Инфоурок Начальные классы СтатьиСтатья "Жаңартылған білім мазмұны аясында оқушылардың жазылым дағдысын дамыту"

Статья "Жаңартылған білім мазмұны аясында оқушылардың жазылым дағдысын дамыту"

Скачать материал

Жаңартылған білім мазмұны аясында оқушылардың жазылым дағдысын дамыту

    Заманауи білім беру саласында оқушылардың танымдық іс- әрекетін сапалы ұйымдастыру- бүгінгі таңдағы басты мақсат, сондай-ақ нәтижеге жетудің тиімді құралы болып табылады.

Бүгінгі ХХI ғасырдың оқушысы педагогтан жаңашыл бағытты, яғни сабақтың жаңа форматта өтуін қалайды.Білімнің маңызы артып бара жатқандығын оқушылардың ұмтылысынан байқауға болады.

   Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып оқушыларының даму деңгейіне қойылатын талаптар: жас ерекшелігіне сай оқу іс-әрекетінің негізгі дағдылары қалыптасқан; функционалдық сауаттылық деңгейі жас ерекшелігіне сай қалыптасқан; жеке басына қызмет көрсете алатын, шығармашыл, оқуға деген қызығушылығы жоғары, жан-жақты дамуға мүдделі тұлға.

     Осы орайда қазақ тілі, әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын  төрт дағды арқылы үйрету жолын қарастыру өте тиімді деп ойлаймын.. Солардың ішінде жазылым дағдысы негізінде оқушының тіл байлығын, байланыстыра сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болады. Төрт дағдының ішнде жазылым оқушының нәтиже көрсететінін, мұғалімнің өнім алатын дағдысы болып табылады.Жазылымды екі топқа бөліп қарастыруға болады:- біріншісі сауатты жазу; екіншісі – идеяны (ойды)  жеткізе білу.Тәжірибемде байқағаным, көп тыңдап, асықпай ойланып сөйлейтін оқушыларда жазылым дағдысы жақсы дамиды. Себебі, олар айтар ойын тезірек сөзбен жеткізуден гөрі, жақсылап ойланып, көркем сөздермен қағаз бетіне түсіріп, одан соң асықпай оқып бергенді ұнатады. Олар әр сөзі мен сөйлеміне баса мән беріп, ерекше идеяларын жинақтап баяндауға тырысады, орфографиялық сауаттылықты сақтайды.

  Жазылым жұмысының сәтті шығуы ең алдымен, оқушының сөздік қорының жеткілікті болуымен тікелей байланысты. Оқушыда тіл байлығы, сөздік қоры-оқылым дағдысы дамыған кезде ғана қалыптасады.Осы ретте оқушыларыма көп көркем әдебиет оқыған адам ғана жақсы жаза алады деп кеңес беріп отырамын. Кейбір оқушылар жақсы сөйлегенімен, өз ойын жазу барысында еркін жаза алмай, қате жіберіп қоям ба деген қорқыныш пайда болады. Осы психологиялық кедергілерді жою үшін, әр сабақтағы жазылымға арналған жұмыстар барысында мұғалімнің жетекшілігімен жүретін жазылым жұмыстарына ерекше көңіл бөлемін. Ең алдымен, саналы түрде жазу әрбір адамның ойын жинақтап жеткізу қажеттілігі үшін керек екендігін айта келе, жазылым барлық адамның қолынан келетінін түсіндірген жөн.Тіптен қате жазылған сөзді түзетуге болатынын, оған мұғалімнің және сыныптастарының қолдау көрсететіндігін айту шарт.Осы ретте оқушылармен жүргізілетін жазылым жұмыстары барысында өз бетінше жұмыс түрлерін ұйымдастырып, олардың ой-қиялына ерік берген дұрыс.Мәселен, көптеген оқушыларға жаңа сөздерді қолдана отырып, өзінің досы, сүйікті жануары, ойыншығы, хоббиі, ата-анасы, отбасы, көрген киносы, естіген қызықты әңгімесі, демалысы, құрмет тұтатын адамы туралы жазған ұнайды. Ойын қызықты етіп жеткізу барысында көптеген сөздерді олар өз еріктерімен іздеп үйренеді, есте сақтауға тырысады. Бұл әрекет біздің тәжірибеміздегі тиімді әдіс. Яғни, оқушының грамматикалық құзіреттілігін дамыта отырып, коммуникативтік қабілетін де арттыру. Сонымен қатар, әртүрлі жанрда жазу құрылымдарын да ескерген жоқ. Үнемі мәтін жазу оқушыны жалықтырады. Өз сабағымызда аталған тақырыптар аясында, сондай-ақ жаңа тақырыпқа сәйкес жазылым құрылымдарын: шағын өлең жолдары, шағын әңгіме, құттықтау хат, диалог, жарнама, пікір, сұхбат, оқиғаны аяқтау, эссе жазу түрінде жазып жатады.Осындай жұмыс түрлерінің оқушы тарапынан белсенділікпен жүзеге асуы мұғалімнің кәсіби біліктілігін талап етеді.

   Жазылымға арналған сабақтардың ең бір қызық бөлігі- кері байланыс жүргізу үрдісі.Өз жұмысының бағасына әр оқушы қызығушылық танытады. Жазылым жұмысына кері байланыс беру туралы ағылшын педагогі Феррис «оқушылардың өз жазба жұмыстарына сыныптастарымен тікелей кері байланыс алуы олардың жазуының сапасына жағымды әсер етеді»,-деп кқрсетеді. Расымен де, оқушыларға мұғалімнен гөрі, сыныптастарының беретін кері байланысы қатты әсер етеді. Жазылым дағдысын меңгерту кезінде мына стратегияларды сабақта қолдану ұтымды болып табылады.Атап айтқанда, «Фильм бойынша сұрақ қою», «Бумеранг тәсілі», «Қос жазба күнделігі», «Т.кестесі», «РАФТ», «Бес жолды өлең», «Галлереяда ой шарлау» т.б.Қазіргі уақытта күнделікті сабақта аудио, бейне құрылымдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже беріп отыр.

   Көрікті ой әсем сөзбен жазылғанда ғана оқушының білімі мен ой ұшқырлығы байқалады.Тіл меңгеруде оқушының жазылым дағдыларын жас ерекшелігіне сай, белсенді оқу стратегиялары арқылы дамытатын болсақ, бұл әрекеттеріміз оқушының тілін дамытуда үлкен мүмкіндік туғызады.

Күнделікті сабақ үдерісіндегі жазылым әрекеттерінде мұғалім бірсарынды жаттығу жұмыстарын орындатудан  (көшіруден деп те айтуға болады) бас тартып, бүгінгі өмір мен жаңа тақырып мазмұнын байланыстырған жазба жұмыстарына көп көңіл бөлсе, сабақтың мазмұны мен білім сапасының да артатынына сенімім мол.

 Дырымбаева Гульнар Кадылбековна Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы  «Оралхан Бөкей атындағы №44лицейі»КММ

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья "Жаңартылған білім мазмұны аясында оқушылардың жазылым дағдысын дамыту""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по ипотечному кредитованию

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 124 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.05.2021 1021
    • DOCX 134.4 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дырымбаева Гульнар Кадылбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 2 года и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12718
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 684 человека

Мини-курс

Психология развития и воспитания детей: особенности и подходы

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 15 регионов

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека