жұмбақтар жасырайын.

(жауаптарының суреттері көрсетіледі)

Терісі бар, жүні жоқ,

Жүрісі бар, ізі жоқ.

Қанаты бар ұшпайды,

Су астында қыстайды.

(Балық)

Таңдайлары тақылдап

Шулайтын не шалшықта

Бірін-бірі мақұлдап.

(Бақа)

Иір-иір ізі бар,

Құлағы жоқ, көзі бар.

Түсі суық ызғарлы,

Аузында айыр бізі бар.

(жылан)

Ши түбінде шұбар кездік.

(кесіртке)

Енді балалар, мына сұраққа жауап берейікші.

Бүршік шашып, жапырақ ашып,

Жер гүл-шашақ тағады.

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады? (көктемде)

Олай болса, дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын, жаңа тақырыпты жазайық.

Бүгін қаңтардың жиырма бесі.

(суреттерін көрсету арқылы)

 Көктемде су бетінің мұзы ериді.Балық, бақа, кесіртке, жыландар жұмыртқалау арқылы көбейеді.  (көктемнің суреті)

Бақа:

Балам суда, өзім құрғақта тұрамыз. Итшабақтарым суда немен, қалай қоректенуді балықтан үйренді.     (бақаларды көрсету)

Балық пен бақа жұмыртқасын «уылдырық» дейді. Олар уылдырығын суда шашады.

(уылдырық көрсету)

Кесіртке мен жылан жұмыртқасын күн көзі жақсы қыздыратын жерге салады.

(кесіртке, жылан көрсету)

Оқулықпен жұмыс.

А. (суретпен жұмыс) (3 оқушыға оқыту)

Б. Деңгейлік тапсырмалар беру.( 3 балаға)

2.  Сұрақтарға жауап алу.

А)  Кесіртке мен жыланның қалай көбейетінін әңгімеле. Олар немен қоректенеді?

Ә)  Балық пен бақа тіршілігінде қандай ұқсастық бар?

Б)  Балық пен бақаның жұмыртқасын не деп атайды?

Сергіту сәті: «Бақа» әнін орындау.

Бақа, бақа, балпақ,

Басың неге жалпақ

Темір телпек көп киіп

Басым содан жалпақ.

Бақа,бақа,балпақ

Көзің неге тостақ

Көрінгенге көп қарап

Көзім содан тостақ.

Бақа, бақа,балпақ,

Аяғың неге талтақ

Су ішінде көп жүзіп

Аяғым содан талтақ.

Есіңде сақта! Бақа өсімдікке зиян келтіретін бунақденелілермен қоректену арқылы пайда келтіреді. Сондықтан оларды қорғау керек.

Дәптермен жұмыс: Балық, бақа,кесіртке, жылан сөздерін әдемілеп жазу.

Балалар енді назарымызды «Қосымша деректер» айдарына берейік.

Балықтардың 20 000 түрі бар. Олардың атаулары: бекіре, шортан,сазан, алабұға, жайын, қарабалық,майқап, торта балық.

Балықтардың айырмашылығы, олар тек суда жүзеді. Ең үлкен балық кит акуласы. Оның ұзындығы 18 м.

Қосмекенділерге бақалар жатады. Олардың 4000 түрі бар. Айырмашылығы құрлықта да,суда да тіршілік етеді. Кейбір бақалар жер астында тіршілік етіп, жаңбыр жауғанда ғана шығады. Бақашабақтар ересектерінен 3 есе үлкен болады.Олар есейген сайын, кішірейеді.

Жорғалаушыларға кесіртке мен жылан жатады дедік. Одан басқа оларға қолтырауын, тасбақа, шаяндар да кіреді. Олардың 8000 түрі бар. Айырмашылығы бауырымен жорғалайды.

Ең үлкен қолтырауынның салмағы 450 кг, 100 жылдан астам өмір сүреді. Ал, жыландардың саңырау екенін білеміз бе? Жылан уынан ғажайып дәрілер жасалады. Олар аяқтары қысқа , не аяқтары болмағандықтан бауырын жерге тигізіп жорғалап жүреді.

Олай болса, енді осылар туралы бейнефильмге назар аударайық.

 

ІҮ. Сабықты қорытындылау

Тест тапсырмалары.

Көктем мезгіліндегі  ауа райының шартты белгілерін көрсет.

А)

Ә)

2.  Уылдырық- нелердің жұмыртқасы?

А) кесіртке мен жыланның,

Ә) балық пен бақаның.

3. Жұмбақты оқып, шешуін тап.

Асты тас, үсті тас,

Ортасында шақар бас.

А) тасбақа;

Ә) қолтырауын.

4.Тасбақа мен қолтырауын қай жануарлар тобына жатады?

А) жорғалаушылар;

Ә) қосмекенділер.

5.  Қайсысы дұрыс?

А) Есіңде болсын! Бақа, кесіртке, жылан өсімдікке зиян келтіретін бунақденелілерді құртып, пайда келтіреді. Оларды қорғау керек;

Ә) Көктемде уылдырық шашқанда балықтарды көптеп аулау керек.

Ойын. « Ойланып, жауап берейік!»

1 – Балықтар

2 – Қосмекенділер

3 – Жорғалаушылар

 

Ү. Үйге тапсырма беру. Мәтінді оқу

 

ҮІ. Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:                    Калиниченко Л.С

Пәні: бейнелеу өнері

Күні: 27.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Сәндік қолданбалы өнер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері жайлы мағлұмат беру. Ою - өрнектердің ерекшеліктері, мазмұны жайлы түсінік беру, оқушылардың ою - өрнектерге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетін дамыту, эстетикалық талғамға сай  жұмыс жасай білуге тәрбиялеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Сәнді қолданбалы өнер шығармаларының туындылары, суреттер
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу


Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Сынып оқушыларды сабаққа даярлау..
Сабаққа қажетті құрал жабдықтарын түгендеп, жұмыс орнын ұйымдастыру.

II. Өткен сабақты тексеру.
1. Оқушылардың үй жұмысын тексеру.
2. Өткен тақырыптан ауызша сұрақтар қою, анықтамасын сұрау.                                                                                            3. Қандай ұлттық аспаптарды білесіздер?

4.Ұлтық аспаптар неден жасалады?

5.Қазақ  ұлттық аспаптары ерекшілігі неде?

 

III. Жаңа сабақты түсіндіру. Кіріспе. Қазақтың сәндік қолданбалы өнері көркем өнеркәсіптің дамуына, маман суретшілер мен халық шеберлерінің қызметіне зор ықпал етті және көршілес жатқан халықтар мәдениетінің озық үлгілерін бойына сіңіріп, үнемі жаңарып отырады.
Қолданбалы өнер деп эстетикалық сапаларға ие өзінің әдемілігімен адам көзін қуантатын практикалық пайдалы заттар жасауды айтады.
Қазіргі заманғы суретшілер халық дәстүрлерін ой елегінен қайта өткізіп, шығармашылықпен қайта өңдей отырып, оларды жаңа материалдарға пластик резеңкемен жұмысқа бейімдейді. Сәндік қолданбалы өнердің түрлері: керамика, әйнек(ыдыстар, құмыра, құрылыс деталдары, мозайкалар) көркем оймыш(ағаш, тас, сүйек, пластмасса), металдан жасалған көркемдік бұйымдар(зергерлік бұйымдар, үстел үсті мүсіндері, жарық беретін құралдар, т. б) жиһаздар, текстиль(мата, кілем, т. б)
Оқушыларды үш топқа бөлу: «Зергерлер», «Шеберлер», «Суретшілер»
Сәндік қолданбалы өнер ою - өрнек, темір өңдеу, ағаш өңдеу, өндіріс заттарын көркемдеп безендіруден тұрады. Қазақ халқының қолөнер түрлері, оның ішінде мың құбылған ою - өрнек өнері, ши тоқу, алаша (қазіргі гобелен), сырмақ сыру және т. б. өнер түрлері ұлттық өнер мақсатына айналып, басқа елдерге де танымал болған. Қазақтың осы күнгі ою - өрнегін қарт шеберлер екіге бөліп қарайды.

* Бөлім.                                                                                                                                                                                         Сөзжұмбақ «Ою - өрнек»
1. Адамның көркем бейнесі. (Портрет)
2. Жансыз заттарды бейнелеу.(Натюрморт)
3. Әрбір ұлттың тарихымен сабақтаса дамып келе жатқан халықтық көркем туынды. (Қолөнер)
4. Бояу езуге, араластыруға пайдаланатын жұқа тақтайша.( Палитра)
5. Қазіргі заман талабына сай өте қажетті өнердің бір саласы.(Дизайн )
6. Зәулім ғимарат, құрылыстарда бедерлеу мен нақыш өнері.(Сәулет)

* Бөлім.
Әрбір сайыста дұрыс жауапқа бір оюдан(ұпай) беріледі, сайыс соңында ұпай саналады.
«Қолөнердің қыр - сырлары» Сұрақ - жауап сайысы.
1. Қолөнері дегеніміз не?
2. Зергер дегеніміз кім?
3. Ісмер дегеніміз кім?
4. Ою - өрнектер ерекшеліктеріне қарай неше топқа бөлінеді?
5. Ою - өрнек түрлерін ата?
6. «Қошқар мүйіз» өрнектің қай түріне жатады?

* Бөлім.
«Сегіз қырлы бір сырлы»
-Ұлттық аспаптар суретін салу
-Ұлттық ыдыс –аяқтар суретін салу.

-Құрал- жабдықтар суретін салу.

* Бөлім.
«Өнер алды қызыл тіл» Мақал - мәтелдер сайысы.


* Бөлім.
Әр топтан бір баладан шығып салған суреттерін қорғайды                                                                                                       

Оқушылардың алған ұпай сандарын есептеп ,жеңімпазды анықталып марапаттаймыз

 

ҮІ. Қорытынды бөлім. Оқушыларға жаңа сабақтан сұрақтар қою.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
«Сәндік қолданбалы өнер» тақырыбына слайд істеу.

 

ҮІІІ. Бағалау

Тексерілді:                    Калиниченко Л.С

Пәні: еңбекке баулу

Күні: 27.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Кестелеп тігу тәсілдері
Сабақтың мақсаты: жалпы кесте түрлерімен таныстыру, тігу технологясымен көрсетіп, тігілу технологиясын меңгерту. Халықтың қолөнерінің бірі кестелеу, көркем тігістері, қолөнері туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін кеңейту. Кесте тігістерінің орындалу әдіс - тәсілдерін меңгерту, қол икемділігін дамыту. Қолөнерді үйрету арқылы атадан қалған салт – дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: зерттеу, түсіндірмелі, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: үлгі шаблон

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқу құралдарының дайындығын тексеру.

ІІ Үй тапсырмасын қайталау.
Қайталау сұрақтары:
1. Изонить - дегеніміз не?

2. Жіппен бейнелеу өнері қандай бұйымдарды безендіру үшін қолданылады?
3. Жіппен бейнелеу кезінде қандай құрал - жабдықтарды пайдаланамыз?
4. Бұрыштарды, дөңгелектерді қалай толтырамыз?
5. Бұрыштарды тігуде беткі жағында жіптер қалай тартылады, ал теріс жағында қандай сызықтармен көрінеді?

ІІІ Жаңа материалды меңгерту.
Кестелеу өнері ертеден келе жатқан халық өнері. «Өнері таусылмас қазына, жұтамас байлық» дейді дана халқымыз. Қазақ қолөнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән - мағынасымен, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы, соның бірі кестелеу өнері. Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Мысалы: ұлттық киімдерді, бас киімдерді, неше түрлі сувенир заттарды кестелеуге болады.
Кесте түрлері:
Біз кесте шығыс халықтарының арасында қазақ пен қырғыз халқында аса жоғары деңгейде дамыған. Біз кесте - кергішке керілген арнайы мата бетіне түсірілген, бейнені ою - өрнек немесе бейнені сызық бойымен қармақ бізді матадан ары өткізіп, жіпті бері іліп шалып алу арқылы қайталанатын майда тігісті айтамыз. Біз кестеде матаға сызылған ою - өрнекті сызық бойымен кестелеп, сонан соң ішкі жағын түрлі өңді жіптермен толтырамыз.
Баспа кесте материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды аз қалдырып, тұтас кестеленген шымқай кестені айтады.
Әредік кесте - матаның әр жері әшекейленіп, бөлек - бөлек өрнек салынады. Тақия, балақ, өңір, жаға, етек, әйелдердің тымағы сияқты зат бөлігіне тігіледі.
Оюластырып кестелеу маталарды бөлек - бөлек кестелеп, оюластырып жапсыру. Бір матаның бетіне екінші матадан тігілген фигура салынып шет жақтары әртүрлі кесте тігістерімен тігіледі.
Кесте тігуге қажетті негізгі құрал - жабдықтар.
Инелер, дөңгелек және төрт бұрышты кергіштер, қайшы, оймақ, түйреуіштер, жіптер, маталар.

ІҮ Сарамандық жұмыс.
Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
1. Инені аузыңа салма
2. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.
3. Инені кез келген жерге қадауға болмайды.
4. Қайшыны жолдасыңа үшкіл жағымен берме.
5. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде, көңілін бөлуге болмайды.
6. Қайшының ұшын жоғары қарай көтерме.
Нұсқау карта
1 - кезең. Тышқан із тігісі - тігілу әдісі жағынан көлемді біркелкі ілмектер шынжыр секілді бір - біріне тіркесе тігіледі. Жіпті бекітіп, оны матаның оң жағына шығарып алған соң, ілмек тәрізді етіп созып, оны сол қолымыздың басбармағымен басып тұрып, инені алғашқы шаншыған жерден дәлдеп, төмен қарай, яғни матаның астыңғы бетіне қарай шаншимыз.
2 - кезең. Шалып торлаудың түрлері.
3 - кезең. Таңдай тігіс әдісімен тігілген қабырға кесте.
4 - кезең. Жіп салып тігу.
5 - кезең. Айқас тігісімен тігу.

Ү Сабақты қорытындылау
Мақал мәтелдер
1. Жеті рет өлшеп ------------------(бір рет піш)
2. Көз қорқақ ------------------------(қол батыр)
3. Өнер көзі -------------------------(халықта)
4. Ата көрген ------------------------(оқ жонар)
Шеше көрген ---------------------(тон пішер)
5. Қыз еркем --------------------------(кестесімен көркем)
6. Кестенің сыры ---------------------(түрінде)
Кілемнің сыры ---------------------(түгінде)

ҮІ. Үйге тапсырма:

Кесте тігістерін тігу

 

ҮІІ. Бағалау

Көрме арқылы мадақтап бағалау

Тексерілді:                    Калиниченко Л.С

Пәні: еңбекке баулу

Күні: 29.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:  Кестелеп тігу

Сабақтың мақсаты: Кестелеп тігу жолдарымен таныстыру. Кесте тігу арқылы оқушының қол өнерге деген қызығушылықтарын дамыту. Инемен жұмыс істеу барысында оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі:    Аралас

Сабақ әдіс-тәсілдері: Түс сұрақ- жауап көрнекілік практикалық.

Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: үлгі шаблон

 

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру.

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

Кесте тісістерін тігу

 

ІІІ. Жаңа материалмен таныстыру.

-Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы:

Кестелеп  тігу деп аталады.

Кестені тігу үшін қандай заттар қажет?

Кестенің қандай түрлерін білесіңдер.

IV. Жаңа  сабақ.Көктеп тігу тігісімен өте әдемі кесте түсіруге  болады. Түрлі түсті жіптен кесте ерекше көз тартады.Кестені көрсету.

 


- - - - - -    1 сурет  .        

- - - - -  -

 - - - - -

 

 


2- сурет

 

 

V. Сарамандық жұмыс

Көктеп тігу тігісімен түскен кестенің өзіңе ұнағанын таңда (1,2,3,). Өз қолдарыңмен көктеп тігу  тігісімен кестені тігу.

 

          

 

 VІ. Қорытынды бөлім.

Оқушылардың сабақта орындағын   жұмыстарына талдау жасау.

 

VІІ. Үйге тапсырма беру

Өз есіміңнің  алғашқы әрпін сүлгіңе немесе қол орамалыңа кестеле.

 

VІІІ. Бағалау

Балалардың жұмыстарына байланысты бағаларын айтып мадақтаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:                    Калиниченко Л.С

Пәні: еңбекке баулу

Күні: 30.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қол орамалды сәндеу

Сабақтың мақсаты: Түсіндіру. Әдіс-тәсілімен таныстыру.   Танымдылық қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: көрнекілік, түіндіру, практикалық, талдау

Сабақтың көрнекілігі: үлгі шаблон

 

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: 

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

ІІ. Мақсат қою: 

Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

Түсіндіру. Әдіс-тәсілімен таныстыру.   Танымдылық қабілетін дамыту.

 

ІІІ. Жаңа сабақ.  

а)   Түсіндіру.

Қол орамалды сәндеу.Қолорамал-мейрамда тарту етілетін тамаша сыйлық. Қолорамалды сәндеудің реті мынадай:

1) Матаны таңдап аламыз.

2) Матаға қажет мөлшерде шаршы сызық түсіреміз.

3) Сызық бойынша қиып аламыз.

4) Шеттерін көктеп тігеміз

5) Кестелеп сәндейміз.

 

    

 

ә) Кестелеп тігу.

Көктеп тігу тәсілімен өте әдемі кесте түсіруге болады. Түрлі-түсті жіптен тігілген кесте ерекше көз тартады.

 

Ү Жаңа білімді тексеру.

- Қолорамалды қандай матадан тіккен дұрыс?

-Қолорамалды кестелеп үйрену.

 

ҮІ Сабақты қорытындылау:

Біз нені үйрендік?

 

ҮІІ. Үйге тапсырма беру:

Кестені сәндеп әкелу

 

ҮІІІ. Бағалау

Жұмыстарын тексеріп, көрме ұйымдатырып бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:                    Калиниченко Л.С

Пәні: музыка

Күні: 25.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Асыл әже
Сабақтың мақсаты: Асыл  әжем тақырыбы бойынша өтетін сөздерді сөйлеуде дұрыс пайдалана білу. Жаңа сөздерді дұрыс айтуға үйрету. Тақырып төңірегінде сөйлей білу. Өз туған еліне, тұрған жеріне, сол арқылы Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, елді, жерді сүюге тәрбиелеу, табиғатты аялауға шақыру. Мемлекеттік тілді үйренуге баулу. Естіп, тыңдап түсіну, әже ата туралы макал мәтел курау әрекеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс тәсілі: өзара бақылау, оқыта үйрету ойындары, топтық жұмыс, қайталау,ән үйрену, сұрақ-жауап, түсіндіру,
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, үнтаспа, доп, рөлдік ойындар.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
Өткен сабақтардағы Бесік жырын ән мен айту , жаңа сөздерді өзара тексеру, өзін-өзі бақылау тәсілдерін қолдану.

ІІІ. Жаңа сабақ

Н Тілендиев «Әжеме» К.Куатбаев «Ақ Әжем» әнін үйрету.
Ойын. «Ата мен бала»

Жұптық жұмыс.
Сұрақтарға жауап беріңдер.
- Ата, сәлеметсіз бе?
- Сәлемет пе,балам.
- Хәліңіз қалай?
- Жақсы,рақмет.
- Үйде кім бар?
- Үйде әжем бар.
- Әжең не істеп отыр?
- Әжем кітап оқып отыр.
- Ата, мен мектепке барамын.
- Бар, айналайын.

Сергіту сәті:
Қане қанат жазайық
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып,ұшып алайық
Орнымызға қонайық.

Әжем.
Мен әжемді сүйемін,
Киімді өзім киемін.
Ақылына көнемін,
Өлең айтып беремін.
Ойнап келсем, Күнім! Деп,
Қарсы алады күлімдеп.
Мен сабақты оқимын,
Әжем кілем тоқиды.

ІҮ. Сабақты қорытындылау кезеңі
- Балалар, бүгін сабақта не үйрендік, не түсіндік,қандай жаңа сөздермен таныстық?
Оқушылардың білімдерін бағалау

Ү. Үйге тапсырма беру
Ак әжем әнін жаттаймыз

- Балалар, сендермен сабақ өткізгенімнен өте жақсы әсер алдым!

ҮІ. Бағалау

Ән айту дағдыларына байланысты бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:                    Калиниченко Л.С

Пәні: өзін-өзі тану

Күні: 30.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:  Отанымды сүйемін

Сабақтың мақсаты: Отан, сүйіспеншілік, татулық туралы түсініктерін кеңейту; Отанға деген сүйіспеншілігін, мақтанышын арттыру; Отанын сүюге, патроиттық тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

Шаттық шеңбері

Туған жер, армысың! 

Асқарлы, қарлы шың,

Аялаған ән құсым

Туған жер, армысың!

Саған мың алғысым

Туған жер – тірегім!

Сенде өстім түледім,

Бір, сен деп үнемі

Соғады жүрегім!

Туған жерім, туған елім –

Ардақтағаным, айбыным

Арманымсың, арман

Думан елім

Асқар белің, шалқар көлің

Құшағын жайған, айдыным

Мәңгілікке пана өзің ғана!

 

Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

«Ұлттар достығы» дегенді қалай түсінесіңдер?

 

Ағайынбыз бәріміз

Жақсылыққа, бақытқа,

Талпынған әр уақытта.

Бала біткен дос-бауыр,

Болмасын еш тосқауыл.

Қайырмасы:

 

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

 

Ортақ болсын асқар тау,

Жеміс толы бақша-бау.

Болсын жер мен су да ортақ,

Болсын бізге ту да ортақ.

·        «Ағайын», «бауыр», «туыс» дегенді қалай түсінесіңдер?

·        Еліміздегі халықтар достығы туралы әңгімелеп беріңдер.

 

Елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері бейбіт, жарасымды өмір сүру үшін ынтымақ, татулық, сыйластық, құрмет, достық қажет.

Сурет бойынша «Достық мерекесі» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.

 

·           Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің ортақ мерекелерін атап беріңдер?

 

Нақыл сөз

 

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:                    Калиниченко Л.С

Пәні: қызықты грамматика

Күні: 26.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Сіз-деген әдеп, біз-деген көмек

Сабақтың мақсаты:Көргенін сауатты да қатесіз жаза білуге үйрету. Ой өрісін, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу дағдысын арттыру. Көркем де сауатты жазуға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: тақырыптық суреттер, қима қағаз

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, талдау, ізденіс, комментарий.

 

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Олардың назарын сабаққа аудару.

 

II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

Мәтін дегеніміз не?

Мәтіннің қандай түрлері болады?

Мәтіндегі әрбір ой қандай жолдан бастап жазылады?

 

Сергіту сәті

 

IV. Мақсат қою кезеңі

Көргенімізді қатесіз жазамыз

 

V. Жаңа тақырып

Л л  әрпін көркем жазу

 

Мәтінмен жұмыс

                   

                             Алғыс

Балалар мектепке келе жатты. Бір әжей құдықтан су алып жатыр еді. Дәулет әжейге құдықтан су алып берді.тӘжей қуанып, Дәулетке алғыс айтты.

 

Сурет бойынша жұмыс

Ауызша әңгіме

Өз бетімен жұмыс

Алғыс мәтінін көру арқылы жазу

 

Мәтіндегі сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы табу

 

VI. Жаңа материалды пысықтау

-         Хабарлы сөйлемге байланысты сөздерді тақтаға жазып, әр сөзден хабарлы сөйлем шығаруды тапсырамын.

 

VII. Сабақты қорытындылау

Мәтін дегеніміз не?

Мәтіннің қандай түрлері болады?

Мәтіндегі әрбір ой қандай жолдан бастап жазылады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:                    Калиниченко Л.С

Пәні: логика әлемі

Күні: 25.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Ортақ белгі бойынша

Сабақтың мақсаты: Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату. Қиялдау,елестетуді дамыту. Ізденімпаздыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: көрнекілік, ұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер, сабаққа байланысты суреттер

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Ми гимнастикасы.

 

Ширату

Мемлекеттің  бас қаласы-(Астана)

Көбейткіштердің  мәні-(көбейтінді)

Сәрсенбіден  кейін  үшінші  кун-(сенбі)

Заттың  қимылын  білдіретін  сөз табы-(етістік)

1 килограмм  мен  20 грамның  қайсысы ауыр?-(1 кг)

Жаңбыр жауғанда  қарға  қандай  ағаш қонады?-(дымқыл ағашқа)

6 мысық пен 3 тауықтың  аяғы  нешеу?-(отыз аяқ)

 

Сабақты бекітуге арналған тапсырмалар

Тапсырма №1.

Жауабы: Тәрелке  мен табақ - ыдыс

Қалам мен  сызғыш - оқу  құралдары

Юбка  пен  көйлек -   киім

Сауысқан пен  тырна- құс

Шық мен  тұман – табиғи құбылыс

 

Тапсырма №2.

Бірдей қар бүршіктерін тап.Айналдыра сыз.

 

 

 

Тапсырма №3.

Кім қай доппен ойнайды?

 

 

 

Тапсырма №4.

Симметриялы пішіндегі фигураларды тауып, боя.

 

Тапсырма №5.

Графикалық диктант.

Жауабы : тасбақа.

 

Сабақты қорытындылау

Балалар бүгін біз тақырыбымыздың екінші сағатын аяқтадық. Сендерге тапсырмалар күрделі, қиынырақ болды ма?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:                    Калиниченко Л.С

Пәні: логика әлемі

Күні: 30.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Ортақ белгі бойынша

Сабақтың мақсаты: Қиял мен зейінді тұрақтату,әріпті өзгерту арқылы  жаңа сөз  шығару.Сөз тіркестерін  толықтырып  жазу. Қиялдау,елестетуді дамыту. Ізденімпаздыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: көрнекілік, ұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер, сабаққа байланысты суреттер

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Ми гимнастикасы

 

"Басты шайқау". Ойлау  қабілетін  жақсартады.

"Жалқау  сегіздіктер"  мидың  белсенді  жұмыс  істеуіне, есте  сақтау  қабілетінің  дамуына  көмектеседі.

 

Ширату

Ол не ?

Қарындасы  ағасына  қонаққа  келеді - (күн).

Ал ол  қарындасынан  жасырынады - (Ай)

Үндемей  оқытады - (кітап).

Тақтады  ізі  қалады - (бор).

Бір қалыпты ,төрт аяқты - (үстел).

Үш  мүшел  жас  нешеге  тең? - (37 жас)

 

Сабақты бекітуге арналған тапсырмалар

Тапсырма №1.

Логикада инверсия деп аталатын операция ақ пен қараны ауыстыру мағынасын береді.Оң жақтағы екі сурет- бір - бірінің инверсиясы.Төмендегі әр бір кескіннің жанындағы дәл осындай кескінге: ақ түсті қара түске , ал қара түсті ақ түспен ауыстырып шық.

 

Тапсырма №2.

Кескінді логика

Алғашқы кесіндердің орналасуының,пішінінің немесе өлшемдерінің заңдылығын сақтап,үшінші пішін үшін бос тұрған көк тіктөртбұрышты толтыру керек.Жасырылған нәрсе геометриялық пішін немесе пішінге байланысты периметр,аудан,көлем және т.с.с. геометриялық сипатамасы болуы мүмкін.

 

 

 

Тапсырма №3.

Жауабы:Бастапқы  нүкте  құстың  қанатынан  басталады.

Бой  сергіту. Қимыл-қозғалысқа арналған  жаттығулар. Ән ырғағына  ілесіп қимыл жасау.

 

Тапсырма №4.

Жауабы: итке  сүйек,ал адамға үй керек.

 

Тапсырма №5.

а)  Ат шанаға жегілген екі ат 10 километр жүрді.Егер атшанаға үш ат жегілсе,онда олар қанша километр жүреді? Жауабы:10 км

 ә) Себет пен шелектің әрқайсысында 10 алмадан бар.Себеттен 2 алма алынып,шелекке салынды.Себетте шелекке қарағанда неше алма кем ? Жауабы:4алма кем

 

Көңілді  үзіліс.

Сол қолыңмен желкеңнен  маңдайыңа  дейін  және оң  қолыңмен қарныңды сипа.Бұл жаттығу  бір мезгілде  орындалады.Келесіде колдырдың  қозғалысын ауыстыру керек. Жаттығу 4  рет  қайтланады.

 

Тапсырма №6.

Жаңа сөз шығу үшін қай әріпті алып тастар едің ?    

қырман - м  -қыран                     . аса- -

күй -  -                                        балға -    -

таспа -  -                                     арқан -      -

қора - -                                       жүздік -   -

үкім --                                        тақта - -

амал  -    -                                   сара -  - 

Жауабы: аса-а-ас                      

қырман - м- қыран

күй - к - үй                                 балға - л- баға

таспа - п - таса                           арқан - н -арқа

қора - қ- ора                              жүздік - д - жүзік

үкім - м-үкі                                тақта - қ- тақа

амал -а- мал                               сара - с -  ара

 

Тапсырма №7.

Жауабы: Жел тұрмаса, шөптің  басы  қимылдамайды.

Ит жоқта, қорадашошқа  үреді.

Су ішкен құдығына түкірме.

Екі  кеменің басын  ұстаған  суға кетеді

Көз - қорқақ, қол-батыр.

Бір  құмалақ  бір қарын  майды шірітеді

 

Саусақтарға  арналған  жаттығу.

Жаңбыр  көп  жауды,

Тамшылар тамады.

Тырс-тырс!

Терезе  қағады,

Жылғалар ағады.

Тырс-тырс!

Жапырақ  жылайды.

Жардан  су құлайды,

Тырс-тырс!

Жаңартып ауаны

Жаңбыр  көп жауады.

 

Тапсырма №8.

Таза- мөлдір,тұнық,

Инабатты-

Қонақ-

Ержүрек-

Дереу-

 

Сабақты  қорытындылау:

Біз бүгін қандай  тапсырмалар  орындадық?

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "25.04.16-30.04.16 1-сынып сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Флорист

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 567 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.04.2016 1949
    • DOCX 1020.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем М Мурат Мирам. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    М Мурат Мирам
    М Мурат Мирам
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 27
    • Всего просмотров: 807897
    • Всего материалов: 78

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 223 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Читательская грамотность у школьников

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 68 человек

Мини-курс

Проведение и применение трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе