Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / 7-сынып.Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы.БІР ОРТАЛЫҚТАНҒАН МОНАРХИЯЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ.XI-XV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ФРАНЦИЯ

7-сынып.Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы.БІР ОРТАЛЫҚТАНҒАН МОНАРХИЯЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ.XI-XV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ФРАНЦИЯ



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы.

Тақырып: § 12-13. БІР ОРТАЛЫҚТАНҒАН МОНАРХИЯЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

XI-XV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ФРАНЦИЯ


Сабақтың мақсаттары:

1.Монархия, орталықтанған монархиялық мемлекеттердің қажеттілігі, Еуропадағы сословиелік-өкілдік монархиялардың құрылуы, Француз жерлерінің бірігуі, XI Людовик және оның корольдік өкіметті нығайту жолындағы қызметі, сонымен қатар Франциядағы абсолюттік монархия туралы түсінік беру үшін жағдай жасау.

2.Оқушыларды тақырыпты өз бетінше оқып -үйренуге дағдыландыру, топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы, оқушылардың беленділігін арттыру, бір-бірін бағалауға дағдыландыру

3.Дүние жүзі тарихына деген сүйіспеншіліктерін және қызығушылықтарын арттыру, тарихи ойлауды қалыптастыру.


Сабақтың түрі: жаңа сабақ меңгерту,

Әдіс-тәсілдер: баяндау,сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс

Көрнекілігі: суреттер, оқулық

Сабақтың барысы:

I.Ұйым.кезеңі.\Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың және кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру, сабақтың тақырыбы мен мақсатарын жариялау\

II.Үй тапсырмасын тексеруге арналған тапсырмалар мен сұрақтар:


Тест шешу:

1) Атқарған қызметі үшін әр адамға сыйға берілетін жер үлесі калай аталады?

А.феод Б.феодал В.бассал

2) Феодалдар өз жерлерінде ерікті шаруалардың еңбегіне негізделген шаруашылық құрды.Осыны калай атайды? А.поместье Б.феод В.граф

3)Феодалдық құрылыстың негіздері белгілері Батыс Еуропа елдерінде ..... ғасырларда қалыптасты.

4)...... ғасырларда Батыс Еуропа елдерінденатуралды шаруалық үстемдік құрды.

5)...... ғасырға дейін ел ішіндегі сауда –саттық өте төмен дәрежеде болды.

6). Бағыныштылар бір-бірінің мырзаларының иеліктеріне шабуыл жасап тұрды. Бұл қақтығыстар ........... деп аталды.

7). Феодалдар соғыс кезінде қорғану үшін не тұрғызды? А.үй Б.сарай В.қамал

8) Өзара қақтығысылуарды тоқтатуға кімдер мүдделі болды?

А.қағандар Б.корольдер В.рыцарьлар

9. «Менің бағыныштымның бағыныштысы маған бағынышты емес» деген қағида қай елде ұстанылды? А.Франция Б.Германия С.Италия

10.Феодалдық саты неше сатыдан тұрды? А. 5 Б.4 С.6

11.Феодалдық саты қандай мақсатпен қызмет етті? А.Елде бытыраңқылық болмау үшін Б. Бағыныштылық болу үшін С.Феодалдық қатынастарды нығайту үшін

12. Әскери іспен айналысатын феодалдарды рыцарьлар деп қашан атады?

А. Xғасырдың басы Б.Xғасырдың ортасы С.Xғасырдың аяғы

13.Рыцарьлар бос уақытында немен айналысты?

А. Мал шаруашылығымен Б. Соғыспен С.Аң аулаумен

14.Рыцарьлар жойылып кеткен жоқ, сондықтан олар кімге айналып кетті?

А.Дворяндарға Б.Кворяндарға С.Творяндарға

15.Ор үстіне не салынды? А.Көпір Б.Қамал С.Есік

16.Рыцарьлар соғыста ненің үлгісін көрсетуге тиісті болды?

А.Батырлық пен ерлік Б. Батырлық пен аталдық С. Ерлік пен адалдық

17.Шаруалар адам .... теңестірілді. А.Қолына Б.Аяғына С.Тізесіне

18.Феодалдық құрылыс кезіндегі шаруалар қандай болып екіге бөлінді?

А. Басыбайлар мен ерікті Б. Сервтер мен вилландар С. Барщина мен оброк

19. Басыбайлар кімдерге тәуелді болды? А. Графтарға В. Феодалдарға С. Рыцарьларға

20. Шаруалардың екінші тобына жататын жеке басы ерікті шаруалар Англияда кім еді?

А. Вилландар Б. Шаруалар С. Сервдер

21. Ерікті шаруалар өз жер үлесін қандай жолмен балаларына қалдыруға құқылы болды?

А. Мұрагерлік Б. Хандық С.Құқықтық

22. Еңбекпен өтеудің басты түрі қалай аталды? А. Барщина Б. Оброк С. Феод

23. Шаруалар заттай алым салық не төлеп отырды? А. Барщина Б. Оброк С. Феод

24. Үй неден салынды? А. көмір, ағаш Б. Балшық, ағаш С. Тас, ағаш

Жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

А

А

IX-X

VI-X

XI

Феодал.

қырқысулар

В

Б

А

Б

С

С

С

А

А

Б


17

18

19

20

21

22

23

24

Б

А

В

А

А

А

Б

С




III.Жаңа тақырып бойынша тірек конспект

Қолөнердің ауылшаруашылығынан бөлінуі нәтижесінде қалалар пайда бола бастады. Қолөнершілер замоктар мен монастырьлардың маңына келіп қоныстанды.

IX ғасырда Италия мен Францияның оңтүстігінде ескі қалалар қайта қалпына келтіріліп, жаңа қалалар бой көтере бастады. X-XI ғасырларда Батыс және Орталық Еуропа елдерінде қалалар пайда болды. Германияда кеме жүзетін үлкен өзендер – Рейн мен Дунайдың жағалауларында көптеген қалалар пайда болды. Орта ғасырларда қалалардың тұрғындары 5-6 мың болды. Тек Лондон мен Париж қалаларында ғана бірнеше ондаған мың тұрғын болды.

Орта ғасырлардағы қалалардағы қолөнер қол еңбегіне негізделген ұсақ өнеркәсіптік өндіріс болды. Бір қалада тұратын шеберлер бір мамандықтың қолөнершілері одақтары- цехтарға бірікті. Устав – цехтың барлық мүшелері атқаруға міндлетті ережелері.

Цехтағы ең көп атқарған жаза айыппұл төлету болған. Цехтарды старшиналар басқарып, шығарылатын туарлардың сапасына жауап берді.

XII-XII ғасырларда Европа қалалардың тұрғындары өз сенерларына қарсы қарулы күреске шықты. Қала халықтары шамалары келмегендіктен корольден көмек сұрап, ол тәуелсіздік грамотасын беріп, «қалалардың сенімді одақтасына» айналды.

Тәуелсізікке қол жеткізген қалалар «өзін-өзі» басқаруға қол жеткізіп, қаланы қалалық кеңес арқылы басқарды. Өз тәуелсіздіктерін сатып алған қалаларды – комунналар деп аталады.

Франция мен Англияда қала кеңесінің басшылары мэр деп аталады. Қала кеңесінің үйі – ратуша деп аталып, әдетте бас шіркеу – собордың қасында салынды.

XII-XIV ғасырлар басында Еуропа елдерінде сословиелік-өкілдік монархия деп аталған билік түрі қалыптасты. Грек тілінен аударғанда «монархия» сөзінің мағынасы – «бір адамның билігі» деген мағына беріп, көптеген елдердің басшылары монархтар болды.

Халықтың қолдауын табу мақсатында өз шішімдерін (салық, жаңа заңдар шығару) әр сословиенің сайланатын өкілдерімен келісе отырып қабылдады.

Кастилияда 1137 жылы сословиелік-өкілдік монархия «кортес» құрылды.

Англияда сословиелік-өкілдік «парламент» 1265 жылы құрылды.

Францияда 1302 жылы құрылған бтлік тобының аталуы- «Бас штаттар» болса, Чехия мен Польша құрылған билік жүргізу тобының аталуы – «сейм»


Кім бірініші ұғымдарға сипаттама береді?

Ұғымдар: Сейм, кортес, парламент, бас штаттар, монархтар, монархия, коммуна, жәрмеңкелер


XI ғасырда Франция жері 14 ірі феодалдық жер иеліктерінен құрылды. Олар Бургундия, Анжу, Нормандия, Бретань, Аквитания, Тулуза, Шампань т.б.герцогтар мен графтықтарға бөлінді.

XI ғасырда Францияда король иелігі – домен- Сена өзені бойындағы Париж, Лувр, Орлеан қалаларымен шектелді.

Нормандия – темір мен тұз;

Шампань мен Бургундияда- шарап;

Фландрияда – шұға матасы өндірілді.

Сословие – праволары мен міндеттері бірдей атадан балаға мирас етіп отыратын адамдар тобы болды. Францияда 3 сословие болды:

1 сословие – дінбасылар

2 сословие – дворяндар

3 сословие – жай халық.

Король II Филипп Август (1180-1223) ағылшын корольдерінің Франциядағы иеліктері – Нормандияны, Анжуды, Аквитанияның біраз бөлігін тартып алып, өз доменіне қосты. Күрес нәтижесінде Француз корольдігінің доменіне Тулуза графтығы да қосып алынды.

Король II Филипп Август(1285-1314) тұсында үкімет күшейіп, Шампань графтығын өзіне қосып алды. Қосымша қарды үшін дін иелерінде салық салынып, қарсы шыққан Рим папасы Банифатси VIII тұтқындалып, папаға қарсы күресте сословиелерден қолдау табу мақсатында Филипп IV 1302 жылы бірінші рет бас штаттарды шақырды.

IV Көркем Филипптің тұсында король иелігіне Шампань аймағымен, оңтүстіктегі Наварра қосылды.

hello_html_58a6ea5b.jpg

ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ СОҒЫС(1337-1453)

Соғыстың шығу себеі Франциядағы ағылшын иеліктері үшін болды.

Фландрия – негізгі тартыс аумағы болып, ағылшындар теңіз флотында Ла-Манштан өтіп, Нормандияны жаулап алды. 1346 жылы Креси түбіндегі шайқаста француздар жеңіліп қалды. Кале портын басып алып, өздерінің тірегіне айналдырды. Мылтық дүміне орнатылған және кеме бауды керетін механизмі бар, темір садақ: Арбалет. 1356 жылы Француз королі Иоанн Добрый Пуатье түбіндегі шайқаста тұтқынға түсті.

Салық артуы нәтижесінде 1358 жылы мамырда Солтүстік Францияда Жакерия деп аталатын стихиялық шаруалар көтерілісіне себеп болды. Көтеріліс басшысы: Гильом Каль болып, феодалдар көтерілісті аяусыз басып, басшысын азаптап өлтірді.

1356-1358 жылдар аралығында Париж қаласының тұрғындары салықтың артуына байланысты көтеріліске шықты. 1360 жылы уақытша бітім болып, екі жақ соғысқа одан әрі дайындалды. Соғыстың алғашында аздаған жеңіске қол жеткізген Француз феодалдары, өзара қырқысып, жеңіле бастады. Францияның ең күшті феодалы Бургун герцогы Англия королінің жағына шығып кетіп, Ағылшын королі Парижге Бургун герцогының көмегімен кіріп, өзін Францияның королімін деп жариялады. 1415 жылы Азенкур шайқасында француздар жеңіліп, Француз рыцарьлары талқандалып, ағылшындар елдің бүкіл солтүстігін басып алды.

1420 жылы Англия мен Франция арасында бітім жасалды. Франция өз тәуелсіздігін жоғалтып, біріккен ағылшын-француз королдігінің бір бөлігі болды.


Тапсырма №1. Жүз жылдық соғыстың хронологиялық кестесін құру


Мезгілі

Тарихи оқиға

Қорытынды








Жанна Д'Арктың соғысқа қатысуы


17 жасар Жанна Д'Арк басшылығында ұлт-азаттық күрес өршіді.

1429 жылы Жанна Д'Арк 200 күн қоршауда болған Орлеанды босатты.

1430 жылы Компьен түбінде Жанна Д'Арк тұтқынға түсті.

1431 жылы 17 шілдеде Руана қаласында Жанна Д'Арк инквизиция сотының шешімімен өртенді.


100 жылдық соғыстың аяқталуы

hello_html_m664d0f58.jpg1453 жылы Бордо түбіндегі шайқаста француздар жеңіске жетіп, Англия королі бітім сұрады, тек Кале порты ғана ағылшындар қолында қалды. Бірігуге қарсы феодалдар «менің Францияны сүйетінім соншалық, тіпті онда біреу емес, алты патша болуын қалар едім» деген фразаны көп айтатын Бургон герцогі Баьыл Карлдың басшылығнда одақ құрды.

Францияны біріктіру VII Карлдың баласы XI Людовиктің тұсында (1461-1483) аяқталды.

«Бүйі» лақапты XI Людовик батыл Карлмен он жылдан астам уақыт күресті:

1477 жылы батыл карл қаза тапты;

XV ғасырдың аяғында Францияның бірігуі аяқталды. Бір орталықтанған мемлекеттің негізі қаланды;Біртұтас француз тілі қалыптасты.


1337-1453 жылдар аралығындағы шайқастар


Шайқас болған жер

Жылы

Нәтижесі

1

Креси маңы

1346

Француздар жеңілді

2

Пуатье

1356

Француздар жеңіліп, король тұтқынға түсті

3


1369

Ағылшындар жеңілді

4

Азенкур

1415

Француздар жеңілді

5

Орлеан

1428-1429

Ағылшындар жеңілді

6

Компьен

1430

Жанна тұтқынға түсіріліп, өртелді. 1431

7

Бордо

1453

Ағылшындар жеңілді


Шығармашылық тапсырмалар


1.Оқушылар әр шайқас бойынша өз ойларын айтып, қорытындыны дәптерге жазалы.

2. Жанна Д'Арк туралы рефераттарды талдау.


IVБекіту: Ойын: «Кім? Қашан? Қайда?». Тақырып соңындағы шығармашылық тапсырманы орындау



I сословие

II сословие

ДІН БАСЫЛАРЫ

ДВОРЯНДАР

III сословие

ШАРУАЛАР

АУҚАТТЫ ҚАЛА ХАЛҚЫ



ҚОЛӨНЕРШІЛЕР

ҚАЛА КЕДЕЙЛЕРІ


Қорытынды. Бағалау.

Үй тапсырмасы: § 12-13. БІР ОРТАЛЫҚТАНҒАН МОНАРХИЯЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

XI-XV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ФРАНЦИЯ





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 09.01.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров295
Номер материала ДВ-320534
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх