Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыСынып жетекшілерге арналған сценарий "Төрлет, Ұлыстың Ұлы күні"

Сынып жетекшілерге арналған сценарий "Төрлет, Ұлыстың Ұлы күні"

Скачать материал

«Төрлет, Ұлыстың Ұлы күні»

атты наурыз мерекесіне арналған концерттің сценарийі

 

Өтетін орны: №198 ЖББ мектеп

Өтетін уақыты:  17 сәуір 2015

Өтетін күні:

 

Алаңның дәл ортасында сахна орналасқан, сахна мерекеге сай безендірілген. Сахнаның екі шетінде киіз үй тұрғызылған. Сахнаның алдында дастархандар жасалған. Алаңның айналасында күрес, арқан тартыс, асық ату, жүгіру, т.б спорттық ойындар, жарыстар өтіп жатады.

 

Фанфар.

«Қазақ – кім?»

«Қазақ хандығы» композициясы. Фон қойылады. Сахнаға 10 жігіт шығады.

 

1-жігіт:

Қазақ кім деп білгің келсе, шыныменен бауырым,

Кешегі Ғұн, кешегі Сақ – менің алтын тамырым.

Көк семсерлі, көк байрақты, қағанаты – Көктүрік,

Атақ даңқы жер жарғанда қалған қанша шет біліп.

 

2-жігіт:

Бұл да менің ертеден-ақ асыл тегім саналған,

Тамырлардай тоғысатын тарап-тарап сан алуан.

Аң төресі көкбөріні еміп өскен тегім бар,

Арпалысқан дұшпаныма кеткен біраз кегім бар.

 

3-жігіт:

Кек сақтау ма? Атамаңыз! Бәрін-бәрін кешіргем,

Йолығ, Тегін хаттарымды тасқа қашап көшіргем.

Еділ патша – Атилла болып, мен – батысты ояттым,

Дүр сілкінген тұлпар мініп, жеткен жері тұяқтың.

 

4-жігіт:

Мекендеген жауынгер ел – Дешті Қыпшақ даласын,

Көзбен көрсең, менің қандай болғаныма нанасың.

Қыпшақ тілде куманикус-кодексті жазған – біз,

Тек жағынан мүмкін аққу, мүмкін аппақ қазданбыз,

Мүмкін содан – қазақ болып қалғанбыз!

 

1-жігіт:

Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Ордаң да бізге ортақ,

Барша түрік қандастарым және бұлар сізге ортақ.

Бабыр, Жихан, Әмір Темір, Керей, Тәуке қандасым,

Ұлы далам менің даңқың мәңгі бақи самғасын.

 

 

2-жігіт:

Әз-Жәнібек, Қасым, Есім, Ер-Абылай хандарым,

Қажыр-қайрат, күштеріңді қазағыма арнадың.

Бұлардан соң ойлы-қырлы болды менің тағдырым,

Бірақ көштен қалғаным жоқ, әлі көптің алдымын.

 

3-жігіт:

Бауырымды езе алмады Ресейдің де тепкісі,

Шығын болды осы жолда қазағымнан көп кісі.

Әлиханы, Ахметі, Міржақыбы – Алаштың,

Халел болып, Мұстафа болып, Мағжан болып таң астым.

 

4-жігіт:

Менің текті бабаларым соққан төсте қайралдым,

Ең соңында буырқанған «Желтоқсанға» айналдым.

Бізден күткен бабалардың ақ үмітін ақтадым,

Қазақстан – тәуелсіз ел, атты осылай ақ таңым!

 

Жүргізуші: Биылғы жылы елімізде Қазақ Хандығының негізі қаланғанына 550 жыл толып отыр. Осыдан 550 жыл бұрын мемлекетіміздің негізі қаланып, ата-бабалар ұлы істерін жалғастырды. Олай юолса, егемен ел атанғалы бері Қазақ Хандығының 550жыл мерейтойы құтты болсын! Ел іргесі аман, жеріміз тыныш, береке бірлік мәңгілік болсын!!! Осындай береке бірліктің нәтижесінде дәстүрлі Наурыз мерекесімен құттықтап, Наурыз құтты болсын . . . . . . . . .

Фанфар.

 

Сахнаға 2 Жаршы шығады. Фон қойылады.

 

1 Жаршы:

Уа халайық, халайық!

Наурыз тойы басталды

Көргендер де армандар,

Көрмегендер де армандар,

Қызықтан тыс қалмаңдар!

Ата салтын бабамның

Алып келіп Ұлыс күн.

 

Бір анадан туғандай,

Бір ұядан ұшқандай,

Бір аспанның астында,

Бір дастархан басында,

Береке-бірлік болсын, - деп

Көп көжеден дәм татып,

Күшейтейік бірлікті.

Еңбек пенен тірлікті.

 

Салт-дәстүрмен жараса,

Қайта құрып жаңаша,

Жарыса өнер көрсетіп,

Той тойлайық тамаша!

Шашу шашсын әжелер

Жинаңыздар таласа!!!

 

 

2 Жаршы:

Уа жарандар, жарандар!

Ұлыс тойы басталды.

Наурыз туын көтеріп,

Жар салайық әлемге.

Көрмегендер көріңдер,

Естімегендер естіңдер,

Дабылын оның қағайық,

Шақырамыз бәріңді

Ұлыстың ұлы күніне

Жиналыңдар алаңға,

Кешігіп одан қалмаңдар!

Күміс көмей әншілер,

Құдіретті күйшілер,

Мың бұралған бишілер,

Балтыры жуан палуандар,

Құралайды көзге атқан мергендер,

Күміс көмей, жез таңдай шешендер,

Қара қылды қақ жарған көсемдер,

Он саусағы алтын шеберлер,

Бәрің де сынға түсіңдер!

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар,

Озып шыққан дүлдүлге

Үлкен-үлкен сыйлық бар!

Досқа құшақ ашайық.

Өлең-жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық.

 

Жайылған дастарханның арасынан музыка ырғағымен ауылдың әжелері екі жаққа шашу шашып, орталарына Қарияны ертіп сахнаға қарай беттейді. Сахнаға барлығы шығады.

 

1 Жаршы: Уа, ағайын! «Наурызым – бабамның сөзі, Наурызым – анамның сөзі, Ғасырдан ғасырға жеткен Даламның сөзі» демекші, тойды бастамас бұрын Ақсақалымыздан бата сұрап алайық:

 

Қария:

 

«Малдар төлдеп, қой қоздап,

Сүттен бұлақ ағызған,

Жаңа жылдың сипаты,

Молшылыққа аңыз боп,

Басталыпты Наурыздан!

Көгімде күн өрлетіп,

Төрт түлігін төлдетіп,

Қаймақ сүтін көлдетіп,

Ыризық-құтын селдетіп,

Келді Наурыз – Ұлыс күн!

Ақ қар кетіп, қыс өтіп,

Шырайлы шуақ жаз жетіп,

Шаруаның бұл кенелген

Күн мейрамы ежелден,

Құтты болсын, бұл Наурыз!

 

Қарияның сөзі аяқталған кезде сахнаға ұлттық киім киінген ұл мен қыздар шығып әжелер мен Қарияға тостақан толы наурыз көжені ұсынады.

 

- Әп, бәрекелді, жастарың ұзақ болғыр! (– деп риза болған ақсақал микрофон арқылы баршаға естірте) осы сәтте сахнадағы балалар бір тізерлеп отыра қалады.

 

Қария:

- Мінгендерің балалар,

Жорға-жорға тай болсын!

Жорғалатып келгенде,

Көптің көңілі жай болсын!

Ай жағыңа қарасаң,

Алтыннан терек орнасын!

Алыңда келген мейманың,

Оған атын байласын!

Күн жағыңа қарасаң,

Күмістен терек орнасын!

Күнде келген мейманың,

Оған атын байласын!

Таң мезгілі болғанда,

Бозторғайдай шуылдап,

Бөденедей пырылдап,

Берекелі құт болып,

Қызыр келіп дарығай! – деп жасөспірімдерге батасын береді.

 

4 сынып оқушылары Ильшат, Данияр, Аманбек, Ануардың орындауында «Қара жорға» әні (бишілермен бірге).

 

Ән басталған кезде әжелер мен Қария сахнадан түсіп кетеді.

 

Сахнаға жүргізушілер шығады.

 

 

 

 

1 – жүргізуші:

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

 

2 – жүргізуші:

Жыр сыйлығын, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік, қадіріңді білдік те.

Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,

Бәрімізді Ынтымақ пен бірлікке.

 

Сөз №198 мектептің директоры

 

жүргізуші:

Шыға келді сыланып сылаң келер,

Қияңдағы қиылды қыранға ерлер.

Қызғалдақты кешіп жүр қыр астында

Мың бұрала жүгірген бұраң белдер.

 

«Шырай» би ансамблі: Көктем биі.

 

жүргізуші:

Наурыз келді, жайраң қақта таң күліп,

Жап жасыл боп кетті дүние жаңғырып.

Ән шырқап, би билейік қауым боп,

Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған.

 

«Отырардағы той» Жанат, Айжан.

 

Әжелер ауылына сөз беріледі.   «Әжелер»  тобынан құралған хор «.............................»

 

 жүргізуші:

Тарт күйіңді, домбыра!

Төгіл, төгіл тәтті күй,

Тау суындай сылдыра,

Желпін, желпін жел соқтыр!

 

Қасиетті домбыра - Зияда мен Бахтияр

1-жүргізуші:

Тәтті-тәтті әңгіме айт

Жаңа өмірді жыр қыла,

Шежіре, шешен сұңғыла,

Құлшына тарт, домбыра!

 

Домбырашылар

Ансамбльдің орындауында:

1.     Халық күйі «Кеңес»

2.     Халық күйі «Келіншек»

3.     (Жарылқасын мен Мариям – Ә.Желдібаевтың күйі «Еркесылқым».)

 

Жүргізуші:  Жылдың басы-Наурыз,

                       Жырдың басы-Наурыз.

                       Наурызға айналсын,

                       Бүгінгі жыр мен әніміз,

                       Кел шырқайық бәріміз!

 

«Хош келдің төрлет, Наурызым!»   Сабина, Айым

 

Жүргізуші: Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің өзі ұрпақ тәрбиесі ғой. Ұлы кемеңгер Абапй атамыздың «Адамның адамшылығы жақсы ата-ана мен жақсы ұстаздан болады» демекші біздің мектепте ата-ана мен ұстаз арасында ынтымақтастықтық жақсы орын алған. Бүгінгі Наурыз мерекесіне ата-аналарымыздың шашу ретінде әкелген «Қара жорға» биіне кезекті берсек.

 

Жүргізуші: «Әке асқар тау болса, ана ағып жатқан бұлақ, бала жағасындағы құрақ», яғни бұлақ барлық тіршіліктің негізі, бұлақ арқылы жансыз жерге жан бітеді. Көрікті тал, терек, гүл өседі емес пе? Ана арқылы , оның мейірімді жүзі, аялы алақаны арқылы, ұрпақ өмірге келіп ана тілі, ұлттық ерекшелігі қалыптасады. Олай болса, келесі  әнді аналарға арнаймыз.

Мама – Айсұлу, Мерей, Жания

 

«Павлин» биі

Жүргізуші: Наурыз тойың, наурыз тойың,

                      Құтты болсын халайық.

                      Күй төгілсін, күй төгілсін,

                      Шырқап әнге салайық

«Боз жорға»  Оспан, Бек, Алихан

 

Жүргізуші: Аспанымда ақша бұлттар аунайды,

                      Наурыз тойы көңілінді баурайды.

                      Тебіренген табиғат та мәз-мәйрем,

                      Аңқылдаған қазағымнан аумайды.

 Көкпар - Нүркен, Қорғанбек, Ислам

 

( оқушылар финалға шығады)

«Наурыз-думан»

 

1-жүргізуші:

Наурыз тойы бола берсін,

Көңілдерге жақсылық тола берсін.

Берекеғ күннен күнге таса берсін,

Ырыс-құт басымыздан аса берсін,-дей келе  Наурыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы Ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сынып жетекшілерге арналған сценарий "Төрлет, Ұлыстың Ұлы күні""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 863 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.11.2015 1119
    • DOCX 23.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алтынбекова Динара Толеубековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3602
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 784 человека из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 995 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн-проектирование: практические и методологические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов