Инфоурок Начальные классы Конспекты02.04.2016 1-сынып сабақ жоспары

02.04.2016 1-сынып сабақ жоспары

Скачать материал

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: еңбекке баулу

Күні: 02.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Фольгадан білезік пен сырға жасау
Сабақтың мақсаты: Фольга материалы туралы түсінік беру қапсырма жасаудың мақсаты: үлгісімен таныстыру, оның жасалу жолын үйрету. Оқушылардың еңбекке деген қабілеттерін ұштай отырып, мақсаты: фольга материалынан әшекей бұйымдар жасауға қызығушылығын арттыру. Қолдан жасау еңбегіне ынталандыру, өз қолымен жасай білуге мақсаты: үйрету, еңбекке баулу арқылы эстетикалық тәлім - тәрбие беру.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, өз бетінше жұмыс.
Көрнекілігі: қапсырма түрлері, қатты қағаз, қайшы, фольга, қарындаш.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың құралдарын түгелдеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, бағалау:

Өткен сабақты пысықтау ретінде сұрақ - жауап әдіспен пайдалану.
1. Шеберлер алқаны неден жасайды?
2. Алқа жасауға қандай жіп түрін қолданған дұрыс?
3. Білезік неден жасалады және қандай бұйым?
4. Білезік жасаған кезде қандай материалдар мен құралдар

ІІІ. Жаңа сабақ:
Фольгадан әшекейлі бұйымдар жасау
Ой - қозғау:

1.Фольга дегеніміз не?
2. Фольганың қандай түрлері болады?
3. Фольга материалын қайдан аламыз?
“Зергер адам - зерделі адам”
Сан ғасырдың сарабынан өтіп, біздерге қаймағы бұзылмай жеткен халқымыздың қастерлі де дәстүрлі қолөнері көптеген салаға бөлінеді. Солардың ішінде түрі жағынан да, мән - мазмұны жағынан да аса бай, шоқтығы биік тұрғаны - зергерлік өнер. Әр түрлі туындыларын зерттей келе, оның өте күрделі, қиын да қызығы мол екеніне көз жеткізуге болады. Қас шебердің қолынан шыққан қару - жапақ, ер - тұрман, ат әбзелдері, тұрмыста тұтынатын әртүрлі мүліктер мен сәндік әшекей бұйымдар шынайы өнер туындысы. Қазақ зергерлері әсіресе, әйелдердің әшекей сәнді бұйымдарын асқан шеберлікпен, зор талғаммен жасай білген.

Ассоциация әдісі.
сақина білезік ілгек жүзік

Әшекейлі бұйымдар түрлері

сырға қапсырма алқа шолпы

Темір ұсталарына қарағанда зергерлердің тұтынатын құрал - сайманы да атқаратын қызметі де әдіс - тәсілдері де көбірек болған. Темір ұстасы сияқты зергерлер де дүкенде жұмыс істейді. Олардың саймандарының көлемі темір ұстаныкіне қарағанда әлдеқайда шағын әрі жеңіл, ықшамды болған.
Зергерлер құрал - саймандары түрлері.
Зергерлік бұйымдардың ішінде, қыз - келіншектерге арналған білезік, сырға, сақина, шашбау, шолпы, қапсырмалардың орны бөлек. Кез - келген зергерлік бұйымның бетіне әр түрлі тастар орнатылып, ою - өрнектер салса, оның әсемдігі арта түседі. Зергерлік бұйымдарды әсемдеу үшін қолданылатын тастардың түрлері де көп. Олар: гауһар, маржан, інжу, меруерт.

Сергіту сәті:
Өзіндік жұмыс:
Бүгінгі сабақта қатырма қағаз бен фольгадан қапсырма жасаймыз. Қапсырма қыз - келіншектер киімінің екі өңірін қаусырып, іліп тұратын ілгек. Оған әр алуан әшекей тастар салынады.
Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

ІҮ. Сарамандық жұмыс
Жұмыстың орындалу реті:
2 - суретте көрсетілген қапсырманың қалып үлгісін жасап, қатырма қағазға түсіреміз де қиып аламыз.
Қалып үлгіні фольганың бетіне қойып, жан - жағын сызамыз. Бүктеу үшін 1см - дей артықтау алып, оны қиып аламыз.
Қатырма қағаздан жасалған қапсырманы фольгамен қаптап, жиектерін тегістеп бүктейміз.
Қапсырманың бетіне қарындашпен әр түрлі өрнектерді ойып саламыз.

Ү. Сабақты қорытындылау
1. Әшекей бұйымдарды ата?
2. Зергерлік бұйымдарды қандай тастармен әшекейлейді?
3. Қапсырманы кімдер тағады, не үшін тағады?

ҮІ. Үйге тапсырма:

Қатырма қағаз, бояу түстерін, қарындаш әкелу.


ҮІІ. Бағалау.



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: өзін-өзі тану

Күні: 02.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа құштарлық

Сабақтың мақсаты: табиғат ұғымын түсіндіру, табиғатты аялауға үйрету. Табиғатқа деген аялы қарым қатынастарвн дамыту. Табиғатты сүюге тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат.

Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Шаттық шеңбері

Табиғат – анамыз

Табиғат ол – анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.

Жазда аралап тауын да,

Барамыз біз бауына.

Өзеніне шомылып,

Жүгіреміз жауында.

·        Табиғат аясындағы демалыс сендерге ұнай ма?

·        Адам табиғатты түсіне ала ма?

·        Туған жерлеріңнің қандай көріністерін ұнатасыңдар?

 

Күн мен гүлдер

Құрманбек Толыбаев

Асқар таудың төбесінен бері асқан күн нуға бөккен қалың қатпарлы қапталға алқызыл шұғыласын себеледі. Шөптің бетіне, жапырақтың алақанына тұнған тұнық шықтың тамшылары інжудей жылтылдайды. Күннің күміс сәулесі мүлгіп тұрған әр гүлге бір төнеді. Жылы шуақпен желпіп, тербей оятады.

Оу, шоқтай Шұғынық, түрегел! Әлемге жарық жайылды. Құстар да оянды. Шырылдап сайрап жүр.

Ұйқысын аша алмай басы қалтылдаған Шұғынық ұйқысырай дыбыс береді:

Қазір, Күн көке,...қазір, ақ Сәуле. Бұдан кейін Сәуле шілтиген көк гүлге барады.

Көкжелкен! Аш, көк аспандай көгілдір көзіңді! Қойнауға тұнған тұман да сейілді. Жәндіктер қыбырлап, құмырсқалар шапқылап жүр.

Қазір, ашайын көзімді, қазір...

Сәуле әрі сырғиды. Тағы бір әсем гүл тербелді.

Гүлбадан, көтер басыңды, аш, алтын қауашағыңды! Көрсін қалың жұрт.

Жарайды, – деп керіледі сары басын сілкіп Гүлбадан: «қазір қауашағымның алтын бүрін жарқыратып ашамын!»

Ақ Сәуле сорайған көк бас қурайға барады.

Атқұлақ, шапақтың жылуы молайды, бүріспе! Гүлдердің бәрі ұйқыдан оянды. Сен де көрсет көркіңді!

Қазір, алтын Күн!        

Атқұлақ керіліп-созылып, бойын жазды да, мүлгіп тұрған басын қалт жоғары көтерді. Қаз-қатар тізілген түймедей көгілдір гүлдері салтанатпен шайқалады.

Осылайша Күн сәске түске дейін тау салалары мен шатқалдарға үңіліп, ұйқыға шомып, манаураған гүлдерді оятады. Дүние жүзіндегі шуаққа бөленген Гүлдердің бәрі шоқтай жайнап, Жер бетін сәндендіріп жіберген.

·     Гүлдерді, өсімдіктерді кім және қалай оятады?

·     Таңда ұйқыдан оянатын сәттеріңді естеріңе түсіріп, айтып беріңдер.

Суретте бейнеленген табиғат бөлшектерінің адамға тигізетін әсерлері туралы әңгімелеп беріңдер. 

Табиғат – бізді қоршаған дүние: аспан мен жер, тау мен су, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі.

Адам қашан да Табиғат әсемдігіне, сұлулығына тамсанған, таңданған, қуанып, шабыт алған және қамқорлық жасаған.

 

Сурет бойынша табиғат сұлулығын сипаттаңдар.

  

Жайқалсын жасыл әлем өлкемізде,

Сән түзеп, көрік берсін жер бетіне.

 

                     Табиғат та бір кітап

Қ. Мырза Әли

Тамаша ғой

Бүгін сен

Табиғатқа жүгінсең.

Құлақ түріп,

Көз тігіп,

Төңірекке үңілсең.

Еріп бұлттың ырқына,

Жоқ болады бір күн ай...

Табиғат та бір кітап,

Оқи алсаң, шіркін-ай!

 

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: логика әлемі

Күні: 02.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Таңдауыңды түсіндір

Сабақтың мақсаты:

1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату

2.Қиялдау,елестетуді дамыту

3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу


Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру бөлімі

Ми гимнастикасы.


Ширату.

1.Дауысты дыбыстарды ата.(а,ә,е,ё,и,о,ө,у,ұ,ү,ы,і,э,ю,я)

2.Қосудың құрамдас бөлігін ата.(Қосылғыштар мен қосынды).

3.Аулада қаздар жүр.Олардың аяқтарының саны – 8. Аулада қанша қаз жүр?(Аулада төрт қаз жүр)

4.Циркте ең күлкілі әртіс кім? (Сайқымазақ)

5.Ең үлкен бір таңбалы санды ата? (Тоғыз)

6.Шөл далада келе жатқан түйелер тізбегі. (Керуен)

7. Құстар ұшатын әуе кеңістігі. (Аспан)


Тапсырма – 1.Цифрдың қандай әріппен сызық арқылы байланысқанын көзбен анықта.Жасырын сөзді жаз.

Жауабы:а) 1 – к,2 – ө,3 –р,4 – к, 5 – е,6 – м, көркем.

ә) 1 –қ,2 –ұ,3 –р,4 –б,5 – ы,6 – м,құрбым.


Тапсырма – 2.Жұмбақты мұқият оқы. Бұл не?

Шешуінің суретін сал.

Ортасында шегесі,

Жіп – жіңішке денесі,

Жауабы: оқушылар қарындаштың суретін салуы мүмкін


Көңілді үзіліс.

Өткен сабақтағы жаттығуларды қайталау ұсынылады.


Тапсырма – 3. Жазулар дұрыс болатындай етіп суреттерді толықтыр.

Жауабы:

а) балалар суреттерді қызыл түске бояйды да, тағы қызыл түсті болатын заттардың суретін салады.

ә) балалар пішіні дөңгелек болатын заттардың суретін салады.


Тапсырма- 4. Жиындардың аттарын жаз.

hello_html_m79f43ca4.jpg



Жауабы: екі таңбалы сандар,фигуралар,шаршылар


Мына үш жиын дұрыс құрылмаған. Нені түзету керек ?


hello_html_m25f504b0.jpg


.

Көзге арналған жаттығулар.

«Мерген көз». Көзіңмен сағат тілінің бағытымен алты рет, сағаттың тіліне қарсы бағытта алты рет дөңгелек сыз.


Тапсырма – 5. Заңдылығын сақтап суретті аяқта. Төрбұрыштарды – көк, дөңгелектерді сары түске боя.

Жауабы: оқушылар суретті мұқият қарап шыққан соң төрбұрыштарды көк, дөңгелектерді сары түске бояп, тізбектегі суреттерді аяғына дейін салады.


Сабақты қорытындылау.








Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 02.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер. Өнерлі жігіт
Сабақтың мақсаты: Мәтінді дұрыс түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету. Заттың
сынын білдіретін сөздерді анықтай білуге сауаттылықтарын арттыру. Оқушылардың сөздік қорын молайтып, білімдерін толықтыру. Өнерлі, білімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сатылай кешенді талдау, сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: Әбу –Насыр Әл-Фараби портреті, слайд.

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологогиялық дайындық
Амансың ба, күн: (қолдарын жоғары көтереді, күнге созады)
Амансың ба, дос! (бір-біріне алақандарын ашады)
Амансыз ба, ұстаз қауым!(бас иіп, сәлем береді)

ІІ.Үй жұмысы
1-тапсырма. Ахмет Байтұрсыновтың «Тарту» өлеңін жатқа сұрау.
2-тапсырма. Сауалнама жүргізу

1) Көктемде алғаш гүлдейтін гүл
а) бәйшешек
ә) қызғалдақ

2) Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
а) не істеді? не қылды? қайтті?
*ә) кім? кімдер? не? нелер?

3) Жуан айтылған сөздерді тап.
*а) дала, тазалық
ә) өзен, сәбіз

4) Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап.
*а) көк-тем
ә) қай-ың

5) Заттың қимылын білдіретін сөзді тап.
*а) күлді, жылады
ә) күн, жер

ІІІ.Жаңа сабақ
Бүгін бәріміз орталық жүйеге бағына отырып, орталықтың әрбір тапсырмасына сатылап жауап береміз. Біз қазір қай орталыққа тоқтадық?
«Оқу орталығы» осы орталықта мәтінді сатылай кешенді талдау әдісі арқылы түсіндіру. Оқулығымыздың 146-шы бетін ашып мәтінмен танысайық.
1. Өнерлі жігіт
Ел аузынан
Бұрынғы заманда жазу сызу болмағандықтан әңгіме ел арасында ауыздан ауызға жетіп отырған. Ел аузынан алынғандықтан оның авторы болмайды.
Әңгімедегі Фараби туралы қысқаша мәлімет беру. Әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб қаласында отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген. Толық аты-жөні Әл-Фараби Әбу – Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан.
Әл-Фараби өздігінен оқып жетілген ғалым. Ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған Аристотельдің «Метафизикасын», «Қырық жан туралы», еңбегін жүз рет,ал «Риторикасын» екі жүз рет оқып шыққан.Әл-Фараби «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Бақытқа жету», «Логика» сияқты тағы басқа трактаттар жазған. Әбу-Насыр Әл-Фараби 950 жылы қайтыс болған.
2. Өзара мағыналық байланыста айтылатын екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады.
3 Шығармадағы негізгі ойды немесе тақырыпты қысқаша атау деген сөз. Бұл тақырып мәтінге
сай алынған.
4 Автордың айтайын деген басты пікірі. Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып бір-бірімен тығыз байланыста болады. Бұл шығармадағы негізгі ой-жігіттің тісімен шеге суырып, әр түрлі өнер көрсетуі. Фарабидің қамқорлық жасауы. Кейін сол баланың үлкен ғалым болуы.

Жазу орталығы
- Балалар! Дәптерімізді ашып бүгінгі күннің жадысын жазамыз.
Сөздік жұмыс
Дирхем - VІІ-ғасырда қолданыста болған араб ақшасы (монета). Салмағы 3,9 грамм болған.
Диуана - ақылгөй, дана, қария кісіні айтады.

Ережені қайталау. Заттардың сынын білдіретін сөздерге оқушылар мысал келтіреді. Оқулығымыздағы 132-жаттығуды сәйкестендіру арқылы орындайық
Күрең—сиыр Қызыл –ат Ала --қозы
Момақан—бұзау Ақ –лақ Бөрте—құлын

Жирен --бота

Сурет арқылы жұптық жұмыс жасайық.
жирен ақ боз ала қара жүйрік қасқа тарғыл тоқал
Жатқа жазу.
Өнерлі өрге жүзеді.
Өнерді үйрен де, жирен.
Өнер - таусылмас азық, жұтамас байлық.

Жаңалықтар орталығы.
12 сәуір –Ғарышкерлер күні
Ең алғаш рет 1961 жылы адамзат арасынан аспан әлемін зерттеуге Ю.А. Гагарин ұшты. Міне, биыл Ю.А. Гагариннің ұшқанына 50 жыл толады. 1991 жылы 2-ші қазанда қазақтан тұңғыш рет ұшқан Т.Әубәкіров.
Ғарыш әлеміне қазақтан шыққан 2-ші ғарышкер ағамыз Т.Мұсабаев. Ол үш дүркін аспан әлемін зерттеп келді.
1 шілде - 4 қараша 1994 жыл
2 қаңтар - 25тамыз 1998 жыл
28 сәуір – 6 мамыр 2001жыл

Математика орталығы.
Бұл орталықта дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме береміз.
Берілгені: «Ғарышкерлер» сөзінде қанша дыбыс, қанша әріп бар? Оның нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз, неше буын бар екенін айту.
Шешуі: «Ғарышкерлер» сөзінде 11 дыбыс бар оның төртеуі (4дауысты дыбыс) а,ы,2-е дауысты дыбыстар созылып, ауаға еркін шығады. Буын құрайды. 7 (дауыссыз дыбыс) 3-р, ғ, ш, к.Дауыссыз дыбыстар созылмай айтылады, ауаға қысылып шығады.

Ғарышкерлер=11=4 (а,ы, 2-е) 4
7 (3-р,ғ,ш,к)

ІҮ. Сабақты қорытындылау: сұрақ – жауап әдісімен сабақты бекіту
1) Фараби жігіттің қандай өнерін байқады?
2) Ол жігітке қандай ұсыныс айтты?
3) Өнерлі жігіт қандай жақсылыққа жетті?
4) Фараби қандай еңбектер жазған?
5) Сенің қандай өнерің бар?

Ү. Үйге тапсырма беру

Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын әңгімелеу. Әл-Фараби туралы мәлімет жинақтап келу.

ҮІ. Бағалау.

Бәйтерек арқылы бағалап мадақтау

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "02.04.2016 1-сынып сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заведующий доп. образованием

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 887 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.03.2016 1782
    • DOCX 507.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем М Мурат Мирам. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    М Мурат Мирам
    М Мурат Мирам
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 27
    • Всего просмотров: 807930
    • Всего материалов: 78

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в сфере высшего образования. Как подготовиться к поступлению в вуз: простые ответы на сложные вопросы

Перейти к трансляции