Инфоурок Начальные классы КонспектыҚұстар бідің досымыз

Құстар бідің досымыз

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:   <<Құстар біздің досымыз>>

Сабақтың мақсаты: Балаларды жергілікті жердің құстарымен таныстырып, оны күтіп баптауға, аялауға,оларға мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.Құстар туралы білімдерін толықтыру, құстарға деген сүйіспеншілік сезімге,қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Тілдерін дамыту,сөздік қорларын молайту.Балаларды табиғат арқылы адамгершілікке тәрбиелеу және экологиялық білімдерін толық ұғымға жетілдіру.

Көрнекіліктер: құстар бейнеленген суреттер,құстар жайлы диафильм, үнтаспа, ойындар, үш қорапша, тапсырмалар,қаз бен тауықтың қауырсындары, ақ қағаз, күнбағыс майы, су.

Сабақтың барысы:Көңілді әуен ойнайды, сол кезде ортаға <<Көктем>> мезгілі кіреді.

Көктем: Келді көктем қоңыр салқын желімен,

               Келді көктем нұрын шашқан күнімен.

               Келді көктем қызыл, жасыл гүлімен,

               Келді көктем әдемі құс үнімен,-дей отырып әдемі құстарымызды қарсы алайық.

Үнтаспадан  жай әуенмен  <<Құстар әні>> орындалады,осы кезде бір топ бала бастарына құстардың суретін тағып,құсша қанаттарын қағып кіреді де,әр ағаштың түбіне барып қонады.

Көктем:  Балалар ерте көктемде ұшып келетін құстарды еске түсірейікші,ол үшін мен сендерге,құстарға байланысты жұмбақ жасырамын.

Шарлап келіп даланы,

Үйіме үйін салады.               (Қарлығаш)

Су бетін сүзіп,

Ақ құман жүр жүзіп.            (Аққу)

Түнде жорытады,

Жарықтан қорқады.           (Жарқанат)

Тақылдатып мазаны алып,

Ағаштарды тазалап,

Ормандарды емдейді,зиян кесті тазалар.     (Тоқылдақ)

(теледидардан құстар жайлы диафильм көрсетіледі)

Көктем: Балалар,сендер теледидардан не көрдіңдер?Құстардың атын атаңдаршы (қарға,сауысқан,торғай,қарлығаш,тырна,қараторғай,аққу)

Біз сендермен серуенге шыққанда жылы жақтан көп құстардың ұшып келгенін көрдік.

Көктем:  - Көктем құстарын кім айтады?

Балалар: - Қараторғай,қарлығаш,тырна.

Көктем: - Осы құстар нені қорғайды?

Балалар: - Ағаштарды.

Көктем: - Ағаштар не үшін керек?

Балалар: - Таза ауа шығарады.

Көктем: - Ендеше таза ауамен  дем алып  көрейік. (балалар тыныс алу жаттығуын жасайды)

Ал енді осы құстар туралы тақпақ, мақал-мәтел, тыйым сөздер кім айтады?

1.     Қарға,қарға қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса қор болар,

Ботаға келіп қорғанар.

2.Қос қанатын иіп ап,

Жарға келіп қонады.

Қара киім киіп ап,

Балшықтан ұя соғады.

3.Үйге кірші торғайым,

Мен аяздан қорғайын.

Жем шашамын жегейсің

Үйшік жасап берейін.

4. Келіп көктем құстары

Бау бақшада ән салды.

Оларды жас достары

Ұя жасапқарсы алды.

Көктем: Құстар туралы мақал-мәтелдер кім айтады?

5. Құс төмен ұшса жаңбыр жауады,

Жоғары ұшса күн жылы болады.

6. Сауысқан шиқылдаса жақсы хабар естейміз.

7.Құстар – достар. Қыста құсқа жақсылық жасасаң,жазда жақсылығыңды өтеп береді.

Көктем: Құстар туралы тыйым сөздер кім айтады?

8. Құсқа тас лақтырма.

9. Құстардың жұмыртқасын жарма.

10. Аққуды атуға болмайды, досыңды сатуға болмайды.

11. Құстың ұясын бұзба,қарғысқа қаларсың.

Ғажайып сәт: <<Ақ көгершін>> әні орындалып тұрады.Сол сәтте аузында тістеген себеті бар көгершін ұшып келеді.

Көгершін: Салеметсіңдер ме, балалар. Мен аспанда ұшып жүріп сендерді көріп қонаққа келдім.Мен сендерге босқа келген жоқпын сендердің білімдеріңді тексерейіндеп келдім.Мына менің аузыма тістеген себеттің ішінде жұмыртқалар бар,сол жұмыртқаны жарып ашсаңдар ішінде сендерге арналған тапсырмалар бар.

1-тапсырма: Буыннан сөз құрау

2-тапсырма: Не артық

3-тапсырма: Құстарға ұя жасау

4-тапсырма: Менімен бірге қыздар <<Көгершін>>  биін билеп берсін (сол кезде көгершін байқаусызда бұтаққа шалынып құлап,қанатын жаралап алады)

Көгершін: - Ой-бу балалар,мен жарқаттанып қалдым,енді мен жалғыз қалай ұшып кетемін.Сендер маған көмектесіңдерші.

Маған достар керек.

Көктем: Көгершін сен ренжіме,біздің балалар саған достар тауып береді. (балалар бірнеше қиынды бөліктерден құстарды құрастырады)

Көгершін: Балалар сендерге көп рақмет! Өздерің ақылды бала екенсіңдер, әкелген тапсырмалардың бәрін орындадыңдар. Өзіме достар тауып алдым. Ал, енді осы достарыммен ұшып қайтамын.

Сау болыңдар!

Балалар: Сау бол!

Көктем:   - Балалар, сендер тағы құстар жайлы білесіңдер?

Аружан: Көктем мезгілінде құстар жылы жақтан ұшып келеді,біз оларды күтіп-баптап, аялауымыз керек.Құстар біздің досымыз.

Мейрамбек:  Құстар ағаш түбіндегі құрт-құмырсқалармен қоректенеді.

Ағаштың жайылып жақсы өсуіне, түрлі жәндіктерден тазаруына көмектеседі.

Жанар:  Құстарға  сол себепті қамқорлық көрсетіп, ұя жасап, жем беруіміз керек.

(Тәжірибе-зерттеу жұмыстарын жасау)

Көктем:  Балалар, мен сендерге осы құстардың қауырсынынан тәжірибе жасап көрсетемін. Балалар мынау қаздың және тауықтың қауырсыны, яғни қанаттары, оларды көріп тексереді, сулайды, неліктен қаздың қауырсынында су тоқтамайды.Ақ қағазға күнбағыз майын жағып сулайды, не болғанын тексереді.

(су қағаздан сырғанап, қағаз құрғақ болып қалады)

 Ол неліктен деп ойлайсыңдар? Суда жүзетін құстардың арнайы ішкі майлы бездері болады, олар сол майды тұмсықтарымен жүндеріне майлайды.

Викториналық сұрақтар:

1.     Басында тарағы бар, бірақ шашыңды тарай алмайсың.   (Әтеш)

2.     Қай кішкене құс жемін ұшып жүріп аулайды?                 (Қарлығаш)

3.     Қай құс өзінің атын қайталайды?                                    (Көкек)

4.     Қандай құс хат тасушы атанған?                                     (Көгершін)

5.     Қай құста мүлде ұя болмайды?                                        (Көкек)    

6.     Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?                      (Бүркіт)

7.     Құстың негізгі мекені?                                                        (Ұя)  

(Балалардың жұмыстары, құстарға ұя жасап, ағаштың басына ілу ).

- Балалар сендерге сабақ ұнады ма?

- Ұнады.

- Біз сабақта нелер туралы әңгімелестік?

- Құстар туралы әңгімелестік, тақпақтар айттық, мақал-мәтелдер, құстар туралы тыйым сөздер айттық.

- Қонаққа Көгершін келді, бізге тапсырмалар алып келді.

- Ойын ойнадық.

- Өте жақсы балалар.

Көктем: Көктем мезгілінде айналаның бәрі әсем гүлге толы, ағаштардың бұтақтары бүршік атып, ауа-райы күрт өзгеріп, дала жайнай түседі. Олай болса, сабағымызды <<Көктем>> әнімен аяқтаймыз.

      Көктем келді, құс келді,

      Ойнаймыз біз саз илеп.

      Біздің көлге түстенді,

      Былтыр кеткен қаз-үйрек.

Ля-ля-ля, ля-ля-ля,

     Былтыр кеткен қаз-үйрек.

     Алақай-ау, балақай,

     Қандай жақсы көктемгі-ай!

     Гүлге оранды далалар,

     Келді ауылға көп торғай.

Ля-ля-ля, ля-ля-ля,

     Келді ауылға көп торғай.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А   Ә   Б  

 В   Г    Ғ   Д    Е   Ж

З    И    Й

 К     Қ    Л  М    Н     ң    О    Ө     П     Р     С     Т

 У    Ұ    Ү  Ф   Х   Ц   Ч     Ш    Щ   Ы     І    Э   Ю   Я

 

1   2   3    4   

5   6   7    8        9     10     11  

12   13     14    15   16     17  18   19     20

 

 

 

 

        

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Құстар бідің досымыз"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты: Балаларды жергілікті жердің құстарымен таныстырып, оны күтіп баптауға, аялауға,оларға мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.Құстар туралы білімдерін толықтыру, құстарға деген сүйіспеншілік сезімге,қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Тілдерін дамыту,сөздік қорларын молайту.Балаларды табиғат арқылы адамгершілікке тәрбиелеу және экологиялық білімдерін толық ұғымға жетілдіру.

Көрнекіліктер: құстар бейнеленген суреттер,құстар жайлы диафильм, үнтаспа, ойындар, үш қорапша, тапсырмалар,қаз бен тауықтың қауырсындары, ақ қағаз, күнбағыс майы, су.

Сабақтың барысы:Көңілді әуен ойнайды, сол кезде ортаға <<Көктем>> мезгілі кіреді.

Көктем: Келді көктем қоңыр салқын желімен,

Келді көктем нұрын шашқан күнімен.

Келді көктем қызыл, жасыл гүлімен,

Келді көктем әдемі құс үнімен,-дей отырып әдемі құстарымызды қарсы алайық.

Үнтаспадан жай әуенмен <<Құстар әні>> орындалады,осы кезде бір топ бала бастарына құстардың суретін тағып,құсша қанаттарын қағып кіреді де,әр ағаштың түбіне барып қонады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 122 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.05.2015 1714
    • DOCX 22.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бисенбаева Алтыншаш Куанышбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13963
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 484 человека

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания литературного чтения в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 199 человек

Мини-курс

Современные тенденции в искусстве: от постмодернизма до поп-культуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Финансы и управление в медиакоммуникациях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Медико-педагогические аспекты обучения и тренировки

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе