Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сыныптан тыс сабақ "Әліппенмен қоштасу"

Сыныптан тыс сабақ "Әліппенмен қоштасу"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_e706814.gif
Қош бол, құтты Әліппе!

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу. Ата-аналарға балалардың 3-4 айда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету. Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын  арттыру;

 Оқушылардың ата-ана, Отан, ел, болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», оқулықтарының мұқабасы, шарлар.

Барысы:

Мұғалім: Ғылымменен ұласқан.

                   Жас балаға нұр шашқан,

                   Әліппе-кітап тіл ашқан,

                   Бар білімнің бастауы.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар, бүгін сіздер 1-сынып оқушыларының алғаш рет қолдарына қалам ұстап, әріп таныған оқулығы «Әліппемен» қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар!

Жүргізуші: Алғашқы білім сабағына енген 1-сынып бүлдіршіндері бүгін бір асудан асты. Қазақ тілінің 42 әрпімен танысып, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратып, буынды меңгерген бөбектер бүгін «Әліппе» оқулығымен қоштаспақшы. Мереке баршамызға құтты болсын!  Мұғаліммен бірге оқушылармен қоса оқыған ата-аналар еңбегіміздің жемісін көрейік. Тойларыңыз тойға ұлассын!

1. Дильназ

Әліппе білім анасы,

Әліппе білім данасы.

Әліппе бетін ашпаған

Адамның бар ма баласы?

2.Диана

Көз салып қараңызшы боймызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіз,  ұстаздар,  ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.

3.Данель

Өтті оқу сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат.

Басқа оқулық достаспақ,

Әліппемен қоштассақ,

Өсті білім, бойымыз.

Құтты болсын тойымыз.

4.Ерсал

Армысыңдар, аналар!

Бармысыңдар, балалар!

Сөзіме құлақ салыңдар,

Бір серпіліп қалыңыз!
Әліппеге арналмақ,

Бүгінгі жыр-әніміз!

Мұғалім:

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл-ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.

                Іші толы әріпке,

                Білімдегі жарық не?

Болашаққа жол ашар-

Хормен:

                Ол сүйікті – Әліппе!

Мұғалім:

-         Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!

Әліппе:  

Армыссыздар, жас достар
Армысыздар ата-ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
Жақсы білім көрімдік
Болсын бізге халайық
Не үйреніп не білдік
Кәне ортаға салайық!

Мұғалім:  Әліппе  бүгінгі кешіміздің  ең  қадірлі  қонағысыз,  сондықтан  құрмет  тағына  жайғасыңыз.

Би: «Қара жорға биі»

Әліппе:  Олай болса, алғашқы «Әліппені» кім жазды?

Хормен: Ахмет Байтұрсынұлы

Мұғалім: Ең алғашқы  қазақ ұстаз кім?

Хормен: Ең алғашқы ұстаз-Ыбырай Алтынсарин

Әліппе: Өте тамаша! Ал, балалар, сендер зерделі оқушы екендеріңді тағы қалай танытасыңдар?

Мұғалім: Біз сауатты жазуды, санды қосып, алуды үйрендік. Олай болса соны көрсетейік.

Тақтаға сөздер жазу:  Отан, ана, әлем, жер, әже, ғылым, білім.

Ортаға сандарды шақырамыз:

1.Ерсал
Біздің үйде бір тауық,
Бір жұмыртқа жүр тауып.
Бір сиыр бар қорада,
Бәтіш тәтем жүр сауып.

2. Алиби
Екі аяқпен жүремін,
Екі көзбен көремін.
Екі қолым бар менің,
Екеу құлақ, білемін.


3. Амина
Үйімде бар үш қалам,
Үшеуін де ұштағам.
Үш досымды салдым мен,
Үш балыққа ұқсаған.

4. Зухра
Төрт дөңгелек арбада,
Төрт аяқ бар малда да...
Тауыса алмай бидайды,
Төрт тышқан жүр қамбада.


5. Аян
«Бестік» деген бағаны,
Бақыт күнде алады.
Бәрі жақсы көреді,
«Беске» оқыған баланы.

6. Аян
«Алақай!» дер келді күн,
Алтыдамын мен бүгін.
Алты жасқа келмекші,
Алғы аптада енді кім?!


7. Ерсал
Жеті саны киелі,
Жұрттың бәрі біледі.
Жеті жасқа жеткендер,
Жығылмай-ақ жүреді.


8. Дильназ
Сен де, мен де баламыз,
Сегіз санын саламыз.
Сегіз деген екі төрт,
Сегіз жаста ағамыз.


9. Данель
Тоғыз жасқа келгенім -
Тоғыз жылды көргенім.
Тоғыз жаста тәнті еткен,
Талабымды көр менің!

10. Диана
Он жыл, он жас - он деген,
Он жас кіші ол менен.
Онды жаза аламыз,
Он - тұрған бір нөл менен. 

Мұғалім: Сахналау : «Алдар көсе»

-Рахмет, шәкірттерім!

 -Міне, білімнің кілті - Әліппемен қоштасар уақыт та жақындады.

-Қане, әліппеге Қош айтайық!


Зухра

Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,
Ұстазым маған кілтін алып берді.

Алиби
Бәрімізді сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен.
Әліппе мен ұстазға,
Бас иеміз құрметпен.
Барлық әріп бағалы
Айтсақ әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды
Аян

Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің сүйікті Әліппем.
Сенің арқаң оқи жаза білгенім,
Сауатты адам қатарына кіргенім.

Алиби

Сөйледі олар тіл бітіп,

Небір қызық сырларды.

Тыңдай бердім мен жұтып,

Тіл біткен тақпақ, жырларды.


Ерсал

Қош бол құтты Әліппем!

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатын сөйлеттің.


Амина

Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі.

Соғылған сомдап алтыннан

Әліппе білім бесігі.


Зухра

Білім де сондай қарағым,

Біртіндеп сіңер ойына.

Ұғып ал білім боларын

Шамшырағын жолында.



Данель

Көлге айналған бұлақтың

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том том қалың кітаптың

Басы болдар Әліппең...


Ән «Рахмет саған әліппе»

 Мұғалім: Жақсы, оқушылар Әліппе оқулығы рұқсат сұрап отыр, енді біз Әліппе оқулығын аяқтадық. Оны біз үйге апарып сақтап қоямыз ба? Жоқ, олай болса артымыздан ерген іні –қарындастарымызға табыс етейік.

Дайындық тобының балалары:

Тапсырдыңдар аманатты біздерге

Тырысамыз кір келтірмей жүруге

Сіздей аға-апалардың ізінен

Ілесеміз енді мына біздерде

Әліппе оқулығын қабылдап ала отырып, ұқыпты, таза,  ұстауға білімді де, білікті болуға дайындық сыныбы атынан ант етеміз.    

Әліппе сөйлейді:

Білімнің көп қой саласы,

Әліппе соған жолбасшы.

Ғылымның қиын жалғасын,

Басқа кітаптан табарсың!

-Қош болыңдар, балалар!

Оқушылар хормен:

-Бізге білім салып берген,

 Қош бол, құтты Әліппем,

Мұғалім:  Балалар!

Біз енді Әліппемен қоштасамыз,

Жолына гүл мен қоса жыр шашамыз.

Білімінің бұлағынан сусындауға,

Басқа да кітаптармен достасамыз.

-Балалар, әрі қарай бізге Әліппенің орнына АНА ТІЛІ келеді.

-Қарсы алайық, танысайық

Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Ана тілі!

Ана тілі: Сөйлетер сөзді шеберлеп,

                 Өзіңнің  ана тіліңмен.

                 Байыппен жақсы оқысаң,

                 Негізі болам білімнің.

Ана тілі: Біз бір-бірімізбен таныстық, айнымас дос боламыз!

Балалар: Дос боламыз!

Ана тілі сөйлейді:

Туған елдің тілімін,

-Балалар, енді сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.

-Мен сендерге жұмбақтар айтайын, сендер шешіңдер, кім жауабын дұрыс айтса менен тәтті сыйлық алады:

1. Қабат-қабат қаттама

    Ақылың болса аттама (кітап)

2. Тақтада жазып, жалықпаған,

    Жаза-жаза арықтаған (бор)

3. Үйреткен ілімді,

     42 білмді (алфавит)

4. Алты түрлі түсі бар,

    Сурет салар ісі бар (қарындаш)

5. Ауылда бар,
Елде жоқ (У)

6. Кірпікте жоқ,
Қаста бар.(Қ)

7. Қысы жазы бір түсті. (шырша)

Ана тілі: мен сендерге сыйлық бердім ғой, сендер мені немен қуантасыңдар?

Айгөлек әні орындалады.

Ана тілі: Рахмет, балалар, жарайсыңдар! Мен енді сендермен күнде күнде көретін боламын! Ертенге кездескенше сау болыңдар!

Мұғалім: Ырым етіп, сондықтан ертеңгілік соңына

Ақ тілекпен баршаға

Арманмен алыстарға аттанарда

Жас оралар іркіліп жанарларға

Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар

Сөз берейік әкелер мен аналарға.  

Сөз кезегі  ата-аналарға беріледі.

Мұғалім:

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып, оқитын халге жетті

Құтты болсын білімі балалардың.

Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын!

Білімдерін ары қарай дамытатын

Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын.

-Уақыттарыңызды бөліп қунышымызға ортақтасып  келгендеріңізге көп-көп рахмет! Қош сау болыңыздар







































Ертеңгілік








Мұғалім: Байнакатова Ж.К.





C:\Documents and Settings\12345\Мои документы\Мои рисунки\айна алиппе 002.jpg052a



2015-2016 Оқу жылы



«Қош бол Әліппем!» ертеңгілігінің талдауы.

Мақсаты:

Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу. Ата-аналарға балалардың 3-4 айда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету. Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын  арттыру; Оқушылардың ата-ана, Отан, ел, болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Ертеңгілікке 1 «Б» сынып оқушылары, ата-аналар мен мұғалімдер ұжымы қатысты.

Ертеңгілік барысында оқушылар әліппенің үш кезеңі бойынша өз білімдерін көрсетті. Дәлірек айтқанда сөздерді талдау (буынға бөлу, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату), сандарды салыстыру және есептерді шығару, сахналауды қою сияқты қабілеттерің көрсетті.

Дәстүр бойынша ертеңгілікке Әліппе мен Ана тілі қонақа келіп балаларды сынап көреді, балалар берілген тапсырмаларды орындап, берілген сұрақтарға толық жауап беріп отырды.

Жалпы ертеңгілік жақсы түрде және көңілді күйде өтті. Балалар қызыға қатысты, ал ата-аналар өз сөздерінде балалар үшін ризашылықтарың білдірді. Ертеңгіліктің мақсаты орындалды деп ойлаймын. Ертеңгілікті өзім жүргіздім, ал Әліппе мен Ана тілі рөлдеріне 3 «Б» сынып оқушылары көмектесті.


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 10.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров174
Номер материала ДВ-141140
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх