Инфоурок Другое СтатьиСтатья по казахскому языку

Статья по казахскому языку

Скачать материал

 

Қазақ  тілі сабағында ойын технологиясын тиімді пайдалану арқылы  балалардың шығармашылық қабілетін дамыту

 

СҚО Шал ақын ауданы

Ступинка негізгі мектебінің

Қазақ тілі  мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Айткужина Гүлжанат Жақсылыққызы

 

 

Дарынды балалар қандай?

Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен бірден көзге түседі. Дарынды балаларды қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н. С. Лейтес қабілетті балалардың 3 категориясын анықтап берді. 
Бірініші категория – ой - өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар. 
Екінші категория – жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар. 
Үшінші категория – дарындылық күш – қажырымен ерекшеленетін оқушылар.

Бүгінгі таңда дарынды бала сөзі жиі қолданылып жүр. Дарындылық—адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет.
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.
             Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.
Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұстаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік,бала жанын жазбай танушылық қасиет қажет-ақ.
Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау – ең басты мәселе. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі – өз ойын дәлелдей алатын, жан – жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. Ол үшін белгілі бір жоба болуы шарт. Яғни, оқушының дарындылығын айқындау, шығармашылық дарындылығын зерттеу, анықтау, белгілі бір бағыт – бағдарлама бойынша жұмыс жүргізу қажет. Оқу жылының басында дарынды балаларға арналған тиімді жұмыс жоспарын құру.
Оқушының дарындылығын анықтап, дамыту мақсатында әр пән мұғалімінің алдында төмендегідей мақсаттар мен міндеттер болуы орынды:
1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
2. Жан - жақты ақпараттандыру;
3.Коммуникативті бейімдеу;
4. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;
Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударады:
1. Қазақ тілі сабағында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;
2. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;
3. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға - пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;
Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыс түрлері:
1. Баланың қызығушылығына әрі табиғатына қарай ғылыми жұмысқа баулу;
2. Пәндік олимпиадалық жұмыстарға дайындау;
3. Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттарға, пікір – сайыс яғни интеллектуальды ойындарға дайындау;

Қазақ тілі сабағында жоспар бойынша жұмыс  жүргізу негізінде үй тапсырмасын  «Еркін микрофон», «Бір сөзбен»  әдістері арқылы оқушылар ойын  жинақтатамын. Осы кезде оқушы бойындағы шапшаңдық  пен артистік қабілет, айтылған жауапқа  байланысты сұрақ түрлерін жүйелі құрастыра білу дағдылары қалыптасады. «Кезбе тілші» әдісінде интервью алу барысында оқушы өзін сұрақтар тізбесін қоюшы ғана емес, артистік қабілетін де ашуға мүмкіндік алады. Оқушы дауыс ырғағын құбылта білуі мен бет жүзі  мимикасымен  де өзін тартымды етіп көрсете біледі. Ал «Сөз тастау» әдісімен оқушылардың  танымдылығы мен ізденіс  деңгейін анықтауға болады.

Мәтін бойынша жазылым жұмыстарында   жарнама жасауға берілген тапсырмаларда оқушылар өз бойларындағы  сурет салуға деген бейімділігін, сөзді шебер, орнымен қолдана білу қабілеттері  дамиды. Қазақтың ұлттық сусындарын жарнамалауда  оқушы  ыдыстағы шұбат суретін салып жарнамалаған:

Жасалған түйе сүтінен,

Татып көр оның дәміне

Таңдайыңнан кетпейді,

Орын алса сөреңнен.

Біреуін алсаң, екіншісі сыйлыққа. Ауыл KZ   компаниясы.

Бұл жерде оқушы бойынан  бәсекелестікке деген ұмтылыс барысында қол жеткізген табыстары анық көрініс тапты. Қайталау сабақтарында  «Сөз  бәйге» әдісі арқылы «Егер мен сәулетші болсам…» деген  тақырыпқа ұйқас үлгісі арқылы өлең шығаруға тапсырма бердім.

№ 1 кесте «Ұйқаспен тап».

көркейтем,

сәулетпен.

арманға,

бесікпен

Тапсырманы орындау барысында оқушы А. Аманжолова өз ойын өлеңмен өрнектеген:

Туған жерді көркейтем,

Қала салам сәулетпен.

Жету үшін  арманға,

Қадам басам талаппен.

Бұл жерде  қара өлең үлгісі арқылы  оқушының ойын жүйелі, белгілі өлшеммен жазу дағдысына  бағыт беріп, өз ойын көркем  жеткізуге  мүмкіндік туғыздым. Ойлау процесін дамытуға арналған жаттығулар:
2. « Сөзді есіңде сақта»
20 сөз оқылады да, сол сөздерді еске сақтау ұсынылады. Сөздерді бірақ рет оқу керек:
1. айна 11. бала
2. тарақ 12. бауыр
3. сүлгі 13. дана
4. апта 14. қала
5. күн 15. шана
6. жер 16. қалам
7. аспан 17. Кітап

8. жұлдыз 18. дәптер
9. табиғат 19. парта
10. ана 20. тақта


     Сөздерді естеріңізге түсіріп жаз, сөз ретін шатастырмау. Жауаптарды тізіммен салыстырып, тексеру. Егер сөз жоқ болса немесе өз орнында тұрмаса – қате деп санау.
3.«Сөйлемді аяқта» ойыны.
Мақсаты: Балада ойлауды дамыту.
Нұсқау: Балалар шеңбер бойына отырады. Жүргізуші балалардың біреуіне допты лақтырып, сөйлемнің басын айтады. Допты тосып алған бала сөйлемді аяқтап, допты жүргізушіге кері лақтырады. Егер бала екі рет сөйлемді аяқтай алмаса, ойыннан шығады. Сөздердің нұсқауы:
Лимон ащы, ал қант ............
Шөп жасыл, ал аспан ............
Адамда екі аяқ, ал итте ..............
Сен ауызбен тамақтанасың, ал құлақпен .............
Қазақстанда қазақша сөйлейді, ал Америкада ................
Ағашты аралайды, ал шегені ...............
Балерина билейді, ал пианист .................
Ит үреді, ал мысық ...............
Құстар ұяда тұрады, ал адамдар .................
Кеме жүзеді, ал машина .......................
Жүннен тоқиды, ал матадан ................
Шиені жейді, ал шәйді .................
Түнде қараңғы, ал күндіз ..................
Әнші өлең айтады, ал құрылысшы ...............
4. «Тақпақ»
Мақсаты: Шығармашылық қабілетті дамыту.
«Ақын болмауың мүмкін, ал байқап көруге міндеттісің»
Тақпақ құру.
Төмендегі жолдарды жалғастыру қажет:
Қызықты, өзгеше, әзілмен де жалғастыруға болады.
1. Келді міне, наурыз
2. Келе жатып жолда мен
3. Тышқан күннен сұрапты
Міне, осындай тапсырмар оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытады және қызуғышылықтарын арттырады.

   Балалармен жұмыс жүргізген кезде қолдау көрсету өте маңызды.Қолдау көрсету дегеніміз өзі баланың жұмысын таныстыру, тарату ұғымдарымен астасып жатады. Ол:
1. Тәжірибелерін газет,журнал беттеріне беру;
2. Байқауларға қатысу;
3. Іс-шаралар ұйымдастыру;
4. Мектептермен тәжірибе алмасу.
5. Бақылау күнделігін жазып отыру;
6. Психологиялық материалдар жинақтау;
7. Кітапша құрастыру.
8.”Реферат”;
9.”Портфолио”
    Дарынды баламен жұмыс мұғалімнің бақылауымен тікелей жүзеге асып отыруы қажет. Бұл дегеніміз- әр жұмыс түрлері талданып, сараптама жасалып отыру деген сөз. Осы сараптама негізінде дарынды балаларды мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатыстырып, қабілеттерін дәлелдеу – баланың өз біліміне деген сенімін арттырады. Әр дарынды баланың ынтасын, дарындылығын қамти отырып, шығармашылық жұмыстарын таратуға мүмкіндіктер жасалынады. .Осы жағдай дарынды баланы бақылауға, дұрыс бағыт беруге, жеке тұлғалық дамуына мүмкіндік туғызатын бірден бір жол.

Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында                     іс-әрекет жақсарады.Тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып, дарынды балалардың тек өткенге емес, болашаққа да қызығушылығымен, іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін көбейтуге  қабілеттерімен ерекшеленетіндігін атап өту қажет.    Шығармашылық   қабілет – бұл бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктері – шығармашылықтың нәтижесі. Балаларды шығармашылық бағытта жан -жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы екенін естен шығармайық.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья по казахскому языку"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Техник-конструктор

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 035 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.09.2021 218
    • DOCX 254.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айткужина Гульжанат Жаксылыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3291
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 288 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 500 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 335 человек

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические исследования и поддержка психического здоровья

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов

Мини-курс

Эффективная корпоративная коммуникация

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе