Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Рабочие программы / Сыныптан тыс сабақ жоспары 7-класс

Сыныптан тыс сабақ жоспары 7-класс



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Шакенова Назгуль Сансызбаевна

ШҚО Аягөз ауданы «С.Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің биология пәні мұғалімі.



Тақырыбы: «Жас биологтар» интеллектуалдық сайыс.
Мақсаты:

  • Оқушылардың білім деңгейін анықтау, қосымша мәліметтер беру арқылы биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

  • Шығармашылық тапсырмалар арқылы, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, дарындылыққа жол сілтеу.

  • Қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сақтауға, әрбір тіршілік иесіне құрметпен қарауға, бірін-бірі құрметтей білуге тәрбиелеу.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Жас биологтар» атты 6 а,б - сыныптар арасында биология пәнінен өткізілетін интеллектуалдық сайысымызға қош келіпсіздер!


Ақыл – тон, аңдығанға тозбайтұғын,
Білім – кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын,- деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскерлерімізді таныстырып өтейін:

6 «А» -сыныбы оқушыларынан құралған «АЛҒЫРЛАР»
6 «Б»-сыныбы «БІЛГІРЛЕР» тобы.
Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:
1. Мектебіміздің оқу ісі меңгерушісі Тастанбеков Қ.Т. 2. Биология пәні мұғалімі Докуртова Ж.С. 3. Химия пәні мұғалімі Мұхаметжанова Т.

Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам:
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:
І кезең – Таныстыру
ІІ кезең – «Бәйге»
ІІІ кезең – «Мен-саған, сен- маған» жұмбақтар сайысы.
ІҮ кезең – «Ойлан тап!»
Ү кезең – «Шешен көшбасшы» мақал-мәтелдер сайысы
ҮІ кезең – «Сандар сыры» бинго ойыны.

Тапқыр, білгір, дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Биология пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды - деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы кезеңін бастасақ.
І кезең – Таныстыру. «Алғырлар» мен «Білгірлер» тобы өздерінің тобын таныстырып өтеді.
ІІ кезең – «Бәйге».





«Алғырлар» тобына сұрақтар.

  1. Әлемдегі ең тез өсетін өсімдік. (бамбук күніне 1 метр)

  2. Дүниедегі ең биік ағаш (Эвкалипт)

  3. Фотосинтез үрдісі нәтижесінде өсімдік бөлетін газ(оттегі)

  4. Споралар түзілетін орын қалай аталады? (спорангий)

  5. Бұл өсімдікпен, Ежелгі Египетте пирамида салып жатқан құлдарды ауырып қалмас үшін тамақтандырған. А) Бұл өсімдіктерде фитонцидтер өте көп, оны тұмау тигенде пайдаланады. Ә) Жуаның туған інісі.? (Сармысақ)

  6. Сүті өкпе ауруына ем “дала кемесі” атанған жануар (түйе)

  7. Қай жануарлар көзін жұмбай ұйықтайды (балықтар)

«Білгірлер» тобына сұрақтар қою.

  1. Ең ұзақ жасайтын ағаш (Емен 2000 жыл)

  2. Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым: Ботаника

  3. Қылқанды  (ине  тәрізді)  жапырақты  өсімдіктер: (қарағай )  

  4. Біржасушалы талшықты балдыр: Хламидомонада

  5. Ішің ауырса тиым салатын ас қорыту мүшесі (Ауыз)

  6. Жануар атымен аталатын құс – Түйеқұс.

  7. Ұя салмайтын құс (Көкек)





«Табиғатпен тілдес» айдары ауызша журнал.

    1. «Бекіренің басы тасқа тимей қайтпайды» ұғымы.

Күз мезгілінде өзендердегі су біршама тартылатын кезде, бекіре балықтары өзеннің құмды жағалауына топ-тобымен жиналады да, белсенді қимыл әрекет жасайды. Ондай жерді халық «бекіре ойнағы» деп атайды. Тал түс кезінде бекірелер өз ойнағында бастарын су түбіндегі құмға тығып, ағынға қарсы бірінің соңына бірі тізіліп тұрады. Дәл осы кезде кәнігі балықшылар оларды ең соңғысынан бастап аулайды, алдыңғылары сезбесе тұра береді, егер сезінсе, қайтып ойнағына жоламайды.

    1. «Теке бұрқылдақ»

Күздің аяғы, қыстың басында ақ бөкендер бір-бірімен қосақтасып қойғандай үлкен топ құрады, шағылысады. Текелер жойылмайды, дене салмағын жоғалтады, кейбір текелер көтерем болып қалады, оны халық «сасай болған» немесе «теке қалысы» деп атайды. Қараша айында жауатын ақ нөсер жауынды «киіктің мойын жуары» деп атайды. Қатты жаңбырдың әсерінен сасай болған текелердің сасық иісі жуылып тазартады.


ІІІ кезең – «Мен –саған, сен –маған» жұмбақтар сайысы.

Екі топтың мүшелері бір-біріне жұмбақтар қояды.

Қар астында қыстайды
Ақ пен бүркіп тыстайды (Бәйшешек)

Өзіне шап-шақ, Дәні алтын, асырайды халқын (Бидай) Киген қалпағы аппақ
Балалар тұр қаптап (Бақбақ) Тау-тау үйілген ақ алтын, табады оның атын кім? (Мақта)

Тіршіліктің қуатын,  Ұстарамен алынбас,Ұйысып тұрған қалың шаш ( Егін ) Өз бойна жинайтын 
Жинай-жинай азықты, Екі жағы бүртік, Ортасы сызық. ( Бидай )
Адамзатқа сыйлады (Өсімдіктер)

Жер астында ақбоз ат,
Терісі бар он қабат.
Жалынан ұстап соярсың, Аласа талда алуан алма,
Жей бастасаң жыларсың.  ( Пияз ) Алқызыл болмай аузыңа салма. (қызанақ )

Домалақты, көміп қойдым сығалап , Шақырсаң өздігінен бара алмайды
Жақсы болса тұрмысы, Сұрасаң бірде жауап бере алмайды
Шығады екен қоғалап. Егер де отқа салсаң өліп кетер,
Бес ай тамам біткенде, Бір жерін кесіп алсаң қанамайды. 
( Ағаш ) Қаптап алдым құмалақ. ( Картоп )

Тікен, тікен тік пісте, Қырға кілем жайдым.      ( Қызғалдақ )
Қысы-жазы бір түсте. ( Шырша )

«Табиғатпен тілдес» айдары ауызша журнал.

    1. «Бөрі сырғақ»

Бұл ақпан айының 15-17-іне сәйкес келеді. Күн біршама жылы болып, кейде жаңбыр жауады, арты сырғақты қарға айналады, осы мезгілде қасқырлар жұп құрып, шағылысуға кіріседі. Бұл мезгілді халқымыз «бөрі сырғақ» деп атаған.



    1. «Итбалықтың кіндік қатары»

Каспий теңізінде тіршілік ететін сүтқоректі жануардың бірі-итбалық. Оның тіршілігін де жіті бақылай білген қазақ халқында «итбалықтың кіндік кесері» деген ұғым қалыптасқан. Итбалық мұз үстіне шығып күшіктейді. Ақпан айындағы бір апта ішінде барлығы күшіктеп болады, осы кезде күн өте аязды болып, дүниеге жаңа келген күшіктердің кіндігі мұзға қатып, үзіледі.

ІҮ кезең – «Ойлан тап!»

Тақтадағы сандар астында суреттер жасырылған. Оқушылар бір санды атап жасырылған суретті табу керек. Екі немесе үш санды ашып табатын болса берілетін ұпай саны кемиді.

«Табиғатпен тілдес» айдары ауызша журнал.

  1. «Құс қанаты»

«Құс қанаты» ұғымы жыл құстарының көктемде қайтуына байланысты айтылады. Бұл наурыз айының 26-28-іне сәйкес келеді, қайтқан құстардың қанаттарының суылдап ұшқан ызғарынан күн суытып, жапалақтап қар жауады. Мұны сол жылғы соңғы қар деп есептейді, өйткені «қардың басын қар алар» деген сөз содан қалған.

  1. «Тасбақа дауылы»

Көктем кезінде көбіне көкек айында дала тасбақасы қысқы ұйқыдан оянып, жер бетіне шығады. Дәл осы кезде бірнеше күн қатарынан шаңды, боранды қатты жел соғады, халық оны «тасбақа дауылы» деп атайды. Қысқы ұйқысынан оянған әлсіз тасбақа сауытының үстінде қалған құм, топырақты өздігінен түсіре алмайды, сол кезде соғатын дауыл ұшырып әкетеді.



Ү кезең – «Шешен көшбасшы» мақал-мәтелдер сайысы. «Алғырлар» мен «Білгірлер» тобының көшбасшысы биология ғылымыныа байланысты мақал-мәтелдер айтып сайысады.

  1. Ағаш көркі ‒ жапырақ,...(адам көркі шүберек).

  2. Дәрі шөптен ‒ шығады,...(дана көптен шығады).

  3. Дала көркі ‒ мал,...(өзен көркі тал).

  4. Тау бұлағымен көрікті,...(бұлақ кұрағымен көрікті).

  5. Қораңда малың болсын,...(көшеңде талың болсын).

  6. Емші үшін қарақұрттың уы да ...”(Дәрі)

  7. Ағаш ексең аялап,...(басыңа болар саябақ).

  8. Тектіден текті туар....(сараланып)

  9. Жеті атасын білген ер,...(жеті жұрттың қамын жер).

Жеті атасын білмеген,...(құлағы мен жағын жер).

  1. Жұртыңды ауыстыра алсаң да,...(ұлтыңды ауыстыра алмайсың).

«Табиғатпен тілдес» айдары ауызша журнал.

  1. «Қызыл жұмыртқа»

Бұл мамыр айының 8-9-ына болатын суыққа байланысты. Жұмыртқа шайқаған құстар балапан шығарады. Осы күнді халқымыз «қызыл жұмыртқа» деп атаймыз. Бұл жұмыртқадан қызыл шақа балапандардың шыққанын аңғарады.

  1. «Құралай салқыны»

Ақ бөкендер көктемгі (мамыр айының 17-25-і аралығында) жаппай лақтайды. Осы кезде ауа райы салқындап, ызғырық жел тұрады, жаңбыр жауып, артынша күн суытады, табиғат дүниеге жаңа келген құралайларды салқын ауа райымен ширатып, қатал табиғат жағдайына төзімді етіп өсіреді.

ҮІ кезең – «Сандар сыры» бинго ойыны.

  1. Мына жерде қанша қаз бар? (22 қаз)

  2. Темір шарбақтың ішінде құндыздар мен үйректер жем жеп, бірге жүр. Егер етпетіңмен жатып қарасаң 15 бас 40 аяқ көрінеді. Сонда шарбақ ішінде неше үйрек, қанша құндыз жүр? (Барлығы 40 аяқ, 15 бас болғанда, 5 құндыз және 10 үйрек жем жеп жүр. 5 құндызда 4 аяқтан 20, 10 үйректе екі аяқтан 20.)

  3. Шырша неге жыл бойы жап-жасыл? (Шырша негізінен тропикалық аймақта өседі. Тропикалық аймақта мәңгі жаз болғандықтан шырша мәңгілік жасыл болып тұрады. Осы қасиет суық жердің шыршасында да сақталған.)

  4. Жаңбыр жауып, найзағай жарқылдағанда емен ағашының түбіне жасырынуға болмайды. Оның себебі неде? (Еменнің тамыры берік, әрі терең бойлаған, ол жай тартқыш қызметін атқарады. Найзағай басқа ағаштарға қарағанда еменге жиі түседі.)

  5. Күзде ағаштағы кейбір жапырақтар неге кеш түседі? (Бұтақтардағы ең соңынан шыққан жапырақтар кеш түседі.)

  6. Отбасында бес ер бала және олардың әрқайсысының қарындасы бар екен. Сонда отбасында қанша бала бар? (Отбасында 6 бала бар. Себебі барлық ұлға қарындас біреу.)

  7. Бір қария өз немерелеріне асық бөліп бергісі келді. Оларға жетіден үлестірсе асықтың екеуі артық қалады. Ал сегізден берсе біреуі жетпей қалады. Қарт артық екі асықты кенжесіне еншілеп, жетіден бөліп берді. Қарияның неше немересі , неше асығы болды? (3 немересі және 23 асығы бар.)

  8. Жылқышы жылқыларына күніне 10 қадақ жем береді. Құнанға екі қадақ, тайларға бір қадақтан және екі биесі бар. Ар жағын өзің есепте. (5 жылқысы бар: 1 құнан, 2 тай, 2 бие. Екі биеге 3 қадақтан жем берілген.)

  9. Бір ауылда 28 түтін өмір сүріп жатты. Олардың 15 үйінің түйесі, 8үйінің сиыры, 6шаңырақтың сиыры да түйесі де бар болатын. Басқа үйлерде мал жоқ. Сонда малы жоқ үйлердің саны қанша? (11 үйдің малы жоқ)

  10. Ағаш басында 7 шымшық отыр еді, оған тағы да бесеуі қосылды. Бір кезде мысық келіп біреуін ұстап алды. Сонда қанша шымшық қалды? (Ағаш басында шымшық қалған жоқ. Себебі қалғаны ұшып кетті).

Көрермендерге сұрақ.

  1. Аңыз бойынша Адам ата мен Хауа ана жәннаттан қуылған кезде күн суып кетіп, Хауа ананы жылыту үшін бірнеше қар кристалдары гүлге айналыпты. Осыдан бері Гүл Үміт символы болып саналған. Дара жарнақтылар класына жататын, эфемероидты(ерте көктемде гүлдейтін) өсімдік... Бәйшешек.

  2. Бұл өсімдік “1000 аурудың емі” деп саналады. Бұл өсімдікті жинар кезде халқымыз иіліп сәлем берген.Түйетабандар тұқымдасына жататын улы өсімдік. Халқымыз “пәле жаладан сақтасын” деп үйді осы өсімдіктің түтінімен аластайды, көз тимесін деп іліп қояды... Адыраспан(Гармала,Могильник)

  3. Ерте кезде көп қолды бастаған Қалше қыдыр дейтін батыр қолбасшы болады.Ол бір жолғы жорығында сәтсіздікке тап болып,бастаған қалың қолы қырылып бітеді.Өзі жау қолынан жараланып,елсіз иен шөлде жығылып,жалғыз қалады. Шөлден әбден қақырығы түтеп,өлуге айналады.Осы сәтте көк аспаннан бір “құс” ұшып келіп,аузына су тамызып,оны өлімнен құтқарған.Бұл қандай құс? (Аққу)

Балалар осымен біздің «Жас биологтар» интеллектуалдық сайысымыз да өз мәресіне жетті.Сөз кезегін әділ қазылар алқасына беремін. Бүгінгі қызықты да тартысты өткен сайысымыз осымен тәмәм. Қош сау болыңыздар!





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 14.02.2016
Раздел Биология
Подраздел Рабочие программы
Просмотров160
Номер материала ДВ-453025
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх