Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Сыныптан тыс жұмыс "

"Сыныптан тыс жұмыс "

Скачать материал

 

Тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан

Мақсаты:

1.Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы туралы түсіндіру;Достық туралы ұғымын кеңейту және нақтылау. Достарға деген қарым – қатынасты  қалыптастыру,  достықты қадірлей білу,  бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйрету.

 

2.Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру,олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне,өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына,өз ойын,пікірін баяндай жеткізе білулеріне көмектесу;

3.Оқушыларды достыққа адал болуға,имандылыққа,сыйластыққа тәрбиелеу;

 

Түрі:Топтық жұмыс

Көрнекілігі: нақыл сөздер,сызбалар,тапсырмалар,бейнебаян.

Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау,сұрақ-жауап,тренинг,

Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық

Шаттық шеңбері

   (Жан досым әуені баяу орындалып тұрады.Музыка ырғағымен оқушылар шеңберге тұрып досының суретін салады)

ІІ Топтастыру

«Достармен бірге» тренинг

Мұғалім:   1 қол соғу    оқушы дара тұрады

                   3 қол соғу  оқушы үштен топтасады

                   5,6 қол соғу  оқушы 5- 6 оқушыдан топтасады.

 

Негігі бөлім

     Балалар, мына тағамды татып көріңдерші, дәмі туралы не айтар едіңдер? ( дәмсіз, тұзсыз)

Балалар, ендеше өмірде доссыз адамды да осы тағамға ұқсатуға болады.Доссыз адам өмірінің мәні, сәні болмайды, тағамның тұзсыз дәмі болмаған секілді.

-          Сонымен, балалар, «Доссыз адам – тұзсыз тағам!» деп бекерге айтылмаған. Ендеше,

« ДОС » сөзіне дәм кіргізейікші, ол қандай болу керек, ол кім? Оның қазір көркі болмай, шуақсыз көңілсіз күндей, оған қасиеттер кіргізіп нұрын шашардай күндей етейікші.

 

Д – дүниедегі
О - озық ойлы
С – сабырлы
Т – тұрақты
Ы – ыстық

Қ – қарым – қатынас.

      Досым саған сенемін, сеніп өтем.

      Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

      Достық деген-адамның көрігі екен,

      Достық деген-ақылдың серігі екен.

                           Мұқағали Мақатаев. Ақын ағамыз жырлағандай достық жайлы терең білу үшін    Бейнебаянға назар аударту  

 

 

 

 

 

 

Топпен жұмыс

1 топ 

 

2  топ

 

3 топ

 

 

 

 

 

Ойын «Адам-адамға»

Басқа-бас  (бас түйіседі)

Қолға –қол

Құлаққа-құлақ

Адам-адамға  (бір-бірін құшақтайды)

 

«Ойлан-жұптас-бөліс»

1- топқа тапсырма   «Кейс-стади» әдісі

 

«Тату балалар»


      Ерте заманда шағын бір үйде ағайынды бес саусақ өмір сүріпті.Үлкені - Басбармақ, екінші ағасын - Балаң үйрек, сұқ саусақ, үшіншісін - Ортан терек,
төртінші інілерін - Шылдыр шүмек, ең кенже қарындастарын - Кішкене бөбек деп атапты.Олар бірігіп жұмыс жасады, бақша екті, тамақ әзірледі.
Ортаншы ағалары Ортан терек үйде отырып, үй шаруасына, кішкентайларына қарады.Шылдыр шүмек өте сабырлы, ақылды болыпты.Ол кіші қарындасына ертегі оқып беруді жақсы көрген екен.Ал, кішкентай бөбек болса үлкен ағаларына ұқсап ержеткісі келеді екен.Осылайша, бес ағайынды балалар тату - тәтті, өзара жарастықта, сыйластықта өмір сүріп жатты.

Бір күндері орманнан үлкен бір аю шығып,..............................

 

( ағайындылардың тыныштығын бұзып, бақшаның бәрін таптап, үйлерін құлатып бұзуға айналғанда, бес ағайынды бірігіп бір жұдырыққа тастүйін болып жұмылып аюға қарсы тұрады.Сөйтіп олар қиын шақта бірігулерінің арқасында үлкен күшке
айналды.Аю болса мұндай көп күштен қорыққанынан орманға қарай, кері қаша жөнеліпті.Ал, ағайынды балалар болса, татулығы мен бірлігінің арқасында жауды жеңіп шыққан екен.Өйткені олар қысылтаяң шақта бәрі бірігіп күш қосып, мықтылық , бірлік, достықтарын көрсете білді.)

 

2- топқа тапсырма

 

      Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде  қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.
     Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп демалыпты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін.

 

 

    ( Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай - ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.
Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.
Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.

Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.)

 

   -Мұғалім: Досы уәдесіне берік болса, қандай жағдайда да досымен бірге болса, қолынан келген көмегін аямаса, оның көңілін көтеріп жабырқағанда қасынан табылса, ол әрине айнымас адал дос.

 

 

    «Жалғыз жүріп адасқанша, көппен жүріп жол тап» айдары бойынша        

    3-топ    «Достық ережесін құру»

 

 

 

-Дұрыс айтасыңдар,балалар.Достық-аспандағы жарық жұлдыз,теңіздегі гауһар тас.Жұлдызды да,гауһар тасты да ешкім кірлете алмайды.Достық адамды асқақтатады.

Нағыз достық адамға шабыт беріп отырады.Олар бір-бірінің қуанышында да.сәтсіздігінде де ортақтасып отырады.

Жалған достықтың-ғұмыры қысқа болады.Олар бір-біріне шынайы болмайды.Бір-бірінің кемшіліктерін түземейді.

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бірде замандастары шешеннен:

-Достық нешеу?-деп сұрапты.

Әйтімбет:

-Достықтың 2түрі болады. Бірі-адал достық,екіншісі-амал достық,-дейді.

-Дұрыс –ақ енді оларды қалай ажырата аламыз?

Шешен:

- Адал достық-өмірлік нұсқа,амал достықтың өрісі қысқа-деп жауап беріпті.

 

       «Поэзия минуты»

       Мұқағали Мақатаевтың өлеңінен үзінді     «Дос болам десең ...»

 

  Рефлексия:

 «Еркін микрофон»    Егерде досың көп болсын десең........(не істеу керек?)

Досына салған суретін естелікке сыйлау.

 

 

Қорытындылау :

Достықты қадірлей біліңдер

Досыңның кемшілігін кешіре біл.

100сом ақшаң болғанша 100досың болсын дегенді ұмытпа!

«Жан досым» әнін толық тыңдау 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Сыныптан тыс жұмыс ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заведующий доп. образованием

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 299 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.04.2017 480
    • DOCX 20.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мұсаева Жадыра Рахманбердіқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 125679
    • Всего материалов: 37

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 319 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 616 человек

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 132 человека из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 532 человека

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 305 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 203 человека

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 247 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 71 человек