Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / 04.04.2016-09.04.2016 1-сынып сабақ жоспарлары

04.04.2016-09.04.2016 1-сынып сабақ жоспарлары

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: дүниетану

Күні: 04.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Адам және өсімдіктер мен жануарлар
Сабақтың мақсаты: Білімділік адам, табиғат қарым – қатынасын түсіндіру. Баланы табиғатқа үстемдік етпейтіндей, табиғат пен тең қатынас сезімдерін тудырып түсіне ықпал жасау. Оқушылардың адам, өсімдік, жануар туралы ой - өрісін кеңейтіп, олардың сабаққа деген қызығушылық тарының, белсенділіктерінің дамуына ықпал жасау. Мейірімділікке, қайырымдылыққа, инабаттылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі:электронды оқулық, слайд, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру
Қоршаған орта әлемі,
Не деген көркем әдемі.
Сол сұлулықты сақтайық,
Мадақтайық, мақтайық.- деп табиғатты мадақтай отырып, дүниетану сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Бекіту сұрақтары
- Балалар, жануарлар арасында өзара қайырымдылық дегенге қалай түсінесіңдер?
- Адам мен жануарлар арасында қандай қарым - қатынас бар?
- Өзің тұратын жерде жануарларды қорғау туралы қандай жұмыс жүргізеді?
- Өлең шумақтарын жатқа айту.

ІІІ. Жаңа сабақ
Тақырыбы: «Адам және өсімдіктер мен жануарлар»

Ой қозғау
Қоршаған орта табиғат
Өсімдік, жануар, адамзат,
Сүю, қорғау парасат,
Біліп жүр, мұны адамзат

Мағынаны тану
- Олай болса, осы тірі табиғатқа жататын адам, өсімдік және жануарлар үшеуінің байланысы жайлы бүгінгі сабағымызда айтамыз.

----------------- Табиғат
------------------↓---------------
Адам Өсімдік Жануар

Адам өзіне қажетті жануарларды қолға үйреткен екен. Сондықтан олар үй жануарлары деп аталады.

Сергіту сәті:
Табиғат қандай тамаша
Тоймаймыз бізде тамсана
Аңдар еркін жүреді
Балықтар шіркін жүзеді.
Табиғаттың жыры көп
Табиғаттың сыры көп.
Оқулықпен жұмыс: Тізбектеп оқыту
Дәптермен жұмыс

ІҮ. Сабақты бекіту:
- Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы байланысқа мысал келтір.
- Адам өмірінде өсімдіктердің маңызы қандай?
- Өз жеріңде өсімдік шаруашылығы бар ма?
- Одан қандай өнім түрлерін аламыз?
- Өзің тұратын жерде мал терісін илейтін кәсіпорын бар ма?

Ү. Сабақты қорытындылау

Шығармашылық жұмыс. Суретпен жұмыс

ҮІ. Үйге тапсырма беру

«Адам және өсімдіктер мен жануарлар» тақырыпты оқып, түсінігін әңгімелеу. Суреттер салып келу

ҮІІ. Бағалау














Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: бейнелеу өнері

Күні: 06.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Мүсін өнерінің басқа бейнелеу өнерінен айырмашылығы, «көлемді пішіндер ұғымы». «Жемістер мен көкөністер». Өсімдіктер әлемі пішінінің әртүрлілігі.

Сабақтың мақсаты: Күз айлары молшылық, береке сыйлайтын мезіл екенін, жемістер мен көкөністердің пісіп, жиын- терін болатынын түсіндіру; заттың нұсқасына қарай отырып мүсіндеу дағдыларын бекіту; ермексазды көкөністің түсіне сәйкес таңдай алуға үйрету.

Жоспарланатын нәтиже:

пәндік: Оқушыларға мүсін өнерінің көлемді бейнелеу жұмысының ерекшеліктері туралы ұғым қалыптастыру;

жүйелік-қызметтік: Мүсін сомдау жұмыстары үшін қажетті білімдер мен дағдыларды дамыту; зейін мен бақылау қабілетін дамыту; қолдарының ұсақ моторикасын дамыту;

тұлғалық: Зейін мен ыждағаттылықты қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Жемістер мен көкөністер бейнеленген фотосуреттер, жемістер мен көкөністер муляждары, дайын үлгі ретіндегі көкөністер,жұмбақтар, ермексаздар, тақтайша, таяқша, қолорамал.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, топтық тапсырма, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі мен құрал- жабдықтары:

Мұғалім үшін: көрнекі материал- жемістер мен көкөністер суреттері, презентация, жұмбақтар.

Оқушылар үшін: ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.

Пәнаралық байланыс: еңбек.


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Қызығушылықтарын ояту.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 

Сабаққа қажетті құрал- саймандарды түгендеу.


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың шешуі бүгінгі оқу іс- әрекетіміздің тақырыбы болмақ.

Дайынсыңдар ма?

Іші толған шәрбат

Дәмі қандай айбат

Үзесің бірден жүзін

Оның аты…… /жүзім/

Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты. /алма/

Көкпеңбек еді көктемде

Қызарды күз жеткенде. /қызанақ/

Қалың киім ұнатады

Шешіндірсең жылатады. /пияз немесе жуа/

Жер астында темір қазық. /сәбіз/

Әр желінің асты толған көк қоян,

Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям. /қияр/

Сонымен, балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы жемістер мен көкөністер жайлы әңгімелейміз. Жемістер бақшада яғни ағашта, ал көкөністер бақта өседі.

Жемістер мен көкөністердің құрамында көптеген дәрумендер бар. Жалпы жемістер мен көкөністер біріншіден дәрумен берсе, екіншіден тағам ретінде, ал үшіншіден дастарханға сән ретінде қоя аламыз.

hello_html_72e10946.jpg

Сонымен қоса сабағымызды мүсін өнерімен байланыстырамыз. Ең біріншіден мүсін туралы қысқаша мәлімет тындайық. (Презентация)

Мүсін дегеніміз- ермексаз, сазбалшық, тас, ағаш, металл секілді материалдардан мүсіндеп жасалған көлемді кескін.

Мүсін екі түрге бөлінеді: Жұмыр мүсін- барлық жағынан көрінетін мүсіндік бейнелеу. Бедер мүсін- бейне жазықтық бетке орналасады және көлемі жартылай ғана беріледі.


 ІҮ. Сарамандық жұмыс

Оқушылар орындарынан тұрып, екінші топпен арласып отырады. Кімде ағаш жемістері, ағаш суреті бар жерге отырады. Ал бақшада өсетін көкөністер, бақша суреті баржерге отырады.


hello_html_m3fd4e331.jpg

1 топ: Жануарлардың сүйсініп жейтін жемістері мен көкөністері.

2 топ: Жеміс пен көкөністердің адам өміріне тигізетін пайдасы мен зияны.

Сергіту сәті. Бәріміз орынымыздан тұрып би билейік!

1 сынып оқушыларына жұмыр мүсінін орындау тапсырылады.

Балаларға мүсіндеу кезінде қандай тәсілді қолдану керектігі айтылады:

Жұмыс барысы:

біріншіден керек ермексаздын түсін жұмсарту;

Қызанақ- қызыл домалақталған ермексаздың жоғарғы бөлігіне саусағымызбен батырып баса отырып шағын ойықша жасаймыз, ойықшаға жасыл ермексаздан жасалған сағағы мен жапырағын орнатамыз;

Қияр- жасыл ермексаздан жасалған цилиндрдің екі шетін домалақтап тегістейміз, тіс шұқығыш шидің көмегімен қиярдың бетіне бүртіктер саламыз;

Сәбіз- цилиндр пішінді ермексаздың бір ұшын аздап созып, тіс шұқығыш шидің көмегімен үстіне жіңішке сызықтар түсіреміз, жоғарғы бөлігіне жасыл ермексаздан жапырағын біріутіреміз;

Қызылша- күрең қызыл домалақтанған ермексаздың бір бүйірін созу тәсілімен тамырын шығарамыз, жоғарғы бөлігіне жасыл ермексаздан жапырағын бекітеміз.

Ал, 2 сынып оқушыларына бедерлі мүсін жасау тапсырылады.

Жұмыс барысы:

Берілген карточкадағы суретке қарап, қандай жеміс пен көкөністің суреті салынғанын мұқият қарау. Ермексаздын көмегімен бедерлі мүсін жасау.


Ү. Сабақты қорытындылау

Бүгінгі оқу іс әрекетімізді қорыта келе жемістер мен көкөністерді бөлек себеттерге салып қоюмыз керек.

hello_html_m3b828f75.jpg


ҮІ. Үй тапсырмасы: 

Мүсін өнерін қайталау. Өзін сүйсініп жейтін жемістің және көкөністердің сурет салу.


ҮІІ. Бағалау.


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: еңбекке баулу

Күні: 08.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Тақырыбы: Фольгадан жапырақ, құлын жасау

Мақсаты: Фольгадан құлын пішінін жасап үйрету. Білімін дамыту. Еңбекке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа сабақ

Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: үлгі шаблон


Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

сабаққа дайындық


IІ Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Фольгадан жапырақ, құлын пішінін жасау.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1.Құлын пішінін құрастырып көрейік.Бұл үшін 45-беттегі 3-сурет бойынша құлын денесінің негізгі бөліктерін анықтаймыз, олар:денесі, аяқтары, құйрығы, басы.

Жұмсақ фольгадан ізірленген домалақшалар құлын пішінін жасауға қажет бөлшектер бола алады. Домалақшаларды темір сымдар арқылы бекітіңдер.

2.Сергіту сәті


ІҮ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Сұрақтарға жауап алу.

-Фольганы қандай материалдан жасайды

-Фольганың қағаздан айырмашылығы не ?

-Фольганың қандай қасиеттері бар?

2. Оқулық бойынша " Фольгадан құлын пішінін құрастыру" тақырыбын оқу.

3.Техникалық қауіпсіздік ережелерін қайталау

4. Құлынның пішінін құрастыру.

5.Көрме ұйымдастыру


Ү. Сабақты қорытындылау

Көрме ұймдастыру


ҮІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: Аяқталмаған жұмысты аяқтау


ҮІІ. Бағалау.

Көрме арқылы балаларға өзін-өзі бағалатып оны не себепті айтқанын түсіндіре отырып қорытынды баға қою.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: еңбекке баулу

Күні: 09.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық бұйымдар туралы түсінік. Асадал мен кебеже
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлттық бұйымдары жайлы түсінік беру. Киіз үй жиһаздары асадал мен кебеженің пайдасы жайлы білімді қалыптастыру. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Ой өрісін ойын элементтері арқылы дамыту. Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойларына сіңіру, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ой қорытындылау
Сабақтың көрнекілігі: үлгі шаблон

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
- Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып тазалығына назар аудару.
- Оқу құралдарын қадағалау.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Жүкаяқ қанша бөліктен тұрады?
Жауабы: Алдыңғы және жақтау ағаш, төрт аяғы, екі жақтау ағашты біріктіріп тұратын 4 - 5 шабақ ағаш және тіреуіштер.
2. Сандықтың неше түрі бар?
Жауабы: Абажа, әбдіре, қобдиша
3. Жүкаяқ қанша түрлерге бөлінеді?
Жауабы: Жасалу тәсіліне қарай жүкаяқ қайқы бас және үсті тегіс болып екі түрге бөлінеді.
4. Жүкаяқты қандай мақсатта қолданады?
Жауабы: Қайқы бас жүкаяққа төсек - орын жинайды. Үсті тегіс жүкаяқты сандық қоюға пайдаланады.
5. Шеберлер жүкаяқ бетін қалай әшекейлейді?
Жауабы: Жүкаяқтың алдыңғы бетін майлы бояумен сырлап, оюмен өрнектелген сүйекпен әшекейлейді.
6. Адалбақан дегеніміз не?
Жауабы: Киімдерді, жеңіл бұйымдарды іліп қоятын жабдық. Ол киіз үйде құру кезінде шаңырақты көтеріп тұру қызметін де атқарады.

ІІІ. Жаңа сабақ
Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы. Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келді.
Мал шаруашылығымен айналысып көшпелі өмір сүретін адамдар үшін киіз үй қыста да, жазда да қолайлы баспана болып саналған. Ең кереметі киіз үй көшіп жүруге ыңғайлы әрі жеңіл. Оны жарты сағатта жығып, тағы сондай уақытта тігіп үлгереді.
- Бүгінгі сабағымызда дұрыс жауап берген оқушыларды осы киіз үймен бағалайтын боламыз.
- Ал енді балалар «Ойлан тап!» ойыны бойынша ребусты шешіп көрейік

Кебеже – бидай, арпа, тары, күріш сияқты дәнді дақылдарды, тағы басқа да азық - түлік түрлерін салып қою үшін арнайы жасалған сандық. Кебежеде салмақты заттар сақталатын болғандықтан, оны қалың тақтайдан мықты етіп жасайды. Кебеженің сырт пішіні сандық сияқты болғанымен, жасалу тәсілі өзгеше. Кебеже аяқтары оның қабырғаларын, қақпағын, түбін біріктіріп тұратын негізгі арқау сияқты жасалады.
Кебеже қақпағы жартылай ашылады. Қақпақтың ашылмайтын бөлігі кебеже жақтауларына шегемен бекітіледі. Ал ашылатын бөлігі былғары таспамен немесе топсалармен екінші бөлігіне жалғасады. Шеберлер кебеженің бетін бедерлеп ойып, өрнектер салады, майлы бояумен әшекейлейді, өрнектелген сүйекпен жапсырмалайды. Ол өрнектер жан - жануарлар, өсімдік, геометриялық денелер бейнесіне ұқсас келеді.
Кебеже бетін өрнектелген сүйекпен жапсырмалағанда көбіне «жыланкөз», «сынық сызық», «қос белбеу» сияқты өрнектерді пайдаланады.

«Асадал» - асың адал болсын деген сөз. Оған ыдыс – аяқтар сақтайды. Асадал мықты әрі жеңіл ағаштан жасалады. Ол сәнді болу үшін шебер оның бетін әр түрлі бояулармен өрнектеп сырлайды.
Қазіргі заманда ыдыс – аяқ қоюға арналған жиһаздардың сан алуан түрі бар. Олар шыны, темір таспа, пластмасса таспа сияқты тегіс, жылтыр заттармен безендіріледі.

Сергіту сәті: «Астанаға саяхат» бейнеролик.
Топтастыру стратегиясы: «Асадал мен Кебеже»

ІҮ. Сабақты қорытындылау
1. Асадалмен кебеженің тұрмыста атқаратын қызметі қандай?
Асадал
Кебеже
2. Кебеженің сандықтан қандай айырмашылығы бар?

Ү. Үйге тапсырма:

«Кебежені қатырма қағаздан жасап келу»


ҮІ. Бағалау

Көрме арқылы өзін-өзі бағалау арқылы мадақтап бағалау



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: музыка

Күні: 04.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: «Бесік жыры»

Сабақтың мақсаты : Оқушыларға тақырыпты меңгерту, қызығушылығын арттыру және әнді үйрету. «Бесік жыры» әнімен танысу, мәтінін жаттау. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту, ән иірімдерін дұрыс ести білу, методикалық ерекшеліктерін сезіну.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ән айту, әңгімелеу

Көрнекіліктер: үнтаспа,оқулық,суреттер


Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі


1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2.Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың ерекшелігі мен мақсатын таныстыру.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ән айту


ІІІ. Жаңа сабақ

Бесік Жыры — тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі. Әлемде Бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Халық педагогикасының мәйегіне айналған Бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрінісі бар. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының Бесік жырылары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1 — 5 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады, әуен-сазсыз Бесік жырының мәні де, сәні де келмейді. Қазақ Бесік жырының үлгілерін алғаш Ә.Диваев хатқа түсіріп, 1905 ж. жариялаған. Содан бері там-тұмдап жиналып келе жатқанымен, халық жырларының асыл үлгілері әлі де толық хатқа түсе қойған жоқ.

hello_html_m4fce5e2.jpg

Музыка тыңдау: «Бесік жыры» әнін тыңдау


ІҮ. Сабақты қорытындылау: Әнді үйрену , мәтінін жаттау,хормен айту.


Ү. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып келу,әнді үйрену


ҮІ. Бағалау: Үй тапсырмасын орындап, жаңа сабаққа белсене қатысқан оқушыларға баға қою






















Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: өзін-өзі тану

Күні: 09.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа құштарлық

Сабақтың мақсаты: табиғат ұғымын түсіндіру, табиғатты аялауға үйрету. Табиғатқа деген аялы қарым қатынастарвн дамыту. Табиғатты сүюге тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат.

Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Шаттық шеңбері

Біз осылай өсеміз

Таң атады арайлап,

Күн күлімдеп туады.

Жадырайды бар аймақ,

Жарқырайды шуағы.

Дала гүлін жинаған,

Жазып ерлік дастанды.

Аталарым сыйлаған

Бізге ашық аспанды.

Жарқын заман бөбегін

Аялайды нұрлы таң.

Алтын бесік өз елім,

Туған өлкем Ұлы Отан.

· Табиғи тағамдарға нелер жатады?

· Таза ауа, су, топырақтың адам денсаулығына қандай пайдасы бар?

· Денсаулық мекенін қайдан табуға болады?


Өсиет әңгіме

Ертеде бір қарияның үш ұлы болыпты. Өздерінің әкесін қатты жақсы көретіні соншалық, қарттың ұзақ та сау өмір сүруін армандап, оның жолын қайдан табамыз деп, ұзақ кеңесіпті.

Әрі ойланып, бері ойланып, ақырында ел арасынан денсаулықтың мекенін іздемекші болыпты.

Үлкен ұлы денсаулық­тың мекенін табиғаттың “Саялы орманынан”, ортаншы ұлы денсаулық­тың мекенін табиғаттың «Таза көлді» елінен, ал кіші ұлы «Көрікті жер» елінен кездестіріпті.

Ұлдарына дән риза болған қария, үш ұлының да еліне кезек-кезек барып тұрыпты.

Қария бақытты да баянды, ұзақ ғұмыр кешіпті.

·     Қарияның ұлдары денсаулықтың мекенін қайдан тауыпты?

·     «Саялы орман», «Таза көл», «Көрікті жер» неліктен денсаулық мекені бола алады?

 

Таза ауа, таза су, пайдалы тағам, көтеріңкі көңіл күй, спорт адам денсаулығын сақтауға көмектеседі.

  

Суреттерге қарап, «Табиғатпен біргеміз» тақы­рыбына әңгіме құрастырыңдар.

  

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Ұсынайық жүрек нұрын бәрiмiз.

Р. Сәтiмбекұлы

Көктем

 

Көктем келіп шуақты,

Балаларды қуантты.

Алақай-ау, алақай!

Құстар сайрап,

Бақтар жайнап гүл атты.

Ля-ля-ля-ля, ля-ля-ля-ля

Құстар сайрап,

Бақтар жайнап гүл атты.

 

Дала гүлге толыпты,

Аққу көлге қоныпты.

Алақай-ау, алақай!

Көктем қандай,

Көктем қандай көрікті.

Ля-ля-ля-ля, ля-ля-ля-ля

Көктем қандай,

Көктем қандай көрікті.


ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.








Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: логика әлемі

Күні: 04.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Олай емес, өйткені...

Сабақтың мақсаты.

1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату

2.Қиялдау,елестетуді дамыту

3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу


Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру бөлімі

Ми гимнастикасы.

«Басты шайқау». Жаттығу ойлау қабілетін жақсартады. Терең демал, иығынды бос ұстап, басыңды алға таста. Денедегі ауырлық түскенше басынды ақырын әрі – бері айналдыр. Иегінді бір сызықтың бойымен кеуде тұсына әкел. Осылай отыз секунд жаттығу жаса.


Ширату.

1.Жисақ – таяқ,

Жазсақ – сая.(қолшатыр)

2. Қабат – қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.(кітап)

3. Құстай ұшар,

Қанатты темір тұлпар.(ұшақ)

4. Орманда тұрады, өзі бір қу,

Жүрген жері у-шу.(түлкі)

5. Қалың киімді ұнатар,

Шешіңдірсең жылатар.(пияз)



Тапсырма №1. Суретті мұқият қара,аяқтап сал.Боя. Қандай фигуралардан тұратынын айт.



hello_html_4585c289.jpg

Тапсырма – 2. Аралардың гүлдерге баратын жолын көзбен анықта. Торкөзге цифрмен белгілеп жаз. Гүлдерді әртүрлі түске боя. Аралардың қанатын гүлге сәйкесболатындай етіп түрлі түсті қарындашпен боя.

Жауабы: 1 – 2 қызыл, 2 – 4 көк, 3 – 1 сары, 4 – 3 қоңыр түске боялған.



Көңілді үзіліс.

Теңіздегі толқынды бейнелейтін қозғалыс.

Толқиды теңіз – бір!

Толқиды теңіз – екі!

Толқиды теңіз – үш!

Теңіз толқыны, тоқтап қал!

Осы кезде «толқындар» тоқтайды.



Тапсырма – 3. Көгершіндерді сана. Санын жаз.

Жауабы: барлығы 12 көгершін.


Тапсырма-4 Қуыршақты боя.


hello_html_58ce9c96.jpg


Көзге арналған жаттығулар.

Уқалау қан айналымын күшейтеді, көз бұлшық ет тарамдарының зат алмасуын жақсартады, көз бұлшық еттерін нығайтады.

a) Үш саусақпен маңдайды дөңгелете уқалап, самайға қарай ауысуы.Уқалаудың алдында және кейін маңдайды сипалау.

ә) Жоғары қарау.Сағат тілі бойынша көзді айналдыра жүгірту.Жоғары қарау.Төмен қарау.Оң жаққа қарау.Сол жаққа қарау. (3-4 рет)


Тапсырма-5.Заңдылықты сақтап, суретті аяқта. Олардың төрт түсті қарандашпен боя.

Жауабы: тізбектегі шаршы екі түрде орналасқан.Олардыкөк, сары, қызыл, қоңыр түске заңдылықты сақтап бояуға болады.Бояу түрлерін балалардың өздері таңдауға мүмкіндік туғызу керек.Сонымен қатар заңдылықты сақтау керектігі ескеріледі.


Сабақты қорытындылау: Не үйрендік?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: логика әлемі

Күні: 09.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Олай емес, өйткені

Сабақтың мақсаты:

1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату

2.Қиялдау,елестетуді дамыту

3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу


Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру бөлімі


Ми гимнастикасы.

Ширату.

Көктайғақта таймау үшін, аттың тұяғына тағылатын темір- таға.

Жарысқа түсетін жүйрік жылқы- сәйгүлік.

Гүл шырынынан ара арқылы алынатын шипалы тәтті тағам- бал.

Ұсақтап туралып, майға қурылатын ет- қуырдақ.

Жылқының майлы етінен ішекке салып жасалатын тағам-қазы.


Тапсырма-1.Саматтың қолында сары,қоңыр және қызыл түсті үш қарындаш бар.Қарындаштарды тиісті түспен сызық арқылы қос:

а) қызыл қарындаш сарыдан,ал сары қарындаш қоңырдан қысқа.


hello_html_m44810f9b.jpg










ә) сары қарындаш қызылдан,қызыл түсті қарындаш қоңырдан ұзынырақ.


hello_html_m17e44d5e.jpg

б) қоңыр қарындаш сарыдан ұзынырақ, ал сары қарындаш қызылдан қысқа.

hello_html_m4ff82158.jpg











Тапсырма-2 Кәусарға қуыршаққа апаратын ең қысқа жолды көрсет.Оны көгілдір түспен,ал ең ұзынын қызылмен боя.

hello_html_m41555f50.jpg

















Көңілді үзіліс.

Көгілдір аспанда күн күлімдеп,

Ғарышкер зымыранда ұшып бара жатыр.

(Қолды жоғары созу.)

Ал төменде орман, алаң,

Жерге кілемдей төселді.

(Қолды екі жаққа жайып, алға төмен иілу.)


Тапсырма-3.Сөздерді мұқият оқы Оларға қалауынша әріп қосып, бірнеше сөз жаз.

Жауабы: жаз-қаз,таз,саз; бүйе-күйе,түйе,сүйе; арыс- тарыс,жарыс,қарыс.


Тапсырма-4. Айнұр,Камила және Кәусар үшеуі көк,сары,ақ түсті көйлектер киген.Айнұрдың көйлегі ақ емес,Камиланың көйлегі ақта,сарыда емес.Қыздардың көйлектерінің түстері қандай?

Жауабы: Камила-көк,Айнур қызыл,Кәусар-сары.

Көзге арналған жаттығулар.

а) Жоғары қарау.Төмен қарау.Оң жаққа қарау.Сол жаққа қарау.

ә) Сағат тілі бойынша көзді айналдыра жүгірту.Жоғарыдағы жаттығуларды керісінше қайталау.


Тапсырма-5.Дананың тұратын үйі жасыл да,кішкентай да емес.Мәриям сол жақтағы үйде тұрады.Ал Әлия қай үйде тұрады ?


hello_html_m68e33117.jpg



Сабақты қорытындылау:

Балалар бүгін біз қандай тапсырмалар орындадық?

Орындаған тапсырмаларын түсінікті болды ма?

Қиналған тапсырмаларың бар ма?










Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: қызықты грамматика

Күні: 05.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Өз біліміңді тексер

Сабақтың мақсаты:Көргенін сауатты да қатесіз жаза білуге үйрету Ой өрісін, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу дағдысын арттыру. Көркем де сауатты жазуға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: тақырыптық суреттер, қима қағаз

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, талдау, ізденіс, комментарий.

Пәнаралық байланыс: ана тілі


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.


II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

Мәтін дегеніміз не?

Мәтіннің қандай түрлері болады?

Мәтіндегі әрбір ой қандай жолдан бастап жазылады?


IV. Мақсат қою кезеңі

Көргенімізді қатесіз жазамыз


V. Жаңа тақырып

Л л әрпін көркем жазу

Мәтінмен жұмыс

Алғыс

Балалар мектепке келе жатты. Бір әжей құдықтан су алып жатыр еді. Дәулет әжейге құдықтан су алып берді.тӘжей қуанып, Дәулетке алғыс айтты.

Сурет бойынша жұмыс

Ауызша әңгіме

Өз бетімен жұмыс

Алғыс мәтінін көру арқылы жазу


Мәтіндегі сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы табу


VI. Сабақты қорытындылау.

Балалар сендерге сабақ ұнады ма? Нені үйрендіңдер?



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 04.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Домалақ ана. Заттың санын білдіретін сөздер.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды заттың санын білдіретін сөздермен таныстыру, сұрақты дұрыс қоя білуді меңгерту. Домалақ ана туралы түсінік беру. Оқушыларды қасиетті адамдардың құдіретіне деген сенімін арттыру, өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын, сауаттылығын жетілдіру, шығармашылық қабілетін дамыту. Оқушыларды «әулие» анамыздың аруағын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, 5 жолды өлең.

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, электронды оқулық, карточкалар мен дидактикалық материалдар


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Амандасу

Қонақ күту салтымыз, Оқып-біліп жатырмыз.

Келген қонақ сіздерге Сәлем бердік жалпымыз.

Сабақтың мақсаты-міндеті.

Мақсатымыз – білім алу Міндетіміз – еңбектену.

Еңбектену арқылы «5»-ке қолды жеткізу.


ІІ. Өткенді қайталау.

Үйге қандай тапсырма берілді?

Әл-Фараби. « Өнерлі жігіт» мәтінін мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап беру.

Фараби жігіттің қандай өнерін байқады?

Ол жігітке қандай ұсыныс айтты?

Өнерлі жігіт қандай жақсылыққа жетті?

Сенің қандай өнерің бар?

Өткен сабақта қандай сөздермен таныстық?

Заттың атын, сынын, қимылын білдіретін сөздерге қойылатын сұрақтармен таныстық.

Ендеше заттың атын, сынын, қимылын білдіретін сөздерге қойылатын сұрақтарды «Бес жолды өлең» әдісі бойынша пысықтаймыз.


ІІІ. Мақсат қою

Ана деген ақылшың, Анаң барда батырсың.

Қасыңда кім болсада Тек анаңа жақынсың.

Өлең кім туралы айтылған?

Ана туралы

Ендеше «ана» сөзіне өз беттеріңше ассоциациялық сөздерді дәптерге құраймыз.


Зат есім – Ана

Сын есім – мейірімді, ақылды.

Етістік – қамқор болады, ақыл береді, киіндіреді

Сөйлем – Мен анамды жақсы көремін.

Мәндес сөз - Ана - қымбат жан.


ІҮ. Жаңа сабақ.

Балалар , бүгінгі өтетін тақырыбымыз анаға байланысты. Қазір

сендермен Тұманбай Молдағалиев атамыздың «Домалақ ана» өлеңімен танысамыз. (Автор туралы қысқаша мәлімет беру)

hello_html_m5b4af669.png

«Домалақ ана» жайлы әңгімелеу, оның тарихына қысқаша шолу жасау.

Ия, балалар өзінің көрегендігімен, ақылдылығымен, ұрпағымен аты әлемге әйгілі бүкіл халық «Әулие» деп мойындаған Нұрила ана жайында. Домалақ ананың шын аты Нұрила. Әулие ана деген атаудан шығарылып, Домалақ ана есімімен аталып кеткен. Қасиетті Түркістан топырағында дүниеге келген. Шыққан тегі – атақты Қожа Ахмет Иассауидің алтыншы ұрпағы. Анасы ерте қайтыс болып, жетім қалған Нұрила атасы Мақтым Ағзам қожаның қолында тәрбиеленеді. Ол 10 жасында көріпкел Әулие атанды. Домалақ ананың аты елге ақылдылығымен, даналығымен, тазалығымен шыға бастады. Домалақ ана өмірінің соңғы жылдары Ташкент қаласында өтеді. Бірде Домалақ ана өзінің ескі қонысы Қаратауға барып тұру үшін жолға шығады. Көш Балабөген өзенінің жағасына жеткен кезде Домалақ ана сол жерде намаз оқып тұрып көз жұмады. Өзінің тілегі бойынша Домалақ ана сол жазыққа жерленеді, сол жазықтан кесенесі тұрғызылды. (Кесене суретін көрсету, қайта жөнделген)

hello_html_m54d05f1c.pnghello_html_4e2e4b0.png

Енді балалар , қазақ әдебиетінің дамуына өз үлесін қосып келе жатқан қазақтың біртуар ақыны Т.Молдағалиевтің «Домалақ ана» өлеңін оқиық. (Домалақ анаға мінездеме бергізу)

Домалақ ана

Нұрила – қасиетті ұлы анамыз, Естісек есімін біз қуанамыз.

Әлі де сол ананың әлдиінен Кейінгі ұрпақтары жұбанамыз.

Барлық қазақ Домалақ анамыз деп,Құрметтеп мазарына барады іздеп.

Жатса да мәңгі ұйқыда, ұрпағына Етеді ақылымен о да қызмет.

Т.Молдағалиев.

- Бұл қандай шығарма?

Өлең.

Сөздік жұмыс.

Ұлы деген сөз кез-келген адамдарға қойыла бермейді. Мысалы ұлы Абай.

Мазарына – мәйітіне, моласына, жерленген жері.

Мәңгі ұйқыда – адамдар көп жасамайды. Олар басқа өмірде де тіршілігін жалғастыра береді.

Өлеңді өз беттерінше оқыту. Сұрақтар бойынша өлең мазмұнын талдау.

Жақсы адам қандай болады деп ойлайсың? Домалақ ананы неліктен «әулие», «қасиетті» дейміз? Домалақ анаға мінездеме беру.


hello_html_7bab7c92.gifкөреген әулие ұлы

hello_html_m55d14194.gifhello_html_373808ad.gif

hello_html_29e49f59.gif

Нұрила ақылды

hello_html_m2dba1bbf.gifhello_html_6944dd3b.gif

hello_html_m752f3a15.gifhello_html_m61324dc9.gifhello_html_m131715ae.gif



қасиетті таза адал


Сергіту сәті.

Бір мен екі алмаңдар Үшке алданып қалмаңдар.

Кілең төрттік алғандар, Бесті ғана армандар.


Көркем жазу минуты.

Ана – ең аяулы жан.

Оқулықпен жұмыс.

133-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, ол сөздерге сұрақтар қойдыру.

Біздің сыныпта . . . оқушы бар. Сыныпта . . . парта тұр. Әр партада . . . бала отырады.

2. Қанша? Неше? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.

(жиырма бес оқушы, 13 парта, екі бала)



Заттың санын білдіретін сөздерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады. (ережені өздеріне шығарту)

Заттың санын білдіретін сөздер сендерге математика сабағынан жақсы таныс. Математикада қандай сандарды өттік. (бір таңбалы, екі таңбалы сандар)

Сандар сырын еске түсірейікші. 3, 7, 9 т.б.

3 санына байланысты үш жұрт (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)

3 би (Төле би, Айтеке би, Қазыбек би)

3 арсыз (ұйқы, тамақ, күлкі )

4 құбыла (Шығыс, Оңтүстік, Батыс, Солтүстік )

4 маусым (көктем, жаз, күз, қыс )

4 тоқсан , 4 түлік,

7 ата, 7 қазына , 7 күн, 7 шелпек, 7 мүше т.б

Сан есім



hello_html_6cda922d.gifhello_html_56c7af11.gifhello_html_3a098ffd.gif


Қанша? Неше? Нешінші?


135-жаттығу. (ауызша) Суреттермен жұмыс. Сұрақтарға ауызша жауап беру. Нешеу? сұрағына жауап беретін сөздерді атау. (екеу, үшеу)


Құстар туралы .

Дүниетану сабағынан құстардың қандай түрлерін өттік ?

Үй құстары, суда жүзетін құстар, дала құстары.

Үйрек суда жүзетін құс, көгершін – бақыт , бейбітшілік құсы деп аталады.


Балалар нешеу? сұрағы тек қана 7-ге дейінгі сандарға ғана қойылады екен. Мысалы біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.


Ү. Сабақты қорытындылау:

Өлең кім туралы?

Өлеңді жазған кім?

Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

Оқушылардың барлығына сурет беріледі. Сол суреттегі заттардың санын жазу керек.


ІХ. Үйге тапсырма:

«Домалақ ана» өлеңін мәнерлеп оқу.

«Жақсы адам» тақырыбына эссе жазу.

134-жаттығу


Х. Бағалау

Бәйтерек ағашын безендіру арқылы мадақтап бағалаймын




Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 05.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер. Үш би.

Сабақтың мақсаты: Заттың санын білдіретін сөздер қанша? неше? Ұғымы туралы білімдерін пысықтау. Қазақтың үш биі туралы мағлұмат беру. Жаттығулар орындау арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Отанын сүюге, туған жерін, елін,халқын қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекі-құралдар: үш би суреті, сұрақтар, электронды оқулық

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Амандасу, түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін  аудару.


ІІ. Психологиялық дайындық:

-Екі көз не үшін керек?

Барлық жақсылықты көру үшін.

-Екі құлақ не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Екі қол не үшін керек?

-Елге көмек беру  үшін.

-Екі аяқ не үшін керек?

-Шетте жүрсең,туған жерге жету үшін..

1. Ұранымыз: «Жақсы оқу, үлгілі болу».

2. Мақсатымыз: «Еңбектену, 4-5-ке қол жеткізу»


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Домалақ ана» өлеңін мәнерлеп оқу. «Жақсы адам» тақырыбына эссе жазу.

134-жаттығу

Ережелерді қайталау.

Кім?Кімдер?Не?Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер кімнің және ненің атын білдіреді?Мысал келтірейік.

Қандай сөздер бас әріппен басталып жазылады?Мысал келтірейік.

-Не істеді?Не қылды? Қайтті?сұрақтарына жауап беретін сөздер  нені   білдіреді?Мысал келтірейік.

-Қандай? Қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың  несін білдіреді?Мысал келтірейік.

-Қанша?Неше?Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың несін білдіреді?Мысал келтірейік.


ІІІ. Мақсат қою.

(Сан есімді пысықтау)

Балалар жылдың неше мезгілі бар? (4)

Қазір қай мезгіл? (көктем)

Көктем айлары нешеу? (3)

Сен нешінші сыныпта оқисың? (бірінші)

Жасың нешеде? (сегізде)

Сен нешінші партада отырасың? (үшінші)

Мен сендерге қандай сұрақтар қойдым? (Қанша? Неше? Нешінші?)

Ендеше балалар бүгін біз сендермен заттың санын білдіретін сөздерге арналған жаттығу жұмысын орындаймыз.

136- жаттығу.(жазбаша) Сандарды сөзбен жазу.

11,12,13,14

Үлгі: он бір, …

Екі таңбалы сан атауларының бөлек жазылатынын естеріңе сақтаңдар.


Сергіту сәті.

Көк аспанға қараймын, Келген құсты  санаймын,

Үшбұрыш  болып тырналар, Көк жүзінде сырғанар.


138- жаттығу. Көп нүктенің орнына аптаның нешінші күні екенін жазыңдар.(ауызша)

Аптаның нешінші күнін білдіретін сөзді тап.

Дүйсенбі-аптаның бірінші күні. Сейсенбі-… … … .

Сәрсенбі-… … … . Бейсенбі-… … … .

Жұма-… … … . Сенбі-… … … .


ІҮ. Жаңа сабақ.

Бүгін біз сендермен Үш би.

Мұғалімнің қысқаша мағлұмат беруі:

Төле би ақылды,әділ адам болған.

Қаздауысты Қазыбек би тапқыр,батыл,шешен атанған.

Әйтек би шешендігіне қоса,ел басқарған.

Қазақтың бұл үш биі-халық қамын ойлаған адамдар.


Оқулықпен жұмыс.

Н. Оразалиннің «Үш би» өлеңін оқиық.

1. Өлеңді мұғалімнің оқып беруі.

2. Оқушыларға оқыту: дауыстап тізбектей оқыту, іштей оқу.

Өлеңнің ішінде заттың санын білдіретін сөзді табыңдар?

3. Сұрақ- жауап арқылы тауып оқып, қорыту.

-Төле би мен Қазыбек,Әйтеке биді-кім дейді?

-Еліне қандай болған?

-Көліне қандай болған?

-Жеріне не болған?

-Кімнің туын ұстаған?

-Кімнің намысын ұштаған?

-Қасиетті үш бабамызды қалың қазақ кім деп тұтар?

-Қазақтың үш биі туралы не айтамыз?


Мақал оқыту,түсіндіру.

Шешен сөз бастар,

Батыр қол бастар.

-Батырлар туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Шешен деп кімді айтамыз?

Батыр деп кімді айтамыз?

Сан есім ережесін, сұрақтарын қайталау.


Ү. Сабақты қорытындылау

-Біз нені білдік?

-Қанша?Неше?Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың несін білдіреді? Мысал келтір.

Келешекте нені білгіміз келеді?

Сан есімнің түрлерін.


ҮІ. Үйге тапсырма беру

«Үш би» өлеңін жаттау. 137- жаттығу.(ауызша)


ҮІІ. Бағалау.

Бәйтерек ағашын безендіру арқылы мадақтап бағалаймын.





















Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 05.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер. Санамақ

Сабақтың мақсаты: Заттың санын білдіретін сөздер қанша? Неше? Ұғымы туралы білімдерін пысықтау. Қазақтың батырлары, оның ішінде Маамбет туралы мағлұмат беру. Жаттығулар орындау арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

- Оқушылармен амандасу

- Сынып тазалығын тексеру

- Сабаққа дайындық

- Назарларын сабаққа аудару


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үш би өлеңін жаттау


ІІІ. Өткен материал бойынша білімдерін пысықтау

Қанша? Неше? Нешінші? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің заттың санын білдіреді: бес, он, отыз, жұз, екінші, елуінші.


ІҮ. Жаңа сабақ

139-жаттығу. Санамақты оқу.

Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он бір.

Неше сұрағына жауап беретін сөздерді тауып жазу.


140-жаттығу. Өлеңді оқу

Жеті жұлдыз

Жеті жұлдыз, санап шық,

Аты-Жетіқарақшы.

Кетсең түнде адасып,

Беретін сол жол ашып.


Неше сұрағына жауап беретін сөзді ата.


Ү. Жаңаа сабақты бекіту

- Санамақ өлеңін оқып берем

- Оқушыларға тізбектей оқытам

- Оқушыларға жжекелей оқытам

- Дауыстап барлығымен бірге айтқызу

- Санамақты жаттатқызу

- Санамақтың ішіндегі сан есімдерді яғни заттың санын бідіретін сөздерді ататқызу және олар қандай сұрақтарға жауап беретінін айтқызып талдатқызу.


Шығармашылық тапсырма

4-5 сөйлемді шағын әңгіме құрату. Әңгіме барысында заттың санын білдіретін сөздер болуы тиіс және оларды сөзбен жазулары қажет.


ҮІ. Сабақты қорытындылау

Заттың санын білдіретін сөздер дегеніміз не?

Олар қандай сұрақтарға жауап береді?

Санамақ бізге не үшін керек?

Сөз таптары дегеніміз не?

Сабақ қиын болды ма?

Қандай қиындықтарға кездестіңдер?

Сабақ түсінікті болды ма?


ҮІІ. Үйге тапсырма беру

Санамақ жаттау 152-бет


ҮІІІ. Бағалау

Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.






















Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 06.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Махамбеттің тапқырлығы

Сабақтың мақсаты: Заттың санын білдіретін сөздер қанша? неше? ұғымы туралы   білімдерін пысықтау. Қазақтың батырлары, оның ішінде  Махамбет туралы мағлұмат беру, «Махамбеттің тапқырлығы» мәтінімен танысу, оқу, талдау. Жаттығулар орындау арқылы оқушылардың ойлау қабілетін,  сөздік қорын , есте сақтау қабілетін дамыту. Оқушыларды ұқыптылыққа, бірізділікке  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, кеспе қағаздар, суреттер мен дидактикалық материалдар


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Амандасу, түгендеу, сабаққа назарларын аудару


Психологиялық дайындық

Амансын ба алтын күн,

Амансынба көк аспан,

Амансын ба жан досым,

Жылуыма жылу қос


ІІ. Үй тапырмасын тексеру

«Санамақ» өленің жатқа сұрау


ІІІ. Жаңа сабақ

Жаңа сабақты бастамас бұрын біз «Сөзжұмбақты» шешіп алайық. Сөзжұмбақты дұрыс шешсек бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз шығады.

Сұрақтары:

Өсімдіктің жер асты мүшесі?

«Адам болам десеңіз» деген өлеңді кім жазды?

«Тарту» өлеңін кім жазды?

Бірінші қосылғыш 4, екінші қосылғыш 2, қосындының мәні нешеге тең?

Гүлден не пайда болады?

Азайғыш 6, азайтқыш 1, айырманың мәні нешеге тең?

Ұлы Жеңіске биыл неше жыл толады?

«Орман емшісі» деп аталатын құс.

Сонымен қызыл жолақшада қандай сөз шықты? Ендеше бүгін біз Махамбет деген батырмен танысамыз. «Махамбет кім екнің білеміз бе? Ендеше тақтаға қараймыз. Махамбет туралы слайд көрсетіледі.

Ал «тапқырлық» деген сөзді сендер қалай түсінесіңдер?


Оқулықпен жұмыс

Ана тілі оқулығының 153 бетін ашамыз. Мұғалім мәтіннің мазмұнымен оқушыларды танстырады. Оқу түрлерімен жұмыс:

Іштей оқу

Үш қатарға бөліп оқу.

Мәтін бойынша сұрақтар қою. Мәтінді оқыдық, талдадық, ал енді осы мәтінді ортаға шығып бізге кім мазмұндай алады?


Сергіту сәті.

Он қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Қосып енді екеуін

Болып шықты он саусақ.


Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз. Көркем жазу « М м» әрпі.

Интерактивті тақтадан мақал беріледі. Мақалды жатқа жазу.

Ал енді тағы да басқа «сөз» «тапқырлық» туралы мақалдарды білеміз бе ?


ІҮ. Сабақты қорытындылау


Шығармашылық тапсырма.

кім? Не? Кімдер? Нелер? Деген сұраққа жауап беретін сөздерді теріп жазады.

қандай? қай? сұраққа жауап беретін сөздерді теріп жаз.

не істеді? Не қылды? қайтты? деген сұраққа жауап беретін сөздерді тауып жаз.


Ү. Үйге тапсырма беру

153-154-бет 141-жаттығу


ҮІ. Бағалау

Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.













Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 07.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ шешіп, жаңылтпаш айтайық, құрастырайық.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жұмбақты ойлана отырып шешуге, жаңылтпашты нақышына келтіріп, жаңылмай отырып айтуға үйрету. Жұмбақ шешіп, жаңылтпаш айтып жарысу арқылы оқушылардың қызығушылықтарын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Халық ауыз әдебиетін тереңірек білуге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой толғату, ойын, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, электронды оқулық, дидактикалық материалдар.


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Амандасу, түгендеу, сабаққа назарларын аудару


Психологиялық дайындық

Амансын ба алтын күн,

Амансынба көк аспан,

Амансын ба жан досым,

Жылуыма жылу қос


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

153-154-бет 141-жаттығу


ІІІ. Мақсат қою

Мақсатымыз халық ауыз әдебиетін терең ұғыну, мақалдың мағынасын білуге, жұмбақты ойланып шешуге, жаңылтпашты шатаспай айтуға дағдыландыру.

Ойтолғау

Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?

Оларға не жатады?


ІҮ. Жаңа сабақ

Мақалдар – халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Халықтың өмірлік ой тәжірибесінен алынған ой түйіні. Мақалдар көлемі аз болғанымен мағынасы өте терең. Әр түрлі тақырыптарда айтылады.

Жұмбақтар – ауыз әдебиетінің ең ескі түрі. Жұмбақтар адамның ақыл ойын дамытады. Байқағыштық пен тапқырлыққа үйретеді.

Жаңылтпаштар – сөздер ұйқасып келеді де, тез айтылады. Жаңылтпашты жаңылмай айту ол үлкен өнер. Әр бір сөзді дұрыс айтып тіліміз жаттығады. Кез келген затты екінші затпен салыстыра отырып, суреттеу. Енді халық ауыз әдебиетін тереңірек ұғынуға өз үлесімізді қосып 2-топ болып жарысайық.

1-топ «Алғырлар»

2-топ «Тапқырлар»

(Әр топ 5 мақал, 3 жұмбақ, 2 жаңылтпаштардың жалғасын табу)

1-кезең

1. Оқу білім бұлағы БІЛІМ ӨМІР ШЫРАҒ

2. Отан үшін отқа түс КҮЙМЕЙСІҢ

3. Оқу инемен ҚҰДЫҚ ҚАЗҒАНДАЙ

4. Жақсы дос үшін ЖАН ПИДА

5. Досы көпті жау алмайды АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ


2-кезең

1. Табаныма байладым Қос таяқпен айдадым (шаңғы)

2. Қанаты жоқ ұшады, Аяғы жоқ келеді (жел)

3. Төгіліп жерге ақ моншақ, Ғажайып болды сол шақта-ақ (бұршақ)


3-кезең

1. Қытың қамын, ЖАЗДА ОЙЛА

2. Қыс қысыларсың, ЖАЗ ЖАЗЫЛАРСЫҢ


4-кезең

Арқада 6 арқа

Қырда 40 арқа

Арқадағы 6 арқаға

Қырдағы 40 арқаны қосқанда, қанша арқа?


Ү. Сабақты қорытындылау

Халық ауыз әдебиеті қандай шығарма түріне жатады?

Жұмбақ, мақал, жаңылтпаш дегеніміз не?


ҮІ. Үйге тапсырма беру

Мақал, жұмбақ, жаңылтпаш 3-еуден жаттап келу.


ҮІІ. Бағалау

Оқушылардың ойын барысындағы барлығын ескеріп қорытынды шығарып бағалаймын.









Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 07.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер. Абылай хан

Сабақтың мақсаты: Заттың санын білдіретін сөздерді таба білуді,сұрақ қоюды қайталау. Балалардың мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуына, сұрақтарға толық жауап беруіне мүмкіндік жасау. Оқушылардың ой - өрісін, әдемі жазу дағдысын, сөздік қорын және байланыстырып сөйлеуін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге қызығушылықтарын арттыру. Ұлы адамдардың өмірін үлгі етуге,олардан өнеге алуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілі: «Миға шабуыл», «Топтастыру», «Ой қозғау» әдістері

Көрнекілігі: электронды оқулық, дидактикалық материалдар, суреттер


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Амандасу, түгендеу, сабаққа назарларын аудару

Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару


Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз!


«Миға шабуыл» әдісі. «Кім жылдам?» ойыны. Санға 2-ні қосу арқылы 10 көлеміндегі қосу кестесін пысықтау.


Қызығушылығын ояту.

- Балалар, қолдарыңдағы қаламдарыңды санаңдар.

- Қанша екен? Қанша, неше сұрақтары жайлы не айта аласыңдар? /ереже/

«Тез ойлан!» ойыны

- Тақтада неше текше тұр? /3/

- Текшелерді ашып көрейік, әр топ 1 сұрақтан жауап берсін.

Біз бүгін заттың санын білдіретін сөздер тақырыбын жалғастырамыз.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Ой қозғау» әдісі

1. Текше артындағы сұрақтарға жауап алу.

-Тергеуші Махамбетті не үшін іздеді?

-Махамбет тергеушімен қалай сөйлесті?

-Ауыл адамдары Махамбетті қалай сипаттады?

2.Қорытындылау. Тергеуші неге қайтып кетті?


ІІІ. Жаңа сабақ.

- Балалар, сендер білесіңдер ме биыл қандай жыл?

- Иә, 2016 жыл - мешін жылы.

- Мешін сөзіндегі м дыбысы қалай дыбысталып жатыр?

- Иә, м-дыбысы еріннің ортасында кедергімен шығады, ендеше ол дауыссыз дыбыс.

Дәптерімізді ашып, күн ретін жазып, бүгінгі көркем жазуға Мм әріптерін жазайық.

Электронды оқулықтан м әрпін жазылуы бойынша бірге жазайық.

Ребус шешу. Жауабы: мерекелер

- Cуреттерге қарап, қандай мерекелер бейнелегенін кім тез табар екен?


141-жаттығу. «Кім тапқыр?» ойыны

1.Қызылмен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.

2.Нешінші? сұрағына жауап беретін сөздер мен ай аттарын жазыңдар.

Үлгі: бірінші қаңтар, он алтыншы желтоқсан.

8 наурыз, 22 наурыз

1 мамыр, 9 мамыр

30 тамыз, 25 қазан

- Мереке күндерін есте сақтаңдар.


Сергіту сәті

Кіріспе әңгіме жүргізу. 1991 жылы Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды. Ал осы тәуелсіздікті біздің ата-бабаларымыз баяғыдан аңсаған еді. Тәуелсіздік жолында Абылай ханның еңбегі зор.

Абылай хан- Қазақ ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. Жиырма жасында хан болып сайланған. Абылай жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен атқарған. Ол саясаткер, білімдар, дарынды қолбасшы. Оның көздеген мақсаты мемлекетті нығайту еді. Ол сыртқы жаулардан қорғану үшін үш жүздің күшін біріктіруді жүзеге асырған. Ол билік құрған кезде қазақ халқы қалмақтаран елін жерін азат етіп, тәуелсіздігін сақтаған. Абылай хан Төле би,Қазыбек,Әйтеке бидің ақылына, Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, Наурызбай бабалардың қаһарман ерлігіне сүйенген. Болашақ ісіне солардан бағдар алып отырған.

Мәтінді мәнерлеп оқу, талдау.Сұрақтарға жауап алу.

Сөздік жұмысын жүргізу.

тәуелсіз – егемен ел

қаһарман – ер жүрек

«Жалғасын тап!» ойыны. Мақалдарды талдау.

1.Жер таусыз болмайды,

Халық хансыз болмайды.

2.Ханда қырық кісінің ақылы бар.


Оқулықпен жұмыс.

а) Іштей оқу

ә) Тізбектей оқу

«Топтастыру» әдісі. Тапсырмалармен жұмыс.

І топ. Абылай хан сөзіне ассосациялық топтама жасаңдар

ІІ топ. Сан есімдерге ВЕНН диаграммасын құрыңдар


ІҮ. Сабақты қорытындылау

Біз бүгін қандай нәтижеге жеттік?

Мәтін оқыдық, мақал-мәтел айттық, ребус шештік, өткенді пысықтадық, білімімізді шыңдадық, өзімізді жақсы қасиеттерге баулыдық.

- Сендердің бүгінгі сабаққа белсене араласқандарың үшін ата-аналарыңа мынадай хабарлама жіберемін.


Қуанышты хабарлама

Құрметті ата-ана!

Бүгін сіздің балаңыз ________________ ана тілі сабағында белсенділік көрсетті. Сабақ барысында берілген тапсырмаларды жақсы орындап шықты. Рахмет! Катя апай

Ү. Үйге тапсырма.

Абылай хан –мәтінін оқу, мазмұндау. Мақалдарды жазу

ҮІ. Бағалау.

Оқушылардың белсенділіктері мен кемшіліктерін ескере отырып бағалау



















Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 08.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер. Қазақ батырлары

Сабақтың мақсаты: Бұдан үш ғасыр бұрынғы қазақ батырлары туралы алғашқы ұғым. Отанын сүю, ерлік, намыс, батырды мақтан ету, өжет болу. Өткенді ұмытпау. Материалдарды пысықтау. Жарыс ойын түрінде интеллектуальды ойын өткізу, тіл дамыту. Сауатты жазу, талдау.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, әңгімелеу, талдау

Көрнекілігі: Ақындар портреті, электронды оқулық, слайд, суреттер, плакаттар, Ер қаруы –бес қару суреті.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушы назарын сабаққа аудару.

Елбасы жолдауымен таныстыру.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Абылай хан –мәтінін оқу, мазмұндау. Мақалдарды жазу


ІІІ. Жаңа сабақ

«Казак батырлары»

Өткен сабакта Абылайхан туралы окушылар тусінік алды. Абылайхан Бұхар жырау тұсында өмір сүрген. Қандай қазақ батырлармен ақылдасып, бірлесіп ел басқарған? Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай, Жәнібек сынды батырлар өмір сүрген. Олар ХVII – XVIII ғасырда өмір сүрген Қазақ халқы жер үшін жоңғар қалмақтар жерімізді қан сасытқан. Осы қиындықты мойындарымен көтерген осы батырлар болған. Қазіргі қару жарақтың қандай түрін білеміз?

Мылтық, пистолет, винтовка, автомат, пулемет, миномет т.б. Ал, ол кезде жекпе-жек айқас болған екен. Ер қаруы –бес қару. Найза, қылыш, айбалта, шоқпар, садақ.

Интеллектуальды ойын.

5 оқушы қатысады. Олар мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ғұламалар шығармасын айтып жарысқа түседі. Балдық жүйемен бағалау, ұпай беріледі. Абай өлеңі, Ыбырай, Ахмет өлеңдері. Кім жылдам? /мәнерлеп оқу/

Үш би өлеңін оқу. Әйтеке, Қазыбек, Төле.


Заттың атын білдіретін сөздер.

Заттың сынын білдіретін сөздер.

Заттың қимылын білдіретін сөздер

Заттың санын білдіретін сөздер


Сұрақтары.

Кім? Не? Кімдер? Не істеді? Не қылды? Қайтті? Қандай? Қай? Қанша? Неше? Нешінші?


Жаттығу орындау. Қарсы мәндес сөз тап:

Үлкен Алыс

Биік Жақсы

Кең Ақ

Жуан Қалық

Ұзын Өткір


Сөйлем талдау.

Жhello_html_5c0a52b2.gifыл құстары келді.

hello_html_1cbd7991.gif

Асан төрт ұя жасады.

hello_html_1cbd7991.gif

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

Жорға сұрақтары.

1. Жуан дауысты дыбысты ата?

2. Көршің кім?

3. Неше бөпең бар?

4. Мамаң нешеде?

5. Жеті атаңды білесің бе?

6. Қыста ұйықтайтын аң?

7. Көктем айын ата?

8. Жыл мезгілін ретімен ата?

9. Үй маңындағы құстар?

10. Төрт түлік атасы? т.б.


Бәйге. 30 40 50 60 70

30-5 ондық қай сан?

40- Тасымал не үшін керек?

50- Құстар қандай топқа жатады?

60 – 100 – 30 азайтамын

70- Қазақстандағы қала аттары?


Ү. Сабақты қорытындылау

Қазақ батырлары кімдер екен?

Олар қандай қару ұстаған?

Ойын қорытындысы шығарылып, бағаланады.


ҮІ. Үйге тапсырма беру:

Қазақ батырларын жаттау. 145 –жаттығу оқу, жазу. «Батыр болып бабамдай» әңгіме құрастыру.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 09.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты:  Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау.  Жаттығулар орындау арқылы оқушылардың тіл байлығын   ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту. Оқушыларды батылдыққа, өжеттілікке, елін-жерін сүюге    тәрбиелеу

Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:қазақ батырлары  суреті,сұрақтар


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: 

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.


Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз!


II. Мақсат қою кезеңі:

Бүгін біз сендермен өтілген тапсырмаларды қайталап шолу жасаймыз.

Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау.  Жаттығулар орындау арқылы оқушылардың тіл байлығын   ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту. Оқушыларды батылдыққа, өжеттілікке, елін-жерін сүюге    тәрбиелеу


III. Үй тапсырмасын сұрау:

Үйге берілген тапсырманы , яғни Қазақ батырларын кім айтады?


IV. Жаңа сабақ

Дыбыс деген не?

Әріп деген не?

Буын ден не?

Буын неден құралады?

Заттың сынын білдіретін сөздер, санын білдіретін сөздерЗаттың атын білдіретін сөздер  анықтамасы.мысал. Сұрағы.Қандай билерді білеміз?


Буын.Сөздерге буындық талдау жасау.Ашық , тұйық, бітеу буындар  2. Сызбаға сәйкес құрап жазу.


Сергіту сәті

Бейнеролик арқылы сергіту жаттығуын орындау


Заттың атын білдіретін сөздер.

Заттың сынын білдіретін сөздер.

Заттың қимылын білдіретін сөздер

Заттың санын білдіретін сөздер


V.Бекіту  кезеңі:

Ашық буынға мысал келтір.

Тұйық буын деген не?

Ол қалай жасалады?


VI. Үйге тапсырма

Сөз таптарының барлық ережелерін қайталап жаттау.


VІІ. Бағалау

Кемішілік жетістіктерін ескере отырып бағалау

Автор
Дата добавления 23.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров248
Номер материала ДВ-549211
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх